Қарашығанақ мұнай - газ кен орнының атмоcфералық ауа жағдайы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

«Қарашығанақ мұнай - газ кен орнының атмоcфералық ауа жағдайы»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 1. Әдебиеттерге шолу . . . . . . … . . . 5

1. 1 Қарашығанақ мұнай газ кен орны табиғи жағдайына сипаттама. . … . . . 17

1. 2 Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны. . . …. 20

1. 3 Зерттеу әдістемелері . . . …… …… . . . 24

2. Қарашығанақ мұнай газ кен орны атмосфералық ауа жағдайын бақылау . . . . . . ……… . . . 38

2. 1 Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны аймағында атмосфералық ауаның жағдайы жөніндегі мәлімет . . . 38

2. 2 Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орнының атмосфералық ауа жағдайы туралы берілген есеп . . . 41

Қорытынды . . . . . . 46

Қолданылған әдебиеттер . . . 49

Кіріспе

Қазіргі Қазақстанның дамуы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар негізінде атқарған істердің нәтижесі деп білеміз. Көп жағдайда экономиканың тұрақтануы, оның көтерілуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жалпыұлттық саясаттың негізгі тірегі болып табылады.

Шыны керек, Қазақстанның казіргі экологиялық жағдайы мәз емес екені көпке мәлім. Ол жағдайлар, тұтастау қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян.

Өндірісіміз түгелдей шетелдіктердің қолына өтіп, олардың жерасты байлығын ысыраппен өндіріп жатқаны қазір кімге болса да жасырын емес. Көмір, мыс, т. б. кен орындарында қазу жұмысының қарқының көтеріп, таза пайдалы кесектерді ғана алып, ұсақ кен байлықты қоқысқа араластырып кетіп жатқаны күнде сөз болып жүр. Мұнай мен газ өндіруде де жағдай осында. Америка өз жерінде ештеме өндірмейтінің, байлығын ашып, қайта жауып қойып отырғанын елдің бәрі біледі. Ал, біз қазақ жерінің табылған байлығының бәрін ашып, ысырапқа салып жатырмыз. Сонда біз кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз, әлде жерімізді шұрқ-шұрқ жарамсыз күйде қалдырып кетіп отырамыз ба? Бұл жауапкершілі әрбір Қазақстан патриотын ойландыруға тиіс.

Қазіргі қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті. Сондықтан халықтың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

Шындығына келсек экология мен экономика екеуі бір термин. Экономика деген сөзшаруашылықты басқару, ал экология-бір жердегі тіршіліктің жүйелі қалыптасуы. Осы екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол екеуін сабақтастыра отырып, өрниетті елдердің қатарына қосыламыз деген біздің уәжімізге орай елдің қазіргі әл-ауқатының жақсаруына байланысты мына кодекс бүкіл іскер адамдарға, өндіріс басшыларына, қала басқарып отырған әкімдерге, облыс және жергілікті жерлер әкімдеріне өз өңірлеріндегі экология мен экономиканы ұштастыра, бірі мен бірін игере отырып әрі қарай тұрақты дамыту деген сөз. Сол тұрақты дамытудың негізгі кілті-елдің, халықтың жағдайына байланысты. Қазір қай жер болмасын өркениетті елдер қатарына қосылуға Қазақстанның басшысының айтқан сөзіне керемет ұйып тыңдап, соған түгелдей қосылады. Дүние жүзінде экономикасы өркендеп келе жатқан әсіресе Орталық Азия, ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономикасы дамыған аймаққа жатып жүрміз. Сол тұрақты аймақта ендігі жерде экологиялық апатты аймақтардың жағдайын қарастырып, соны дамытуымыз керек.

Батыс Қазақстан обылысының Бөрлі ауданында орналасқан Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орнының Қазақстан экономикасына қосар үлесі орасан зор және осы аймақтың экологиясына өз ықпалын тигізері анық.

Мен дипломдық жұмысымда Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының және оның аумағындағы елді мекендерде қоршаған ортаға, соның ішінде атмосфералық ауаға әсері жөнінде мәліметтерді алып, оларды талдап көрсеттім.

Дипломдық жұмыс 63 беттен, 5 бөлімнен, яғни кіріспе, әдебиеттерге шолу, Батыс Қазақстан облысының табиғи - климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы, Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны, зерттеу әдістемелері, негізгі бөлім. Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны аймағында атмосфералық ауаның ластану мониторингі, қорытынды мен ұсыныстар, қолданылған кестелер мен суреттер, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Әдебиеттерге шолу.

Атмосфера-Жердің газ тәрізді қабаты. Ауа бассейіні- Жердің белгілі бір үстіндегі атмосфераның бөлігі. Атмосфералық ауаның ластануы екі үлкен топқа бөлінеді:фондық және антропогендік.

Фондық ластану- елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың(газ, шаң, химиялық заттар) шоғырлануы елді мекендерге арналған ШРЕК-тен әлдеқайда аз(2-3 есе және одан жоғары) атмосфералық ауа сапсының күйі.

Бұл ластанулар негізінен табиғи үрдістердің нәтежесінде пайда болады (теңіздерден, мұхиттардан, көлдерден шығатын буланулардан, жанартаулар атылуынан, табиғи болып тұратын циклондар мен антициклондардан, биогеохимиялық шет аймақтарынан, табиғи радиоциялық фоннан) .

Мәселен, жер қыртысынан сынаптың буланып ұшуы жыл сайын 2500-ден 125000 тоннаға дейін жетеді, ал Әлемдік мұхитта осы элемент 70 млн. тоннаны құрайды.

Кадмийдің табиғи шоғырлануы жанартаулардың атқылауынан болады.

Атмосфералық ауаның ластанулары мг/м3 көлемінде шоғырлануы (немесе мкг/ м3) есебімен бейнелейді [1] .

Не ғұрлым таза аудандардағы атмосфераның фондық сапасын экологиялық-гигиеналық тұрғыда білу антропогендік әсерлерді анықтау мақсатында ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы ауаның сапсымен салыстыру үшін қажет. Әдетте фондық ластанулар деңгейін тұрақты түрде байқауларды үзіксіз жұмыс істейтін Мемлекеттік Гидрометеорология станциялары жүзеге атырады. Мәселен, қоршаған ортаның сапасын фондық сапасына фондық байқаулар Қазақстандағы Бурабай станциясында, Орта Азияның, Тяньшанның биіктаулы мұздықтарында жүргізіледі.

Алайда, ірі өнеркәсіптік аймақтардағы ауаға шығарылған ластанушы заттардың аса қашықтарға таралуы, сөйтіп олардың фондық ластануларға әсер етуі мүмкін. Мысалы, Солтүстік жартышарлық қоршаған ортада қорғасын мөлшері Оңтүстік жартышардағыдан (өнеркәсіп жағынан аз дамыған) көп [2] .

Антарктикада мұздарында көне кезеңмен салыстырғанда қорғасын мөлшері 6 есе, Гренландия мұздарында 200 есе өсті.

Қазақстанда фондық ластанулар жерлерді бей-берекет игеруден және Арал теңізі суының азайып, құрғай бастауынан пайда болды. Осының барлығы, өнеркәсібі жоқ және адамдар мекендемейтін аудандарға да атмосфералық ластанулардың таралуы мүмкін екендігін көрсетті.

Амосфералық бассейнді антропогендік ластанулар-адамның шаруашылық қызметі нәтежесінде өнеркәсіптік, энергиялық, транспорттық және ауылшаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған, атмосфера сапсының өзгертулері.

Елді мекендердің ауа бассейнінің антропогендік ластануларының тигізетін әсерлері атмосфералық ауа сапасының нашарлауы арқылы білінеді, ал ол қоршаған ортаның басқа объектілерінің(топырақ, өсімдік) сапасы нашарлауына ықпал жасауы және тұрғындар денсаулығының күйіне кері әсер етуі ықтимал [3] .

Атмосфералық ауа ластануы не нәрсеге және қалай әсер етеді?

Оларды мынандай үлгіде топтауға болады:

