Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Қылмыстың ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қылмыстың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Қылмыстың жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан және бейморальдық, жат қылық.тардан ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ...16
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2. Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
3. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/
Хабаршы №2, 2003 ж.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
7. Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
8. Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
9. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ-------
----------------------------------- ------------6
1.1. Қылмыстың ұғымы және белгілері-------------------------- --------
------6
1.2. Қылмыстың түрлері---------------------------- ----------------------
-----------9
1.3. Қылмыстың жиынтығы--------------------------- ----------------------
------10
1.4. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан және бейморальдық, жат қылық-
тардан ажырату ----------------------------------- --------------------------
---------------------------12

2 ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ------------------------- --------------16
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы -----------------------
16
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері------------------------- --
19
2.3. Қылмыс құрамының түрлері---------------------------- ---------------
------22

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
----------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- -----------------------------
29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы
Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән
берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір
қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның
адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он
жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-
келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык
катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге
асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері түр.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің
мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып
табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы,
құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын
мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің
бір болып саналады.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі
ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың
жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқықтың бірден – бір жалғыз формальды қайнар көзі –
Қылмыстық Кодекс болып табылады.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның коғамға қауітілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін бідірумен 6іpгe не себепті
осы немесе басқадай ic-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауітілік белгісінің болуының өзі ic-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдiредi. Қоғамға қауіптілік қылмыстың объектік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің мәні жөнінен қоғамның 6ip қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде,
қоғамның өмip сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қоғамға қауіптілі қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсіл, жағдайына байланысты болуы
мүмкін Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым
салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып
табылады (335-бап). Ic-әрекет арқылы келтірілген немесе келтіріуі мүмкін
зиян қоғамға қауіптіліктің, көлемін айқындайтын негізгі 6ip белгі болып
табылады. Кейбір ic-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздік істелген уақыттан
бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті
болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған жағдайда
ғана қоғамға қауітік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және
қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын заң
шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы
қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу,
материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. Б.
Келтіріген дене жаракатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
(104-бап), денсаулыққа қасақана жеңілзиян келтіру (105-бап) болып бөлінеді.
Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң
шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиянкелтіру (142-бап), ipi
мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлік, б тармағы, т.б.
Деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшері
нанықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі.
Қылмыстың қоғамға қауіптіл қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның
белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық ic қозғау мақсатымен қылмыс
істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдакорлық
мақсатпен icтece хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс тypi болып табылады.
Кейбір реттерде коғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігне
де байланысты анықталады. Қайсыбір ic-әрекеттер оны істеген адамның
жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады.
Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға
қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзі-өзі
өлтіру халіне жеткізуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы
қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік
қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлік).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11 - бабын алатын
болсақ, онда Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп аталады. Қазақстан
Кодексінің 11 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс
ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық
әрекеттер қатарынан тұрады. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен
белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не
адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған
болса немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылу мерзімі өтіп
кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды - деп Қылмыстық Кодекстің
11- бабының үшінші бөлімінде анық айтылған, сол сияқты, бұл жағдайды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы да бірнеше рет атап
көрсеткен.
Берілген Қылмыстың түсінігі курстық жұмысы кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ, ТҮСІНІГІ

1. Қылмыстың ұғымы және белгілері

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
— қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс - әрекетінің, мінез-құлқының
сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қыл-мыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, онын ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатері мен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптасқан.[1,23б]
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді.
Қылмыстық құқықта негізгі мәселелердің 6ipi қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен коғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілігі дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде Қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
– қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің 6ipi болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі 6ip іс-әрекеттің. (әрекет немесе әрекетсіздік) көpiнici
болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр
уақытта да адамның нақты ic-әрекетің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көpiнici
екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйіде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін Бұл жерде әрекет дегенміз адамның қылмыстық
заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздігі дегенмз адамның заң,
нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша
өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы
немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң
белгілі 6ip ic-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты ic-әрекеттер
арқылы көpiнic таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі
болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгііл 6ip іc-әpeкет арқылы
жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қayiп туғызбайтындықтан
қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл
мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі 6ip белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түciнiгi заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрыңғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады деліген. РСФСР-дың 1922жылғы Қылмыстық кодексінде Қылмыс
дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген
ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық Кодексінде кылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті – ic-
әрекет деп көрсетіледі (1 –бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті дen
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, енбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қayiптіi ic-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-
ақ социалист құқық тәртібін қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті ic-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
беріді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіті әрекет (ic-әрекет немесе әрекетсіздік)
қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа
қайшылық, қоғамға қауіптілік кінәлілік жазаланушылық қылмыстың белгілері
екендігін көрсетіп тұр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше
бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамары
арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына
қарсы ic-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейін қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген ic-әрекеттерге деп сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздіке кетушілікке әкелiп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған ic-әpeкеттерді icтeyiн
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның кылмыстық заң тыйым
салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына
жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгі 6ip ic-әрекетті қылмыс
қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды.
Қылмыстық құқыққа қайшылыктың міндетті белгі болып осы заңда көрсетілген і-
әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық
санкция белгілеген жазаның белгілі 6ip түрінің тағайындалуы болып табылады.
Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның
жарияланған уақытынан бастап ондай ic-әрекеттер қылмыс қатарына жатады.
Мұндай ретте мемлекет осындай ic-әpeкеттермен қылмыстық құқылық норма
арқылы күрес жургізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен
күшi жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай ic-
әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарыктық қатынастардың
дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы
қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық,
табысты жасыру, салық төлемеген ушін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін
көптеген жаңа нормалар пайда болды.

2. Қылмыстың түрлері

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді
айтамыз. Қылмысты санаттауға іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз
болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі
қалыптасқан. Ол біріншіден, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты
мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден,
қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлық
қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп,
объектісінің маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған, мысалы адам
өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке қарсы,
әскери қылмыстар т.б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей
қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген
(квалифированные), артықшылық берілген (привилегированные) болып
бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, ауырлатпайтын және жеңілдетпейтін
жағдайда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан күйзелу, қажетті
қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөліп бөлінеді. [2,45б]
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау
туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және кінәнін түріне байланысты былай көрсетілген:
- кішігірім
- ауырлығы орташа
- ауыр
- аса ауыр

Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:
Жасалғаны үшін ҚК-те көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан
айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ҚК-те
көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын
абайсызда жасалған әрекет кішігірім қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ҚК-те көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан
айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес
жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген
абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3. Қылмыстың жиынтығы

Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде
көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен
белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі
немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-
тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды
көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің
тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-
бап, 1-бөлігі).
ҚК-тің екі немесе одан да кеп баптарында көзделген қылмыстардың
белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп
танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің
белгілері ҚК бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды
көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы Кодекстің
тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 2-бөлігі).
Егер адам Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында, ал жеке реттерде
баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе,
онын бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде
қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың
жиынтығында кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп
қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті қыл-мыстық кодекстің
Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың
неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс кұрамының белгілеріне сәйкес
болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен
қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа катысуды
түзетін болса, онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де
сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық
кодекстің 65,66, 67, 68, 69. 73, 76 - баптарында көрсетілген шын өкінуіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті корғану шегінен асқан
кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен та-туласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны
өтеуден босату, айыптау үкімінің-ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден
босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы
керек.
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы
болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық, және нақты (реалды)
болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің, бір іс-әрекетінен бірден
қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әртүрлі бөліктері,
тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың
істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола
алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас
болып, ұйықтап жатканын көріп, одан кек алу мақсаты-мен, есік, терезені
сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде түрған 10 литр бензинді саяжай ішіне
шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4
тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын
өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкіне өрт жіберу арқылы
қасақана құрту (87-бап, 2-белігі, а тармағы); 2) кісіні кек алу
мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі).
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге
оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да
қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
Мысалы У. төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан
өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-
ға қаратып жұдырыктай тас лактырады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп,
оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі
қылмыс жасағанын көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын
салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақа-тын түсіру.
Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық
заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын
қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің
теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың жиынтығының зияндылығы
идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ
жаза мөлшері белгіленеді. Оның үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының, 1-
бөлігінің а тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір
қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы,
жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.
Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет.
Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын
бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде
сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты
ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды. Жалпы және арнаулы
нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін
мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.Егер
белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және
арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы
болмайды және қылмыстың жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы
норманы қамтитын бабы бойынша туындайды (12-бап, 3-бөлігі).
Яғни айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың
міңдетті белгісі ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы:
қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307-бап), ол
сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі
де мүмкін (176-баптың 2- бөлігі, в тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-
әрекет бір қылмыс болып табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жат-
пайды.

1.4. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан және бейморальдық, жат қылық-
тардан ажырату

Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай
қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан
және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен
басққ құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың
мәніне байланысты. Қылмыс әр уакытта да қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа
құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен нормативті
актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр
күштеу шарасы — қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталгандық атақ
болып табылады. Басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ал
қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық
қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпіздігі) қол сұғады. [3,12б]
Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға
қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш
қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, кылмыста да 6ip объекте
қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік
құралдарының жүріс қауіпіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық
және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта
қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігініңнегзгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері
болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргзуші адамдардың көлік
құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының
салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде
жарақатталса немесе едәуip материалдық нұқсан келтірілсе ic-әрекет қылмыс
қатарына, ал көрсетілгеннен гөpi аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен
жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері
қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір
белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік
қызметшінің, лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң
қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс (309-
бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік тepic қылық
болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын
жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жузеге асыру, бұл
азаматтың құқығының елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде
сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрекет әкімшілік
жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа құқық
бұзушылықты 6ip-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші арқылы
ажыратуға да болады. Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп
жағдайларда бірінші рет істеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау
шаралары қолданылған адамның дәл сол і-әрекетін қайталап жасауы қылмысқа
тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда
руқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етімеген тұстарда
балық аулау, су аңдарын аулау , суда жургзетін баска 6ip кәсіппен айналысу,
егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен
айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет
болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда ic-әрекет әкімшілік құқық
бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді ic-әрекетке әкімшілік шарасы
қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесінене
болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіпті тepic
қылықтан ажыратуға көп жағдайда ic-әрекеттің істелген уақыты, жағдайы, орны
үлкен әсер етеді. Мысалы: соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу — қылмыс,
ал бейбіт уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Іс-әрекеттің қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз
болатын қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмысты субъективті белгілерге жататын
кінәнің нысандарын, ниетпен максатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы,
денені жеңіл түрде қасақана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл
түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын ic — тepic қылық, мұндай ретте
келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі.Егер лауазымды
адам пайдакорлық немесе басқа 6ip зұлымдық ниетпен құжаттарға жалғандык
жасаса — қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол қылмыс болмайтьн
құқықбұзушылықтың түрі болып табылады. Қылмыс пен бейморальдықтың,
арақатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез келген қылмыс 6ip мезетте
моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен.
Кез келген құқық бұзушылық 6ip мезетте моральдық норманы бұзушылық
негізінде бағаланады.
Дегенмен, қылмыс пен бейморальдық теріс қылық, бірінен- 6ipi объекті,
қоғамға қауіптілік сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша
ажыратылады.
Бейморальдықтың объектісі қылмыстың объектісінеқ арағанда кең ауқымда
болады — адамдардың өзара қатынасы, мысалы, махаббат, достық, жан ашырлық
сияқты құбылыстар тек қана мораль нормалары арқылы ғана реттеледі. Бұл
моральдік нормалардың объектісін құрайды. Қылмыс әр уақытта белгілі 6ip ic-
әрекет, ал адамдардың тepic міне-құлқы, жаман ойлары, соларды айтудың өзі
моральға жат құбылыс болып табылады. Қылмысқа қарағанда моральға жат тepic
қылықтан қоғамға келетін зиян едәуір аз. Әдетте, моральға жат тepic
әрекеттер ар-намысты аяққа басу, өзімшілдік сияқты өзара тipкec әлеуметтік-
психологиялық мазмұнға ие.
Қылмыс пен бейморальдықты құқыққа қайшылық белгі арқылы нақты ажыратуға
болады. Қылмыс дегенміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған ic-әрекеттер.
Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль нормалары
ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жазбаша (жолдастық, немесе билер
соттарының ережелері, адамдардың этикалық кодексі, қала тұрғындарының
моральдық кодексі, Гиппократ анты) болуы мүмкін. Отбасы мушелерінің
арасындағы қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-
ананың балаларға, балаларының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзылуы
немесе оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік
нормаларының бұзылуның орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту,
қорғаншылық құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына
көмектесуден бұлтару қылмыс болып табылады. Мұндай ic-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл ic-әрекеттер әpi моральға жат
құбылыс, әpi қылмыс, өйткені моральдық норманың ауқымы қылмыстық норманың
ауқымынан кең.
Моральдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Пәндер