Гендерлік лингвистиканы зерттеудің теориялық аспектілері


ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Динаева Бекзат Бегалықызы
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының
доценті, филология ғылымдарының кандидаты,
Аймақтық Менеджмент Академиясының
қауымдастырылған профессоры
(Астана қаласы, Қазақстан Республикасы)
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерде кез келген халықтың ұлттық тілі қарым-қатынас құралы ретінде адамның қатысымдық әрекетінің компоненті және қоғамдық-әлеуметтік жүйенің басты көрсеткіші, қоғамды жаңаша құрудың, ақпараттық байланыс пен тұлғааралық келісімді оңтайластырудың құралы, әлеуметтік қатынастарды бекітудің амалы тұрғысынан сарапталады. Сондай-ақ лингвомәдени қауымдастықтың ұжымдық тәжірибесін жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы құрал ретінде тіл - мәдениеттің құрамдас бөлігі, ал мәдениет - қоғам дамуына қажет ақпараттарды өңдейтін және таңбалайтын жүйе ретінде тілдің құрамдас бөлігі тұрғысынан зерттелуде.
ХХІ ғасыр тіл біліміне тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта, жалғастықта және тілді ұлттық рухани-мәдени білімдердің жинақталған коды ретінде қарастыратын антропоцентрлік бағыт тән болып табылады. Оның іргетасы өткен ғасырларда В. Гумбольдт, И. Гердер, Г, Штейнталь, А. Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектері арқылы қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес адам өзінің парасаттылық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы ғана алады. Сол себептен де кез келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың қанша ғасырлық терең сырға толы қазынасы, ділі, мәдениетінің қайнар көзі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай көрсетіп емес, суреттеп береді және бұл арада тіл дүниені тікелей, тура суреттемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, түсінетіні көрініс табады. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: «Разные языки - это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, а различные видения ее», - деп тұжырымдайды [1, 77] . Тіл - ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз - заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үдеріс нәтижесінде туған бейнесі. Сол себепті жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Яғни антропоцентрлік парадигма бірінші орынға адамды (тілдік тұлғаны) шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы сипатта қарастырылады. В. фон Гумбольдт, А. А. Потебня, М. Хайдеггер тілді рухпен, шығармашылық қызметпен байланыстырады. Яғни тіл - ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үдеріс нәтижесінде туған бейнесі. Сол себепті жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Атап айтқанда, антропоцентрлік парадигма бірінші орынға адамды шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы сипатта қарастырылады (Л. Леви-Брюль, Б. Малиновский, К. Леви-Стросс, Ю. Н. Караулов, В. Н. Телия, Г. В. Колшанский, Ю. Д. Апресян т. б. ) .
Жалпы адам баласына тән бұл әмбебеп танымдық үлгілер - тілдің «терең құрылымындарында» туатын тілдің күрделі когнитивтік қызметінің жемісі. Бұл арада когнитивтік модельдер адамның ойы мен санасының арасындағы аралық бейнені көрсетеді, яғни қабылданатын ақпарат когнитивтік модельдерде «кодталады».
Батыс тіл біліміндегі гендерлік зерттеулердің жай-күйіне назар аударсақ, олар аталмыш мәселеге үш түрлі көзқараста қарайды [2, 4] .
Бірінші көзқарас бойынша әйел мен ер адамның тіліндегі ерекшелікке әлеуметтік тұрғыда қарап, оны қоғамдағы әлеуметтік биліктің бөліну ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұнда «ер адамның тілі» мен «әйелдің тілі» әлеуметтік иерархияның түрлі сатыларында қолданылатын, негізгі тілден қызметі жағынан ерекшеленетін тіл деп анықталады.
Екінші көзқарас бойынша әлеуметтік психолингвистикалық тұрғыда «ер адамның тілі» мен «әйелдің тілі» олардың жыныстық ерекшелігіне байланысты деген ғылыми түсінік қалыптасқан. Осы бағытта зерттеу жүргізуші ғалымдардың статистикалық көрсеткіштері бойынша немесе екі жыныс өкілдерінің сөйлеу тіліндегі параметрлерді анықтаулары бойынша ер мен әйелдің тіл мәдениетіне психолингвистикалық теория тұрғысынан келудің мәні зор.
Үшінші бағыттың өкілдері ер мен әйелдің тілдік ерекшеліктеріне когнитивтік аспектіде қарап, өз теорияларын дәлелдеуге тырысады. Олар үшін тілдік категориялардың когнитивтік негіздегі біртұтас лингвистикалық үлгісін жасау аса маңызды болып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми парадигмада аталған барлық үш бағыт та бір-бірін өзара толықтырушы деп есептеліп, гендерлік лингвистиканың тұтас бір қаңқасын құрастыруға үлес қосады деген пікірлерге қосылуға болады.
А. В. Кирилина лингвистикалық гендерологияның өзекті мәселелеріне жүйелі де нақты талдау жасай келе, аталған бағыттың ұстанымы мен методологиясы тұрғысынан концептуалды бөліністегі төмендегідей негізгі алты бағытты атап көрсетеді:
- Әлеуметтік гендерлік зерттеулер.
- Феминистік лингвистика.
- Екі жыныс өкілдерінің тілдік ерекшеліктерін зерттеуші нағыз гендерлік зерттеулер.
- Маскулиндік зерттеулер (ХХ ғасырдың аяғында пайда болған ең жас бағыт) .
- Психолингвистикалық зерттеулер. (Бұл бағыттың шеңберінде нейролингвистика саласында зерттеулер жүргізілуде, сонымен бірге онтогенездің тілін зерттеу, атап айтқанда, әйел мен ердің тілдеріндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар туралы зерттейтін биодетерминистік бағыт) .
- Гендерлік субмәдени жорамалды қарастыратын лингвомәдени зерттеулер.
Дегенмен де, зерттеуші А. В. Кирилина жоғарыдағы жіктелімдердің барлығы да шартты деуге болатындығын, аталған бағыттардың барлығы да өзара бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, себебі санамаланған топтардың өз ішінде ұқсас мәселелері де, зерттеу нысандары да ортақ деп санайды [2, 6] .
Біріншіден, ер мен әйелдің адами тұрғыдан да бір-біріне жақын екендігін, ал олардың тілдерінің де байланысты екендігін зерттеу нысанынан білеміз, яғни тілдегі номинация, лексика, грамматика сияқты салалардың барлығын да екі жыныс өкілдерінің қолданатындығы белгілі. Мұндай зерттеулердің негізгі нысаны тілдегі ер мен әйелдің тілі деген бөліністің қалай пайда болатындығы, олардың қоршаған дүниені бағалауы, бағалауыштық мәннің қай салада көбірек таралғандығы болып табылады.
Екіншіден, лингвистикадағы гендерлік зерттеулердің мақсаты әйел мен ер адамның мінез-құлқына байланысты болуы мүмкін. Мұндай зерттеулер әлеуметтік детерминизм немесе биодетерминизм шеңберінде болады.
Үшіншіден, тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер пәнаралық салғастырмалы сипатта өте жиі жүргізілетіндігін атап өтуге болады.
Төртіншіден, лингвистиканың кез келген саласы гендерлік сипатта қарастырылуы мүмкін.
Бесіншіден, тіл біліміндегі гендер мәселесі қолданбалы сипатта екендігін де атап өту керек, сондықтан да осы саладағы зерттеу парадигмалары айтарлықтай табысқа жетіп, тілді зерттеудің жаңа қырларын көрсете білді.
Сонымен бірге орыс тіл білімінде лингвистикалық гендерологияның даму үдерісінде постмодернизм теориясы шеңберінде жазылып жатқан еңбектерді айта кету керек. Осы салада зерттеуші ғалымдар әйел мен ер адамның тілдік ерекшеліктерін «билік», «бағыныштылық» және «құдайшылық» тұрғысынан қарастырып, феминизм идеологиясы негізінде зерттейді.
Феминистік лингвистика немесе тілдегі феминистік сын тіл білімінде өткен ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның пайда болуына экстралингвистикалық та, интралинвистикалық та себептер әсер етті. Экстралингвистикалық себептің пайда болуына көптеген оқиғаларды, атап айтқанда, АҚШ пен Еуропадағы «Әйелдердің жаңа қозғалысын», Батыстағы феминизм идеясының кең қанат жаюын, соның ішінде «когнитивтік эволюция» деп аталған постмодернистік философияның дамуын жатқызуға болады. Тілдегі феминистік ағымның пайда болуына мыналар да түрткі болды. Біріншіден, өткен ғасырдың 50-60 жылдарында лингвистикада - психолингвистика, квантитативті әлеуметтік лингвистика, прагматика, қатысым теориясы сияқты бағыттардың пайда болуы себеп болса, екіншіден, лингвистика тарихында адам факторын тіл арқылы зерттеу және адамзат тілі мен оның биоәлеуметтік сипаты, соның ішінде оның жынысы алдыңғы қатарға шықты. Үшіншіден, ғылымдағы парадигмалардың орын ауыстыруы (құрылымдық зерттеуден прагматикаға көшу) және әлеуметтік ғылымдарда гендерлік зерттеулердің дамуы үшін ғылыми база мен методологияның пайда болуы да әсер етті [3, 19] .
Бұл бағыттың пайда болу тарихы қырық жылдан астам уақытқа жуықтайды. 1970 жылы Мэри Рич Кей Калифорния университетінде ер адамның тілі мен әйелдің тіліне арналған семинар ұйымдастырса, содан кейінгі 1975 жылы өткізілген семинардың материалдары бойынша «Ер мен әйел тілі» (Мужской/женский язык) атты кітап шығарды. Тілдегі феминистік сын бойынша негізгі жұмыстардың бірі ретінде 1975 жылы Робин Лакоффтың «Әйелдің тілі мен орны» (Язык и место женщины) атты ағылшын тіліндегі зерттеуін, Луиза Пуштың «Неміс тіліндегі ер адамның тілі» атты монографиясын және Сента Тремель-Плетцтің «Женский язык - язык перемен» атты еңбегін атап өту керек [4; 5; 6] .
1976 жылы ағылшын тілінде «Әйелдер мен тіл» атты арнайы журнал шығырылады. Онда тілдегі феминистік сын бойынша халықаралық және пәнаралық зерттеулер туралы ақпараттар басылады. Феминистік лингвистика өкілдерінің басты мақсаты патриархатты сынап, әйелдің қоғамдағы орнын көтеру болып табылады. Осы мақсатта тілге де реформа жасап, әйел бейнесінің төмен екендігін қатты сынға алады.
Феминистік сынның теориялық негізі ретінде В. Гумбольдтың және оның ізін жалғастырушылардың кейбір көзқарастары мен сынға арналған негізгі тұжырымдарын атауға болады. Сонымен бірге Сепир-Уорфтың «тілдік салыстырмалылық теориясына» арналған атақты жорамалын да айтып кету керек [7] .
«Лингвистикалық салыстырмалылық» жорамалы тұжырым ретінде АҚШ-та ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында пайда болды. Осы жорамалға сәйкес тіл тек қоғамның өнімі ғана емес, сонымен бірге менталдық пен қоғамдағы пікірлердің құралы болып табылады. Тіл адамдардың ойы мен көзқарасын білдіреді, бұл сыртқы әлемді тану тәсілі болып табылады.
Қазіргі уақытта феминистік сынның екі бағытын атап өтуге болады. Біріншісі әлемнің тілдік бейнесіндегі әйелдер бейнесіне кемсітушілікпен қарау немесе «әйелдерге қарсы бағыттағы тілдік жүйедегі ассиметрия» болып табылады. Оның өкілдері әлемге ер адамдардың көзімен қарап бағалауды ұсынады. Бұдан шығатын қорытынды патриархатты қоғамдағы тілдердің барлығы да «ер адамның» тілі болып табылады. Ал әйелдердің тілі жағымсыз коннотациялармен және жағымсыз мінездемемен беріледі.
Аталған бағыттағы зерттеудің негізгі нысаны болып тілдің лексикалық қоры алынды, себебі онда әйелге қатысты жағымсыз бірліктер нақты беріледі. Осы бағыттағы зерттеулер мынадай қорытындыға алып келеді: сөз таптарын зерттейтін грамматикалық категориялардың тұлғалары бойынша синтаксистік деңгейге сәйкес « адам » және « еркек » ұғымдары еуропа тілдерінде бір-бірін алмастырушы ретінде қаралады, ал әйелге қатысты тұлғалар ер адамға қатысты тұлғалардан туындаған деген көзқарас қалыптасқан. Мысалы, (Lehrer - Lehrererin (учитель-учительница (нем. ) ), Student - Studentin (студент - студентка (нем. ) ) .
Көптеген еуропа тілдерінде (тек оларда ғана емес) әйел бейнесіне қатысты жағымсыз сапалық қасиеттер орын алған. Әсіресе, мұндай қасиеттер әйел мен ер адамды қарсы қойып сипаттайтын тілдің фразеологиялық қорында жақсы сақталған.
Мысалы, ағылшын тіліндегі «Men are the stronger sex, Men should be bosses and women should work for them, A woman's place is in the home, It's a man's world» деген оралымдар былайша аударылады: «Еркек - бұл күшті жыныс иесі, еркектер қожайын болып, әйелдер оларға бағынулары тиіс. Әйелдің орны - үйде, еркектің орны - түзде».
Ағылшын тілінде man, fellow, brother (адам, жігіт, аға) сөздерінен туындаған сөздер өте көп. Жоғарыда аталған man, fellow, brother сөздері жалпылауыш қызмет атқарады, бірақ та тілдегі феминистік сын «олардың тілде қолданылуы адамдардың арасындағы субординацияны білдіреді» деп есептейді. Осы мәселе бойынша А. П. Нильсен, мысалы, ағылшын тіліндегі ер адамның тегіне байланысты сөздер (слова мужского рода) үлкен мәртебеге ие және айтарлықтай жеткілікті дәрежеде деп санайды. Сондықтан да олардың көпшілігі mankind, brotherhood, Irishman, Frenchman, Scotsman, spokesman, bachelor's&master's degrees, fraternity, fellowship (ағылшын тілінен аударғанда бұл сөздер мынадай мағыналарды береді: адамгершілік, туысқандық, ирландық, шотландық, француз, шешен, бакалавр және магистрлік дәреже, ынтымақтастық және т. б. ) күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің жасалуына негіз болған. Бұл сөздердің қолданыста болуы ұзақ уақыттар бойы әйелдердің когнитивтік қызметін шектеп, олардың саясатпен, спортпен, білім және басқа да салаларда жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайтты шетелге шыққан кезекті бір сапарында «Фаиненшеэл Тайме» газеті оның гардеробын мұқият сипаттаудан әрі аспап еді. Ал «Нъюсвик» журналы Мадлен Олбрайттың жаңа лауазымын таныстыра отырып, оны ажырасқан ана деп жазды. Содан кейін ажырасу барысын егжей-тегжейлі сипаттап еді [8, 40] .
Феминистік лингвистика өкілдерінің ойынша, тіл қазіргі қоғамдағы гендерлік бөліністің көнерген бір көрінісі болып табылады. Олардың пікірінше, әйелдердің орны - отбасы, ошақ қасы, бала тәрбиесі, көршілермен өсек айту [9, 15-20] .
Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол - шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам - отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым-қатынас т. б. барлығы әйел адамның құзыретінде. Ағылшын және қазақ тілінің паремиологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:
A good wife makes a good husband (сөзбе-сөз аудармасы: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды) . Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор осы тіркеске мағыналас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:
Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.
Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді.
Салғастыра қарағанда халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.
Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді,
Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді.
Жоғарыдағы «алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер» деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивтік санасында «төр» - тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz