Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары


Мазмұны:
1) Кіріспе
2) Қазақстан мәдениеті
3) Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
4) Қорытынды
5) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда ұлттық-мәдени орталықтардың одақтар мен ассоциацияларға бірігуіне «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің территориялық мекемелерінің құқықтық тұлғаларды тіркеу тәртібі туралы» (1995ж. ) ережесі және «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996 ж. ) Заңы себеп болды /2/.
1995 жылдың 1 наурызында ұлттық-мәдени орталықтардың маңызды және мәнді сіңірген еңбектерін ескере отырып Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы кеңесші-кеңестік орган ретінде құрылды.
Жалпы ұлттық-мәдени орталықтардың негізгі мақсаттары мен міндеттері - білім беру, тіл үйрену, мәдениеттің жаңғыруы, тарихи Отанымен байланысы, басқа көршілес этностардың мәдениеті мен тілін дамытуға көмектесу, республикамызда қолайлы ұлтаралық қарым-қатынастарды туғызу.
Білім беру жүйесіндегі саясат - бұрыннан қалыптасқан ұлттық мектептердің деңгейін көтеру, жаңадан арнайы топтары, сыныптары бар ұлттық мектептерді ашу. Мәдени орталықтардың ұйымдастыруымен жексенбілік мектептердің жұмыс істеп, онда үлкендер мен балалардың өз халқының тілі мен салт-дәстүрін үйренуге мүмкіншіліктері бар. Әдетте аталмыш мектептер сыныптардың бағдарламасын, оқулық кітаптарын т. б. толығымен өз тарихи отандарынан алып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» жарлығына сәйкес оны жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептерде, арнайы және жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде, ұйымдарда тілдер апталығы мен мерекелері өткізіліп отыр. Осы шараларды жүзеге асыруда ұлттық-мәдени орталықтардың үлесі ерекше.
Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері - Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат - мұраты бар. Мұрат - алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат - ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты - әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» - біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж. Баласағұн, Ахмет Иассауи, М. Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т. б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері - жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері - осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы - этномәдениет қазыналары.
Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т. б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т. б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т. б. күйші композиторларымызды, әнші-композиторларымызды (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса, Майра, Кенен және Әміре т. б. ) ; қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын жоғары көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К. Байсейітова мен Қ. Байсейітовтер, Н. Тілендиев, Е. Серкебаев, Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Нақыпбековалар, М. Бейсенғалиев, А. Мұсахожаева, Г. Мырзабекова, Р. Ырымбаева, Ә. Дінішев сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз.
Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П. Паллас, Г. Клапорт, В. Радлов, А. Левшин, А. Янушкевич, А. Алекперов т. б. ) таң қалдырғаны белгілі. Олардың, қазақтың рухани мәдениеті туралы, өткен ғасырларда жариаланған еңбектері «Қазақтар А. Алекторов: «Әнші … домбырасының шегін қаға бастады. … домбыраның күмбірлеген қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті. … қарапайым әнге - қарапайым музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, мұндай әсем дыбысты шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім» деп ағынан жарылады. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары еуропалық музыка зерттеушілердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық еңбектеріне арқау болды. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтың этномәдениеті құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш, тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т. б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері - халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың көркем-шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді. Халқымыздың кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-жақты зерттеген: Ә. Марғұлан, К. Ақышев, Х. Арғынбаев, Т. Басенов, Б. Байжігітов, Ө. Жәнібеков, С. Қасиманов, Э. Масанов, т. б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер түрлерінің дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық құндылық ретіндегі әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы бағаланған.
Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. «Тұтас кеңестік бір ұлттық» саясат пен оның негізгі тірегі кеңес үкіметінің тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық санасына ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-сезімінің оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік, теңдік, татулық» - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған асылы. Бұл үш түсініктің аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнында: «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.
Мәдениет - кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет - деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет дегеніміз - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды. Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланда, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жолданды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері бірдей қжымға ұшырады. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл тұрғындарының рухани өмірін зерттеуге ерекшеден қойыла бастады. Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО халықтарының рухани мәдениетінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер сол кезеңдегі Кеңестік этнографтардың басты назарында болды. Өткен ғасырдың 50-60 жж «колхоз» тақырыбына байланысты бірқатар еңбектер жарық көруі, отандық тарихына үшін елеулі оқиға болды, себебі бұл жұмыстардың арасында біздің республиканы да қамтып өткен бірнеше ұжымжық зерттеулер бар еді. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында республика аймақтарынның мәдени өміріне байланысты бірнеше кондидаттық диссертациялар қорғалды. Зерттеулердің хронологиялық шеңбері ХХ ғ 70-90 ж. ж, және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерін қарастырды. Тақырыбымыздың басты қарастырып отырған мәселесі, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ХХ ғасырдың 60-80 ж аралығындағы мәдени ортасы, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық техникалық базасы, ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлерінің жүргізілуі туралы қысқаша баяндау. Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 ж Шымкент облысы деп айтылып келген. Аумағы 117, 3 мың км2 Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады. Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді. Мектептегі оқу ісінің алдында 50 жж жаппай жеті жылдық білім беру 60 жж сегіз жылдық, ал 70 жж, жаппай орта білім беру Республикамыздың барлық өңірлерінде мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер көбейді. 1955-1956 жж жалпы білім беретін мектептердің 43%-і орыс тілінде жұмыс істеді, олар жалпы оқушылардың 66% қамтыды. 20 жыл ішінде қазақ (1950-1970) мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы саясат пен идеалогиядағы бұрмалаушылықтың көрінісі еді. Оңтүстік өмірдің 1962 ж ауыл мектептерінің жағдайы төмен болған. Мысалы: ауылдық 15 мектепте 5-8 сыныптар біріктіріліп оқытылса, 52 мектепте 9-10 сыныптардың оқушылары бірігіп дәріс алған. Өткен ғасырдың 70-80 жж еліміздің ауылды жерінде мектепке дейінгі мекемелердің өсімі қарқынды жүргізілгені байқалады. Қай заманда, қай қоғамда да елдің мемлекеттің мерейі алдымен оның рухани байлығымен өлшенген. Оңтүстік Қазақстан облысында мұражай ісінің дамуы ХХ ғасыр бірінші ширегінде басталады. Аудан орталықтарында мұражайлар ашу 1970 ж кейін ғана қолына алына басталды. Елімізде 1950 ж соңында ғана ене бастаған теледидар, ауыл тұрғындары арасында кең таралуы 1970 ж басталды. Халыққа рухани азық беретін өнердің бір түрі - театр. Оңтүстік Қазақстан өңірінде кәсіби сахна өнерінің тууы, қалыптасуы және даму жолы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бастау алып одан кейінгі жылдар да Оңтүстік Қазақстанның басқа да аудандарында жаңа театрлар саны көбее түсті.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЭТНОСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ
XVIII ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта Қазақстан территориясында шағын этностардың пайда болу процесі көбінесе мына жағдайлармен байланысты болды. Мысалы, біздің елге XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін Ресейдің Европалық бөлігінен көшіп келген этностардың біразы стихиялы түрде, немесе өз еркімен және жоспарлы қоныстануы арқылы ораналасты. Кеңес дәуірі кезінде, әсіресе 1930-1940 жылдары Қиыр Шығыстан, Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядан, Балтық жағасынан, Еділ бойы мен Кавказдан миллиондаған этностардың мәжбүрлік түрде депортациялануы және 1954-1956 жылдары тың игеру жағдайымен және басқа да себептермен тағы да миллиондаған тұрғындардың келуі Қазақстанды көп ұлтты мемлекетке айналдырды. Қазіргі кезде жүзден аса ұлт өкілдерінен тұратын көпұлтты Қазақстандағы ұлтаралық қатынастың әдеттегідей болуының маңыздылығы барлығымызға белгілі.
Аталмыш ұлтаралық қатынастың жақсы болуына және дамуына біздің мемлекетімізде барлық қолдан келген жағдай жасалуда. Бұған сөзсіз шағын этностардың ұлттық-мәдени орталықтары мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы және қызметі септігін тигізуде.
Кезінде ұлттық-мәдени орталықтардың ашылуына бұрынғы КСРО-дағы жаңа тұрғыдағы қоғамдық, саяси, идеологиялық, әлеуметтік-демографиялық өзгерістердің ықпалы болды. КПСС-тің «қайта құруды» жариялауы ұлттық-мәдени орталықтардың өмірге келуі мен нығаюына объективті мүмкіндік туғызды. КСРО-ның құлауы және көпұлтты Қазақстанның тәуелсіздік алып демократиялық құқықтық қоғам жолына түсуі, әр түрлі шағын этностардың ұлттық бірлестіктерінің іс-әрекетінің мүмкіншіліктерін, өзара іс-қимылдарын жоғары сатыда дамуына апарды.
XX ғасырдың 80 жылдарының аяғы мен 90 жылдардың басында республикада 34 ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстан Республикасының қоғамдық және аймақтық бірлестіктер жөніндегі Конституциясы мен Заңдарына сәйкес өз қызметтерін жүргізді.
Қарастырылып отырған мәселеге сәйкес келесі төрт хронологиялық кезеңнің қалыптасуын айтқан жөн. Бірінші кезең: 1977-1989 жылдары. Осы уақытта ұлттық-мәдени орталықтардың дәрежесі, олардың міндеттері мен өкілеттілігі «кемелденген» социализмнің теориясы мен тәжірибесінің қатаң сәйкестігімен айқындалды. Екінші кезең: 1989-1991 жылдары. Ұлттық-мәдени орталықтарды реттеу үшін 1989 жылдың 14 сәуірінде Қазақ КСР Жоғары кеңесінің «Жеке қоғамдық бірлестіктердің құрылу тәртібі мен қызметі» туралы Жарлығының күшіне енуінен басталып, 1991жылдың 27 маусымында «Қазақ КСР-ғы қоғамдық бірлестіктер» Заңына дейін. Үшінші кезеңнің хронологиялық шеңберінің 1991жылдың 27 маусымнан басталып, «Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылдың 30 мамырдағы жаңа заңды қабылдағанға дейінгі уақытты қамтыды /1/.
Қазіргі таңда ұлттық-мәдени орталықтардың одақтар мен ассоциацияларға бірігуіне «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің территориялық мекемелерінің құқықтық тұлғаларды тіркеу тәртібі туралы» (1995ж. ) ережесі және «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996 ж. ) Заңы себеп болды /2/.
1995 жылдың 1 наурызында ұлттық-мәдени орталықтардың маңызды және мәнді сіңірген еңбектерін ескере отырып Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы кеңесші-кеңестік орган ретінде құрылды.
Жалпы ұлттық-мәдени орталықтардың негізгі мақсаттары мен міндеттері - білім беру, тіл үйрену, мәдениеттің жаңғыруы, тарихи Отанымен байланысы, басқа көршілес этностардың мәдениеті мен тілін дамытуға көмектесу, республикамызда қолайлы ұлтаралық қарым-қатынастарды туғызу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz