Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 - ТАРАУ. АУДИТТІҢ ПОСТУЛАТТАРЫ, СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ НОРМАЛАРЫ 5
1. 1. Аудиттің мәні мен маңызы 5
1. 2. Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары 8
1. 3 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары 13
1. 4. Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы 16
2 - ТАРАУ. ХАС СӘЙКЕС АУДИТТІ ЖОСПАРЛАУ 21
2. 1. Аудиттық жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары 22
2. 2. Аудиттық жоспарлаудың сатысы 22
2. 3. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу 29
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ 33
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «ХАС - қа сәйкес аудитті жоспарлау» болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын бастауға болады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Бұл процесс белгіленген жолмен тексеруді талап етеді, сондай-ақ, стратегияда болып табылатын, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала отырып, қаржылық есептілік туралы ой - пікірін жазуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық серіктестік фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және басқа да факторлар. Стратегиялық тексеріс шараларының көлемі мен уақыты бөліп тарату әдісі көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек шараларының арасындағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті бағалаудың негізі болып табылады.
Аудиттің 300 халықаралық стандартының «жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады.
Жоспарлау - аудит жүргізуді мейлінше парасатты атқаруға мүмкіндік беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті төмендетеьін маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау - аудиторлық іс-шаралар тізімінің жай ғана механикалық құрастырылымы емес, кез келген тексеріс жүргізу шараларында қайталынып келіп отырады. Әрбір клиент жеке жоспарлау кезінде ескеру қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс жасаймын деп отырған ұйымның қызметімен танысудан бастау керек. Ол үшін оны ұйымдастыру құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған деген лицензиясы, есеп саясаты және т. б. Басқарушылар мен үйым мамандарымен ынтымақтасу кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін анықтау керек, клиент қызметінің ауқымын байқау үшін қажет. Тек қана қайта зерттеу нәтижесінде ұйымның алдағы уақыт жұмыстарының үлгілі көлемі мен еңбек сыйымдылығын анықтауға болады, сонымен қатар аудит ұзақтығын. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның қиыншылықтары мен ұзақтығынан аудит жүргізу құны анықталады.
Курстың жұмысымның негізгі мақсаты - ол аудиттің мәнін ашып көрсету, аудиттік жоспарлаудың негізгі мақсаты мен қағидаларын және жасалу жолдарын зерттеу болып табылады.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Аудиттің мәні мен маңызы, постулаттар, стандарттары, нормаларымен танысу
- Халықаралық аудит стандарттарын зерттеу
- Аудиттік жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары, жоспарлау сатысын анықтау
- Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеуді үйрену.
Менің курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады. Яғни оның бірінші бөлігі мәні, маңызы, постулаттары, нормалары мен стандарттарына жалпы сипаттама берілген. Ал екінші бөлімі аудитті жоспарлау бөлімі. Бұл жерде мен аудиттің жоспарлаудың мақсаты мен қағидаларына және әзірленуіне сипаттама бердім. Курстық жұмыста графикалық кестелер мен суреттер жоқ.
- ТАРАУ. АУДИТТІҢ ПОСТУЛАТТАРЫ, СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ НОРМАЛАРЫАудиттің мәні мен маңызы
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар) ;
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам) .
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
- Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
- Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліклілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықгы талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді тандамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.
- Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары
Дж. Робертсон "Постулат-бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту". Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса мањызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р. К. Маутц және Х. А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 1982 жылы америкалық ғылым Т. А. Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж. Робертсон, Р. К. Мауц пен Х. А. Шараф постулаттарын "экономикалық тиімділіктің максимасы" деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А. Белкаоуи, Р. Адамс, Я. В. Соколов, К. Ш. Дүйсембаев, М. С. Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды.
Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:
1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.
3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.
4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.
6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.
8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорциональды.
9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.
11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.
12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау (30, 34, 36, 39, 44, 47 жєне т. б. ) .
Осылайша, аудит саласын стандарттау жєне теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді, бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде «аудит» жөнінде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Біреулері өте қысқаша түрде анықтама берсе, басқалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.
Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «Аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит - бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар, аудиторлық ұйымдар жүзеге асырады.
Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорындар шаруашылық қызметінің заңлығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.
Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды.
Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар :
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
2. Ақпараттар
3. Аудиторлардың кәсіби мамандылығы
4. Материалдарды жинау және оларды бағалау
5. Стандарттар мен критериялар(белгілер)
Бірінші компонент - бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.
Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.
Үшінші компонент - бұл аудиті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.
Аудиттің алтыншы компоненті - аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі тереңде қарастыру мақсатымен үш түсініктеме:
Аудиторлық- кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.
Шаруашылық субъектісі кәсіпорының, оғанаудитор қорытындысы керек.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді.
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:
1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы
талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды
шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.
2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.
Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.
3. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.
Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.
4. Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау-информацияны пайдаланушылардың дұрыс шаруашылық щешімдерін қабылдау үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік-интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді, жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес, іске бүтіндей адал, әрі объектквті қарау. Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімте тәуелсіз емес.
5. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.
6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойыңдау - оның тәуелсіздігін мойындауға нетізделген. Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне ешнәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады.
7. Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық. Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионал аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін зерттеуін, кәсіпорынның бухталтерлік проблемалары жайлы кез-келген информацияны алуын күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін, зерттеуді бұзушылық бар екеніне (немесе жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практакасын білетіндігімен, дайындық тәжірибе мен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухталтерлік және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және үлттық стандарттар мен нормативтердің даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады.
Шеберлілік - қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті Аудитор болғысы келген талапкер шеберліліктің жоспарлау, аудиторлық тесттерді өңдеу және компыотермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz