Н. Назарбаевтің саяси портреті



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Ел дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
КОКП және Н. Назарбаев ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Назарбаевтің жаңа билік құруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Жаңа мемлекет пен жаңа мақсат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Кіріспе

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді.
Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.
Қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевтің КСРО-ның ыдырау мен жаңа мемлекет құру кезіндегі ең шыншыл және айқын саяси портретін алса болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.- Астана: Елорда, 2005.-200б.
2. Салқынұлы С. Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасының тарихы: ғылыми монография.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.- 239б.
3. Толмачев Г. И. Елбасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы деректі повесть.- Алматы: Дәуір, 200.-247б.
4. Қасымбеков М. Қазақстан Республикасының президенттік институтының қалыптасуы. Становление института президенства в Республике Казахстан.-Астана: Елорда, 2000.-54б.
5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар: библиографиялық көрсеткіш - А. Сағынғали, К. Ақтаева.-Астана: ҚР ТПМ, 2010.-52б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Саясаттану пәні бойынша
Семестрлік жұмыс №1
Тақырыбы: Н. Назарбаевтің саяси портреті

Орындаған: РЭТк-11-03 тобының
студенті Әшенқожа Д.
Қабылдаған: аға оқ. Әбдіқалық А.А.

Алматы 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Ел дағдарысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
КОКП және Н. Назарбаев ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Назарбаевтің жаңа билік құруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Жаңа мемлекет пен жаңа мақсат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі - бақыт. Олай деудің себебі - басынан бейнеті арылмаған, мың өліп, мың тірілген қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы - осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді.
Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.
Қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы - Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевтің КСРО-ның ыдырау мен жаңа мемлекет құру кезіндегі ең шыншыл және айқын саяси портретін алса болады деп ойлаймын.

Ел дағдарысы

Қазақстан тәуелсіздігінің таңсәрі шағында тағайындалған президенттік институты мемлекетті басқарудың жаңа құрылымының негізін қалыптастыруға мүмкіндік жасады және экономикадағы өтпелі кезеңді еңсеруге, республиканың саяси жүйесін реформалауға қажетті жағдайларды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, президенттік институтының қалыптасуы өте-мөте күрделі ахуалда жүзеге асырылды.
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда президенттік институт құрылып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Одан кейінгі кезең Президент лауазымын енгізу тәуел - сіз Қазақстанның саяси жүйесінің қалып - тасуына шешуші ықпал жасап, КСРО ыды - раған соң мемлекеттік биліктің сабақ - тастығын қамтамасыз еткен аса маңызды оқиға болғанын көрсетті.
Қазақстандағы президенттік инсти - тут - тың бастауы кеңес қоғамы мен мем - ле - кетінің барлық саласын қамтыған КСРО-дағы аса терең дағдарыс кезеңіне сәйкес келді. Ол экономика саласында аса өткір байқалды. Кеңес экономикасы құрылым - дарының диспропорциясынан айқын көрінген дәстүрлі экономикалық байла - ныс - тардың үзілуі, жоспарлы экономи - ка - ның іріп-шіруі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне, әлеуметтік шиеленістің өршуіне алып келді.
Онсыз да күрделі әлеуметтік-эконо - ми - калық ахуал бүкіл Кеңес Одағы аумағы бой - ынша жылдам тұтанған этносаралық жанжалдар өртімен тереңдей түсті. Оның үстіне одақтық орталық пен кезінде қуаты тас жарған КОКП бейнесіндегі билік не нәрсені де дұрыс жағына қарай өзгертуге қабілетсіздік танытып, өзінің әлсіздігін мойындаған сияқты-тын. Сондықтан орталықтың міңгірлеген, қарама-қайшы саясаты, оның КСРО-дағы экономикалық және саяси реформаларды жүргізудегі ашық қателіктері Нұрсұлтан Назарбаевты сол жыл - дардағы страте - гия - лық күн тәртібін нақты айқын - дау - ға итер - ме - ле - ге - ні - не: ком - пар - тиямен ара жікті ажы - рату, мемле - кет - тік бас - қа - ру - дың жаңа фор - ма - ларын іздеу мен Қазақ - стан еге - мен - дігін одақтық орта - лыққа қатысты ны - ғайту болғанына таң - - қалатын ештеңе жоқ.

КОКП және Н. Назарбаев

1989 жылдың мау - сы - мында Қазақстан Ком - пар - тиясы Орталық Ко - митетінің бірінші хатшы - лығына сайланған Нұр - сұл - - тан Назарбаев алғаш - қы уақыттарда кезін - де өзі - не жаһандық әлем құ - рылысын өз - гер - ту мис - сиясын алған партия әлі де бол - са өзі де өзгеруге қабілетті деген ұста - ным - ға шынайы сенімінен ауыт - қыған жоқ. Мұ - ны таза адами тұр - ғыдан түсінуге де бо - ла - тын еді. Өйткені көптеген кеңес адамдары сияқты коммунистік пар - тия ши - нелінен шыққан.
Оның 1989 жылдың 18 тамызында өткен қа - лалық және аудандық пар - тия комитеттері бі - рін - ші хатшыларының рес - публикалық кеңесінде сөйлеген сөзі өз пар - тия - ластарына үндеу сияқты әсер қалдырған еді:
"Партияға қоғамды өзінің соңынан ертуге моральдық құқығы болуы үшін алға қойған міндеттерді шешуде тым бол - маса бір қадам оның алдында жүруі тиіс. Біз көп жағдайда бір жерді таптап тұрамыз, шұғыл даму үстіндегі қоғамдық өмірдің жарқын мысалына айналған үдерістерден қалыс жүреміз. Бірінші ке - зекте бұл партия комитеттері жұмысының демократияландыру мен жариялылық, олардың демократиялық централизм шеңберіндегі өз бетінше қызмет істей алуы, сынға ашықтығы мәселелеріне қатысты. Консервативтіліктің тамырын іздеп, оралымсыздықтардың, қандай да бір партия қызметкерлерінің жаңа талаптарға баяу реакциясының себептерін сараптай бастасаң-ақ жылдар бойы партия орта - сында айтқанға көнгіш, айдағанға жүргіш, орындаушылық қабілеттен жұрдай, жо - ғарыдан түсетін кез келген тапсырманы қашанда жинақы, дәл, бірақ босаң орын - дауға әзір адамдар қалыптасқанына көз жеткізесің. Мұндай адам-автомат әкім - шіл-әміршіл жүйенің нағыз орындаушы идеалы болды. Бәз біреулер бүгінде ондай адамдарды ешқандай партия комитеттерінде кездес - тірмейсің, олар баяғыда-ақ жоғалған деп қарсылық білдірулері мүмкін. Шын мә - нін - де, қайта құру жылдарында кадрлар құ - рамын тереңнен "қайта сілкілеп", тоқырау кезеңін жанына жақын көрген - дерден арылуға қол жеткізілді. Алайда, адамдар кеткенімен, дәстүрлер қалатыны белгілі".
Осыдан кейінгі 10 айда Нұрсұлтан Әбішұлы бір ғана иландыру, үгіттеу үде - рістерімен шектеліп қалмай, партиялық және мемлекеттік, шаруашылық орган - дарды бөлуге бағытталған, сөйтіп, нақты билікті Кеңестерге, ішкіпартиялық өмірді демократияландыруға, өктемшіл-әміршіл тәсілдерді аластауға, республика партия ұйымдарының өз бетінше жұмыс істеуін жоғарылатуға бағытталған белсенді ұйымдастырушылық жұмыстарды бастап кетті. Партия комитеттерінің жетекшілерін баламалы негізде құпия және тікелей дауыс беру арқылы сайлау тетігі кеңінен қолданылды. Екі және одан да көп үміткерден 141 қалалық және аудандық комитеттер хатшылары, оның ішінде 59 бірінші хатшы сайланды. Сондай-ақ баламалы негізде Гурьев, Қарағанды, Көкшетау және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары сайланды. Нәтижесінде облыстық ко - ми - теттер 70 пайызға, қалалық және аудан - дық комитеттер 80 пайызға жаңарды. 1985 жылмен салыстырғанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі номенклатуралық лауазымдар 23-ке, облыстық, қалалық және аудандық партия комитеттері 50 пайызға қысқарды.
"Номенклатуралық механизмді демон - таждау жөніндегі жұмыстар сөзсіз жал - ғастырылуы тиіс, - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың 8 маусымында өткен Қазақстан Компар - тиясы ХVІІ съезінің мінберінен. - Бұл қандайда бір диктатты, үміткерді тық - палау, кадрларды орналастыруда әкімші - лендіру дегенді еш білдірмейді... Аппарат қажет, бірақ ол жаңарған, өз қызметін жан-жақты орындауға қабілетті аппарат болуы тиіс".
Алайда, КОКП-ның ыдырау үдерістері оны сауықтыруға деген барлық әрекеттердің алдын орап отырды. Оралымсыздықтар, кей тұстарда парт - аппараттың реакцияшылдығы Нұрсұлтан Әбішұлының көптеген жаңашылдық ойлары мен бастамаларын түсінбеу - шіліктерге, қабылдамауларға ұшыратып қана қоймай, тіпті кейбір жағдайларда дұшпандық көзқарас туындатты. Консервативтік лагерьдегілердің келесі бір бөлігі көптеген жергілікті басшылардың бейнесінде оны сөз жүзінде қолдаға - нымен, іс жүзінде ескіліктің пұшпағына жармасып, демократиялық өзгерістер мен нарыққа өтуді барынша тежеп бақты. Нарықтық экономикаға саналы түрде қарсы шығушылардың қатарына биліктегі реформалар жүргізуге қабілетсіз көптеген дилетанттар келіп қосылды.
"Ештеңені өзгертпеңдер. Бізге қалған ғұмырымызды тыныш өткізуге мүмкіндік беріңдер. Содан кейін не істесеңдер, соны істеңдер!" - өкінішке қарай, бізден кейін топан су қаптаса да бәрібір деген ұстаным сол кездегі көптеген басшы адамдарға тән болды.
1991 жылдың 30 мамырында КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.Горбачевтің қатысуымен өткен Қазақ - стан республикалық активінің жиналы - сында Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде соңғы диагноз қойды: "Бүгінде "таза" социализм дегенді жан - дары қалмай жақтаушылар халықтың өмірін жақсартуға тіпті де бас ауырт - пайды. Идеологиялық догмалармен қаруланған олар өздерінің жеке биліктері, өз артықшылықтарын сақтап қалу үшін күресуде.
Мемлекет басшысы ретінде Сіз, Ми - хаил Сергеевич, мұны көрмеуіңіз мүмкін емес. Бүгін нақты таңдау жасаудың уақыты келді. Қай жаққа жүру керек екенін Сіз айқындап бердіңіз: жаңғырулар арқылы жүру, ал экономикада - рынокқа бағыт алу. Енді екінші қадам жасау - осы қозғалысқа кедергілерді еңсеруге қарай ұмтылу қажет секілді".
Және ең басты кедергі партияның өзі болып қалып отыр. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының сол жерде айтқан келесі сөзі көрегендік болды:
"Билікті басып алудың кез келген әрекеті, оның үстіне әскер мен құқық қорғау органдарын пайдалану арқылы жасалған әрекет зорлық-зомбылықтың жаңаша сипат алуынан басқа ештеңе бермейді және ешқандай тұрақтылыққа да алып келмейді. Керісінше, мұндай жағдайда, құдай сақтасын, әрине, бізде жаппай толқулар етек алады - тұрғындар тарапынан саяси күрестің ең шетін формалары, саяси плюрализм тәжірибесін толықтай аластау көрініс береді. Ал бұл қорытындысында мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі жойылып, кең ауқымды репрессиялар басталады, еліміздің әлемдік қоғамдастық санасындағы оң образы түпкілікті қиратылады дегенді білдіреді".
Араға 2,5 ай өтіп, Н.Назар - баевтың ең жаман деген күдігі шындыққа айналды. 1991 жылдың 19-21 тамызында елімізде тарихқа "тамыз бүлігі" деген атпен кірген, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) деген биліктің барлығын толықтай өз қолына алатыны туралы жариялаған оқиғалар етек алды. КОКП басындағы - лардың реакциялық бөлігі ұйымдастырған мемлекеттік төңкерістің бұл әрекеті Коммунистік партияны түбегейлі масқа - ралап, КСРО-ның ыдырауын тездетті. Осылайша КОКП тарихы мен кеңестік алып державаның тарихына нүкте қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде Қазақ - стан халқына шұғыл үндеу жариялап, сөз сөйледі. Онда ол бүлікшілердің іс-әрекеттерін шешімді түрде айыптап, өзінің реформалар мен демократия бағытынан айнымайтынын қуаттады. Осымен бір мезгілде өзінің КОКП қатарынан шығатынын мәлімдеді. Бұл кейіннен болған жәйттер еді. Ал оған дейін Нұрсұлтан Әбішұлы үшін мыналар басы ашық мәселелер еді: мемлекеттік басқарудың қағидатты жаңа құрылымдарын құру қажет, республикада болашаққа серпінділікті қамтамасыз ете алатын жас басшылар мен атқарушы кадрлар шоғырын қалыптастыру керек. Және мұндай құрылым іс жүзінде тәуелсіздіктің бастаушысы, оның негізгі құрылғысы ретінде көрінген президенттік институт болды.

Назарбаевтің жаңа билік құруы

КСРО-да президенттік институты 1990 жылдың наурызында КСРО пре - зиденті лауазымына Михаил Горбачевтің сайлануымен пайда болғаны белгілі. Мұндай институттар Қазақ КСР-ін қоса алғанда одақтас республикаларда да құрыла бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев үшін бұл еге - мендікке жасалған алғашқы маңызды қадам, сонымен қатар, КОКП-ның пай - дасыз да мағынасыз ықпалынан алшақ - таудың ыңғайлы мүмкіндігі болды. Оның Президенттік кеңесті - құрамына Жо - ғарғы Кеңес Төрағасы Е.Асанбаев, Пре - мьер-Министр Ұ.Қараманов, депутаттар С.Дрожжин, И.Жаңғоразов, С.Сартаев, босатылған негізде М.Жолдасбеков пен Д.Сембаев кірген Мемлекет басшысы жанындағы алқалы саяси-консультатив - тік орган құру ісіне үлкен энтузиазммен кіріскені сондықтан. Бұл органның тиімділігіне бағаны Президент біршама кейінірек берді. Осы аралықта іс жүзінде Президенттік биліктің іске қабілетті құ - рылымдары жоқ кезде Президенттік кеңес мемлекеттік құрылыс, демокра - тиялық және нарықтық реформалар жүргізу бойынша сараптамалық-тал - дамалық қызмет көрсету мен ұсыныстар жасауда айтарлықтай бағалы қызмет атқарды.
Басшылығына Н.Әбіқаев, оның бірінші орынбасарлығына В.Ни тағайын - далған, бөлімдер меңгерушілері Қ.Сүлей - менов, Ғ.Шалахметов, М.Бабуш - кин, Т.Сауранбеков, Г.Бердюгин және басқалар болған Мемлекет басшысының Кеңсесі (кейіннен Президент пен Министрлер Кабинетінің Аппараты, бүгінде Президент Әкімшілігі) құрылысы да сондай "нөлдік сатыда" тұрды. Ол кезде аппарат құрамында Хаттама және Президент - тің баспасөз қызметі функция - ларын орындайтын құрылымдар болған жоқ. Сондықтан Президенттің қызметін ұйымдастырушылық-хаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстарын мен жетекшілік ететін жалпы сектор қыз - меткерлері атқарды. Мәселе "темір шы - мылдықтың" құлауы жағдайында жұмыс - тың ескі әдісі мен тәсілінен шешімді түрде кету қажет болса, саяси менедж - менттің жаңа эстетикасы туған топыраққа әлі сіңіріле қоймаған еді. Оның үстіне, кеңестік жүйенің негізін құрайтын, тіпті жердің өзін тіреп тұр деп елестетілетін мемлекеттік билік пен басқарудың КОКП сияқты басты механизмінен бас тарту, көптеген адамдардың санасына сыймады.
Президент жаңа басқару құрылымдарын жасақтау барысында жан-жағынан жап - пай кимелеген түпкілікті қарсылықтарға тап болды. Бірінші кезекте, әрине, тұяқ серпу үстіндегі КОКП тарапынан. Бұл арада 1990 жылдың сәуірі мен 1991 жыл - дың тамызы аралығында республиканың билік олимпінде екі аппарат қатар жұмыс істегенін қаперге сала кету қажет: Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппараты мен Қазақ КСР Президентінің аппараты. Бұл жерде күрес ымырасыз сипат алды.
Сол кезеңдегі өткір проблемалардың алдыңғы қатарында кадрлар тапшылығы тұрды. Бір жағынан, президенттіктің идеясын бөлісетін, халықтың жағдайын білетін және олармен жұмыс істей алатын білікті қызметкерлер мүлдем жетіспеді. Екінші жағынан, көптеген кәсіби мамандар мұндай жұмысқа келгісі келмеді. Мұның да бірқатар себептері бар еді. Оны Егор Гайдар туралы естелігінде Анатолий Чубайс былай деп көрсетті: "Сол шақтарда "ақылды адамдар билікке келмеді" - өйткені, шешілмеген проб - лемалар шаш етектен болғаны өз алдына, адамдар пайдасыз горбачевтік көпірме сөзге әбден ықылық ата тойып біткен болатын".
Президент командасына, еш артық айтқандық емес, әрбір сауатты маман мен әрбір білікті қызметкердің келуіне септігін тигізді. Қосарланған саяси билік жағдайындағы мұндай күрес бүкіл кеңес қоғамына тән еді. Ал мұндай драманың сюжеті күн өткен сайын барынша өткір сипат ала түсті.
Мұндай жағдайлар туралы сол кездері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Жалпы бөлімінің меңгерушісі болған Владимир Шепель былай деп еске алады: "1990-1991 жылдары, Қазақ КСР Президенті сайланғаннан кейін, сырт қарағанда ОК және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Назарбаев феномені
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Экономикалық өсу жайлы ақпарат
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы
Қазақстан Тәуелсіздік жолында
ЮНЕСКО және Қазақстан арасындағы экономиалық байланыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Пәндер