  • Ең алдымен, атмосферанық ауаның өнеркәсіптік ластанулары тұрғындар өмірінің санитарлық-тұрмыстық жағдайлардың нашарлатады: терезе шыныларының шаңдануы пәтердің табиғи жарықтануын нашарлатады; ауа ластануы мен шаңдауы терезелерді ашуға мүмкіндік бермейді, өйткені үй ішінің қабырғалары, киімдер, жуылған кірлер ластанады. Қалалардың микроклиматына және жарықтың режіміне әсері:тұмандар мен фотохимиялық смогтар пайда болуының салдарынан күннің радиациясы 30 %; ультуракүлгіндік радиация 66 % дейін азаяды.
  • Табиғи және қолдан өсіретін өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Газдар фотосинтез үрдісерін әлсіретумен тірі протоплазмаға уландарғыш Атмосфералық жауын-шашынмен бірге олар топыраққа шөгіп, сол химиялық заттар өсімдіктердің тамырлық жүйесіне сіңеді де, уландырғыш әсер етеді.
  • Ең соңында, атмосфералық ластанулар халық денсаулығына кері әсер етеді, ол кейбір ауарулардың көбеюінеде немесе өсуінеде, созылмалы аурулардың өту барысының өзгеруінде, мүгедектікке ерте шығу және өлім жетім деңгейінің жоғарлауында, дене, еңбек қабылеттілігінің нашарлауында көрінеді [4] .

Елді мекендердің атмосфералық ауаның ластайтын көздер және ауаның сапасын бақылауды ұйымдастыру.

Өзіне тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің әлдебір ортаға енгізілуі немесе осы ортада агенттердің табиғи орташа көпжылдық деңгейінен асуы ластану деп аталады.

Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларында атмосфералық ауа ластануының негізгі көздері мыналар болып саналады:

  • Өнеркәсіптік мекемелер.
  • Жылу беруші қондырғылар.
  • Көлік.
  • Ауылдық аудандардың ауа бассейнін ластау көздері.
  • Табиғи ластану көздері.
  • Радиоактивтік ластану.

Атмосфералық ластаушылар физикалық күйі бойынша былайша бөлінеді:

1. Газ тәрізділер(көміртегі тотықтары, күкірт тотықтары, азот тотықтары, көмірсутектер)

2. Күрделі химиялық құрамның шаңы, ол негізінен кремний қос тотығынан, ауыр металдардан тұрады.

3. Аэрозольдар-әртүрлі қышқылдар(күкіртті, тұзды) су булары, майда шаң. Аэрозольдардың орташа көлемі 1-5 мкм құрайды. Жер бетінде жылсайын 1 куб. км. жасанды шаң тозаң түседі. Бұлардың көп бөлігі адам қолымен өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарлылған шығындылар. Кейбір техногендік шаң тозаңды төменде көрсете кетсек:

Өндірістік процесс:

(Шаң тозаң шығару млн. т/жыл)

1. Көмірдің жануынан 93, 600

2. Шойын балқытудан 20, 210

3. Жезді балқытудан(тазартылмаған) 6, 230

4. Мырышты балқытудан 0, 180

5. Қолайыны балқытудан(тазартылмаған) 0, 004

6. Қорғасынды балқытудан 0, 130

7. Цемент өндіруден 53, 370

Жасанды шаң-тозаңды шығарудың негізгі көздерінің бірі ТЭС. Отын түгел жанып бітпесе, көміртегі тотығы пайда болады. Пайдаланатын отын күкіріттілігімен де сипатталады. Қатты отын сұйық отынға қарағанда шамалы күкірттілігі арқылы(1, 5-1, 7% шамасында) ерекшеленеді [5] .

Сонымен, қатты отынды (көмір) жұмыс істейтін жылыту -энергетикалық нысандардың атмосфераға шығаратын басты зиянды заттары -көміртек тотықтары, күкірітті газ, шаң, аэрозолдар, күл, түтін, конденсация аэрозолдары.

Атмосфералық ауа тазалығын бақылауды 3 негізгі бөлікке бөлуге болды:

Ауаның диффуздық ластануына жүйелі түрде бақылау орнату стационарлық күзеттер торабын құру жолымен жүргізіледі. Бұл, елді мекендердің ауа бассейнінде зиянды заттардың орташа мөлшерін анықтап береді.

Атмосфераның аймақтық ластануын зерттеуді уақытша бақылау күзеттері жүргізеді. Мысалы, жекелеген өнеркәсіп кәсіпорындарының аудандарында ауа ластануының жекелеген көздерінің рөлінанықтау мақсатымен жүргізіледі.

Жекелеген ластау көздерінің шығарындыларында зиянды заттардың шоғырлануын зерттеу. Бүл әрбір өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша тазалау құрылыстары жұмысының тиімділігі жөнінде болжам жасауға мүмкіндік береді [5] .

Атмосфералық ауада зиянды заттардың қандай шоғырланулары анықталады?

Бұлар гигиенист-экологтардың алдарына қандай міндеттерге байланысты болады. Алайда, көбінесе жиірек бір мезгілдік, орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа жылдық және ең шекті мөлшердегі бір мезгілдік шоғырлануларды анықтауға назар аударылады.

Санитарлық қадағалауды үнемі жүргізу үшін орташа тәуліктік және ең шекті мөлшердегі бір реттік шоғырлануларды анықтаудың аса зор мәні бар.

Ластаушы заттар ауаның ағымына, үнемі соғатын желдердің бағыттарына, жер бедеріне (сай, өзендер алабы) байланысты әртүрлі румбтар бойынша (солтүстік, оңтүстік) әртүрлі қашықтықтарға таралады.

Мысалы, Алматы қаласы ауа-райының ерекшеліктері - ауа-райының желсіз тыным болуы, жан-жағын тау қоршаған аңғарда жатқандығы, желдету ескерілмей тығыз құрылыс салу - қала атмосферасының газдық шағырындылармен және кейбір ауыр металдармен (корғасын, т. б. ) жоғары деңгейде ластануына ықпалын тигізуде.

Алматы қаласында ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлану оңтүстікке қарай сайларды бойлап 10-15 км, солтүстік шығысқа - 15 км, басқа румбтар бойынша - 5-10 км (фоннан 5-30 есе артатын) қашықтықтарда байқалады. Фондық ластанулар үшін қаладан батысқа қарай бағыттағы мөлшері шартты түрде алынған.

Мысалы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының шығарындылары Ертіс өзетін бойлай солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс румьтары бойынша 50 км қашықтыққа дейін таралады. Жамбыл суперфосфат зауытының шығарындылары 60 км арақашықтыққа дейін жетеді.

Ластану көзінен әртүрлі арақашықтықта зиянды заттар шығарындыларының: дәнді дақылдардың, көкөністердің өнімділігінің нашарлануына, ағаштар мен бұталар өсуінің нашарлануына әсері болды (Шығыс Қазақстан, Шымкент облыстары) .

Аумақтың беткі қабатына шөгінділердің көп түсуі, лас заттардың жаппай жинақтауы және химиялық заттардың басқа орталарға (топыраққа, өсімдікке, суга, т. б. ) ауысуы - қоршаған ортаның қалаға тигізетін жалпы әсерін білдіреді [6] .

Зиянды заттардың ауа бассейніндегі шекті мөшерде шоғырлануы және олардың қала аумағына шекті мөшерде тигізетін әсері түтін шығытын мұржалардың биіктігіне, қала тұрған жердің бедеріне, метеожағдайларға, желдің соғу бағыттары мен жылдамдығына, ауаның ылғалдылығы мен температурасына тәуелді болады.

Мысалы, мұржа неғұрлым биік орнатылса, ластаушы заттардың шоғырлануы да соншалықты аз болады. Бірақ, биік мұржалар салу есебінен ғана атмосфераны қорғау және зиянды заттардың шоғырлануын азайту мәселесін шешуге болмайды.

Шаң-газдарды тұтып ұстап қалатын қондырғыларын салу зиянды заттардың шоғырлануын біршама азайта алады.

Сондықтан, осы ерекшеліктердің барлығын ескеру және атмосфералық ауаның ластауына санитарлық-гигиеналық бақылауды ұйыдастыру және оны үнемі жүргізіу керек.

Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.

Жер бетіндегі халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - атмосфералық ауаның тазалығы болып саналады.

Ең таза ауа - мұхиттар үстіндегілері. Мұхит үстіндегілеріне қарағанда аулдық елді мекендердің ауа бассейніндегі шаң тәрізді және газ секілді қоспалар мөлшерден 10 есе, орташа қалалардағы мөлшері - 35 есе, ал өнеркәсіптік орталықтарда - 150 есе көп.

Метеорологиялық жағдайлар қала үстіндегі ауаның желденбей тынып тұруына әсер ететін кезде атмосфераның ластануы адамдарға аса ауыр тиеді.

Ауаны ластайтын газ қоспалары кейде сол газдардың өзінен де қауіптірек, өйткені олардың өзара қатыныстары барысында жаңа заттардың түзілуі мүмкін. Осындай белсенді жаңа заттың пайдаболуының үлгісі - ауадағы түтін ысы (түтінді тұман) .

Тұман мен өте ұсақ қалқыған атты заттардың ауада ұшып жүрген ұсақ түйіршіктері осы түтін ысын (ағылш. Smoke - түтін және - тұман) тудырады. Осы тұманның ең ірі апаты 1952 жылы Лондонда болған еді. Температураның төмендеуі мен желдін мүлдем жоқтығына байланысты Лондон 5 күн бойы тұманға оранды. Сонда SO 2 молшері 5-10 мг/м 3 жетті. Сол уақыт ішінде 1000 га жақын адам қырылды. 10 000 адам қатты ауырды. осындай үлгідегі түтінді тұманды лондондық немесе қысқы түтінді тұман деп атайды [7] .

Қысқы түтінді тұман атмосфералық ауады күкірт қостотығы мен қалықтап ұшқан қатты бөлшектердің аса көп мөлшерде шоғырлануы және құрамда күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс.

Әлемнің үлкен қалаларының үстінде Лос-Анжелестік жаздық фотохимиялық түтінді пайда болуы жиілеуде.

Азот қос тотығы, күкірт тотығы және альдегидтер ультракүлгін сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті.

Озонның түзілуіне азот қос тотығы ерекше ықпал етеді. Ультракүлгін сәулелер әрекетінен азот қос тотығының молекуласы азот тотығына және атомарлық оттегіге айналады. Озон мен азот тотықтары ауадағы органикалық қоспалармен реакцияланады, соның нәтежесінде заттар қатары түзіледі, басымдылығы қанықпағын көмірсутектер, соның ішінде пероксилацетилнитрит (ПАН) пайда болады. Ол түтінді тұманның пайда болуына септігін тигізеді: озон араласқан кезде оның улылығы да арта түседі. осы үрдістің сызбасын мына үлгіде көрсетуге болады.

Азот тотықтары + көмірсутектер =

= пероксилацетилнитрит (ПАН) + озон (О 3 ) Фотохимиялық түтінді тұман әдеттегіше температуралық инверсиялар кезеңінде пайда болады, ол уақытта ластанған ауа жоғарғы жылы қабатпен қысылғанда ластқтардың жоғары тік тасымалдануын өткізбейді.

Қазақстанда түтінді тұмандар өте сирек пайда болады, ол дамыған елдерге қарағанда біздегі ауаның тазалығы мен желдің үзбей соғуы арқылы түсіндіріледі. Алайда түтінді тұманның пайда болуына қолайлы жағдайлар да бар (тау қоршаған аңғарлар және желдің жоқтығы Алматыда түтінді тұманның болуына жағдай тудырыды) .

Түтінді тұман адамдарды тұншықтырады. Тыныс органдарымен қатар осы лас заттар көз бен иіс сезу органдарың зақымдайды, тамақты қырнап, булықтырып таспайды.

Деммен кірген 0, 6-10 мкм мөлшеріндегі қатты және сұйық бөлшектер альвеолаға жетеді және қанда абсорбцияланады.

Ластанған ауа негізгінен тыныс жолдарын тітіркендіреді, бронхит, демікпе ауруына шалдықтырады.

Қазіргі уақытта ауа ластануының әлемдік балансында негізгі орыны автокөлік (54%) алады. Автокөліктердің, құрылысқа арналған және басқа техникалардың іштен жанатын двигательдерімен шығатың лас заттарда (% есебімен) мыналар болады: көміртегі тотығы - 75, көмірсутектер -15, азот тотықтары - 7, ыс пес күкірт газы шамамен 1% -дан келеді. Осы аталған лас заттар адам үшін қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес, өйткені, ауадағы газдардың белсенділігіне саны ғана олардың қауіптілігін анықтайды, қауіптілік белгілі дәрежеде газдардың белсенділігіне, олардың тұрақтылығына тәуелді болады. Мынаған көңіл аударған жөн. Жеке алып қарағанда газдың қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсері олардың басқа заттармен әрекеттесуіне коршаған орта тигізетін әсеріне ұқсас болмайды.

Іштен жанатын двигательден шыққан газдардың ең негізгі компоненті -көміртегі оксиді (иісті газ) аса зор қауіп тұдырады. Ол адам қанының гемоглобинімен қосылып, оттегі сіңіруге кедергі жасайды, ол оттегілік ашығуға ұшыратады, организмді әлсіретеді және оны әртүрлі ауруларға жеңіл беймдей түседі. Осы газбен ұзақ уақыт улану тез қалжырауға әкеледі, бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, енсиярлық, жүрек соғуы, демікпе секілді ауруларды тұдырады. Дене жұмысымен қатты айналысқанда аз мөлшердегі көміртегі тотығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.

Ірі қалалардың ауасында әдеттегіше 25-125 мг/м 3 мөлшерінде көміртегі болады (қалыпты норма 3 мг/м 3 ) .

Жер шарының атмосферасында көміртегі тотығының мөлшері аса көп болса, қыста, ал жаздың соңында ол мүлде азаяды.

Кейбір көмірсутектері ауаны аса қауіпті ластаушыларға жатады, бірінші кезекте қауіпті ісіктер пайда болуына жағдай жасайтын - 3-4 бенз(а) пирен. Ол ультракүлгіндік сәулелендіргенде ыдырайды.

Ауада күкірт тотықтарының жоғарғы мөлшерде болуы өкпе ауруларына, созылмалы бронхитке әкеліп соқтырады.

Адам организміне азот тотықтарының көмір оттығына қарағанда тигізетін залалы 10 есе қауіпті.

Альдегидтер ОЖЖ зақымдайды, жыныс органдарын қабындырады.

Ыс тыныс жолдарын бітеп, созылмалы аурулардың тууына себепкер болады және канцерогендік аурулар тасымалдаушысына айналады.

Өнеркәсіп орталықтарынан ұшқашан күлденболатын көз жарақаттары барлық көз ауруларының 30-60% құрайды.

Цемент өнеркәсібі - атмосфераға шаң мен газ шығаратын аса қауіпті ластаушы орын болып саналады. Цемент шаңын үнемі дем арқылы жұту өкпе тамырларының қабынып, демігуіне соғады.

Асбестік шаң созылмалы асбестоз ауруына ұшыратады және қауіпті ісіктердің пайда болуына әсер етеді. Жұмыс істеушілердің терісіне асбест талшықтары түскен жерлерінде сүйелдер пайда болады.

Индустриализациялауға және өндіріс шығарындыларының болуына орай атмосфералық ауада (CO, CO 2 , H 2 S, SO 2 , NO 2 ) секілді газ тәрізді заттар ғана емес ауыр металдар: Cd, Cr, Hg, Ni, Cu, Fe, Mn, Zn, Pb көп болады.

Адам организміне кадмий аса жоғары деңгейде әрекет еткен жағдайда Итай-итай сүйек ауруы ауруы және бүйректің қалпына келместей зақымдануы байқалады [8] .

Хром мұрын қуысының кілегей қабығының, терінің жараларын, дерматті тудырады.

Сынаппен улану негізінен жүйке ауруларын тудырады және бүйрек қызметтерінің бұзылулары арқылы сипатталады, оның үстіне гонаотоксикалық және мутагендік кемістіктерге ұрындырады.

Никель аса улы емес, бүйрек қызметін бұзады және бас айналу мен демікпе ауруына ұшыратады.

Күміс негізінен алғанда терінің, шаштың және тырнақтардың түссізденуіне (аргирия) әкеліп соғады.

Мыстың дозасы үлкен болған кезде кілегейлі қабықтардың уылуына, бауыр, бүйрек капиллярларының зақымдануына ұшыратады.

Организмге үлкен көлемде темірдің түсуі гемазроматоз - ұлпалар зақымдануына әкеліп соғады.

Марганец улағыш әсері тым аз элементтердің бірі болып саналады.

Мырыш 150 мг тәуліктік дозада осы металдар антогонисті ретінде мыс пен темір метаболизмін бұзады. Мырыш кадмийге де антогонист болады.

Қорғасын адам организміне тыныс жолдары және тері арқылы түсіп, жүйке ауруларына, анемияға, эритроциттер бұзылуы салдарынан гемоглобин мөлшері азаюына, ұмытшақтыққа және бедеулікке ұшыратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газдың қорлары
Қабат мұнайының қасиеттері
Кен орынның геологиялық құрлымы
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны
Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
Қарашығынақ газды-конденсатты кен орнын «Саклинг-процесс» тәсілін қолданып игеру
Шығыс - Орынбор тұз күбезі маңайларында іргетас
Кен орынды игерудің қысқаша тарихы
Ғaлaмдық экoлoгиялық мәceлeлeр (Aрaл жәнe Ceмeй aймaқтaры)
Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орнында ұңғымаларды пайдалану барысындағы қиындықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz