Дипломатиялық хаттамалар


Бөлім 1. Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы
Глоссарий :
Дипломатия - мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттік сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері. Бұған қоса, дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі, сондай-ақ, мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау да жатады.
Дипломатиялық корпус - қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.
Дипломатиялық өкілдік - мемлекеттің шетелдегі дипломатиялық өкіл басқаратын, сыртқы істермен айналысатын органы. Елші басқаратын Дипломатиялық өкілдік елшілік деп аталады, ал уәкіл немесе уақытша сеніп тапырылған уәкіл бақаратын Дипломатиялық өкілдік миссия деп аталады. Бірқатар мемлекеттерде Дипломатиялық өкілдікдіктердің басқа да атаулары кездеседі.
Елшілік - бір мемлекеттің екінші мемлекетте елші басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Өзі тұрған мемлекеттің орталық қаласында орналасып, сол елмен өз мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас үзілгенге дейін болады. Елшілік құрамына елшіден басқа дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер штаты енеді. Елшілік қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің дербестік және дипломатиялық иммунитеттік құқықтары бар.
Консулдық құқық - консулдық мекемелердің және олардың қызметкерлерінің қызметін реттейтін, олардың мәртебесін, атқарымдарын, құқықтар мен міндеттерін айқындайтын ұлттық және халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол консулдардың құқықтық жағдайын, олардың құрылу рәсімі мен қызмет ету режимін етке келтіреді, консулдар мен басқа да лауазымдарды қызметкерлерді тағайындау ретін тәртіптейді, олардың міндеттерінің тізбесін, оларға берілетін артықшылықтардың, жеңілдіктер мен имунитеттердің ауқымын айқындайды.
Тақырып 1. Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы.
Дәріс мақсаты: Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
- Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы.
- Хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) :
Дипломатиялық хаттама: мәні, мақсаты
Қазіргі таңда, әлемде 250- ден астам мемлекет бар, олардың барлығының өзіндік тарихы, әдет - ғұрпы, мәдениеттері бар. Мұндай құндылықтарға деген сыпайылылықты өзіндік ұлттық абыройды түсірмей қалайша білдіруге болады? Ол халықаралық қатынастарда көп ғасырлар бойы қалыптасқан тарихындағы дипломатиялық хаттамалар және этикет болып табылады.
Хаттама (гректің protes бірінші және rolla жабыстыру) орта ғасырларда құжаттарды реттеу ережесі және архив жүргізу деп аталады. «Хаттама» сөзі абсолюттік монархияда да қолданылады. «Этикет» сөзі де бірге дамыды. Этикет сақтау - азаматтардың жалпы мәдениетінің көрінісі. Жеке хаттамалық нормалар салтанатты деп талады. Хаттаманың негізі халықаралық сыпайылылық принципі болып табылады.
Дипломатиялық хаттама үкіметтің, шетел ведомстваларының, дипломатия өкілдерінің, ресми тұлғалардың халықаралық құқығындағы жалпы қабілет ережелерінің, дәстүрлерінің, шарттарының бірлестігі.
Дипломатиялық хаттама - халықаралық категория.
Барлық мемлекеттер оның негізгі заңдарын сақтауға міндетті. Кейбір халқаралық нормрлардың заңд күші бар. Мысалы: сенім грамотасы, келісімшарт құжаттары, ас қабылдау, ресим делегацияны қарсы алу, шығарып салу. Басқаша айтқанда, барлық сыртқы саяси акциялар халықаралық нормаларға сәйкес жүргізіледі. Оларды бұзу (мемлекеттік, ресми келіссөзде отырс орындарын бұзу, қабылдаудан ерте кету, кешігу) дәрежелік белгісі, ол халықаралық аренада мемлекеттің беделін түсіріп, мемлекет арасындағы қатынаста қақтығысқа дейін әкелуі мүмкін.
Дипломатиялық хаттама ережесіне сәйкес дипломаттың келген мемлекеттің іс - әрекетіне, олардың ресми салтанаттағы киімімен анықталады. Жалпы қабылдауда халықааралық норманы халықаралық ұйымда, әсіресе БҰҰ сақтайды. Ерекше назар мемелекеттік символ этикетіне - ту, ән ұран аударылады.
Осылайша дипломатиялық хаттама мемелекеттің сыртқы саяси принциптерін іс жүзіне асыру құралы болып табылады. Әсіресе, елдің егемендік принципі, әнұран орында, мемлекеттік туға құрмет көрсету сияқты хаттамаларынан көрінеді. Мемлекеттің теңдігінің принципі альтернатив сақтап, яғни дәрежесіне, тапқа байланысты дипломатиялық өкілдерді отырғызудан көрінеді. Тағайындалған елші агреманы, дипломатиялық қызметке кіру салтанаты, визит картасын жасау, пайдалану. Мемлекеттің елшілік және консул құқығның хаттамаларының атрибуты болып табылады.
Дипломатиялық хаттаманың даму тарихы.
Қазіргі заманғы хаттаманың адамның көп ғасырлық тарихы мен қалыптасуы. Көптеген ереже, дәстүр, шарттардың арасынан мемлекет пен халық арасында жақсы қатынас орнату үшін кейбір жерлері ғана таңдалды.
Мемлекеттің дипломатиялық хаттама этикетінің қалыптасуында ұлттық дәстүрмен бірге өзге мемлекеттер, халықтар салты әсер еткен. Мысалы: 14 - 17 ғ - ғы Ресей мемлекетінің хаттамалық нормасында Алтын Орда және Византия, Монғол хандықтарының және Батыс Еуропа елдерінің дәстүрлері де араласып жүрді.
Шет ел елшілерін қабылдау маңызды саяси құбылыс болады және ол мемлекеттің күшін, басшысының мықтылығын және престижін көрсетуге болады. Сондықтан Ресейде патша киімі ауыр алтын, бағалы тастармен безендірілген. Осы себептен тұлғасы жіңішке болған Федор Иванович және Борис Годунов. Патша киімі ерекше мәнге ие. Оған мысал 1567 жылы Иван Грозный литва елшісін әскери сауытпен қабылдады, себебі ол Ресей мемлекетінің күшін, мықтылығының белгісі болып саналды.
Патшаның келіссөзді елшімен жүргізуі жоғары бағаланды. Мысалы ағылшын елшісі Дж. Боусу 1584 жылы Ресейге келггенде IV Иванның бояры былай деген: «Бізде бұрыннан бері, бізге, ұлы патша елшімен сөйлеспейтін жағдай қалыптасқан».
Ұлы Литва патшалығында сенім хатының ұсыну салтанаты қатаң сақталды. Мәскеу патшасының елшісі Вильноға 1556 жылы келгенде: «Құрметті патша дәстүр бойынша, сіздің денсаулығыңызды сұрады» - деген екен. Үлкен елші Иван Михайлович Воронцев Иван Грозныйдың сәлемін иіліп беріп, Сигизмунд-Августқа сенім грамотасын тапсырды. Одан кейін елшілер құрметіне ас берілген.
Тарихта этикет нормаларынан ауытқыған қақтығысқа апарған жағдайлар аз емес. Мысалы, 1584 жылы Елизавета Английская Ресей патшасын сарайында емес, өзінің бағында қабылдаған. Ханшайым оның бағы «таза, әрі салқын» - деп түсіндірді. Дегенмен, Ресей патшасы мұндай қабылдауға наразы болған.
Хаттамалық тәжірибенің даму тарихында Ресейде зор үлес қосқан Петр I болған. I Петр Ресей туралы теріс ойларды теріске шығаруға тырысты. Ол өзінің жарлығымен жаңа дипломатиялық хаттама және этикеттің негізін салды. Мысалы, «сақал қыру, еуропа стиліндегі жейде кию» талаптары қойылды. Халықтың киімі міндетке сай болмаса қамшымен соғу жазасы қолданылды.
Мәдениеттің дамуында 1717 жылы «Юности честное зерцало» кітабы ерекше рол атқарған. Онда былай деп жазылған: «Ешбір адам үстел басында басын төмен түсіріп отырмайды, біреуге ала көзбен қарамайды, басын қасымайды».
Ресейдегі жаңа мекеме «Ұлы Елшілік» (1697-1698) ашылған. Ұлы елшілер Лефорт, Головин, Возницын басқарған. XVIII ғасырда кейбір елдерде шетел елшілерін қабылдау регламентінің құжатын қабылданды. 1765 жылы 19 желтоқсанда патшаның «шетелден келген елшілері мен резиденттерге арналған жалпы инструкция» бекіткен. Мемлекеттің бір-бірімен тығыз байланыс орнатқан кейін халықаралық қатынастардың жаңа кезеңі басталды. Дипломатиялық монархия, дипломатиялық хат алмасудың формалары қалыптасты. Осыған байланысты хаттамалардың кейбір формаларының бір мемлекет шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде заңды күш сипатын беруге тырысты. Маңызды рөл ойнаған Вена (1818) және Аахен (1817) конгрестері болды. Онда қабылданаған құжаттар дипломатиялық өкілдердің табын көрсетті.
