Информатика курсы бойынша оқу үрдісін түрлендіріп, оқушыларды оқытудағы тапсырмалар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау
Мазмұны1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ3
1. 1Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi3
1. 2Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары3
1. 3Информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану3
2 Информатика курсы бойынша ОҚУ ҮРДІСІН ТҮРЛЕНДІРІП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР3
2. 1. Информатика курсының компьютерлік оқыту жүйесін даяарлау технологиясы3
2. 2Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану3
2. 3Информатика курсы бойынша оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту3
2. 4 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту3
2. 5Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану3
3ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗЫҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР3
ҚОРЫТЫНДЫ3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ3
ҚОСЫМША 1. Ойын сабақтар3
КIРIСПЕ
Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Информатика курсы жалпы білім беру пәндеріне жатады, жоғары оқулардың бар мамандықтарында оқылады сондықтан көп көңіл бөлуді талап етеді. Қазіргі ақпараттандырылған әлемде ақпаратты электрондық түрде жеткізуге көп мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғамда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған сәтте электрондық оқу құралын пайдалану еліміздің болашағына барлық ғылым салаларда жаңа идеяларды ұсынып отырамыз.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың бірнеше тәсілдері бар [1, 13б] .
Информатика курсын оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатика курсының негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу, оқу, жазу, сурет салу, ақпаратты іздей білу т. б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып табылады.
Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.
Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте информатика курсын оқыту үрдісінің әдістемесі.
Курстық жұмыстың пәндік зерттеуі - информатика курсын игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.
Курстық жұмыстың мақсаты -информатика курсын игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы - егер информатика курсы бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- информатика курсын оқытудың теориялық негiздерiн оқыту;
-информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттарын орындау;
-информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану;
-информатика курсының компьютерлік оқыту жүйесін даяарлау технологиясын зерттеу;
-информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану;
-информатика курсы бойынша оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту;
-Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту;
-Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану шаралары;
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерiҚазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика - компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын “Қолданбалы программалық қамсыздандыру” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.
Қазiргi кезде “Информатика” курсына жоғары оқу орындарында 200 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:
- курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
- болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiм бағалау.
- Информатика курсын оқытудың мақсаттары:
- математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
- графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
- графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.
- Курсты оқытудың мiндеттерi:
- берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
- ғылыми салада программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
- web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;
Кәсiби қызметте компьютерлік істер дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы информатика курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.
- Жоғары оқу орындарындағы “Информатика” курсының мазмұны түрлi компьютер жабдықтарымен жұмыс ебдейлiгiн, дағдысын қалыптастыруға негiзделген.
- “Информатика” курсы бiр жағынан курстың компьютермен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
- “Информатика” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
- “Информатика” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.
Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Информатика” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.
Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.
Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г. Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы -мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз -жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.
Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.
Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.
“Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес -дейдi Өскемен қаласындағы N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi И. Плотникова - ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi. Оның гипермәтiнi нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.
Алматы қаласының М. Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры Т. Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген алгаритм оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi. ”
Өскемендегi “ШЫҒЫС” аймақтық зерттеу орталығының директоры Г. Протасованың пiкiрiнде былай айтылған: “Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде құрастыру оның мазмұнын бiрiңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Оқушылардың танымдық ерекшелiктерiмен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу электронды оқулықтардың кәдiмгi оқу құралдарынан, оның iшiндегi соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екенiне күмән жоқ”.
№73 орта мектептiң мұғалiмi Л. Ким электронды оқулықтарды өз сабағында пайдалану барысында былай дейдi: “Мұғалiмнiң бұрынғы рөлi өзгередi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптесiке айналып кетедi”.
Қазiргi кезде техникалық (Ж. Түсiпбаева) және агроинженерлiк (А. Қозыбай) бiлiм саласын ақпараттандырудың зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отыр. Жақында бiлiмдi ақпараттандырудың жаңа тәсiлi -электронды пәндiк цикл әдiстемелiк жүйесiне байланысты Ш. Құрманалиеваның докторлық диссертациясы талқыланды.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бiр жүйеге келтiрiлген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескру керек секiлдi.
- белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуын;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектiсiн қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерiн қамтуын;
- электрондық оқулықтың кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берiлетiн тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрi қысқа берiлуiн ескеру керек;
- белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс. Егер мәтiн көлемi бiрнеше экрандық беттi қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тiк төменгi көлденеңiнен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келедi. Мұның өзi пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледi және мәтiндi жоғары-төмен оңға - солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етедi.
- бiр қатардағы мәтiн 62-65 таңбадан аспауы тиiс. Себебi материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемдi параққа дұрыс түсетiндей болуы керек.
- оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, бiрақ кейбiр пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секiлдi пәндерге қатысты процестердi анимациялап көрсету, тiптi кинофильмдер мен диафильмдер үзiндiлерiн MPEG, AVI типтi файлдар ретiнде сақтап, оларды гипермәтiндi формат арқылы электрондық оқулықа кiрiстiру оқулықтың көркемдiк әдiстемелiк деңгейiн арттырады.
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесi қарқынды даму ұстiнде; оның көптеген мәселелерi теориялық жағынан зерттеудi талап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрi толық бiр мәндi болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуi керек: мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарында, жоғары мектептерде, информатиканы өз бетiнше оқитындар үшiн және т. с. с.
Бiздiң жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемiнде бастап оқытылатын “Информатика” курсының әдiстемесi. Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзiнiң алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: “Информатика” курсын оқытудың мақсатын және жоғары мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұнын анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну; “Информатика” курсын оқытудың барлық жолдары мен құралдарын қарастыру; оқытушының практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Информатиканы оқыту әдiстемесi жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi әдiстемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, жоғары мектептiң кеңейтiлген практикалық тәжiрибесiн басшылыққа алады.
Информатика әдiстемiсiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Бiлiм беру жүйесінiң басты мiндетi - Ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы болуы үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл бiлiм беру процесiнiң үздіксіз болуын талап етедi. Бiлiм беру үздіксіз процесс болатын болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы тиiс.
Жоғары мектепке арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм беру стандарты осы мәселенi көздейдi. Ал, стандарт осы пәндi жоғары мектепте үздіксіз бiлiм беру тұжырымдамасына негiзделiп жасалынған.
Жалпы информатика пәнiнiң мазмұны мынадай екi үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) компьютер - оқыту объектiсi; 2) компьютер - универсал таным құралы.
Болашақ информатик маман таным субъектiсi болған кезде Бұл екi мәселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
1. 2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары“Информатика” курсының мектепке пән ретiнде енгiзiлгелi берi курсты оқытудың белгiлi тәжiрибелерi жинақталды. Сонымен қатар курсты оқытудың дидактикалық жүйесi де қалыптасып қалды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бiрқатар шаралар жасалуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz