Құқық түснігі,мәні құндылығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚҰҚЫҚ ТҮСНІГІ,МӘНІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Құқық түснігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Құқық мәні, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Құқық қызметтері және әлеуметтік құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Құқықтық нормалардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне замандағы ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дүрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымының күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи жэне мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне карсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория - бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ-деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен кұқьтқтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесі.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,
іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б.
2 .Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.
3.Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды 2002
4.Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды 2006
5.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды 2001
6.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арнлған дәрістер жинағы.Қарағанды 2003
7.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы.қарағанды 2005
8.Байжанова Г.Т.,Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша әдістемелік құрал. Қарағанды 2001
9Баймаханов М. Т. Ағымдағы Заңдардың дамуына және жұмыс істеуіне Конституцияның ықпал етуінің кейбір формалары. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет
9 . Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.
10.Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары: Қысқаша шолу. -/Ағымдағы аударым. - Алматы: Ғылым, 1999. 320 б.
11.Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық: «Тұр - пресс» - Алматы, 2005 - 296 б.
12 .Қазақ мемлекеттік заң академиясының 5 жылдық мерейтойына арналған ғылыми - теориялық конференциясының материалдары (Алматы қаласы, 17-наурыз 1999ж) - Алматы БПО Қаз МЗА, 2000.-480 б.
13. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық. /Құрастырған Е. Баянов. -Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 624 б.
14.Мемлекет туралы ойлар /Құрастырған: Н. Қазыбек. - Алматы: Жазушы, 1998.-200 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚҰҚЫҚ ТҮСНІГІ,МӘНІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Құқық түснігі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.2 Құқық мәні,
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...13
1.3 Құқық қызметтері және әлеуметтік
құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... 15
2. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... 18
2.1 Құқықтық нормалардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Құқықтық нормалардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте
екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне замандағы ғалымдар
құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың
мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дүрыс, сапалы реттеп-
басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымының күн тәртібінен түскен емес.
Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік,
социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның
мазмұны - адамдардың табиғи жэне мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары
мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп түсіндірген.
Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға
тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо,
Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи
әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне карсы қоюдың негізі жоқ. Олар
қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория - бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-
сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған
мемлекеттің қатысы жоқ-деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи
бостандықтар мен кұқьтқтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесі.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,
іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып,
ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді.
Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға
созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден
келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік
заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы
қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-
бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді
келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына
сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келеді.2
ҚҰҚЫҚ ТҮСНІГІ,МӘНІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
1.1 Құқық түснігі және оның маңызы
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын
қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-
жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық
жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі –
адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні,
маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша
көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып оған
сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын
айтуға болады. 1) нормативтік тұрғыдан қарау, құқықты заң нормаларының
жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан қарау, яғни, құқықты реттелетін
қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау,
құқықты бостандық пен әділдік деңгеймен байланыстыру.[1]
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық
қатынастар жатады. Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және
айрықша белгілер тән.
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай
емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға
тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін
тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен
бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның
игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді,
қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып
саналады. Бостандық – адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса
ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық
мүмкіндіктерін аша алады.
3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет,
қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады.
Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында арасында қайшылықтар,
үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары
жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз
етпеуі мүмкін.
4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді.
Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе,
оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң
талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары
қолданылады.
5. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды
етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан
құқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен
бостандықты паш етсе, ол жалпыхалықтық құқық деп саналады.
6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар
ерекше қасиетке ие болады. Ол – формалды анықтылық. Оның белгілері:
айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені
істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы,
біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс.
Құқықтың белгілері:
еріктілік сипаты;
жалпыға міндеттілігі;
нормативтілігі;
мемлекетпен байланысы;
формальды анықталғандығы;
жүйелілігі;
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы
бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;
құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі
құрал. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық – қоғамның экономикалық
базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен
нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына
байланысты. К. Маркс “Гота программасына сын” деген еңбегінде: “Құқық
ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени
дамуымен жоғары бола алмақ емес”- деді.Қоғамның тарихи объективтік даму
процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі-қоғамның дамуын
басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз
қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді – заңды
көзқарас деп айтады. Екіншісі – бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның
дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді
заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға
пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Құқық – мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттіке –
ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда
болады. Әдет – ғұрып, моральдік және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары
кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастың құқықтық
реттеуіне береді. Құқыққа көзқарас, оның пайда болуы, орны және рөлі
нормативтік реттеу жүйесінде қоғамның өзінің дамуына, құқықтық ойлардың
жетілуі, көптеген обьективтік және субьективтік деректерге байланысты
ауысып отырады.
Қарама-қайшылықтарына қарамай әр түрлі құқық туралы ойлардың, ілімдердің
жалпы бағыты бір болады:
құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкін емес;
құқық нормативтік нысанында жалпы адам баласының адалдығы-ның талабын
көрсетуге міндетті, қоғамның мүддесіне түгелімен оның жекелеген таптарына
не болмаса, әлеуметтік топтарға қызмет жасауы керек, жекелеген мүдделерді
және жеке адамның қажеттілігін, қоғамның алғашқы негізін есепке алуы қажет;
жеке меншік құқығы адамның барлық құқығының негізі;
құқық тәртіптіліктің өлшемі, ол мемлекетпен белгіленеді және қорғалады.
Құқықты түсінудің, оның пайда болуының мынадай теорияларын бөліп көрсетуге
болады: 4
Нормативистік бағыт. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Новогородцев, Кельзен және
т. б.) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы ретінде анықтама
береді. Нақты айтқанда, Кельненнің концепциясына сәйкес, құқық нормалар
жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы
қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады, және бұл жердегі әрбір төменгі
норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы
нормативистік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.
2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. Бұл құқық теориясын
жақтаушылар (Т. Гоббс, д. Локк, А. Радищев және т. б.) мемлекет
орнықтыратын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқыққа та
болады деп санаған. Бұл - өмір сүргуге, бостандыққа, теңдікке, меншікке
және т. б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгеомейтін
құқықтарының жиынтығы) – қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер)
қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті
сіңіре білген құқық. Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп
қарастырылады, яғни, позитвитік құқықпен (мемлекет қабылдаған заңдармен)
қатар адамға туған сәтінен тиесілі жоғары, шынайы, табиғи құқық та болады.
3. Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай
кітаптарына, ең алдымен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері
(Аристотель, Фома Аквинский және т. б.) егер адамға табиғи құқықтар туған
сәтінен берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған.
4. Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф. Савиньи, Гуго,
Г. Пухта және т. б.) құқықты заңшығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық
рухтың, дамуы нәтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған.
Құқықтанушы-ғалымдар халықтық құқықтың рухтың көріністерін дәл тауып, оның
ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы дайын
құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдырыуы тиіс.
5. Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л. И.
Петражицский, Росс, И. М. Рейснер және т. б.) нормалармен қатар құқық
түсінігіне адамдардың құқықтық санасын да, құқықтық эмоцияларын да
енгізеді. Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең
қолданыста болған. Себебі, бұл кезде жаңа заңдар қалыптасқан болатын,
тіпті, декреттердің өзінде соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне
сәйкес шешуінде құқықтық санаға жүргінуі танылған еді.
6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теориясының
өкілдері (П. Эрлих, Жени, С. И. Муромцев және т. б.т) құқық табиғи құқықтар
мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан көрініс табады деп санаған,
яғни, құқықты өз құқықтарын белгілі бір дәрежеде жүзеге асырушы жеке және
заңды тұлғалардың қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті
құру тәжірибесі де жарияланған.
7. Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс,
Энгельс, Ленин, және т. б.) құқықты экономикалық үстемдік құрушы таптың
заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Және таптық еріктің құқығынан
көрініс тапқан мазмұнды материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен
анықтаған.
8. Интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сәйкес шын мәнінде
кемшіліксіз құқықтың болуына күмән келтіріледі, сондықтан, аталған бағыттың
өкілдері әртүрлі теориялардан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып,
құқыққа мынадай анықтама береді: Құқық – бұл еркін еріктердің өзара
байланыстағы күресі мен келісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз
етілген және нақты бір қоғамда танылған теңдік пен әділеттілік
нормативтьерінің жиынтығы.6
Құқыққа көзқарастардың көбінде, оны еркіндіктің нормаларына жатқызады,
себебі табиғатқа қандай қажеттілік керек болса, қоғамға да сондай
деңгейдегі еркіндік керек. “Құқық бір жағынан, лұқсат беретін, екінші
жағынан адамдардың бірімен-бірінің сыртқы қарым-қатынасын тежейтін
нормалардың жиынтығы” – деп Трубецкой жазды.
Канттың айтуы бойынша, құқық жағдайлардың жиынтығы, біреудің бассыздығы
екіншінің зорлық-зомбылығымен келісіліп, барлығына бірдей еркіндік жолында
болған. Коркуновтың айтуы бойынша, құқық еркіндіктің нормалары. Заңды
нормалар қандай да болмасын адамның басқа адамдармен біріккен мүдделерін
орындауға тежеу салады. Ол мүдделерді құқық бөліп, іске асыру мөлшерін
белгілейді, соған байланысты адам бостандығын тежеуге тура келеді. “Құқық”
терминінің көптеген мәні бар,ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және
қызмет бабында қолданылады. кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір
адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.1
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
“құқық” – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене
отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы,
білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды
тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. осы келтірілген жағдайларда
“құқық” түсінігі субьективтік мағынада қолданылады.
Субьективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен
құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-
құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа
тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер
пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларды құқықпен қатар
құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен
бірге құқықтық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға
құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
“Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс” (6-бап).
Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық
болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субьективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық
тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына
жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде
жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді.
Екіншіден “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, обьективтік мағынадағы құқық жеке
нормалаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы,
Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың
өзге де норативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық
және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық
Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып
табылады” (4-бап).
Үшіншіден “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.
Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік
құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық,
қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы- өзара туыстас қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық – мүліктік
және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге
келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму
процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл
жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің,
қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы,
жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы,
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін кұқық пен мемлекеттің өмірге
келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру
қажет болды;
қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып,
оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;ру мен тайпалардың, мемлекеттік
бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты
өмірге әкелді. Міне, бүл күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп,
реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін
құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа
құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай
жасалды.
Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның санқырлы түсінігі,
санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму
процесінде болғандықтан, оның мазмұны саңқырлы бағытта дамып, байып отырды.
Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі
қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық,
әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж.Ж. Руссо -
құқық қоғамдық билік-деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

қалыптастырады, мінез құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-

жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі -

Қүқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал құқық қоғамдағы әділеттікті
теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәденни
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі
құрал құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі
құрал құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз
етеді.
Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар:
әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық. Мемлекетке
қажетті коғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл
құқықтық қоғамдық қатынас-тарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативтік тұрғыдан
қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты.
Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде
зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген
мәселелері: құқықтық қатынас: құкықтық сана, субъективтік қүқық, қүқықты
қолдану, қүқықты бұзушылық жэне жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше
бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен
реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі —
құкық пен заңның, бостандық пен құқықтың ара қатынасы және айырмашылығы.
Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып іс-әрекетті кеңірек
қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мэселені қамтиды. Адамдардың
бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды - деп түсіндіреді. Бүл
пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн
-анализ, синтез Әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі
пікір бар: біріншісі — қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі
әлеуметтік факторлардың бірі кұқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан
ақыр заман болар еді. Бұл пікірді — заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі —
бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,
маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм
қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мүраларды
жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі
рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қоры-
тынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік
жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,
қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші
негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы
заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін
қазір ешкім қолдамайды.
Құқық - философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұнын, өмірге келуін,
дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды
пайдалануда сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске
асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-
әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың,
ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы
дамуы, кұқык арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде
нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс
қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың
күнделігі қоғамдық масштабта барлық кұбылыстардың шешуші негізі болуында.
Бүл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының
миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
"құқық" деген ресми түрде танылған жеке жэне заңды тұлға-лардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтар-дың еңбек ету
бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шүғыл-дану құқығы.
Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да
құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдай-ларда "құқық"
түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Екіншіден, "құкық" деген - құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Бүл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы
диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мы-салы, Қазақстанда мемлекеттік
құқығы туралы Конституцияның 4-ба-бында былай делінген: "Қазақстан
Республикасында қолданылатын қүқық Конституциясының, соған сай келетін
заңдардың, өзге де нормативтік-кұқықтық актілері" болып табылады.
Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қол-данылады.
Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азамат-тық құқық, еңбек
құқығы, қылмыстық кұқық, отбасы құқығы т.б.
Төртіншіден, "кұқық" термині субъективтік кұқық пен обьективтік
құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құкык мен кұкықтық жүйе.
Сонымен "құқық"терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің
көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды.
Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру
ғылымда кең орын алып келді. Марксистік ілім: құқықты, оған байланысты
құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Ал өркениеттік тұрғыдағы
ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдар. білдіріп мүдделерін корғайтын
құрал болып саналады. Өйткені адам тарихында болған қоғамдардың бәрінде де
таптык мүддеге қоса жалпы қоғамдық мүдде-мақсатты да реттеп-басқарып
отырады
1.2 Құқық мәні, қағидалары
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсатры қоғамдағы бостандықты нормаивтік
тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті
қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушілерді
жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне
мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық тұрақты қатынастарды
реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді. Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің
маңызы зор: 1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші
екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет
ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
-таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда
көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң
нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1. Кұқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі.
Парламент — заң, президент — жарлықтар, үкімет — қаулылар мен өкімдер,
салалы министрліктер — ережелер мен бұйрыктар, жергілікті органдар —
шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.
2. Құкық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей
қолданылады. Кұқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең
және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.
3. Кұқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын
нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда
реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердін бәріне қатысы бар.
4. Кұкық формальды — айкын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан
мойындалып, нормативтік-кұқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-
ғұрып формалары арқылы қоғамдық катынастарды реттейді.
5. Құкық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың
және жеке адамдардын еріктерін білдіреді.
6. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға
бөліну аркылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені кұрайды.
7. Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік
жүргізу барысында кұқыктык катынастарға түскен субъектілер кұкық нормалары
бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану
арқылы іс жүзіне асырды.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің (нормалардың) жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
қарым-қатынастарды реттеп-басқару;
қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қаты-насын
реттеп-басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп-басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік
түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынас-тардың
қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі объективтік
қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап, бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік: жүйемен рет-
теп-басқару;
Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін,
шеңберін норма арқылы анықтап отыру;
Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті
шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;
4. Мемлекеттік органдардың қабылдаған, бекіткен нормативтік
актілерінің орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз - қоғамдағы қатынастарды реттеп, ба-сқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс-жүзінде қатынас-тардың
субъектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты
түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа
тартылуы керек. Міне, осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы
басталады.
Құқық - үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.
1.3 Құқық қызметтері және әлеуметтік құндылығы
Құқықтың құндылығы – бұл құықытың азаматтардың және жалпы қоғамның
әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамсыз ету құралы мен
мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының
төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты,
тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауынан қамтамасыз
етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе
отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы
олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсерін тигізелі, яғни, құқық жеке
мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддеме үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және
анықтаушы болып табылады жәнеосы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни,
құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектігінде сәйкес қоғамның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіроесе, оның құндылығы
тотолитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі
жайғдайларында өсе түседі;
6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы
мәселелерді шешудің негізгі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық
салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістермен жағымды әсер етеді.
Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу
тәртібін анықтаудан, саяси партиялардың және басқа да саяси бірлестіктердің
ұйымдастырылуына жол ашуынан, азаматтардың саяси құқықтарын пайдалануына
мүмкіндік туғызуынан байқалады. Құқықтың экономикаға әсері мол. Құқық
мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттейді, жөнге салып отырады.
Мемлекеттік емес кәсіпорындардың жұмысын дамытуға жанамалап әсер етеді.
Демек, құқық экономикалық құбылыстың барлық салаларын реттейтін, жөнге
салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқықтың тәрбиелік қызметі де
ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың санасына әсер ету арқылы құқықтық
мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық заңды бұзудың алдын алу
қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың экономикалық, әлеуметтік,
идеологиялық салаларындағы қызметінежатады. осыларға қоса құқық мемлекетті,
қоғамды және азаматтардың заңды мүдделеріне қорғау қызметін де жүзеге
асырады.
Құқық функциясы – құқықтың қоғам өміріндегі мәні мен әлеуметтік маңызы
арқылы анықталынатын, қоғамдық қатынастарға заңдық әсер утудің негізгі
бағыттары.
Құқық функциясына тән болатын ерекшеліктер:
- құқық функиясы оның мәніне тәуелді, құқықтың қоғамдағы маңызымен
анықталады;
- құқықтың әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүру қажеттігін туындатады.
- құқықтың барынша маңызды белгілерін көрсетеді және қоғам дамуының белгілі
кезеңіндегі оның алдындағы түбегейлі міндеттерін жүзеге асыруға
бағытталады.
- динамикалық сипатта, қозғалыста болады;
- тұрақтылық оның әрекетінің үздіксіздігімен, ұзақтығымен сипатталады.
Құқық функцияларын кең және арнаулы – заңдық мағынада ажырату жөн.
Құқықтың кең немесе әлеуметтік мағынадағы функцияларын экономикалық, саяси,
тәрбиелік, коммуникативтік деп жіктеуге болады. Құқықтың экономикалық
функциясы өндірістік қатынастарды реттеуден, меншік түрлерін бекітуден
көрінеді. Құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің әрекетін
реттейді. Тәрбиелік функция белгілі бір идеологияны көрсетеді,
субъектілерде құқықтық әрекет ниетін қалыптастырумен байланысты болады.
Коммуникативті функция құқықтың басқару субъектілері мен объектілерінің
арасындағы байланыс құралы ролін атқаруынан көрінеді.
Құқық табиғатынан туындайтын функциялар реттеуші және қорғаушы болып
бөлінеді.
Құқықтың реттеуші функциясы позитивті әрекет тәртібін бекітуден,
қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудан, әлеуметтік өзара байланысты
сәйкестендіруден көрінеді. Онда құқық субъектілеріне қоғам, мемлекет және
азамат мүддесіне сәйкес келетін субъективті құқықтар беріледі және заңдық
міндеттер жүктеледі. Аталған қызметті көтермелеу, жеңілдік беру, ұсыным
тәріздес құқықтық көтермелеу қамтамасыз етеді. Құқықтықстимул тұлға
белсенділігін, ынталылығын арттыру арқылы, оның мүддесін қанағаттандыруға
ықпал етеді.
Құқықтың қорғаушы функциясы – құқықтың әлеуметтік маңызымен
негізделген әсер ету бағыты. Оның мақсаты барынша маңызды экономикалық,
саяси, ұлттық, жеке қатынастарды, оларға қол сұғылмауын қорғау болып
табылады. Қорғау қандай да болмасын әлеуметтік байланыс дамуының үрдісі
бұзылған жағдадйда әрекет етеді. Қорғаушы функция құқықтық шектеулер –
міндеттеу, тыйым салу, жазалау көмегімен жүзеге асырылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz