«КазАБЭК» кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау



ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1.«КазАБЭК» ЖШС.ның шаруашылық қызметімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. « КазАБЭК » ЖШС.ның бухгалтерлік есебін құру негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. « КазАБЭК » кәсіпорынның қаржы шаруашылық
қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
2.1. Меншікті капиталдың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі, аудиті және талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Қорлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4. Ағымдағы активтердің алғашқы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5. Дебиторлық борыш есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.6. Еңбекақы, жалақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.7. Ақша қозғалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.8. Шығындар мен кірістер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.9. Қаржылық есептілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымша
КІРІСПЕ

Мен өндірістік тәжірибемді « КазАБЭК » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткіздім. Бұл практиканың мақсаты колледжде теориялық оқу кезінде алынған теориялық білімді бекіту, тереңдету, есеп-талдаушылық және аудиторлық жұмыста практикалық жаттығуларды алу болып табылады.
КІРІСПЕ

Мен өндірістік тәжірибемді « КазАБЭК » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткіздім. Бұл практиканың мақсаты колледжде теориялық оқу кезінде алынған теориялық білімді бекіту, тереңдету, есеп-талдаушылық және аудиторлық жұмыста практикалық жаттығуларды алу болып табылады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1.КазАБЭК ЖШС-ның шаруашылық қызметімен танысу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. КазАБЭК ЖШС-ның бухгалтерлік есебін құру
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. КазАБЭК кәсіпорынның қаржы шаруашылық
қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .8

II. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
2.1. Меншікті капиталдың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10
2.2. Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі, аудиті және
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Қорлар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . ... ..14
2.4. Ағымдағы активтердің алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5. Дебиторлық борыш
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.6. Еңбекақы, жалақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 19
2.7. Ақша
қозғалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .21
2.8. Шығындар мен кірістер
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
2
2.9. Қаржылық
есептілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қосымша

КІРІСПЕ

Мен өндірістік тәжірибемді КазАБЭК жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінде өткіздім. Бұл практиканың мақсаты колледжде теориялық оқу
кезінде алынған теориялық білімді бекіту, тереңдету, есеп-талдаушылық және
аудиторлық жұмыста практикалық жаттығуларды алу болып табылады.
Мұндағы негізгі мақсат – практика өтілетін кәсіпорынмен, оның
қызметінің түрімен, заңды-құқықтық, ұйымдық құрылымымен және басқарылуымен
танысу; ұйымның және бухгалтерияның кестесін, оның кәспорынның басқа
қызметтерімен өзара байланысын оқып, зерттеу; кәсіпорында қолданатын
бухгалтерлік есептің жүргізілу түрлерімен танысып, оларды тәжірибеде
қолдана білу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін келесідей міндеттерді орындау керек:
• кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, оның құрылымы, сала бағыты және
кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымының негізгі қызметімен
танысуға;
• кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, талдау, аудиттің
ұйымдастырылуын оқып білу. Оның ішінде: есеп саясатын, бухгалтерлік есеп
формаларын, есеп автоматизациясын, бастапқы құжаттар мен құжат
айналымын, аналитикалық есеп формаларын; қаржылық есептіліктің құрамы
мен мазмұнын; жүргізіліп отырған есеп беруді ұйымдастырудың қысқаша
сипаттамасын;
• тәжірибені міндетті түрде кәсіпорын бухгалтериясында немесе
экономикалық талдау және ішкі аудит бөлімдерінде келесідей бөлімшелерде
белгілі бір жұмыс орнын ала отырып өту қажет: материалдық құндылықтар,
негізгі фондтар, еңбек ақы есебі мен талдауы;
• бухгалтерлік операцияларға, аналитикалық көрсеткіштер
есебіне, инвентаризация жүргізу мен тексеруге байланысты құжаттарды
өңдеу мен қалыптастыруға қатысуға;
• кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін, бухгалтерлік есбін
ұйымдастыру сұрақтарын шешуге бағытталған жиналыстарға қатысуға
міндеттімін.
Қазіргі таңда қаржылық, басқару есебінің жүйесін қалыптастыратын
нақты, уақытылы берілген экономикалық ақпаратсыз шаруашылықты басқару, оны
жетілдіру үшін қандай да бір тиімді шешім қабылдау, ұйымдастыру мүмкін
емес.
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің
жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін, қолданады.
Қазіргі таңда елімізде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту мен
жетілдіру бойынша, бухгалтерлік есеп жөніндегі құқықтық актілерді дайындау
мен қабылдау бойынша, халықаралық есеп стандарттарына көшу бойынша көптеген
үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепте капиталдың айналым сатысы деп шаруашылықтың
өндіріс, жабдықтау және өткізу процесін айтады.
Бұл қызметтердің қаржылық нәтижесі барлық өндірістік ресурстар,
шаруашылық операциялар, өндірістік циклдің элементтері, капиталдың айналым
сатылары қаншалықты есепке алынуы, тіркелуі және өлшенуі бойынша
анықталады. Бұндай аса маңызды міндетті бухгалтерлік есеп орындайды.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету оның атқаратын
қызметін білікті экономикалық басқаруды талап етеді. Ал ол өз кезегінде оны
талдай білумен анықталады.
Талдаудың арқасында даму тенденциясы игеріледі, қызмет нәтижесінің
өзгеру факторлары терең әрі жүйелі зерттеледі, жоспарлар мен басқару
шешімдері негізделеді. Олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. өндірістің
тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижесі
бағаланады. Оны дамытудың экономикалық стратегиясы дайындалады.
Сондықтан, білікті бухгалтерлер, аудиторлар және экономикалық
саланың басқа да мамандары экономикалық зерттеу әдістерін жақсы білуі
керек.
Аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық
есептiлiк жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру
мақсатымен тексеру болып табылады.

I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ.

1. КазАБЭК ЖШС-ның шаруашылық қызметімен танысу.

КазАБЭК жауапкершілігі шектеулі серіктестгі ҚР Азаматтық кодексі,
Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңы, Жауапкершігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ҚР Заңдары негіздерінде
шектелмеген мерзімге құрылып және қызметкерлердің орта жылдық саны 50
адамнан аспайтын, әрі активтердің жалпы құны 60 мың еселік айлық есептеу
көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Серіктестік қызметінің мәні мен мақсаттары.
Серіктестік құру және оның қызметінің мақсаты алынатын табыс
негізінде өнімге, жұмыстарға, қызметтерге қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру және қатысушы мен кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік
және экономикалық мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік мынадай қызметтерді көрсетумен айналысады:
1. құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметтерді қоспағанда,
өрт-күзет дабылының құралдарын құрастыру, реттеу және техникалық
қызмет көрсету;
2. бейне қадағалау жүйелерін, кіруді бақылау жүйелерін, аумақ
периметрін күзету жүйелерін орнату;
3. жүк тасымалдау қызметтері;
4. құрылыс және жөндеу жұмыстары;
5. сату-сатып алу қызметтері;
6. коммерциялық және делдалдық қызмет;
Қызметтердің қандай да бір түрін жүргізу үшін арнайы рұқсат (лицензия,
сертификат) алғаннан кейін Серіктестік бұл қызметтерді жүргізеді.
Серіктестіктің қызметін ұйымдастыру үшін Қатысушысы 116800 теңге
мөлшерінде Жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталды құрайтыны
Қатысушы: Отар А.Б. 116800 теңге енгізді немесе Жарғылық капиталдың
100%. тіркеуден өтті сәтінен. Жарғылық капитал толығымен енгізген.
Серіктестік:
- қатысушының Жарғылық капиталға салған ақшасы мен материалдық
салымдардың;
- оның қызметінен алған кірістердің;
- шаруашылық қызметі нәтижесінде Серіктестік өндірген өнімнің;
- басқа кірістердің, сондай ақ оның заңдарға рұсат етілген негіздер
бойынша алған басқа мүліктерінің меншік иесі болып табылады.
Серіктестіктің белгіленген тәртіппен ұлттық, шетелдік валютамен алған
кірістері материалдық шығындарды жабуға, салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді төлеуге, серіктестік қызметшілеріне еңбекақы
төлеуге жұмсалады. Таза кіріс Қатысушылардың билігінде қалады.

1.2. КазАБЕК ЖШС-ның бухгалтерлік есебін құру негізі.

КазАБЭК кәсіпорнының бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп заңымен ,
Қазақстан Республикасының нормативті актілері мен заңдылықтарына сәйкес
орнатылған. Шаруашылық процесс пен субьект қызметінің қаржылық нәтижесіне
толық және нақты ақпаратын қалыптастыру –бұл бухгалтерлік есептеменің
негізі болып саналады. Бұл ақпарат бухгалтерлік және қаржы есептерін құру
қызметінің ережесі мен принциптерін орнату стандарттарымен сәйкес басқару
және меңгеру үшін; инвесторлар, сатып алушылар, кредиторлар, мемлекеттік
органдар, банктер және басқа мүдделі тұлғалар үшін қажет.
КазАБЭК кәсіпорнының бухгалтерлік есебін жүргізу үшін бухгалтерлік
қызмет қалыптасқан, оны басты бухгалтер басқарады. Есеп саясатына сай
ЖШС КазАБЭК бухгалтериясының міндеттеріне келесі функциялар жатады:
• қаржылық есептерді дайындау;
• активтердің сақталуын байқау;
• әрбір объектіге келген шығындарды байқау;
• салықтық есеп;
• есеп шотты басқарып, жүргізіп, төлемдерді жүзеге асыру;
• статистикалық есеп;
Бухгалтер бухгалтерлік есеппен шектелмей келесі қызметтер атқару тиіс:
• қаржы есеп операцияларының есебі;
• еңбек және еңбекақы есебі;
• шығындар есебі;
• табыстар есебі;
• тауар материалдар қор есебі;
• негізгі құралдар мен материалдық емес құралдардың есебі;
• бухгалтерлік есепті жүргізуді іштей бақылау.
КазАБЭК кәсіпорнында активтердің меншіктік капитал, міндеттемелер мен
шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі екі жақты жазу әдісімен
жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп 1 С Бухгалтерия программасымен персональді
компьютерлерде жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп регисторлар жазуының негізі болып алғашқы құжаттар
болып саналады, олар шаруашылық операцияның болған шартын белгілеп алады.
Алғашқы құжаттар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп заңына сай және
27.06.07ж. шыққан Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Алғашқы
құжаттардың типті формаларын бекіту бұйрығына сай құрылады.
Формалар КазАБЭК кәсіпорнымен ерікті түрде шығарылады. Электронды
және қағаз түрдегі алғашқы құжаттар құрамында келесі реквизиттер болу
керек:
• құжат атауы;
• құрылған күні;
• құжат субъект атынан жасалса, бұл субъект атауы;
• шаруашылық операция атауы;
• шаруашылық операция ақшалай және шынайы өлшемдері;
• шаруашылық операция орындалу факті, дұрыс, тиімді орындалғанына
жауапты жұмысшылар аты жөні;
• қолдары.
Алғашқы құжаттарға операция қиындығына қарай, есеп хабарламаларын
өңдеу әдісіне қарай, нормативті құқұқтық актілер талаптарына қарай
қосалқы реквизиттер қосылу мүмкін.
Алғашқы құжаттарды электронды түрде құру кезінде КазАБЭК
кәсіпорорны бұл құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде сақтау қажет. Бұл
көшірмелер шаруашылық операцияға қатысқан басқа қатысушыларға, сот
прокуратура сияқты мемлекеттік мекемелерге де қажет. Алғашқы құжаттар
операция орындалу кезінде немесе операция орындалғаннан кейін құрылу
тиіс.
Кассалық және банктік құжаттарға өзгертулер жасауға болады. Басқа
алғашқы құжаттарға өзгертулер тек қана шаруашылық операция кезіндегі
болған қатысушылармен келісім жасап, олардың қолдары қойылып, өзгерту
күні жазылу керек. Алғашқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есепте
бейнеленіп, жиналып, жүйеленіп, бухгалтерлік есепте регистленеді.
Бухгалтерлік регистрлерде құжаттар топталып қаржылық есепке
айналдырылады.
Құжаттар қозғалысының реті (құрылуы, басқа субъектен алу, есепке алу,
өңдеуі, архивке түсуі), орындаушылар тізімі, құжаттардың бухгалтерияға
түскен күні, есепті кезеңдегі бүкіл жұмыстардың аяқталуы, қаржылық есепті
дайындап құрудың бәрі - құжаттар айналымы деп аталады. Бухгалтердің
талабы бойынша құжаттарды бухгалтерияға беру және құру тәртібі сақталу
тиіс.
Құжаттар бухгалтерлік есепте бейнеленіп, дұрыс құрылып, құжаттар
айналым графигіне дұрыс түсу үшін жауапты жұмысшылар болу тиіс, олар
құжаттарға қол қоятын адамдар. КазАБЭК серіктестігі алғашқы
документтерді, бухгалтерлік есеп регистлерін, қаржы есептерін мемлекеттік
архив ережелеріне сай сақтау керек.

1.3. КазАБЭК кәсіпорынның қаржы шаруашылық
қызметіне талдау.

КазАБЭК жауапкершілігі шектеулі Серіктестіктң қаржы шаруашылық
қызметіне талдау жасау мақсатында Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің
негізгі көрсеткіштері кестесі құрылып көрсетілген.
2012 және 2013 жылдар баланстарын қосып, салыстырсақ келесі кестенің
мәліметтеріне көз жеткізе аламыз.

КазАБЭК кәсіпорынның 2012 –2013жылдар аралығындағы бухгалтерлік
балансының мәліметтері

Кесте№1
АКТИВТЕР 2013ж 2012ж Айырмашылығы
(+;-)
I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша және оның эквиваленттері 11210.20 78346.10 -67136.34
Қысқа мерзімді қаржы - -
инвестициялары
Қысқа мерзімді дебиторлық борыш96587.53 28987.53 67000000
Қорлар 299796.00 332546.00 32750
Ағымды салық активтері - -
Басқа да қысқа мерзімді 12528.00 12528.00
активтер

Қысқа мерзімді активтер 420121.73 452403.07 -32281.77
қорытындысы
I. Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Негізгі құралдар 51425.30 69731.52 -18306.22
Биологиялық активтер
Бағалап, зерттейтін активтер
Материалдық емес активтер
Қалдырылған салықтық активтер
Басқа ұзақ мерзімді активтер 
Ұзақ мерзімді активтердің 51425.30 69731.52 -18306.22
барлығы
Баланс (стр.100+стр.200) 471547.03 522139.59 -5059229
Пассивтер 2013ж 2012ж Айырмашылығы
(+;-)
III. Қысқа мерзімді
міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық 153972.76 209975.76 -56003.16
міндеттемелер
Салықтық міндеттемелер 261 -7986.66 7984.05
Басқа төлемдер бойынша
міндеттемелер
Қысқа мерзімді кредиторлық 1939912.67 1764102.6717581000
берешектер
Қысқа мерзімді зерттеулі
міндеттемелер
Басқа қысқа мерзімді 20000.00 20000.00
міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер 2114146.63 1986091.77-1771863.14
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелер
Ұзақ мерзімді несиелік борыштар
Ұзақ мерзімді зерттейтін
міндеттемелер
Қалдырылған салықтық
міндеттемелер
Басқа да ұзақ мерзімді
міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
нәтижесі
V. Капитал
Шығарылған капитал 689543.00 486380.00 203163.00
Эмиссиялық табыс
Резервтер
Шығарылмаған табыстар -1950332.18 1950332.18
(жабылмығын шығындар)
Капитал -1260789 -1463952 -203163
Баланс 853357.25 522139.59 -513606.02
(стр.300+стр.400+стр.500+стр.60
0)

Осы кестеден 2013 жылы қысқа мерзімді активтердің саны 32281.77
- теңгеге төмендеді, бұл дебиторлық борыштың өсуінен, ақша қаражатының көп
жұмсалуынан. Ұзақ мерзімді активтер 1771863.14 теңгеге төмендеді, өйткені
2013 жылы негізгі құралдар сатылған.
2013 жылы қысқа мерзімді міндеттемелер 1771863.14 теңгеге
төмендеген, сатушыларға борыш болғандықтан кредиторлық борыш төмендеп тұр,
бірақ 2013 жылдың басында бұл борыш жабылды.

II. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП

2.1. Меншікті капиталдың есебі .

КазАБЭК серіктестігінің меншікті капиталы оның балансында
ескеріледі.
Серіктестік жарғылық капиталдың 15% мөлшерінде резервтік қор
жасайды, резервтік қор жыл сайын Жарғылық капиталдың 5% ы мөлшерінде
аударым жасау арқылы жүзеге асырылады. Серіктестіктің резервтік қор
қаражаты есебінен өтеледі.
Серіктестік басқа қорлар құруға да құқылы.
Серіктестік басқа кәсіпорындарға және азаматтарға өзіне тиісті үй
жайларды, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, құрал саймандарын,
шикізатты немесе кез келген басқа мүлік пен құндылықтарды өткізуге,
айырбастауға немесе займ шартымен уақытша немесе тұрақты пайдалануға
беруге, сонымен қатар оларды баланстан шығарып тастауға құқылы. Жағылық
капиталды ұгғайту және азайту тәртібі "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестер туралы " 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан
Респуликасы Заңымен реттеледі.

Серіктестіктің қызметін ұйымдастыру үшін Қатысушысы 116800 теңге
мөлшерінде Жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталды құрайтыны
Қатысушы: Отар Алмас.Б. 116800 теңге енгізді немесе Жарғылық
капиталдың 100%. Тіркеуден өті сәтінен жарғылық капитал толығымен
енгізген. Серіктестік:
- қатысушының Жарғылық капиталға салған ақшасы мен материалдық
салымдардың;
- оның қызметінен алған кірістердің;
- шаруашылық қызметі нәтижесінде Серіктестік өндірген өнімнің;
- басқа кірістердің, сондай ақ оның заңдарға рұсат етілген негіздер
бойынша алған басқа мүліктерінің меншік иесі болып табылады.
Серіктестіктің белгіленген тәртіппен ұлттық, шетелдік валютамен алған
кірістері материалдық шығындарды жабуға, салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді төлеуге, серіктестік қызметшілеріне еңбекақы төлеуге
жұмсалады. Таза кіріс Қатысушылардың билігінде қалады.
Меншікті капиталдың аудиті.
Меншікті капиталды тексерген кезде аудитор біріншіден, ЖШС КазАБЭК
жарғысымен танысады. Жарғыда жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі. Одан
кейін жарғылық құжаттарда тіркелген жарғылық капиталдың толық төленгені
тексеріледі. Ол үшін бухгалтерияда сәйкесінше бухгалтерлік жазулар берілу
керек. 13 ведомосте және Бас кітаптағы шоттар корреспонденциясының
дұрыстығын тексереді. Аудитор меншікті капитал аудитінің бағдарламасын
құрады. Ол мынадай мәселелерді қамтиды:
а) баланс көрсеткіштерінің бас кітап мәліметтерімен сай келуін
тексеру;
б) синтетикалық және аналитикалық есептердің дұрыс жүргізілуін
тексеру;
в) жарғылық капиталдың дұрыс құрылуын тексеру;
г) қатысушылардың салымдарының уақытылы және толық кіріске алынуын
тексеру;
д) жарғылық капиталға өзгеріс енгізудің негіздерін және оның
уақытылы құрылтай құжаттарына енгізілуін тексеру;
е) кәсіпорынның жарғылық капиталына жарна ретінде салынатын мүліктер
мен мүліктік игіліктерді түгендеу;
ж) жарғылық капитал есебіндегі анықталған заң бұзушылықтардың алдын
алу бойынша негізді ұсыныстар жасау.
Жарғылық капиталдың дұрыс құрылуын тексеру кезінде бұл кәсіпорын
қашан және қайда тіркелгенін, қатысушылары кім, жарғылық капиталдағы
олардың үлесі қанша, оның құрылу тәртібін белгілеу керек. Тіркелу
уақытына дейін қатысушылар жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25%
енгізу керек, бірақ ол минималды мөлшерден аз болмау керек (100 АЕК,
яғни 116800 тенгеден).

2.2. Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі, аудиті және
талдауы.

Негізгі құралдарға мына талаптарға сай келетін материалдық активтер
жатады:
-болашақта экономикалық пайда әкелетін активтер;
-бұл активтерді тауар немесе қызмет өндіру немесе көрсету үшін
пайдаланады және оны басқа кәсіпорындарға жалға бере алады немесе әкімшілк
қызметте қолдана алады;
-активтің нақты құнын анықтауға және оны бірнеше жыл өндірісте
қолдануға болады;
-актив қайта сату үшін алынбайды;
Осыған қоса негізгі құралдарға ЖШС тікелей қатыспайтын және ЖШС одан
пайда күтпейтін, бірақ оларсыз ЖШС қызметі заңсыз болып табылады. Оларға
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қондырғылар мен құралдар және қоршаған
ортаны қорғайтын құралдар мен қондырғылар жатады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметіне қарай
мынадай топтарға бөлінеді:
-жер;
-ғимараттар;
-машиналар, құралдар және өткізгіш тетіктер;
-кеңселік құрал жабдықтар және техникалар;
-тағы басқа негізгі құралдар;
-аяқталмаған құрылыс.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, ЖШС ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін
және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты
адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады;
негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте
дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс
көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа
техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі
құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі
құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың
нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу
нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді
НҚ объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан:
1. Физикалық және моральды тозғанда;
2. Шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;
3. Жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде;
4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;
5. Калдықтарды ұзақ мерзімді (қаржылық) жалға бергенде;
6. Кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты
есептен шығарылады.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесіндегі 2410
шотында жүргізіледі. Берілген шотта эксплуатациядағы, қордағы, жолдағы,
сенімділік бойынша басқарудағы негізгі құралдар есепке алынады.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциялары:
Негізгі құралдарды кіріске алу:
• есеп берілуге тиісті сомалар есебінен - Дт 2410 Кт 1250
• жабдықтаушылардан - Дт 2410 Кт 3310
• өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан - Дт 2410 Кт 3390
• еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымадар, филиалдар мен
құрылымдық бөлімшелерден - Дт 2410 Кт 3320, 3330, 3340
• өтеусіз берілген - Дт 2410 Кт 6220
• түгендеу кезінде артық шыққан - Дт 2410 Кт 6280
Негізгі құралдарды жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар санатына
ауыстыру - Дт 2310 Кт 2410
Негізгі құралдарды есептен шығару:
• баланстық құнына - Дт 7410 Кт 2410
• жинақталған амортизациясы сомасына - Дт 2420 Кт 2410
Негізгі құралдарды қызметтің тоқтатылуына байланысты есептен шығару:
• баланстық құнына - Дт 7510 Кт 2410
• жинақталған амортизация сомасына - Дт 2420 Кт 2410
Амортизация есептелді:
• өнімді сатып-өткізу мақсатында қолданылатын негізгі құралдарға - Дт
7110 Кт 2420
• жалпы әкімшілік мақсатта қолданылатын негізгі құралдарға - Дт 7210
Кт 2420
• жалпы өндірістік мақсатта қолданылатын негізгі құралдарға - Дт 8410
Кт 2420
Есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептен
шығару - Дт 2420 Кт 2410.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануын талдау
Көрсеткіштер 2011ж 2012 ж 2013ж Ауытқу (+,-)
2012 2013
1. Өнімді өткізумен қызмен
көрсе-туден түскен кіріс (ВП),40544 43046 43118 +2502 +72
мың. Теңге
2. Орташа жылдық құн:
- негізгі өндірістік қорлар 13815 14113 14700,5 +298 +587,5
(ОПФ), мың. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
XX ғасырдың 20-шы және 30-жылдардың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдай
Абылай ханның мемлекетті нығайтудағы рөлі
Қаржы - шаруашылық қызметті талдау
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Пәндер