Жаңа ақпараттық-білім беру технологиясы және оқыту жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ.БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.1 Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың педогогикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2 Педогогикалық технологиялардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің қажеттігі ... ... ... . 15
2. HTML.ДЕ МӘТІНДІ БЕЗЕНДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Мәтін фрагменттерін логикалық стильмен безендіру ... ... ... ... ... . 19
2.2 HTML—дегі тізімдер мен кестелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
2.3 Web . парақтардағы суреттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
2.4 HTML құжатындағы мультимедиялық объектілер, фреймдер ... 46
3. SWICH АНИМАЦИЯЛЫҚ ПРОГРАММАСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.1 SWICH программасының жұмыс ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
3.2 Пайдаланушы интерфейсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.3 Менюлер мен тақталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 76
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындады.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Білім беру саласында «Web дизайн» пәнін оқытуда SWISH программасын қолданудың оқыту - әдістемелік жүйесін қалыптастыру ісін зерттеу.
Тақырыптың көкейкестілігі: Білім беру саласында инновациялық-технологияларды толық қарастыру қазіргі таңда ерекше мәнге ие болғандықтан, SWISH программасы үрдісінің қыр-сырын терең меңгеріп Web дизайн пәніне сәйкестендіру маңызды ғылыми іс-шара болып табылады.
Ғылым мен техниканың аса жоғары қарқынмен дамуы жағдайында білімгерлердің өз бетімен білім алуын, білімді іс жүзінде қолдана білуін, дамыту, таным белсенділігін ғылымға, білімге қызығушылығын тәрбиелеу маңызды орын алады.
Веб дизайн сабағында білімгерлердің материалды дұрыс ұғынуы пәнге деген қызығушылығының артуы білімнің берік қалануы мұғалімнің сабақ өту шеберлігіне,ізденімпаздығына байланысты.
Білімгерлердің осы пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр ұстаз заман талабына сай жаңа технологияларды ұйымдастырып, әрбір сабақты шебер ұйымдастыра білуі керек.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі болып табылады.
Информатика ғылым ретінде ақпаратты өңдеу мен берудің заңдарын, әдістерін және жинақталу тәсілін ең алдымен ЭЕМ арқылы оқытумен айналысады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. В.Дронов. Macromedia Flash MX. Санкт-Петербург:»БХВ-Петербург»,2003.
2. Д.И.Тверезовский. Самоучитель Macromedia Flash MX 2004.-Москва – Санкт-Петербург – Киев, 2005
3. Д.В.Лещев. Flash MX 2004. Теория и практика. Самоучитель. –СПб.:Питер, 2004.
4. Дженнифер ДиХаан. Анимация и спецэффекты во Macromedia Flash MX 2004. СПб.:Питер, 2005.
5. Дэвид Вогенир, Мэтью Пицци. Macromedia Flash MX Professional 20047 полное руководства. - СПб.:ООО «ДиаСофтЮп», 2006.
6. Жадаев. Самоучитель Macromedia Flash MX. – Москва: «технолоджи-3000»,2005.
7. Матчо Дж., Фолкнер Д.Р. Delphi: Пер.с англ.- М.: БИНОМ, 1995. - 464 б.
8. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах: - М.: БИНОМ. - 316 б.
9. Архангельский А. Я. Приемы программирования в Delphi. – М.: ООО “Бином - Пресс”, 2003 г.
10. Бобровский С. "Delphi 5 " : Учебный курс. Питер – 2001
11. Каров Д Что такое локальные и глобальные сети и в чем между ними разница http://www.infocity.kiev.ua/lan/content/lan131.phtml?id=2672
6. П.Б. Храмцов Система доменных имен
http://www.citforum.ru/internet/dns/khramtsov/
12. Р. Усманов Спецификация языка HTML
http://www.citforum.ru/internet/html/htmlspec.shtml
13. П. Храмцов Язык гипертекстовой разметки HTML
http://www.citforum.ru/programming/khramtsov/html.shtml
14. С.Евгений Таблицы в примерах
http://www.citforum.ru/internet/html/table_exmpl.shtml
15. В.В. Галактионов Программирование в WWW. Язык JavaScript. http://mobyte.ks.tarsu.kz/docs/js/javascript/index.html
16. А. Аликберов Использование метаданных (HTTP-EQUIV, NAME, REL, REV, BASE) при создании HTML документов
http://www.citforum.ru/internet/search/metatags.shtml
17. Е. Булах Таблица цветов http://www.citforum.ru/internet/html/colors.shtml
Стандарт iso8859-1 Таблица спец. Символов
http://www.citforum.ru/internet/html/symbols.shtml
18 С. Щербаков CSS - Cascading Style Sheets
http://www.citforum.ru/internet/html/csstutorial.shtml

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1. Жаңа ақпараттық-білім беру технологиясы және оқыту
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ..
Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың педогогикалық
негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ... .
Педогогикалық технологиялардың 11
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
Жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің қажеттігі ... ... ... . 15
2. HTML-де мәтінді безендіру 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Мәтін фрагменттерін логикалық стильмен 19
безендіру ... ... ... ... ... .
2.2 HTML—дегі тізімдер мен 29
кестелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.3 Web - парақтардағы суреттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
2.4 HTML құжатындағы мультимедиялық объектілер, фреймдер ... 46
3. SWICH анимациялық программасының принциптерін қолдану 50
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
3.1 SWICH программасының жұмыс ортасы 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3.2 Пайдаланушы 54
интерфейсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
3.3 Менюлер мен тақталар 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеттері-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен
практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби
шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау:
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы
барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәрбиеге жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындады.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Білім беру саласында Web дизайн пәнін
оқытуда SWISH программасын қолданудың оқыту - әдістемелік жүйесін
қалыптастыру ісін зерттеу.
Тақырыптың көкейкестілігі: Білім беру саласында инновациялық-
технологияларды толық қарастыру қазіргі таңда ерекше мәнге ие болғандықтан,
SWISH программасы үрдісінің қыр-сырын терең меңгеріп Web дизайн пәніне
сәйкестендіру маңызды ғылыми іс-шара болып табылады.
Ғылым мен техниканың аса жоғары қарқынмен дамуы жағдайында
білімгерлердің өз бетімен білім алуын, білімді іс жүзінде қолдана білуін,
дамыту, таным белсенділігін ғылымға, білімге қызығушылығын тәрбиелеу
маңызды орын алады.
Веб дизайн сабағында білімгерлердің материалды дұрыс ұғынуы пәнге
деген қызығушылығының артуы білімнің берік қалануы мұғалімнің сабақ өту
шеберлігіне,ізденімпаздығына байланысты.
Білімгерлердің осы пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр
ұстаз заман талабына сай жаңа технологияларды ұйымдастырып, әрбір сабақты
шебер ұйымдастыра білуі керек.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі болып
табылады.
Информатика ғылым ретінде ақпаратты өңдеу мен берудің заңдарын,
әдістерін және жинақталу тәсілін ең алдымен ЭЕМ арқылы оқытумен айналысады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып,
күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген
қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай
да бір жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.

1 Жаңа ақпараттық-білім беру технологиясы және оқыту жүйесі

1.1 Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың педогогикалық негіздемесі

Отандық педогогикалық ғылымында қайшылық туды, бір жағынан
педогогикадағы жаңа бағыт-білім беруді ақпараттандыру қарқынды дамуда ол
қазіргі ақпараттық технология құралдары базасында әзірленген
бағдарламалық оқу құралдарын пайдаланып жалпы білім беретін және арнайы оқу
пәндерін оқытуды ақпараттандырудың тоериясымен әдістемесі мәселелерін
қамтиды, екінші жағынан ақпараттық және коммуникациялық технология
құралдарын тиімді қолдануды бағдарламалық-техникалық және педагогикалық-
эргономикалық қамтамасыз ету, оқу әдістемелік мәліметтер базалары мен
банктерін, интеллектуалдық оқыту жүйелерін пәндік толықтыру, ғылыми-
педогогикалық мазмұн жасау және білім беру мекемелерінің бірлескен
ақпараттық жүйелерімен желілерін, білім беру жүйелерінің таратылған
ақпараттық ресурстарын толықтыру, оқыту нәтижесін бағалауды, білім беруді
ұйымдық басқаруды, ақпараттық әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру
мәселелері жетіп артылады. Бұл мәселелер тізбесі, біріншіден, жартылай
функционалдық және интегралдық сипатта, екіншіден-жүйелі, ал олар басқа да
бір қатар ғылымдардың мүмкіндігін пайдаланғанда шешімін табады.
Ақпараттық технологияларды оқытудың алғышарттары
Бұл қайшылықты шешу үшін қоғамда білім беруді ақпараттандарудың
әдістемесі мен технологиясын меңгерген жоғары сапалы мамандар болу қажет.
Бірақ ғылыми мамандықтардың қазіргі номенклатурасында ақпараттандыру және
қарым-қатынас құралдарын әзірлеп білім беру мақсатында қолданудың
психологиялық-педогогикалық, бағдарламалық-техникалық, физиологиялық-
гигиеналық және эргономикалық мәселелері яғни білім беруді
ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі лайықты көрініс таппай отыр, бұл
сөз жоқ, отандық-педогогикалық зерттеулер ауқымын шектейді. Бұл мәселе
шешімін күтуде. "Білім беруді ақпараттандырудың тоериясы мен әдістемесі"
мынандай зерттеу бағыттарынан тұрады:
– Қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекомуникация
жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес, оқытудың
ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың
әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру.
– Оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу,
сақтау, беру, өндіру ісіндегі әр түрлі дербес әрекет түрлерін
жүзеге асыра білуді қалыптастыруды сондай-ақ білім алу мен
түсіну үрдістерін қалыптастыру бойныша оқу әрекетін қамтамасыз
ететін педогогикалық технологияны оқытудың әдістемелік жүйесін
жасау.
– Бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар
базасында жұмыс істейтін "виртуалдық" білім беру мекемелерін
дүниеге әкелу, телекоммуникацияға қол жететін ашық білім беру
жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін
пайдалану
– Оқу-тәрбие ісін ақпараттық әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін
және оқу орнын (оқу орындары жүйесін)ұйымдық басқаруды
автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқаруды
механизімдерін жетілдіру, ғылыми - педогогикалық ақпараттық
мәліметтер базаларымен банктерін, ақпараттық-әдістемелік
материалдарды телекоммуникациялық желілерді пайдалану.
– Есептеу техникасы ақпараттандыру және телекоммуникация
құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың
педагогиалық - эргономикалық шарттарын анықтау.
– Оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің. Оның білімі мен
жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші.
Диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану.
– Нақты түрде немесе бейнелі түрде өтетін оқу тәжірбиесінің
(зертханалық,демонстрациялық) нәтижетерін өңдеу үрдісін
автоматтандыру құралдарына сүйеніп ғылыми-зерттеу және тәжірбие
жұмыстарын ұйымдастыру.

Информатика оқытушысына қойылатын талаптар: әдістемелік, арнайы білім
және нормативті ұйымдастыру.

Оку үрдісіне оқушыларды окыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе
мүғалімдердің кәсіптік дайындығына, педагогикалык шеберлігіне байланысты.
Жалпы орта мектептерге Информатика және есептегіш техника негіздері
пәні енгізілгеннен бастап педагогтік институттар Математика және
информатика еееп-теуіш техника негіздері, Физика және информатика
есептеуіш техіхника негіздері деген мамамандықтар бойынша информатика
пәнінің мұғалімдерін дайындады. Педагогтік жоғары оку орындарында
информатика мұғалімдерін дайындау мыналарға бағытталды:
1. Болашақ мұғалімдердің орта мектепте окытылатын Информатика
есептеуіш техника негіздері пәнінін мазмұнын білу.
2. Олардың мектептегі есептеуіш техника кабинетінің жабдықталуымен таныс
болуы.
3. Мұғалімдердің алгоритмдеу, багдарламау тілдері жөне бағдарламалық
құралдарды пайдалана алу аймағында жетілдірілуі.
Осы жерден болашақ мұғалімдер үшін информатиканы окытудың әдістемесі
жетіспейтіндігін көреміз, бұл мүғалімдерді кәсіптік дайындауда үлкен
кемшілік болып табылады. Мектепте информатика пәнінің тиімділігін арттыруда
информатиканың әдістемесін окытудың қажеттілігі қаралады.
Жоғары оқу орындарында информатиканың әдістемесін оқытуда алынған
тәжірибелерге сүйене отырып оқу үрдісінде жаңа информациялық технологияны
үйрену және информатиканы мектепте окытудың әдістемесі оқытылу керектігін
көрсетіп отыр.
Қазіргі уакытта Э.И.Кузнецов, М.П.Лапчик, С.А.Жданов, М.В.Швецкий,
И.А.Румянцев және т.б.өткізген зерттеулердің нәтижесіңде педагогтік жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдердің көсіптік дайындау күрылымы
калыптасты.
Мектептегі есептеуіш техника кабинетінің аппараттык және бағдарламалык
жабдықталуына катысты білімді, іскерлікті және шеберлікті арттыру үшін
болашак информатика пәнінің оқытушыларын арнаулы дайындыкпен камтамасыз ету
керек. Әдістемелік дайындык болашак мұғалімнің информатиканы оқыту әдісін
меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұғалімді мұндай кәсіптік дайындау жүйесі
көптеген педагогтік жоғары оку орыңдарына тән. Осылайша, болашак
информатика мұғалімін әдістемелік дайындаудың мазмұны оның қазіргі кәсіптік
дайындығының ең әлсіз бөлігі. Алдыңғы катарлы педагогтік жоғары оку
орындарының информатиканы окыту әдістемесінің бағдарламалар курсының
анализі, осы бағдарламалардың негізінде, тек мектепке арналған информатика
окулықтарына түсініктемелер ғана бар екендігін көрсетеді. А.М.Пискунов,
Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенина, Н.Ф.Талызина және басқа ди-дактиктер мен
психологтардың жүмыстарыңда мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері
көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау
мазмұны мен кұрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға
болады:
- әдістемелік, дайындықты күшейту бағытында информатитка мұгалімін
кәсіптік дайындау;
- мектептегі инфарматиканы оқытудыц әдістемелік жүйесін дамытуда қазіргі
заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын кұру;
- информатиканы оқыту әдістемесінде жеке тақырыптарының мазмұнын,
әдістемелік оқыту жүйесінің элементтерімен толықтыру және дамыту.
Информатика мұғалімінің кәсіптік дайындалуының үлгісі негізгі үш
бөлімнен кұрылады.
1. Мұғалімдердід психологаялық — педагогикалық жөне өдістемелік
дайындығын арттыру.
2. Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуде іскерлігін
бейімділігін, шеберлігін арттыру.
3. Информатика және есептеуіш техника саласында базалық білімін
және ғылыми дайындығын арттыру.
Төмендегі сызбада информатика пәнінің мұғалімдерін окытудыд үлгісі және
жоғары оқу орнында, оку үрдісінде оқытудың нәтижесіне қойылатын талаптар
аныкталған.
Әдістемелік дайындык болашак мұғалімнің информатиканы оқыту әдісін
меңгеруіне мүмкіндік береді.

1.2 Педогогикалық технологиялардың дамуы

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі
информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.
Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы,
әсіресе, дербес компьютерлер көмегі арқылы, ақпаратты дайындау, жинау,
жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу,
жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және адамның үйде пайдалануына арналған
шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі
құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы
сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен
кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға,
керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен
информациялық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ
желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен
ақпараттық комуникацияларынсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымыздағы
дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық
қамтамасыз етсек информацияны пайдалану, алу және тарату істерін
ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған
“қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды
информатизацияландыру процестерін арттыра түседі. Жаңа ақпараттық
технологияларды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін “технология” ұғымның
мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология”
деп белгілі бір ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Еліміздің саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді
жетілдіру бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Осы бағыттағы
жұмыстар 1997-жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі постиндустриялық қоғамда ақпараттық технологиялардың (АТ) рөлі
өте маңызды, олар бүгінде қоғамды ақыл-парасатпен байыту, оның
экономикасын, білім беру жүйесі мен мәдениетін дамыту үрдісінде шешуші
орында. Олардың адам өмірінің сан алуан салаларында кеңінен пайдалануына
байланысты олармен оқу мен танымның бастапқы кезеңдерінде жедел таныса
бастау қажеттілігі туды. Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің
негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен
қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылып , енді сол ақпараттық технологияны
қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде
Қоғамда информатикаландыру және оның жылпы білім беру жүйесіндегі
алатын орны мен ролі.
Қазіргі уақытта "Қоғамда информатикаландыру" "білім беруді
информатикаландыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды
информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс -
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан- жақты әсер етуі мен ролінің
жоғарылауына байланысты объективті процесс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен
үйымдастару түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бүл процесстегі негізгі мәселе
білім берудің мазмүны мөн мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны
технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғам индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мүндағы негізгі мақсат оқушының қоршаған әлем жайында табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. Ақпараттық технологияларды оқыту курс
мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу әдістемелік, дидактикалық,
ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты
қарастыратын курс болып табылады.
Білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.
Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника
негіздері" курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы
пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп
аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика
дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар
информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
Оқытудың мақсаты (He үшін оқытамыз).
Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз).
Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз).
Оқыту туралы (Неден оқытамыз),
Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз).
Білімді модульдік түрде берудің тиімділігі.
-Компьютерлік тестер көмегімен тиімді бақылау жүйесін ұйымдастыруга
болатындықтан, яғни, әр модуль бойынша ағымды және барлық модульдер бойынша
қорытынды бақылауларды, олардың арасындағы байланысты қара жешік
әдастемесінің көмегімен ескере отырып жүргізуге болады;
-Модульдердің семантикалық байланыстарын және олардың басқа пәндермен
қатынастарын анықтауга жане ескеруге болатындығы.
Білім моделін жобалаудың ролі білім беру процесі үшін ерекше, өйткені
ол қортындысында оқытушы ортаға әсер етеді: мұғалімнің білім деңгейі мен
тәжірибесі, оқыту шаралары және технологиялары, ең маныздысы- компыотерлік
тестің көмегімен білімді бақылауга мүмкіндік болады. Қазіргі кезде
бақылаудың бұл тәсілі кең өріс алып келеді.
Білім модулін жоспарлау, дайындау білім беру процесінде маңызды роль
атқарады, өйткені, мұғалім квалификациясы және тәжірибесі, оқыту құралдары
және технологиялары, ең бастысы компьютерлік тестер көмегімен бакылау
жүргізу, оқыту ортасы соған тікелей байланысты.
Соңғы кездері оқыту практикасында модульдік тәсіл кеңінен енгізіле
бастады, әсіресе, кәсіптік мамандық беруде бұл тесіл оқыту тиімділігін
айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеді. Модульдік оқыту
тәсілі мына принциптерге негізделген: жүйелік,структуралану, модулдік,
активтік (екпінділік) және көрнекілік. Модульдік оқыту жүйесі осы процестің
басты фигурасы ретінде оқушыға қойылатын талапқа сәйкес жақсы нәтижелерге
жетуге толық мүмкіндік жасай адады.
Модульдік оқыту тәсілін кәсіптік дайындық жүргізудің негізгі кұралы деп
айтуға да болады. Өйткені, бұл тәсіл оқушыларга мына жағдайларды жасайды:
- оқушы модульдер түрінде оған ұсынылған (берілтен) бағдарламалармен өз
бетішие жұмыс істей адады;
- модулдердің мазмұнын және оларды оқып үйрену процесін оқушылардың жеке
мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкестендіруге
болады;
- оқушылар мен оқытушы (мұгалім) арасындағы өзара баланыс паритеттік
негізде жүрізіледі.
Педагогтік тәжірибеде бұл принциптерді іске асырудың әртурлі әдістері
болуы мүмкін. Біз осы жұмысымызды информатика курсын оқытуда модулдік
тасілді қолданудың (енгізудің) ерекшешктеріне (консепциясына)
тоқталмақшымыз.
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық-әдістемелік
құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап
шығуды талап етеді.
 
1.3 Жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің қажеттігі

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында Жоғарғы білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар
даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғығыми зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғарғы оқу орындары
зерттеулерінің әлеуметтік сала мен эканомиканың қызметтіліктерімен тығыз
байланысы білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып
табылады деп атап көрсеткендей –ақ білікті мамандарды даярлау -өзекті
мәселелердің бірі.
Мұғалімдерді даярлау –қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына
жатады. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік –эконмикалық міндеттеріне сай,
өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Сондықтан оқытушы мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты
міндеттердің бірі оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, бұл жөнінде Қазақстан Республикасы
Білім туралы заңының 8- бабында Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің
бірі –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсетілген.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс -әрекеттерінің ғылыми педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бібі. өткені, жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау –оларды кәсіби білімін көтеруге
дайындау аспектісінің және педагогтық жеке тұлғасын қалыптастыру
үрдісіндегі іс -әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық технология –мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс -әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет –оқушының оқу –танымдық
әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдісін жандандыру студенттердің оқу материалының теориялық
мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың
тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу
үрдісің апасы мен тиімділігі мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ
жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиларды
игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология –практикада іске асырылатын педагогикалық
жүйенің жобасы (Беспалько Б.П).
Педагогикалық технология –оқыту процесін өткізудегі ұйымдастырудағы,
жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірлескен педагогикалық
қызметінің барлық бүге м-шүгесі ойластырылған үлгісі, моделі (В.М.
Монадхов).
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру мұғалімнен орасан
зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.
Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны
меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері
жаңаша сипатталады, олар мынадай: педагогикалық қызметтің өзекіт
мәселелерін білу, оқу бағдарламаларының түрлендірілген нұсқауларын
құрастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр
оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа материалды
меңгеруі бойынша деңгейлеп жаттығулар жүйесін жасау, әр әрекеттерінің
бағалау көрсеткіштерін анықтау, жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау
дағдысын қалыптастыру.
Педагогикалық технологины игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру
оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу –тәрбие үрдісін
ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей
байланысты.
Жаңа педагогикалық жүйе жобасында оқытудың мазмұны, әдісі және түрі
оқушының өзіндік танымдық іс -әрекет ерекшелігін есепке алып анықтауды
қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдістемелік
жүйеге толықтай қойылатын жаңа талаптар.
1. әдістемелік жүйені жетілдірудің қажеттігі
- оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау,
- оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау.
2. оқу мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру:
- оқушылардың танымдық қызығуын тудыра алу,
- оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығн қалыптастыру.
3. оқу іс -әрекетін басқару ісін жетілдіру:
- оқушының өзін -өзі басқаруы,
- оқушының өз әрекетіне өзіндік баға беру.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген
заманда ақыл –ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын
дамыту мектепьің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының
жемісімен келеді. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім
беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге
асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

2 HTML-де мәтінді безендіру

2.1 Мәтін фрагменттерін логикалық стильмен безендіру

1. HTML-құжат –бұл аты .htm қосымшасы бар қарапайым мәтіндік құжат.
Мына, HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:
html
head Менің алғашқы парағым
title 1-ші мысал \title
\head
body
H1 Сәлем! H1
Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.
P Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де,
қаріп типін де фон түсіне де өзгертілетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне
суреттер орналаструға да болады. \P
\body
\html
Енді осы терілген құжатты, мысалы, TI.htm деген атпен дискіде сақтау
керек. Сонда оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын түрге
айналады.
Бұл TI.html файлын бір мезетте Internet Explorer-де және Блокнотта
ашып, оларды түрлендіріп көруге болады. Ол үшін файлды интернет explorer–де
Түр(НТМL түрінде (Вид(в виде НТМL) командаларын орындау қажет. Сонда
файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту
мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта, сақтап, осы
өзгертулердің HTML- құжатта іске асқанын көру үшін, Internet Explorer-де
Түр(Жаңалау (Вид(Обнавить) командасын орындау керек немесе Саймандар
тақтасындағы батырмасын басса болғаны.
Сонымен кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған
өз қалауыңызша ат беріп, оны *.htm түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің
нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе
Internet Explorer-де оны ашу қажет.
2. Програманы оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша
шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ.
Тіпті, броузерлер HTML – файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос
орындарды есепке алмайды. Сондықтан біздің мысалымыз мынадай түрде де
жазылуы мүмкін:
3. Бұл мысалдағы html ... html белгілерінің ортасына HTML – құжаты
жазылады, яғни html құжаттың басын, ал html оның аяқталғанын
көрсетеді.
head ... head - бұл қос белгі құжат тақырыбының басын және соңын
білдіреді. Бұл бөлімде құжат тақырыбынан басқа әртүрлі қызмет атқаратын
мәліметтер (төмендегі title белгісін қараңыз) жазылуы мүмкін, олар жайлы
біз кейінірек айтамыз.
title... title
title және title белгілерінің арасында жазылған сөздерді браузер
құжаттың аты деп түсінеді де, ол терезе тақырыбында көрсетіледі. Осы
құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, браузер оны әр парақтың сол жақ
жоғары бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмауы дұрыс, әдетте ол 64
символдан аспауы керек.
body ... body - бұл қос белгі HTML – құжаттың негізгі мазмұндық
бөлігінің басын және соңын білдіреді.
H1 ... H1 - H6 ... H6
Hi белгісі (мұндағы і – 1 –ден 6 –ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі
сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы
тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі.
P ... P немесе P бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол
жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді.
Жалпы P және P белгілерінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац
ретінде қабылданады.
Hi және P белгілерінің қосымша ALIGN (оқылуы “элайн”, ағылшынның
“туралау” деген сөзінен) атрибуты болуы мүмкін.
Мысалы:
H1 ALIGN=CENTER Тақырыпты ортаға жылжыту H1 немесе P ALIGN=RIGHT
Абзацты оң жақ шетке жақындатып туралау түрі P
4. Үйренгеніміздің барлығын тиянақтап, төменгі 2-мысалды орындайық:
Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ
құрастыруға мүмкіндік бар.
html head title 2-мысалtitle head
body
H1 ALIGN=CENTER сәлем! H1
H2 бұл HTML-құжаттың сәл күрделірек мысалы h2
P Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,
P ALIGN=CENTERортаға қарайP
P ALIGN=RIGHT немесе оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.P
body
html

5. Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға болатындығын сөз
етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.
BR белгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болғанда
қолданылады. Өлең жазуға өте ыңғайлы. Өлеңнен мысал келтірейік:
html head title 3-мысал title head
body
H1 Өлең H2
H2 Абай H2
P Айттым сәлем , Қаламқас BR
Саған құрбан мал мен бас . BR
Сағынғаннан сені ойлап , BR
Келер көзге ыстық жас . P
P Көзімнің қарасы, BR
Көңілімнің санасы . BR
Ғашықтық жарасы P
body
BODY... BODY тэгтерініњ ортасында кµптеген атрибуттар, яѓни
параметрлер болады. Олардыњ єрќайсысы ќ±жаттыњ фонын, єріптерінің т‰сін,
гиперсілтемелер т‰сін, т.б. аныќтайды. Б±л тэгтіњ негізгі атрибуттары:
BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LINK, VLINK жєне ALINK.
BODY 1-параметр=мәні 2-параметр=мәні
3-параметр=мәні...құжаттың негізгі тұлғасы... BODY
1. Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олардың бірде
біреуі болмауы мүмкін, мұндайда олардың алдын ала (үнсіз) келісім
бойынша бекітілген
2. BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фоны түсін анықтайды, егер ол
көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен
немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында
кейінірек айтылады.
Мысалы:
body bgcolor=“yellow”мұнда фон сары түсті болады.
TEXT- мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша
қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі
бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар
түрінде rgb тәсілімен беріледі.
LINК – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін
белгілейді. Егер көрсетілмесе ол көк түс болып саналады.
VLINR - пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім
бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.
ALINK-ГИПЕРМӘТІНДІК сілтемелі курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін
белгілейді. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
BACKGROUND - мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз
рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gif немесе jpg болуы тиіс.
Суреттің адресі көрсетілсе, ол интернет желісінен тауып алынады.
Мысалы:
body bgcolor=lighteellow text=red ink=purpplt vlink= mfroon
flink=fuschef background=“face.jpg”
2. HTML Тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түррінде RGB тәсілмен
берілуі де (COLOR= “#COFFCO”), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы
алғашқы екі сан қызыл түс бөлігін, келесі екі сан-жасыл түс бөлігін, соңғы
екі сан көк түс бөлігін анықтайды. Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті
пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе
солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.
Black=#000000 қара Green=#008000 жасыл
Silve=#COCOCOкүміс Lime=#OOFFOO лимон түсті
түсті Olive=#808000 сары
Gray=#808080 сұр Yellow=#FFFFOO САРЫ
White=#FFFFFақ Navy=#000080 қаракөк
Maroon=#80000 Blue=#OOOOFFКӨГІЛДІР
қызылкүрең Teal=#008080 шай түсті
Purple=# 800080 күлгін Aqua=#OOFFFF КӨК
Red=#FF00FF қызғыш

html HR белгісі көлденең сызық сызады. Бұл белгінің қосымша SIZE
(Сызықтың пиксельмен берілген қалыңдығын анықтайды) және WIDH (экранның
еніне қатысты, сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) атрибуттары
бар. 4 - мысалда көлденең сызықтардың кішігірім жинағы берілген.
HTML
HEAD
titleСызықтарtitle
HEAD
BODY
H1Бірнеше көлденең сызықтар:H1
HR COLOR=RED SIZE=16 WIDTH=100%BR
HR COLOR=GREN SIZE=8 WIDTH=75%BR
HR COLOR=BLUE SIZE=4 WIDTH=50%BR
HR COLOR=BLACK SIZE=2 WIDTH=25%BR
BODY
HTML
Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей:

Енді түрлі–түсті мәтін жазып үйренейік. Ол үшін басқа түске боялатын
мәтін үзіндісін font color=“red”...font белгілерінің арасына жазу
керек.
html head title 3- мысал title
head

body H1 Өлең H1 H2 Абай H2
font color =”red”
P Айттым сәлем, Қаламқас BR
Саған құрбан мал мен бас. BR
Сағынғаннан сені ойлап, BR
Келер көзге ыстық жас. BR
Көзімнің қарасы,BR
Көңлімнің санасы. BR
Бітпейтін іштегі, BR
Ғашықтық жарасы. font
body html

Жоғарыда айтылғандарды пайдаланып:
1. Сынып сағатының кезекті отырысы болатындығы жайлы хабарлама жазыңыз.
Сол құжаттың нәтижесін Internet Explorer-де көргеннен кейін, өз
қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз.
2. Сынып оқушыларының тізімін жазыңыз. Нәтижесін көргеннен кейін өз
қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістердің HTML-
құжатқа енгенін тексеріңіз.
3. Наурыз мерекесіне байланысты, Қазақстан халқына құттықтау
жазыңыз. Нәтижесін экранға шығарып, өз қалауыңызша өзгерістер
енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML- құжатқа
енгенін тексеріңіз.
Тәгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын (начертание)
өзгерту мүмкіндігін береді. B және B тәгтері араларында орналасқан
мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. I және I тәгтері қаріптерді
курсивпен берсе, U және U тәгтері мәтіндердің астын сызып, Sжәне
S тәгтері- белдерінен сызылған символдарды бейнелейді.
Мысалы:
HTMLHEADҚәріп типін, түрін, мөлшерін басқару HEAD
BODY
BASEFONT SIZE=4 FASE= “Arial KZ”
Негізгі қаріп Arial KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған
PFONT SIZE=-2 FASE=“Times New Roman KZ” COLOR= “GREEN”
Бұл мәтін әріптері алдынғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қәріп
типі мен жасыл түсті қолданады.
FONT
P B қарайтылған қәріп түрі B
P I қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі I
P U асты сызылған қаріп түрі U
P S белінен сызылған қаріп түрі S
BODY
HTML
Мұның нәтижесі:

Логикалық стильдер B, I , U, тэгтері сияқты сөздерді ерекшелеп
көрсетеді, олар программа мәтінін жазғанда немесе цитат ( дәйектеме )
келтірген кезде қолданылады. Логикалық стилдерді пайдалану кезінде броузер
экранға не шығаратынын алдын ала айту қиын. Әртүрлі броузерлер экранға
логикалық стильмен берілген символдарды әртүрлі етіп шығаруы мүмкін.
Бұрынғы броузерлер логикалық стильде берілген қаріптерді ерекшелемей, жай
қаріп түрінде бейнелей беруі де ықтимал.
ЕМ... EM
Ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде
берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады.
STRONG ... STRONG
Aғылшынның sample – мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы
натижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдалынады.
KBD...KBD
Ағылшынның keyboard - пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі.
Пернелерден енгізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
VAR...VAR
Ағылшынның variable – айнымалы сөзі, програм-мадағы айнымалы аттарын
жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.

Осылардың жұмысын бір мысал арқылы көрсетейік:
HTML
HEAD TITLE Мысал TITLE HEAD BODY CENTER
Н2 Мәтін фрагменттерін белгілеп ерекшелеу тәсілдері H2
РМәnіндерін төмендегірдей түрде ерекшілеуге болады
BR HR B қалыңдатылып қарайтылған қаріптермен немесеB BR
I қисайтылған курсивпен немесе I
ВR U асты сызылған символдар арқылы жазуға болады.U
Р Оған қоса мәтіндерді ендері бірдей қәріптер арқылы логикалық
стильде жазу мүмкіндіктері де бар.
HR
H3 Логикалық стильдер түрлері:H3 HR
PEM EM – ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив
түрінде берілетін мәтін бөлігі EMBR
STRONGSTRONG – ағылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін
ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі.
STRONGBR
CODECODE-программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
CODEBR
SAMPSAMP-ағылшынның sample-мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы
нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда падалынады.
SAMPBR
KBDKBD-keyboard – перне тақта қысқаша сөзі. Пернелерден енгізілетін сөз
тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
KBDBRVARVAR-variable – айнымалы сөзі программадағы айнымалы аттарын
жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
VARCENTERBODY
HTML

Программа жұмысының нәтижесі:

2.2 HTML—дегі тізімдер мен кестелер

Тізімдердің (lists) HTML тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік
редакторлардың тізімдерімен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен
деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді
біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады.
Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса,
онда номірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей,
тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар,
дөңгелекшелер, тіктөрбұрыш-тылар, ромбылар және де басқа да таңбалар
қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі “фирмалық”сипатқа
ие болады.
Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге
болады: олардың біріншісі –тізімнің жалпы көрінісін анықтайтың атрибуттық
сыртқы белгілер, ал екіншісі-оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер.
Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тэгі қолданылады.
Тізім тэгтерінің ең қарапайым түрі-нөмірленбеген белгілеу тізімі
UL(unored list)
Нөмірленбеген тізімдер: UL ... UL
UL және UL сыртқы тэгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары
белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін
жолын L1 ішкі тэгімен бастап отыру керек. Сонымен номерленбейтін
тізімнің жазылу үлгісі мен оның экранға шығатын жұмыс нәтижесі
мынадай.
UL
lІ тізімнің 1 жолы
lІ тізімнің 2 жолы
...
lІ тізімнің соңғы жолы
UL

Мысалы, мынадай программа соған сәйкес оң жақты көрсетілген тізімді
шығару үшін қолданылады.
UL
lІ Бақыт;
lІ Серік;
lІ Назым;
lІ Алма.
UL

Нөмірленген тізімдер: OL... OL
Нөмiрленген тізімдер алдыңғы тізім сияқты құрылады, тек әрбір жол алдына
нөмір қойылады. Мысалы, жоғарыдағы программа жолдарын тек сыртқы тэгті OL
(ordered list – реттелген тізім) өзгертіп былай жазсақ, оң жақта
көрсетілген тізім экранға шығады:
OL
LI Бақыт;
LIСерік;
LIНазым;
LIАлма.
OL

OL type= “1”
lІ тізімнің 1 жолы
lІ тізімнің 2 жолы
lІ тізімнің 3 жолы
OL
Нөмірленген тізімнің әрбір жолы реттелген тәртіп бойынша араб немесе
рим сандарымен, әйтпесе латын алфавитінің әріптерімен таңбаланады. Ол
таңбаларды өзгерту type=“...” атрибутымен көрсе-тіледі, атрибут жазылмаса,
нөмірлер 3-, 4- суреттегідей реттелген араб цифрларымен көрсетіледі.
Нөмірлеу таңбаларын анықтайтын type атрибутының мүмкін мәндері 1-кестеде
көрсетілген.

Type атрибутының мүмкін мәндері және олардың нөмірленуі

Атрибут мәні Нөмір таңбалары
Type = “1” 1, 2, 3, 4, ...
Type = “i” i, ii, iii, iv, ...
Type = “I” i, ii, iii, iv, ...
Type = “a” a, b, c, d, ...
Type = “A” a, b, c, d, ...

Мысалы, төмендегі программа экранға латынның кіші әріптерімен
таңбаланған өзіне сәйкес тізімді экранға шығарады:
OL type= “а”
lІ Асқарұлы;
lІ Беріков;
lІ Ғабитқызы
lІ Дарханұлы
lІ Серіктегі
OL

Анықтау тізімдері: DL ... DL

Анықтаулары бар тізімдер DL (definition lists) жоғарыдағылардан
өзгешелеу тәсілмен жасалады. Мұнда LI тәгі орнына DT (defenіtion term –
анықталатын термин) термин тэгі және оған қосымша DD (defenition
defenition – анықтаманы анықтау) терминді түсіндіру белгісі жазылады.
Төмендегі программада осыларға мысал келтірілген:
DL
DT HTML
DD HTML (Hyper Text Markup Language) – термині “гипермәтіндерді белгілеу
тілі” деген сөздің қысқаша түрі. HTML тілінің алғашқы нұсқасын Европадағы
ең кіші қарапайым түйіршіктер физикасы лоборато-риясының қызметкері Тим
Бернерс-Ли жасаған болатын.
DT HTML – құжат
DD Аттары *.htm (Unix жүйесінде *.html болып жазылады) түрінде, яғни
файл атына .html тіркеуі қосылып жазылатын мәтіндік файлдар
DL
Бұл программаның экранға шығаратын нәтижесі мынадай болады:

Мұндағы DT және DD тэгтері LI тәрізді жабылмай, жалқы түрде
жазылады.

Егер анықталатын термин түсінігі бір жолға сиятындай қысқа болса, онда
DL COMPACT сыртқы тэгін қолдануға болады. Мысалы, мынадай программа
фрагменті:
DL COMPACT
DT A DD Латын алфавитінің бірінші әрпі
DT B DD Латын алфавитінің екінші әрпі
DT С DD Латын алфавитінің үшінші әрпі
DT В DD Латын алфавитінің төртінші әрпі
DL
Экранға төмендегідей мәтін шығады:

Қабаттасқан ішкі тізімдер

Кез келген тізім элементі ішінде басқа бір тізім орналасуы мүмкін.
Оларды қабаттастыру сатылары түрде бірнешеу бола береді, жалпы оларға шек
қойылмайды. Дегенмен, тізімдердің мұндай түрін сирек қолдануға тырысу
керек, олар жалпы мәтіндерді жақсы безендіру жолдарына жатпайды. Бірақ
практикада олардың қолданылатын-жоспарлар құру немесе кітап мазмұндарын
жасау сияқты өз орындары бар.
Жалпы тізімдерге және оның ішінде қабаттастырылған ішкі тізімдерге
мысал ретінде төмендегі программа мәтінін қарастыралық:
htmlheadtitle Мысалtitleheadbody
HIHTML тізімдерінің түрлеріHi
DL
DTНөмірленбейтін тізімдер
DD Нөмірленетін тізімдер сол жатқан арнайы нөмір таңбасымен белгіленеді:
UL
LI Алпамыс
LI Ер Тарғын
LIҚобыланды
UL
DTНөмірленетін тізімдер
DDНөмірленетін тізімдер сол жатқан арнайы нөмір таңбасымен
белгіленеді:
OL
LIАлпамыс
LIЕр Тарғын
LIҚобыланды
OL
DTАнықтамалық тізімдер
DD Бұл тізім алдынғы екеуінен өзгешелеу, бірақ керек болатын кездері жиі
болып тұрады.
P Бір тізім ішіне екінші тізім кірістіруге болады, бірақ өте көп ішкі
кірістірулерді пайдалану жақсы әдетке жатпайды.
PТізімнің ішкі элементі бірнеше абзацтан тұруы мүмкін, олардың бәрінің
сол жақ шеткі өрістері(шегіністері) бірдей болады. P
DL
bodyhtml

Осы программа нәтижесі:

Тізімдерді қалыптастыру:

Мәтіндік процессорлармен жұмыс істеген кезде көбінесе тізімдердің екі
түрін пайдаланады, олар- реттелген (таңбаланған). HTML тілі тізімдердің әр
түрлі бес түрін қалыптастыру мүмкіндігін береді. Алайда, аталмыш бес
түрдің екеуі (меню тізімі мен каталог тізімі) ескірген деп есептеліп, іс-
жүзінде қолданылмайды. Сонымен, бүгінгі күні тізімдердің үш түрін
қолданады: реттелген, реттелмеген және анықтамалар тізімі.
1. Реттелген және реттелмеген тізімдер шамамен алған бірдей
тәртіппен қалыптастырылады. Тізімдер реттелген болса, барлық уақытта
тізімдердің OL жәнеOL атты ашылатын және жабылатын тәгтерінің
арасында, ал реттелмеген болмаса UL және UL тәгтерінің арасында
орналастырылады.
Тізімдердің ішінде тізім элементтері орналастырылады. Оларды LI және
LI тэгтердің арасында орналастырады, алайда соңғы жағдайда жабылатын тэг
көрсетілмеуі де мүмкін, себебі, жабатын тэгтердің қайта орналасатыны былай
да белгілі болады.
OL, UL және LI тэгтерінде TYPE=атрибуты болуы мүмкін, оның
мағынасы тізім элементтерінің белгілену тәсілдерін көрсетеді. Реттелген
тізімдерді араб цифрларымен, рим цифрларымен, латын әріптерімен (регистрдің
жоғарғы және төменгі жақтарында да) нөмірлеуге болады. Реттелмеген
тізімдер қара түсті шеңбер түріндегі, ақ дөңгелек немесе квадрат типті
белгімен таңбаланады.
Тізімдер ендірілмелі болуы мүмкін. Сонымен қатар, тізім элементтерінде
гиперсілтемелер, сонымен қатар, сөз арасы элементтерін форматтауға және
ерекшелеу үшін қолданатын тәгтер болуы мүмкін.
2. Тізім анықтамалары DL тэгінен басталады да DL тэгімен
аяқталады. Аталмыш тізімдерде белгілер мен нөмірлеулерді пайдаланбайды.
Тізім анықтамалары берілетін атаулар мен тиісті анықтамалардан құралады.
Анықтамалары берілетін атаулар DT тэгімен, ал анықтамаларды DD тэгімен
белгілейді. Жабатын тэгтерді көрсетуге болмайды. Анықталатын атаулар мен
анықтамалар рет-ретімен келіп отырады деп жоспарланады, алайда, бұл мәселе
аса қатты талап етілмейді. Анықтамалар экранда сол жағынан ығыса отырып
белгіленеді.
Кесте – мәліметтердің үлкен көлемін ұсынудың ең ыңғайлы әдістерінің
бірі. HTML тілі кестелердің әр алуан түрін қалыптастырудың орасан зор
мүмкіндіктеріне ие болады .
1. HTML тіліндегі кестелер TABLE тэгімен басталады да TABLE
тэгімен жабылады. Кесте ішінде мәтін, кесте элементтерін (атауы,
жолдары мен ұялары) анықтайтын арнайы тэгтердің ішіне
орналастырылады.
2. TABLE және TAВLE тэгтерінің арасында, кестелердің атауларын
анықтайтын, CAPTION және CAPTION тэгтері қocapланып кездесуі
мүмкін. Кестелердің атаулары тікелей кестелердің үстінде немесе
тікелей кестелердің астында орналасады.
3. Одан кейін кестелердің жолдарын анықтайтын TR және TR кестелері
кездеседі. Жабатын тэгтерді кездестіруге болады, себебі кестенің әр
жолы сол кестенің келесі жолының басталуымен немесе кестенің өзімен
бірге аяқталады.
4. Кестенің әрбір жолы ұялардан тұрады. Ұяларды немесе бағандар мен
жолдардың атауларына ие TH тэгімен, немесе мәліметтерге ие TD тэгімен
белгілейді. Бұл тэгтер сонымен қатар, қосарланып берілуі мүмкін, бірақ бұл
жерде де жабатын тэгтерды көрсетпеу басқа түсініктер бермейді.
5. Ұялардың ішінде, құжат пішіні бөліміне рұқсат берілетін, HTML-ге
қатысты кез-келген мәліметтер мен кез-келген тэгтер болуы мүмкін. Мысалы,
кесте ұяларында ендірілген басқа кестелер болуы мүмкін. Броузерлер
автоматты түрде ұялар мен бүкіл кестенің өлшемдерін есептеп шығарады,
алайда бұл қасиеттерді ішінара атрибуттар көмегімен де беруге болады.
6. Кестелердің айрықша өзіндік аттрибутарынан, мысалы, BORDER атрибут
кесте маңында және оның жеке ұяларының маңынан бөлек қоршау жүргізу
мүмкіндігін береді. Аталмыш атрибуттың мәні пиксель өлшем бірлігімен
өлшенетін, сыртқы қоршаудың қалыңдығы болып табылады.
7. Келесі бетте келтірілген мысалда басқа да атрибуттар
пайдаланылған, олардың көмегімен ұялар арасындағы аралықтар ұлғайтылған
және биіктіктері үлкейтілген ұялар да қалыптастырады.
Біз осының алдында мәтінді параққа дәл орнату кезіндегі HTML
тілінің шектеулі мүмкіндігі туралы айттық. Бұл шектеулер түсінікті және
оның себебі түсіндіруге де болады, алайда кәсіби Web- дизайнерлер бұл
жайға көнгісі келмейді. Кестелер – аталмыш тілдің табиғи шектеулер қоятын
бөгеттен өтетін құралы, сол кестелер арқылы тиімді нәтижелерге жету
мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Мысал қарастырайық:
HTML HEAD TITLEТаблица! TITLE
HEAD BODY TABLE BORDER=3
CAPTION ALIGN=bottom Таблица №1 CAPTION
TRTDTDTH СОLSPAN=2Параметры THTR
TRTDTDTHPocтTHTHBec THTR
TRTDАлександраTDTD ALIGN=center170TDTD
ALIGN=center75TDTR
TRTDМарияTDTD
ALIGN=center168TDTD ALIGN=center57TDTR
TABLE BODYHTML
Нәтижесі:

HTML
HEADTITLEТаблица!TITLE HEAD
BODY
TABLE ALIGN=LEFT BORDER=3 WIDTH=70%
TR
TD 1TD TD 2TD TD 3TD
TR
TR
TD 4TD TD 5TD TD 6TD
TR
TR
TD 7TD TD 8TD TD 9TD
TR
TABLE
BODY HTML
Нәтижесі:

Гипермәтіндер

WEB – парақтардың басқа WEB – парақтарға қатысты сілтемелердің болуы
– World Wide Web жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі.
HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелер-ді құру өте жеңіл. Ол үшін
атрибуты, яғни параметрі бар ашылатын A және қарапайым жабылатын A
тэгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай
ерекшеліктерді еске сақтаған жөн.
1. Гиперсілтемелерді құрған кезде НREF=”...” атрибуты міндетті түрде
қажет. Оның сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның URL-
адресінен тұрады. Сілтеме мәтін А мен А тэгтерінің арасына орналасады.
Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк
түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту
көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз
етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез-келген файлды немесе
адреске сәйкес. Web-парақты (немесе Web- тораптағы кез келген файлды)
көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол.
A HREF=“C:Мои документыСерік.HTML” файл A экранға көк түспен боялған
файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқанмен шерту Менің құжаттарым (оны
көрсетпесек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Білім беру жүйесі лекция тезистері
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқыту технологиясы мен әдістері
Компьютерлік технологияның түрлері
Инновация ұғымының мәні
Пәндер