Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ5
1. 1 Орталық банкті ұйымдастыру жолдары және оның түрлері мен қызметтері5
1. 2 Орталық банктердің операциялары12
2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ15
2. 1 Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы15
2. 2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары17
2. 3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау21
3 БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ РОЛІ29
3. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтандырудағы мәселелер мен оларды шешу жолдарындағы Ұлттық Банктің рөлі29
3. 2 Қаржы дағдарысы жағдайындағы банк жүйесін жетілдіру жолдары33
ҚОРЫТЫНДЫ39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ41
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Бүгін, тауарлық және қаржылық нарықтардың дамуы жағдайында банктік жүйенің құрылымы бірден қиындай түседі. Қазіргі кезде жаңа қаржылық бөлімшелердің түрлері, жаңа несиелік құралдар мен клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды.
Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда жәнен ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үлкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр. Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру - Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмаларының бірі. Тапсырманың қиындатылуының негізгі себебі мынада: «акционерлік қоғам» статусын бере отырып, банктің атын өзгерту арқылы жаңа несиелік институттардың құрылуы туралы жариялау жеткіліксіз. Банктік сектордың ішіндегі қатынастардың барлық жүйесін, басқару мінездемесін және Ұлттық банк жағынан бақылаудың, банктер мен олардың клиенттері арасындағы өзара қатынастардың принциптерін, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуының және т. б. түбегейлі өзгеруі керек.
Жаңа нарықты құру - біздің қоғамымыздың дамуындағы толық қанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабыдданған несиелік бөлімшелердің қызмет етуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырды нарықтық қаржылық құрылымдарға сүйене отырып мүмкін болады. Сондықтанда шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, ақша, ресурстар, несиелеу мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын қолдану мәні өте маңызды болып табылады.
Соңғы он жылдағы біздің мемлекетіміздің дамуы тәуелсіздік алу, елдің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, жаңа мемлекеттік құрылымның біртіндеп дамуы мен нығаюы, экономиканың әлеуметтік және экономикалық сфераларындағы жүргізіліп жатқан реформалаы сияқты негізгі оқиғалармен мінезделеді. Осы кезде қаржылық сферадағы радикалды қайта құруды ерекше атап көрсетуге болады. Әсіресе экономиканың банктік секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.
Осы курстық жұмыста банктік жүйенің теориялық сұрақтары мен даму тенденциялары қарастырылады, ол қазіргі уақытта елдің қаржылық секторының ең үлкен және реформаланған секторы болып табылады. Атап көрсету керек, мұндағы негізгі мүмкіндік елдің орталық банкі - Ұлттық банкке беріледі. Банктік реттеудің әлемдік тәжірибесін анықтау, республикада неғұрлым тиімді, өткізілімді классикалық инструменттері оқып-үйрену мен таңдау қазргі уақытта неғұрлым өзекті мәселе болып табылады. Республикада банктік жүйенің теориялары мен тәжірибесін толығымен жасалған кезде жүйелік тәсіл жеткіліксіз қолданылады, талдау көрсеткіштер жүйесі негізінде жүргізілмейді, негізінен депозиттердің, несиелер, бағалы қағаздар, кірістер мен шығыстар өсуінің динамикасын, баланстағы нақты өзгерістерді ғана көрсетіп қояды. Сондықтанда банктік жүйе дамуы нәтижелерін тиімділігін жан-жақты бейнелейтін банктік жүйенің қызмет етуіне жүйелік тәсілді құру қажет.
Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, менің курстық жұмысымның мақсаты банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы орталық банктің экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы Ұлттық банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыста бірқатар тапсырмалар анықталады.
Жұмыстың тапсырмалары:
- Орталық банктің экономикалық мәні мен түрлерін айқындау;
- Орталық банктердің негізгі қызмететрі мен операцияларын сипаттау;
- Ұлттық банктің мақсаты мен міндеттерін, қызметінің бағыттарын, меншікті қаражаттары мен пайдасын анықтау;
- Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау;
- біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1. 1 Орталық банкті ұйымдастыру жолдары және оның түрлері мен қызметтері
Капитализмнің алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота шығаруды капитал жинақтаудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды. Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде шоғырланды. Бұл банкноталардың төлем айналымында кең колданылуын қамтамасыз етті. Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерде орталықтануымен байланысты. Алғашқыда ол банк эмиссиялық банк, кейіннен орталық банк деп аталды. Бұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқару роліне сай келеді. Мемлекет заң шығару арқылы эмитент банкті қолдап отырады. Себебі банкноталар шығаратын көптеген ұсак банктер күйзеліске ұшырағанда, олардың шығарған банкноталары да айналымнан ығыстырылады. XIX ғ. аяғында - XX ғ. басын-да көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялық банкте шоғырланып, ол мемлекеттің несие жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталығы қызметін атқарады.
Орталық банктерді ұйымдастырудың жолдары. Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
- мемлекеттік орталық банктер, яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мысалы, Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей) ;
- акционерлік коғамдар (мысалы, АҚШ, Италия) ;
- аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия) .
Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) ; кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін Ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда) . Капиталы мемлекет иелігінде ме, жоқ па оған қарамастан тарихи банкпен мемлекет арасында тығыз байланыс қалыптаскан, ол әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда кушеюде. Үкімет өзінің экономикалық саясатын несие-банк жүйелері арқылы жүргізетіндіктен орталық банкпен байланысын нығайтуға аса мүдделі. Дегенмен мемлекет орталық банкпен тығыз байланысын пайдаланып, оның саясатына шексіз ықпал етеді деуге болмайды.
Орталық банктің капиталын кім иеленетініне қарамастан ол дербес заңды тұлға: оның мулкі мемлекет мүлкінен ажыратылған, орталық банк өз мүлкін меншік иесі ретінде қолданады. Орталық банктің атқарушы орғаннан тәуелсіздік дәрежесі әр мемлекетте әр түрлі қалыптаскан. Заң бойынша парламентке есеп беретін орталық банктер (АҚШ-тың, Германияның, Швейцарияның, Швецяның, Голландияның, Ресейдің) көптеген дербестікпен, Қаржы Министрлігі аздаған дербестікпен пайдаланады. Ондай банктер көпшілік.
Орталық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі -оның ақша-несиелік және валюталық тұрактылықты сақтаудағы іс-әрекеттерінің тиімділігіне қажетті жағдай. Орталық банктің бұндай тәуелсіздігі жақындаған үкімет сайлауы алдындағы қысқа мерзімді үкімет мақсаттарымен қайшылыққа келеді Бұл әсіресе орталық банктің ресурстарын бюджеттің кемшілігін толтыруға жұмсау жоспа-рын іске асыруға мүмкіндік бермейді. 80-90 жж. орталық банктердің үкіметтен тәуелсіздік тенденциясы күшеюде.
Дегенмен орталық банктің үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының не-гізгі элементтері - ақша-несиелік және каржы саясатын мүлтіксіз орындау орталық банк қызметінің негізі. Сондықтан үкіметтің макроэкономикалық бағыты орталық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген орталық банкте әрі банктің, әрі мемлекетпк орғанның белгілері тоғысады.
Кез келген орталық: банктің міндеті - ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсынын түрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды реттеу; сырткы экономикалық катынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі. Осы аталған қызметтер орталық банктің балансында көрініс табады.
Орталық банктің ең алғашкы қызметі - ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару. Ол - елде төлем міндеттемелерін өтейтін, халық кабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбір мем-лекеттерде орталық банк монополиялы түрде монетаны шығарады. Коп елдерде монетаны қаржы министрлігі (казынашылық) соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады. Бұл жағдайда монетаның өзіндік құнымен номинал кұнының айырмасы мембюджеттің табысы болып са-налады. Сөйтіп, орталық банк сатып алған монеталарды өзі шығарған банкноталармен қосып айналымға түсіреді.
Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге душар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коммерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкшет облигацияларымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, банкноталарды шығарудың тауар айналымымен тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету тіпті мүлдем жойылды.
Ақша массасының кұрылымының өзгеруіне қарамастан орталық банктердің банкнота шығару қызметі өз маңызын жойған жок. Себебі қолма-қол ақша бұрынғысынша бөлшек саудаға, сондай-ақ несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз етуге қажет. Орталық банктің эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесінің эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық банктің міндеттемелері (банкнота форма-сындағы болсын, немесе орталық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері формасында болсын) кез келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып саналады. Өйткені орталық банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретінде қызмет атқарады.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеу қызметі.
Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу - үкіметтің экономикалық саясатынын құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы өндірістің заңцылықтарынан туындайтын шаруашылық механизміндегі дағдарыс және басқа да үйлесімсіздікті жоя алмайды. Орталық банктің әр түрлі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттеріне қарама-карсылықтар тән. Оның несиені арзандатумен өндірісті ынталандыру әрекеті, әдетте, шаруашылықтың бір қалыптылығын бұзып, инфляцияны күшейтеді. Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді, себебі инфляция тек ақша катынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін көп факторлы процесс. Валюта дағдарысы және валюта курсының төмендеуі кезінде орталық банк елдің төлем балансын процентті жоғарылату ме» елге капитал тарту жолымен жақсартуға ұмтылады. Бірақ несиені қымбаттату өндірісті өрістетуге кері әсер етеді.
Орталық бянктің сырткы экономикалық қызметі -ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау орғаны болуы. Ол -ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу, толем балансын реттеу; елдегі және одан тыс жерлердегі валюталық күндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын кұрастыруды ұйымдас-тыру жұмыстарын жүргізуі. Орталық банк дүниежүзілік карыз капиталы нарығы мен алтын нарығына катысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сонымен бірге, халықаралық және аймактық валюта-несие ұйымдарында өз елінің өкілі болып катысады.
Ортялық банктің банктердің банкісі қызметі - ол орталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинактау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв корлары деп аталады. Орталық банк банктердін депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне аракатынасын, яғни міндетті резервтердің нормасын (мөлшерін) бекітеді.
Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін сақтауға кабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелік көмек көрсетеді. Оның несие үшін проценттік төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық банктің несиесін баска несие алу мүмкіндігі болмаған акырғы жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты реттеуші органы қызметін аткарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.
Көптеген елдерде орталық банк банк жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын колдау, несие берушілер мен ақша салушылардың мүдделерін корғау мақсатында банктердің жұмысын кадағалап және бакылап отырады. Бірсыпыра елдерде (Австралия, Италия, Ресей) бұл жұмыспен орталық банк шүғылданса; ал кейбір мемлекеттерде (Германия, АҚШ, Швейцария, Франция) кадағалау және бакылау жұмыстарын орталық банк баска орғандармен (казынашылық, банктік комиссия және т. б. ) біріге, ал баска мемлекеттерде оны (Австрия, Дания, Канада, Норвегия) орталық банктер емес, баска орғандар жүргізеді.
Орталық банктер қадағалау мен бакылауды негізінен мынадай бағытта жүргізеді:
- банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
- кейбір операция түрлерін (валюталық, бағалы қағаздармен, қымбат металдармен) жүргізуге;
- банктер берген қаржылық есепті тексеру және талдау;
- клиенттерді ревизиялау (тексеру) ;
- міндетті резервтердің нормативін және экономикалық нормативтердің жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.
Соңғы онжылдықтарда банк ісінің интернационалдануына байланысты банктік қадағалау жүйесі халықаралық деңгейге көтерілді. 1975 ж. өнеркәсібі өркендеген 10 еуропа мемлекеттерінің орталық банктерінің төрағалары банктік қадағалау және реттеу мәселелері бойынша Базель комитетін құрды. Халықаралық банктік қадағалау комитеті Англия Банкінің директоры Питер Куктің ұсынысымен құрылғандықтан ол "Куктің комитеті" деп те аталады. Комитеттің мәжілістері оның секретариаты орналасқан Базельдегі Халықаралық есеп айырысу Банкінде өтеді.
1997 ж. сәуірінде Базель комитеті банктік қадағалау және реттеуді ұйымдастырудың негізі болып саналатын 25 принциптен құрылатын "Банктің іс-әрекеттерін тиімді қадағалаудың басты принциптері" деп аталатын құжат қабылдады. Бұл құжатты қабылдауға "ондық" мемлекеттермен қатар басқа 15 елдің банктік қадағалау орғандарының екілдері қатысты. "Базельдік принциптер" өркендеген мемлекеттер қолданып жүрген, негізінен, стандартты талаптарды біріктіреді, сондықтан ол құжатты басқа мемлекеттердің барлығына басшылыққа алу ұсынылды. Ондағы талаптар: банктік капиталдың төменгі мөлшері; қадағалау орғандары-ның банктің саясатын, несие беруге және капитал инвести-циялауға байланысты оперативтік жұмысын және қолданатын операцияларын тексеру, несиелік және инвестициялық портфельдерді басқару; банкте тәуекелді баскару саясатының бар екендігін тексеру.
Орталық баиктің үкімет банкісі қызметі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, капиталын кім иеленетініне қарамастан орталық банк мемлекетпен тығыз байланыста қызмет атқарады. Үкіметтің банкир ретінде орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылық кеңесшісі. Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік орғандардың есепшоттары ашылған. Көптеген мемлекеттерде орталық банк мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз етеді. Салық пен заемдардан түсетін үкіметтің табысы орталық банктегі қаржы министрлігінің (қазынашылықтың) процентсіз шотында есептеліп, үкіметтің барлық шығыны сол шоттан шығарылады.
Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналыстыру және оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау және оның табысты уақытын тандау жөнінде кеңес берумен, мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.
Мемлекеттік борышты басқару деп орталық банктің заемдарды орналастыру және оларды өтеу жөніндегі, олар бойынша табыс төлеуді ұйымдастыру жөніндегі, конверсия (заем шарттарын өзгерту) және олар-дың мерзімін ұзарту (консолидация) операцияларын айтады.
Орталық банк мемлекеттік борышты басқаруда әр түрлі әдістерді қолданады:
- мемлекеттік міндеттемелердің курсын өзгерту және табыстылығын арттыру мақсатында оларды сатып алу немесе сату;
- сату жағдайларын өзгерту;
- әр түрлі тәсілдермен жеке инвесторлар үшін мемлекеттік міндеттемелердің тартымдылығын арттыру.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бірімен-бірі тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен катар өзінің басты қызметі - ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.
Орталық банктің ақша-несие саясаты деп онын айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер денгейі мен ақша айналымындағы және карыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты -ақша айналымы мен несие жағдайына әсер ету арқылы ша-руашылық конъюнктурасын реттеу. Ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркуге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және процент мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады. Керісінше, экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық, бағаның өсуі, үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге шек қою, проценттік төлемді жоғарылату, төлем құралдарын шығаруды тежеу және с. с. әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жагдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне карай кез келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізі коммерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша массасының 75%-тен 90%-ке дейінгісі банктік депозиттер (клиенттердің банкке салған каражаты) . ал тек 25-10%-і орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі, тек орталық банк арқылы коммерциялық банктердін операцияларының масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.
Орталық банк ақша-несие аясына ықпал ету ушін ең алдымен коммерциялық банктердін депозиттерді ұлғайту немесе азайту мүмкіншілігін пайдаланады Вірак одан орталық банк банктердін депозиттік эмиссиясы мен несие операцияларының көлемін тікелей өзгертеді деген ұғым тумайды. Орталық банк міндетті резервтер жүйесі арқылы банктік несие мен депозиттер динамикасына әсер етеді. Ол банктердің резервтік позициясын реттеумен несие мен депозиттерді қысқарту немесе ұлғайту реакциясын тудыруы мүмкін.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендегідей:
- коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін өзгерту (ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін) ;
- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
- ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары;
- валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz