Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу


КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. ЖАЛДАУ АРҚЫЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ТЕРГЕУІНДЕГІ КРИМИНАЛИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР.

  1. Жалдау арқылы жасалған кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.
  2. Болжамды ұсыну ерекшеліктері және тапсырысты кісі өлтіруді тергеу барысында болатын бастапқы кезеңіндегі типтік жағдайлар.
  1. ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ӨТКІЗУ ТАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛДАУ АРҚЫЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДАҒЫ ТАКТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР.

2. 1. Кісі өлтіруді жасаған тұлғаларды анықтауға бағытталған тактикалық әрекеттер.

2. 2. Жалдау арқылы кісі өлтіру туралы істер бойынша жеке тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық ерекшеліктері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерлеп келеді. Бүгінде, экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық», - деп айтқан [1] . Қазақстан Республикасының даму стратегиясында 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді басымдылықтардың қатарына ұлттық қауіпсізідік, ішкі саясаттың тұрақтылығы мен қоғамның консолидациясы жатады. Осындай жағдайда «Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы замаңғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұсындарын елеулі түрде өзгерттік» [2; 2] . Осы басымдылықтардың жүзеге асырылуында Қазақстан Республиканың ішкі істер органдары маңызды рөл атқарады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын және азаттықтарын, мемлекет мүддесін қорғау, қылмыстылықпен табысты күресу Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің жедел іздестіру қызметін барынша дамытусыз және желтілдірусіз мүмкін емес.

Қоғам қатынасы еркін нарық экономикасына бағытталған жаңа жағдайда даму кезеңінде ішкі істер органдарының қызметі құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және олардың алдын алу, қылмысты тыю, алдын алу, тергеу және ашу, мемлекет қауіпсіздігіне, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделеріне қауіп- қатер тудырмайтын деңгейде іркілту бағытын ұстануға тиісті.

Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының аймағында қылмыстық зорлық қарқынды күшеюде. Қазақстанның экономикасындағы нарық қатынастарының дамуы ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсуімен белгіленеді, қарақшылық шабуыл, тонау, бопсалаушылық, сондай-ақ экономика саласындағы қылмыстардың өсуі байқалады. Атыс қарудың, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың жасырын айналым ауқымының өсу үрдісі байқалады, бұл еліміздің жедел жағдайын айтарлықтай нашарлатады.

Бұдан бұрын Қазақстанға тән емес сатып алу мақсатында адамдарды ұрлау, адамды кепілге алу, қаржы-банкілік құрылымдар объектілеріне қарақшылық шабуылдар, терроршылдық, компьютерлік қылмыстар және т. б. сияқты қылмыстардың таралуы байқалады. Ұйымдасқан қылмыс әлеуеті ұлғаюда. Қылмыстық ортада шоғырланған көлеңкелі капиталдың едәуір бөлігі қылмысты кең ауқымда қайта жаңғырту жағына бағытталған.

Қоғамның аса ауыр қылмыс көріністерімен молықтырылғандығы әлі де жоғары болып тұр. Азаматтардың денсаулығы мен тұлғаларға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстардың құрылымында қоғамның жағымсыз реакциясын тудыратын жалдау арқылы жасалатын кісі өлтірулер көп таралған. Соңғы он жыл ішінде (1997-2006 ж. ж. ) елімізде жалдау арқылы жасалған 78 кісі өлтірулер тіркелген (1997 жыл - 11; 1998 жыл - 8; 1999 жыл - 6; 2000 жыл - 6; 2001 жыл - 16; 2002 жыл - 8; 2003 жыл - 6; 2004 жыл - 6; 2005 жыл - 10; 2006 жыл - 14) [3; 47] Бұқаралық ақпарат құралдарын қылмыстың дәл осы түрлері қызықтырады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі келесімен себептеседі. «Тапсырысты» кісі өлтірудің түп негізі мен механизмінің ерекшелігі орындаушыларды анықтау болар-болмас дәрежеде ғана оның факторларына әсер ету мүмкіндігімен байқалады. Жалдау арқылы кісі өлтірумен күрес бойынша ішкі істер органдар әрекетінің ерекше болашақ бағыты «тапсырысты» кісі өлтірудің ауанын және қаскөйлік ниетін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, мәселенің осы жағы, сондай-ақ осындай қылмысты анықтау және ашу бөлігі криминалистика теориясында әлі толық ашылмаған.

Көрсетілген қылмыстық оқиғалар түрлеріне тиімді жедел тергеудің әрекет етуін қамсыздандыру мақсатында өз шешімін талап ететін көп мәселелер әлі де криминалистика саласындағы мамандардың ғылыми мүдделерінің шегінде қала береді. Тәжірибе жүзінде анықтау және тергеу органдары үшін «тапсырысты» кісі өлтіруді тергеу және ашу маңызды қиыншылықтар тудырады. Бұл көбінесе қылмыстардың осы түрлерінің ерекше сипатына байланысты: ойланып істелгені, әбден жетілдірілген дайындығы, ойдағыны көп тұлғалардың (ұйымдастырушы, делдал, орындаушы) қатысуымен іске асырылуы және т. б., және әдетте қатысушылар арасында ұйымдастырушы мен орындаушы бірін-бірі танымайды және тікелей қатынасы жоқ. «Тапсырысты» кісі өлтіру үшін қылмыстық тәжірибесі бар адамдар немесе арнайы дайындықтан өткен тұлғалар тартылады. Аталған мақсаттар үшін жиі ТМД елдеріндегі адамдарды пайдаланады, қылмысты жасағаннан кейін олар сол бағытта жасырынады.

Қарастырылып отырған қылмыстарды сипаттайтын көптеген басқа жағдайлар ашу мен тергеу жолында едәуір қиыншылықтар тудырады. Айтарлықтай өзекті және маңызды тақырып ретінде жалдамалы тұлғалармен жасалатын кісі өлтірулердің зор әлеуметтік қауіп-қатері, олардың өсу үрдісі, сондай-ақ тергеудің ұйымдастырылуындағы және тактикалық қамтамасыз етілуіндегі бар кемшіліктер себеп болды.

Зерттеудің теориялық негізін Ресей және Қазақстанның жетекші ғалымдары: А. Н. Ақпановтың, Т. В. Аверьяновтың, И. Ш. Борчашвилидің, В. П. Бахиннің, Б. З. Байжасаровтың, А. И. Бородулиннің, Р. С. Белкиннің, М. Ч. Қоғамовтың, Б. М. Нұрғалиевтың, Н. П. Порубовтың, Е. Р. Россинскаяның, А. Л. Ханның, С. И. Цветковтың, В. И. Шикановтың, С. Р. Шәріповтың, Н. П. Яблоковтың және т. б. еңбектері құрайды.

Осы дипломдық зерттеудің мақсаты жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу әдісінің теориялық ережелерін дайындау және соны негізге ала отырып, тергеу әрекетін жүргізу тактикасы мен тергеудің бастапқы кезеңіндегі типтік жағдайда тактикалық амалдар шеңберінде жедел іздестіру шаралар өткізу болып табылады.

Көрсетілген мақсат келесі міндеттердің қойылуын және олардың шешуін табуды белгілейді:

  1. қылмыстың осы түрінің криминалистік сипаттарының негізгі элементтерін анықтау және олардың арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті белгілеу;
  2. тергеудің бастапқы кезеңіндегі типтік жағдайды анықтау және қарастырылып отырған қылмыс түрі бойынша типтік болжамдарды тұжырымдау;
  3. көрсетілген қылмыс түрін тергеудің негізгі ұйымдастыру нысаны ретінде тергеу және жедел іздестіру бөлімшелерінің өзара әрекеттесуін анықтау;
  4. тергеудің бастапқы және кейінгі кезеңіне қолданылатын тактикалық амалдарды анықтау;
  5. тергеу әрекетінің тиімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар дайындау;
  6. қылмысты ашу және тергеу бойынша алдын ала тергеу органдар әрекеттерінің тиімділігін жақсартуға бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар дайындау және тұжырымдау;

Қорыта келгенде, дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның мақсаттары және шешуге қойылған міндеттері тәжірибелік мақсатқа сәйкестілігімен және «тапсырысты» кісі өлтіруді тергеудің жеке әдісін зерттеудің теориялық мәнділігімен белгіленеді.

1 ТАРАУ. ЖАЛДАУ АРҚЫЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ТЕРГЕУІНДЕГІ КРИМИНАЛИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР.

  1. Жалдау арқылы жасалған кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.

Қылмыс, оның субъект тұлғасының және басқа жағдайлары туралы, белгілі қылмыс әрекеті туралы түсінік беретін және қылмысты ашу, тергеу және алдын алу міндеттерін табысты шешуді қамтамасыз ететін қылмысты жасау тәсілі, механизмі және жағдайының ерекшеліктерінде байқалатын жеке қылмыстың, қылмыс тобының және қылмыс түрінің криминалистік мәнді белгілерінің сипаттау жүйесі қылмыстың криминалистік сипаттамасын білдіреді. [4, 304 б]

Қылмыстың криминалистік сипаттамасы деген ұғым жиырмасыншы ғасырдың 60-шы жылдарының соңында, 70-шы жылдарының басында қалыптасқан. Қылмыстың қриминалистік сипаттамасының құрылымы мен мазмұнының мәселелері қылмысты ашу және тергеудегі оның рөлі мен маңызы Р. С. Белкин, А. Н. Васильев, И, А, Возгрин, И. Ф. Герасиов, В. А. Образцов, Н. А. Селиванов, В. В. Радаев, А. А. Эйсман, Н. П. Яблоков және тағы көптеген басқа криминалисттердің еңбектерінде қарастырылған [5, 480 б]

Ендеше, Р. С. Белкин қылмыстың жеке түрінің криминалистік сипаттамасының барлық анықтамаларын қорыта келіп, қылмыстың криминалистік сипаттамасы бастапқы ақпараттың сипаттамасын, қылмысты жасау және жасыру тәсілдері туралы, оның қолдануының типтік зардабы, ықтимал қылмыскердің тұлғасы, қылмыстың ықтимал себебі мен мақсаттары, қылмыстың ықтимал құрбаны (орны, уақыты, жағдайлары) туралы мәліметтер жүйесін кірістіреді. [4, 315 б]

Жалдау арқылы кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасын қарастырайық. Біздің ойымызша, оған келесі элементтерді кірістіруге болады:

бастапқы ақпараттың сипаттамасы;

  • қылмысты жасау және жасыру тәсілдері туралы мәліметтер (жағдайы, уақыты, орны, дайындығы) ;
  • қылмыс құралы туралы мәліметтер;
  • қылмыскердің (қылмыскерлердің) тұлғасы туралы мәліметтер;
  • жәбірленушінің тұлғасы туралы мәліметтер;

Қылмыстық істерге жасалған талдау қарастырылып отырған қылмыстың криминалистік сипаттамасының құрылымдық элементтері арасында салыстырмалы тұрақты байланыс бар екенін анықтауға жағдай туғызады.

Осындай әр элементті осы дипломдық жұмыста қарастырылып отырған тергеу жағдайына қолдана отырып қарастырайық.

Қарастырылып отырған қылмыстың түрі бойынша бастапқы ақпарат сол немесе басқа жерде табылған өлік туралы азаматтардың хабарламасын алған сәтінен басталады.

Әдетте, өліктегі атыс жарақаты адамның өлген себебі туралы күмән тудырмайды. Көп жағдайларда жәбірленушінің аты-жөні өте тез анықталады, өйткені көбінесе, қылмыс оның қызмет ететін я болмаса тұрғылықты жерінде немесе оның маңайында жасалады немесе оның тұлғасын куәландыратын құжаттар болады. Көрсетілген бастапқы ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғау тергеу қызметкерлерінде қиындық тудырмайды, олар алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізеді. Әдетте, типтік жағдайда анықтау барысына бастапқы мәліметтердің сипаты мен мазмұны әсер етеді. Жалдау арқылы кісі өлтіру туралы істер бойынша осындай типтік тергеу жағдайына тұлғасы танымал атыс жарақаты бар адам өлігі табылған жағдайлар жатады. Көрсетілген жағдай қылмысты жасаған тұлғалар, қылмыстың себебі туралы ақпараттың тапшылығымен, қылмыс іздерінің ең кем санымен сипатталады.

Қылмыстың криминалистік сипаттамасының негізгі элементтерінің біріне қылмысты жасау әдістері жатады. «Қылмысты жасау әдісі қылмысты дайындауға, жасауға және жасыруға бағытталған, тиісті құралдар мен жабдықтарды қолдануымен байланысты, сондай-ақ жасау уақыты, жері және тағы басқа қылмысты жасау жағдайының себептесу жағдайларының өзара шарттас, жылжымалы детерминделген әрекеттер жүйесін білдіреді» [27, 43 б. ] .

Жалдау арқылы кісі өлтіру жасаудың алдында бұл іс мұқият ойластырылады, ал кейде ұзақ дайындық жүргізіледі. Мұндай дайындық өзіне келесілерді кірістіреді: кісі өлтіру туралы шешім қабылдау және қылмысты жасау үшін жалдаушы мен қатысушыларды іріктеу (делдалды, орындаушыны) ; қылмыс құралы, көлік құралын іріктеу; болашақ құрбанның күн тәртібі мен жұмыс тәртібін анықтау мақсатымен оны бақылау; қылмыс жоспарын және оны жасыру әрекеттерін дайындау.

Көрсетілген қылмыстар үшін келесілер тән болып табылады: кісі өлтіру туралы шешім қабылдағаннан кейін жалдаушы өз таныстар арасынан немесе солардың көмегі арқылы делдал немесе тікелей орындаушыны іздей бастайды. Осындай қатысушыларды іздеу және іріктеу бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Сөйтіп орындаушыны іріктеп алып, сыйақы сомасы және оны төлеу шарттары туралы келісіледі. Сыйақы сомасы жәбірленушінің тұлғасына және кісі өлтіруді жасау әдісіне байланысты және бірнеше жүзден бастап бірнеше мың АҚШ долларына дейін өзгереді. Соманың бөлігі кейде қымбат заттар (автомашина, бағалы заттар және т. б. ) түрінде беріледі. Сыйақы бөліктеп төленеді, бірінші бөлігі қылмысты жасағанына дейін, ал екінші бөлігі одан кейін немесе толық кісі өлтіргеннен кейін төленеді. Орындаушыға болашақ құрбан туралы толық мәліметтер (тұратын жері, жұмыс орны, күн тәртібі және т. б. ) хабарлайды, оның фотографиялық суреттерін ұсынады. Қылмыс объектісінде қателеспеу мақсатында кейде орындаушыға болашақ құрбанды тікелей көрсетеді. Кейбір жағдайларда орындаушы қылмыстың басқа қатысушыларымен (делдалмен, көмектесушімен) кісі өлтіруді жасау үшін қолайлы орын мен уақытты таңдау мақсатында жәбірленушіні өзі бақылайды.

Атыс қаруы жалдаушыдан орындаушыға алдын ала беріледі; дегенмен орындаушы өзі қылмыс құралын сатып алған деректер де кездеседі, оның үстіне, қылмысты жасау тәсілі ескеріле отырып кісі өлтіру құралы іріктеледі.

Зерттелген қылмыс істері бойынша көп жағдайда қылмыстың нәтижесіне жетуіне кепілдікті қамтамасыз ету және қылмысқа өзінің қатыстылығының жоқтығы туралы алиби дайындау мақсатымен жалдаушы тек қана қылмыстың уақытын, орнын және күнін белгілеп қоймай өзі өлтіру әдісін де анықтаған. Орындаушы (орындаушылар) болашақ құрбанның күн тәртібін және қатынау жолдарын зерттеп, аз қатермен қайда, қалай және қашан қылмысты жасау шешімін өзі қабылдайтын жағдайлар сирек кездеседі. Бұндай жағдайларда қылмысты жасау күні туралы жалдаушы алдын ала ескертеді. Қылмыс жасауды дайындау бойынша әрекеттер де бірнеше күн, апта, айға созылуы мүмкін.

Көбінесе, қылмыс жасау орнын және уақытын таңдауға келесі факторлар себеп болған:

  1. болашақ құрбанның күн тәртібін нақты білу;
  2. иесіз жер мен шабуылды кенеттен жасау;
  3. бөгетсіз ату жасау мүмкіндігі;
  4. қылмыс жасаған жерінен жасырын және бөгетсіз кету мүмкіндігі:

Қарастырылған істер бойынша қылмыс орындарын зерттеп оларды келесі топтарға бөлуге болады;

  1. жәбірленушінің тұрғылықты жері немесе оның таныстары мен жақындарының тұрғылықты жерімен байланысты жерлер (көше, үйдің ауласы, подъезд, басқыш алаңы) ;
  2. жәбірленушінің өндіріс әрекетімен байланысты жерлер (қызметтік үй-жайы немесе қызметтік үй-жайы ғимаратының маңайында) ;
  3. автокөліктер (жүру жолында, аялдаған кезде, көлікке отыру кезінде) және басқа жерлер.

Өткізілген зерттеулердің көрсетуі бойынша жалдау арқылы кісі өлтірудің ең жоғары пайызы құрбанның тұрғылықты жерінде жасалады - 54, 9 % және оның қызмет ету орнында - 21, 6 %.

Өлтіру уақыты да қылмысты жасау әдісіне ықпал етеді де барлық жағдайларда қылмыскерлермен жәбірленушінің күн тәртібін ескере отырып анықталады. Жалдау арқылы кісі өлтірулер таңғы уақытта жиі жасалады, шамадан 08 сағаттан 11 сағатқа дейін. А. И. Бородулин байқап айтқандай: «қылмыскерлер осы тәулік уақытын артық көретіні бекер емес, себебі қызмет ететін тұлғалардың жұмыс күнінің басы көбінесе регламенттелген және құрбандар үйінен жұмысқа күнде бір уақытта шығады» [9, 80 б. ] . Таңертең де, кешке де - 19 сағаттан 23 сағат шамасымен, кісі өлтіру негізінде жәбірленушінің тұрғылықты жерімен байланысты жерлерде жасалады. Күндізгі уақытта кісі өлтірулер әдетте жәбірленушінің жұмыс орнында немесе күн тәртібімен байланысты басқа жерлерде сағат 12-ден 15-ке дейінгі уақыт аралығында жасалады.

Қарастырылып отырған қылмыстың түрі бойынша кісі өлтірудің тікелей әдісінде ерекше айырмашылығы жоқ. Орындаушы немесе орындаушылар болашақ құрбанды алдын ала белгілі бір жерде тосып алады немесе нақты жерде оның келуі туралы байланыс құралдары арқылы хабарланады, одан әрі қылмыстық жоспар жүзеге асырылады.

Сөйтіп, «Қордай» кеден постының бастығы Б. О. Шинтасовты өлтіру ісі бойынша қылмыскерлер өз қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру үшін жәбірленуші үйінің қасында орналасқан өзен каналының бойында күн сайын спорттық жүгірумен айналысқан жағдайды пайдаланып қалды. Ерте дайындап қойған жоспар бойынша белгіленген күні қылмысқа қатысушылардың бірі - Ф. Янгибаев жәбірленуші үйінің қасында болған, жәбірленуші кезекті спорттық жүгіруге шыққан сәтте ол туралы радиотелефон арқылы кісі өлтірудің орындаушысы Ю. Щелкуновқа хабарлады. Шартты белгіні алғаннан кейін қылмыстық топтың қатысушылары Г. Ақбаев пен Н. Шынболатов «Дэу Нексия» автокөлігімен Щелкуновты өзен каналының маңайындағы шартты жерге апарып тастады. Сыртқы түрін өзгерту мақсатымен Щелкунов одан бұрын оған берілген киімді киіп, өзімен МП пистолетін алып, Шинтасовқа қарсы барады. Жәбірленуші Шинтасов Щелкуновқа жақындаған сәтте Щелкунов өмірге маңызды мүшелеріне бірнеше көзделген ату жасады да таяу жерде күтіп тұрған «Дэу Нексия» автокөлігінде қылмыс жерінен көзден ғайып болды [32, 223 б. ] .

Бұрын айтылғандай, кейбір жағдайларда орындаушылар кісі өлтіру жоспарын өздері дайындайды, жәбірленушінің қатынас жолдарын зерттеуге ұзақ уақыт жұмсайды және жасырыну құралдарын қолданады, қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін қылмыстық жаза тартатын басқа әрекеттер жасайды - заңсыз атыс қаруын сатып алады, автокөліктерді айдап әкетеді және т. б.

Сөйтіп, «Қарметкомбинаттың» бас директоры А. Свичинскийді өлтірген орындаушылар - Литва тұрғындары Максимовичюс пен Юргелайтис, қылмыстық актіні жасау үшін оптикалық нысаны бар бесзарядты карабин «Маузер» мен иммитациялау жарылғышты қондырғылар сатып алған. Свичинскийдің өмір сүру дағдысын және қатынас жолдарын ұзақ уақыт зерттеп, түбінде кісі өлтірудің басқа нұсқауларын жоққа шығарып, жоспар дайындады. Жоспар бойынша қылмыс жәбірленуші комбинат ғимаратына келген сәтте өтетін болды. Осы мақсатпен бұрын сатып алынған заттардан бас тартып, олар заңсыз аңшы мылтығын сатып алып, Максимовичюс одан шолақ мылтық жасады. Өз жоспарын жүзеге асыру үшін олар бұдан бұрын ВАЗ-21013 автокөлігін айдап әкетіп, оны сыбайластарының гаражында жасырған. 1992 ж. 28 желтоқсан күні айдап әкеткен автокөлікпен олар комбинат ғимаратының қасына келіп Свичинскийдің жұмысқа келу сәтін күткен. Свичинский қызметтік автокөлігімен жұмысқа келгеннен кейін Максимовичюс әрі-бері өтетін бөлменің қасында Свичинскийге қарай жақындап, аңшы мылтығының шолақ мылтығынан оның басына атып, Юргелайтис отырған автокөлікпен қылмыс жерінен көзден ғайып болды. [42, 346 б. ] .

Зерттелген дерлік қылмыс істердің барлығында атыс жарақаттар жақын қашықтықтан жасалған. Бұл жағдай орындаушылардың алыс қашықтықтан ату ісінде кәсіби дағдылары жоқ деген жағдайды көрсетеді, сондықтан нысанаға дәлірек тию үшін жәбірленуші қысқа қашықтықта болған тактиканы қолданады.

Сонымен бірге, орындаушы қосымша бақылау атыс жасайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, «Алматыгорстрой» акционерлік компаниясының бас директоры И. Мильграмды өлтіру туралы іс бойынша кісі өлтіруді орындаушы - З. Салахутдинов өз құрбанына бес атыс жарақатын келтірген және оның өлімінде сенімді болу үшін басына алтыншы «бақылау» атыс жасаған[35, 118 б] .

Жалдау арқылы кісі өлтірудің ажыратылмас бөлігіне қылмысты жасау әдісінің элементі ретінде келетін қылмысты жасыру бойынша әрекеттер жатады. Әрине, жасыру әдісі криминалистік сипаттама элементтерінің бірі бола алады. Бірақ, атап айтқанда жалдау арқылы кісі өлтіру туралы істер бойынша жасыру әдісі тікелей қылмысты жасау әдісімен байланысты және оның элементі ретінде танылады.

Жасыру тәсілі белгілі дәрежеде қылмыстың түріне байланысты. Дегенмен, қылмыстың барлық түрлеріне тән жасырудың бірнеше тәсілдері де бар: қылмыс жерінде іздерін жою, жасанғансу, жалған алиби ұсыну; өз түрін өзгерту және т. б. Жалдау арқылы кісі өлтіруді жасау үшін ерекше тән жасыру тәсілдеріне келесілер жатады: куәларды өлтіру, қылмыс орындаушысын өлтіру, кісі өлтіруді орындаушының басқа жерге кетуі, қылмыс құралдарын жою немесе оқиға болған жерде тастап кету, автокөлік құралдарын пайдалану.

Қылмысты жасыруға бағытталған әрекеттер қылмыстық ойдың қатысушыларымен кісі өлтіру ісін жасауды дайындау сәтінен бастап жүзеге асырылады. Кісі өлтіру әдісі куәлардың орындаушылар мен олардың әрекеттері туралы ақпарат тасушылардың саны аз болатындай етіп іріктелінеді. Осындай куәлар жәбірленушімен бірге өлтірілген жағдайлар да кездеседі. Мысалы, З. Салахутдинов тұрғын үйдің қасында пистолеттен И Мильграмды бірнеше рет атқаннан кейін қылмыс жерінен көрінбей кетіп қалғысы келген. Бірақ, жәбірленушінің жүргізушісі Д. Тарасов атысты естіп қалып, кісі өлтірушіні қуа жөнелді. Сонда Салахутдинов куәдан құтылып, қуғыннан босау үшін оны да атып тастады [36, 142 б] .

Кісі өлтіруді жасау барысында автокөлікті пайдалану да жасыру тәсілі болып табылады. Автокөлік шамаланған қылмыс жеріне тез және көзге түспей жету үшін ғана емес, сондай-ақ тез қысқа мерзімде кісі өлтіру жерінен кетуді қамтамасыз ету үшін арналады.

Жалдаушының қылмыстық әрекеттерін жасыру әдістері келесілер болып табылады: жалған алиби құру, кісі өлтіру жасалған кезінде оның басқа ауданға немесе қалаға кетуі, жәбірленушінің туысқандарымен, әріптестерімен және т. б. қоса қайғыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалдап адам өлтірудің түсінігі
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қылмыстық істер туралы
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық ұғымы
Кісі өлтіру
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыс ұғымы және олардың түрлері
Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсет
Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік жағдайлар және тергеуші әрекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz