Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

I. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары ... ... .6
1.1. Жүмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнстің, К. Маркстің) ... ... ... ..6
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері ... ... ... ... ... ... ... ...9

II. Еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Жүмыспен қамту және еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... 21

III. Жүмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары ... ..24
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі— ... ... ..24
3.2. Қазақстан . 2030 стратегиялық бағдарламасы, Президенттің жолдауындағы жүмыспен камту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Зерттеудің мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама -қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы -2001.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2002.
3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы - 2000.
4. Жүнісов Б, МәмбетовҮ, Байжомартов Ү. «Нарыктық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудін өзекті мәселелері», Алматы - 2002.
6. Куликов А. «Экономикалық теория негіздері», Алматы - 1997.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы - 2001.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003.
9. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы -2003.
10. Райханов Н. «Қазастанның экономикалық реформа жолы өзінше» / Ақиқат -1996ж/
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002. 12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,
Алматы-2000.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------4

I. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары---------6
1.1. Жүмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнстің, К. Маркстің)--------------6
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері-------------------------- ---
--9

II. Еңбек нарығы----------------------------- ------------------------------
-------------12
2.1. Жүмыспен қамту және еңбек нарығы----------------------------- ----------
-----12
2.2. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері------------------------- --
-21

III. Жүмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары------24
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі—----------24
3.2. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы, Президенттің жолдауындағы
жүмыспен камту мәселелері------------------------- ----------------25

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------27

Қолданылған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
--------29

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы
күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді
стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та
тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде
анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі
де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық
даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық,
әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын
көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс
салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең
технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан
басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті
іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар
дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және
жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы
жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі
және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Зерттеудің мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы
дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін
реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама -қарсы әдіс деп қарауға
болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді
және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси
экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның
ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің
нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді
және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша
бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыссыздық себептері, түрлері, реттеу әдістері атты
курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан түрады.

I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның
теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, К. Маркс)
Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең
өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясының қазіргі өкілдері - монетаристер - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың
болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника
прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934)
жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда ол былай деп жазған: Жер шарындағы тұрғындар теометриялық
прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен
өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек
арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 ж.т.б..
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Түрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) ХҮІІ-
ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан
иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітабында
былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық
негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің
ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға
ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың кор жинауға бейімділігін жоюы
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дүрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жүмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы
жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс
жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.
Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу
өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан Жұмыссыздық
теория кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай
жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс
басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша,
түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты
басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.)
осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп,
кейінірек ал Филлипс қисығы аталды (1 суретте
көрсетілген).

Сурет 1. Филлипс қисығы
К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша
ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық
және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша
құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша
құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді.
Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып, өндіріс саласынан
ығыстырылып шығарады.
... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды К.
Маркс, - құрал - жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны
салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды.
Егер капиталға материалдық - заттық түрінің көзқарасымен қарасақ,
онда өндіріс құрал - жабдығы массасының оларды қозғалысқа
келтіретінжұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық кұрылымы деп
аталады. Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок 100 жұмысшы
Капитал тек қана материалдық - заттық түрге ие болып қалмай, сондай -
ақ кұндық түргеде ие болады. Осы түрғыдан мынандай тепе - теңдікті құрамыз:
100станок = 800с 100 жүмысшы - 200 v, немесе 100 с 100 ж - 800 с
200 v
Капиталдың 800 с: 200 v (С:У) катынасы құндық құрылымы деп аталады.
Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
кұрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы - бұл
капиталдың техникалык құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің
дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни
тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалык
құрылымы 9с:1ү бастап 13с:ІҮ дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс
күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның
салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің колдану саласын таба алмайды.
Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті
өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын кұрайды.
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі
нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай
саналуан нысандары болады: жасырып, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық,
технологиялық және т.б.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді
қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс
күшімен орындауға болады.
Фрикциондъщ жумыссыздық -еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат
жоқтығынның нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір
салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық
кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай -
ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің
ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру
нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зертеуінің мәліметі бойьшша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық
нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің
мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі.
Біріншісіне жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде
ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне жиынтық сұранымның
өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциопдық, маусымдық,
құрылымдықщ, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және
фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық
болып табылады. Нарык қатынастарының калыптасу барысында жасырын
жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160
кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап түұды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам
жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық
прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері
мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек
етуге қабілеті бар түрғындарды жұмыспен камтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми
техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру,
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның
ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен
және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек
ауқымдылығымен сипатталады.
Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және
әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты
жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар - намысын, абырой - беделін
жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет жағынан
жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.
Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту
жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері
әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының
бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек
тәртібінің шұғыл кұлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.

II. Еңбек нарығы
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар
түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз
көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады,
жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз
түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз
етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады,
іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жүмыс күшіне сұраным мен
ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді.
Бұл жерде жүмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс
күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып
табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары
болады.
Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен косылу тәсілін түбегейлі
өзгертеді. Қазірде, біздің коғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты
жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет
ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал -
жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.
2.1. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің
әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс
күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды
көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу
бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты
қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері еңбек нарығының
мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы
анықталады. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы
нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін
пайдалану негізінде қалай кызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің
еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті
кдмтамасыз ету пайда болады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған
жылдамдықпен кайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың
деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді,
өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде
институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады.
Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың
болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа
негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс
орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған
жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс
істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс
берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің
сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі
кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде.
Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек
наркы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси
-экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның
ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің
нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді
және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылык салалары және аймақ бойынша
бөлудің тепе - тендік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда
еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның
мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде
тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сүраныстың кемуі,
өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік -
экономикалык процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің
жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа
ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру
жүмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес,
жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді.
Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың
арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және
жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте -бірте азая
бастауына себепкер болмақшы.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни, талаптануы, тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең
алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны
әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама - карсы әдіс деп қарауға болады.
Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде
теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында
мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру
бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен
аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек
етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз
кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті
типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы
қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы
еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі
жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын
толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты
кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады.
Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң
шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң
бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін колдануына тек қана
мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда жас маман институты, белгілі бір кезеңге
мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты
өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз
жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды.
Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы қалада төлқұжат
тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқүжат бермеу, жұмыстан
шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі
кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық
тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде
еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің
экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол,
үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін
өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет
жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығы және жұмыссыздық туралы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Экономикалық даму
Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Микросоциология, оның ерекшеліктері мен түрлері
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Қызметкерлердің қысқа мерзімді еңбекақысының есебі
Жалақы және кәсіподақ
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
Пәндер