Орта ғасырлардағы венгрия



Жоспар:

I. Кіріспе.
1. ХІ . ХІІ ғасырлардағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы.
2. ХІІІ . ХІV ғасырлардағы Венгриядағы феодалдық бытыраңқылық.
3. Қалалар мен кен ісінің дамуы.

II. Қорытынды.

III. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Оңтүстік орыс даласында көшіп – қонып жүрген Венгр тайпаларының одағы ІХ ғасырдың аяғында Карпатты асып өтіп, Орта Дунай ойпатынан орын тепті. Х ғасырдан бастап осы территорияны толығымен мекендеген. Халықтың көпшілігін славяндар құраған. Олар егінші халықтың тәжірибесін меңгере отырып, венгрлер біртіндеп отырықшылық пен егіншілікке көшті. Венгер тілінде егіншілікке қатысты славян сөздерінің болуы осының айғағы. Х ғасырдан бастап венгрлерде феодалдану процесі басталып, ол мұнда ХІІ ғасырдың ортасына дейін созылды. Венгрлердің билігіндегі паннон славяндарында, сондай-ақ көршілес славян халықтарында алғашқы феодалдық қатынастардың болуы және көшпелі венгрлерде мүлік дифференциясының өсуіВенгрияда феодализмнің қалыптасуына жағдай жасады. Венгрлердегі мүлік дифференциясы венгер отрядтарының Х ғасырдың алғашқы жартысында Орталық және Батыс Европа елдеріне және Византияға жасаған шапқыншылықтарының салдарынан тездей түсті. Қолға түсірілген олжа бертінде феодалдар табының негізін құрған рулық – тайпалық дәулетті жоғарғы топты байытты. Феодалдану процесімен бір мезгілде екі жүз жылдан кейін ғана аяқталған венгрлердің жергілікті славян халықтарын ассимиляцялау процесі де жүріп жатты.
Венгер қоғамындағы күшейген әлеуметтік дифференцияға байланысты князь Гезенің (972 – 997) тұсында мемлекеттік ұйымның белгілері көріне бастайды. Венгрияның христиан дініне ене бастауы да осы уақытқа жатады. І Иштван (Стефан) (әулие) (997 - 1038) – Арпадтар династиясының негізін салушы шамамен 1000 – жылы папа ІІ Сильвестрден тәж бен корольдік титул алды. Иштванның тұсында алғашқы феодалдық мемлекеттің негізі қаланып, елдің христиандануы аяқталды. Бұл корольдің және оның мұрагерлерінің ішкі саясаты елдің феодалдану процесіне жағдай жасады. Бұл істе корольдардан едәуір жеңілдіктер және сыйлыққа аумақты жер алған католик шіркеуі көрнекті роль атқарды. Венгрияда ірі жер иелеріде экономикалық
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Тулешов С. Орта ғасырлар тарихы. І том. Алматы: «Мектеп баспасы», 1976.
2. Удальцова З.В., Карпов С.П. История средных веков. В 2 т. – М.: «Высшая школа», 1990.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Тарих факультеті
Бүкіл әлем тарихы және

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырып: Орта ғасырлардағы Венгрия

Тексерген: Стамбулов С.Б.
Орындаған:
Батыров Н.Е. ИО-21к тобы

Қарағанды - 2010 ж.

Жоспар:
I. Кіріспе.
1. ХІ – ХІІ ғасырлардағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы.
2. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы Венгриядағы феодалдық бытыраңқылық.
3. Қалалар мен кен ісінің дамуы.
II. Қорытынды.
III. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Оңтүстік орыс даласында көшіп – қонып жүрген Венгр тайпаларының одағы ІХ
ғасырдың аяғында Карпатты асып өтіп, Орта Дунай ойпатынан орын тепті. Х
ғасырдан бастап осы территорияны толығымен мекендеген. Халықтың көпшілігін
славяндар құраған. Олар егінші халықтың тәжірибесін меңгере отырып,
венгрлер біртіндеп отырықшылық пен егіншілікке көшті. Венгер тілінде
егіншілікке қатысты славян сөздерінің болуы осының айғағы. Х ғасырдан
бастап венгрлерде феодалдану процесі басталып, ол мұнда ХІІ ғасырдың
ортасына дейін созылды. Венгрлердің билігіндегі паннон славяндарында,
сондай-ақ көршілес славян халықтарында алғашқы феодалдық қатынастардың
болуы және көшпелі венгрлерде мүлік дифференциясының өсуіВенгрияда
феодализмнің қалыптасуына жағдай жасады. Венгрлердегі мүлік дифференциясы
венгер отрядтарының Х ғасырдың алғашқы жартысында Орталық және Батыс Европа
елдеріне және Византияға жасаған шапқыншылықтарының салдарынан тездей
түсті. Қолға түсірілген олжа бертінде феодалдар табының негізін құрған
рулық – тайпалық дәулетті жоғарғы топты байытты. Феодалдану процесімен бір
мезгілде екі жүз жылдан кейін ғана аяқталған венгрлердің жергілікті славян
халықтарын ассимиляцялау процесі де жүріп жатты.
Венгер қоғамындағы күшейген әлеуметтік дифференцияға байланысты князь
Гезенің (972 – 997) тұсында мемлекеттік ұйымның белгілері көріне бастайды.
Венгрияның христиан дініне ене бастауы да осы уақытқа жатады. І Иштван
(Стефан) (әулие) (997 - 1038) – Арпадтар династиясының негізін салушы
шамамен 1000 – жылы папа ІІ Сильвестрден тәж бен корольдік титул алды.
Иштванның тұсында алғашқы феодалдық мемлекеттің негізі қаланып, елдің
христиандануы аяқталды. Бұл корольдің және оның мұрагерлерінің ішкі саясаты
елдің феодалдану процесіне жағдай жасады. Бұл істе корольдардан едәуір
жеңілдіктер және сыйлыққа аумақты жер алған католик шіркеуі көрнекті роль
атқарды. Венгрияда ірі жер иелеріде экономикалық және саяси үлкен күшке ие
болды.Едәуір территорияны корольдік домен иеленді.
ХІ – ХІІ ғасырлардағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы.
Феодалдар мен корольдің иеліктерінде алғашында ерікті қауымдастар мен
тәуелді шаруалардың әр түрлі категориялары қоныстандырылды. Сербтер мен
Либертиндер – жерге отырықшыландырылған құлдардың ұрпақтары жіне
феодалдарға мейлінше қатты тәуелді болды, бірақ ХІ ғасырдың өзінде-ақ олар
жеке басты тәуелді шаруаларға айналды. Феодалдардың иеліктеріндегі халықтың
едәуір бөлігін сербтер құрады; олардың негізгі міндеткерліктері барщина
болды. Сербтер шіркеулік жерлерде де тұрды, ондағы жұмыс істеп өтейтін
міндеткерлік ерте кездің өзінде-ақ өнімдей рента арқылы екінші қатарға
ығыстырылған болатын. Кең – байтақ королдік иеліктер шаруаларының ерекше
категориялары – қорған адамдары жерге отырықшыландырылған, әрі корольдің
пайдасына оброк төлеуге және борышын жұмыс істеп өтеуге міндетті бұрынғы
жауынгерлер; сондай-ақ корольдік сарай шаруашылығына қызмет істейтін –
сарай қызметкерлері – удворниктер құрады.
ХІ ғасырдың ішінде ерікті қауымдастардың негізгі бұқарасы феодалдарға
тәуелді шаруаларға айналып болды. Егер І Иштванның 1000 – 1010 жылдарда
басылып шыққан заідарында олар әлі еркін адамдар ретінде аталатын болса, ал
король Кальманның (Кітапшының) (1095 – 1116) заңы еркін шаруалар
бұқарасының феодалдарға толығымен бағынғандығын дәлелдейді. Қауымдастардың
феодалдануға қарсы наразылығы феодализмге дейінгі тәртіп пен пұтқа
табынушылыққа оралу ұранымен өткен 1046 – 1060 жылдардың шаруалар
көтерілістерінен анағұрлым айқын көрніс тапты. ХІІ – ХІІІ ғасырлар
ескерткіштерінде аталатын азат егіншілер іс жүзінде тәуелді халық
категорияларының бірі болып табылады. Олардың шаруалардың өзге түрінен
өзгешелігі еркін ауысу әрі барщинаны оброкпен және ақшалай төлеммен
ауыстыру правосының сақталуында болды.
Феодалдану процесінің негізгі нәтижесі ХІ – ХІІІ ғасырдар ішінде
экономикалық және праволық қатынас жағынан феодалдарға тәуелді бір тұтас
шаруалар табының құралуы болды. Сөйтіп сербтердің, либертиндердің жағдайы
жеңілдеп еркін шаруалардың тәуелсіздігі күшейді. ХІІІ ғасырдың 40 –
жылдарынан бастап деректердің көбінде заттай рента басым орын алған
шаруалар міндеткерлерінің унификацияланғанын көрсетеді. Ескерткіштер,
сондай-ақ бұл кезде ақшалай рентаның да болғанын дәлелдейді. ХІІІ ғасырдың
соңына қарай қалыптасқанВенгрияда феодалдарға тәуелді бір тұтас шаруалар
табының өзіне тән ерекшелігі еркін өтудің оның барлық жіктеріне таралғаны
болды, бұрын онымен еркін шаруалар ғана пайдаланып келген болатын.
Феодалдарға тәуелді шаруалардың бүкіл бұқарасының бұл правоны іс жүзінде
жүзеге асыру ХІІІ ғасырдың екінші жартысындағы шаруалардың таптық күресінің
күшеюі нәтижесінде болды. Шаруалардың қарсылық көрсетуі негізінен жаппай
қашу, қоныс аудару қозғалысы түрінде көрінді, онымен күресу әлсіз корольдік
орталық үкімет пен бытыраңқа феодалдарға қиынға түсті.
ХІІІ ғасырдың басына қарай феодалдардың билеуші табы қалыптасып болды.
Оны қалыптастыруға венгрлік ірі жер иелерімен қатар венгрлер біртіндеп
ассимиляцияланған славян ақсүйектері, сондай-ақ, бір жағынан, ХІ ғасырдан
бастап Венгрияның территориясына ішкерілей енген және жергілікті
феодалдармен тез бірігіп кеткен неміс рыцарлары да қатысты.
ХІІІ – ХІV ғасырлардағы Венгриядағы феодалдық бытыраңқылық.
ХІІІ ғасырдың ортасына қарай Венгрияда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу
Осман - түрік мәдениеті
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Орхон – енисей жазба ескерткіштері туралы ақпарат
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Франктер
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде
Авар қағанатының тарихы
Орта ғасырдағы Италияның өнері
Пәндер