Алматы облысы М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде «Тұрақты ток машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі» тақырыбына оқыту әдістемесін жасау


Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндетті нәтижелі жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен іскерлігін талап етеді. Сол себепті педагог сапалы білім беру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, формаларын, жаңа технологияларды тиімді қолдана білуі керек [1] .
Оқытудың жаңа педагогикалық технлогиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін - өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымын ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардыі кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады [2] .
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың маңызы зор.
Сондықтан да мен өзімнің дипломдық жұмысымның әдістемесін ойын технологиясы бойынша жүргізуді таңдап алдым. Себебі ойын техногиясымен сабақ жүргізу өте жеңіл әрі өте қызықты болады. Оқуда ойынды пайдалану үшін де ең алдымен жүргізілетін ойынның мақсаты, міндеті, сабақ тақырыбына, жеке тұлғаның жас ерекшелігіне сай болу керек. Ойынның өзінің ережесі, белгіленген межеден аспауы тиіс және қызықты әрі мағыналы болу керек.
Ойын жеке тұлғаны ұйымдастырушылыққа, жауапкршілікке, әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретсе, педагог ойын жүргізу арқылы оқушыларымен белсенді қарым-қатынас жасайды, мінез-құлық ерекшеліктерін жақсы меңгереді. Ойынды жүргізуде қосымша материалдар мен компьютерлік технологияны тиімді пайдаланау жақсы нәтиженің көрсеткіші болып табылады. Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р. М. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Әлемдік педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетнің негізін К. Д. Ушинский, П. П:Блонский, С. Л. Рубенштейн, Д. Б. Эльконин салды. Қазақстандық ғалымдар Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдік К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, К. Бюлер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.
Ойын - адамның қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді. Бір- бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір- бірін үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді [3] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ойын технологиясын қолдана отырып, студенттер қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Міндеттері:
- электр машиналары пәнін ойын технологиясы арқылы оқытудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- электр машиналары пәнін ойын технологиясы арқылы оқытуға арналған оқу материалдарының мазмұнын айқындау;
- өз бетінше жұмыс істеу арқылы электр машиналары пәні бойынша білімдерін, іскерліктері және дағдыларын дамыту;
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - колледжде электр машиналары пәнін ойын технологиясымен оқыту үдерісі.
Дипломдық жұмыстың пәні - колледжде электр машиналары пәнін ойын технологиясымен оқыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы : егер, колледжде электр машиналары пәні ойын технологиясы арқылы тиімді ұйымдастырылса, студенттердің ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Сұрақтардың жауабын жылдам табуға, басқа студенттермен бірлесе отырып тапсырма орындау арқылы ұйымшылдыққа үйренеді.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде таным теориясы, іс-әрекет теориясы, психология ғылымдарының жетістіктері негізге алынады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- электр машиналары пәнін ойын технологиясы бойынша оқытуға арналған оқу материалдарының мазмұны айқындалды;
- колледж оқушыларына электр машиналары пәнін ойын технологиясы арқылы меңгерте отырып, оқытудың тиімді әдістемесі ұсынылды;
-«анықтаманы жатқа айту» ойыны арқылы студенттер анықтамаларды жақсы есте сақтаса, «баяндама» ойыны арқылы ойларын тиянақтап жеткізуге үйренеді;
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы : Дипломдық жұмыстың нәтижелері кәсіптік лицейде, колледжде арнайы пәндер бойынша білім сапасын арттыруға, оқушылардың өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды жылдам орындауға, есептерді нақты әрі дұрыс орындауға көмектеседі.
1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1. 1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің тарихы, материалдық-техникалық базасы
2013 жылдың 28 қазан айында Мәсімхан Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің құрылғанына 95 жыл толғалы отыр. Оқу орны Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылы 12 қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылық мектебі негізінде Жетісу ауылшаруашылық училищесі болып құрылған. 1936 жылдан бастап Талғар ауылшаруашылық техникумы болып аталынды. 1997 жылы 3 қарашадағы Қазакстан Республикасы Өкіметінің №1485 Үкімімен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне Мәсімхан Бейсебаевтың есімі берілді. Колледж тарихы өте бай және қызықты. Бұл тарихтың ішіне Ұлы Отан соғысы жылдарының беттері де жазылған. Атап айтсақ, сұрапыл 1942 жылы осы техникум қабырғасында Бауыржан Момышұлы соғысқан 8- гвардиялық Панфилов двизиясының 1073 Талғар полкы жасақталған. 1942 жылы Бауыржан Момышұлы басқарған полк Мәскеуге 31 шақырым қалғанда, неміс басқыншыларын талқандап, кері қайтарғандардың алғашқылары болған. Соғыстың соңына қарай Бауыржан Момышұлы Гвардия дивизиясын басқарды. Осы дивизия құрамында біздің түлектеріміздің бірі техникум директоры А. Н. Нүсіпбеков соғысқан . Ұлы Отан соғысы жылдары техникумнан 150-ден астам оқушылар және оқытушылар мен қызметкерлер арасынан 23 адам майданға аттанған. Бұлардың барлығы Ұлы Отан майдандарында ерлікпен соғысып тың және тыңайтқан жерлерді игеруге өз үлестерін қосты. Ірі мемлекеттік қызметтерге, ғылым саласына, ел басқару ісіне белсенді араласқан және алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өндіріс орындарында аянбай еңбек етіп жүрген колледжіміздің түлектерін әрқашан да мақтан тұтамыз. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлері:Мәсімхан Бейсебаев - Ұлы Отан Соғысының ардагері, 2 Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, Ұлы Отан соғысы және СССР - дің көптеген медальдарының иегері. 1933 - 1936 жылдары осы техникумның директоры. 1964 жылдан бастап, зейнетке шыққанға дейін Қазақ КСР - і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі еліміздің ең байырғы оқу орны ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енгізілді. Бір ғасырға жуық ғұмыры бар оқу орнының негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау, бірнеше мамандықтың тізгінін ұстаған, ата - анасының аялап, үмітін ақтайтын, еліміздің кетігіне жарайтын білімді де білікті азамат. 1 кестеде колледжде дайындалатын мамандықтар тізімі.
Кесте 1
Бүгінгі күндері колледж ұжымы келесі 11 мамандық бойынша мамандар даярлауда
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
9кл
11кл
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
9кл
11кл
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
Колледж қажетті материалдық - техникалық базаға ие, өз құрамына әр бір мамандық бойынша жұмыс оқу бағдарламаларымен және бағдарламаларымен қарастырылған көлемде сабақтар өткізуді қамтамасыз ететін қажетті жабдықтар мен, оқу - көрнекі құралдармен, саймандармен, оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандырылған 24 зертхананы, 14 кабинетті, сондай - ақ қазақ және ағылшын тілдерін оқытуға арналған 2 лингафондық сыныпты біріктіреді.
Келесі оқу жылына студенттер мен оқытушылар үшін стомотология кабинеті жабдықталуда Pentium компьютерлерімен жарақтандырылған 9 компьютерлік сынып бар. Колледжде барлығы 172 компьютер, оның 112-і жаһандық интернет желісінде жұмыс істеу мүмкіндігімен ортақ жергілікті компьютер желісіне қосылған.
2007-2008 оқу жылында колледж студенттері Астана қаласында кәсіптік оқыту бойынша «Интерактивтік технологияларды пайдалану» республикалық курстарынан оқудан өтті. Осы уақытта ҚР Білім және ғылым министірлігінің қаржылық қолдауымен колледжге ағылшындық promertean фирмасының 10 Activboard интерактивтік тақтасы орнатылды. Колледждің барлық студенттері Activstudio-да жұмыс істеуге оқудан өтті. Жаңа жабдықтарды пайдаланумен тәжірибелік сабақтар, ашық сабақтар, шебер сыныптар тұрақты түрде өткізіледі. Колледж базасында бұдан басқа интерактивтік тақтада жұмыс істеу және интерактивтік технологияларды пайдалану бойынша Алматы облысы оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушыларына арналған курстар өткізіледі.
Компьютерлік материалдарды көрсету үшін электрондық бейнепроектор пайдаланылады. Әдістемелік жұмыс үрдісінде әр түрлі бейнематериалдарды жасау кезінде көп салалы сандық фотоаппараттар пайдаланылады.
Биылғы оқу жылында «E-leаrning» электрондық оқу жүйесіне көшу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Колледжге Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі тарапынан 31 ноутбук, бір интерактивті мультимедиалық оқыту классы, тасымалданатын екі мультимедиялық оқыту құралдары, 53 дербес компьютер бөлінді. Колледж сымсыз «Wi-Fi» интернет желіге қосылған. Колледж тарапынан екі интерактивті мультимедиялық тақта және заманауи технологиялармен жабдықталған «Мультимедиялық мінбе» алынды.
Материалдық - техникалық база Алматы облыстық Білім басқармасынан негізгі құралдарды берумен толықтырылды (1 компьютерлік сынып, 3 «Беларусь» тракторы, 1 «ПАЗ» автомобилі және «Жигули» автомобилі) .
Үйірме жұмыстарына арналған қосалқы үй- жайларымен 360 орындықты клуб бар. Колледждің материалдық- техникалық базасы күннен күнге толықтырылуда. Атап айтар болсақ,
-мәдениет үйінің сахнасына 5х3, 75 көлемдегі жобалық тақта қойылып, жаңа үлгідегі микрофондар орнатылды.
-мәжіліс кезінде қойылатын арнайы столдар мен креслолар алынды;
-жаңа оқу жылымен енген ерекше жаңалық- үзіліс кезінде сабаққа берілетін қоңырау үні, қазақ халқының халық күйлеріне ауыстырылды;
-колледж кітапханасы жаңа жиһаздармен (орындықтар, жазу столдары, компьютерге арналған столдар, кітап көрмесіне арналған, газет - журналдарға арналған сөрелер алынып) жаңаланды және 1 миллион теңгеге жаңа оқулықтарға тапсырыстар берілді;
Интерактивті тақта орнатылған 12 дәрісханаға бейне қабылдау құралдары орнатылды.
«Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» цехтары. Зертханалық-тәжірибелік сабақтарды колледж зертханалары және оқу-тәжірибе шаруашылығының коллекциялық - тәжірибелік алқаптары жағдайында оқытушылар өткізеді.
Оқу, технологиялық тәжірибелер колледждің оқу шаруашылығында және шарттың негізінде, аудан мен облыстық фермерлік шаруашылқтарында және басқа аграрлық құрылымдарда өткізіледі.
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» «Электрмен қамтамасыз ету» «Жерге орналастыру» « Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша зертханалық кабинеттері бойынша жаңа заманауи техникалармен приборлармен қамтамасыз етіліп сабақ өтілуде. 2 кестеде клледждің кадрлар құрамы.
Кесте 2
М. Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінің кадрлар құрамы
2012 жылдың 13-14 сәуір аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен өткізілген семинарда техникалық және кәсіптік мекемелер арасынан 8 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оның ішінде Талғар агробизнес және менеджмент колледжі мен «Южный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы облысы бойынша дуалдық оқыту жүйені енгізуші білім беру ұйымдары ретінде белгіленді
Колледж кітапханасы 47887 данасының ішінде мемлекеттік тілде 10742 кітап қорына ие. Кабинеттер мен зертханалардағы бар жабдықтар негізінен үлгілік тізбеге сәйкес келеді. Осы заманғы өндіріс деңгейінің өзгеруіне байланысты оқу материалымен толықтыру және жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. 2 кестеде колледждің кадрлар құрамы және 3 кестеде Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базалық көрсеткіштері көрсетілген.
1. 2 Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауын негіздеу
Тұрақты тоқ машинелері өзара қайтымды электрлі техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ генератор немесе қозғалтқыш ретінде істей алады. Тұрақты тоқ генераторлары, әдетте шағын қуатты электр энергиясының желілік көзі ретінде, мысалы: синхронды генераторлардың қоздыру орамаларын қоректендіруге қолданылады. Генератор құрылысында электр энергиясын алатын щеткалы-түйіспелі құрылғының болуы оның, қуаты мен кернеуінің шамаларына шектеу қояды. Сондықтан электр энергиясын өнеркәсіптік өндіру синхронды генераторлар арқылы атқарылады. Олардың қуаттылығын теория жүзінде шексіз етіп жасауға болады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары, негізінде айналу жылдамдығын кең ауқымда ақырындап реттеу мүмкіндігі болғандықтан, біртіндеп өзгертуді қамтамасыз ететін электр жетектерінде, сондай-ақ арнайы құрылыстағы есептеу және басқару машинелеріне қолданатын шағын жүргізгіштер ретінде қолданады. Ауылшаруашылығы өндірісінде тұрақты тоқ машинелері іс жүзінде қолданылмайды десе де болады. Сырғымалы щеткелі түйіспелі тетіктері ауылшаруашылығының ылғалды және шаңды орталарда (сиыр, шошқа, тауық) және т. б. орындарда олардың қарқынды қажалуына соқтырады. Мұндай жағдайларда тұрақты тоқ қозғалтқыштары трамвайларда және басқа да көлік түрлерінде де кең қолданыс тапты, олардың айналу жылдамдығын бояу, үнемді, кең ауқымда реттеу мен орнынан қозғалу кезінде жұмысқа қосу моменттерінің жоғарылығы, оларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының жүргізу моменті кішкене айналым жиілігін реттеу шегі мейілінше аз асинхронды қозғалтқыштарға қарағанда, зор артықшылығы олардың реттелетін электр жетекте теңдесі жоқ етеді.
Тұрақты ток машиналарының негізгі кемшілігі - түйіскі рөлін атқаратын түкше мен коллектордың тез істен шығатындығы және онда электр ұшқынының пайда болатындығы. Электр ұшқынының әсерінен коллектор тіліктері қатты қызады, жаныпта кетуі мүмкін, үстері бұдырланып түкшемен арадағы түйіс нашарлайды және мұндай машиналарда жарылу қаупі бар жерлерде қолдануға болмайды. Мұнымен қатар, тұрақты ток машиналары қуаты осындай айнымалы ток машиналарына қарағанда қымбатырақ.
Тұрақты және айнымалы ток машиналарына тән бір қасиет - олардың қайтымдылығы, яғни бір электр машинасының генератор және қозғалтқыш әлпінде жұмыс істей алатындығы. Әрине, бір жұмыс әлпінде бейімдеп арнайы жасалған машинаның сипаттамалары басқа әлпіндегі сипттамаларынан жақсырақ болатындықтан электр машиналарын жасайтын кәсіпорындары оларды генератор немесе қозғалтқыш етіп қана шығарады.
Тұрақты тоқ қозғалтқыштары. Электр қозғалтқыштарының қоздырғыштары, жалпы алғанда, сол генераторлардың қоздырғыш жүйесі сияқты. Қозғалтқыштардың ең көп тарағандары да параллель, тізбектей және аралас қоздырғыштары барлар. Қозғалтқыштардың барлық түрлерінің де жұмыс тәртібін талдағанда, электрлік тепе-теңдік теңдеулеріне жылдамдық және механикалық сипаттамаларына сүйенеді.
Тұрақты тоқ генераторы. Өркениеттің қазіргі дамыған кезеңінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синусойдалы ЭҚКі бар электрмеханикалық генераторлармен өндіріледі. Өндіріс жағдайына байланысты тұрақты тоқ қажеттілігі туындағанда оны айнымалы тоқты тұрақты тоққа (түзеткіш) айналдыру арқылы алады. Тұрақты тоқ генераторы алғашқы тоқ көзі ретінде, негізінде жеке қондырғыларда (электрмен пісіру кезінде синхронды машинелердің қоздырғышы ретінде және т. б. ) қолданылады.
2 Технологиялық бөлім
2. 1 Тұрақты ток машинасының қазіргі таңдағы қолданылу жағдайы
Тұрақты ток машиналары қуаты онымен бірдей айнымалы ток машиналарына қарағанда үлкен жүргізіп жіберу моментін тудырады және олардың айналу жиілігін қарапайым тетіктермен біртіндеп реттеуге болады. Міне осы артықшылықтарының арқасында тұрақты ток машиналары өндірістің әртүрлі салаларында қолданылып келеді. Тұрақты ток машиналары генераторлар және қозғалтқыштар болып бөлінеді. Генераторлар механикалық энерия жұмсап электр энергиясы, ал қозғалтқыштарда электр энергиясын пайдаланып механикалық энергия алынады.
Тұрақты ток машиналары металл сығымдау тұрақтарында, автомобиль, ұшақ, троллейбус, трамвай, электрлік локомотивтердің электр қондырғыларында (генераторлар және қозғалтқыштар ретінде), пісіру жұмыстарында (генераторлар) қолданылады. Бұдан басқа тұрақты ток машиналары автоматты басқару құрылғыларында және әртүрлі механизмдердің айналу жиіліктерін өлшеуде қолданылады.
Тұрақты ток машиналарының кернеулері мен қуаты әртүрлі болып келеді, мысалы, автомобиль генераторларының кернеуі 12В-те қуаты 500 . . . 800Вт, трамвай және траллейбустарда электрлік қозғалтқыштардың кернеуі 550В те қуаты 45кВт-қа дейін, электрлік локоматив қозғалтқыштарының кернеуі 3кВ те қуаты 450 . . . 550кВт.
Өндірісте көп тараған тұрақты ток машиналарының бірі П сериалы қозғалтқыштар. Олардың кернеуі 110, 220 және 440В, айналу жиіліктері 1000, 1500 және 300айн/мин, қуаты 200кВт-қа дейін барады.
Тұрақты ток машиналарының негізгі кемшілігі - түйіскі рөлін атқаратын түкше мен коллектордың тез істен шығатындығы және онда электр ұшқынының пайда болатындығы. Электр ұшқынының әсерінен коллектор тіліктері қатты қызады, жаныпта кетуі мүмкін, үстері бұдырланып түкшемен арадағы түйіс нашарлайды және мұндай машиналарда жарылу қаупі бар жерлерде қолдануға болмайды. Мұнымен қатар, тұрақты ток машиналары қуаты осындай айнымалы ток машиналарына қарағанда қымбатырақ.
Тұрақты және айнымалы ток машиналарына тән бір қасиет - олардың қайтымдылығы, яғни бір электр машинасының генератор және қозғалтқыш әлпінде жұмыс істей алатындығы. Әрине, бір жұмыс әлпінде бейімдеп арнайы жасалған машинаның сипаттамалары басқа әлпіндегі сипттамаларынан жақсырақ болатындықтан электр машиналарын жасайтын кәсіпорындары оларды генератор немесе қозғалтқыш етіп қана шығарады.
Тұрақты ток машиналарының құжаттық қалақшаларында машинаның аты, түрі, номинал қуаты Р н , номинал кернеуі U н , номинал тогы I н , номинал айналу жиілігі n н , қоздыру түрі, қоздыру кернеуі U к , оқшаулық сыныбы, жұмыс әлпі, салмағы, т. б. негізгі деректері беріледі [4] .
2. 2 Тұрақты ток машинасының құрылысы және жұмыс істеу принципі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz