Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану


Д ә й е к т е м е

Дипломдық жұмыста «Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану» тақырыбы қарастырылған. Жұмыс үшбөлімнен тұрады. Негізгі бөлімінде Ақпараттық желілер бойынша теориялық мағлұматтар, практикалық бөлімінде жаттығу жұмыстарына тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар берілген. Ал әдістемелік бөлімінде сабақ өткізу жоспары көрсетілген.

А н н о т а ц и я

В дипломной работе рассматривается тема ”Применеие информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями. А в методической части дано план работы проведения урока.

Жоспар:

Кіріспе: Кіріспе
8: 8
Кіріспе: Негізгі бөлім
8: 10
Кіріспе: 1. Компьютерлік желілер
8: 10
Кіріспе: 1. 1. Желілердің түрлері
8: 14
Кіріспе: 1. 2. Жергілікті желілер
8: 15
Кіріспе: 1. 3. Ауқымды желілер
8: 22
Кіріспе: 1. 4. Қайда хабарласу керек
8: 23
Кіріспе: 1. 5. Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі
8: 24
Кіріспе:

2. Желіге қосылған компьютерлермен байланыс жасау

мүмкіндіктері

8: 24
Кіріспе:

2. 1 Мicrosoft Exchange программасы көмегімен

электрондық почтамен жұмыс істеу

8: 24
Кіріспе: 2. 2. Хабарлама жөнелту
8: 25
Кіріспе: 2. 3. Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру
8: 28
Кіріспе: 3. WINDOWS 98 операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы мүмкіндіктері
8: 29
Кіріспе: 3. 1. Желілік қоршаудың компоненттері.
8: 31
Кіріспе: 3. 2 Желіге қосылу мүмкіндіктері
8: 32
Кіріспе: 3. 3 Компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау
8: 33
Кіріспе: 3. 4 Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау
8: 36
Кіріспе: 3. 5 Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлер мен жұмыс істеуді басқару
8: 38
Кіріспе: 3. 6 . Ресурстар деңгейінде берілген рұқсатты басқару
8: 39
Кіріспе: 3. 7. Бумаға рұқсат құқығын анықтау
8: 41
Кіріспе: 3. 8 . Пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару
8: 43
Кіріспе: 3. 9 . Пайдаланушылардың рұқсат құқығын анықтау
8: 45
Кіріспе: 3. 10 Тұтас дискіні ортақ пайдалану
8: 46
Кіріспе: 3. 11 . Бумаларды ортақ пайдалану
8: 46
Кіріспе: Өзіндік жұмыс
8: 47
Кіріспе: Практикалық бөлім
8: 50
Кіріспе: Әдістемелік бөлім
8: 61
Кіріспе: Қорытынды.
8: 76
Кіріспе: Әдебиеттер
8: 77

Кіріспе

Информатиканың негізгі міндеті өмірді ғылым жаңалықтармен байланыстыру болса, бұл байланыс үшін интеллектуалды оқыту жүйелері, оқытуға арналған программалық жасақтар, автоматты оқыту жүйелері, электрондық кітаптар, компьютерлік желі, т. б. қолданылады. Осындай жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен әлеуметтік басқару жүйелерін өркендетуге, жақсартуға болады. Информатика ғылым ретінде ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Информатиканың қолдану обьектісі - ғылым мен адам өмірінің сан қилы салалары болып табылады, және бұлар үшін информатика жаңа ақпараттық технологиялар көзі болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын электрондық почтасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.

Қазіргі таңда компьютерлік желі адам өміріндегі мамандық ретінде де тұрмыстық жағдайларына да терең еніп бара жатыр.

Компьтерлік желі дегеніміз - ақпараттық, есептеу, оқу жұмысы тағы басқа мәселелерді бірге шешу үшін бірнеше электрондық машиналарының (ЭЕМ) бірігуі.

Желі туралы білу, онымен жұмыс істей алу көптеген адамдарға қажет болып отыр. Компьютерлік желі және ақпараттық өңдеудің желілік технологиялары жаңа ақпараттық жүйелерді құрудың негізі болып қалды.

Компьютерлер көмегімен жасалынатын және өңделетін ақпараттар көлемі де өсіп жатыр. Осыған байланысты бір компьютерден екіншісіне ақпаратты беру мәселесі пайда болды. Бұл мәселе компьютерлерді есептеуіш желілерге біріктірудің көмегімен шешіледі. Бір ғимаратта, бір бөлмеде немесе бір-бірінен 1-2 км қашықтықта орналасқан компьютерлерді жергілікті есептеуіш желіге біріктіруге болады. Жергілікті (Локальный) желі - бірнеше компьютерлердің және түрлі пайдаланатын құрылғылардың тобы. Олар бір-бірімен байланыс каналдары немесе сымдар (кабельдер) көмегімен байланыстырылады және солар арқылы ақпараттар алмасады.

Жергілікті (Локальный) желіні пайдалану арқылы;

  • компьютерлер арасында берілгендермен алмасу,
  • берілгендерді ұжымдық түрде өңдеу,
  • програмалық қамтамасыздандыруды бірігіп пайдалану,
  • қажетті құрылғыларды біріккен түрде пайдалануды қамтамасыз етеді.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін желіге қосылатын

әрбір компьютерге желі адаптері (желі бақылаушысы) қойылады және компьютерлерді, басқа құрылғыларды электрлік сымдермен біріктіру керек. Желі адаптері компьютерлерге жергілікті желілерден информацияны алуға және оны жіберуге мүмкіндік береді. Компьютерлерді сымдік біріктіруді ұйымдастыру компьютерлер санынан және олардың бір-бірінен қашықтықтан тәуелді.

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде желілер, олардың түрлері және осы желілерді қалай қосу және олардан пайдалану жолдары туралы теориялық мағлұматтар берілген. Сонымен қатар бүкіләлемдік желі - Интернет тақырыбы қарастырылған. WWW (бүкіл дүние жүзілік өрмек) -тің атқаратын қызметі және оны жүзеге асыру мүмкіндіктері көрсетілген ал практикалық бөлімінде жаттығу жұмыстарына тапсырмалар берілген.

Жұмыстың әдістемелік бөлімінде «Компьютерлік желілер» және «Ауқымды компьютерлік желі», «Интернет» тақырыптарына сабақ өткізу жоспарын құрылып көрсетілген.

Негізгі бөлім

1. Компьютерлік желілер

Көптеген фирмалар шығарып жататын желі адаптерлерінің толып жатқан түрлері бар. Желі адаптері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді: шиналық және жұлдыз тәрізді.

Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі - сым үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады.

Ал жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз сымымен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға (ол да компьютер) жалғанады. Мұнда бір сым үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға қарағанда, мұндағы зиян әлденеше рет төмен.

Желілер топологиясының бұданда күрделі варианттары бола береді. Мысалы, желі бірнеше шиналық топология сегменттерінен және бірнеше жұлдыз тәрізді тармақтардан құрылуы мүмкін.

Жергілікті желілерді, пайдаланатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады:

Бірінші топ - арнаулы файл. Серверлер бөлініп берілген желілер.

Жергілікті желілерде компьютерлердің жұмысын координациялау үшін арнайы компьютер - сервер бөлініп беріледі. Сервер бөлініп алынатын ресурстар - принтерлер, сыртқы жады, берілгендер базасын қолдануды басқарады. Серверлер қайсыбір берілгендер базасымен интенсивті түрде бірігіп пайдаланғанда немесе 20 -дан аса компьютерлерді желіге біріктірген кезде өте қажетті. Мұнда арнаулы программалық қамтамасыздандыру - желілік ОЖ (Novel NetWare, Windows NT Server, IBM Lan Manager) ісіне қосылады. Ол жұмысшы станцияларынан келіп түскен сұраныстардың сенімді және нәтижелі өңделуін қамтамасыз етеді, серверлік дискілерді және желі принтерлерін бөліп отырады, әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мұнда жеке компьютерлер бір-бірімен емес тек файл-сервермен байланысады. Мысалы, олар файл-сервер дискісіне мәліметтер жаза алады немесе басқалар жазған файлдарды оқи алады және де желі принтерлеріне мәтін басып шығарады. Жұмыс станциялары арасында мәліметтер алмасу, файл-серверлерді айланып өту арқылы практика жүзінде іске асырылмаған.

Яғни жұмыс станциялары керек кезінде мәліметтерді мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Яғни дискінің көлемі үлкен болу керек.

Екінші топ - бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, құрылғыларында ортақтастыру мүмкіндігі бар. Бір рангілік желі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу жиі және үлкен көлемде жүргізілгенде өте ыңғайлы. Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдарды алу, берумен шектелмейтіні есте болсын.

Жергілікті желілерде тұтынушының нәтижелі жұмыс атқаруы үшін қосымша программалық қамтамасыздандыру пайдаланады.

Электрондық почта - алыстан ену құралдары (жергілікті желіге модем арқылы қосылу), топтық жұмыс жасау құралдары.

Желідегі бір компьютер почталық сервер ролін атқарады. Ол хаттарды қабылдап, оларды адресаттар «почта жәшігіне» соларды немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі және қабылдап алған почта басқа желілерге жөнелтіледі. Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы байланыстыра отырып, электрондық почтаны жер шарының кез келген нүктесіне жіберуге болады.

Жергілікті желілерді пайдаланудың жаңа түрі бейнелік конференция. Өз бейнелерін көрсете отырып, конференцияға қатысу үшін әрбір компьютер иесі бейне камера және дыбыстық адаптермен жабдықталуы тиіс. Арнаулы программалар адам бейнесімен дыбысты жұмыс станциялары арасында оңай таратады. Компьютерлік бейне конференциялар арқылы алыста отырып ақ, мәжіліске қатысу мүмкіндігін аласыз.

Мысалы, мектепте 5 компьютер бар (компьютерлік кластағы компьютерден басқа)

1-директор кабинетінде,

2-оқу тәрбие жөніндегі басқарманың кабиенетінде,

3-кітапханада,

4-мед пунктта,

5-қоймада.

Компьютерлерді жергілікті желілерге қосамыз. Сонда келесі жеңілдіктер пайда болады: директор кез келген сұрақ бойынша мәліметтер ала алады және оңай басқаруға мүмкіндік береді. Мектептегі маңызды роль атқаратын құрылымдар бір-бірімен тікелей байланысқа шыға алады. Желіні сапалы принтермен байланыстыруға болады.

Желі бойынша кез келген сұрақты желі администраторларынан немесе осыған жауапты жанынан сұрап білуге болады. Мұндағы әрбір администратор - қарапайым компьютер иесі, бірақ кез келген мәліметтер пайдаланушы адамдар емес.

Ауқымды (глобальный) желілер қазіргі кезде жедел қарқынмен алға басып, дамып келеді.

Ауқымды желілер бір-біріне үлкен қашықтықта орналасқан компьютерді және жергілікті желілерді байланыстырады және әртүрлі экономикалық, ғылыми - техникалық, индивидуалды, басқада информацияға, мәліметтер базасына еніп, оны пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай жеңіл абоненттер арасындағы байланыс телефон каналдары, радио байланысы, спутник байланыс жүйелерін пайдалануға негізделген.

Мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Компьютерлік желілер жүйесінде цифрлық сигналды анологты түрге және оны керсінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары - Модем деп аталады.

Модем - ішкі және сыртқы болып екі түрге бөлінеді. Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер корпусы ішінде орналасады. Блокнот - компьютерде де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет факстер қабылдап, оларды жібере де алады. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып, тізбекті адаптер портына сым арқылы қосылады.

Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілілері болып Internet, Sprint, Relkom, Fidonet есептеледі. Барлық желілер бір-бірімен байланысқан.

Ауқымды желі топологиясына қарайтын болсақ, ол күрделі график, шырмауық тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде компьютер орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланатын компьютерлер болуы тиіс. Мұндай компьютер бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады.

Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір тәсілі - мәліметті тізбекті түрде жеткізу порты арқылы оларды сыммен (сыммен) біріктіру. Бірақ мұндай байланыс өте жай жұмыс істейді және оның басқа да кемшіліктері бар.

Ауқымды және жергілікті желілерін қолдану мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.

1. 1. Желілердің түрлері

Желілер түрлерінің көрнекті үлгісі - информатика кабинетінің компьютерлік желісі. Мұндай көлемі бойынша кішігірім, бір, үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті деп аталады. Аймақтық немесе ауқымды деп аталатын басқа да желілер бар.

Қала облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қатысты болса, онда корпоративтік деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің желісі - Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.

Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты оларды кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.

Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіріледі.

Компьютерлердің ресурстары ақпараттық және техникалық болып бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректер бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерлерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлерінде де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл - жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керсінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады (яғни керсінше пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.

Есептеу желілері желілік операциялық жүйелер басқаруы мен жұмыс істейді. Негізгі желілік операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кіреді Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік ОЖ пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • Ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
  • Желінің бір Дербес компьютерде(ДК) сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
  • Ақпараттың сақталу сенімділігінің жоғарлауы;
  • Ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
  • Ұйымның бөлімшелер мен қызметкерлер арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

1. 2. Жергілікті желілер

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті сымдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту столына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютердің түрі көбейген сайын әдістері де көбейюде. Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір - біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, сақина және шина) .

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютепрлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған.

Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

1-суретте «Жұлдызша» топологиясы бар желі көрсетілген.

1-сурет. «Жұлдызша» топологиясы бар желі.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанымен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе - жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақина бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады.

Осындай ерекшеліктер деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. 2-суретте «Сақина» топологиялы желі мысалы көрсетілген.

2-сурет. «Сақина» топологиясы бар желі.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі - оған барлық желілік компьютерлер арасына үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір желі істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері - деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиялды сымді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

Мұндай желінің үлгісі 3-суретте берілген.

3-сурет. «Шина» топологиясы бар желі.

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Сым - шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы - бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Деректерді беру жылдамдығымен, оның құнына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиогиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Internet, ARCNET және IBM token ring.

Internet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Internet желілері жұлдызша түрінде де, құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды сым қолданылғанда, Internet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданылған болса, Internet жұлдызша кескінделеді. ARCNET техналогиясы Datapoint Corporation фирмасы 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Internet желісі сияқты, екі топология бойынша («жұлдызша» немесе «шина») құрала алады.

Tokin Ring «Жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылғысымен (Multi-station Access Unit, MAU) орталық хабар ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі сымы бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, екіншісі бойынша - қабылдайды.

4-суретте Tokin Ring - тің IBM желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.

4-сурет. Tokin Ring желісі.

Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендіріледі.

Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді.

Бірыңғай желі - барлық компьютерлерді тең құқылы ететін және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана - 10-15 -тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. (1-4-суреттер) Сервер дегеніміз -ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер. Сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортақ болуы, компьютерді пайдаланушымен, операциялық жүйе (ОЖ) құралдарына айналдырады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді. Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.

Windows 95 -операциялық жүйесінде компьютерлік желінің мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:

  • МS Exchange программасы - почталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;
  • Shedule+ программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және қажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобының басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы (мысалы, ортақ жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау ) .

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. (5-сурет. )

5-сурет. Иерархиялық желі.

Иерархиялық желілердегі сервер - бөлектенетін ресурстарды тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархиялық одан жоғары деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады. Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам - желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттыњ сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды пошта желісі
Жасанды интеллектуалды эмоцияны тану жүйелері
Әлеуметтік желілерге талдау жасау
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері
Компьютерлік желі түсінігі
Желінің шиналық топологиясы
Ақпараттық технологияның ұғымы
VPN виртуалды қорғалған желі
Компьютерлік желілер. Принтерлер
Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz