Инфляция және оның экономикалық мәні


Кiрiспе
І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1. 1 Инфляцияның мәнi және түсiнiгi.
1. 2 Инфляцияның даму механизмi және түрлері.
1. 3 Инфляцияның факторы және оның себептері.
ІІ. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстан Республикасындағы инфляция.
2. 1 Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық салдарлары.
2. 2 Инфляцияға қарсы саясат.
2. 3 Қазақстан Республикасындағы инфляция, оның ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КIРIСПЕ
Жер бетінде ХХ ғасырдың екінші жартысында болмаған елдер дерлік жоқ. Инфляция бұрынғы нарықтық экономика дертінің орнына келгендей болды, бұл дерт әлсіздене бастады. Инфляция ақша айналымына тән болды: Ресейде - 1769 жылдан 1895 жылға дейін (1843-1853 жылдарды есептемегенде) ; АҚШ - тәуелсіздік үшін соғыстың кезеңінде 1775-1783 жж. және 1861-1865 жылдардағы Англияның азамат соғысы жылдарында және ХІХ ғасырдың басында Наполеонмен соғысында, 1789-1791 жылдардағы Франциядағы француз революциясы кезеңінде, әсіресе инфляция жоғары қарқынға Германиядағы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жетті. Бұл кезде 1923 жылды күзінде айналындағы ақша массасы 496 квинтиллион маркаға жетті, ал ақша бірлігі триллион рет қонсызданды.
Осы жоғарыда келтірілген тарихи мысалдар инфляцияның осы заманның баламасы болмағанын дәлелдейді, яғни ол бұрынғы кезде де орын алды.
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар болады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастар тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объктивтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгiленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құрала бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. «Айырбас құн тауарларды өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Ақша - қазiргi экономикалық өмiрiнде мемлекеттiк субъектiнiң басты феноменi болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдар осы мәселеге көп көңiл бөлген. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - сол мәселенi жан-жақтан қарастыру. Бiрiншiден, инфляцияның мәнi және түсiнiгi ашып көрсіетіледі. Инфляция - ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.
Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.
Қазіргі инфляцияға келесі тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: яғни егер бұрын инфляцияның жергілікті сипаты болса, ал қазір - жаппай, жалпы қамтылған; егер бұрын үлкен және кіші кезеңдерді қамтыған болса, яғни оның кезеңдік сипаты болса, онда қазір ол созылмалы; қазіргі инфляция тек ақшаның ғана емес, сонымен бірге ақша әсерінің ықпалында тұр.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Демек, қазіргі инфляция көптеген әсерлердің ықпалын бастан кешіреді. Осы курстық жұмыста көптеген сұрақтарға жауап алып, қазіргі инфляцияның және оған қарсы қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы білуге болады. Сондай-ақ Қазақстандық инфляцияның ерекшеліктері туралы, Ұлттық Банктің және үкіметтің инфляцияға қарсы саясатын көруге болады.
І. Инфляция және оның экономикалық мәні
Инфляцияның мәнi және түсiнiгi
«Инфляция» терминi (латынның inflatio сөзiнен шыққан - кебiну, iсiну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайдаболды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж. ) XIX қағаз долларының («гринбектердiң») қипасыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырды бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдибеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлi ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттiлiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен салыққа толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция - ақша жүйесiнiң дағдарысты жай-күйi.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепшi болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
Үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаны жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда ифляцияның тауар бағасының өсуiнде көрiнгенiмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтың шаруашылықтық түрлi күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканық қазiргi дамуының ең өткiр проблемаларының бiрi болып есептеледi.
Инфляциясының көрiну нысандары:
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуiне ұрындырады;
Ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының төмендеуi;
Ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәижесiндегi ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi - ұлттық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтын ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар. [1, 141]
1. 2 Инфляцияның даму механизмi
Инфляция - көп факторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесiнің өсуi арқылы және нақты активтерге карағанда ақша белгiлерiнiң құнсыздануы арқылы бейнеленеды. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруi мiндеттi түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуi болып табылады. Бағаның өсуiнiң бәсеңдеуi дезинфляция деп аталады.
ХХ ғ. 70-90-шы жылдарында бағаның өсуiнiң ерекшеелiгi, оның үзiлмей жүрiп отыруымен, жалпыламалығымен, бiр қалыпты еместiгiмен сипатталады.
Экономикалық әдебиетте инфляцияның мынадай түрлерi аталады:
1. Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң «тереңдiгiне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлерiне байланысты, инфляция айқын немесе басылған бүркемелi түрде жүрiп отыруы мүмкiн.
Инфляция процесiнiң айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуi, ұлттық валюта курсының төмендеуi арқылы көренедi.
Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреде және ол өнiм сапасының төмендеуi, ассортимент құрылымының көбеюi арқылы көрiнедi.
2. Зерттеу объектiсiне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдiк болып бөлiнедi. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектiсiн көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбiр елдердегi, елдер бiрлестiгiнiң дәрежесiндегi, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нiң дефляторы құрайды.
3. Iшкi және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететiн инфляциялың импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады. Елдiң валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуi, елге инфляцияны импорттайды.
4. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай түрлерi болады: жылына 10%-ке дейiн болса орташа, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда-секiрмелi, немесе, «латындық», 200% артқанда гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша - айына 50%-тен артық болса) .
5. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейiмделуiне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестiрiлген) және баланстандырылмаған (теңдестiрiлмеген) болып бөлiнедi. Бiрiншiде бағалар орташа және тұрақты өсiп отырады. Екiншiде тарлардың баЈасы секiрiп өседi және бұл мезгiлде жүрмейдi, ал экономика өзгермелi жағдайда бейiмделуге үлгере алмайды.
6. Мемлекеттiң инфляциялық процеске әсер ету қабiлетiне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтiн болып бөлiнедi. [4, 98]
Инфляцияның процессi
Ақша массасының өсуi ақша айналымының жылдамдығының жиынтық сұраныстың қисық сызығын, жиынтық ұсыныстың қисық сызығының бойымен, қысқа мерзiмде тепетеңдiктiң жаңа дәрежесiне жеткенше, жылжытады. өндiрiс көлемiнiң кеңеюi, сұраныстың бастапғы өсуiне сәйкес мультиплпикациялық эффектпен үйлесiмде жүредi. Сонымен бiрге, өсiп келе жатқан сұраныс бағаның жалпы дәрежесiн жоғарыға итередi. Белгiлi уақыт мерзiмi өткеннен кейiн, бағаның өскенiн барлық шаруашылық субъектер сезедi. Еңбектiң бағасы өседi, басқа ресурстардың құнының өсуi де өндiрiс шығындарын өсiредi. Нәтежисiнде жиынтық ұсыныстың қисық сызығы бағаның өсу шамасына солға қарай жоғары 2 жылжиды. Жиынтық сұраныстың сызығы осының алдындағы сұраныстың өсiмiнің шамасының көлемiнде тағы жоғары көтерiледi. Бұған кейiнгi кезендерде сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарының жылжулары болып тұрады: ұзақ мерзiмдiк кезеңде сұраныстың барлық өсiмi бағаның өсiмiмен өтелiп отырады, ал өндiрiс көлемi өзiнiң табиғи деңгейiне оралады.
Инфляциялық процестiң дамуының осындай түрi сұраныс түрткi болған инфляция деп аталады.
Осындай сұраныс инфляциясының дәрежесiн мынадай факторлар белгiлейдi:
экономикалық өсудiң орташа жылдық қарқыны;
еңбек нарығының болмысы және толық жұмыспен қамтылу дәрежесi;
жиынтық ұсыныс компоненттерiнiң динамикасы және өсiм қарқыны;
шаруашылық агенттерiнiң бағаның болашақта қалай өсетiнiң болжай алатын қабiлетi.
Экономикадағы инфляциялық импульстi жиынтық ұсыныстағы өзгерiстер тудыруы мүмкiн. Мұнда өндiрiстiң жалпы көлемi төмендейдi, ал баға өседi, ұзақ мерзiмдегi осы процестiң нәтижесi экономикадағы сұраныстың бастапқы өсуiндегiндей болады.
Осындай әдiспен инфляциялық процестiң жүруi шығындар тұрақты болған инффляция немесе шығындар инфляциясы деп аталады. Мұнда баға дәрежесi өндiрiс шығындарының нақты өсуi нәтижесiнде және ағымды шығындар өсуiн күту нәтижесiнде көтерiлеуi мүмкiн.
Шығындар қысқа мерзiмдi факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа мерзiмде өсуi) қызметi әсерiнiң нәтижесiнде ғана емес, ол ұзақ мерзiмдi факторларының қызметтерiнiң әсерiнiң нәтижесiнде өседi:
өндiрiстергi диспропорциялар мен жекеленген қолайсыз жағдайдардың болуы құрылымдық инфляция;
монополизацияны өсiру бағытындағы нарық құрылымын өзгерту;
ұсынысты бұзу немесе жою;
еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқынынан артық қарқынмен жалақының өсуi.
Жиi болатын жағдай-баса және жалақы өсе отырып бiр-бiрiн жалақы-баға инфляциялық спиральға тартады. Осының көрiнiсi-бағаның өсуiн талап өнiмнiң бағасын көтередi. Нәтижесiнде, жұмыскерлер номиналдық жалақының одан әрi өсуiн тiлейдi, бұл процесс оралып жүрiп отырады. Осындай спиральды жою оңайға түспейдi, өйткенi сұраныс өнемi өсiп отырады және экономикада жұмыспен толық қамтылу орын алып отыр.
Инфляцияның түрлерi
Әдетте, экономикада сұраныстың өсуi бағаның, жалақының, жұмыспен қамтудың, өндiрiстiң нақты өсуiне әкеледi. Осы процесс шығындар инфляциясы түрін алуы мүмкiн, ал шынында, шығындардың өсуi сұраныстың күштi ықпалы арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның бейнесi екi түрi де бiр мезгiлде жүрiп отырады және бiр-бiрiне әсер етуіде болады.
Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруi мынадай жағдайларға әкелiп соғады:
ұзақ мерзiмдiк аспектiде - өндiрiлген өнiмдердiң саны өндiрiс факторларының шығындарымен және қолданған технологиямен белгiленедi;
өндiрiстiң номиналдық көлемi және инфляцияның қарқыны ақшаның ұсынысымен белгiленедi. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында байланыс барын (көбiнесе асинхрондық) дәлелдейдi.
Қазiргi заманғы инфляция - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуiне байланысты өсуiне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесi.
Инфляция ашық және басынқы деп ажыратылады. Бiрiншiсi - бағаның өсуi, екiншiсi - тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейдi, бұл СССР-да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуiнде баға көтерiлмейдi бұл рынок шартына сәйкес және тепе-теңдiктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелi экономиканы тудырады.
Қажет тауарды iздеуде сатып алушы сатушыға қажетiнен көп төлеп, бұдан ақша өндiрiстi айналып өтiп, саудада шоғырланады. Сосын өндiрушiлерде тауар өндiруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейедi.
Ашық инфляцияны жiктеу үшiн бiрнеше белгi қажет:
Бағаның өсу қарқыны (баға индексi) .
Әр түрлi тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейiнiң алшақтауды.
Инфляцияның күтiлуi және алдын ала болжануы.
Бiрiншi белгi тұрғысынан баяу инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгередi, әдетте жылына 10%, Секiрмелi, мұнда бағаның өсуi жылына жүздеген процентпен өлшенедi; Гиперинфляция, мұнда бағаның өсуi 1000%-н жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.
Екiншi белгi тұрғысынан инфляцияның екi түрiн ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты өзгермейдi, ал тең емес инфляцияда -әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты үнемi өзгерiп тұрады.
Үшiншi белгiден күтiлетiн және күтiлейтiн инфляцияны бөледi. Күтiлу факторы инфляцияның салдарынан бiлiнедi. Егер фирмалар мен халық келесi жылы баға 5 есе өсетiнiн бiлсе, онда тиiмдi рынок жағдайында олар келесi жылы өздерiнiң тауар бағасын 5 есе көтередi және ешкiм күтiлетiн инфляциядан зардап шекпейдi. Ал күтiлмейтiн инфляция жағдайында бағаның 10%-ке өсуi экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екi түрге бөледi.
Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-тендiгi сұраныс бағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуiнде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуiне итермелейдi.
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндiрiс шығынының өсуiне байланысты, бағаның өсуi. Бұның салдары жалақының өсуiне және энергия мен шикiзатқа бағаны көтередi. [9, 64]
Шығынның өсу қайнар көздерi және экономика дисбалансының факторлары:
1. Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсiредi, бұл фирманың қызмет көрсетуiн жоғары бағамен төлейдi және несие-қаржылық механизм жолымен жүргiзiледi.
2. Кәсiподақтар. Олар жалақының өсуiн талап етедi, бұдан шығын да өседi, одан кейiн баға өседi, сосын - жалақы мөлшерiнiң жаңа өсiмi қайталанады. Нәтижесiнде «инфляциялық серiппе» пайда болады.
3. Iрi фирмалар. Олардың монополиялық жоғары баға қоюға мүмкiндiктерi бар және инфляциялық процеске мүмкiндiк туғызады. Әлемдiк экономикалық әдебиетте осы үш факторды инфляциның басты себептерi деп атайды. [2, 101]
1. 3. Инфляцияның факторлары және оның себептері.
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторын себептерiн айыра бiлу қажет. Iшкi факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары - бұл шаруашылық сәйкестiгнiң бұзылуы, экономиканың циклдың дамуы, өндiрiстi монополизациялануы, инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, Әлеуметтiк - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының дағдырысы - бюджет тапшылығы, мемлемкеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтежiсiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Дүние жүзiлiк құрылымдық дағдырыстар шикiзат, энергетика, валюта дағдырыстары, басқа елдерге инфляцияны эксопртқа шығаруға бағытталған мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығаруға инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көп факторлы процесс ретiндегi инфляция - бұл ақша айналысы занының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы алшақтықтың көрiнiсi.
Инфляцияның iс - әрекетiн қаржы проблемаларын байланыстырып отыру қажет, өйткенi инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелдi болып келедi:
. белгiлi бiр салық нысандары мен әдiстерiн қолдану;
. инфляциялық сипаттағы шаралары мемлекеттiк бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
. мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын жабудың әдiстерi;
. мемлекеттiк берешектiң көлемi.
Нарықтық экономика кезiнде қаржы инфляциялық процеске бiрқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етедi инфляциялық тенденцияларды күшейте түседi.
Бiрiншi фактор - мемлемкет шығыстарының өсуi, бұл ерекше төлей алушылық сұранымның артуын жеткiзедi, сөйтiп тiкелей баға белгiлеуге әсер етедi. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерiлуiне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюiне соқтырады, ал оның кiрiстерi, ең алдымен, салық түсiмдерi қажеттiлiктен артта қалып қояды. Бұл сөзсiз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екiншi фактор - табысқа, пайдаға салынатын салықтың көбеюi. Салықтың едәуiр бөлiгi баға механизмi арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегi бағаның көтерiлуiнiң басты себебi болады.
Үшiншi фактор - бюджеттердiң ұзақ уақытты тапшылықтары өндiрiстiк емес шығындарыдың неғұрлым өсуiмен байланысты.
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерiстерге ұшырады.
Бiрiншiден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсiмдерiн арттырудың қажеттiгiн тудырады.
Екiншiден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсiмдерiн арттырудың қажеттiгiн тудырады.
Үшiншiден, инфляциялық процесс мемлекеттiң берешегi проблемаларын шиеленiстiредi.
Сөйтiп, қаржы мен инфляция өзара тәуелдi болып келедi. Қаржы инфляциялық процесстердiң тездеткiшi бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етедi. [4, 156]
Ақшаның құнсыздануы
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерiлуi мемлекеттiң шынайы кiрiстерiн төмендетуге, бюджеттiң шығыстарын көбейтудің қажеттiгiне, салық ауыртпалығының күшеюiне, мемлекеттiк бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттiк борыштың өсуiне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттiң қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткенi салықтық кiрiстер мен қарыздар оларды есептегеннен кейiн уақыттың белгiлi бiр межелдемелерi арқылы түседi, сондықтан мемлекеттiң алу сәтiнде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттiк берешектiң проблемасы шиеленеседi, өйткенi қарыздарды тарту үшiн мемлекет өзiнiң бағалы қағаздарының табыстылығын несиелiк пайыз деңгейiнен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттiк борыштың атулы өсуiн тудырады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердiң бiр бағытты келеңсiз сипаты, бiрiн-бiрi өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегi келеңсiз нәтижелерге апарады.
Мәселен, инфляция бiрқатар әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардын құнсыздануы, ұзақ мерзiмдi инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуi, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуi, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т. т.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшiн бағалар индексiнiң көрсеткiшi пайдаланылады. Бағалар индексi тұтыну тауарлары мен қызметтердiң белгiлi бiр жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнiң бағасы арасындағы арақатынасты өлшейдi.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудiң тарифтерi өткен жылға қарағанда былайша өсiп отырды: 1990 - 1; 1992 - 2, 5; 1993 - 30, 6; 1994 - 22, 7; 1995 - 1, 60; 1996 - 1, 39; 1997 - 1, 17; 1998 - 1, 07; 1999 - 1, 18; 2000 - 1, 13.
Дүниежүзiлiк практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл iшiнде және одан көбiрек жағдайда айына 50 пайыз немесе аптасына 11, 5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсiрсе инфляцияға сәйкес келедi. Сөйтiп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 - 1995 жж. iшiнде айтарлықтай асып түстi.
Инфляциялық процестiң қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерiн мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
Бағалар өсуiнiң қарқыны бойынша:
Баяу - баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсiпкерлiк тәуекел болмайды;
Үршемелi - баға 100 пайыз шегiнде өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуiнiң теңгерiмдiлiк дәрежесi бойынша:
тендерстiрiлген және теңдестiрiлмеген инфляция; теңдестiрiлген инфляция кезiнде әр түрлi тауарлардың бағасы бiр-бiрiне қатысты өзгерусiз қалады, теңдесттiрiлмеген инфляция кезiнде - олардың бiр-бiрiне арақатысы өн бойы өзгерiп отырады, оның үстiне әр түрлi үйлесiмде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесiне қарай:
- күтiлген, болжамды және күтiлмеген;
- шығу немесе пайда болу орнына қарай;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz