Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат



Жаһандану – бұл әлемдік қауымдастықты құрап отырған ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне деген өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, ықпалдасуы
Демография (грек. demos – және grapha –жазу) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеумттік ғылым саласы.
Иммигрант – (лат – immigrant – қоныстанушы), көшіп келуші – бір мемелекеттен басқа мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша 6 айдан көп мерзімге) немесе тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтар.
Демографиялық аудандастыру - зерттеу нысаны болып табылатын аумақты демографиялық сипаттары жөнінен ұқсас аудандарға бөлу.
Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы, т.б. аумақтардагы халықтың, ұлт пен ұлыстық саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі — де-мографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің демографиялық саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам қысқа (1 — 10 жылдық) және ұзақ (1 ғасырлық) уакытқа жасалынады.
Демографиялық дағдарыс — әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі.
Демографиялық саясат — халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.
Демографиялық дүмпу — халық санының шүғыл да қарқынды табиғи өсуі.
Демографиялық статистика, халық статистикасы — белгілі бір ел немесе аймак халықтарының санын, құрамын, орналасуын, көші-қонын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинау, өндеу, тіркеу және талдаумен шұғылданатын статистика саласы.
): Қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері жылдан жылға толығып, мәселелер шеңбері де ұлғайып келеді. Халықаралық қатынастар шеңберіне қарастырылатын мәселелері негізінен ғаламдық маңызы бар, жалпы адамзат баласының дамуына әсерін тигізетін және шешілуі қажет мәселелер. Мысалы: Жаһандастыру, демографиялық, экологиялық, энергетика, адам құқығы, терроризм мен экстемизм, халықаралық шиеленістер мен дағдарыстар т.б. Бұл мәселелерді шешу жолдарындағы халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметімен оның маңызын ашып көрсету. Жалпы бұл пән болашақ халықаралық қатынастар мамандарын дайындауда өзіндік маңызы бар. Пәнің негізгі түпдеректік сипаттамасына назар аударсақ бұл пән негізінен қазіргікүндегі мәселелерді қарастыратындықтан көбінде жаңа соңғы кездегі ғалымдардың жасаған тұжырымдамаларын еңбектерін пайдалануға болады.
Тезис, мәліметтер

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Бөлім 1. Жаңа әлемдік саясаттағы детерминант
Глоссарий (сөздік, анықтама):
Жаһандану – бұл әлемдік қауымдастықты құрап отырған ұлттық мемлекеттер мен
аймақтардың бір-біріне деген өзара тәуелділігінің артуы,
олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері
бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, ықпалдасуы
Демография (грек. demos – және grapha –жазу) – белгілі бір халықтың,
ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын,
территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық тарихи
жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеумттік ғылым саласы.
Иммигрант – (лат – immigrant – қоныстанушы), көшіп келуші – бір
мемелекеттен басқа мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары
бойынша 6 айдан көп мерзімге) немесе тұрақты тұруға қоныстанушы
азаматтар.
Демографиялық аудандастыру - зерттеу нысаны болып табылатын аумақты
демографиялық сипаттары жөнінен ұқсас аудандарға бөлу.
Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы,
т.б. аумақтардагы халықтың, ұлт пен ұлыстық саны және құрамы
туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі — де-
мографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің
демографиялық саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам
қысқа (1 — 10 жылдық) және ұзақ (1 ғасырлық) уакытқа
жасалынады.
Демографиялық дағдарыс — әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың
әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы)
халықтың ұдайы өсуінің тежелуі.
Демографиялық саясат — халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге
асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық
шаралар жүйесі.
Демографиялық дүмпу — халық санының шүғыл да қарқынды табиғи өсуі.
Демографиялық статистика, халық статистикасы — белгілі бір ел немесе аймак
халықтарының санын, құрамын, орналасуын, көші-қонын немесе оның
жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинау, өндеу, тіркеу
және талдаумен шұғылданатын статистика саласы.

Тақырып 1. Кіріспе
Дәріс мақсаты: Қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері
пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашып көрсете отырып
пәннің негізгі идеясын ашу, негізгі ұғымдарына сипаттама беру
болып табылады.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері пәні, кезеңдері,
хронология
2 Курс мақсат, міндеті
3 Тарихнамасы мен түпдеректерін сипаттама
4 Негізгі ұғымдарына сипаттама
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Қазіргі халықаралық
қатынастардың мәселелері жылдан жылға толығып, мәселелер шеңбері де ұлғайып
келеді. Халықаралық қатынастар шеңберіне қарастырылатын мәселелері
негізінен ғаламдық маңызы бар, жалпы адамзат баласының дамуына әсерін
тигізетін және шешілуі қажет мәселелер. Мысалы: Жаһандастыру,
демографиялық, экологиялық, энергетика, адам құқығы, терроризм мен
экстемизм, халықаралық шиеленістер мен дағдарыстар т.б. Бұл мәселелерді
шешу жолдарындағы халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметімен оның маңызын
ашып көрсету. Жалпы бұл пән болашақ халықаралық қатынастар мамандарын
дайындауда өзіндік маңызы бар. Пәнің негізгі түпдеректік сипаттамасына
назар аударсақ бұл пән негізінен қазіргікүндегі мәселелерді
қарастыратындықтан көбінде жаңа соңғы кездегі ғалымдардың жасаған
тұжырымдамаларын еңбектерін пайдалануға болады. Олар жыл сайын толығуда
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері пәнінің қарастыратын
мәселелерін өз ой тұжырымы бойынша анықтау. Қандай жағдайларды
қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері деп танисың?
2. Қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелері пәні бойынша тарихнамалық
шолу жасау. Олүшін ШҚМУ кітапханаларынан осы пән мәселелерін
қарастыратын әдебиеттерді қарап анотация жасау.
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.

Тақырып 2. Жаһандастыру
Дәріс мақсаты: Жаһандастыру ұғымы, оның түрлерін және әлемдік экономикалық
ыпалдастық, әлемдік саясат пен әлемдік экономикалық
байланыстардың жүру үрдісімен таныстыра отырып жаөандастыру
процесінің тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап баға беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Жаһандастыру ұғымы, оның түрлері
2 Әлемдік экономикалық ыпалдастық
3 Әлемдік саясат пен әлемдік экономикалық байланыс
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Қазіргі дүние біртұтас
организмге, біртұтас жүйеге айналып келеді. Оның жекелеген бөліктерінің,
яғни мемлекеттер, аймақтар, өңірлердің жай-күйі жалпы жаһандық жүйеге,
әлемдік саяси және экономикалық конъюнктураға, тікелей тәуелді, сонымен
қатар жаһандық жүйенің өзі оның бөліктері мен элементттерінің жай-күйіне
тікелей байланысты. Оған қоса әлемдік жүйенің әр бөлігі басқа бөліктерге
ықпал етеді және өзі де солардың ықпалына түседі. Бұл кез келген салаға –
саясатқа, экономикаға, қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық, ақпараттық және
басқа салаларға қатысты болады. Яғни бір сөзбен айтқанда, жүздеген
мемлекттерден тұратын кең әлем бүгіндері ғаламдық ауылға айналуда.
Жаһандану туралы пайымдар әлемде бірін-бірі жоққа шығаратын екі
көзқарасты қайшыластырып отыр. Ғаламдануды жақтаушы топ өкілдері Шекаралар
символикалық мәнге ие болып, мемлекеттер саяси қызығушылықтарын өзара
тиімді экономикалық мүддеге бағындырғанда ғана, адамзат дамудың жаңа даңғыл
кезеңіне аяқ басады деп көрсетсе, оған қарсы топтағылар Бұл тұжырымның
астында қой терісін жамылған бөрі пиғыл жатыр. Жаһандану - әлемнің геосаяси
жағынан қайта құрылуы немесе күштілердің әлсіздерге үстемдік етуі,- дейді.
Қазіргі кезде көптеген елдердің арасындағы ынтымақтастық, достастық
бұрынғыдан да тығыз бола түсіп, түрлі салаларда екі жақты және көп жақты
қатынастарды күшейтуде, мұның өзі – оң үрдіс.
Бұл ретте, 2000 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан
мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуіндегі баяндамасында
Жаһандану көп мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге ғаламдану – бүгінгі
мемлекеттер арасында бұрын болып көрмеген бәсеке туғызады,- деп атап
көрсеткен болатын.
Бір сөзбен айтқанда, жаһандану үрдісіне етене кірігу немесе одан
сырт қалуға тырысу әлемдегі көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатына
бірден-бір байланысты Қазіргі кезде көптеген елдердің арасындағы
ынтымақтастық, достастық бұрынғыдан да тығыз бола түсіп, түрлі салаларда
екі жақты және көп жақты қатынастарды күшейтуде, мұның өзі – оң үрдіс.
Бұл ретте, 2000 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан
мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуіндегі баяндамасында
Жаһандану көп мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге ғаламдану – бүгінгі
мемлекеттер арасында бұрын болып көрмеген бәсеке туғызады,- деп атап
көрсеткен болатын.
Бір сөзбен айтқанда, жаһандану үрдісіне етене кірігу немесе одан
сырт қалуға тырысу әлемдегі көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатына
бірден-бір байланысты
Қазіргі кезде көптеген елдердің арасындағы ынтымақтастық, достастық
бұрынғыдан да тығыз бола түсіп, түрлі салаларда екі жақты және көп жақты
қатынастарды күшейтуде, мұның өзі – оң үрдіс.
Бұл ретте, 2000 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан
мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуіндегі баяндамасында
Жаһандану көп мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге ғаламдану – бүгінгі
мемлекеттер арасында бұрын болып көрмеген бәсеке туғызады,- деп атап
көрсеткен болатын.
Бір сөзбен айтқанда, жаһандану үрдісіне етене кірігу немесе одан
сырт қалуға тырысу әлемдегі көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатына
бірден-бір байланысты.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Пікірталас өткізу: Жаһандастыру үрдісінің оң және теріс жақтары.(Топты екі
жақты пікірді жақтаушыларға бөліп пікір бөлісу.)
Әдебиеттер: 1,2, 4, 6, 12,20,22,23.

