Курорттық іс пәні бойынша дәріс кешені


Курорттық іс пәні бойынша дәріс кешені
1 Дәріс. Курорттық іс денсаулық сақтау және емдік - сауықтыру туризм жүйесінде
- Курортологияның пәні және негізгі түсініктері
- Халыққа қызмет көрсету аясында санаторлы - курорттық кешеннің орны Курорттық істің басқа іс -әрекет түрлерімен өзара байланысы
1. 1. Курорттық іс - бұл табиғи емдік ресурстарды қолдану негізінде науқастарды емдеуді және реабилитациялауды, аурулар пракфилакториясын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ғылыми тәжірибелік іс - әрекеттің барлық түрлерінің жиынтығы, сонымен қатар олардың құрылымын және іс қимыл механизмін зерттеу, курорттарды ұйымдастыру, құру және басқару бойынша іс - шаралар кешені, азаматтарға емдік және мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, табиғи емдік ресурстарды қолдану және қорғау және курорттарды санитарлы қорғау іс әрекеттерінің жиынтығы.
Экономиканың бұл қызмет көрсету аясының секторы маңызды әлеуметтік міндеттерді орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы:
- табиғи рекреациялық ресурстарды және отандық курорттық кешенді рационалды қолдану негізінде халықтың денсаулығын жақсарту;
- еңбек ресурстарын қайта толтыру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және курортты дамыту.
Курорттық істің ғылыми медициналық негізін курортология құрайды. Курортология - табиғи - климаттық және арнайы қолдандан жасалған физикалық факторлардың емдік қасиеттерін, олардың адам ағзасына әсер ету сипатын, аурулар емдеу және прафилактика жасау үшін оларды қолдану мүмкіншілігін зерттейтін ғылым.
Курортология ғылым ретінде келесі бағыттарға негізделеді:
- бальнеология (лат balneum - ванна) - емдік сулар туралы ғылым, бальнеотерапия - емдік мақсатпен минералды суларды қорғау.
- Климотология - климат туралы ғылым, климотерапия - емдік және сауықтыру мақсаттарында климатты қолдану:
2. 1) гелиология - күн туралы ғылым, гелиотерапия - емдік және сауықтыру мақсаттарында күн сәулесін қолдану;
2. 2. ) аэрология - ауа туралы ғылым, аэротерапия - емдік және сауықтыру мақсатында ауаны қолдану;
2. 3. ) талассология - теңіз туралы ғылым, талассотерапия - теңіздік климатпен емдеу және күн ваннасы үйлесімділігімен суға түсу.
- Диетология- тамақтану туралы ғылым, диетотерапия емдік сауықтандыру мақсатында тамақты қолдану;
- Кинезитерапия-қимыл-қозғалыспен емдеу, дене шынықтыру- белсенді демалыс және емдік дене шынықтыру.
- Физотерапия - қолдан жасалған физикалық факторларды емдік мақсатта қолдану.
Курорт (неміс тілінің Кurort сөзінен алынған. Kur -емдеу, Ort-орын) - емдік-профилакториялық мақсатта игерілген және қолданылатын табиғи емдік ресурстары бар аумақ. . табиғи нысандардың емдік құрылымы мен шарты көп жылдық тәжірибенің ғылыми зерттеу негізінде бекітіледі және денсаулық сақтау сұрақтарымена айналысатын мемлекеттің атқарушы билігімен бекітіледі. Курорттық мекенде климаттық шарттардың географиялық орналасуы және сипаттына байланысты бір немесе бірнеше табиғи емдік факторлар болуы мүмкін. Курорттың табиғи факторының сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- климаттық емдеу, негізгі емдік факторлар әр түрлі климаттық құрайшылар жатады. Табиғи климаттық зоналарға сәйкес мұндай курорттар жазықтық, далалық, шөлді, таулы, теңіз жағасы және т. б. болып бөлінеді;
- бальнеологиялық, негізгі емдік факторлар әр түрлі типтегі минералды сулар жатады;
- саз балшықтық, негізгі емдік фактор әр түрлі типтегі балшықтар болып табылады;
- аралас, емдік факторлар кешенін иеленеді.
Табиғи емдік факторлардың емдік тиімділігінің дәрежесі, оларды игеру дәрежесі және курорттардың қолайлы шарттары бойынша мемлекеттік, аймақтық және жергілікті тағайындаудағы курорттар және емдік - сауықтыру орындары болып бөлінеді.
Қазақстан республикасының курорттық қоры - барлық көрсетілген және есепке алынған табиғи емдік ресурстардың, емдік - сауықтыру орындардың, және де курорттар мен курорттық аймақтардың жиынтығы. Іс - әрекет мақсатына байланысты курорттың қызметтеріне келесілер кіру мүмкін:
- санаторлы - курорттық емдеу;
- науқастардың медициналық реабилитациясы;
- қалпына келтірушілік емдеу;
- сауықтырушылық емдеу және ауру прафилактикасы;
- мәдени - танушылық және ойын - сауықытық.
Курорттың үш бірінші қызметі курорттық терапияның негізін - табиғи физикалық факторларды емдік қолдануды құрайды.
Сауықтыру демалысы - арнайы медициналық емделуді, дәрігерлік бақылауды және емдеуді қажет етпейтін, денсаулығы сау тұлғаның курортқа келуі. Негізгі сауықтыру факторларына дене шынықтыру және спорт, таяу және алыс туризм, ағзаны нығайту үшін қолданатын табиғи емдік факторлар, және де мәдени массалық іс - шаралар жатады.
Медициналық (емдік) туризм - емдік сауықтыру және эвристикалық мақсатта күнделікті тұрғылықты жерінен уақытша шығу. Су, тау, шаңғы туризм түрлерін ерекшелейді, ал ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді ( 5-7 тәулік) және ұзақ мерзімді (7 тәуліктен жоғары) .
Курорттар емдеуді ұйымдастыру және ауру прафилактикасы үшін пайдалы табиғи емдік ресурстарды иеленетін емдік - сауықтыру аумақтарында орналасады. Мұндай жерлерді емдік және сауықтыру мақсаттарында көбіне тиімді қолдану үшін курорттық инфрақұрылымынның бар болуы қажет.
Курорттық инфрақұрылым дегеніміз денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін, халыққа курорттық қызмет көрсетуді көрсету бойынша материалдық объектілер және іс -әрекеттер түрлерінің жиынтығы. Курорттық инфрақұрылым өзіне емдік прафилактикалық, мәдени - тұрмыстық және ойын -сауықтық мекемелерді, спорттық алаңдарды, арнайы оқытылған медициналық және қызмет көрсетуші персоналды және т. б. қосады. Курорттық инфрақұрылым әлеуметтік инфрақұрылымның жүйе бөлігі болып табылады және өзінің қосымша жүйе бөліктерін (коммуникация, жолдар, көлік және т. б. ) иеленеді.
Емдік және демалыс мақсатында адамдарға қызмет көрсету қызметін орындайтын курорттық шаруашылық емдік - профилакториялық мекемелер: санаторийлер, емдік пансионаттар, курорттық емханалар, пляждар, минералды сулар галереясы, су емдеу орындары, балшықтық емдеу орындары, солярий, аэрарий, бассейн, аквапарктер, тақырыптық және табиғи парктер және т. б. кешенін білдіреді.
Осылайша, курорттардағы ғылыми - практикалық іс - әрекет әр алуан болып келеді және бірнеше негізгі бағыттарды өзіне қосады (1. 1. сурет) :
Бұл бірнеше базалық құраушыны: емдік - сауықтыру қызметін, орналастыру қызметін, тамақтандыру, бос уақыт санаторлы - курорттық өнімнің кешенділігімен шартталады.
Курорттық істің міндеттеріне келесілер кіреді:
- курорттық істі ұйымдастырудың ғылыми негіздерін дайындау;
- санаторлы - курорттық емдеудің және сауықтырудың әдістерін және технологиясын дайындау;
- курорттық ресурстарды іздестіру;
- санаторлы - курорттық сауықытурға және емдеуге, соның ішінде рекреациялық тұтынушылыққа халықтың тұтынушылығын зерттеу;
- курорттық қызметтің құқықтық аспектілерін дайындау, курорттық қызметі лицензиялау, стандартизациялау және сертифакаттау;
- курорттық объектілерді қолдану;
- курорттық қызмет көрсетудің технологиясын жетілдіру және сапасын жоғарлату, соның ішінде орналастыру, тамақтандыру, анимациялық іс -әрекетті;
- санаторлы курорттық инфрақұрылымның ғылыми негіздерін және нормативтерін дайындау, соның ішінде курортты санитарлы қорғау.
:
1 . 2. Халыққа қызмет көрсету аясында санаторлы - курорттық кешеннің орны. Курорттық істің басқа іс -әрекет түрлерімен өзара байланысы.
Қазіргі экономиканың басты ерекшелігі материалдық өндіріспен салыстырғанда қызмет көрсету аясының прогрессивті өсуі болып табылады. Мысалы АҚШ - та 1990 жылдардың ортасында қызмет көрсету аясы жұмысының үлесі 75 пайызға жетті, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 80 пайызға жетті. Қызмет көрсету сектиорына жалпы ішкі өнімнің 75 пайызы жатады, бұл секторда АҚШ -тың жаңа компанияларының 67 пайызы қызмет етеді. Бұл жағдай басқа да дамыан елдерде байқалып отыр, онда қызмет көрсету үлесі жалпы ұлттық өнімнің 3 тен 2 бөлігіннен 4 тен 3 бөлігін көлемін құрап отыр.
Қызмет көрсету - сезілмеушілік, бастаудан бөлінбеушілік, сапаның өзгеруі, сақталмаушылық сияқты айрықшы қасиеттерді иеленетін бұл процессте сатушы мен сатып алушының өзара іс -әрекетінің бар болуымен сипатталатын, нәтижеге жету процессі түрінде болатын еңбек өнімі. Бұл анықтаманы халыққа қызмет көрсету жүйесінде ерекше орын алатын санаторлы- курорттық қызмет көрсету аясына да таратуға болады. Санаторлы - курорттық қызмет көрсетулер қызмет көрсетудің барлық аясы үшін жалпы экономикалық өзіндік бейнені білдіреді, сонымен қатар тек өзіне ғана тән артықшылық сипатты иеленеді.
Сервистік қызмет көрсету ретінде санаторлы- курорттық қызмет көрсетудің өзіндік бейнесі бұл ая үшін жоғарыда аталған жалпы ерекшеліктермен және оны материалдық өндірістен ерекше көрсетумен сипатталады. Көбіне тар мағынада санаторлы - курорттық қызмет көрсетулер - демалушылардың санаторлы емдеуге және курорттық демалуға тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатында курорттық жерлерде орналасқан орналастыру кәсіпорындарымен ұсынылатын қызмет көрсетулер (1. 2. сурет) .
Сурет 1. 2. Сервис жүйесінде санаторлы - курорттық қызметтің орны .
Рекреациялық қызмет көрсету дегеніміз емделу, ойын - сауық, жаңа сезім алу және танушылық мақсаттарымен өзінің күнделікті тұрғылықты жерінен тыс жерде жұмсалған күшті қайта толтыруға адамның тұтынушылығын қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырылған кәсіпорынмен жүзеге асырылатын іс -әрекет. Өз кезегінде рекреациялық қызметкөрсету аясы көбіне ірі құрылымдық қалыптасу - демалу аясының жүйе бөлігі болып табылады. Демалу аясы құрамына бір жағынан рекреациялық маңыздылық және екінші жағынан маңызды салалық ерекшелікті иеленетін мәдени мекемелердің, спорттық, көрермендік және ойын -сауық кәсіпорындарының қызметі кіреді.
Рекреациялық қызмет көрсету мазмұнының мұндай түсінігі оны туризм аясына жатқызу мүмкіншілігімен шартталады. Туризмнің көп бөлігі өзінің табиғаты бойынша рекреациялық болып келеді. Сондықтан шет елдерде қабылданған туризм түрлерінің жіктемесінде туризмнің бір түрі ретінде емдік - сауықытур туризмі қарастырылады. Туристік сияқты курорттық іс -әрекет шегінде жүзеге асырылатын рекреация негізгі мотив және сол уақытта оның маңызды қызметі болып табылады. Нәтижесінде курортта саяхат, сауықтыру және демалу туризмге және курорттық іске жататын рекреацияның бұл формасын анықтайтын маңызды компонент болып табылады.
Рекреациялық мақсаттар үшін бос уақытты қолдануды қарастыратын болсақ, онда санаторийлерге сапарларды емдік - сауықтыру туризмге жатқызуға болады. А. Н. Разумованың позициясымен де келісуге болады, оның пікірі бойынша емдік туризм - бұл санаторлы - курорттық саланың жұмысын ұйымдастыруды саяхат технологиясының көзқарасы бойынша қарастыратын курорттық медицинаның жаңа бөлімі. Туристік өнімді қалыптастыру негізіне адам өмірі сапасын жақсартатын емдік немесе сауықтыру технологиясы жатады. Жаңа бағыттың әлеуметтік маңыздылығы «демалу» блокті қалыптастыру есебінен денсаулықты қорғау жүйесінің маңызды бөлігін құру және санаторлы - курорттық саланың жұмысына туристік бизнестің заңдылықтарын және қызмет көрсету сапасын басқару технологиясын енгізу есебінен оның рентабельдігін жоғарлату болып табылады. Ол үшін санаторий жұмыстарына жаңа тәсілдер дайындау қажет, атап айтқанда шаруашылық жүргізудің жаңа амалдарын енгізу және саяхат уақытында демалу мен емделуге тұтынушылықты көбіне толық қанағаттандыру болуы қажет.
1. 3. Курорттық факторлар: түсінігі, жіктемесі, емдік және сауықтыру мақсаттарында қолдану мүмкіншілігі
Әдебиет:
- Ветитнев А. М. Курортное дело: учебное пособие М. : КНОРУС, 2007г
- Ветитнев А. М. Маркетинг санаторно - курортных услуг: учебное пособие. М. : Медицина, 2001.
- Кусков А. С., Лысикова О. В. Курортология и оздоровительный туризм: Учебное пособие. - Ростов н/Д: 2004г
2 Дәріс. Курорттық медицина негіздері
2. 1. Денсаулық индустриясының түсінігі.
2. 2. Қазақстанда денсаулықты ұйымдастыру жүйесі.
2. 3. Қазіргі курорттық медицинаның мәні және оны құраушылар.
2. 1. Денсаулық ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы саяси, демографиялық жағдайдың түбірлі өзгеруі әлеуметтік бейімделудің күшеюі адам өмірінің құндылық жүйесінде бірінші орынды денсаулық алады. Ұлттың денсаулығын қорғау және нығайту мемлекеттің басты стратегиялық міндеті болып табылады.
Денсаулықты қорғау -бұл емдік профилактикалық, сауықтыру-рекреациялық, санитарлы-гигиеналық, экономикалық, техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыруды қосатын жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы. Денсаулықты қорғау әлеуметтік бейімделген нарықтық экономикада ерекше орынды алады, өйткені бұл жерде медициналық қызмет көрсетулерді өндіреді, ал оларды құру халық денсаулығын қорғау мен нығайтудың негізгі шартын құрайды. Қазіргі денсаулықты қорғау ұлттық экономикадан тыс көрініс ала алмайды. Ұлттық шаруашылықтың ерекше жүйе бөлігі дене индустрия болып табылады.
Дене индустрия дегеніміз -бұл адам денсаулығын қорғау және нығайту бойынша іс-әрекеттер аясының және оған байланысты салалардың өзара іс-әрекет етуін қарастыратын ұлттық шаруашылығының қызметтік көпсалалық жүйе бөлігі болып табылады. Дене индустриясының қалыптасуы денсаулық қорғаудың қазіргі технологияларды қолдануға көшуімен сипатталады. Ол ұлттық экономиканың басқа салаларымен техникалық және қызметтік байланыстарды кеңейтті. Ұлттық экономиканың көптеген салалары тікелей немесе жанама түрде денсаулық индустриясының қызмет етуіне қатысады.
Денсаулық индустриясының құрылымы:
Осылайша, денсаулық индустриясы нарықтық шаруашылығының бөлінбес элементі болып табылады. Ол жетекші елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Денсаулық индустриясының даму деңгейі қазіргі нарықтық шаруашылығының нығаю деңгейімен тығыз байланысты. Денсаулық индустриясы жалпы ішкі өнімді, ұлттық өнімді құруға тікелей қатысады.
Денсаулық индустриясы тауар мен қызмет көрсетуді өндірумен қатар оларды сатып алудың белсенді тұтынушысы. Денсаулық индустриясының қызмет етуі ұлттық экономика шегінде қосымша жұмыс орындарын құруға, халық және мемлекетпен кіріс алуға мүмкіндік береді.
2. 2. Ұлттың денсаулығын қорғау және нығайтуды қамтамасыз ету денсаулық индустриясының барлық секторлар мен қызметінің өзара келістіріліп дамуы қажет. Олардың қызмет етуінде қандай да болмасын қарама -қайшылықтардың болуы қоғамға қосымша әлеуметті және экономикалық залалдар әкеледі.
Денсаулық индустриясы ұлттық экономиканың жүйе бөлігі ретінде келесі қызметтерді орындауға міндетті:
- қоғам мүшелеріне медициналық қызмет көрсету;
- қоғам мүшелерін медициналық тағайындаудағы тауарлармен қамтамасыз ету;
- аурулар табиғатын ғылыми тану, оларды емдеу және профилактика т. б.
Денсаулық индустриясының инфрақұрылымы -бұл денсаулық индустриясының қызмет етуі және дамуы үшін шарттарды қамтамасыз ететін ұйымдардың жиынтығы(көлік, материалдық-техникалық жабдықтау, білім беру, т. б. ) . Денсаулық индустриясының инфрақұрылымының негізгі қызметі медико-санитарлық, емдік-диагностикалық, сауықтыру-профилактикалық процестердің дұрыс қызмет етуін жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің конституциясына және азаматтық кодексіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық денсаулықты нығайту мемлекетінің әлеуметтік және экономикалық саясатының негізіне жатады. Бұл маңызды әлеуметтік міндетті денсаулық қорғаудың мемлекеттік жүйесі орындайды. Ол өзіне министрлікті және облыстық қалалық басқармаларды қосады.
Қаланың, ауылдың, санитарлы-эпидемиялық қарама-қарсы жағдайда қолдау бойынша барлық профилактикалық жұмысты денсаулық сақтау министірлігінің санитарлы- эпидемиялық бақылау бөлімі жүзеге асырады. Бұл қызмет ішетін судың сапасын, тамақ өнімдерін, қаланың санитарлық жағдайын, еңбектің гигиеналық нормаларын сақтау, тамақ объектілерінің сапаларына бақылауды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық қызметтік жүйе ретінде денсаулық қорғау түсінігіне адам өмірін және денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік, ұжымдық, топтық және жеке іс-шаралардың барлық кешені кіреді. Мемлекеттің қазіргі тұжырымдамасы денсаулық қорғауды қалдық қағида бойынша қаржыландыратын әлеуметтік елі ретінде қарастырмайды. Денсаулық қорғау жүйесіне келесілер жатады:
- Денсаулық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
- Сауықтыру медицинаның жүйесі
- Жеке медицина
Денсаулық қорғау жүйе іс-әрекетінің 2 бағыты бар:
- профилактика
- емдеу
Профилактиканың негізгі міндеті денсаулықтың әлсізденуін және аурудың дамуын ескеру болып табылады. Ол өзіне келесілерлі қосады:
- санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- диспансірлік әдісті жүзеге асыру. Диспансірлік әдіс келесі түрлерде болады, алдында ауырған науқастарға үнемі бақылау жүргізу.
Науқасқа белсенді бақылау жасау және оларды жүйелік емдеу, патронаж, яғни үй жағдайында науқасқа белсенді жүелік бақылау оның өмірінің әлеуметтік, тұрмыстық және гигиеналық шарттарын жасау. Профилактиканы поликлиникалар және диспансерлер жүзеге асырады. Емхана емдеуді қажет ететін науқасты тексеріп госпитализациялауға ауруханаға жібереді. Ал диспансерлер поликлиника ішіндегі арнайы мамандандырылған кабинеттер. Олар емдік-профилактикалық мекемелер болып табылады.
Емдеуді әртүрлі клиникалар жүзеге асырады. Олардың негізгі міндеті емдеудің медикаментоздық және физикалық әдістерін, хирургиялық бөлімдердің оперативті әдістерін қолдану арқылы емдік көмек көрсету. Ерекше категорияны емдік және профилактикалық көмек көрсету атқаратын перзентхана үйлері атқарады.
2. 3. Денсаулық қорғаудың емдік профилактикалық мекемелері амбулаторлы және стационарлы болып бөлінеді. Амбулаторлы мекемелерге келесілер жатады:
1) амбулатория -мекеменің өзінде немесе үйде медициналық көмек көрсететін мекеме, поликлиникадан ерекшелігі -мамандардың аз саны және диагностикалық зерттеу көлемінің аз болуымен сипатталады.
2) емхана -жеке емдік профилактикалық мекеме немесе аурухана құрамына кіретін мекеме, бұл жерде жабдықталған лабараториялық, диагностикалық және процедуралық кабинеттер болады және барлық мамандықтың дәрігірлері қызмет етуі керек.
3) өнеркәсіп кәсіпорындарда денсаулық пункттері және ауылдық жерлердегі ФАП. Олар алғашқы білікті медициналық көмек көрсетеді, профилактикалық қараулар жасайды, кәсіпорынның санитарлық жағдайын және қауіпсіздік техниканы сақтауға бақылау жасайды.
4) нақты аурулар түрін бақылаумен айналысатын диспансерлер.
5) әйелдер консультациясы.
6) жедел көмек станциялары.
Стационарлы мекемелерге келесілер жатады:
1) аурухана -үнемі емдеуді және бақылауды қажет ететін науқастар үшін емдік мекеме.
2) госпиталь -әскери қызметкерлерді немесе мүгедектерді емдеу үшін аурухана.
3) клиника -науқастардың стационарлы емдеу, студенттерді оқыту және ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асыратын ауруханалық мекеме.
Отандық денсаулықты қорғауда емдеу мен сауықтырудың келесі кезеңдері көрсетіледі:
1) Диагностикалық кезең. Ол ерте кезеңде ағзаның физиологиялық жүйесінің өзгеруін анықтауға бағытталады. Ол үшін дәстүрлі әдістер қолданылады.
2) емдік-профилактикалық -ағзаның әлсіздігін немесе бұзылған жүйесін қайта толтыруға бағытталған. Төтенше жағдайда емдеу қызметі тағайындалуы мүмкін.
3) реабилитациялық - рекреациялық санаторлы-курорттық сала мекемелері шартында жүзеге асырылады. Мүндай мекемелерге келесілер жатады:
1. профилакторийлер - әлсізденгендер немесе клиникадан шыққан кейін емделуін жалғастыру үшін арналған сауықтыру мекемесі.
2. жергілікті типтегі санаторийлер - күрделі аурудан және метеореакциядан өткен тұлғалар және алыс курорттарға бару денсаулықтың төмендеуіне әкелу мүмкін тәуекелі бар тұлғалар үшін профилактикалық мекеме. Мысалы қаланың маңайында немесе сыртында орналасуы мүмкін.
3. санаторий - табиғи емдік физикалық факторларды басым қолданумен емдеуді, профилактиканы және медициналық реабилитацияны жүзеге асыратын емдік - профилактикалық мекемелер.
4. емдеумен пансионат (орналастыруды, тамақтандыруды қамтамасыз етеді)
5. балалар санаторийлер
6. ана және бала санаторийлер
7. санаторлы-сауықтыру орталықтары
8. демалу үйі
9. турбазалар
10. ғылыми білім беру мекемелері (медициналық институттар)
11. басқарудың мемлекеттік органдар.
Өмір сүру іс-әрекеті процесінде әрбір адам үнемі сыртқы ортамен контактіде болады. Адамға сыртқы ортаның келесі факторлар ықпал етеді: физикалық (шу, вибрация нерв жүйесіне ықпал етеді, ультрадыбыстық толқулар - көздің көруіне ықпал етеді), химиялық (газдық, суықтық заттар адамның ағзасына түседі), биологиялық (флора, фауна), әлеуметтік-экономикалық (елдің тұрмыс жағдайы) .
Еңбек ету процесінде адамға кәсіптік факторлар да әсер етеді, олардың шамадан тыс әсер етуі кәсіптік ауруға әкеледі. Кәсіптік факторларға келесілер жатады: химиялық, орталық жүйке жүйесіне ықпал етуі.
Қандай да болмасын жұмыс адам ағзасын әртүрлі физиологиялық реакцияға әкелуі мүмкін: шаршау немесе жұмыс қысымдылығы; қамығу; шамадан тыс қамығу.
Адам ағзасында ауру дамуы 4 кезеңмен ерекшеленеді:
1) жасырынды - аурудың көрінетін құбылыстарының болмауы
2) продромалды -бұл аурудың алғашқы симптомдарының пайда болуы және аурудың толық даму арасындағы аралық. Мысалы температураның жоғарлауы, бастың ауруы, әлсіздік, дәбеттің төмендеуі
3) аурудың толық даму кезеңі
4) аурудың жазылу кезеңі.
3 дәріс. Курорттық істің рекреациялық негіздері
3. 1. Рекреация түсінігі.
3. 2. Бос уақыт және рекреация. Рекреациялық кеңістік.
3. 3. Рекреациялық іс -әрекеттің жіктемесі және құрылымдық ерекшеліктері.
3. 1. Рекреациялық географияның негізгі түсініктеріне ең алдымен бос уақыт; демалыс, рекреация және туризмді жатқызуға болады. Бос уақыт -рекреациялық процесс дамуының қажетті шарты. Бос уақыт белгілі бір дәуірдің, топтың әлеуметтік сипатына байланысты өзгеріп отыратын категория. Ол көлемі бойынша да өзгеріп отырады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен теңестіру теориялық көзқараспен қатар тәжірибелі түрде де қате болып келеді.
Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін 4 түрлі топтан құралады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz