Мұстафа Кемал Ататүрі



Кіріспе
Ататүрік былай дейді: «Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі — ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!»
Осымен қатар, Ататүрік өз ұлтына қатысты мынадай ойлар айтады:
«Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!»
«Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа басие бола алады!»
«Түрік ұлты деген сөз — түрік тілі деген сөз. Түрік тілі — түрік ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі — түрік халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!»
«Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер адамының қолынан сүюге тиіспіз!»
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмын.
Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік («түркі» емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі, еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін — бүгінгі Түркия республикасын құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы — республика күні болып белгіленді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Бурыбаева Ардақты :Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Туркия қатынастары
2. Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы саясаттану негіздері
3. Д.Жамбылов Саясаттану негіздері
4. «Алаш» журналы М.К.Ататүрік –ұлы қайраткер
5. «Түркістан» газеті М.К.Ататүрік –Түркия президенті
Қ.Ж.Рахметов Саясаттану Алматы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ататүрік былай дейді: Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі -- ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!
Осымен қатар, Ататүрік өз ұлтына қатысты мынадай ойлар айтады:
Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!
Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа басие бола алады!
Түрік ұлты деген сөз -- түрік тілі деген сөз. Түрік тілі -- түрік ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі -- түрік халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!
Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер адамының қолынан сүюге тиіспіз!
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмын.
Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік (түркі емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі, еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін -- бүгінгі Түркия республикасын құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы -- республика күні болып белгіленді.

Мұстафа Кемал Ататүріктің балалық шағынан
Мұстафа Кемал Ататүрік Грецияның Салоники қаласы (ол кезде бұл жер Осман империясының құрамында болатын) Касылше ауданының Ыслыххана көшесінде 1881 жылы 19мамырда дүниеге келеді.Қазір ол үйде Ататүрік мұражайы ашылған.Әкесі ӘлиРыза мырза мен анасы Зүбейде ханымның 6баласы болған,4балалары кішкене кезінде шетінеп кетіп,Мұстафа мен Макбуле атты қыздары қалады.
Әкесі Әли мырза-кеден қызметкері болған.Зейнет демалысына шыққан соң күн көріс қаммен ағаш саудасын кәсіп қылған.Анасы Зүбейде ханым үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.Мұстафаның өмірдегі өз жолын тауып,халқының сүйікті азаматы болуына анасының ықпалы зор болған.Анасы білімді,көкірегі ояу,іскер жан ретінде танылған.Ататүрік әкесін еміс білетінің,ақылды әрі жігерлі болғанын айтып отыратын.Әли мырза 1876жылы Сербияда соғыс басталғанда Салоники еріктілерінен құрылған батальондыа аға лейтенант шенімн өз борышын өтеген.Мұстафа 7жасқа толғанда,Әли Рыза 54жасында дүние салады.Ал анасы 1923 жылға дейін өмір сүріп,ұлының қаһармандыққа толы күрескерлік өмірінің куәсі болады.
Отбасы ауырлығы өзіне түскеннен кейін ,анасы Зүбейде ханым екі баласын алып,ағасы Хүсейіннің үйіне барып тұрады.Нағашы ағасының жанында жүріп кішкентай Мұстафа егіс алқабын қарауылдайды.Бақша қорығын Мұстафаның сауатсыз қалатының уайымдаған анасы,оны Салоникидегі сіңілісінің жанына қояды.Әкесіне ұқсасы келген кішкентай Мұстафа әскери киімдегілерге қатты қызығады.Осы қиял оны әскери мектепке жетелейді.Ол анасына айтпай,өзбетінше әскери мектепке барады.Әскери орта мектеп емтиханының сүрінбей өткен Мұстафа 1893 жылы әскери өмірге тұңғыш қадам басады.Мұстафа әскери мектепте оқып жүрген кезінің өзінде зеректілігімен,әсіресе математика пәніне деген ерекше қабілетімен көзге түседі.
Әскери мектепте оқып жүрген кезінде Ататүрікке бір күні математика пәнінің мұғалімі былай дейді: Ұлым, екеуміздің де атымыз Мұстафа екен. Арамызда айырмашылық болуы үшін сенің атың бұдан былай Мұстафа Кемал болсын. Ұстазы осылай дейді де, журналға солай жаздырады. Сөйтіп, азан шақырып қойған аты сәл өзгертіліп, Ататүрік екі сөзден тұратын есім алады (Мұндай есімдер түріктер арасында жиі кездеседі). Ал кейін, 1934 жылы Түркияда фамилиялар туралы арнайы заң қабылданғанда, түрік халқының алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (парламентінің) арнайы қаулысымен Мұстафа Кемалға Ататүрік деген фамилия берілді.Мұстафа камал орта әскери мектептен кейіе Монастр әскери лицейіне оқуға қабылданады.Македонияға арнайы сапармен барған Түркияның бұрынғы Президенті Сүлеймен Димерел Манастыр мектебінде Ататүрік оқыған осы мектепте Естелік бөлмесін аштырған.Талапшыл Мұстафа өз бетінше көп ізденеді.Демалысқа Солокинге келгенде шетелдік мектепке барып,француз тілін үйренеді.Болашақ офицердің жат жұрттық оқу орнына баруы жоғарыдағыларды тынышсыздандырып,ақыра оған тиым салады.Міне,осы оқиғада келешекте оның мемлекет қайреткері ретінде батысқы бет бұруына түрткі болды деседі.Осы мектепте кейіннен атақты қаламгер Өмер Нәжимен арадағы достығы оның әдебиетке,әсіресе өлең жырға ,шешендік сөздерге құмарлығын оятса,ұлтжанды тарих мұғалімі Мехмет Тәуфих түрік тарихына қатысты терең біліммен шәкірт жүрегіне жол салады,Әли Фетхи Мұстафа Кемалдың француз тілін терең меңгеруіне де көмектеседі.Тілді үйренген соң Мұстафа Кемал Руссо,Вольтер,Августе Комте,Десмолинс,Монтескье сияқты саяси ойшылдардың шығармаларының түпнұсқасын оқып танысады.1898 жылы Монастыр әскери лицейін бітіріп,1899жылы Стамбұл Қорғаныс Академиясына оқуға түседі.Осы жылдары Мұстафа Кемал жас ұрпақты отан сүйгіштікке,ұлтжандылыққа ,тәуелсіздікке шаұыратын атақты Намык Кемалдың шығармаларына дең қояды,Наполеон жайлы жазбаларды іздеп жүріп оқиды,Жон Стварт Миллдің шығармаларын түсініп оқуға тырысады.Мұстафа Кемал Ататүріктің саяси қызметке бет бұруы осы Академия қабырғасында басталады.Өзінің оқып түйгендерін көпшілікке жеткізу мақсатына достарымен бірге жасырын газет шығара бастайды.Қолжазба басылымының жауапты шығарушысы Мұстафаның өзі болады. Саяси жұмыстармен қатар Мұстафа Кемал соғыс тактикаларын терең меңгерге ұмтылады.1905 жылы 11 қаңтарда Мұстафа Кемал Стамбұл Қорғаныс Академиясына жүзбсы (щтаб капитаны шенімен бітіріп,Қарулы Күштерге қызметке келеді).
Сақария қаласында грек әскерімен болған 21 тәулікке созылған бетпе-бет ұрыста тамаша жеңіске жеткені үшін (бұл шайқас 1921 жылы болған) 1921 жылдың қыркүйек айында оған маршал дәрежесі (бұл кезде 40 жастағы Ататүрік армия генералы болатын) және Ғази (Жеңімпаз) атағы берілген еді...
Жаңа тұрпатты парламентті (ТҰҰМ) ұйымдастырып, оның алғашқы төрағасы да Ататүрік болды (1920 жылдың 23 сәуірі). Жаңа түрік мемлекеті -- Түркия республикасының бірінші Конституциясын дайындап, бекітуге де Ататүрік басшылық етті (1921). Ататүріктен кейін Түркия республикасының тарихында тағы да екі конституция қабылданды (1960 жылы, 1982 жылдары). Бұл конституциялар әскери теңкерістердің нәтижесінде қабылданса да, Ататүрік ұстанымдары, Ататүрік рухы, Ататүрік ұстанған басты принциптер күні бүгінге дейін өзгермей келеді.Ататүрік Түркия республикасының 15 жылдығына орай елді аралап жүрген сапары кезінде 1938 жылы 10 қараша күні Стамбұлда бауыр церрозынан қайтыс болады (57 жаста). Оның денесі Анкараға әкелініп, сондағы этнография мұражайына жерленеді. Ал 15 жылдан кейін, яғни 1953 жылы қазіргі кесенесіне көшірілді. Бұл кесене түрікше Аныт қабир (Ескерткіш қабір) деп аталады.
Ататүрік реформалары
Ататүрік билікке келген бойда бірнеше рет реформа жасап, негізін қалаған екі мекеме бар. Бірі Түрік тілі ұйымы, екіншісі Түрік тарихы ұйымы. Түрік тілі ұйымы ішінде парсы, араб сөздері әбден араласып кеткен, халық түсінбейтін, оқи алмайтын тілдің орнына таза түркі негіздегі сөздерді жаздырда отырып, тілді тазалау және сауаттандырумен шұғылданды. Түрік тарихы ұйымы түрік тарихын ұлттық тұрғыдан жазуды қолға алды. Тек оқымысты адамдар ғана түсінетін Османның өзінің бір құрама тілі болған. Өзара түрік тілінде ғана сөйлесетіндіктен, ол құрама тілді қарапайым жұрт түсінбейтін. Міне, Ататүрік түрік тілін мемлекет деңгейіне көтеріп кетті. Ол кісі билікке келгенде Түркияда бар жоғы 11 млн ғана халық болған. 1927 жылғы санақта 13 миллион, биліктен кеткенде 15-16 миллион халық болды. Халқының саны аз болса да, бүкіл әлем Ататүрікті мойындаған. Сол кездегі Кеңес Одағы, Еуропа елдері, АҚШ болсын оның пікіріне, саясатына ерекше мән беріп, онымен тату болуға әрекет жасаған. Ататүрік дүниеден озғанда өзімен байлық алып кеткен жоқ. Өз кіндігінен туған бала болмағанымен, асырап алған рухани балалары болды. Банкте азғантай жарнасы мен бір-екі бау-бақшасын, біраз мүліктерін Түрік тілі мен Түрік тарихы ұйымына, рухани балалары мен бір-екі достарының балаларының оқу шығындарынан, сосын біраз жетім балаларға қалдырып кеткен.Осман империясының кезінде мынадай нақыл сөз пайда болған Мемлекеттің байлығы - теңіз, жемеген оны доңыз. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық белең алған, мұсылман емес халықтардың саудагерлері мен өкілдеріне, отарлаушы күштерге, мемлекеттің байлығын талан-таражға салып, Еуропа елдерінен қарыз алып, мемлекетті 100 миллиондаған қарызға батырып қойған. Мұстафа Кемал қарызға батқан сондай елді қабылдап алып, сыртқы қарыздарды да қайтарды.
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды Ататүрік революциялары деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы ататүрікшілдік, немесе кемализм деп аталады. Бұл -- жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.
Олар мыналар:
1. республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде республикалық құрылым жолымен басқарылуы);
2. халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық талапынан басқарылып отыруы);
3. ұлтшылдық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты мақсат болып табылуы);
4. мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі керек);
5. лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);
6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының конституциясына енгізілді. 1960, 1982 жылға конституцияларға енгізілген өзгерістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ататүрік және оның түрікшілдік идеясы
Ататүріктің бағалары
Ататүрік – саяси келбеті
Мұстафаның жастық шағы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ататүріктің әскери қызметі
Мұстафа Ататүрік Өмірбаяны
Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі
Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі
Пәндер