Инвестицияларды қаржыландыру көздері экономикалық мәні мен мазмұны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Инвестициялық іс.әрекеттің механизмі мен қағидалары
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс.әрекеттің мәні
1.2 Инвестициялық іс.әрекеттің механизмі мен қағидалары
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс.әрекеттің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс.әрекетті қолдау
2.3 Инвестициялық іс.әрекеттің негізгі қиыншылықтары
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 ҚР іс.әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру
3.2 2003.2015 жылдарда республикадағы индустриалды.инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.
Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның модернизациясы. Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді [1].
Аймақта қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әртүрлі толық кешенді шаралар алу, осы кезең үшін аймақтағы инвестициялық климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі.
1.Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы;
2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы;
3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы;
4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы;
. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:
- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;
- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;
- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;
- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.
Қазіргі кезде қолайлы инвестициялық климат жасау еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:
- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;
- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;
- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1. “Инвестициялар туралы” Қазақстан Респуликасы Заңы 2003 ж. 8 қаңтар.
2. Шетел инвестициярлары туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1994 жылы 27 желтоқсан № 226.
3. Мыльник Д.Г. Инновационный менеджмент - М.:2001
4. Қазақстан Респуликасы Конституциясы. Алматы, 1998 ж.
5. Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995 ж.
6. “Қазақстан-2030” Стратегиясы. Алматы, 1997 ж.
7. Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1997 жылы 28 ақпан.
8. Экономиканың басым салаларында инвестициялық іс-әрекетін жүзеге асырушы инвесторлармен елісімшартқа отыру барысында жеңілдіктер мен преференциялар беру процедураларын жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы Инвестиция жөніндегі Агенттігі төрағасының бұйрығы. 2000 ж. 14 сәуір.
9. Индустрия және сауда министрлігінің, инвестиция жөніндегі комитетінің статистикалық және аналитикалық мәліметтері.
10. Инвестицияны тиімді бағалау. / Саясат.-2003 -№ 10.
11. Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация. // МЭ и МО-2003-№2 б.42-47.
12. Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері // Ақиқат.-2000-№4-72-75 б.
13. Доронина А.Г. Регулирование иностранных инвестиций. // проблемы международного частного права. – М:2000
14. Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-№1 б. 161-166.
15. Инвестиционная активность как главный индикатор // Евразийское сообщество -2004-№1-б 1033-108.
16. Караваев В. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу // Проблема теории и практики управления.-2002-№2
17. Инвесторлар мүддесі мен мемлекет мүддесінің оңтайлы арақатынасы // Егемен Қазақстан.-2000 ж. 9 желтоқсан.
18. Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента - Алматы: Ғылым, 1999-264 б.
19. Каренов Р.С. Производственный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1996-232 б.
20. Каренов Р.С. Инновационный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1997-184 б.
21. Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики – Алматы: Ғылым, 1998 ж.

1 Инвестицияның әдістемелік мазмұны
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар - бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.
Портфельді инвестициялар - құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті - қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель - бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы [2].
Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.
Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу - қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады - патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.
Реинвестициялар - бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.
Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының "Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекет инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.
Инвестициялық іс-әрекет - коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді ұлғайту немесе құрудағы заңды немесе жеке тұлғалардың іс-әрекеті.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушелер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа инвестициялық жобаны іске асырушы және заңды тұлғалар жатады.
Инвестициялық жоба - қызмет етуші өндірістерді кеңейту және жаңарту, жаңаны құруға инвестиция қамтитын шаралар кешені.
Инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асырушы ҚР-ң заңды тұлғаларына берілетін адрестік сипаттағы артықшылықтар.
Инвестор - ҚР-да инвестицияны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Инвестициялық талас - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын талас.
Мемлекеттік натурлық гранттар - ҚР-дың заңды тұлғасына инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ақысыз меншікке немесе жер пайдалануға берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлік.
Құзыретті орган - келісімшартқа отыру және орындалу барысын бақылауменен тікелей байланысты құқықтары берілген орталық атқарушы орган
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары
Инвестициялық іс-әрекет - мемлекеттің жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады.
Құрылымдық қайта құру институционалдық реформалармен қатар Қазақстанда болып жатырған экономиканың орталықты жоспарлаудан әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылыққа трансформациалануда маңызды бағыт болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялық іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы - экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде - шамамен 13, Франция мен Нидерланд елдерінде - 12, Швецияда - 23 артық.
Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі
Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалардың сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады (1 сурет).
Мемлекеттік қаржы өзінің құрамына келесілерді енгізеді:
- мемлекеттік бюджет;
- бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие жүйесі;
- сақтандыру жүйесі.
Қаржыландыру жүйесі
Мемлекттік қаржы
Шаруашылық етуші субъектілер қаржысы
Сурет 1- Қаржыландырудың құрамды өзара байланыс бөлігі
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтанған қорын жинақтау формасы болып табылады және мемлекеттік билік органдарының қызмет етуін, елдің қорғанысы, халықшаруашылығының негізгі бағыттарын қаржыландыруға, әлеуметтік мәдени шараларын қамтамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қоғамдық өндірістің және тұтастай елдің даму қарқынына әсер ету мақсатында ұлттық табыстың бөлінуі жүзеге асады.
Бюджеттен тыс қорлар үкімет пен жергілікті басқару органдарының қаржы ресурстарын білдіреді, олар мемлекеттік бюджетке енбейтін қаржы ресурстары. Бюджеттен тыс қорлардың негізгілері: зейнетақы қоры, сақтандыру қорлары.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыландыру жүйесі бөлу және бақылау функцияларын атқарады.
Бөлуші қызмет нақты бір шаруашылық етуші субъектіні қажетті қаржы ресурстарымен қаматамасыз етуге арналған.
Бақылау функциясы қаржы ағымы мен олардың көлемдік шығындарын талдауға әкеледі. Бұл функциялардың орындалуы нақты шаруашылық субъектілері қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланғаны туралы тұжырым жасауға мумкіндік береді. Бақылау функциясы жүзеге асырылуының құралы ретінде қаржы ақпараты бар. Бұндай ақпаратты шаруашылық етуші субъекттің бухгалтерлік, басқару, статистикалық және оперативті есептілігінде болады.
Ұйымның инвестициялық қызметтегі қаржыландыру жүйесі бірнеше мәселелері шешімімен байланысты. Бұл мәселелердің шешімі дегеніміз ұйымның инвестициялық қызметін негізгі және айналым құралдарымен мүліктік құқықпен, материалдық емес активтермен, несиелермен, жер пайдалану құқығымен қамтамасыз ету. Ұйымды инвестициямен қамтамасыз етуде қаржыландыру келесі кезеңнен өтуі қажет:
- ұйымның инвестициялық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын алдын ала іздестіру;
- қаржылық стратегияны әзірлеу;
- жедел қаржы жоспарын әзірлеу;
- әлеуетті инвесторлармен келісімшартқа отыру.
Ұйымның инвестициялық қызметінің қаржыландыру жүйесі келесі принциптерге сүйенуі керек:
қаржыландыру жүйесінің максимальді нәтижеге мақсатты бағытталуы;
инвестициялық қызметтің заңды қорғалуы және қаржылық негізділігі;
қаржыландыру көздерінің неғұрлым көп болуының жеткіліктілігі;
қаржыландыру жүйесінің нақты жағдайда икемділігі мен бейімділігі.
Инвестициялық қызметті жақсы ұйымдастырылған қаржыландыру
жүйесінің болуы ұйымның қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде бұл жүйе стратегиялық мақсатқа, сонымен бірге тактикалық мақсатқа жетуге әсер етеді.
Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері көп көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері үш түрге бөлінеді (2 сурет).
Меншікті
Тартылған
Қарызға алынған
Қаржы көздерінің түрлері
Сурет 2- Қаржыландыру көздерінің түрлері
Ұйымның жеке қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың жинақтары ретінде болады. Одан басқа жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады.
Тартылған қаржы ресурстары акция, еңбек колективі жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады. Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады (3 сурет).
Нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет деңгейінде де, ұйым деңгейінде де қаржыландыру көздерінің құрамы пайдаланады.
1.3Шетел тәжірбиесі: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі
Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты - қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.
Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық деңгейден төмен ұстау.
Мемлекеттік несие және бағаларды бақылау.Фирмалардың инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда маңызды рөлді банктік несие ойынады. Мемлекет несие құны мен оның ағымының бағытына белсенді әсер етті.АҚШ тәжірибесі қызықты, өйткені 80 жылдардың басында инфляция мен өндіріс құлдырауы қатар келген жағдай, белгілі бір деңгейде 90 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстандағы жағдайға ұқсастығына байланысты.
Әр елдің корпорация қызметін қаржыландырудағы айырмашылықтарына қарамастан, басты рөлді ішкі көздер (бөлінбеген пайда мен амортизациялық аударымдар) және банктік несиелер ойнайды. Сонымен бірге акционерлік капиталдың рөлі әлсіз болды (Тайваньді есептемегенде). Әлемдік Банк мамандарының айтуынша: "Тек экономиканың жетілуіне байланысты акция және облигация нарықтарын құру мен тиімділігін арттыруға күш салынды. Бұл нарықтардың маңызы өссе де, осы елдердің қарқынды даму кезеңінде инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың басты факторы болмады".
Дамушы елдердің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда мемлекеттік қаржылық институттар маңызды рөл ойнады. Мәселен, Оңтүстік Кореяның несие-қаржылық аясында мемлекеттік институттар басым болды, себебі жеке банктік несиелік институттар 80 жылдардың бірінші жартысында пайда болды және 90 жылдардың басында рудименттік күйде болды.
Мемлекеттік несие-қаржылық институттар Жапонияның өнеркәсіптік құрылымын модернизациялауда маңызды орын алды, әсіресе алғашқы сатысында. 1955 жылы мемлекеттік қаржылық институттар займы арқылы жапон фирмаларындағы жаңа өнеркәсіптік жабдық сатып алуға 32%-ы қаржыландырылды, 1965 ж. - 16%, 1980 ж. - 17,6% және 1990 ж. - 8,1%.
Жапония өнеркәсібінің дамуына үлкен әсер еткен үш мемлекеттік қаржылық институт болды. Олар - Даму Банкі, Экспорттық-импорттық Банк және шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Корпорация. 80 жылдардың басында жапон фирмаларына ұсынылған займдар үлесі: металл бұйымдарының өндірісінде - 15,7%, қара металлургияда - 12,4%, құрылыс материалдары өндірісінде - 12,9%, жалпы машина жасауда - 8,4%, түсті металлургияда - 7,7%, химия өнеркәсібінде - 6,3%, электротехникалық машина жасауда - 5,7%.
Мемлекеттік Даму Банкі берген займдар маңызды функция атқарды. Жоғары дәрежеде осы займ есебінде электроэнергетика, газ және сумен қамту қаржыландырылды (аталған сала компанияларының алған зайымдарының жартысынан көбі). Сонымен қоса мемлекет тұрғысынан басымды саналатын қызмет аясында жеке қаржылық ұйымдардың зайымдарының катализатор рөлін атқарды.
Даму банкінің займдары әдетте инвестициялық жоба құнының 30-50%-ын жауып отырды және 5 жылдан 15 жылға дейін, сонымен бірге жеке банк несиелерінен гөрі төмен пайызға берілді. Осындай займ алатын фирмаларға банкте соманың 10%-ын құратын депозит ашу керек болмады.
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік ынталандырудың маңызды бағыты - пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу.
Американдық экономист А. Амсден айтуынша, "Оңтүстік Кореялық 25 жылдық экономикалық дамуының көп бөлігінде ұзақ мерзімді несие таңдаулы фирмаларға белгілі салалалдың дамуын ынталандыру мақсатында теріс нақты пайыздық мөлшерлеме бойынша үкіметпен бөлінді".
Әлемдік Банк мамандары аталған елдерде салықтық, тарифтік және валюталық саясат инвестор-фирмалардың инвестициялық тәуекелділігінің бір бөлігін азайтты және қалыпта масштабта пайыздық мөлшерлемені түсіріп қоймай, капитал импортын бақылады және инвестициялық тауарларға төменгі баға ұстағанын айтады.
А. Амсден есептеуінше, "Оңтүстік Корея тәжірибесі экономикалық даму инвестициялау бағытында экономикалық белсенділікті ынталандырушы бағалық диспропорцияны мемлекеттің жасау қабілетіне тәуелді". 1986 жылы Оңтүстік Кореяда мемлекет 110 тауарға, оған қоса газ, болат, дәрі-дәрмектер, автомобиль, қағаз, теледидар бағаларын бақылады. Осыған байланысты тек дифференциаланған өнім өндіруші фирмалардың баға бәсекелестігін жасау мүмкіндігі болды.
Тайваньда мемлекет жергілікті фирмаларды шығынды азайтуға ынталандыру үшін импорт алмастыратын өнім бағасын реттеді. 1960 ж. жергілікті импорт алмастырушы өнімді орташа әлемдік бағадан 25% жоғары сатуға рұқсат етілді, 1964 ж. - тек 15%, 1968 ж. - тек 10%, 1973 ж. - 5%.
Мемлекеттің баға пропорциясына әсер ету масштабы туралы Малайзия мысалын келтіруге болады, 1987 ж. ішкі бағамен есептелген таза өнім құны әлемдік баға құнынан артық болды: қара металлургияда - 284%, пластмасса өндірісінде - 163%, ағаш өңдеу өнеркәсібінде - 82%, көлік-машина жасауда - 65%, целлюлозды-қағаз өнеркәсібінде - 29%, жалпы машина жасауда - 19%, электротехникалық машина жасауда - 12%.
АҚШ-та бағаны мемлекеттік реттеудің әртүрлі формаларына тоқталды. 1960жж. Дж. Кеннеди әкімшілігі металлургия фирмаларының өніміне бағаның өсуін тоқтату мақсатында қысым көрсетті. Р. Никсон әкімшілігі де 1970 жж. бірінші жартысында бағаны бақылауда кең қанат жайды (қысқа мерзімге). Ұзақ уақыт табиғи газ бірнеше жылдар мұнай өнімдері бағасына мемлекеттік бақылау жүргізілді.
1970 жж. екінші жартысында Канада үкіметі 3 жыл бағаны бақылады (жалақыны қоса). Сонымен қатар инвестициялық үрдіс пен елдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында мемлекеттік реттеу тудыратын бағалық диспропорцияны қолдану мүмкіндігі оның әлем шаруашылығына ену көлеміне байланысты азаюда.
2 Қазақстан Республикасында тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолдануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындада тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың қазіргі жағдайы мен мәселелері
Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі тікелей шетел инвестицияларын (әрі қарай ТШИ) тартудың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан экономикасында инвестиция және қолайлы инвестициялық климат құру ең ауыр және өткір мәселеге айналды. Экономиканың көптеген саласы шетел ресурстарын мол көлемде қажет етеді.
Шетел ресурстары экономикалық белсенділікті жандандыру мен экономикалық өсудің тұрақты жолына шығу үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың басты салаларының моральдік және физикалық тозған негізгі қорын ауыстыру үшін қажет.
Өтпелі экономикасы бар елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ТШИ көлемі мардымды емес. Алайда ТМД елдері ішінде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда алдыңғы орынды алады. 1994-2000 жж. Қазақстан экономикасына келген жылдық ТШИ 80 АҚШ долл. құрады, Венгриямен салыстырғанда жан басына келетін ТШИ жылына 220 долл. және Чех Республикасында бұл көрсеткіш 134 долл. құрады. Шетел инвестициясын бұл елдерге тартуда мынадай факторлардың әсет еткені туралы айтқан жөн, Венгрия мен Чехияның Батыс Европаға географиялық жақындығы мен Европалық одаққа қосылу перспективасы, ТШИ ауқымы жоғары.
Компаниялардың өз қызметін осы және басқа елдерде жасау туралы шешім қабылдаудағы мотивтері көптүрлілікпен ерекшеленеді. Шартты түрде оларды екі ірі топқа бөлуге болады. Бір жағдайда фирмалар басқа елде өндірілетін тауар сату және қызмет көрсетумен айналысады, екіншіде - жергілікті нарықта сату немесе басқа елге экспорттау мақсатында, аталған елде өндірістік қуаттарды қалыптастыру құралдарын инвестициялайды. Қазақстан және басқа да бұрынғы социалистік елдер үшін бұл үрдісті іске асыру жолында кедергілер бар. ТМД елдеріне (әсіресе Ресей мен Қазақстан) өз қаржыларын салушы шетел инвесторларының пікірінше ең басты мәселе - қылмыс пен сыбайластық қана емес, қайта-қайта ауысатын салық заңы. Маңыздылығына байланысты келесі мәселелер аталады: несие беруші мен иегердің құқығын қамтамасыз етуге қатысты кедендік реттеу, макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, дамымаған банктік сектор, бухгалтерлік есеп жүйесі, содан кейін ғана сыбайластық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі бойынша Қазақстанға 2000-2012 жылдар аралығында келген ТШИ көлемі 29,9 млрд. АҚШ долл. тұрады. Қазақстанға әр жылдары келген шетел инвестициясының көлемі 1 млрд. АҚШ долларынан кем болмаған.
Тікелей шетел инвестицияларының ең көп ағымы 2012 жылы 4607,6 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2010 жылғы көрсеткіштен 51 млн. АҚШ долл. өскен.
Қазақстан экономикасына тура инвестициялардың өсуі - жағымды жәйт. Жедел қайтарымды және ақылы ақша құралдары болып табылатын портфельді және басқа инвестициялардан ерекшелігі экономиканың нақты секторы дамыту мен, алдыңғы технологиялармен және менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін қолданумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тура инвестициялар Қазақстанның сыртқы қарыздарының пайда болуына әкелмейді.
Әлемнің 40 елі Қазақстанда тура инвестицияларды жүзеге асыруда. Бұл тізімде АҚШ, Ұлыбритания және Италия бар. Қазақстан экономикасына инвестиция салушылар тек дамыған елдер емес, сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты "Жаңа индустриялды елдер", дамушы елдер - Чехия, Венгрия және т.б.
Қазақстанға 2000 жылдар басында жеке инвестициялардың экспорты бойынша шетел мемлекеттері ішінде АҚШ бірінші орынға ие болды. Американдық тура шетел инвестицияларының жалпы көлемі 2000-2012 жж. 8,9 млрд. (29,9 пайыз) құрады. Егер 2000жылы Қазақстан экономикасына АҚШ-тан келген инвестициялар көлемі 966,9 млн. долл. құраса, ал 2001 жылы олардың көлемі екі есеге - 412 млн. АҚШ долл. қысқарған. Соңғы төрт жылда олардың көлемі 150-400 млн. долл. өзгерген. 2010 жылдан бастап тікелей шетел инвестицияларының деңгейі өсе бастады және 2012 жылы оның деңгейі 1 млрд. АҚШ долл. жетті.
АҚШ компаниялары, әсіресе, мұнай-газ өнеркәсібінде, электроэнергия өндірісінде, өңдеу өнеркәсібінде, тамақ және темекі салаларында белсенділік танытты.
Келесі ірі инвестор - Ұлыбритания. Қазақстанға ағылшын компаниялары 2000-2012 жж. салған салымдары 4046,3 млн. АҚШ долл. (келген ТШИ-ның 13,6 пайызын) құрады. Бірақ олардың көлемі 2012 жылы 25,7 млн. АҚШ долл., 2012 жылы 622,7 млн. АҚШ долл. өзгерген. 2012 жылдың ішінде капитал салымдарының ағымы 528,5 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2011 жылмен салыстырғанда 101,2 млн. АҚШ долл. көп.
Жаңа индустриалды елдердің ішіндегі ең ірісі - Оңтүстік Корея. Қазақстан экономикасына 1803,5 млн. АҚШ долл. салған. Тікелей шетел инвестицияларының көп ағымы 2010 жылы 720 млн. АҚШ долл., ал соңғы жылдары инвестиция салымы 90 млн. АҚШ долл. аспаған.
Азия елдерінің ішінде Қытай (1235,6 млн.АҚШ долл.) және Жапония (620,6 млн. долл.) салымшылар болып табылады.
Тікелей шетел инвестицияларының ірі салымшылары Италия (2136,9 млн. АҚШ долл.), Швейцария (1862,3 млн. АҚШ долл.), Нидерланды (2193,6 млн. АҚШ долл.), Канада (1089,9 млн. АҚШ долл.) мемлекеттері 2000-2012 жж. 7 млрд. АҚШ долл. салған. ТМД елдері де Қазақстан инвесторлары болып табылады. Олардың салған салымдары 1 млрд. АҚШ долл. құраған.
Кестеде тікелей шетел инвестицияларының үлестері елдер бойынша көрсетілген.Шетел компаниялары үшін ең көп қызықтыратын салалар: шикізатқа бағытталған және салалардағы тез сатып алынатын жобалар, халықтардың сұранысына ие болатын өнімдер.
2.2Қазақстанда инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау жүйесі
Экономиканың басымды салаларында қызметін жүзеге асырушы кәсіпорындарға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы мемлекеттік қолдау инвестициялық қарекетті тек ынталандырып қоймай, сонымен қатар отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді.
Республикада инвесторлармен жұмыстың құқықтық базасы белсенді дамуда. ҚР мынадай заң мен кодекс қабылданды:
"Инвестициялар туралы" (08.01.03 ж.)
"Банкроттық туралы" (21.01.97 ж. және 03.06.03 ж. өзгерістерімен)
"ҚР Ұлттық банкі туралы" (30.03.95 ж. 10.07.03 ж. өзгерістерімен)
"Бағалы қағаз нарығы туралы" (02.07.03 ж.)
"Бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдер туралы" (12.06.01 ж.)
Инвестициялық жеңілдіктер беру 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған "Инвестиция туралы" Заңмен реттеледі. Бұл заң инвестицияның құқықтық және экономикалық негіздерін ынталандырып, Қазақстан Республикасында инвесторлардың инвестиция салудағы құқықтарын қорғап, инвестицияны мемлекеттік қорғау шараларын анықтап, инвесторлардың қатысуымен келіспеушілікті шешу тәртіптерін айқындайды.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларының жаңа механизмдері біршама жаңа артықшылықтарға мүмкіндік береді.
Алдымен, Заңда отандық та, шетелдік инвесторларды да бірдей дәрежеде ынталандыру қарастырылған. Инвестициялық жеңілдіктер беру туралы өтініштерді қарау мерзімі қысқартылып (отыз жұмыс күніне дейін уақыт ішінде), оларға мүмкіндік беру тәртіптері оңайлатылды. Сондай-ақ қазіргі заң инвестиция көлемінің минимал шегін қоймайды. Бұл оның, қызметтің басым түрлерінде инвестиция салатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса есептегендігі, қолданылу аясын кеңейтеді.
Шетелдік және отандық инвесторлардың теңдігі мемлекеттік ұйымдардың тексерулерін жүргізгенде, инвестициялық таластарды шешуде, табыстарды есептеп, бөлуде, сондай - ақ Мемлекеттік ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардың әрекетімен келген зияндарды қайтаруда әділетті болады.
Заңға сәйкес өкілетті органмен контракт жасауға төмендегідей инвестициялық преференциялар беріледі:
1. инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кедендік баж салығынан босату;
3. мемлекеттік натурлық гранттар.
Инвестициялық салықтық преференциялар белгіленген активтегі инвестиция көлеміне тәуелді анықталатын мерзімге беріледі, бірақ та он жылдан артық емес.
Заңға сәйкес төмендегідей салықтық преференциялар беріледі:
- Корпоративтік табыс салығына преференциялар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуға немесе жылдық жиынтық табыстан, преференцияның күші болатын мерзімге тәуелді, белгіленген активті пайдалануды енгізу бағасын бірдей үлеспен шегеруге мүмкіндік береді.
- Мүлікке салық преференциялары бойынша инвестициялық жоба шеңберіндегі белгіленген активті жаңадан пайдалануды енгізгенде салық төлеушіге мүлікке салық төлеуден босату құқығын береді.
oo Салық салынатын обьектінің салықтық базасы болып, бухгалтерлік есептің мәліметі бойынша анықталатын, салық салынушы обьектінің орташа жылдық қалдық құны есептеледі. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер мүлікке салықты салық салынушы обьектінің орташа жылдық құнының 1%-ын есептейді.
- Жерге салық преференциялары бойынша салық төлеушіге инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін алынған және қолданылатын жер учаскелеріне жер салығын төлеуден босату құқығын береді.
Қолданылатын заңнамаға сәйкес жердің белгілі-бір категориялары салық төлеуге жатады. Бұл жағдайда, әрбір жеке категориялар үшін базалық салық ставкасы, белгілі-бір критерийлер негізінде анықталады:
- Ауылшаруашылық қызметтерге арналған жерлер үшін базалық ставкалары 1 гектарға есептелген және топырақтың құнарлылық сапасы мен бонитет балына сараланған. Базалық ставка мөлшері бонитет балы 1 болғанда, 0,48 теңгеден, 100 балл болғанда 202,65 теңгеге дейін ауытқиды.
- Елді мекендердің жерлері үшін (тұрғын үй фондылары мен құрылыс жерлерін қоса есептелгенде) - базалық ставкалар орналасқан жеріне байланысты 1 шаршы метр ауданға есептегенде ауылдық жерлердегі тұрғын үй фондыларында 0,09 теңгеден Алматыдағы жерлерде 28,95 теңгеге дейін ауытқиды.
Инвестициялық салық преференцияларының қолданыла басталу мерзімі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келісімшартпен белгіленеді.
Арнайы салық режимі қолданылатын заңды тұлға қызметі үшін, сондай-ақ келісімшартпен жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.
Мемлекеттік натурлық грант берілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына белгіленген активке байланысты инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.
Кедендік баж салығынан босату инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін керекті құралдар мен оларға қажетті қосымша бөлшектерді импорттау кезінде болады. Мәселен:
- Қазақстан Республикасы аумағындағы балама құрал-жабдықтар мен оған керекті қосымша бөлшектерді шығармайтын болғанда;
- Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектерді Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті мөлшерде шығармайтын болғанда;
- Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектердің белгіленген жоба шеңберінде қойылатын талаптарға сәйкеспейтін болғанда.
Кедендік баж салығынан босату мүмкін болатын ұзартуларымен бір жылдық мерзімге, бірақ та контракт тіркелгеннен бастап бес жылдан артық емес уақытқа беріледі.
Кедендік баж салығынан босату және оның мерзімін ұзарту туралы шешімді инвестиция туралы құзіреті бар ұйым шығарады.
Қолданылатын заңнамаға сәйкес кедендік баж салығының ставкасы жалпы кедендік - тарифтік саясат шеңберінде белгіленеді және СЭҚ КС кодтауға сәйкес бекітіледі. Қазіргі кезде 11 мыңға тарта тауарлық ұстаным бар.
Экспорттық баж салығы ІМҚ терісін және металл сынақтарын шығарғанда ғана салынады.
Қазіргі кезде импорттық баж салығы бойынша кедендік қорғау (импорттық баж салығының орташа ставкасы) 7,9% құрайды.
Мемлекеттік натурлық гранттар Заңда бекітілгендей Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын жекеге немесе қолдануға беруді басқару аясындағы сәйкес мемлекеттік органдардың келісімімен құзыретті органдармен беріледі.
Мемлекеттік натурлық гранттың максимальді мөлшері Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның белгіленген активтегі инвестиция көлемінің (инвестициялық жобаның мөлшері) 30 пайызынан аспау керек.
Инвестициялық климаттың жақсаруы Үкіметтің қызметіндегі артықшылықты істердің бірі болуы, халықаралық эксперттердің бағалауынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында реформаны жүзеге асыруда көшбасшы деп танылды.
Қазақстан нарықтық экономикалы ел ретінде Европамен де, АҚШ-пен де мойындалды.
Қазақстанға екінші жыл Шығыс Европа деңгейіне сәйкес келетін инвестициялық рейтинг берілді.
2002 жылдың қыркүйегінде жетекші халықаралық "Mood's" рейтингтік агенттігі Қазақстанға инвестициялық категорияға жататын жаңа несиетік рейтинг берді.
2003 жылдың мамырында "Standart and Poors" агенттігі Қазақстанның шетелдік ұзақ мерзімді "ББ"-дан "ББ қосуға" дейін валюталық міндеттемесі бойынша несиетік рейтингісін және ұлттық валюта бойынша несиетік рейтингісін өсірді.
Рейтингтік агенттіктің есебінше, рейтингтің өсуі республиканың тұрақты экономикалық өсу тенденциясын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет дифициті мен сыртқы бережақты төмен деңгейде ұстау бағытындағы мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін көрсетеді.
Мемлекеттің нарықтық реформаларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz