Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
- Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
- Несие жүйесі туралы ұғым, мәні мен қажеттілігі
- Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУНесие жүйесін реттеу құқықтары, құқықтық негіздеріНесие жүйесін құру принциптерін талдау2004- 2007 жылдар аралығындағы несие жүйесінің қызметтерін, өзгерістерін талдау
- НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНесие жүйесінде пайда болған негізгі мәселелерНесие жүйесінде пайда болған мәселелерді шешу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие құрын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады.
Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші денгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Банктік иесие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1. 1. Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қаріз алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталады.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарлылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200% - ке жеткізілуге рұқсат етіледі. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындайды. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құн иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша . Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алуүшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайыршылықтарының шиеленісуіне жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты . Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының ккөзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша . Өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалады, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталситік - меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы - капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдері бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың кайталама айналымында уақытша бөлініп шықкан ақша қаражаты.
Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері:
Біріншіден негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түріңде жинақталып сақталады. Оны амортизациялык қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мын доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Екіншіден дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен косалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да уақытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жанадан құрал-жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу үшін жылмажыл пайданың бір бөлігін есепшотта жинап қою да уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша коры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (калдығы) ; сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос қаражаты. үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т. б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халыктың табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 процент шамасында.
Қарыз капиталы кұрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, иесие-қаржы мекемелерінін ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалғаи сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв корына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ коғамдық ұйымдардын жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта атйқанда, карыз капиталы (коры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал - несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін - несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін бөліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан, өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі карыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда. (Германияда ол көрсеткіш 70 процент шамасында) . Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20 процент Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп болігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ақша жинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты белу және несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау ол барлық салымдардың 90 процентке жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салы-мы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын камтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие меке-лемерінің НАУ-шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканың дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байкалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинактағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру ке-зінде ақша айналыстан шығып, жинақкд айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвестициялан-дырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие.
1. 2. Несие жүйесі туралы ұғым, мәні мен қажеттілігі.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Өркениетті мемлекеттердің тәжірбиесінде несие жүйесі туралы екі үрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы иституттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады.
Несие жүйесі - жалпы бантердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырылып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с. с. көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айнымалымен және т. б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы-орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарды келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
1. 3. Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz