Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 . 4 бет
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АВТОМАТТАН.ДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
АҚПАРАТТЫҚ . КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5 . 9 бет
АҚПАРАТТЫҚ . КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... .

10 . 16 бет
АҚПАРАТТЫҚ . КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА ПӘН МҰҒАЛIМДЕРIН ДАЙЫНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16 . 21 бет
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ.АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ.ЛАРДЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНДА ПАЙДАЛАНУ
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ.КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ...

22 . 28 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 . 30 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 31 бет
КІРІСПЕ
Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғарғы қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет.Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.
Қазіргі технологиялар ақпараттың кез-келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез-келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Кез-келген ғылым өз саласында қолданылатын терминалогиялық ақпаратқа көп көңіл бөлу қажет.Ақпараттық технологиялар тез дамып келеді. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер. Біз талдайтын ұғымдардың көпшілігіде «технология» сөзі кездеседі. «Технология» түсінігін қарап шықсақ,ол- «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін,қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы». «Оқыту»-белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т.б. жетекшілігімен жүргізілген білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі. «Оқыту технологиясы»- мынадай шараларды:
1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы икүйде тұрақты жүзеге асырылатын, білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесін;
2) оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.
«Интерактивті режим» -командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі. Қазіргі компьютер мен оның жұмысына сәйкес программалық жабдығы интерактивті режимде программаларды түзетуге, дисплей экранындағы бейнелерді қарап шығуға, толықтыруға, жүйенің сауалына жауап енгізуге, басқа да жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.
«Оқытудың интерактивті режимі»- оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын әр түрлі оқыту, бақылау, навигация құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілерінің диологтық жұмыс режимі.
«Оқытудың компьютерлік технологиясы»- ақпаратты бейнелеу, тасмалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құрналдары әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
«Мултимедиялық технологиялар» - бейнелік және аудиэффектілік, әр түрлі мультипрограииалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Осы жоғарыда айтылып кеткен оқыту түрлерінің бәрін қазіргі заманның мұғалімі пайдалана отырып, өзінің сабақтарын өткізу керек деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Могилев А.В. «Практикум по информатике»
2 Могилев А.В., Ханнер Е.К.»О понятие информационное моделирование» //ИНФО-1997,8
3 Могилев А.В. и.др. «Информатика»:Учебное пособие для студ.Пед.Вузов-М.: Изд.центр «Академия»,2000
4 Әбдиев Қ.,Л.Сымағұлова «Компьютерлік модельдеуді оқытудың негіздері»//ИФМ-1999,6
5 Гисин В.Б. Коновалов В.П. Элементы компьютерного моделирования, Москва-1992
6 Моисеев Н.Н. Слово о научно-технической революции. М.Молодая гвардия, 1985
7 Абдыкеримова Э. «Физикадағы есеп шығару сабақтарында компьютерді қолдану» //ИФМ-2001,3
8 Қ.Әбдиев, Л.Сымағұлова «Компьютерлік модельдеуді оқытудың негіздері»//ИФМ-1999,6
9 Әбдиев Қ.»Компьютерлік модельдеу сабақтары»//ИФМ-2000,2
10 Әбдиев Қ. «Динамикалық моделдер» //ИФМ-2000,3
11 Әбдиев Қ. «Еліктеуіш моделдер» //ИФМ-2000,5
12 Әбдиев Қ. «Болжам және модель» //ИФМ-2001,2-2000,6
13 «Бөлшектердің шашырауын ЭЕМ-да моделдеу»//ИФМ-1997,2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 - 4 бет
1
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АВТОМАТТАН-ДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5 - 9 бет
1.2
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... .

10 - 16 бет
1.3
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА ПӘН МҰҒАЛIМДЕРIН ДАЙЫНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

16 - 21 бет
2
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ-ЛАРДЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНДА ПАЙДАЛАНУ

2.1
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ...

22 - 28 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29 - 30 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
31 бет

КІРІСПЕ
Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғарғы қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет.Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.
Қазіргі технологиялар ақпараттың кез-келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез-келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Кез-келген ғылым өз саласында қолданылатын терминалогиялық ақпаратқа көп көңіл бөлу қажет.Ақпараттық технологиялар тез дамып келеді. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер. Біз талдайтын ұғымдардың көпшілігіде технология сөзі кездеседі. Технология түсінігін қарап шықсақ,ол- өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін,қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту-белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т.б. жетекшілігімен жүргізілген білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі. Оқыту технологиясы- мынадай шараларды:
1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы икүйде тұрақты жүзеге асырылатын, білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесін;
2) оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.
Интерактивті режим -командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі. Қазіргі компьютер мен оның жұмысына сәйкес программалық жабдығы интерактивті режимде программаларды түзетуге, дисплей экранындағы бейнелерді қарап шығуға, толықтыруға, жүйенің сауалына жауап енгізуге, басқа да жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.
Оқытудың интерактивті режимі- оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын әр түрлі оқыту, бақылау, навигация құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілерінің диологтық жұмыс режимі.
Оқытудың компьютерлік технологиясы- ақпаратты бейнелеу, тасмалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құрналдары әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Мултимедиялық технологиялар - бейнелік және аудиэффектілік, әр түрлі мультипрограииалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Осы жоғарыда айтылып кеткен оқыту түрлерінің бәрін қазіргі заманның мұғалімі пайдалана отырып, өзінің сабақтарын өткізу керек деп ойлаймын.

1 ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНА ДАЙЫНДАУ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРОГРАММАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНА ДАЙЫНДАУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНДАУ

ИНТЕРНЕТ-ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНДАУ

Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер бойынша беріледі:
1.Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
2.Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
3.Арнайы. Бұл "Информатика және ақпараттық технология" пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:
-білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
-білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
-педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары;
-ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
-басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады: электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: АЖО-директор; АЖО-оқу ісінің меңгерушісі; АЖО-бухгалтер; АЖО-сабақ кестесіжәне т.б.; әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б.Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі түсіндіріледі.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
oo білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
oo өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
-методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
-әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
-қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
-оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
-педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
-өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
-информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
-тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
oo ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
oo жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
oo біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
oo білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі - білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол - білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оқу кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.

1.2 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.
Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:
1. Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2. Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3. Ұйымдастырушылық - оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4. Коммуникативтiк - Мұғалiм-Оқушы, Оқушы-Оқушы, Мұғалiм - Ата-ана және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6. Ынталықпсихологиялық - психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7. Жобалық - мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
8. Ғылыми-iзденiстiк - мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

Педагог мамандардың құзырлық қалыптастыру деңгейлерi

Пәндiк

Коммуникативтiк

Ұйымдастырушылық

Аналитикалық бақылау

Бейiмделген

Ғылыми-iзденiстiк

Жобалық

Ынталықпсихологиялық

Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды.
Мұғалiм - ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.
Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.
Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:
-бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;
-тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
-тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.
Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан тұрады:
Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) -- ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:
oo ҚР "Бiлiм туралы" заңы;
oo Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
oo Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.
oo Екiншi блок-модуль (инварианттық) - Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру (24 сағат):
oo Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық диагностика;
oo Мұғалiм - тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.
Үшiншi блок-модуль - Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:
oo бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
oo тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға бағытталған модельдеу мен жобалау қызметiн дамыту;
oo қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
oo бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн ақпараттандыру саласына бағыттау (информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады. Оның басты себебi ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен толығып отырады. Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы басқарушы болғандықтан аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi кеңейтiледi).
Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен сауалнама қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.
Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты. Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану кезiнде бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады, эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы қамтамасыз етiледi.
Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып табылады.
Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды. Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен қолдану қажет. Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық жұмыс жасау формалары.
Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және деңгейлеп саралап оқыту технологиялары.
Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз көтеру барысында вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл педагог мамандардың жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың сапасын арттыратыны сөзсiз.
Сондықтан мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнде бiлiктiлiктi көтеру курстарынан басқа информатиканы оқытудың жеке әдiстемесiнiң мiндеттерiн шешуге байланысты проблемалық курстарды да ұйымдастырған тиiмдi.
Проблемалық курстардың тақырыптары облыс мұғалiмдерiнiң сұраныстары мен қажеттiлiктерiн талдау арқылы анықталынады. Ол курстың оқу жоспарын өзгертiп, iзгiлiктiлiк қағидасы негiзiнде құруға мүмкiндiк бередi:
-Turbo Pascal ортасында программалау;
-Visual Basic ортасында программалау;
-Информатикадан олимпиадаға оқушыларды дайындау. Олимпиадалық есептердi шешу;
-Деректер қорын басқару жүйесi. Microsoft Access;
-Интернет-технология. Web-дизайн негiздерi.
Проблемалық курстарды өткiзу барысында тыңдаушылардың дайындықтарын қамтамасыз ету үшiн келесi оқу-әдiстемелiк құралдары дайындалып, пайдалануға берiледi:
-Оқу құралы: Жаңа ақпараттық технологиялар. Windows операциялық жүйесiнiң негiздерi. Word мәтiндiк процессоры;
-Оқу құралы: Жаңа ақпараттық технологиялар. Компьютерлiк желiлер;
-Оқу құралы Microsoft Access бойынша лабораториялық практикум;
-Оқу құралы Microsoft Excel бойынша лабораториялық практикум;
-Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк құрал. Қалалық (аудандық) олимпиадалар: өткiзу ережелерi, дайындау әдiстерi, есептердi шешу мысалдары (1996-2001 жж).
-Электрондық оқу құралы Turbo Pascal тiлiнде программалау;
-Электрондық оқу құралы HTML негiздерi;
-Әдiстемелiк құрал Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Информатика кабинетiнiң ережелерi;
-Әдiстемелiк құрал Бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерi үшiн ақпараттық технологияны енгiзу мәселелерi.
Аталған құралдардан басқа курстың барлық тыңдаушылары өздерiне қажеттi нормативтiк, әдiстемелiк және анықтамалық материалдармен, программалық құралдармен ақысыз түрде қамтамасыз етiледi.

1.3 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА ПӘН МҰҒАЛIМДЕРIН ДАЙЫНДАУ
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.
Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе - бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.
Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Техникалық ғылымдардың даму ерекшеліктері
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №1 зауытындағы сұйықтар мен газдардың ығысу процесін автоматтандыру
Технологиялық процесстің автоматтандырылған басқару жүйесінің қызметі берілген басқарудың мақсаттардың орындалуына қол жеткізу
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Пәндер