Қазынашылық ақпараттық жүйелері


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазынашылық ақпараттық жүйелері»
Орындаған: Ф-21-к топ студенті
Ермекбаев Т. В.
Тексерген: Сатымбекова С. Б.
Қарағанды - 2014
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама5
1. 1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы . . . 5
1. 2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары . . . 7
ΙΙ ТАРАУ. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау9
2. 1. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы9
2. 2. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы. ……. . 9
2. 3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы. . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 15
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасындағы жақсы дамып келе жатқан экономика секторларының бірі - банк саласы. Дағдарысты және инфляциялық процестерді жеңумен байланысты қазіргі Қазақстанның экономикасының проблемалары, банк жүйесінің одан әрі дамуы мен жетілдіруінде орасан зор практикалық мәні бар. Сонымен қатар соңғының дамуы банктің нарыққа шығуын либеризациялау, несие операцияларын жүргізу, банк қызметін талдау, тәукелді басқару және тағы басқа да бағыттарды қамтиды.
Қазіргі заманғы банк жүйесі - бұл клиенттерге көрсетілетін дәстүрлі және дәстүрлі емес әртүрлі қызметтер саласы. Қазақстан нарықтық экономикаға өтуінен кейін, екінші деңгейдегі банктердің салыққа көрсететін жаңа қызметтерінің бірі несие операцияларын жүргізу болып табылады.
Ақшалай қаражаттар нарығын, әсіресе, несиелік қаржыларын реттеу мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу процесіндегі маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елдің экономикасында қандай ақша массасы айналыста екендігінен, көптеген экономикалық көрсеткіштер байланысты болады.
Мемлекеттік қазынадағы несие резервтерінің болуы елге сәйкесінше халықаралық экономикалық саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Несие процестерінің қалай қалыптасқанына байланысты, өзінің тауарларын дүние жүзінің нарығына шығарушы көптеген кәсіпорындар экспортшылар түсімділігіне тәуелді. Сондықтан мемлекет үшін маңызды міндеттерінің бірі елдің несие қаражаттары нарығын реттеу болып табылады. Яғни осының барлығы мемлекеттік бюджеттің көлеміне байланысты.
І ТАРАУ. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1. 1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Қазақстан Халық Банкі - 80 жылдан астам уақыт өзінің клиеттерінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттің ең ірі қаржылық институттарының бірі, бүкіл ұлттық көлемдегі филиалдар жүйесін меңгерген, оның негізі - бірқалыптылық және тұрақтылық.
Соңғы жылдары елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, ішкі экономикалық қызметтерге деген қызығушылықты тудырып отыр. Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның түрлеріне, сонымен қатар қаржылық-несиелік тіреуіштер.
1994 жылдың басында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде Басты Қазынашылық Басқару құрылды.
Қазынашылықтың құрылуымен қаржы жүйесінің нормативті және құқықтық базалар, жаңа механизмнің құрылуы және кассалық бюджеттің атқарылуы туралы жұмыстар жеңілденді.
Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарының және қаржы құралдарының қорлары болып мемлекеттік бюджет табылады. Ол Қазақстан Республикасының республикалық бюджетін және жергілікті бюджеттерді-облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен республикалық бюджет заң болып саналады. Барлық мемлекеттік бюджеттердің кірістері қазынашылықта жинақталады және барлық мемлекеттік бюджеттен кеткен шығыстар қазынашылықтың қарамағында жүріп отырады.
Қазынашылық комитеті республикалық мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы - Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының үкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулы және жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкімімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің жарлықтарымен, Қазынашылық комитетінің деңгейі туралы және қаржы процедурасының ережесімен барлық бюджет жүйесінің бөлімдері қызмет жасайды.
1996 жылы шығындарды қаржыландыру және республикалық бюджеттің орындалуы екі параллельді сыныптама бойынша жүрді.
1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Ұлттық банкінде Біріктірілген Қазынашылық Шот ашылды. Оған мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасы облыс қазынашылығын басқару кезіндегі кассалық кірістері мен шығыстары аударылады және жазылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазынашылық Департаментіне Біріктірілген Қазынашылық Шотына электронды тапсырыс бойынша түбіртек шот береді. Берілген құжат Қазынашылық Департаментінің Мәліметтер базасына автоматты түрде жазылады. Мемлекеттік бюджеттің деңгейін берілген құжатты өңдеуден өткізіп шығарады, содан кейін оны Үкімет басына және Қаржы Министрлігіне жібереді.
Қазынашылық өзінің қарамағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативті-құқықты актілермен басқарады.
Қазынашылық - мемлекеттің бекіткен ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға. Қазынашылықтың мемлекеттік тілде жазылған мөрі және штампы бар, бланктің үлгісі, сондай-ақ заңмен сәйкес келетін банкте шоттары бар. Қазынашылық өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.
Қазынашылықтың толық аты - «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің белгілеуі бойынша Қазынашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі босатқан Төраға басқарады.
Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамындағы қазынашылық Комитетінен және әр территория бойынша бөлінген облыстардан тұрады. Қазынашылық Комитетінің басқару құрамындағылар:
- республикалық бюджеттің орындалуы;
- республикалық бюджеттегі бухгалтерлік есеп және есеп беру;
- банктегі операциялардағы бухгалтерлік есеп және есеп беруі;
- мемлекеттік қарыздардың нақтылығы;
- несиелендіру;
- ақпараттандыру;
- бюджеттің кассалық орындалуын бақылау;
- бюджеттік есептің әдістемесі;
- технологиялық операциялар және есеп саясаты.
1. 2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтері, операциялары және құқықтары
- Ұйымның және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын бақылауды жақсарту;
- Қазынашылықты мемлекеттік ақпараттық жүйемен қызмет етуін қамтамасыздандыру;
- Жергілікті бюджеттердің республикалық құралдармен бақылауды қамтамасыздандыру;
- Республикалық бюджеттің шығыстарын іске асыру;
Қазынашылық заңды түрде мынадай негiзгi қызметтердi атқарады:
- Мемлекеттік бюджеттің орындалуына қызмет жасау;
- Қаржы жылында республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
- Республикалық бюджеттің ағынының нақтылығын болжау;
- Мемлекеттік салықтардың және республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы төлеулердің бөлінуін қамтамасыз ету;
- Оперативті, айлық, кварталды және жылдық республикалық бюджеттердің орындалуына есеп беруді дайындау;
- Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау;
- Мемлекеттік қарыздарды басқару;
- Қаржылық активтерді басқару;
- Бюджеттерді кірістер бойынша орындау;
- Бюджеттерді шығыстар бойынша орындау;
- Бухгалтерлік есеп;
- Аудит және ішкі бақылау;
- ҚР үкiметiнiң мемлекеттiк қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердiң, еншiлес банктердiң ашылуына және филиалдары мен өкiлеттiлiктiң ашылуына, сол сияқты банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат бередi;
- Банктердiң қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгiлейдi;
- ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендiру) пайыз мөлшерлемесiн реттеудi жүзеге асырады.
Қазынашылық мынадай операцияларды жүргiзедi:
- Бiрiншi кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзiмiндегi мiндеттемелердi қайта есепке алады;
- Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Депозиттiк сертификаттармен қайтару мерзiмi бiр жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Бюджеттің кірісін бақылайды.
- Депозиттiк және есеп-айырысу операцияларын жүргiзе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- Қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- Қажет кезiнде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- Чектердi жазып, векселъдердi бередi;
- Жарғыға қайшы келмейтiн өз мiндеттемелерiне сай келетiн басқа да банктiк операцияларды жүзеге асырады;
ΙΙ тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
2. 1. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
Ақпараттық жүйе - бұл экономикалық объекттi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және беру жүйесi.
Барлық ақпараттық жүйелер құрайтын элементтерiнiң рөлi бойынша екi бөлiмнен тұрады: функционалдық және қамтамасыз ететiн.
Функционалдық жүйе - бұл ақпараттық жүйенiң белгiлi бiр функциялармен шектелген бөлiмi. Өз кезегiнде әрбiр функционалдық жүйе есептер кешендерi мен есептерге жiктелуi мүмкiн.
Тапсырмалар кешенi - бұл анықталған белгiлерi бойынша топтастырылған тапсырмалар жиынтығы. Ақпараттық жүйенiң тапсырмалар құрамы келесiдей факторлармен анықталады:
- басқарудың сол бiр немесе басқа функциясының маңызыы;
- басқару процедураларын құру мүмкiндiгi;
- басқару персоналының компътерлердi пайдалану деңгейi;
- ақпараттық база мен техникалық құралдардың болуымен.
2. 2. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы ақпараттық жүйенi құру мен оның қызмет етуiндегi негiзгi әдiстемелiк қатынастарды көрсетедi. Концептуалды схема ақпараттық жүйенiң құрылымы мен оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң өзара байланысын графиктiк түрде кескiндейдi.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң жобалық құжаттарын дайындауда жүйенiң әртүрлi элементтерiнiң графиктiк интерпретациясы маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық модельдерде, блок-схемалық алгоритмдерде, деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiнде, құжат айналысында, ақпараттық ағындарда және т. б. Бiртұтас ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы жалпы жүйенi құрудағы әдiстемелiк аспектiлердi кескiндейдi және негiзгi құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң пәндiк облысын анықтайды. Сонымен бiрге, функционалды бағыныңқы жүйе рөлiн локальдi есептеуiш желiлерi (ЛЕЖ) және локальдi немесе желiлi автоматтандырылған жұмыс орындары атқаруы мүмкiн.
Кез келген ақпараттық жүйе екi бөлiмнен тұратын жүйе ретiнде қарастырылады: қамтамасыз ететiн және ұйымдастырушы.
Схеманың қызмет ететiн бөлiмi ақпаратты өңдеу мен жылжу деңгейлерi арасындағы ақпараттық және технологиялық байланысты график түрiнде көрсетедi.
Ақпараттық жүйенiң қамтамасыз ететiн бөлiмi келесiдей элементтерден тұрады: компъютерлiк техникалық құралдар, программалық жабдықтау және ақпараттық жабдықтау.
Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы 1-суретте көрсетiлген.
1-сурет. Концептуалды схема
Жүйе
2. 3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
Тапсырмалар кешенi Бюджет кірісінің тапсырмасы бойынша деректердi өңдеуге арналған және келесiдей функцияларды атқарады:
- анықтама жүргiзу;
- дерек
- тердi енгiзу, өңдеу және түзету;
- деректердi жинау және шығарылатын ведомостердi алу, деректердi балансқа дайындау.
Тапсырмалар кешенiнiң маңызы қажеттi нәтижелi ақпараттарды - есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулардың анализiн жасауға мүмкiндiк беретiн кіріс формаларын алу мен сәйкесiнше тиiстi шешiм қабылдауда.
Тапсырманың мақсаты - дұрыс, жедел мәлiметтер алу, сонымен қатар, кiретiн және шығатын сомалардың сәйкестiгi.
Тапсырмалар кешенi бюджетте есеп жүргiзу үшiн орындалады.
Берiлген тапсырма ақпараттық жүйе құрылымының бiр бөлiгi болып табылады және басқа да тапсырмалармен өте жақын байланыста болады.
Берiлген тапсырманы орындаудың жиiлiгi мен ұзақтығы уақыт пен бюджет кірістеріне өтiнiштердiң түсу жиiлiгiне байланысты.
Берiлген тапсырмалар кешенiн орындауды автоматтандыру тапсырманы орындау мерзiмiн қысқартуға, есептеулердiң қиындықтарын жеңiлдетуге, мәлiметтердiң дұрыстығы мен дәлдiгiн жоғарылатуға және есептеулердiң жеделдетiлуiне мүмкiндiк бередi.
Аналитикалық есеп бойынша құрама деректер жылына бiр берiлсе, синтетикалық есеп бойынша деректер ай сайын берiледi. Кез келген датаға жедел ақпараттардың алынуы қарастырылған.
Тапсырманың шешiмi болып балансты жасауда және тапсырманы одан әрi жүргiзу мен бюджеттік кірістерді бақылауда қолданылатын мiндеттемелер табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz