Балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 . 4 бет
1 БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
1.1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ... ..
5 . 9 бет
1.2 ОЙЫН . БАЛА БІЛІМІН БЕРІК МЕҢГЕРТУ ҚҰРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9 . 14 бет
2 БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
2.1 ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15 . 17 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 19 бет
КІРІСПЕ
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің әмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («әмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.
Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, әмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Әльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы /Бастауыш мектеп, 20041. -Б. 52-56
2 Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1994ж.
3 Мухина С., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы, «Мектеп»-1986
4 Жарықбаев Н. «Жалпы психология» Алматы – 2004.
5 Арутюнян Ж.В «Взаимосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математике младших школьников». Афтореф.дисс.канд.пед.наук – М,1988
6 Ахметов С. «Бастауыш кластарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». – Алматы: Рауан, 1994 – 84 с
7 Болдырев И. С.Класс жетекшісі.- Алматы :Мектеп, 1980.-Б.
8 Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп,2001, №7. -Б. 40-46
9 М.Жайлауова,З.Сексенбаева. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2004, №6. -Б. 28-30
10 Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту //Отбасы және балабақша, 2002, №1.-Б. 9-10
11 Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау және оның мәні //Қазақстан мектебі, 2002, №1-2.-Б. 45-49

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 - 4 бет
1
БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ

1.1
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ... ..

5 - 9 бет
1.2
ОЙЫН - БАЛА БІЛІМІН БЕРІК МЕҢГЕРТУ ҚҰРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9 - 14 бет
2
БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

2.1
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15 - 17 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ...
19 бет

КІРІСПЕ
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі - ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы).
әрекеттің әмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс (әмоционалдық қуат).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.
Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала адамзат тәжірибесі аясында өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, әмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Әльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

1 БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ

1.1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Ұлы педагог К.Д.Ушинский жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе ертегі жырлары мен мақал-мәтелдерінің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды екенін атап көрсеткен.Ұлттық ойындар ұлт ұлт болып қалыптасқалы халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлеуге,мергендікке, тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, төзімділікке және т.б. тәрбиелеудң ұтымды құралы болған.Қазрде әртүрлі ұлттар ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары жинақталған кітаптар шығарылуда.
Ұлт ойындары - интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлтойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр.Ол-сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады. Yenлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп караған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезіндегі тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын адамдармен, жолдастарымен карым - қатынасын елеп ескермей өмір тәжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бүл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.
Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиешісі, үлгі берершіктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Yenлттың ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын - сауықтарды бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу ғана емес, ата жолын куып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі бала-бақша және бала-бақшадан тыс оқу - тәрбие жұмысына, әсіресе балалардың туристік іс -әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми -- педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.
Бала-бакшадағы және бала-бақшадан тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі - өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік - педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізілетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.
Ұлттық ойын әлементтерін сабақтың барысында пайдалану балалардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал балалардың табиғи жағдайда өткізетін туристік іс - әрекеттерде (туристік жорықтарда, жарыстарда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.
Ұлт ойындары балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, түрлі қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.
Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жүмыс өз алдында жеке тұрып оқыту ұсталған бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін - өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шашығуы, шыңдалуы, оның ақыл - ойын, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік -қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде балалардың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы бала белсенділігі мен білімді игеруге деген санашылық (пен) ұстанымы бала дербестігін туғызып, өздігінен оқу білім алу дағдысын қалыптастырады.
Бала бала-бақша қабырғасында, бала-бақшадан тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім айғағынан, ол әрдайым өз алдында дербес тұлға арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Адамның қандай әрекеті болсын коғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Бала өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл - ой, дене дамытуы үшін қажет. Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап, ойын іс - әрекетінде оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқумен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе - күнгі тәжірбиеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.
Бала белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен түрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Баланың ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.
Баланың ішкі, сыртқы белсенділігін бөле - жара, бір - бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдайы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А. С. Макаренканың бала ойында кандай болса, өмірде де сондай болады, үлкенднрдің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін мындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ұлт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері үшан - теңіз, соның бәрі әлеуметтік педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелену ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата - бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап,жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл коюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан, халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қоршаған ең басты - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.
Психолог ғалым Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген теріс қиқарысты орынды сынай отырып, олардың тәлім - тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл - ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпактың көңіл көтеруі, ойын - сауық түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын, дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.

1.2 ОЙЫН - БАЛА БІЛІМІН БЕРІК МЕҢГЕРТУ ҚҰРАЛЫ
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.
Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.
Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - балалардың таным әрекетін үйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру,проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және әкологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білімтексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшінші - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатнас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәнінен ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
керек
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері
Пәндер