Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері



Геосаясат түсінігі
Геосаясаттың бастаулары
Геосаяси процестерді дәуірлеу мәселесі
Геосаясаттың негізгі заңдылықтары

КЛАССИКАЛЫҚ ГЕОСАЯСИ МЕКТЕПТЕР МЕН БАҒЫТТАР (Негізгі классикалық геосаяси теориялар. Саяси география жəне геосаясат)
Неміс геосаяси мектебі
Кеңес дәуірінде «империя», «империализм», «отаршылдық», «капитализм» секілді терминдермен қатар Батыстың өнімі ретінде қарастырылған геосаясат пен оған жақын келетін түсініктер қазіргі кезеңде ғылыми ортада, бұқаралық ақпарат құралдарында, саясат пен қауіпсіздік саласында кеңінен қолданысқа түсуде.
«Геосаясат» гректің екі сөзінен құралған: geo – жер, politicos – мемлекеттің (полюстің) немесе үкіметтің формасы, ұйымдастырылуы және қызметі, оның азаматтармен және өзге мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ғылыми пән ретінде геосаясат ХХ ғасырдың басында саяси географиядан бөліну арқылы қалыптасты. Оны алғаш рет ғылыми айналымға швед географы Р. Челлен өзінің «Мемлекет өмір формасы ретінде» еңбегінде енгізді.
«Геосаясат» терминін ғылыми айналымға ең алғаш енгізген швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1922), оны «мемлекетті географиялық организм немесе кеңістіктік феномен ретінде қарастыратын доктрина» деп белгіледі.
Негізінен геосаясат түсінігі екі мағынада қолданылады: тар (ғылым ретінде) және кең (саяси практика ретінде). Тар мағынада геосаясат өзіне тән әдістерге ие және мемлекет саясатының географиялық факторларға тәуелділік деңгейін зерттейтін ғылыми пән ретінде қарастырылады. Кең мағынада ол мемлекет саясатының географиялық және территориялық факторлармен байланысын көрсетеді.
Дәстүрлі түсінікке сәйкес геосаясат белгілі бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының сыртқы саясатының географиялық немесе кеңістіктік-терриоториялық аспектісіне, яғни мемлекет саясатының географиялық факторларға (мемлекет территориясының көлемі мен масштабы, оның орналасуы, топографиясы, теңіздер мен әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі, климаттық жағдайы, ландшафты, табиғи ресурстардың көлемі т.с.с.) тәуелділігін көрсететін ғылым ретінде қарастырылады.
Алайда, ХХ ғасырдың ортасы мен соңындағы халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы геосаясаттың дәстүрлі түсінігінен бас тартуға алып келді. Бұдан былай ғалымдар геосаясатты географиялық және кеңістіктік факторлардан бөлек, тарих, экономика, иедологиялық, мәдени, өркениеттік секілді жекелей мемлекеттердің, одақтар мен блоктардың саясатын, сондай-ақ бүкіл әлемдік саясаттың даму бағытын айқындайтын факторлармен байланыстыру дәстүрін қалыптастырды.
Геосаясат мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын, стратегиясын георафиялық факторлар тұрғысынан түсіндіреді. Дәстүрлі көзқарасқа сәйкес геосаясатты геокеңістіктік факторлардың мемлекеттің саяси мүдделері мен мақсаттарына ықпалын зерттейтін ғылым ретінде қарастыруға болады. Бірақ уақыт өте келе геосаясат кеңістікті мемлекеттер арасында саяси, экономикалық, әскери, мәдени қарым-қатынастар жүзеге асатын орта ретінде қарастыра бастады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ГЕОСАЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
Геосаясат түсінігі
Кеңес дәуірінде империя, империализм, отаршылдық, капитализм
секілді терминдермен қатар Батыстың өнімі ретінде қарастырылған геосаясат
пен оған жақын келетін түсініктер қазіргі кезеңде ғылыми ортада, бұқаралық
ақпарат құралдарында, саясат пен қауіпсіздік саласында кеңінен қолданысқа
түсуде.
Геосаясат гректің екі сөзінен құралған: geo – жер, politicos –
мемлекеттің (полюстің) немесе үкіметтің формасы, ұйымдастырылуы және
қызметі, оның азаматтармен және өзге мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ғылыми
пән ретінде геосаясат ХХ ғасырдың басында саяси географиядан бөліну арқылы
қалыптасты. Оны алғаш рет ғылыми айналымға швед географы Р. Челлен өзінің
Мемлекет өмір формасы ретінде еңбегінде енгізді.
Геосаясат терминін ғылыми айналымға ең алғаш енгізген швед ғалымы
Рудольф Челлен (1864-1922), оны мемлекетті географиялық организм немесе
кеңістіктік феномен ретінде қарастыратын доктрина деп белгіледі.
Негізінен геосаясат түсінігі екі мағынада қолданылады: тар (ғылым
ретінде) және кең (саяси практика ретінде). Тар мағынада геосаясат өзіне
тән әдістерге ие және мемлекет саясатының географиялық факторларға
тәуелділік деңгейін зерттейтін ғылыми пән ретінде қарастырылады. Кең
мағынада ол мемлекет саясатының географиялық және территориялық
факторлармен байланысын көрсетеді.
Дәстүрлі түсінікке сәйкес геосаясат белгілі бір мемлекеттің немесе
мемлекеттер тобының сыртқы саясатының географиялық немесе кеңістіктік-
терриоториялық аспектісіне, яғни мемлекет саясатының географиялық
факторларға (мемлекет территориясының көлемі мен масштабы, оның орналасуы,
топографиясы, теңіздер мен әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі, климаттық
жағдайы, ландшафты, табиғи ресурстардың көлемі т.с.с.) тәуелділігін
көрсететін ғылым ретінде қарастырылады.
Алайда, ХХ ғасырдың ортасы мен соңындағы халықаралық қатынастардың
жаңа жүйесінің қалыптасуы геосаясаттың дәстүрлі түсінігінен бас тартуға
алып келді. Бұдан былай ғалымдар геосаясатты географиялық және кеңістіктік
факторлардан бөлек, тарих, экономика, иедологиялық, мәдени, өркениеттік
секілді жекелей мемлекеттердің, одақтар мен блоктардың саясатын, сондай-ақ
бүкіл әлемдік саясаттың даму бағытын айқындайтын факторлармен байланыстыру
дәстүрін қалыптастырды.
Геосаясат мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын, стратегиясын
георафиялық факторлар тұрғысынан түсіндіреді. Дәстүрлі көзқарасқа сәйкес
геосаясатты геокеңістіктік факторлардың мемлекеттің саяси мүдделері мен
мақсаттарына ықпалын зерттейтін ғылым ретінде қарастыруға болады. Бірақ
уақыт өте келе геосаясат кеңістікті мемлекеттер арасында саяси,
экономикалық, әскери, мәдени қарым-қатынастар жүзеге асатын орта ретінде
қарастыра бастады.
Геосаясат ғылымының негізін қалаушылардың пікірі бойынша осы ғылымның
негізгі мақсаты – мемлекеттің дамуы жолында территориялық басқыншылықтың
объективті қажеттілік екенін мойындау саналады, өйткені онсыз да бөлініске
салынған әлемнің кеңістігін бір мемлекет екіншісінен тек қарудың күшімен
тартып ала алады. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы геосаясат саласы бойынша
беделді журналдың бірі Zeitschrift fur Geopolitik (Геосаясат журналы)
бұл терминге төмендегідей анықтама берді: Геосаясат – бұл жер мен саяси
процестер арасындағы қарым-қатынастар туралы ғылым. Ол ең алдымен
географияға, саяси географияға негізделеді. Саяси география дегеніміз –
кеңістіктегі саяси ағзалар туралы ғылым. Оның үстіне геосаясат өз алдына
саяси іс-қимылдарға тиісті нұсқауларды беруді және саяси өмірге бағыт-
бағдар беруді мақсат етіп қояды. Осылайша геосаясат өнерге айналады,
нақтырақ айтсақ практикалық саясатты басшылыққа алу және қолдану өнері
болып табылады. Геосаясат – бұл мемлекеттің географиялық ақыл-ойы.
Көптеген зерттеушілер геосаясатты бір-бірімен өзара әрекеттесіп,
мемлекеттердің стратегиялық қуатына айтарлықтай ықпал ететін географиялық,
тарихи, саяси, экономикалық және өзге де факторлар кешенін зерттейтін ғылым
ретінде қарастырады. Кеңес Одағы кезінде Мәскеу іс жүзінде өзінің
басқыншылық және империялық саясатын жүзеге асыру барысында геосаясат
ғылымын кеңінен қолданып отырса да, партия басшылығы мен оған бағынышты
кеңес ғылымы ұзақ уақыт бойы геосаясатты империалистік мемлекеттердің
территориялық басқыншылығын қуаттайтын буржуазиялық жалған ғылым ретінде
қарастырып келді. Алайда Кеңес империясының ыдырауымен қазіргі ресей ғылымы
мұндай догматикалық ұстанымнан бас тартып қоймай, сонымен бірге геосаясат
ғылымын жаңғыртуға және дамытуға айрықша көңіл бөле бастады.
Кейінгі кезеңде Қазақстанда да қарқынды дамып келе жатқан геосаясат
ғылымының қалыптасып, дамуына Полибий, Аристотель, Фукидид, Н. Макиавелли,
Жан Боден, Ш-Л. Монтескье, К. фон Клаузевиц, А. Мэхен, Х. Макиндер, Н.
Спайкмен, В. де ла Бланш, К. Хаусхофер, Ф. Ратцель, Р. Челлен, Ф. Науманн,
К. Шмитт секілді ежелгі, орта ғасырлық, жаңа және қазіргі заманғы ғалымдар
ерекше үлес қосты.
Геосаясат түсінігінің дефинициясы, яғни анықтамасына байланысты ғылыми
әдебиеттерді әлі күнге дейін нақты нұсқасы берілген жоқ. Әр уақытта әр
ғалым бұл түсінікке әрқилы анықтама берген. Геосаясаттың анықтамасы, пәні
мен объектісі төңірегіндегі пікір-таластар бүгінгі күнге дейін өз жалғасын
тауып, толастамай отыр. 1989 жылы жарық көрген Советтік Энциклопедиялық
Сөздікте геосаясатқа мынадай анықтама берілген: Геосаясат империалистік
экспансияны негіздеу үшін географиялық факторларды (территория, мемлекеттің
орналасуы т.с.с.) қолданатын саяси концепция. Нәсілшілдікпен,
малтьузиандықпен, социал-дарвинизммен тығыз байланысты бұл концепция неміс
фашизмінің ресми доктринасы болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс
Германия мен Америка Құрама Штаттарында кеңінен тарады.
Байқап отырғанымыздай Кеңес Одағының басшылығы мен кеңес ғылымы өз
ғұмырының соңына дейін дәстүрлі таптаурыннан бас тарта алмады. Кеңес
империясында геосаясат негізінен фашизмнің, нәсілшілдіктің ажырамас бөлігі,
Үшінші Рейхтің сыртқы саясатының ресми доктринасы ретінде қарастырылып
келді.
Геосаясаттың кейбір аспектілері ежелгі және орта ғасырлық авторлар
тарапынан зерттелінсе де, ғылым ретінде тек ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басында қалыптасты. Ғасырлар тоғысында геосаясаттың ғылым ретінде
қалыптасуы тек білім жүйесінің дамуының логикасымен емес, ең алдымен жаңа
саяси процестерді ой елегінен өткізу қажеттігімен тікелей байланысты. Ол
ғылым ретінде бүкіл әлем, мұхиттар мен құрлықтар ұлы державалар мен
геосаяси күштер арасында өзара бөліске салынған уақытта қалыптасты. Осы
кезеңдегі дүниені қайта бөліске салу төңірегіндегі талас-тартыстар мен
күрес әлемдегі жанжалды жағдайды одан әрі күшейте түсті. Өз кезегінде бұл
жағдай әлемдік сахнада өзара жанжалдасушы басты геосаяси күштердің күрес
жүргізу әдістерін жетілдіруге бағытталған ғылыми ізденістерге итермеледі.
Осылайша, ХІХ ғасырдың соңында әлемде қалыптасқан өткір қайшылықты
ахуал мен ғаламдық жанжалдың туындауы геосаясат ғылымының туындауына
тікелей әсер етті. Империализм мен ұлы державалардың теке-тіресі бүкіл жер
шарын, барлық коммуникацияларды шарпыды. Осы себептен жетекші деген
мемлекеттердің әскерилері мен саяси стратегтері ғаламдық тұрғыда ойлай
бастады. 1904 жылы Тарихтың географиялық өзегі атты еңбегінде британ
географы Хелфорд Макиндер (1861-1947) империялардың бұдан былай кеңеюіне
мүмкіндік беретін бос жерлердің қалмағанын атап өтті. Осыған орай негізгі
геосаяси күштер жердегі қалған ресурстар үшін кескілескен күрес жүргізуге
барынша дайын тұрды.
Геосаясат ғылымының қалыптасуы мен шапшаң дамуы осы кезеңнің өзінде
жетекші мемлекеттерде геосаяси мектептердің қалыптасуына алып келді. Неміс,
англо-саксон (ағылшын-американ), француз, орыс геосаяси мектептерінің
көрнекті өкілдері ғаламдық процестерді өз елдерінде қалыптасқан саяси
жағдай тұрғысынан, яғни ұлттық мүдде тұрғысынан зерттей бастады. Бұл
мектептердің өзара терең қайшылыққа түсуі салдарынан бір-біріне қарама-
қарсы талассократия – теллурократия (яғни теңіз құдіреттілігі мен құрлық
құдіреттілігі), атлантизм (әлемдік мұхит) – еуразия (құрлық) секілді іргелі
геосаяси ағымдар пайда болды.
Дегенмен, геосаясат ғылым ретінде нақ осы кезеңде қалыптасқанымен оның
бірқатар элементтері іс жүзінде барлық дәуірлерде қолданылған. Осы бағытта
біз Фукидид, Аристотель сияқты ежелгі антикалық, Н. Макиавелли секілді орта
ғасырлық авторлардың еңбектерінде, IV Генрих Бурбон және Кардинал Ришелье
секілді мемлекет қайраткерлерінің саясатында геосаясаттың зерттеліп,
практикада шебер қолданғанын атап өтуіміз қажет. Осы кезеңде кеңінен
қолданысқа түскен ұлттық мүдде, саяси тепе-теңдік, табиғи шекаралар
секілді халықаралық қатынастардың іргелі принциптері кейіннен геосаясат
ғылымының құрамдас бөлігіне айналды.
Геосаясат терминін ғылыми айналымған швед ғалымы Рудольф Челлен
енгізгенімен, оның ғылым ретінде қалыптасуына неміс ғалымы Фридрих Ратцель
(1844-1904) ерекше үлес қосты. Ф. Ратцельдің пікірінше геосаясат мемлекетті
тұрақты және өзгермейтін бірлік ретінде емес, тірі ағза ретінде
қарастырады.

Геосаясаттың бастаулары
Ғасырлар тоғысында геосаясат үш негізгі ғылыми бағыттың ықпалымен
қалыптасты: біріншісі, өркениеттік концепция, екіншісі, әскери-
стратегиялық, үшіншісі, географиялық детерминизм теориясы.
Өркениеттік концепцияның қалыптасып, дамуына орыс ғалымы Н.Я.
Данилевский (1822-1885), неміс философы О. Шпенглер (1880-1936), ағылшын
тарихшысы А. Дж. Тойнби (1889-1975), американ ғалымы С. Хантингтон (1927
жылы туылған) ерекше үлес қосты. 1868 жылы жарық көрген Ресей және Еуропа
атты еңбегінде орыс биологы, тарихшысы Н.Я. Данилевский тарих сахнасында
басты рөлді мемлекеттер немесе жекелей ұлттар емес, ауқымды мәдени-діни
қауымдастықтар ойнайды деп пікір білдірді. Ол оларды мәдени-тарихи типтер
деп атады. Кейіннен Н.Я. Данилевскийдің ғылыми айналымға енгізген мәдени-
тарихи типтері өркениеттер деп атала бастады. Осы еңбегінде орыс ғалымы
Ресей мен Еуропаның арасында қалыптасқан терең қайшылық олардың екі түрлі
өркениет болуында жатыр деп есептеді. Еуропа Ресей мен славяндардан тек
бөтен ғана емес, сонымен бірге дұшпандық бастауларды көреді деген
Данилевский Ресей империясы өз саясатында ең алдымен славяндық мәдени-
тарихи типті дамытуға және нығайтуға баса назар аудару қажет деп ұсыныс
жасады.
ХХ ғасырдың басында неміс философы Освальд Шпенглер өз еңбектерінде
өркениетті биологиялық ағзаға ұқсатып, олар ұрықтандыру, туындау, өсу,
даму, қартаю, өлу секілді фазаларды бастан кешеді деген пікірін алға
тартты. Осы концепцияны одан әрі дамытуға айрықша көңіл бөлген көрнекті
ағылшын тарихшысы А. Дж. Тойнби тарихтағы өркениеттердің нақты
классификациясын берді.
ХХ ғасырдың соңындағы өркениеттер концепциясының көрнекті өкілі
американ ғалымы, Гарвард университетінің профессоры Самюэль Хантингтонның
1993 жылы жарық көрген Өркениеттер қақтығысы еңбегінде ХХІ ғасырда
жанжалдар мен соғыстардың себебі идеологиялық немесе экономикалық факторлар
емес, өркениеттік айырмашылық пен қайшылықтар болады делінген. Оның
пайымдауынша өркениеттер қақтығысы әлемдік саясат пен халықаралық сахнадағы
жетекші факторға айналады.
Геосаясат ғылымының екінші бастау көзі – әскери-стратегиялық
теориясының өкілдерінің қатарына итальян ойшылы Николло Макиавеллиді (1469-
1527), неміс әскери стратегтері Карл фон Клаузевиц (1780-1831) пен Хельмут
Иоганн Мольткені (1848-1916), американ әскери маманы Альфред Мэхенді (1840-
1914) жатқызамыз.
Әскери-стратегиялық бағыт бір жағынан, географиялық факторлардың
мемлекеттердің саясатына ықпал ететінін мойындаса, екінші жағынан,
саясаттағы күш факторына ерекше көңіл бөледі.
Геосаясат ғылымының үшінші бастау көзі – географиялық детерминизм
концепциясының маңызы жоғары. Географиялық орта мен факторлардың (климат,
топырақ, жер қыртысы, өзен, көл, теңіз бен мұхит, дала мен орман, тау мен
жазық т.с.с.) адамзат өмірі мен тарихқа ықпалы туралы идеяларды Геродот,
Гиппократ, Фукидид, Полибий, Аристотель және өзге де антикалық ойшылдардың
еңбектерінен жиі кездестіреміз. Кейіннен бұл концепцияның одан әрі дамуына
Жан Боден (1530-1596), Шарль-Луи Монтескье (1689-1755), Александр фон
Гумбольдт (1769-1859) және басқа да еуропалық ғалымдар айрықша үлес қосты.

Геосаяси процестерді дәуірлеу мәселесі
Дипломатия тарихын геосаясат концепциясы тұрғысынан геосаяси дәуірлер
мен халықаралық жүйелердің алма кезек ауысуы ретінде қарастыруға болады.
Әрбір геосаяси дәуірдің немесе халықаралық жүйенің өзіне тән күштер тепе-
теңдігі, ықпал ету кеңістігі, шекаралары болды.
Геосаяси процестерді кезеңге бөлудің өзіндік нұсқасын ХХ ғасырдың
басында британ ғалымы Хелфорд Макиндер ұсынған еді. Ол геосаясат тарихын
негізгі үш дәуірге бөледі:
- Колумбке дейінгі кезең. Бұл дәуірде Әлемдік Арал (Макиндердің
пікірінше бұл Еуразия құрлығының жағалаулы өңірлері мен әлемдік мұхиттың
бір бөлігі) перифериясын мекендейтін халықтар, мәселен римдіктер Хартлендті
(Еуразия құрлығының ішкерлей орталық аймақтары) мекен ететін германдықтар,
ғұндар, аландар, парфияндықтар секілді халықтар тарапынан үнемі қысымға
ұшырап отырды. Орта ғасырларда олардың орнын Шыңғыс хан империясы мен Алтын
Орда басты.
- Колумб дәуірі. Осы кезеңде Ішкі жартыайдың немесе Римлендтің
(Еуразияның жағалаулы аймақтары) өкілдері, яғни Еуропаның алдыңғы қатарлы
ұлттары ешқандай қарсылықты кездестірместен бұған дейін іс жүзінде беймәлім
болған планетаның қалған территорияларын жаулап ала бастады.
- Постколумбтік дәуір. Бұл кезеңде жауланбай қалған жерлер іс жүзінде
қалмады. Осы себептен өркениеттердің шапшаң дамуы үлкен қақтығыстарға алып
келіп, жер шары халықтарын ғаламдық азамат соғысының шеңберіне тартты.
Британ географының ұсынған кезеңдеу концепциясы қай жағынан алсақ та
қисынға келеді. Өйткені бірінші, яғни Колумбке дейінгі кезеңде жер
бетіндегі геосаяси процестер мен халықаралық қатынастар негізінен бүкіл
планетаны қамтымай аймақтық немесе жергілікті сипат алып, тұйық болғаны
анық. Үндістанды ашамын деп ниеттенген испан саяхатшысы Христофор Колумб
Жаңа дүниені ашқаннан кейін Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттері ұжымдық
түрде Кәрі құрлықтан тыс жатқан жерлерді, өркениеттер мен халықтарды
бағындырып, ауқымды отарлық империялардың негізін қалады. Осы кезеңде бұрын
аймақтық деңгейде болған геосаяси процестер енді жаһандық мәнге ие болып,
іс жүзінде барлық құрлықтар мен мұхиттарды шарпыды. Осы кезеңнен бастап
Батыс мәдениет мен тарихы, өркениеттік құндылықтары бүкіл әлемнің дамуының
локомотивіне айналды. Постколумбтік дәуірде еуропалық державалар (Франция,
Испания, Португалия, Англия, Голландия, Ресей империясы, Бельгия, Германия,
Италия) іс жүзінде бүкіл әлемді өзара бөліске салып, енді планетада қалған
ресурстар үшін өзара ғаламдық жанжалға, жаһандық азаматтық соғысқа түсуге
мықтап бел буды. Үшінші дәуірдегі геосаяси процестер Макиндердің көз
алдында өтіп жатты.
Хелфорд Макиндердің ұсынған концепциясынан бөлек халықаралық
қатынастар тарихы мен геосаяси процестерді кезеңдеудің кең таралған тағы
бір концепциясы бар. Жаңа және қазіргі заманды қамтитын бұл концепция
негізінен бес дәуірден тұрады:
- Вестфаль дәуірі немесе жүйесі (1648-1815);
- Вена дәуірі (1815-1918);
- Версаль-Вашингтон дәуірі (1919-1939);
- Ялта-Потсдам немесе биполярлы жүйе (1945-1991);
- постбиполярлы жүйе (1991-ден қазірге дейін).
Кейінгі орта ғасырлар мен қазіргі кезеңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геосаясаттың даму тарихы
Геосаясаттың негізін қалаушылар
«Ядролық дәуірдегі геосаясат»
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Геосаясат
Қазақстанның экономиканың қозғайтын күші шикізат
Адам жане биосфера жайлы
Жалған ақпарат арқылы халықтың миын улау
Геосаяси жағдай
Пәндер