Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі


деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.
Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яәни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.
Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты пластикалық карточкалармен есеп айырысу және оның түрлері қарастыру болып табылады. Жұмыстың мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Пластикалық карточкалар және оның түрлерін қарастыру
- Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы қарастыру
- Пластикалық карточкаларды айналымға енгізудің шетелдік тәжірбиесі
- Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі
- Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым - қатынас жасауы
- Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау
- Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтар мен оны шешу жолдары
Курстық жұмысты жазған кезде банктік ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды.
1 Коммерциялық банктердегі пластикалық карточкалармен есеп айырысудың жалпы түсінігі
1. 1 Пластикалық карточкалар және оның түрлері
Сөздікке сәйкес төлем карточкасы дегеніміз электрондық төлем терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады [1, 488] . Мамандардың көрсетуі бойынша төлем карточкасы Қазақстандағы төлем жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі, фотография мен болатын карталарды ұсынады) . Әлемде екі жарым миллиардтан астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады[2, 9] .
«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады. Төлем карточкасы төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банкпен немесе ондай эмитентпен немесе эмитенттің шартынсыз төлем карточкаларын қамтитын банкпен шарт жасасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарда қолданылады. Сауда (қызмет көрсететін) ұйымдардың категорияларын Үкімет белгілейді, олар Қазақстан аумағында сауда операцияларын (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру кезінде төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндетті. Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлем қатысушыларының құкықтары мен міндеттері көрсетілген төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының келісім берген сәтінен бастап пайда болады. Сауда (қызмет көрсетуші) ұйымдарда аталған ұйымның төлемді кабылдау сомасында төлем карточкаларының қызмет көрсетуі туралы ондай ұйымдармен келісім жасаған банкке қатысты ақшалай талабының құқығы пайда болады. Аталған банкте сауда (қызмет көрсету) ұйымының ақша талабын орындау міндеттілігі пайда болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінін жалпы талаптарының және төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.
Қазақстанда банктердің төлем карточкаларын шығаруының бір мысалына «Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкісі» Altyn төлем карточкасын шығару, сондай-ак Қазақстанның кейбір банктерінің, мысалы «Қазкоммерцбанк» АҚ, Visa халықаралық пластикалық картасын шығару және қызмет көрсетуді жүргізетін банктердің тобына толық күқықтык мүше болып табылады. Altyn төлем карочкасы Altyn банк-эмитентінің карточкаларының және Altyn карточкасын төлеуді қабылдайтын тауарлар мен қызметтерді (онын ішінде қолма-қол беру бойынша) ұсынатын өзге де ұйымдардың, сондай-ақ жұмыс істейтін жүйені тікелей қамтамасыз ететін «Қазақстанның Халық Жинақ Банкісі» АҚ банктік карточкалар басқармасы атынан процессингтік орталық болып табылады. Altyn төлем карточкаларының қатысушынары осы төлем жүйесінің логотипімен карточкаларды шығаруды бастаған және (немесе) Altyn картасы бойынша қолма-қол ақшаны беретін кез келген банк, банкпен қызмет көрсетуге шарт жасасқан кез келген ұйым, және карточканы ұстаушы кез келген жеке тұлға болуы мүмкін.
Төлем карточкасы ыңғайлы әрі алып жүруге қолайлы жинақ кітапшасы түрінде болады және нақты банкте шотка сол банкке кірмей-ақ билік етуді женілдетеді. Карточқалық шотқа еңбек-ақы есептеледі, Altyn төлемдік карточканы ұстаушының өзі арқылы қолма-қол ақша енгізіледі немесе бұл шотқа үшінші тұлғамен ақша аударылады. Қолма-қол ақшаны тәулік бойына үздіксіз жұмыс істейтін банкоматтардан алуға болады, сондай-ак коммуналды қызмет көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсету мен тауарға акы төлеуді жүргізуге болады. Сатып алу немесе қызмет керсету сомасы карточқалық шоттан автоматты түрде есептен шығарылады және тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынған кәсіпорын шотына есептеледі.
Қазақстанның халық банкі микропроцесорлы карточкаға көшуге кірісуде, нәтижесінде бопсалауға жол берілмейді, тәуекелді басқару жетіддіріледі жәңе банктің шығыстары үйлестіріледі. Банк банкоматтардың жетілдірілген желісін, лоялти-жүйелі смарт-технологиялардың жүйесін белсенді түрде енгізуде [4, 4] (банк пен компания өзара тиімді жүйені жасайды: сауда орталықтары мен конақ үйлерде банктің карточкалар кабылда-нады, сондықтан клиентке банкке барудың кажеті шамалы, сатып алуды кейінге қалдырады, нәтижесінде банк те, коммерциялық топ та пайда табады) .
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің негізінде төлем кар-точкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді.
Банк төлем карточкаларын шығаруға тек төлем карточкаларын шығаруға Қазақстан Ұлттық банкінің лицензиясы болған кезде ғана құқылы. Республика аумағында төлем карточкаларын шығару тек Қазақстанның резиденттерімен ғана жүзеге асырылады. Төлем карточкасын беру туралы шарттомендегідей талаптарды қамтиды: төлем карточкасын берудің шарты және оны пайдаланумен төлемді жүзеге асыру; адамдардың тізіміне немесе қосымша карточкалар берілетін адамдардың тізіміне сілтеме жасау (төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде әр түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде) ; төлем карточкасын алып кою мен тежеу салу шартта-ры; төлем карточкасының және/немесе төлем карточкасын беру туралы шарттың әрекет ету мерзімі; тараптардың жауапкершілігі.
Төлем карточкасын беру кезінде эмитент төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын қолданудың ережелерімен таныстыруға міндетті. Жеке тұлға төлем кароточкасын алған күннен бастап төлем карточкасын ұстаушы болып табылады. Төлем карточкасын оның ұстаушысы алғанын құжатта оның койған қолы дәлел бола алады, немесе төлем карточкасын оның үсатушысы алғанын сезсіз дәлелдейтін өзге де куәлік болады. Жеке тұлғаларға бірнеше косымша төлем карточкаларын эмитент пен клиент арасында төлем карточкасын беру туралы жа-салған шарт негізінде беруге рүксат етіледі. Әр түрлі жеке тұлға-ларға косымша төлем карточкаларын беру кезінде косымша төлем карточкасын ұстаушы мен клиент арасындағы езара қарым-қатынас, егер төлем карточкасын беру туралы шартпен өзгеше кезделмесе, аталған клиенттің талаптарына сәйкес белгіленеді. Эмитент айналымға түскен оларға берілген төлем карточкаларының реквизиті бар төлем карточкаларын тізілімге енгізуі тиіс. Тізілімдегі берілген карточкалардың қосымша акпа-ратының болуы мен аталған тізілімді жүргізудің нысанын эмитент оз бетінше аныктайды.
Банктік болып табылатын карт-шоттарды ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Ұлттық Банкісі арқылы реттеледі. Карт-шот теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын барлық төлемдер (карт-шоттағы клиенттің ақша сомасы көлемінде де, сонымен қатар эмитент ұсынған заем сомасы шегінде де) карт-шотта көрсетіледі. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру үшін заемді беру эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шарты негізінде жүзеге асырыла-ды. Төлем карточкасын беру және карт-шотты ашу кезінде ара-лас шарт жасауға жол беріледі, онда төлем карточкасын телеу туралы шарттың, банк шотының және/немесе банктік заем шартының элементтері болады.
Заемді берудің тәртібі мен мерзімі эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартымен белгіленеді. Төлемнің бір карт-шотында эмитент пен клиенттің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе әр түрлі жүйелерінің бірнеше төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемнің бір карт-шотында көрсетуге рүқсат етіледі. Занды тұлға - Қазақстанның резидентімен ақшаны шетеддік валютамен карт-шотқа салу не одан алу (әрі карай - занды тұлғанын карт-шоты) Республика аумағынан тыс жерге жолсапарға немесе өкілдік шығындарды жүзеге асыру максатында ғана және резидент еместерге еңбекақы төлеуге рұқсат етіледі. Занды тұлғаның карт-шотына ақшаны шетелдік валютамен енгізуге, сондай-ақ оның көрпоративтік төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті жабу үшін жол беріледі. Занды тұлғаның карт-шотына шетелдік валютамен ақша аудару тек уәкілеті банкте ашылған аталған занды тұлғаның валюталық шотынан ғана жүзеге асырылады. Қазақстанның занды тұлғасы - резиденті өзінің карт-шотына ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін ақшаны жонелтуші банкке Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге көрпоративті төлем карточкасын ұстаушының жолсапары туралы бұйрықты және өзге де растайтын құжаттарды, немесе резидент емеске төленетін еңбекақыны растайтын құжаттарды, не көрпоративті төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Өзінің карт-шотын толықтыру үшін занды тұлғаның - Қазақстан Республикасы резидентінің шетеддік валютаны иеленуі не тек Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге жолсапар мен екілдік шығыңдарды төлеу мақсатында және резидент еместерге еңбекақы төлеуге жол беріледі.
1. 2 Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы
Сонғы он жылда Қазақстан өзінің төлем жүйелерін жалпы өлемдік үрдістер мен талаптарға сай, ең озық тежірибелерді негізге ала отырып дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еліміздің төлем жүйелерін реформалау бағытында жүргізген жұмыстары халықаралық қаржы ұйымдары (Халықаралық валюта қоры, Әлемдік банк) тарапынан бірнеше рет жоғарғы бағаға ие болды. Бүгінгі күні Қазақстан өзінің Ұлттық төлем жүйелерін қалыптастыру мен дамытуда ТМД едцері ішінде өзгелерден өлдеқайда ілгері кетіп, алдыңғы жетекші орында келеді. Көршілеріміз Ресей, Қырғызстан жене басқа да елдерде төлем жүйелерін реформалаудың қазіргі жағдайы мен барысы Қазақстанда 90-шы жылдардың орта шенінде атқарылып кеткен шаралардың деңгейінде қалып отыр.
Ел экономикасының қарқынды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақгы өсуі байқалады. Тек қана, үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде төлем жүйелері арқылы сомасы 66 трлн. теңге құрайтын жалпы саны 18, 2 млн. төлем операциялары жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 10%-га (1, 7 млн. транзакцияға), ал сомасы 78, 9%-ға (29, 1 трлн. тг. ) артқан. Бұл шартты түрде алғанда, әрбір ай сайын еліміздің төлем жүйелерінде жалпы сомасы 2005 жылғы еліміздің ұлттық жалпыішкі өнімінің (7, 6 трлн тг. ) көлеміне бара-бар келетін ақша аударымдары жүзеге асырылып отырылғандығын байқатса керек.
Қазіргі уақытта еліміз аумағында төлемдер жасау мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың 2 жүйесі жұмыс істейді.
- Олар қавдай жүйелер және ерекшеліктері неде?
- Олар атап айтканда:
1) Банкаралық аралық аударымдары жүйесі (БААЖ) ;
2) Банкаралық клиринг (клирингтік жүйе) . Бұл екі жүйе бір-бірінен жұмыс істеу қағидалары бойынша да, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың механизмдері бойынша да ерекшеленеді.
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі еліміз төлем жүйесінің басты күретамыры болып саналады. Бұл жүйе арқылы еліміздің кзржы секторында жасалатын барлық операциялар (қүнды қағаздар, валюта нарығы, банкаралық депозиттер мен аударымдар) бойынша ірі жене жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жұйенің негізгі ерекшелігі, мұнда төлемдердің әрқайсысы дербес негізде нақгылы уақыт режімінде орындалады.
Бұл жүйе арқылы өтетін төлемдер үлесі еліміздің төлем айналымының негізгі бөлігін күрайды: жасалған төлемдер сомасы бойынша -97, 9%, ал төлемдер саны бойынша - 33, 6%. Орташа есеппен күндігіне БААЖ арқылы сомасы 345 млрд. теңге құрайтын 33 мың төлем операциясы жасалады.
Клирингтік жүйе - бұл ұсақ төлемдерге арналған еліміздің бөлшек төлемдер жүйесі. БААЖ-дан клирингтік жүйенің ерекшелігі, мұнда барлық төлемдер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза позицюшары анықгалып, тек сол анықгалған өрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымдарын жүзеге асырудан тұрады. Бұл жүйеде еліміздің төлем жүйесінде жасалған төлемдердің жалпы сомасының шамамен 2%-ы жасалғанымен, төлемдер санының басым бөлігі осы жүйе арқылы етуде. Күндігіне орташа есеппен клирингтік жүйе арқылы сомасы 7, 3 млрд. тг. құрайтын 65 мың төлем операциялары жасалуда.
Осы аталып еткен төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін операторы - "Қазақстан Республикасы Улттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу Орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (ҚБЕО) болып табылады.
Altyn төлем карточкасын пайдаланғанда «Қазақстанның Халық Жинак банкісі» АҚ-мен тиісті шарт жасалады, овда та-раптардың күкықтары мен міндетгері көрсетіледі. Тұлғаға (жеке немесе занды) карточка шоты ашылғаннан кейін оған иелену-шінің карточкасын идентификациялауға (тану) арналған жеке бірыңғайландырылған нөмір (ЖБН) беріледі. Карточка шотын ашу және төлем карточкасын беру үшін банк жылдық қызмет көрсету мөлшерінде комиссия өндіріп алады, ал «Қазақстанның Халық Жинақ банкісі» АҚ-ның банкоматтық жүйесінде ақша алған кезде комиссиялық акы ұсталмайды. Карточкалардың иелері банкоматтардағы өзінің шоттарының жағдайын банк филиалында орнатылған электроңды терминалдар көмегімен тегін қарай алады. Карточка иесі айына бір рет шот бойынша ақы төлеусіз толық жазбаны ала алады, онда операция түрлері, операцияның күні, орны көрсетілген карточка шоты барлық қозғалыс көрсетіледі. Карт-шоттағы калдық ақшаға тиісті шарт-та кезделген мөлшерде сыйакы (мүлде) есептеледі [2, 9] .
Пластикалық карточкалармен қызмет көрсету процесінде пайда болатын төлем міңдеттемелерін орындаудың кепілі оларды шығарушы банк болып табылады, ол шарттар мен лимиттерді айқындайды, сондықтан оның екі түрі болады: дебеттік және несиелік. Оның айырмашылығы мынада, дебеттік карточқаға иесі ақшаны пайдалануға белгіленген лимит шегінде белгілі бір ақша сомасын енгізеді. Несие карточкасы бойынша ақша карточка шотына ақша алдына ала орналастырылмайды, банк оны несие түрінде ұсынады, оны пайдаланғаны үшін банкке тиісті сыйақы беріледі. Карточкалар ұйымның бір шотымен байланысты жеке және корпоративті болуы мүмкін, мұның өзі қызмет-керлердің қызметтік шығындарын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Карточкаларды бірыңғайландыру штрих-код (аздау қорғалған), магнитгік жолақ (неғұрлым кеңінен таралған) және чип (смарт-картамен) кемектерімен жүзеге асырылады [5, 68] .
Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1464 «Мемлекеттік бюджет есебінен еңбекақыны степендияларды, зейнетакыларды, жәрдемақылар мен өзге де ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіру туралы» қаулысына [6, 3] сәйкес мемлекеттік мекемелер енбекақыны, степендияларды және өзге де ақшалай төлемдерді төлеуді тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, және белгіленген заңнама тәрбімен тендерді үтып алған ұйымдар аркылы жүзеге асырады. Алушынын жеке шотына еңбекақыны, степендияны, зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге де ақшалай төлемдерді қабылдау, төлеу және есептеу бойынша жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады. Altyn төлем жүйесі, сертификацияланған ең ірі халықаралық төлем жүйелері - Visa International және Еuropay/Mastercard бар «Қазақстанның Халық Жинақ банкісі» бұл салада бюджеттік ұйымдармен өзара әрекет етудің бастауында тұрды. Visa International халықаралықтөлем жүйесі және «Қазақстан Халық Жинақ банкісі» Қазақстан аумағында Visa логотипімен Altyn халықаралықтөлем карточкасын құрады. Іс жүзінде бұл Қазақстан аумағында Altyn, ал Қазақстаннан тыс жерде Visa International карточкасы ретінде қабылданады, ол жылына 2, 4 триллион АҚШ доллары айналысы бар халықаралық ірі төлем жүйесі болып табылады [7, 27] .
1. 3 Пластикалық карточкаларды айналымға енгізудің шетелдік
тәжірбиесі
ҚРҰБ республикада төлем карточкаларының банкаралық жүйесін енгізу бойынша жасалып жатқан шаралардың мақсатына сәйкес 2000 жылдың аяғында «Процессингтік орталық» ЖАҚ-н құрғаны белгілі. Оның акционерлері болып ҰБ және 10 коммерциялық банк болып табылады, олардың әрбіреуі 10 млн. теңге енгізуі қажет. Халық Банкі өз акциялық үлесін сомасы 138 млн. теңге тұратын, әлемдегі ең қуаттылардың бірі MSP Open Way модульді, Base-24/Tandem карточкалық жүйесімен төледі. Бұл жүйені әлемдегі ең ірі банктер және сонымен қатар, процессингтік орталықтар қолданады. «Процессингтік орталық» ЖАҚ-ң акционерлері технологиялық және тарифтік саясатты анықтай отыра, карточкалық құрылғылар мен бағдарламаларды қамтамасыз етулерді сатып алуға және олармен қызмет көрсетуге кететін жеке шығындарын төмендетіп отырады.
Процессингтік орталықтағы үлестері келесідей түрде: ҰБ - 68%, Халық Банк - 19% және қалған әрбір банкте - 1, 37%-дан. Сөйтіп, біріккен процессингтік орталықтың иелігінде 728 млн. теңге көлемінде актив бар. Бұл техникалық және қаржылық база алғашқы іс жүзіндегі қадамдарға жеткілікті болуы тиіс.
Республикада төлем карточкаларын қолдану арқылы қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамыту мақсатында 2002 жылдың 2 шілдесіндегі №713 қаулы бойынша ҚР Үкіметі «Микропроцессорлы төлем карточкаларын қолдану арқылы Ұлттық банкаралық жүйесін дамыту Бағдарламасын» бекітті.
2010-2012 жылдарға арналған ҚРҰБ-ң ақша-несие саясатының негізгі бағыттары негізінен оны енгізуге көңіл аударған болатын. Бұл жүйенің еңбекақыны карточка арқылы төлеу қызметтерімен қатар, әскери адамдарға мадақтар, зейнетақы және басқа жалға байланысты төлемдер, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдердің кез келген түрін, салықтық, кедендік органдардың төлемдерін жинау ісін ынталандыру, медициналық қызметтерді есепке алу бойынша көптеген сұрақтар шешуге тиіс.
Бағдарлама бұл жүйені ҚР барлық аудандарында сатылы түрде енгізуді қарастырған. Бұл жүйе келесідей мақсаттарға арналып жасалған:
- тұрғындар қолында жүрген қолма-қол ақша массасын қолма-қолсыз ақша айналысына тарту;
- қандай банкте қызмет көрсетілетіне байланыссыз тұрғындарға, сауда-сервистік мекемелерге қызмет көрсету бойынша біріккен төлем кеңістігін жасау.
- мемлекеттік басқармада массалық қолданыс табатын жаңа технологиялық укладтар, перспективті ақпараттық технологиялар құру;
- ақша айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту;
- қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналысын азайту және жанама салықтар бойынша жинақтардың толықтығын қамтамасыз ету;
- бөлшек төлем жүйесіне аудармалы ақпараттық технолгияларды енгізуді қамтамасыз ету;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz