Коммерциялық банктің мәні мен жағдайы
Жоспар
Кіріспе. 3
1. Коммерциялық банктің мәні мен жағдайы. 5
1.1. Коммерциялық банктің мәні. 5
1.2. Коммерциялық банктің басқару құрылымы. 6
1.3. Коммерциялық банктердің қызметі. 10
2. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері және «Темірбанк» АҚ қаржылық жағдайын қарастыру. 15
2.1. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері. 15
2.2. «Темірбанк» АҚ банкі туралы жалпы мәлімет. 21
2.3. «Темірбанк» АҚ қаржылық жағдайын талдау. 25
Қорытынды. 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 35

Кіріспе.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету , өнеркәсіп мекемелерін , мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта болуға қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалармен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрлымын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі (мысалы, Жапония банктері).
Өнеркәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операцияларды жөнінен, коммерциялық банктер әмбебап және мамандаған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен – салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас вариантары қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өтуі мүмкін. Кезексіз банктің құрылтайшыларының кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады.Ол бірнеше комитеттерден құрылып, нақты іс - әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп – несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін көрейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді : салымдар жинақтау; депозиттік және кассалық операциялар; инвестиция және бағалы қағаздар; шетелдермен операциялар; жарнама және сыртқы байланыс; сенімділік операциялар; бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты коммециялық банктердің мәні мен қызметтерін зерттеу арқылы мән-мағынасын айқын түрде ашу деп білеміз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона
«О Национальном Банке». Алматы, 30 марта 1995 года.
2. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона
« О банках и банковской деятельности», Алматы, 31 августа 1995 года
3. 1.Выступление Председателя Правления ОАО "Народный банк Казахстана"
4. 2.Программа Ассоциации банков РК на 2000-2002 годы // Банки Казахстана. -Алматы, 2000.
5. «Деньги. Кредиты. Банки.» Под редакцией Г.С. Сейткасимова. Алматы 1999.
6. Данные Национального Банка РК.
7. Данные Статистического Агенства РК
8. Журнал «Банки Казахстана» №6, №7, №8 2001г.
9. Данные Агенства Cтратегического Развития РК
10. Положение о кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг в Республике Казахстан.
11. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: учебное пособие под редакцией Торкановского В.С., Алматы, 1994г.
12. Ильясов К.К. . Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана /Под ред.– Алматы: Бiлiм, 1995 – 240 с.
13. Кучукова Н.К. Макроэкономические аспекты реформирования финансово-кредитной системы Республики Казахстан в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы: Гылым, 1994. – 439 с.
14. Чекмаева Е.Н. Межбанковский кредитный рынок и его регулирование /Деньги и кредит. 1994. №5-6. с. 68-71.
15. «Предприниматель и право». №12 (73), май, 1997.
16. Банковское дело (под редакцией проф. В.И.Колесникова), М., Усоскин В.М., Современный коммерческий банк, М., ИПЦ "Вазар-Ферро", 1994.
17. Алибекова Ф.Р. О понятии "банк" и "банковская услуга" // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N10. - С. 28-30
18. Банки Казахстана : Справ.-аналит.изд.. -Алматы: Информ.Агенство Economix Data, 1999. -330 с.
19. Банковское дело: справочное пособие. М. : Экономика. 1993г.
20. Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
21. Жуков Е. Ф. Трастовые и факторинговые операции коммерческих банков. -М.: Изд-во АО "Консалтбанкир", 1995. -47 с.
22. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
23. Лисак Б. Межбанковские заимствования - как инструмент финансовой политики коммерческих банков // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N 5. - С. 21-24
24. Махмутова М. Эволюция банковской системы // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N 5. - С. 16-20
25. Народный банк Казахстана: основные итоги деятельности // АльПари. -Алматы, 2000. -N2. - С. 25

3
1. Коммерциялық банктің мәні мен жағдайы.
5
1.1. Коммерциялық банктің мәні.
5
1.2. Коммерциялық банктің басқару құрылымы.
6
1.3. Коммерциялық банктердің қызметі.
10
2. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері және Темірбанк АҚ
қаржылық жағдайын қарастыру. 15
2.1. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері.
15
2.2. Темірбанк АҚ банкі туралы жалпы мәлімет.
21
2.3. Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау.
25
Қорытынды.
33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
35
Кіріспе.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің
негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету , өнеркәсіп мекемелерін , мемлекет пен
халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып
табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта болуға қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалармен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрлымын өзгертуге мүмкіндік
береді.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге
мүмкіндігі бар несие мекемесі (мысалы, Жапония банктері).
Өнеркәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен;
Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операцияларды жөнінен, коммерциялық банктер
әмбебап және мамандаған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер
федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен –
салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз
қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас вариантары қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің көпшілігі акционерлік қоғам
формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы
акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өтуі
мүмкін. Кезексіз банктің құрылтайшыларының кеңесінің талаптары бойынша
өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып,
олар банктің жұмысын қадағалайды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің
жұмысын күнделікті басқарады.Ол бірнеше комитеттерден құрылып, нақты іс -
әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп – несие
комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал
ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін көрейік. Ол
өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді : салымдар жинақтау; депозиттік
және кассалық операциялар; инвестиция және бағалы қағаздар; шетелдермен
операциялар; жарнама және сыртқы байланыс; сенімділік операциялар;
бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі
құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен
ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты
басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты коммециялық банктердің мәні мен
қызметтерін зерттеу арқылы мән-мағынасын айқын түрде ашу деп білеміз.

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктік, заңдылықтарда коммерциялық банктер деген
жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге
де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агеттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық
банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсеттетін
несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін
қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы рөлін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқары отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар
салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайта қайтарылмай қалды.
Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозитерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
1.2.Коммециялық банктің басқару құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттігін Ұлттық
банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген кұқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
каражаттар мен өкілеттіктермен шегінде қызмет етеді.
Банк өкілеттігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, кұрылымдық бөлімше.
Еншілес банк - жарғылық кордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды
тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін кабылдады.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан кұрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т. б.).
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық
кұрылымы болды. Олардың бас кеңесі Алматыда орналасқан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып
келді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
маманданды.
Қазақстандағы соңғы уакыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің аз ғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі ал
барлық банктік (жинак банктері мен иелік кооперативтерді қосқанда) филиал
саны 39,7 мьңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б.
елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері
бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан
тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы
ұлттык филиалдар торабы жоқтықтың касы.
Банк бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм
дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды.
Дегенмен де, біркатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру,
автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы,
халыктың қала төңірінде жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк филиалдарының
торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мьңнан 1988 жылы 50,4 мыңга дейін.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас
банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің көлемі және
депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар
есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бакылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған баскарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші тұрақталады. Сондықтан да банктің
біркелкі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан баскаруды жүзеге асыру
тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың
болғаны міндетті, өйткені шешімі қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен
бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады: банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі кызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметін тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық кызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп
қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы кұзіретін,
жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады.
Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы
белгіленеді, бірақ басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды
коммерциялық банктің дербес түрде шешуге кұқығы бар.
Коммерциялык банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал өтеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбінесе акционерлік қоғам
формасында кұрылатындықтан да, оларды баскаруға акционерлері қатысады.
1.3.Коммерциялық банктердің қызметі.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• Несие беру;
• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• Төлем құралдарын шығару;
• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• Сенімхат бойынша клиентердің мүлкін басқару (яғни транс операциясын
жүргізу);
• Клиентерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландыру оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтердің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент
түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын
жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әртүрлі экономикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерге жасалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен
ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі
несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық
жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз
беруші қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді
жояды. Банктің несие экономиканың әртүрлі секторларына беріліп, өндірістің
кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде
банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктердің делдал ретінде клиентердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырусудың әр түрлі
жүйелері құрылуда. Мысалы, есеп айыруға қатысушы банктердің арасындағы
клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім
бойынша корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерді төлемдерді
орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету
үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің
электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне түрлі әсер етеді.
Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар салып, оны талап бойынша алынатын
шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының
активінде де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі
өзгермейді, себебі ақша қолма – қол формасынан қолма – қол формасына
ауысты. Келесі мысал, банк қарыздарға 10 мың доллар сомаға несие беріп, оны
депозиттік шотқа есептелді делік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі
10 мың доллар өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем
құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит соммасына ақша массасы артты.
Дегенмен банк өзінің қызметі барысында ақша шығаруы мен қатар ақшаның
бір сыпыра бөлігін жоюмен де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктің
шотынан қолма – қол ақша алғанда ( бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді ),
екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда
жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды
сатқанда алынады – ақша салушылардың шотындағы салым ( депозит ) соммасы
және шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді ұлғайту немесе кеміту
мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие
динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтердің
қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын
тудыртса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ
экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет.
Сондықтан коммерциялық банктер орталық банктер бекіткен шама шектеумен
әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтағы өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарылады. Бұл жағдайда
кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздарды көлемін, шығару
жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауы, сондай – ақ
оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіруін міндетін өзіне алады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клинттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа
акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
• Несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы коньюктура ,
проценттік мөлшердің қозғалысы , несиелеудің жағдайы және формасы
туралы хабар, несие – есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәліметтер
бойынша нұсқау беру , қолма – қол ақшасыз есептесуді талдау, оны
жетілдіру жолдарын зерттеу;
• Бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы коньюктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы
қағаздардың эмитентері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
• Күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызмет нарығының коньюктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әртүрлі құрылыс монтаж жұмыстарының
тарифтері, күрделі қаржылық экономикалық тиімділігін есептеу туралы
анықтама.

қаржылық жағдайын қарастыру.

Лизингтік операциялар. Лизинг ағылшын тілінен аударғанда жалға беру
деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын
заттарды жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша
жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір
уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті
пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы
техникамен материалды – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті
формасы.
Лизингті мәмледе үшінші қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары
мәмлемен реттеледі : бірінші қатысушы – мүлік иесі, екінші - мүлікті
пайдаланушы, үшінші - мүлікті сатушы . Олардың өзара қатынасы келесідей
түрде қалыптасады. Болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары бар болашақ лизинг
берушіні мәмлеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға төлемді шартымен жалға
береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар
мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға береді. Шын мәнінде олар осы
мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда
несиелеудің барлық принципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік.
Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті
төлейді яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл
өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизинг түрлері әртүрлі : 1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге
беріледі.Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар
мен құрал – жабдықтар табылады.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім
машиналар мен құрал – жабдықтардың омортизациялық тозу мерзімімен
сәйкес келеді. Бұл жерде мәмле аяқталмай , күшін тоқтата алмайды .
Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
3.Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал – жабдықтарды
жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес , қалдық
құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін , лизингке беретін арнайы лизингтік
компаниялар құрылады. Оларды негізгі қаражат көзіне құрал – жабдықтарды
сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің
артықшылығы – лизингті жүзеге асыру үшін , ұйымдастырылған лизинг жүргізу
үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын
жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді тәуекел дәрежесі төмен , нақты
материалдық қамтамасыз етілген.
Факторингтік операциялар . факторингтік операция – клиентпен
төлембеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру.
Факторингтің мәні – банктер өз клиентерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы
үшін сатып алу. Бұндай мәмле келісім – шартпен жүзеге асады. Ол келісім –
шарты сатып алынған қарыздың соммасы және пайыз көрсетіледі . бұл пайыз
көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынтының көрсетеді.
Банктер алғашқа факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап
көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО – Промстройбанктің жүйесі
айналысқан. Факторинг – жиі қаржылық қиындықтардыбасынан кешетін шаруашылық
органдары үшін біршама тиімлі қызмет көрсету болып табылады. 1988 жылы жеке
құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық
факторинг туралы Конвенсияға сәйкес , келесідей 4 белгі
қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1) қарыздық талаптарды алдын ала төлеу фоамасында несиелеудің
болуында ;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу , ең алдымен өткізу
есебін ;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау ;
4) несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор , бастапқы несие беруші , борышқор
. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын жерде төлейді , Қалған бөлігі
борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады . Сонымен қатар , банк осы
операциямен байланысты барлық жауапкершілікті , тәуекелді , талаптарды
инкассолауды өз мойнына алды . Жабдықтаушы шағындарына мыналар жатады :
бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін
комиссиондық төлемдер ; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы .
Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар . Толық қызмет ету туралы
келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты , ұзақ
қатынаста болатын болса қолданылады . Толық қызмет ету мыналарды қамтиды :
күмәнді қырыздардың пайда болуынын толық қорғау , төлемдердің кепілдік
түсімін қамтамасыз ету , несиені басқару , сатуды есептеу , белгілі бір
мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу.
Регрестік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы –
факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді
сақтандырмайды . Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе ,
оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі -
агенттік келісім немесе көтерме факторинг туралы келісім. Бұл жағдайда
жабдықтаушы факторингтік компанияға тек несиелік тәекелдің қорғау
функциясын береді , ал қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол
факторингтік компаниялардың талаптардағы есепке алу мен инкассолаудың
агенті болады. Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол
ашық немесе конференциалдық шот - фактураны есепке алу туралы мәмле жасау
мүмкін.Факторингтік компания үшін шот-фактураларды дисконттау өте тәекелді
болып келеді.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның
қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпаративті клиентері үшін әр
түрлі қызметтер орындайды. Траст - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі
өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып , иелік етуге сенім
білдіріп тапсырады, яғни траст деп , банктердің , басқа қаржылық
институттардың мүлікті және капиталдары басқару мен байланысты қызметтер
көрсетуін және клиент атынан , оның мүддесі үшін , сенімді тұлға ретінде
басқа да қызметтер көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде
жүзеге асады , ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға
белгілі бір ққықтарға ие болып мүліктің , капиталдың , бағалы қағаздардың
иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін
қорғай отырып , иелік етуге тиіс . Бенефициар болып мүліктің иесі , яғни
сенім иесінің өзі немесе 3 тұлға болуы мүмкін.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін
айналысады.Сол сияқты корпарациялар , фирмалар және олардың ақша
қаражаттарын басқару үшін , ірі клиенттермен байланыс орнату үшін
айналысады.
Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ
қатынастағы фирмалардың акцияларына , ірі компаниялардың бағалы қағаздарына
, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге , депозиттерге және басқа да
табысты активтерге орналастырады.
Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан
басқа , ірі фирмаларды және корпарацияларды бақылауға мүмкіндік береді.
Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және заңды тұлғалар ,
жәрдем қорлары , басқа да қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер
трасталық қызметтерді әр түрлі клиентердің кеңірек тобына көрсетуге
мүдделілік танытады.
Коммерциялық банктер өз клиентерінің сенімхаттары бойынша келесі
операцияларды жасай алады :
- жеке тұлғаларға сенімхат бойынша акциялар, басқа да қорлық
құндылықтар түріндегі мүлікті , қозғалмайтын және басқада мүлікті
басқару ;
- акционерлік қоғамдардың тапсырмасы бойынша сенімділік функцияларды
орындау ;
- фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді көрсету.
Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды
тұлғаларға .
Жеке тұлғалар үшін трасталы қызметтердің негізгі 3 категориямы бар :
1) иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;
2) мүлікті сенімді негізде басқару ;
3) агенттік қызметтер.Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып
келеді:сеніп қалдыратын , бүкіл өмірлік , сақтандыру ,
корпаративтік институцияналдық , коммуналдық.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz