Жастар әлеуметтануы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Жастар әлеуметтануы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Жастар: ұғымды тұжырымдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Жастар.әлеуметтік.мәдени топ ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Жастар субмәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғамда жастар социологиясы гуманитарлық ғылымдар саласына жатқызылады. Бұл ілім бірден қоғамдық пікірсайыстардың нысана айналады. Осындай пікірталастардың өзектілігі көпе-көрнеу. Жастар социологиясының проблемасы көптеген жылдар бойы ұдайы өзгеріп отырған нысанын анықтау арқылы тұжырымдалады.
Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу рөлі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті.Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады.Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А.-Алматы:Раритет,2012.-448 бет.
2. Әбдирайымова Г.С. Жастар социологиясы:оқу құралы. 2-басылым. –Алматы: «Қазақ университеті»,2012.-224б.
3. Биекенов К.У., Джаманбалаева Ш.С. Динамика и механизм детерминации подростковой преступности в Казахстане //Вестник КазНУ. Серия психология. – Алматы, 2002. – 1(8). – С. 58-65.
4. Буржуазная социология на исходе XX века-критика новейших тенденций. Социологические исследовании. АНСССР – М., 1986. – С.81-84.
5. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамасы. Статистикалық жинақ / Қ.С. Абдиевтің редак. - Алматы, 2004. -216 6.-Б. 10-11
6. Қазақстан жастары: жай-күйі, үрдістері, келешегі// ҚР Мәдениет министрлігі Жастар саясаты департаментінің сараптамалық баяндамасы.- Б. 49-50

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Жастар әлеуметтануы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Жастар: ұғымды тұжырымдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Жастар субмәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғамда жастар социологиясы гуманитарлық ғылымдар саласына жатқызылады. Бұл ілім бірден қоғамдық пікірсайыстардың нысана айналады. Осындай пікірталастардың өзектілігі көпе-көрнеу. Жастар социологиясының проблемасы көптеген жылдар бойы ұдайы өзгеріп отырған нысанын анықтау арқылы тұжырымдалады.
Жастар социологиясы - жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез - құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым - қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу рөлі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті.Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады.Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.

Жастар әлеуметтануы туралы жалпы түсінік

Жастар әлеуметтануының мақсаты - әлеуметтікорта мен жастардың арасындағы байланысты, қоғамның жастарға әсер ететін әлеуметтік механизмдерін зерттеу.
Жастар социологиясы - социологиялық білімнің дербес саласы нысанында жастарды әлеуметтік демографиялық топ ретінде, олардың әлеуметтену және тәрбие жөніндегі ерекшеліктерін, өмір салттарының айрықшалығын, құндылықты бағдарларының, мақсаттарының, сана-сезімдерінің және өмірлік жоспарларының қалыптасу үрдісін зерттеп-зерделейді.
Бұл тұрғыдағы ғылыми анықтамаларды жіктей келе келесі негізгі жолдарды бөліп қарастыруға болады:
Стратификациялық жолда жастар жас шеңберімен, өздерінің ерекше әлеуметтік рөлдерімен, статусымен және әлеуметтік көзқарастарымен шектелген әлеуметтік-демографиялық топ ретінде анықталады.
Психофизиологиялық жол адам тұлғасының жыныстық жетілуі мен толық ересектігі арасындағы даму кезеңі ретіндегі жастық шақ ұғымына негізделген.
Әлеуметтік философияда жастар биологиялық және психологиялық қарым-қатынастағы белгілі бір жас ерекшелігімен топ - тастырылатын (жастық интервал 14 жастан 29 жасқа дейінгі) әлеуметтік - психологиялық топ, буын.
Рөлдік жол жастық шақты адамның сәби рөлінде ойнамайтын, сонымен қоса ересек адамдардың рөлін де толыққанды алып жүрмейтін әр адамның өміріндегі ерекше іс-әрекеттік фаза ретінде талдайды.
Субмәдениеттік жол жастарды ерекше өмір сүру үлгісі, іс- әрекет стилі, мәдени нормасы мен құндылықтары бар ерекше топ ретінде қарастырады.
Интеракционистік жол жастарды әрбір адамға тән көңіл күйдің бірі ретінде қарастырады. Ол көңіл-күй күтпеген іс-әрекеттерде, реакциялардың тікелей, стандартты емес кезінде көрініс береді. [1]
Жастар социологиясы ғылым ретінде мына өзара байланысты деңгейлерде құрылады:
жастарды қоғамдық феномен ретінде тану көзқарасына (тәсіліне) негізделген жалпы әдіснамалық деңгей;
арнайы теориялық деңгей, ол жастардың әлеуметтік - демографиялық топ ретіндегі құрылымының айрықшалығын, олардың сана - сезімі мен мінез - құлқының ерекшеліктерін, жас бойынша және өмір салтының әлеуметтік - психологиялық айрықшалығын, құндылықты бағдарларының серпінін ашады;
эмпирикалық деңгей - социологиялық зерттеулердің негізінде өмірдің түрлі салаларындағы нақты фактілерді талдайды.

Жастар социологиясының нысаны (пәні) болып табылатындар: жастардың қоғам дамуындағы рөлі мен орнын, сұраныстарын, мүдделерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын, әлеуметтік үміт - тілектерін зерттеп-зерделеу; белсенді өмірлік позициясын, өмір сүру және мінез-құлық стилін қалыптастыру, түрлі әлеуметтік салалардағы бейімделу ерекшеліктерін талдау; өмірлік жоспарларын зерделеу және оларды іске асырудың оңтайлы жағдайларын белгілеу; әлеуметтік белсенділік пен енжарлық себептерінің резервтерін, жастардың түрлі деңгейлердегі әлеуметтік басқару мен өзін-өзі басқаруға қатыстырылуын зерттеу; еңбекке және жұмыссыздыққа моральдық-психологиялық даяр- лықтарын анықтау және т.с.с.
Жастар социологиясын социологиялық (әлеуметтік) білімнің жеке саласы ретінде шығару XX ғасырдың 60-шы жылдарындағы жастар революциясынан басталды. Ол кезде зерттеушілер жастар наразьшығының мәнін түсіну қажеттілігіне қарай жастар проблематикасына көбірек назар аудара бастады. Бүгінде дәл сондай жағдай туындап отыр, реформалардың онжылдығынан кейін социологтар жастардың саяси әкстремизм, жұмыссыздық, нашақорлық, жасөспірім - жастардың қылмыстылығы, дағдарыс- тыңәлеуметтенуі сияқты ең осал тұстарын зерделеу бойынша зерттеулер жүргізе бастады.
Жастар социологиясы жеке адамның социологиясы, девиантты мінез-құлық, жастардың субмәдениеті, БАҚ, тәрбие, отбасы, білім алу, мораль, бос уақыт сияқты салалық социологиялармен тығыз байланысты.
Жастар: ұғымды тұжырымдау. Жастарды әлеуметтік зерделеудің ерекшілігі
Жастар ең зерек (алғыр) топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамныңәлеуметтік, саяси, экономикалық элементтерімен және басқа да кұрылымдарымен қарым-қатынастарын, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Сонымен қатар осы буын қоғамдық - саяси, мәдени, отбасылық тыныс - тіршілікте, еңбек әрекетінде әркелкі белсенділік деңгейін көрсетеді; қалыптасқан қажеттіліктеріне, алған машықтарына, білімдеріне, өзіндік мүдделеріне, құндылықты бағдарлануларына қарай әлеуметтік икемділік танытады.
Жастардыңәрқилы әлеуметтік - психологиялық , физиологиялық және жыныс - жас ерекшеліктерімен сипатталатын әлеуметтік - демографиялық топқа жататыны ежелден белгілі. Жастардың жас шамалары (16-29) биологиялық әмбебап, бірақ олар объективті тұрмыс жағдайларымен, тұқым қуалайтын белгілерімен және жүре қалыптасатын ерекшеліктерімен детерминацияланады (анықталады).
Жастар ұғымына анықтама беру туралы айтқанда, XX ғасырдың 20-шы жылдарында-ақ батыс ювенологиясында талқылау тақырыбына айналған жастарға қатысты бірнеше сипаттаманы келтіруге болады. Ғылыми әдебиеттегі мұндай анықтамалардың саны көп, Ю.Р. Вишневский мен В.Т. Шапко батыс және отандық юнологтардың (жастарды зерттеумен шұғылданатын ғалымдардың) тәжірибесін жинақтау арқылы мына мәселелерді екшейді:
жастар сензитивті және әлеуметтік өтпелі аралықтарға тән белгілі бір жас шамасына жататындықтан, әлеуметтік - психологиялық тәсіл туындайды;
психофизиологиялық тәсіл жастық шақты жыныстық және толық кәмелетке жету (ер жету) арасындағы адамның даму кезеңі ретінде белгілейді;
стратификациялық тәсіл жастарды өзіне тән рөлдері мен мәртебелік ұстанымдары бар ерекше әлеуметтік - демографиялық топ ретінде қарайды;
конфликтологиялық (дау - дамайлық ) тәсіл жастық шаққа түсіндіруге көнбейтін әлдебір қиын кезең, әкелер мен балалардың арасындағы тұрақты жанжал (тартыс) деген сипаттама береді;
рөлдік тәсіл жастық шақты адам өміріндегі ерекше мінез - құлық кезеңі деп анықтайды, мұндай жастағы адам енді бала емес, бірақ ересекке де жатпайды;
субмәдени тәсіл: жастар - өзіне тән өмір салты, өзіндік мінез-құлық стилі, белгілі бір мәдени нормалары мен құндылықтары бар топ;
әлеуметтендірілген тәсіл: жастық шақ - адамөмірінде әлеуметтік өсу және бастапқы әлеуметтену кезеңі тұспа-тұс келетін аралығы;
субъективті тәсіл: жастық шақ - ерекше дүниетаным, болашақпен байланысты жоспарлар, өмірге құштарлық, жоғары белсенділік, қызметке құлшыныс және т.т.;
іс жүргізу тәсілі жас адам әлі өзінің біте қайнасу, жетілу және қалыптасу сатысында екеніне саяды;
интеракционистік тәсіл: жастық шақ - әр адамның ішкі жан дүниесіне тән үш жай-күйдің (ахуалдың) біреуі. Оның әке (нормативтік мінез-құлыққа (ұстанымға) бағдарлану) және ересек (қисынды шешімдер қабылдауға бағдарлану) жағдайынан айырмашылығы мұндай күй мінез-құлықтың спонтандығымен (сыртқы себептерден емес, ішкі себептерден пайда болған), табиғи- лығымен, қалыпсыздығымен сипатталады.
Ұғымды пайымдау: пәнаралық тәсіл. Жоғарыда айтылғандай, жастар ұғымы ғылыми әдебиетте біршама көп мәнді пайымдалады. Осы ұғымды тек социология (әлеуметтану) саласында ғана емес, сонымен бірге осы ұғымды түрлі мағыналарда пайдаланған ғылымдарда да нақтылау, тым болмағанда, әр алуан түсіндірмелердің салыстырмалылығын анықтауға мүмкін- дік туғызады.
Жастар ұғымының заңтануда, психологияда, медицинада қалай пайдаланылатынына толығырақ тоқталған және, әрине, оған әлеуметтік пайымдама берген жөн сияқты.
Заңғылымдарында жастар ұғымы шектеулі есі дұрыстықтың межелерін дәл белгілейді. Жастар осы ғылым үшін әлеуметтік топ ретінде тікелей қызығушылық танытпайды. Осы ғылым жасөспірімді өзі белгіленген жас аймағыныңөкілі ретін- де қарайды және мұнда жасөспірімнің жасы бір всүндік дәлдікке дейін анықталады. Мұндай шақ 14 жасқа толғаннан басталады да, 18 жасқа толғаннан бір күн бұрын аяқталады.
Медицинаның кейбір бөлімдерінде (тарауларында) де, сондай-ақ антропологиялық критерийлерден шығарылатын жастар ұғымы қолданылады. Жастық шақ үғымының медициналық пайымы дене қүрылысының қалыптасу үдерісі жүретін аралықтағы жеке адамның физикалық дамуымен сабақтасады.
Медициналық-антропологиялық ұғымдар, негізінен, жетілудің нақты биологиялық үдерістеріне дәйектеледі. Ер жетудің (бой жетудің) генеративті үдерістері мен дене қүрылысының екінші қайтара өзгеруін осыған жатқызуға болады. Дәрігерлер жастық шақты жеке адам онтогенезіндегі (организмніңөз бетінше өсіп - дамуындағы) белгілі бір уақыт аралығы ретінде қарай- ды. Осы көзқарас бойынша, бұл топқа жататын және дене құрылысы дамуының сәйкес белгілері бар адам жас (жасөспірім, боз- бала) болып есептеледі (Критика буржуазных теорий молодежи, 1982).
Демек, жастар терминінің медициналық мағынасы жоқ, ал жасөспірімдік шақ жеке адамның дене құрылысының даму кезеңі ретінде белгіленеді. Заң ғылымынан айырмашылығы, медицина мен антропология қайталанатын белгілердің эмпирикалық белгіленген жиілігінің негізінде жас межелерін нақтылайды.
Жас адамды ғылыми және жүйелі түрде зерделеуге ұмтылғанпсихология жөніндегі ең алғашқы еңбектер XX ғасырдың 20-шы жылдарында жариялана бастады. Осы орайда Ш. Бюлердің, Э. Шпрангердің, О. Тумлирцтің, В. Хоффманның еңбектері туралы айтуға болады. Бірақ олар өздерінің жас адамның психикасы туралы пікірлерін, ең алдымен, бұрынғының философиялық және педагогикалық әдебиетіне, өз заманының беллетристік шығармаларына негіздеді. Жастар психологиясы қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде сауалнама немесе жүиелі қадағалау
жолымен алынған кейбір эмпирикалық деректер әлі пайдаланьшған жоқ, сондыктан сол кездерде алынған жастардың психологиялық мінездемелері шындыққа толық сәйкес келе бермейді. Кейбір тұжырымдамаларда жасөспірім шақтың кезенділігінанықтау үрдісі байқалады. А. Швенк бозбалалық (жасөспірімдік) шақты баланың ересек адамның күйіне ауысуы, серпінді өзгеру уақыты ретінде сипаттайды.
Э. Шпрангер оны жастық шақтың ішінде қарап, қыздарда он- 13-19 жас, бозбалаларда 14-21 жас межелерін белгіледі. Жас-өспірімдік шақ психологияда эмпирикалық деректердің негізінде беліленеді. Төменгі жас межесі медициналық-антропологиялық көзқарасқа сәйкес айқындалады. Бұл құбылыс дене құрылысының дамуынан басталады да, ішкі дүниенің ашылуы ерте жасөспірімдік шақтың ең басты психологиялық сыйы болып табылады. Жастар психологиясы жастық шақтың жоғарғы межесін шамамен 18-22 жаспен белгілейді. Осы жасқа қарай ересек адамның психологиялық құрылымы негізінен қалыптасады. Жас адам осы мезетке қараи қалыптасқан мақсаттарды, дүниетанымдық ұстанымдарды, өмір жоспарларын, өзінің болашақ жұмысы туралы айқын түсінікті ұстанады. Бірақ 18 жастағы жасөспірімнің 22 жасқа толған жас жігіттен едәуір айырмашылығы болады. Осы тұста әр жастағыларға түрлі қасиеттердің сәйкестігі туралы айту өте қиын болса керек, мұнда конституциялық (дене құрылымдық)-биологиялық аспектілер ғана емес, сонымен бірге кәмелеттік жастыңәлеуметтік тұжырымдамасы да есепке алынады.
Жастардың психологиялық ұгымы көбіне қазіргі түсіндірме бойынша дамудың қиын-қыстау немесе сензитивті кезеңі аталатын шақты бастарынан кешіріп отырған жасөспірімдерге қатысты, мұндай аралықта жас адамның организмі қайсыбір нақты сыртқы немесе ішкі факторларға аса сезімтал болады, солардыңәсері нақ осы (басқа ешқандай емес) даму нүктесінде ерекше маңызды, қайтымсыз салдарларға апарады (ЛисовскийВ.Т., 1996).
Д. Бромлейдің пікірінше, жасөспірімдік шақ екі кезеңнен тұрады: ерте жасөспірімдік шақ (11-13 жастан 15 жасқа дейін) және кейінгі жасөспірімдік шақ (15-21 жас). Бірінші кезеңце формалды операциялар мен логикалық (қисындық) құрылым- дардың жүйесі қалыптасып, жаңа әлеуметтік рөлдер мен ұстанымдар (позициялар) игеріледі. Жасөспірімнің мінез-кұлқы ересектердің нормаларына бағдарланады және ересектікке ұмтылу осы жастағы жүріс-тұрыстың көптеген уәждерін айрықшалайды. Екінші кезеңәлеуметтік тұрғыда әрі қарай білім алумен және кәсіби даярлықпен, кейбір кәсіби рөлдерді меңгерумен сипатталады. Бірақ кіріптарлықтан (тәуелділіктен) (экономикалық, қүқықтық, адамгершілік) ата-анаға тәуелсіз болуға ауысу шешуші мезет болып табылады.[2]

Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде
Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар - ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен, идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді. Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі. [3]
Жастарды әлеуметтік топ ретінде талдау алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің бойындағы құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының табалдырығында тұрып, қоғамдық қатынастар қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеу дегенді білдіреді. Жалпы, жастар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің иновациялық түріне әкелуі және әр түрлі девианттық іс-әрекеттерге тез ұшырайды. Жастардың әлеуметтік, мәдени топ ретінде белсенділігінің субмәдени тұстарын зерттеуде чикаго мектебінің өкілдері алғаш болып ат салысты. В.У. Уайт, А. Коан, Г. Беккер секілді ғалымдар XXI ғасырдың 20-жылдары қала жастарының ерекше топтарын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ал, жастар әлеуметтануындағы субпәннің қалыптасуындағы маңызды ролді Г. Парсонс алды. Ол жастар мәдениеті деген терминді ғылымға енгізді. Карват және В. Маляновскийдің теорияларының басты негізі жастардың әлеуметтік субъектілігінде. Олармынандайфакторларарқылыкөрінісб ереді:
* жастар мәдениет сипаттағы әлеуметтік топ болып табылады; жастардың ерекшелігі бір мезгілде әлеуметтенудің объектісі және субъектісі болып табылатын топ сипатында байқалады;
* үлкен әлеуметтік топтардың барлық атрибуттарына ие болып, сонымен қатар қоғамның негізгі әлеуметтік топтарына тән статусты иемденбей, жастар ұрпақтық және мәдени топ болады;
* жастардың әлеуметтік топ ретінде ерекшелігі әлеуметтік біртектіліксіздікке негізделген, оны даярлау сатылары қоғамдық практикаға толық дайын еместігін ерекшелеп көрсетеді;
* жастардың әлеуметтік қажеттіліктерінің және оларды жүзеге асырудың қоғамдық шарттары мәселесі салдарынан қозғалысы ұйымдастырылады;
* әлеуметтік қажеттіліктердің жүзеге асуының негізгі факторы жастардың жеке белсенділігі, саналы, рационалды, дербес өзін-өзі іске асыруға қабілеттілігі арқылы көрінетін жастардың субъектілігі болып табылады.[4, 81-84 б]

Жастар субмәдениеті
Субмәдениет (лат. sub -- төменгі, нем. kultur -- мәдениет) -- дәлме-дәл аударымда астыңғы мәдениет, ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта деңгей теориясы
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Білім әлеуметтануы концепциясы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Жас стратификациясы
Жастық шақ теориялары
Білім беру әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Пәндер