- I класс: елшілер (легат, нунций)
- II класс: өкілетті министрлер (интернунций)
- III класс: өз ісіне сенімділер
Ахен конгресінде тағы бір класс министр-резиденттерді бекітті. Бірақ кейіннен ол класс жойылып кетті.
Көрсетілген құжаттар дипломатиялық қатынасты 150 жылдай реттеді. 1961 жылы ған Вена конвенциясы қабылданды. Онда дипломатиялық өкілдер 3 классқа бөлінді:
- I класс: елшілер, нунций)
- II класс: елшілер, интернунций
- III класс: өз ісіне сенімділер
Өзге дипломатиялық қызметшілерге ранг тағайындалды. Дипломатиялық рангтың дәрежесі елшілікте жұмыс істеген уақыт мерзіміне байланысты болды. Барлық хаттамалық салтанат жүргізген - дипломатиялық иерархия деп есептелінеді. Қазіргі кезде Вена конвенциясы көптеген дипломатиялық практиканы, хаттаманы реттеп келеді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
- Дипломатиялық хаттама дипломатияның маңызды құралы?
- Хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы?
Әдебиеттер:1, 2, 3, 14, 20, 21.
Тақырып 2. ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы.
Дәріс мақсаты: ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы туралы түсінік беру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 . ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы. .
2. ҚР хаттамалық қызметінің ұйымы қызметі
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) :
Дипломатиялық қызметкер, шетел мекемесінде қызмет ету уақыты ішінде бір реттен артық емес жоғарлауы мүмкін, тек оның шет елде болу уақыты қызмет бабымен ұзартылған жағдайдан басқа. Осындай шартты орнату шетел мекемесіндегі қызмет етуді шектеумен байланысты, себебі, ротацияның қағидаларына байланысты шетелде қызмет етудің толық уақыты 4 жылдан аспауы керек .
Заңның 15 бабында дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің ротациялық қағидалары бекітілген .
Ротацияның шегінді дипломатиялық қызметтің персоналы, оның мамандануы ескеріліп шетелдік дипломатиялық қызмет органдарында немесе Сыртқы істер Министрлігіндегі басқару бөлімдерінде өзінің қызметін іске асырады. Сәйкесінше ротация сыртқы - Сыртқы істер министрлігінен шетел мекемесіне және керісінше сонымен қатар - Ішкі, Сыртқы істер министрлігіндегі басқару бөлімдерінің арасында бөлінеді .
Министрліктегі және шетел мекемелеріндегі қызмет мерзімі арасындағы дипломатиялық қызмет персоналының жұмыс мерзімі екі жылдан кем емес болуы керек. Бұл принцип ротацияның қалыпты жүруін, шетелдік мекемеде алған тәжірибені толыққанды пайдалануға жағдай жасайды. Сол сияқты бұл принцип дипломатиялық қызмет органдарына СІМ - де жаңадан еңген персоналмен қарым қатынасты нығайтуға көмектеседі . Шетел мекемесіне кетер алдындағы СІМ - дегі жұмыс персоналға қажетті білімді алуға мүмкіндік береді.
Ротацияның басқа бір принципі, жоғарыда айтылып кеткен бөлімде берілген, Заң шетел мекемелеріндегі қызметтің төрт жылдық қалыпты, үзіліссіз жұмыстан артық болмауын анықтайды . дегенмен қызметтік қажеттілікпен және тұлғаның келісуімен бұл мерзім Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігімен ұзартылуы мүмкін. Ротацияның принципінің жұмысы шетел мекемесінің басшысы, жөнелтуші - кеңесшілер, халықаралық ұйымдарда ҚР - ның өкілдері, сонымен қатар сирек кездесетін тілді білетін дипломатиялық қызмет персоналы ретіндегі тұлғаларға берілмейді. Ротация мәселесінде берілген мемлекетке персоналдың міндетте түрде баруы, яғни өмір сүру деңгейінен немесе тағы басқа шарттарға тәуелсіз кетуі маңызды орын алады. Бұл мақсатта берілген Заң бабының 5 - пунктімен сәйкес, шетел мекемесіне маңызды себепсіз бара алмаған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына тәртіптік айыппұл тағылады. Шетел мекемесіне қызмет етуден бас тартудағы маңызды себептер тізімін ҚР - ның СІМ - гі бекітеді .
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1 . ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы ?
2. ҚР хаттамалық қызметінің ұйымы қызметі?
Әдебиеттер:1, 2, 3, 14, 20, 21.
Тақырып 3. Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері
Дәріс мақсаты: Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздерін түсіндіру. Студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 . Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері
2. Мемлекет егемендігінің хаттамасының белгілері
3. Мемлекет рәміздері
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) :
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері
2. Мемлекет егемендігінің хаттамасының белгілері
3. Мемлекет рәміздері
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 17, 20, 22.
Бөлім 2. Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормалары.
Глоссарий :
“ Дипломатия ” ұғымы грек сөзі diploma - екі бүктелген бет, құжат деген мағнадан шыққан. Бұл жерде “ дипломды ұстаушы ” деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім громаталары.
Дипломатиялық хаттама - шетелдегі мемлекет және үкімет өкілдерінің және әріптестерімен сөйлескенде, қатынасқанда ұстанатын жалпы заңдылықтар, дәстүрлер, нормалардың жиынтығы.
Кездесу - өзара тіл табысу үшін шақырылған қонақтар жиыны. Ал Жоғарғы дәрежедегі кездесулер - мемлекетаралық тіл табысу үшін шақырылған мемлекет өкілдерінің жиыны.
Келіссөздер - өте күрделі, кейде мерзімі ұзаққа созылған, өзіндік даму динамикасы бар үрдіс.
Тақырып 4. Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірыңғай құқықтық негізі .
Дәріс мақсаты: Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірінғай құқықтық негізін таныстыру. Студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
- Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормаларының бірыңғай құқықтық негізі.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) :
Шетелдік азаматтардың Казақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Казақстан Республикасынан кетуінің ТӘРТІБІ
Шетелдік азаматтардың Казақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Казақстан Республикасынан кетуінің тәртібі 7 бөлім 39 баптан тұрады.
1. Жалпы ережелер
І. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді:
1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің;
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және түрақты тұруы құқығына арналған қүжаттарды реттеудің;
3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің;
4) шетелдік азаматгардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, соңдай-ақ оларды Қазақсган Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
2. Шетеддік азаматтардың Казақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі
4. Шетелдік азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжатгар бұдан әрі -төлқұжат бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
6. Шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге /кету/ және Қазақстан Республикасынан кетіп, қайта келуге /кету-келу/ визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ ол уәкілеттік берген аумақтық ішкі істер органдары береді.
Төлқұжатты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және оның өкілдіктерінде тіркелген шетелдік азаматтарға кету және кету-келу визаларын беруді осы ұйымдар жүргізеді.
20. Шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойьшша Қазақсган Республикасының Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі айқындайды.
23. Шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден:
1) егер шетелдік азамат Қазақстан Республикасында болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзса;
2) егер ол өзі туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа;
3) заңдарда көзделген өзге де жағдайлар бойынша бас тартылуы мүмкін.
5. Шетелдік азаматтардың Казақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы мен транзитгік өтуі және олардың Қазақстан Республикасыңда тұратын жерді тандауы
26. Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдік азаматтардың болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұратын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұратын жерді таңдай алады. Жүріп-тұрумен тұратын жерді таңдаудағы шектеулер, ол мемлекеттік қауіпсіздікгі қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың ден-саулығымен өнегесін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің немесе ұлтгық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықгық актілерімен белгіленеді.
34. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзімін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
35. Шетелдік азаматгардың Қазақстан Республикасында болуының мерзімін қысқарту туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдары немесе ұлтгық қауіпсіздік органдары қабылдайды.
36. Кетіру туралы шеішімді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары немесе ұлтгық қауіпсіздік органдары қабылдайды. Шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан осы шешімде көрсетілген мерзімде кетуге міндетті. Мұндай жағдайлар дау жан - жалдар прокурордың рұқсатымен қамауға алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен кетірілуге жатады. Бұл ретке келтіру үшін қажетті мерзімге ұстауға жол беріледі.
37. Шетелдік азаматтар заңдарда белгіленген тәртіппен өзін Қазақстан Республикасьнан кетіру және Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімге Ылайымдануға құқылы.
7. Халықаралық келісімдер
39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде осы тәртіп тек () өзгеше ережелер белгіленген болса, халық шоты келісімнің ережесі қабылданылады.
Қазақстан Республикасы Сыртіды істер министрлігі қызметінің нормативті-құқыктық базасының дамуы
Қазіргі Қазақстан Республикасы мемлекеттігін құру мен неғұрлым күрделі де, ауқымды мәселелерді шешу кезеңінде сыртқы саясат ведомствосының алдында түрған міндеттерді табысты іске асыру үшін қолдағы бар нормативті-қүқықтық база жеткіліксіз болар еді. Дипломатиялық қызмет органы ісі мен қүқықтық мөртебесін реттейтін заңды акті қажет. Ол дипломатия саласындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіп, сыртқы саяси міндеттерді табысты жүзеге асыруға икемділік танытар еді.
1997 жылы 12 қарашада қабылданған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заң Қазақстан Республикасы сыртқы саясат қызметінің дамуында жаңа сапалы кезеңіне өтуінің белгісі болды. Бұл бұрынғы КСРО-ның кеңістігінде әзірленген тұңғыш құжат, Жеті тарау мен 29 баптан тұратын ҚР-ның "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы Қазақстан дипломатиялық қызметінің құқықтық негізін анықтайды. Құжат әр түрлі елдердің дипломатиялық қызмет тәжірибелерін ескере отырып, мәселен, Дипломатиялық қатынас жөніндегі 1961 жылғы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да нормативті - құқықтық құжаттар негізінде жасалынды.
Құжатта түңғыш рет "Қазақстан Республикасының дипломатиялық кызметі - Қазақстан Республикасының тиісті заңы мен шартына сай, республика сыртында да саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдағы азаматтардың кәсіби ісі" деп, дипломатия қызметі тұжырымдалып нақты берілген.
Заңның 3-ші бабында "Дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөніндегі департамент, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қызметін қамтамасыз ету үшін қүрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық Академия және Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы басқа да оқу орындарын құрайды" - деп көрсетілген.
Заңның 5-ші, 6-шы баптарында дипломатиялық қызметтің негізгі функциялары мен міндеттері анық-талған.
6-шы бабында "шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қатынастағы Қазақстан Республикасы өкілдігі" іске асыратын дипломатиялық қызмет органының функциясы баяндалған.
9-шы бап дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібін белгілейді.
Заңның 3-ші тарауында дипломатиялық дәреже беру тәртібі мен бір дәрежеден келесі дәрежеге өту мерзімі, оны шұғыл және кезектен тыс беру, төмендету, дәрежеден айыру мен қалпына келтіру жағдайы ұсынылған.
12-ші бапта СІМ жүйесіндегі және халықаралық ұйымдардағы жұмыспен қатар, дәрежеде болған мерзіміңізге ғылыми және жоғарғы оқу орнындағы оқьпушылық қызмет және Сыртқы істер министрлігінің ғылыми орталығындағы, жоғарғы оку орынындағы оқу, аспирантура мен докторантура есепке алынады деп жазылған.
13-ші бапта қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін, әлде басқа да беделге нүқсан келтіретін себептермен СІМ жүйесінен босаған кезде қызметкер дипломатиялық дәрежеден айырылады деп қаралған.
4-ші тарауда дипломатиялық қызметте өту шарты жазылған. Оған қызмет ауыстырғаны, лауазымды орынға отыруы, ротация, аттестация, шетелдік іс-сапарлар, жоғарғы оқу орны мен ғылыми мекемеге жолданғаны жатады.
СІМ орталық аппаратында және шетелдегі мекемелерде жұмыс жасау шартты мерзімі белгіленген.
16-шы бап туыстардың бірге жүмыс жасауын шектеумен әйгіленді. Жақын туыстардың бір-біріне тікелей қызметтік бағыныштылықта болмауы тиіс.
Құкық, міндет және қызметкерлердің дипломатиялық кызметтегі жауапкершілігі 5-ші тарауда көрсетілген. Халықаралық құқықтың нормаларында белгіленгендей шетелдерде олар қүқықтық қорғау мен артыкшылықтарды қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz