Дамыта оқыту технологиясы



Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Деңгейлеп саралап оқыту дегеніміз не?
Ә. Дамыта оқытудың тиімділігі.
Б. Технология дегеніміз не?
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қозыбай А.Қ., Жексенбиева Н.Ж.
Интернет сайттары: referat.kz, google.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Деңгейлеп саралап оқыту дегеніміз не?
Ә. Дамыта оқытудың тиімділігі.
Б. Технология дегеніміз не?
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі
деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда
Ұлы дидактикасында айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей
ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен
В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес
қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Негізгі бөлім
А. Деңгейлеп саралап оқыту дегеніміз не?
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік,
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып
оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І
деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім
стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған
оқушы 3 деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға
міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы
тұрғыдан алғанда үлгерімі төмен, баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе
алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай
жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік
білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын
ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда
жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне
анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік
береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп
оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды
дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі
субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін
ұйымдастыру.
Тақырып – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-
тәсілдері.
Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты
нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.Бастауыш
сыныптарда жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді.
Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне,
мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
бағалауға үйретеді.
Зерттеудің объектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші,
ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі оқушының оқу-
танымдық іс-әрекеті.
Зерттеудің бұйымы – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының
оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны).
Зерттеудің мақсаты – баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-
саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.
Зерттеудің тапсырмалары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне
көз жеткізу.
Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға
және оны дамытуға ықпалын анықтау
- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Зерттеу болжамы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие
процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен
қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше
аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы
азаяды).
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар
жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу
әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың
жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және
жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Қорғалатын жағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын
пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Жаңашылдығы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3
деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты
мақсаты – сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді
болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді
ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді
жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз
көтеруді қажет етеді.
Б. Дамыта оқытудың тиімділігі
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем
шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі. (11.141)
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми
жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі
аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұндағы басымдылық
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
Дамыта оқыту әдістері
Оқытудың жаңа технологиясы
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Пәндер