Тақырып 3. Әлемдік демографиялық ахуал
Дәріс мақсаты: Қазіргі қоғамның демографиялық құрлымы мен қазіргі әлемдік
демогафиялық үрдістегі саяси аспектілер мен демографиялық
диспропорция және жаңа шиеленістер туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Қазіргі қоғамның демографиялық құрлымы
2 Қазіргі әлемдік демогафиялық үрдістегі саяси аспектілер
3 Демографиялық диспропорция және жаңа шиеленістер
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Демография (грек. demos –
және grapha –жазу) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық
топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему
динамикасын қоғамдық тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеумттік
ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу
мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен
өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың
өсу мөлшерінің өзгеруі, адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммигрант –
(лат – immigrant – қоныстанушы), көшіп келуші – бір мемелекеттен басқа
мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша 6 айдан көп мерзімге)
немесе тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтар.
Демографиялық саясат — халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан
жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар
жүйесі. Демографиялық саясат мемлекеттегі әлеуметтік интитуттар арқылы
жүзеге асырылады. Шаралар тікелей (некеге тұру, отбасы жандарының туып-өсу
қарқынын реттеу, көші-қонды бақьшау, т.б.) немесе жанама түрде (халықтың
өмір сүру деңгейін көтеру, көп балалы отбасына жеңілдік жасау, қоғамдық
санаға ықпал ету, т.б.) жүзеге асырылады. Демографиялық саясат халыктың
ұдайы өсуінің түрілеріне де байланысты болады. Демографиялық дағдарыс
жағдайындағы елдерде тууды және халықтың табиғи өсуін арттыруға бағытталған
демографиялық саясат басым болады.
Ғаламдық демографиялық проблемелардың шешуші қазіргі заманның
әлеуметтік және экономикалық міндеттердің күрделі кешеңіне барып тіреледі.
Халықтың саны 2,1 млрд-қа жеткен. Шындығында жер бетінде
халықтың нақты саны әлі айқын емес. Жоғарыдағы дерекетер дүние жүзі
ғалымдарының көп жылдық зерттеулерінен туындаған болжамдар ғана. Халықтың
санағы не үшін керек деген болжамдар жасайды. Оның себебі адамзат
тіршілігінің қауіпсіздігін сақтау. Ал тіршіліктің ұзақтығы жер ғаламшарының
төзімділік қуаты оның табиғи байлық қорына байланысты екендігі мәлім.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Демография,демографиялық статистика, демографиялық дүмпу, демографиялық
саясат, демографиялық дағдарыс, демографиялық болжам, демографиялық
аудандастыру сөздеріне анықтама бер?
Әдебиеттер: 1,2,7,8,10, 12,20,22,23.

Тақырып 4. Әлемдегі көші - қон мәселесі
Дәріс мақсаты:Әлемдік ірі державалардағы көші-кон саясаты мен Саяси
босқындар, репатрация саясаты туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Әлемдік ірі державалардағы көші-кон саясаты
2 Саяси босқындар, репатрация саясаты
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Әлемдік ірі державалардағы көші-кон
саясатының барысы мен жүрісінің үрдісін талдау мен Саяси босқындар,
репатрация саясаты туралы түсінік бере отырып әлемдегі көші қон саясатының
барысын талдау. Қазақстандағы демогр. саясатгың бір саласы — көші-қон
саясаты. Қазақстан Республикасының Көші-қон туралы заңы осы саладағы
қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экон. және
әлеум. негіздерін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына оралатын адамдар мен
отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгілейді.
Осыған байланысты, Қазақстан Президентінің Жарлығымен республикадағы көші-
қон саясатын жүзеге асырумен шүғылданатын арнайы мекеме — Көші-кон
департаменті құрылып, жұмыс істеп келеді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Әлемдік ірі державалардағы көші-кон саясаты?
Саяси босқындар деген кімдер?
Репатрация саясаты деген қандай саясат?
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.

Тақырып 5. Адам құқығын қорғау мәселесі
Дәріс мақсаты: Жеке адам құқығы халықаралық құқықтың негізі реті мен Адам
құқықтарының түрлеріне түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Жеке адам құқығы халықаралық құқықтың негізі ретінде
2 Адам құқықтарының түрлері
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Халықаралық адам құқықтары
жөніндегі заңның халықаралық құқықтық доктриналар мен құрылымдар түріндегі
өзінің бірнеше тарихи бастаулары бар. Қараңыз: Хенкин Л. Құқықтар дәуірі 13-
б. (1990). Бұлардың ең маңыздылары – ізгілік мақсатындағы ішкі іске асу
араласу, шетелдіктер мүддесіне нұқсан келгені үшін мемлекеттің
жауапкершілігі, аз ұлттарды қорғау, Ұлттар Лигасының мандаттары мандаттар
жүйесі мен аз ұлттарды қорғау жүйесі және халықаралық ізгілік құқығы. Осы
доктриналар мен құрылымдарының бүгінгі таңда қандай түрде сақталып қалғаны
жөнінде айтар болсақ, олар қазіргі адам құқықтары жөніндегі заңның ажырамас
бір бөлігіне айналды деуге болады.
Дәстүрлі халықаралық құқықтарға тек ұлттық мемлекеттер арасындағы
қарым-қатынастарды реттейтін құқық деген анықтама беріліп келеді. Бұл жерде
халықаралық құқықтар аясында кіретін және заңды құқықтары бар мемлекеттер
жөнінде ғана сөз болып отыр. Осы қалыптасқан анықтама бірінші дүние жүзілік
соғыстан кейін жаңадан құрылып, танылған халықаралық құқықтар шеңберінде
құқықтары аса шектеулі әртүрлі үкіметаралық ұйымдармен біршама кеңейтілді.
Жеке азаматтар тиісінші халықаралық заңды құқықтарға толықтай ие болады деп
саналмады: олар халықаралық құқықтың субъектісінен гөрі объектісі делініп
келді. Мемлекеттердің азаматтарға қатысты халықаралық құқықтық
міндеттемелеріне келер болсақ, яғни бұл міндеттеме азаматтығына ие
адамдардың алдындағы мемлекеттің міндеттемесі болып табылады. Мысалы,
қараңыз: Оппенхайм Л. Халықаралық құқық. Зертеулер. 1-том, 362-б. (екінші
басылым, 1912).
Халықаралық құқықтық табиғаты жөніндегі бұл көзқарастар мемлекеттің
өз азаматтарымен қарым-қатынасы халықаралық құқықтар тарапынан
реттелмегенін, демек басқа мемлекеттердің құқықтарына ықпал етпегенін
көрсетеді. Халықаралық құқық мемлекеттер өз азаматтарының құқықтарын бұзған
жағдайда қолданылмағандықтан, ол мәселе әрбір мемлекеттің тек ішкі құзырына
жататын мәселе деп саналады, ал басқа мемлекеттердің кез-келген
мемлекеттің істеріне араласуға немесе бұл мемлекеттердің өзінің
азаматтарына қатыгездік жасағаны үшін оларды қорғауға хақы жоқ. Сонымен
қатар бұл ережелерде ерекшелік ретіндегі талаптар да болды.
Халықаралық құқықтың берік орныққан принципі бойынша, мемлекет
өзінің егемендігін нендей бір шартқа қол қою арқылы шектей алады және
осылайша халықаралық заң тарапынан реттелмеген кейбір мәселені басқа бір
мемлекеттің емесе халықаралық ұйымның бақылауындағы мәселеге айналдырады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Адам құқықтары жөніндегі алғашқы шарттар?
2. Адам құқықтары және дәстүрлі халықаралық құқықтар?
3. Ізгілік заңы (гуманитарлық) заңы?
4. Адам құқықтарын БҰҰ шеңберінде қорғау жүйесі?
Әдебиеттер: 1,2, 12,15, 20,22,23.

Тақырып 6. ХХІ ғасырдағы энергетика
Дәріс мақсаты: ХХІ ғасырдағы энергетика дамытудың түрлері мен
жолдары, халықаралық қатынастардағы энергетика факторының ролі
туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 ХХІ ғасырдағы энергетика дамытудың түрлері мен жолдары
2 Халықаралық қатынастардағы энергетика факторының ролі (МАГАТЭ,
ОПЕК, т.б.)
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Жиырма бірінші ғасырда
дүниежүзінде әсіресе, дамып келе жатқан елдерде шарасыз энергияны қолдану
өсіп келеді ,. Энергияның глобальды тұтынылуы , ғасыр ортасында өсу шегі
екі есеге арта түседі. Бұл өсім экономиканың дамуы, халықтың өсуі және
дүниежүзінің аймақтарына энергиялық тұтынуларды біркелкі таратуға
ұмтылудға байланысты. Әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына жағдай
жасайтын басқа маңызды энергетиктердің шақыруы болып, алғашқы энергияның
таза қайнарларын қолдана отырып судан шығарылатын сутегін қолдану. Және,
әйтеуір тұщы сумен қамтамасыз ету сонымен қатар энергияның маңызды
қайнарларын талап етеді . Бұл мәселелерді позитивті шешуге ядролық
энергетика жағдай жасайды . Энергия өндірісіне глобальды масштабта маңызды
әсер ету үшін, энергетикалық қауіпсіздікті және экологиялық жағдайды
жақсарту қажет. Ядролық энергетиканы онан ары дамыту үшін экономикалық
қабылдаушылық және техникалық қауіпсіздік белгілерін сақтауды қамтамасыз
ету қажет. Қазіргі уақытта ядролық энергетика ең алдымен, электрді
генерациялау үшін қолданылады. Сонымен қатар , болашақта ядролық энергия
қолдануымен теңіз суының тұщынуына игерілетін болады. Дүниежүзінде
көптеген он жылдықтарға жететін ядролық энергетика қажеттіліктерін
қамтамасыз етуге арналған ядролық материалдардың жеткілікті саны бар.
Бірақ ол болашақта арзан уран қорларының шектелгендігімен қағысады.
Ядролық энергетиканың өте маңызды мәселесі таратпау мәселесі болып қала
бермек. Таратудың тәуекел төмендеуі, сөзсіз, перспективалы жағармайлық
циклдарды таңдау кезінде маңызды критерилардың бірі болады. Тәжірибенің
куәландыратыны, бөлетін материалдардың тарату тәуекелділігінің тиімді
төмендеулеуі үшін жаңа технологиялық әдістемелерді қарау қана емес ,
сонымен қатар институционалды жаңа рамкаларды жасауды қажет етеді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы?
2. Қазақстан энергетикасы?
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.
Тақырып7: Мәдени жаһандастыру:
Дәріс мақсаты: Мәдени ұгым сипаттамасы, ЮНЕСКО мәдени жаһандастыру үлгісі
ретінде түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Мәдени жаһандастыру
2. Мәдени ұгым сипаттамасы
3. ЮНЕСКО мәдени жаһандастыру үлгісі ретінде.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
5. ?
Әдебиеттер: 1,2, 5,9,12, 17,20,22,23.

Бөлім 2. Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу мәселеі

Глоссарий (сөздік, анықтама):
Нарықтық экономика дегеніміз – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал
жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық
жүргізуші субъектлер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық
қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика,
яғни, тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу
саласы нарыққа біріктірілген экономика.
Рыноктың маңызды қызметі (функциясы)- еңбек шығынын, мөлшерін,
көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау.

Тақырып 8. Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу мәселеі
Дәріс мақсаты: Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу мәселеі:
Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық мәселелері, негізгі
принциптері, халықаралық құқықтық және адамгершілік норманың
маңызы туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық проблемалар
2. Халықаралық құқық және оның негізгі принциптері
3. Халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық және
адамгершілік нормалардың маңызы
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Халықаралық қылмыстар, негізінен, белсенді әрекеттер арқылы
жасалынады. Кейбір құрамының объективтік жағы (мысалы , тыйым салынған
соғыс жүргізу құралдары мен тәсілдері) міндетті белгісі болып , қылмыс
жасаудың жағдайы қарулы қақтығыстар және әскери қимылдар кезіндегі жасалған
орны - оккупацияланған аймақ болып табылады.
ҚК Ерекше бөлімі, аталған тарауында белгіленген қылмыстардың
субъективтік жағы, яғни экоцидті қоспағанда , кінәліктің нысаны бойынша
тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кейбір қылмыстардың субъективтік
жағының міндетті белгісі ретінде, заң шығарушылар қылмыс жасаудағы арнайы
мақсаты сипатталады, геноцидтің мақсаты ұлттық , этникалық , нәсілдік
немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға бағытталуы; халықаралық қорғау
аясында адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасауда соғысқа арандату немесе
халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында жасалынады.
Халықаралық қылмстардың субъектісі -16 жасқа толған , есі дұрыс адам
танылады. Кейбір қылмыстар құрамында арнайы субъектілерді қамтиды:
мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК , 157- б. 2-
бөлігі) , өзінің қызмет бабын пайдалана отырып , адам не қоғамдық
бірлестіктің жетекшісі жасауы (ҚК , 164- б. 2- бөлігі) және тағы басқа.
Заң әдебиеттерінен аталған қылмыс топтарының тікелей объектісіне
байланысты әртүрлі топтастыруды кездестіруге болады. Бұл топтастыруды
(классификациялау) шартты деп атауға болады , себебі оқу мақсатында аталған
түсіндірмелерді оңай игеруіміз үшін жасалынады. Халықаралық қылмыстарды
былайша төмендегідей топтастыруға болады
Халықаралық қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу,
тұтандыру немесе жүргізу (ҚК,156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға
насихат жүргізу және жария түрде шақыру (ҚК,157-бап), жаппай қырып - жою
қаруын өндіру немесе тарату (ҚК,158-б).
Соғыс қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен
әдістерін қолдану (ҚК , 159-б).
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық проблемалар?
2. Халықаралық құқық және оның негізгі принциптері?
3. Халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық және
адамгершілік нормалардың маңызы?
Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20,22,23.

Тақырып 9. Рыноктық экономиканың құқықтық негіздері
Дәріс мақсаты: Рыноктық экономиканың құқықтық негіздері, рыноктық
экономика және оның негізгі принциптері, Бон конференциясы туралы
түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру туралы түсінік беру
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Рыноктық экономиканың құқықтық негіздері
2. Рыноктық экономика және оның негізгі принциптері
3. Бон конференциясы.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Нарықтық экономика дегеніміз – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал
жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық
жүргізуші субъектлер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық
қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика,
яғни, тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу
саласы нарыққа біріктірілген экономика.
Рыноктың маңызды қызметі (функциясы)- еңбек шығынын, мөлшерін,
көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Рынок арқылы өндіріс
құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін
ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады.
Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар құрылыман
қоғамдық қажеттіліктер қоғамына және көлеміне сәйкестендіреді.
2008 жылдың 8 қаңтар күні Дж.Мэйсон университетінде сөйлеген Барак
Обаманың сөзінде тек бір жылдың өзінде, 2008 жылы ғана 2 миллиондай жұмыс
орны жоғалтылғаны айтылған. Ертеңінде, 9 қаңтарда АҚШ-тағы 2008 жылғы
жұмыссыздық деңгейі жөнінде ресми ақпарат жарияланған. Сол ақпаратқа
сәйкес, жұмыссыздық деңгейі соңғы 16 жылдың ішіндегі ең жоғары шегіне
жетіп, 7,2 пайызды құрапты. Тек бір айдың өзінде, өткен жылдың
желтоқсанында ғана 524 мың жұмыс орны жабылған, сөйтіп елдегі жұмыссыздар
саны 2,6 миллион адамға жеткен. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
ең жоғарғы көрсеткіш.
Қазіргі әлемдік кризистің шығу себебі – шетел компанияларының, яғни
АҚШ-тың ірі несиелер алып, қарыздарын уақытымен жаба алмағандығының
салдарынан туып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев “Российская газетада” жарияланған “Дағдарыстан
шығу кілті” атты мақаласында айтқандай, “Осыған байланысты айыптылар мен
кінәлілерді іздеу қажетсіз іс”. Шынтуайтында, соларды іздесеңіз де дәл табу
қиямет-қайым шаруа. “Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған
жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс.
Назарбаевтың бұл еңбегінде ешқандай дайын рецепт ұсыну, ешкімге кеңес беру
жоқ. Өйткені, Назарбаевтың өзі де ізденіс үстінде. Мақалада дағдарыстың
дауасын табуға ұмтылыс бар. Ең бастысы – біздің түбегейлі жаңа, әлемдік
экономиканың, саясаттың Жане жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған
моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы бар.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Рыноктық экономиканың құқықтық негіздері
2. Рыноктық экономика және оның негізгі принциптері
3. Бон конференциясы.
Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20,22,23.

Тақырып 10. Халықаралық экалогиялық мәселелер
Дәріс мақсаты: Әлемдік экологиялық мәселер мен олардың түрлері
мен шешу жолдары турулы түсінік беру
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Халықаралық экологиялық мәселелер
2. Климаттағы өзгерістердің экологияға әсері
3. Озон қабатын бұзу қатерiн жою
4. Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы
5. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
XX ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен
сипатталса, 21 ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің
кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып,
жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс-әрекеті, күнделікті
тіршілігі жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның
табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді.
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк
көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша
ықтимал қатер төндiредi.
Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен
микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
            Азон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып
табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды
қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-
жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының
тұрақты мониторингін жүргізу
Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын
алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына
елеулi зиян келтiруде.
Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия
және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi
қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Халықты ауыз
сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да
ластануға ұшыраған.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ
болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда экологиялық
қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай
негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
     1. жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi
кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен
төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң
бөлшектелген жабдығы);
     2. ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
     3. мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
     4. ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған
қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан
шыққан көздерi).
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты
табиғи жүйелердiң, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен жеке тұлға
құқығының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлердiң нәтижесiнде
туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары
экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Инфляция және онымен күрес
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Пәндер