Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақсан Еуропа мен Азияның тоғқан жерінде болып, оның дербес болуы Еуроазия құрлығының геосаяси жағдайының өзгеруін туындатты. Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты, Қытаймен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарасы Қытай үшін өте маңызды болып есепеледі. Сонымен бірге Қытайдың да айтылмыш істерге болған көзқарасы Қазақстан үшін де маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қалмай, осы аймақтағы тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай мен, Қазақстан арасындағы тарихи байланыстар тарихы сонау көне замандар қойнауынан бастау алатыны баршамызға мәлім. Тағдыр екі елдің халықтарының маңдайына қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған.

Қытай мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан кейінгі, он жылдан астам уақыттан бері дамып келе жатқан ынтымақтастық байланыстардың тәжірибесі, екі ел үшін, жан-жақты тату кршілік және достық қатынастың орасанзор және ұзақ мерзімдік маңызын айқындап беруде.

2002 жылы желтоқсанда Қытай мен Қазақстан арасында бірқатар үкіметтік маңызды құжаттарға «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы Келісімге», «Терроризммен күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге», «Қауіпті әскери қимылдарын алдын алу туралы келісімге» қол қойлды. Қазіргі кезеңде Қытай мен Қазақстан арасында үкіметтік мекемелер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғалымдар арасындағы әртүрлі деңгейдегі тәжірибе алмасулар мен ынтымақтасу шаралары жалғасуда.

Қытай-Қазақстан екі ел халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі «жібек жолы» екі ел халқының қоян-қолты қатынасын жалғап келді. Реформа жүргізіп экономиканы дамыту -Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт тұрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстан мен бейбіт тепе-тең тұру, бес принциптің негізінде қарым-қатынас дамыту Қытай сырқы саясатының басты бір құрамы. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы қатынастарындағы ең басты орынның біріне қойып отыр. Қазақстан мен досты қатынасты жақсарту Қытайдың батыс солтүсік аймақарындағы тыныштық пен осы аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізетіні белгілі.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарында орнатылды.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі И. Адырбекұлы өз міндеттерін 2007 жылдың сәуірінен бастап орындауда.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжоу Ли өз міндеттерін 2010 жылдың мамырынан бері атқаруда.

Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда.

Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда.

Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай қатынастары екі елдің қол жеткізген келісімдерін жүйелі түрде жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан) қамтамасыз етуде.

Бүгінгі таңда жиналған ынтымақтастық тәжірбиесінің арқасында екі елдің қатынастары әрі қарай даму қарқынын көресетуде. Бұл тұрғыда екі ел арасында қалыптасқан ең жоғарығы және жоғарығы деңгейдегі байланыстар қатынастарды дамытуда өте маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР сапарлары 1993 жылғы 18-21 қазанда ресми сапар; 1995 жылғы 11-13 қыркүйекте мемлекеттік сапар; 1999 жылғы 23-27 қарашада мемлекеттік сапар; 2002 жылғы 22-25 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 16-19 мамырда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 24-25 қыркүйекте жұмыс сапары; 2006 жылғы 19-22 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2008 жылғы 7-10 тамызда 29-шы жазғы Олимпияда ойындарының ашылу рәсіміне қатысу шеңберіндегі жұмыс сапары; 2009 жылғы 15-19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Азиялық Боао форумына қатысуымен ұштасқан Қытайға сапары өткізілді.

2011 жылғы 21-23 ақпанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Елбасы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайының Тұрақты комитетінің Төрағасы У Банго және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен кездесулер өткізді.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша ҚР Президенті мен ҚХР Төрағасы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен энергетика, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау, Астана-Алматы бағытындағы шапшаңдығы жоғары қозғалысқа есептелген теміржол магистралын салу және т. б. салаларындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдар қабылданды.

Қытай тарапының ең жоғарғы деңгейдегі сапарлары 1996 жылғы 4-6 шілде - ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің мемлекеттік сапары; 1998 ж. 4 шілде - ҚХР Төрағасы Цзян Цземиннің жұмыс сапары; 2000 жылғы 27-30 шілде - ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің ресми сапары; 2003 жылғы 2-4 шілде - ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2005 жылғы 3-4 шілде - ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2007 жылғы 17-18 тамызында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары; 2009 жылғы 12-13 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

2010 жылғы 11-12 шілдеде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Келіссөздердің қорытындылары бойынша энергетика, экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық жайындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан тарапының үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары

1992 жылғы 24-28 ақпан - ҚР Преьмер-Министрі С. Терещенконың сапары; 1998 жылғы 7-12 мамыр - ҚР Премьер-Министрі Н. Балғымбаевтың ресми сапары; 2004 жылғы 22-26 желтоқсан - ҚР Парлметі Сенатының Төрағасы Н. Абықаевтың сапары; 2007 ж. 17-18 наурыз - ҚР Премьер-Министрі К. Масімовтың жұмыс сапары; 2008 жылғы 9-12 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтың кезекті Азиялық Боао форумына қатысумен ұштастырылған ҚХР-ға ресми сапары өтті; 2009 жылғы 22-24 қарашада ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті; 2010 жылғы 29-30 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов Шанхайға сапар шегіп, «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу өткізген болатын; 2010 жылғы 15 қырқүйекте ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жұмыс сапармен болды; 2010 жылғы 14 қазанда ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті.

Қытай тарапының жоғарғы деңгейдегі сапарлары

1994 жылғы 25-28 сәуір - ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің ресми сапары; 1997 жылғы 24-25 қыркүйек - ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің сапары; 2001 жылғы 13-15 қыркүйек - ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің ресми сапары; 2002 жылғы 8-9 сәуір - Қытай халықтық саяси консультативтік кеңес төрағасының орынбасары Ван Вэннің екінші Евразиялық экономикалық саммитке қатысу шеңберіндегі Алматыға сапары; 2006 жылғы 9-12 қаңтар - ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхуаның ҚР Президенті Н. Назарбаевтың иногурациясына қатысуы.

2008 жылғы 29-31 қазанда ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Вэн Цзябао Астанада ұйымдастырылған Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының Үкімет басшылары кеңесіне қатысу шеңберінде, Қазақстанға алғаш сапарын өткізді. Сапар барысында тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға кол коюмен бірге, екі елдің үкімет басшылары Біріккен коммюнике қабылдады.

ҚР Парламенті мен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы (БХӨҚ) арасындағы қатынастар да нығаюда. 2007 жылғы 10-13 қыркүйегінде БХӨҚ Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Хэ Лули Қазақстанға сапарын жасады.

Екі елдің бұл саладағы қатынастарының маңызды оқиғасының бірі 2008 жылғы 23-28 қаңтардағы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары болып табылады. Сапар барысында Қ. Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзинтао мен БХӨҚ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесіп, қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алысты.

2010 жылғы 21 шілдеде Парламент төрағаларының бүкіләлемдік үшінші конференциясының шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевтың БХӨҚ Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесуі өтті.

2010 жылғы 9-11 қарашада ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньнің Қазақстанға сапары өтті.

Екі елдің сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық қатынастары да қарқынды дамуда. 2010 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев ҚХР-ға сапар шекті.

2010 жылғы 27-29 желтоқсанда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келіп, сапар нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасында 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі жақты қатынастардың ілгері дамуында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің үйлестіруші орны нығаюда. Комитет 10 профильдік кіші комитеттер мен 1 трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Біріккен комиссиядан тұрады.

Қазақстан мен Қытай арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде берік байланыстар орнатылған. Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша кеңесті шақыру процесін қолдайды.

Сонымен қатар Пекин Астанамен Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің шеңберінде де өзара әрекет жасайды.

Қазіргі кезде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы саудасында өзара тауар айналымының көлемі жағынан Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды берік ұстауда. 2010 жылда екі жақты тауарлар айналымы 14, 1 млрд. долл. (ҚХР кеден статистикасына сәйкес - 20, 4 млрд. долл. ) құрды.

Қолданысқа енгізілген Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры маңызды стратегиялық мағынаға ие, бұл желіс Қазақстанға мұнай экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік туғызумен қатар, ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашады. Бұдан басқа, тараптар Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының 2-ші кезегін салу, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, Ақтау пластмассалар зауытын, Мойнақ СЭС қайта құру және салу жөніндегі жобаларын іске асыруда.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы белеске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт алуда. Осыған байланысты 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауарлар айналымын тиімді әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Бұған қосымша 2008 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы шикізат емес салалардағы ынтымақтастық бағдарламасының іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған жоспар ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, шекара маңындағы сауда, көлік және коммуникациялар салаларындағы 20 жобадан тұрады.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың маңызды оқиғаларының арасында Абайдың 150 жылдығын тойлауына байланысты Пекинде өткізілген салтанатты іс-шараларды (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндерін (2002 жыл), Алматыда ұйымдастырылған Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесін (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндерін (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндерін (2005 жыл) атап өтуге болады. 2008 жылдың маусымында Қазақстан астанасының 10-жылдық мерекесін тойлау шеңберінде Астанада Чунцин қаласының (ҚХР, Сычуань провинциясы) Мәдениет күндері табысты өтті. 2010 жылғы 3 ақпан мен 4 наурыз аралығында Астанада Қытай жібек мұражайының «Жібек жолы - Қытайдың жібек өнері» атты көрмесі өтті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде жыл сайын студенттер алмасу жүзеге асырылуда. Екі ел жоғары оқу орындары арасында да тікелей байланыстар орнатылған. Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам қазақстандық студенттер Қытайда білім алуда.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ БАЙЛАНЫС

Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі саяси коммуникацияны, саяси насихат, саяси мінез-құлықты зерттеу бүгінде өекті болып отыр. Жаһандану кезеңінде Еуразия елдеріндегі саяси сабақтастықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау маңызды қадамның бірінен саналады. ТМД елдері арасындағы саяси байланыстарды, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары мен саяси үндестігін ерекше белгілерін және Орталық Азия елдеріндегі тарихи сабақтастық тәжірибесін ерекше белгілерін және Орталық Азия елдеріндегі тарихи сабақтастық тәжірибесі дамуын айқындауда саяси коммуникация саласындағы қолданбалы зерттеулердің қажеттігі туындауда. Қазақстанның саяси құрылысының ерекшеліктерін ескере отырып, Еуразия елдерінің саяси коммуникациясының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін зерттеу осы аймақтың одан әрі дамуын жобалау мен болжауда маңызды болып отыр.

Жаһандану дәуірінде Қазақстанның саяси жүйесіндегі комуникациялық стратегиянын жүзеге асуы мен перспективасын айқындау маңызды болып саналады. Саяси коммуникация саласындағы зерттеулердің нәтижелері Қазақстан мен Еуразия елдерінің саяси жалғастығының ұқсастығы мен айырмашылықтарын айқындауда және болашақта осы елдердің саяси қарым-қатынастарының коммуникациялық тәсілдерінің дамуы үшін де аса үлкен мәнге ие. Бұқаралық коммуникация саласындағы зерттеулер Еуразия елдері арасындағы саяси қарым-қатынастарды, олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындауда, Еуразия елдерінің тарихи жалғастығының дамуында өте маңызды. Қазақстанның саяси құрылысын ескере отырып, саяси коммуникацияның теориялық-методологиялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу осы аймақтың одан әрі дамуын жобалау мен болжауда мәнді мен маңызды саналмақ.

Бүгінде әлемде алдыңғы қатарлы дамыған елдерді айқындау ақпараттық қорларды иелену мен дамыту өлшемдерімен өлшенетін кезең туындап отырғаны шындық. Қоғам дамуын материалдық қорлармен емес ақпараттық-коммуникациялық игіліктерді өндіру, дамыту және пайдалану өлшемдерімен айқындауда. Дамушы елдер сол ақпарат өнідірсінде тұтынушы ретінде ғана қатысып отырған елдер саналуда. Бүгінде даму жолына түскен келдер өздерінің ақпаратын тұтынумен бірге, өзінің де ақпарат өндіру әлеуетін жетілдіруде. Оларға Қытай, Үндістан, Малайзия, Түркия, Ресей, Бразилия және т. б сияқты елдерді жатқыузға болады.

Дегенмен қазіргі уақытта Қазақстандағы ақпаратты жинау, әзірлеу, жалпы ұлттық ақпарат тілі ретінде дамыту орыс тілі арқылы қолданылуда. Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі ақпараттың тілі емес, аударманың тілі болып отыр. Қазақ тілі ақпаратты сіңіру емес, орыс тілі арқылы сіңген ақпаратты тәржімалау тілі күйінде қалып отыр. Бұл соңғы кездері жиі айтылатын саяси ақпараттың сапасы мен берілуіне қойылар өткір сынның бірі болып отыр. Ақпарат пен комуникация жылдам дамып отырған қоғамда ақпаратты пайдалану және оның өндірісін дамыту сол үшін де маңызды саналмақ. Әсіресе, бұл әлем елдерінің басым бөлігінде ақпарат индустриясын дамыту үдерісінен байқалуда.

Қазақстанмен көршілес аспан асты елі Қытаймен ақпараттық байланыстардың дамуы, әрине, ең алдымен, екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастардың бет алысына қатысты екені мәлім.

Әсіресе, екі ел арасындағы саяси ақпараттық байланыстар мемлекеттік деңгейде өтетін ірі оқиғалар мен ел басшыларының ісспаралары кезінде белсене түсетіні анық. Мысалы, Қытай халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары қарсаңында қытай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Президенті Н. Назарбаевтан жазбаша сұхбат алуын атап өтуге болады /1/.

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуына жоғары баға беріп өткен Президент Н. Назарбаев 1922 жылдаың қаңтарынан бастап дипломатиялық қатынас орнағалы бері Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып келе жатқанын атап көрсетті.

Бүгінде бұл екі жақты қарым-қатынас уақты тезінен өтті. «Қазақстан мен қытай арасындағы аймақтық проблемалар щещіліп, шекара толық бөлінді және межеленді», -еп жазады Елбасы. «Қазақстан мен Қытай экономикалық байланыстары қай бағытта кеңейту керек» деп жауап берген Елбасы, Қытаймен сауда көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде екінші орында екендігіне, сонымен қатар қолдағы тікелей және аймақтық экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігіне ерекше тоқталды. Өнеркәсіптің түрлі салаларында, машина, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрстеу салаларында болашағы зор жобалар бар. Атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мол әлеуетке ие. Қазақстанда энергетикалық ресурстарды өндіру тұрақты артып келеді және жақын жылдары 120-150 миллион тонна деңгейіне жетіп, түрлі қазақстан-қытай жобаларының жүзеге асыруға жеткілікті алғышарт жасайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының кездесулері түрлі өркениет пен мәдениетке жататын екі мемлекет арасындағы тату көршілік пен сенім климатын дамытуға ықпал етті.

Қазақстан-Қытай арасындағы екі жақты саяси байланыс екі ел арасындағы белді бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ұйымдастырылатын мемлекет басшыларымен сұхбат өткізу дәстүрге айналып отыр. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне берген сұхбатын атауға болады /2/.

Әсіресе, екі ел арасындағы ақпараттық байланысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғалы бергі даму үдерісі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтмақтастықты дамытуы және аймақтағы гуманитарлық байланыстарды арттыру тиек болғаны белгілі.

«Біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсетіп отырған ХҚР мен ШЫҰ мүшелерінің қолдауын жоғары бағалаймыз. Экономикалық ынтымақтастық тұрғысында Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік, мәдени ынтымақтастық салаларындағы екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жобаларды мақсат етіп отыр. Біздің еліміз ШЫҰ-ның экономикалық жобаларына белсенді қатысуға, олардыөзара тиімді жағдайда қаржыландыруға дайын», -деп атап өткен болатын Елбасы Н. Назарбаев.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты «жаңа тарих беттерінен» бастады деуге болады. Ал бүгінде екіжақты қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп отыр. Екіжақты қатынастарды дамытудың бірнеше маңызды нәтижесін ерекше атап өтуге болады.

Астанада 2004 жылы өткен ШЫҰ Саммитінде мемлекет басшылары өзекті жаһандық және аймақтық проблемалары бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының бағыт-бағдарын белгілеген Астана Декларациясына қол қойға болатын.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Гонгконг Қор биржасында болып, Сянган банк-қаржы құрылымдарының өкілдерімен кездесуі Қазақстан мен Сянган арасында іскерлік ынтымақтастықты жандандыруға ықпал еткен және екі ел арасындағы ақпараттық саясаттың да ілгерілеуіне себепкер болды деуге болады.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының 17-жылдығы мен 2009 жылдың 3 қаңтарында ресми аталып өткн болатын. Аталған мерзім қазақстан-қытай арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгені мәлім. 1998 жылы Қазақстан және Қытай шекараларын толықтай бекітіп алды.

2002 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Қытайдың арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, бұл екіжақты қатынастарды әрі қарай дамытудың тарихи іргетасы қаланды. 2005 жылы екі жақ та стратегиялық серіктестік байланысын орнатты.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың көпірін нығайтуда БАҚ-тың атқаратын рөлі ерекше. Осы мақсатта соңғы жылдары бірқатар басылымдар жарық көріп, Қазақстан және Қытай елдерінің БАҚ нарығында өзіндік позицияға ие болып отыр. Сондай басылымның қатарында «Щедрая дельта» журналын атауға болады /3/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Азия баспасөзінде көбінесе
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастары
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz