Ражиожурналистиканың функциялары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақ радиожуранлистикасының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Ақпараттық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Мәдени ағартушылық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ

Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз. Ал радиода арнайы уақыт жұмсап, күтудің қажеті жоқ. Кез-келген адам жұмысын істеп жүріп-ақ, радиодан берілген хабарды құлағымен естіп, көңілге түйе алады. Радионың бұл қасиеті КСРО-дағы қауырт еңбек кезінде өзін байқата алған. Әсіресе, соғыс кезінде, халық ақпарат алудың негізгі құралы ретінде радиоға басымдық береді.
Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай “қазіргі сөз макулатурасы көбейген кезде қалың бұлттан жарып шыққан, түн түнегін түріп” тастаған айдай болып тіл қататын” әуе толқынының әйгілі жүргізушісі болу үшін журналистиканың барлық мүмкіндіктерін жете пайдаланып, мың құбылған тәсілдер мен әралуан пішіндердің сан қилы қисындары мен толып жатқан ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, аудиторияны баурап алатын тартымдылық, шешендік өнер мен интеллектуальдық деңгейдегі тапқырлықты өз образы, өз имиджі ретінде бойына сіңіріп, қалыптасқан қолтаңбасы ретінде халыққа ұсынуы керек. Бірақ, журналистің елдік тұлға дәрежесіне көтерілуі үшін бұл әлі жеткіліксіз. Өйткені, ол - қоғамдық пікір қалыптастыратын БАҚ өкілі. “Судың да сұрауы бар” демекші, эфирдегі жүргізуші сөзі де белгілі бір жауапкершілік шеңберінен аспауы шарт. Іс-әрекет мазмұны кестесінде бұл ереже – норма – заң ретінде көрініс тапқан.
Болашақ журналист ретінде өзіміздің кәсіби біліктілігімізді арттыруда теориялық ілімдерге баса назар аудару, университет қабырғасынан мүмкіндігіміз жеткенше білім алу, біздің басты міндетіміз. Соның нәтижесінде біз университет қабырғасында жүріп, өз мамандығымыздың өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар боламыз. Демек, болашақ мамандығымызды тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану біздің қазіргі таңдағы қажетті сұранысымызға айналып отыр деген сөз.
Соған орай осы еңбекте, қазақ радио ғылымының атасы, Н.Омашевтің "Радио журналисика" және "Қазақ журналистикасы" (ІІІ том) еңбектерін М.Барманқұлов кітаптарын негізге ала отырып, және басқа да ғалымдардың еңбектері бойынша, бүгінгі радионың сан қырлы міндеттерінің, Н.Омашев бөлген үш негізгі тобына:
1. Ақпараттық міндеттері;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. М.Барманқұлов, Журналистика. А., 1975 ж. 125-б.
2. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 6-7 б.
3. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 10-11 б.
4. Н.Омашев, Радиожурналистика, А: Эканомика, 2005 ж.120-122 б.
5. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 32-34 б.
6. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 15 б.
8. Н.Омашев, Радиожурналистика, А: Эканомика, 2005 ж.23-25 б.
9. Исакович М. Общая акустика. – М., 1973. [37-41 бб]
10. Основы радиовещания. – М., 1993. [128-140 бб]
11. Радиоискусство. Теория и практика. – М., 1983. [12З-141 б]
12. Основы радиовещания. – М., 1993. [128-140 бб]
13. Н.Омашев, Радиожурналистика, А: Эканомика, 2005 ж. 36-37 б.
14. Барманкулов М. Журналистика для всех. – Алматы, 1979. [45-50 бб]
15. Введение в журналистику: Хрестоматия сост. П. Прохоров - Москва: Высшая школа, 2006г.
16. Корконосенко С. Г. Основы журналистики: Учебник для вузов. — М.: Аспект Пресс, 2001.- 287 с.
17. Федотова Л.Н. Анализ содержания - социологический метод изучения средств массовой коммуникации. - М.: Научный мир, 2001. - 214с.
18. Фомичева И.Д. Социология интернет-СМИ: Учебное пособие / – М.:Факультет журналистики МГУ им. М.В. Ломоносова, 2005.
19. Першке Г. Журналистика как отрасль духовного производства, в сб.: Основные понятия теории журналистики. М., 1993

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақ радиожуранлистикасының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7
1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Ақпараттық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Мәдени ағартушылық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз. Ал радиода арнайы уақыт жұмсап, күтудің қажеті жоқ. Кез-келген адам жұмысын істеп жүріп-ақ, радиодан берілген хабарды құлағымен естіп, көңілге түйе алады. Радионың бұл қасиеті КСРО-дағы қауырт еңбек кезінде өзін байқата алған. Әсіресе, соғыс кезінде, халық ақпарат алудың негізгі құралы ретінде радиоға басымдық береді.
Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай "қазіргі сөз макулатурасы көбейген кезде қалың бұлттан жарып шыққан, түн түнегін түріп" тастаған айдай болып тіл қататын" әуе толқынының әйгілі жүргізушісі болу үшін журналистиканың барлық мүмкіндіктерін жете пайдаланып, мың құбылған тәсілдер мен әралуан пішіндердің сан қилы қисындары мен толып жатқан ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, аудиторияны баурап алатын тартымдылық, шешендік өнер мен интеллектуальдық деңгейдегі тапқырлықты өз образы, өз имиджі ретінде бойына сіңіріп, қалыптасқан қолтаңбасы ретінде халыққа ұсынуы керек. Бірақ, журналистің елдік тұлға дәрежесіне көтерілуі үшін бұл әлі жеткіліксіз. Өйткені, ол - қоғамдық пікір қалыптастыратын БАҚ өкілі. "Судың да сұрауы бар" демекші, эфирдегі жүргізуші сөзі де белгілі бір жауапкершілік шеңберінен аспауы шарт. Іс-әрекет мазмұны кестесінде бұл ереже - норма - заң ретінде көрініс тапқан.
Болашақ журналист ретінде өзіміздің кәсіби біліктілігімізді арттыруда теориялық ілімдерге баса назар аудару, университет қабырғасынан мүмкіндігіміз жеткенше білім алу, біздің басты міндетіміз. Соның нәтижесінде біз университет қабырғасында жүріп, өз мамандығымыздың өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар боламыз. Демек, болашақ мамандығымызды тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану біздің қазіргі таңдағы қажетті сұранысымызға айналып отыр деген сөз.
Соған орай осы еңбекте, қазақ радио ғылымының атасы, Н.Омашевтің "Радио журналисика" және "Қазақ журналистикасы" (ІІІ том) еңбектерін М.Барманқұлов кітаптарын негізге ала отырып, және басқа да ғалымдардың еңбектері бойынша, бүгінгі радионың сан қырлы міндеттерінің, Н.Омашев бөлген үш негізгі тобына:
1. Ақпараттық міндеттері;
2. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеттері;
3. Мәдени-ағартушылық міндеттеріне, анықтама беріп өтеміз.
Тақырып өзектілігін ашу мақсатында Қазақстандағы радионың алғаш пайда болған кездегі қоғамдық сана қалыптастырудағы міндеттері мен сол бағыттағы еңбектеріне тоқталамыз. Және бүгінгі таңдағы радионың атқарып отырған негізгі міндеттері мен қызметін қазіргі журналистиканың жанырларына деген көзқарастарды саралаймыз.
Зерттеу жұмсының мақсаты-радио журналистиканың басты міндеттеріне (функцияларына) теориялық тұрғыдан сипаттама жасау.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Ақпараттық функциясына теориялық тұрғыдан тоқталып өту;
- Қоғамдық әлеуметтік топтастыру функциясына сипаттама беру;
- Мәдени-ағартушылық функциясының теориялық тұрғыдан мәнін ашып, оның маңызды тұстарын ерекше атап өту.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ РАДИОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Қазақ жерінде әуе толқынына таралған алғашқы радио хабар туралы қоғам арасында әлі күнге нақты пікір жоқ. Қоғамда қазақ радиосының пайда болуы туралы сан алуан пікірдің қалыптасуы, олардың бір байламға түсірлмеуі қазақ радиосының туған жылын белгілеуде жаңсақтыққа ұрындыруда. Белгілі ғалым Марат Барманқұлов радионың пайда болуы жайындағы пікір алуандығын былай түсіндіреді: "Қазақстанда жаппай хабар бере бастау уақытын анықтаудағы кездесетін қиындықтар мынаған байланысты,зерттеушілер бұл хабарды: а) өзіндік хабарға, ә) Мәскеу хабарына, б) республика хабарына, в) жергілікті хабарға, г) радио хабарға, ғ) Морзе әліппесі көмегімен берілетін деп деп бөледі. Ал бұған республика астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан кейін Алматыға көшірілгені келіп қосылады.[1]
Ғалымның бұлай деуіне негіз бар. Мысалы "Полвек в пути" жинағында жаряланған мақалаларында осы салаға біраз жетекшілк жасаған Н.Сыздықов пен И.Колчин: "Қазақстанда радио алғаш рет 1923 жылы жұмыс істеді" -дейді. Бірақ олардың қандай дерекке сүйенгені көрсетілмеген. Радиостанцияларды қабылдап таратушы, тек қабылдаушы немесе таратушы болып бөлінетінін ескерсек, олардың тұжырымына күмән көбейе түседі.
Қазақ радиосының тарихын зерттеушілерінің бірі- Р.Сағымбеков "Алматыдан сөйлеп тұрмыз" кітабында : "1912 жылы Александр фортындағы радиостанцияның меңгерушісі Шпанов-Егоров, Түркістан пошта-телеграф округінің жоғары мәртебелі бастығына кезекті шағым жолдап,стансаға іргелес салынған тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы сұрайды"-дейді.
Профессор М.Барманқұлов алдыңғы зерттеушілерге қосылып, "Қазақстандағы алғашқы радио станция 1913 жылы Форт-Александровскіде жұмыс істеді. Ол Ресейдің бұрыш-бұрышындағы 16 радио станцияның бірі еді",-деп жазады.
Қазан револютциясынан бұрынғы патша Ресей тұсындағы байланыстың жүйесін қарастыратын кітаптың (Развитие связи в СССР, М,1967) "Радио байланыс" деп аталатын бөлімшесінде осыған байланысты біраз нәрсе айтылады. Ресейдің пошта және телеграф басқармасына қатысты комерциялық радиостанциялар құрылысы 1909 жылы жаңадан салына бастайды. Оған ашық теңіз үстіндегі корабільдермен байланыс жасау үшін жағалаулардағы радиостанциялар салу жөніндегі халқаралық конвенция түрткі болыпты. Осындай радиотелеграфтық желі Ресейдің оңтүстік бөлігіндегі Форт-Петровскіні байланыстыратын.
Осында келтірілген деректерден шығатын қортынды мен біз жоғарыда талдаған мұрағаттық деректер сәйкес келеді. Егер радиостанца жұмысын 1912 жылы бастаған болса, оған қажетті бөлшектердің жетпеуі жайлы шағымның 1913 жылы жазыуы, тұрғын үйдің тарлығы, жарамсыздығы жайлы екі-үш жыл өткізіп барып шағымдануы заңды құбылыс.
Қазақстанның сол кездегі халқының үштен бір бөлігі қоныстанған Сырдария мен Жетісу губерниялары Түркістан Республикасына қарады. Сондықтанда осы Республиканың орталығы, қазіргі Өзбекстан астанасы, Ташкент қаласында таратыла бастаған радио хабарларды тек өзбек ағайындарға теліп қою біржақтылық болар еді. Өйткені ол округте тұратын барлық халықтардың тұрғылықты тілдерін қолдануы бірдей болған еді. Оған "Радиослушатель" журналында (1928,№ 5) басылған мына бір мақала дәлел бола алады. "Қарақұм қаласынан Ташкентке жергілікті ұлтынан өкіл келді. Ол Ташкеттің радиостанциясына қазақ тілінде хабар тарату өтініш жасады. Болыстың көптеген қыстаулары мен ауылдарында дауыс үдеткіштер мен қабылдағыштар барлық бартын. Радиостанция өз бағдарламасына қазақ тілінде хабарларды енгізді".
Сонымен, Қазан революциясына дейін Форт-Александровскі мен Түркістанда радиостанцалар болды. Олардың жұмысы мынаған саяды.
Біріншіден, радиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ. Ұйымдастырушылар мен алдына ондай мақсатты қойған жоқ. Радиохабарды тек байланыс үшін қолданып желілі телеграфты қайталады.
Екіншіден, Радиостанцияалар мемлекетке қарағанымен,шын мәнісінде түрлі ведомостваларға қызмет етті. Олар: әскери және әскери-теңіз,сол сияқты пошта-телеграф ведомоствалары еді. Еліміздің барлық радиостанцияаларын бір мақсатқа бағындыратын,оның дамуын қадағалап отыратын жеке ұйым болған жоқ.
Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі балық радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстыратын желі қызметін атқарды. Олардың әскери байланыстағы рөлімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы еді.[2]
Қазақ радиосының туғын жылын нақтылауда бір мәселенің басы ашық болуы керек. Егер радио мекемесінің толық атауы "Радиовещание", яғни радио тарату екенін ескерсек,радионың алғашқы байланыс құралы ретіндегі рөлін бұған жатқызуға болмайды.
Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылға 29 кыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда қазан айынан бастап Орынбордағы радиостанца арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға тарату құқы берілді. Ендеше 1921 жылдың қазан айын республикалық Қазақ радиосының туған күні деп атауға толық негіз бар. Өйткені бұған дейін ресми түрде ондай құқық беріліп,республика әуе толқынына тараған радио хабар болған жоқ. Дәл осы айдан бастап арнайы кесте (сетка) бойынша республикада жұмыс істеп тұрған радиостанциялар арқылы елді мекендердің барлығына дерлік жүйелі түрде хабар таратылғанын айғақтайтын дәлелдер бар. Мысалы, Орынбордағы орталық станца тәулігіне екі рет белгілі уақытта Мәскеуден берілетін РОСТА-ның хабарын транцляциялады. Ертеңгісін және кешкісін бір сағаттан өздері дайындаған бюллетень түріндегі радиохабарын тарататын.[3]
1.1 Қазақ радиожурналистикасының даму кезеңдері

Қазақ халқының мәдениетін, тілін, тарихын. дінін тб ұлттық нақыштарын ғасырдан-ғасырға жетелеп, насихаттап келе жатқан радиожурналистика,бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да салалары тәрізді ол да тарихта өз ізін қалыптастырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз Ресей империясымен байланысты болғандықтан,әрі радионың отаны да сол ел екенін ескеріп, қазақ радиожурналистикасының дамуы да сол елмен сәйкестендіріліп зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдамасын негіздей отырып қазақ радиосының даму кезеңдерін, төмендегіндей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

1. Радио бағдарламалардың қалыптасу кезеңі 1921-1927 жж.
2. Тоталитарлық мемлекет радиосы 1927-194 жж.
3. ҰОС жылдарындағы радио 1941-1945 жж.
4. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын
қалпына келтіру кезеңіндегі радио 1945-1950 жж.
5. Тоталитарлық мемлекет
және әлеуметтік тоқырау дәуірі 1950-1985 жж.
6. Қайта құру және жариялылық радиосы 1985-1991 жж.
7. Нарық кезеңіндегі радио 1991ж. - бері қарай

Қазақ радиожурналистикасының пайда болуы,дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы тікелей РОСТА-ның жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресейдің ықпалымен қазақ даласында Түрік РОСТА-ның құрылуы үлкен жаңалық болды. Түрлік РОСТА-ның міндеттері мен атқарған қызметтері жөнінен зерттеу деректері төмендегіндей: "Түркістан телеграф агенттігі алғашқында ақпараттық хабарларды түр-түрге бөлген жоқ. Олар негізін орталықтан түскен және жергілікті ақпарат болып шартты түрде екіге бөлінді. Орталықтан алынған ақпарат елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар,совет үкіметінің дерективалары жөнінде жөнінде түсінік береді. Түрік РОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет тыңдаушыға ақиқат факті жеткізуге болады. Бұқара халықты совет үкіметін орнатуға қатыстыру жолында жүргізіліп жатқан табанды күрес кезінде, шыншыл хабар беруге аса үлкен көңіл бөлді. Жұртты жаңылдыратын материялдар бергеннен гөрі тексеруден өткізіп барып, тарату негізгі принціпке айналды.
Ресейдегі радио қозғалыс өрістеген сайын Түрік РОСТА-ның қызметі де жандана түсті. "Алғашқы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты,1928 жылдың ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы-300-дей, бұдан басқа фабрика завоттан-179, колхоздардан-100-деген радиогазеттер 29 халықтың тілінде шығып тұрды",-деген деректер келтірілген еді "Әуе толқынында-Қазақ радиосы" атты еңбекте.
"Осы жылдар хабарларын әлеуметтік-саяси бағыттарына қарап төмендегіндей бөлуге болады:
- қоғамдық-саяи;
- ағартушылық;
- көңіл көтерушілік;
Ал пішіндік жағынан:
- радиожиналыс;
- радиотеатр;
- радиоүндесу;
- радиоконцерт"- деп "Қазақ радиожурналистикасы" атты еңбекте қарастырылғанын ескерсек,бұл анықтаманың Қазақ радиосының соңғы жылдардағы хабарларына да қатысты екенін,тіпті көп тұста қайталанып та келгені анық.[4]
Қазақстанда 20-жылдардың басында радиостанциялары бар жерлерде радиоәуесқойлар үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Олар әуесқойларға радио ісінің негіздерін оқытумен қатар, детектролық радиоқабылдағыштар жасауды үйретті. Еңбекшілердің бұл бастамасы Қазақстанда, Радио Достар Қоғамын құруға алып келді. Сөйтіп ол радионы насихаттау жөнінде радиоқабылдағыштар жасау мен орнатуда, әуесқойларға көмек көрсету жөнінде, қалалар мен селоларда радиоландыру ісінде үлкен жоспарлы жұмыстар басталды.
Сөйтіп радио шалғайдағы ауылдар мен қалаларды,деревнияларды орталықпен байланыстырда және оларға күн сайынғы еліміздің саяси,мәдени және өнеркәсіптік өміріндегі соңғы жаңалықтарын жеткізді. Әрине олардың дүние танымы да кеңейтілді. Осылайша халықтардың жалпы мәдени және саяси деңгейін арттыра отырып,ол ғасырлар бойы қатып-семген түсінікке қарсы күрес үшін қуатты қару, біздің артта қалған ауыл шаруашылық өндірісімізді айтарлықтай алға бастыратын тұтқа болды. Радиоқондырғыларды деревнияларда молайта отырып, сол арқылы саяси ағарту жүрігізіп қана қоймай. экономикалық қуатын күшейтті.[5]

1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы

Кеңес үкіметі алғаш орнай бастаған күннен бастап комунисттік идеологияны халық санасына сіңіру жолында аянбай тер төкті. Бұл орайда қызыл үкімет басшылары, Ресей тәрізді бірнеше ұлт аймақтарынан құралған, әрі сол аймақтармен қатынасудың машақаты бол, жолдары жоқ, ұлан ғайыр империя тізгінін қолдарына алғанда, ең әуелі, сол алыс қыйырлармен байланыс орнатып, ішкі Ресейде орын алып жатқан өзгертулермен хабардар етіп отыруды, және қалың бұқараны тап жауларына қарсы күреске жұмылуға насихаттауда осы радионы қолдануды жөн көреді. Бұған дәлел ретінде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-револютциялық комитеттің төрағасы болған Пестковскийдің "Таптар күрес" газетіне жазған мына мақаласын ұсынуға болады:
"Мәскеуге партия съезне немесе Кеңестер съезне келген сайын мен Ильичпен көптеген сұрақтар төңірегінде кеңесетінмін...
Осындай әңгімелесу үстінде... мен өзге емес өз тілінде не жаза, не оқи білмейтін көшпелі қазақ ауылдарының арасына партиялық және ағарту жұмыстарын жүргізудің қиындығын айттым. Владимир Ильич ойланып отырып: - Мен сізге практикалық кеңес берейін. Кеңес үкіметінің Конституциясын,Компартияның принціпін,ұлттық саясат туралы бірнеше баяндама ұйымдастырыңыз. Бұл баяндамаларды грамафон күйтабағына түсіру керек. Сонсоң біздің орган арқылы граммафонды көбейтіп алуға болады. Граммафон мен күйтабақты көшпелі қазақ ауылдары арасына үлестіріңіз. Осылайша үгіт пен насихат жұмысының негізін салыңыз"-деді.[6]
Бұдан бөлек ҰОС жылдарында кеңес халқын отанды қорғау жолында жаппай еңбек етуге үндеп, әскерлердің рухын ояту барысында осы радионың еңбегі ерекше зор болды. Күндіз-түні бел жазбай завот стандарында, колхоз шаруашылығында еңбек етіп жүрген қарапайым халық елде, майданда болып жатқан жаңалықтарды осы радио торпатарынан алып отырды. Және үкімет басшыларының жаудан елді азат ету туралы үндеулерін ести отырып, қанша жерден шаршап жүрсе де, еңбекке жаңаша сипатта беріле түсіп, құлшыныстарын арттырды.
Соғыстан кейінгі социалистік құрылыс орнату кезеңінде де радионың ағартушылық міндеті мен қоғамдық сана қалыптастыру және азаматтардың жүрегінде комунисттік қоғам орнатуға деген сенімді нығайтуда бұқаралақ ақпарат құралдарының, оның ішінде радионың орны ерекше болды.
Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне, мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті [7].

ІІ ТАРАУ. РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. Функция сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына 3 факторға назар аударамыз.
1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады,яғни ол көп функциональды.
2. Хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін қашырып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.
3. Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.
Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет етеді.
Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады.
І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.
ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары.
ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және демалдыру -- ойын-сауықтық функциялары.
Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. [8]

2.1 Ақпараттық міндеті.

Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды.
"Ақпарат" сөзінің бірнеше баламасы бар,біз тар және нақты мағнасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді.
Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады,әдетте, кешкісін кешкісін қортындыларын шығарып түйіндейді. Кез-келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанцияалар жаңалықтар топтамасына баса
назар аударады, олар хабар тарату кестесінде турақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әртүрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың мақсат-мұраты бағыт-бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Радиожурналистің басты мақсаты ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс.
Осыдан келіп, радионың жарнамалық міндеті шығады. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол -- белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады.
Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер журналистік әдіс-тәсілдермен сәйкес келеді. Тыңдарманды селт еткізіп, көңілін аулауда юмор, метафора кең қолданыс тапты. Жарнама сценарийін жазуға ерекше талап қойылатын болды. Қысқа уақытта оқырмандар мен тыңдарманның назарын аудару, пайдалы ақпарат беру және соны санасына сіңіру шығармашылық иесінен еңбекқорлықты, ізденуді, жалықпай үйренуді талап етеді. Жарнаманың үздік үлгілері қалыптасып та үлгерді, жыл сайын үздік туындыларға бәйге тағайындалып та жүр. Міне, мұның бәрі журналистің шығармашылық шабытына қозғау салып, қиялын ұштайтын, қаламын қатайтып, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін факторлар болып табылады.
Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады[9].
Радионың ақпараттық міндеттерінің келесі бар тобына Корреспонденция жанрын жатқызуға болады. Онда болған оқиғаның мәні мен сипаты баяндалып, тілші тарапынан баға беріледі. Сондықтан да, оқиғаны кеңінен қамту мен қорытынды ой айту корреспонденцияның негізгі екі элементі болып табылады. Ақпараттың уақыт мөлшері 30-45 секунд көлемінде болса, ал корреспонденцияның көлемі 1,5-2 минутқа дейін созылады.
Корреспонденцияда факті хабарланады, сондай-ақ, факті туралы оны хабарлаушының пікірі беріледі. Негізінен, корреспонденцияны тілші микрофон алдында өзі баяндайды. Оқиға куәгерінің өз аузынан айтылған әңгіме әсерлілігімен, нанымдылығымен тыңдармандарды баурап алады. Ал корреспонденция диктордың оқуындағы мәтін түрінде берілсе, онда міндетті түрде біздің тілшіміз хабарлағандайдеген мәлімдеме жасалады[10].

2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті

Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды. Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші.
Радиохабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді.
Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез-келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист обьективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.
Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін журналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп журналистиканың интеграциялық міндеті туындайды. Журналистика қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы функциялар
Бессель теңдеуінің шешімі
СИММЕТРИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР
C программалау тілі туралы
Жоспарлау функциясы
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Құқық функциялары
MS Excel - дегі формулар мен функциялары
Стандартты хэштеу алгоритмдері
Мемлекеттің функциясы
Пәндер