IP желілерде нақты уақыт режимінде ICQ хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттық сервистерін іске асыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

«Компьютерлік желі» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: IP желілерде нақты уақыт режимінде ICQ хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттық сервистерін іске асыру

Орындаған : Ниязбекова М. О. АЖ-331 студенті

Тексерген: аға оқытушы Батырхан С. К.

Алматы 2013

Мазмұны:

Кіріспе . . .
3
:
Кіріспе . . .:
3:
: 1
Кіріспе . . .: IP желілерде нақты уақыт режимі . . .
3: 4
: 1. 1
Кіріспе . . .: Internet-пен қатынас кұруды ұйымдастыру. TCP/IP адрестерінің жұмыс қызметі, орнатылуы, баптамалары . . .
3: 4
: 1. 2
Кіріспе . . .: Компьютерлік желі тарихы, қызметі мен түрлері . . .
3: 10
: 1. 3
Кіріспе . . .: Интернет желісі: маңыздылығы, жұмыс істеу механизмі . . .
3: 14
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: ICQ хабарларының алмасу жүйесінің қызметі . . .
3: 19
: 2. 1
Кіріспе . . .: Жүйенің қолданылу саласы, чаттар, виртуалды хостинг . . .
3: 19
: 2. 2
Кіріспе . . .: Ақпараттық сервистермен жұмыс істеу, қазіргі кездегі қолданылуы . . .
3: 21
: 2. 3
Кіріспе . . .: IP хаттамалар комплекстерімен жұмыс, IP-мультимедиялық байланыс . . .
3: 27
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 33
:
Кіріспе . . .: Қосымша . . .
3: 34
:
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 40
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .:
3:

Кіріспе

Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйе, компьютермен жұмыс істеу әрекеттері кеңінен пайдаланылады.

Курстық жұмыс тақырыбы «IP желілерде нақты уақыт режимінде ICQ хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттық сервистерін іске асыру», яғни қазіргі кездегі ақпарат алмасудың ең басты жолы желі туралы және оның жұмыс істеу принципі, механизімі кеңінен қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты: Желілерді ұйымдастыру кезіңдегі қолданылатын жалпы ережелерді (хаттамалар) пайдалану және IP желілерде жұмыс істеуді жүзеге асыра білу. Компьютерді желіге қосу, оның түрлерін аңықтап келешекте іс жүзінде қолдана білу.

Жұмыстың өзектілігі: Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болатын мәселенің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды өз қажеттілігіне пайдалану болып табылады. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастырудың, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару, өркениетті дамудың қажетті шарты болып саналады.

Қазіргі күндері әлемде 130 млн-нан астам компьютерлер бар деп есептеледі жалпы статистикамен салыстырғанда және де олардың 80%-н астамы кәсіпорындар мен үйлерде, кішігірім жергілікті желілерден бастап, Интернет типінің басты желілеріне дейін, әртүрлі ақпараттық есептеу желілерінде біріктірілген. Қазіргі кезде жергілікті желілер жөніндегі тақырып жан-жақты қарастырылған және айтарлықтай өзекті, өйткені бүкіл әлемде мүмкіндігінше уақытты аз пайдаланатын жылжымалы, жылдамдық пен ыңғайлылық, сенімділік пен сапалық қатты бағаланады. Компьютерлерді желіге біріктіруге деген бүкіл әлемдік бағыт - ақпараттық хабарларды жеткізуді жылдамдату, пайдаланушылар арасындағы ақпараттардың жылдам алмасу мүмкіндігі, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлар (факс, е-mail, және тағы басқалар) алу, компьютерлер арасындағы ақпараттардың көзді ашып жұмғанша алмасуы сияқты маңызды себептермен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде интернет желісінің қызметтері жан-жақты дамыған, солардың ішіндегі ақпарат алмасы және сөйлесу қызметінің бірі ICQ хабарлар алмасу жүйесі. ICQ хабарлар алмасу - ақпарат алмасыдың, видео, аудио ақпараттарды жіберудің, қабылдаудың сенімді ыңғайлы жүйесі.

1 IP желілерде нақты уақыт режимі

1. 1 Internet-пен қатынас кұруды ұйымдастыру. TCP/IP адрестерінің жұмыс қызметі, орнатылуы, баптамалары

IP (Internet Protocol) [1] - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желі аралық хаттама.

IP желілерін ұйымдастырылуы техникалық әрекеттестік 2 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - желілерді қосу процесіндегі әрекеттестікте мынадай мәселелерді шешу енеді:

1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордан Қосылу шартының жобасы мен сәйкес ресімделген қосылуға типтік техникалық шарттарды алу. Қосатын оператор, техникалық мүмкіндікке байланысты, егер қосылу бір нөмірлеу аумағында жүргізілетін болса, отыз күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аумағында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындау үшін қажетті нақты әрекеттерді көрсетумен, техникалық шарттар береді және қосылудың стандартты нүктесіне (қосудың) қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қосу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді төсеуге сауалнама жасаған кезде, кәбіл (телефон) кәрізінің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттарында кәбілді төсеу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;

2) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

3) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға және (немесе) техникалық шарттарды орындауға жобаны іске асыру. Орындалған техникалық шарттар актісіне қол қойған сәтінен бастап, екіжақты келісім бойынша, қосатын және қосылатын байланыс операторлары (желі иесі) үш күннен аспайтын мерзімде Қосылу Шартына қол қояды. Басым байланыс операторының қосу шартын жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi;

4) желілерді тестілік режимде қосу. Бірінші кезеңнің аяқталуы орындалған техникалық шарттар актісіне, табысты тестілеу негізінде желіні қосуға дайындығы туралы актісіне, сондай-ақ Қосылу шартына қол қою болып табылады.

Екінші кезең - желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелерді шешу енетін, телекоммуникация қызметтерін ұсыну процесіндегі өзара әрекеттестік:

- қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара әрекеттестік;

- трафикті өткізуді ұйымдастыру;

- ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;

- ұсынылған қызметтерге және кіріс, шығыс және транзиттік трафикті босатуға өзара есеп айырысуды жүргізу.

TCP (Transmission Control Protocol) [1] - бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс - жіберуші мен процесс - алушының арасын алдын - ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар.

Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.

Мәліметтерді алмасу процесі машина - жіберуші және машина - алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты) .

ТСР жалғауын қондырғаннан кейін хабарламаның сегменттері жіберіліп бастайды. Жіберушінің төменгі деңгейлі IP-адресінде сегменттер бір немесе бірнеше дейтаграммаларға бөліне бастайды. Желіні өте келе, дейтаграммалар алушыға келіп түседі, содан IP деңгейі олардан қайтадан сегмент жинақтап ТСР береді. ТСР барлық сегменттерді бір хабарламаға жинақтап отырады. ТСР - дан процесс - алушыға хаттамалардың қада жиналатыны туралы хабарлдама жіберіліп отырады.

ТСР машина - алушыда номері бойынша бүкіл сегменттерді бір хабарламаға жинақтайды. Егер қандайда бір хабарлама сегменті жоғалған немесе бүлінген болса, жіберушіге қате кеткен сегменттің номері жіберіледі. Бұндай жағдайда жіберуші сегментті қайта жіберуіне тура келеді. Егер де сегмент дұрыс қабылданған болса, онда алушы анықтаушы - квитанциясын жібереді (ACK - acknowledgement) .

Таймер ТСР хаттамасында ең маңызды рольді атқарады. Егер де белгіленген уақыт ішінде анықтаушы - квитанциясы келіп түспеген болса, онда сегмент жоғалтылған болып саналады. Бұндай жағдайда сегментті қайта жіберу процесі орындалады.

Порттар номерлері мен сокеттер

ТСР қолоданылатын қосымшасы (процесс) номер порты - санымен анықталады. Бұрыннан әйгілі желі қызметтерінің порттар номерлері 4 кестеде көрсетілген.

TCP хаттамасының хабарландыру форматындағы порт номері астына 16 бит апарылады, сондықтан порттың максималды мүмкіндікті номері 65535 болып табылады. 0 - ден 255 - ке дейінгі порттардың номерлері жүйелік қажеттіліктерге қатаң резервтеген, оларды қолданбалы бағдарламаларда пайдалануға рұқсат етілмейді. 256 - дан 1023 - ке дейінгі аралықта көптеген порттарда желілік қызметтермен пайдаланылады, сондықтан оларды да қолданбалы қажеттіліктерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Ереже бойынша TCP/IP негізіндегі бөтен көптеген қолданбалы қосалқы анықтауыштар порт номерлерін 1024 - тен 5000 - ға дейінгі диапазонында пайдаланады. 3000 - нан 5000 - ға дейінгі номерлерді пайдалану ұсынылады, 5000 - нан жоғары номерлері көбінесе қысқа мерзімдік қолданулар үшін пайдаланылады.

TCP - дегі кез - келген байланыс каналдары екі санмен анықталынады - бұл косбинация сокет деп аталады. Осылайша сокет ЭЕМ - де IP-адресімен және TCP - дегі бағдарламалық қамсыздандыру арқылы порт номерімен анықталады. Қосылу кезінде кез - келген машина бір мағынады IP-адресімен анықталады, ал әрбір процесс - портпен анықталады, сондықтан екі процестер арасындағы қосылыстар бір мағынада сокетпен анықталынады. Желідегі үш ЭЕМ арасындағы TCP хаттамасы бойынша қосылыстардың орналасу схемасы 6 - суретте бейнеленген.

Егер жіберуші машина бірнеше қосылуларды сұраса, онда олардың әрбірінің өздерінің жіберуші порты болады, ал алушының порты жалпы болуы мүмкін. Бірнеше машина бір уақытта бір алу - порты пайдалануы мүмкін, бұл мультипликсерлеу деп аталады. 6 - суретте екі қосылулардың мультипликсерленуі ЭЕМ3 - те 23 номер порты бойынша орындалады.

Қашанда бірнеше қосылулар орнатылса, онда бірдей порт көздері және алушылары көрсетілген қосылуларға бірнеше машиналар сұраныс жібереді.

TCP тек төменде жатқан деңгейдің хаттамаларымен ғана емес, сонымен қатар қолданбалы деңгейдің хаттамаларымен және қосалқы анықтауышымен де өзара әрекеттесуі қажет. Қолданбалы деңгеймен байланыс сервистік қарапайымдар жинағы көмегімен жүзеге асырылады. Сервистік қарапайымдар хаттама стандартында анықталынады, ал қолданбалы бағдарлама үшін олар сокеттермен жұмыс кітапханасы формасында жеткілікті.

Қосылуларды орнықтыру кезінде жақтардың немесе тараптардың әрбірі ашық қосылулар деп аталатын кейбір операцияларды орындайды. Ашықтар пассивті немесе активті болуы мүмкін. Ереже юойынша жақтардың бірі қосылулардың активтік ашылуын, ал екіншісі - пассивтік ашылуын жүргізеді, сонда қосылулар орындалады. Екі режимдер де нақты ережеге бағынады. Пассивтік қосылуларды кейде серверлік деп, ал активтікті - клиенттік деп атайды.

Активтік қосылулар кезінде қолданбалы деңгейдегі процесс ТСР - дің бағдарламалық қамсыздандырылуын сол ЭЕМ - ге сұраныстың сервистік қарапайымдылығына сокет номерімен қосылуды орнатуға береді. Содан кейін ТСР алушыға қосылуды орнатуға сұраныс жібереді және жауабын күтеді. Қосылулар орындалғаннан кейін активтік пройесс (клиент) мәліметтердің берілуін және қабылдануын ынталандырады.

Пассивтік қосылулар кезінде қолданбалы бағдарлама ТСР - дің бағдарламалық қамсыздандыруын жойылған жүйеден қосылуға сұранысты күту режиміне ауыстырады. Сұраныс қашан келіп түссе, ТСР - дің бағдарламалық қамсыздандырылуы қосылуды орнатуды жүзеге асырады, содан кейін пассивтік процесс (сервер) мәліметтерді қабылдауға және беруге дайын болады.

Сокеттердің бағдарламалық интерфейсі ОЖ UNIX үшін жасақталынды. Бұл интерфейсті сақтап тұрушы функция кітапханасы UNIX және LINUX типті барлық ОЖ ядроларына кіреді. Дегенмен бұл бағдарламалық интерфейстермен жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы.

ОЖ - тің көпшіліктеріәнде қолданылады. ТСР хаттамасы үшін пассивтік (сервер жағында) қосылулар сокетпен бірге келесі функцияларды орындалуға әкеледі:

- Сокет жасау және оны (ОЖ - те UNIX типінде socket функциясында) типінде орнату;

- Нақты бір қосылуға сокетті ретке келтіру (порттың адресін және номерін көрсетеді - ОЖ - те UNIX типті функция bind) ;

- Коиенттердің кезегін жасау (ОЖ - те UNIX типті функция listen) ;

- Сокетпен қосуға келетін сұранысты күту (ОЖ - те UNIX типті функция accept) ;

- Клиентпен мәліметті қабылдау және беру (ОЖ - те UNIX типті - функциялары read, write, send, recv және олардың модификациялары) ;

- Клиентпен жабық қосылулар (ОЖ - те UNIX типті - функция close) ;

Қосылуға ендіруші сұраныс алып сервер бір уақытта екі есептерді шешуі қажет: қолданбалы хаттамамен сәйкес қосылуды коиентпен орнатуды қамтамасыз ету (мәліметтерді клиентке беру және қабылдау) және басқа клиенттерден қосылуға жаңа сұраныстардың келіп түсуін күтуОЖ - те UNIX типінде жаңа процесті жасау fork фуекциясының көмегімен шешіледі, бұл кезде жаңадан құрылған процеспен негізгі процесте жасалынған барлық қосымшалар сақталынады.

ТСР хаттамасы үшін сокетпен активтік (клиенттер жағында) қосылулар келесі функциялардың орындалуына әкеледі:

- сокет жасау және оның типін анықтау (ОЖ - те UNIX типте функция socket) ;

- сервермен қосылуды орнату (порттың адресімен номерін көрсетеді - ОЖ - те UNIX типті функция connect) ;

- мәліметтерді қабылдау және беру (ОЖ - та UNIX типті - функциялар read, write, send, recv және олардың модификациялары) ; сервермен қосылудың жабылуы (ОЖ - де UNIX типті - функция close) ;

Интернетке қосылудың жалпы принциптері мен баптаулары. Интернетке қосылу кезінде басты керек құрал-жабдықтар телефон, модем және компьютер. Сонымен қатар кабель.

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

♦Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;

♦IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі ) ;

♦ Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа - клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс -- уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем (1-сурет) деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып) торапқа түседі және керісінше.

1-сурет. Модем

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы → Жабдықтарды орнату (Пуск → настройка → Панель управления → Установка обарадувания) құралының көмегімен орнатады.

Модемнің web-интерфейсіне кіру үшін компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру қажет.

  1. Компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру мысалы:

Төменде мысал ретінде WindowsXP-і бар компьютердің ретке келтірілуі келтірілген:

Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы > келесі IP мекенжайды пайдалану:

IP мекенжайы: 192. 168. 1. 50

Бағыныңқы желінің қалқасы: 255. 255. 255. 0

Негізгі шлюз: 192. 168. 1. 1. 2-суретте (қосымша-1) TCP/IP хаттамасының баптау терезесі көрсетілген, осы терезе арқылы басты адрестерді енгізіп баптаулар жүргізе аламыз.

Осыдан кейін «ОК» батырмасын басыңыз да желілік қосылу ретке келтірілулерін сақтаңыз.

  1. Телефон желісін сплиттердің "Line" портына, телефонды сплиттердің "Phone" портына, DSL-модемнің ADSL портын сплиттердің "Modem"портына қосыңыз.

Құрылғының алдыңғы беттақтасындағы ADSL индикаторының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. Ethernet-кәбілді компьютердің желілік картасынан модемнің ethernet-портына қосыңыз.

Құрылғының WEB [4] интерфейсіне қолжетімдікті алыңыз. Бұл үшін Internet Explorer-ді іске қосыңыз да, мекенжай тарамында бағдарғылауыштың IP мекенжайын теріңіз: 192. 168. 1. 1 ( Құрылғының әдепкілік ретке келтірілулері бар деп болжалады) .

  1. Құрылғының WEB интерфейсіне қолжеткізуге арналған логин/пароль енгізуге арналған терезе пайда болады, «Пайдаланушы» алаңында admin теріңіз, «Пароль» алаңында да admin теріңіз. «Log In» батырмасын басыңыз. Модем құрылғысының баптауы және осы құрығыға кіру арқылы қолданушы өзінің логин паролін енгізіп жұмыс істей алады. (қосымша-2, 3-сурет)
  2. Егер логин мен пароль дұрыс енгізілген болса, келесі терезені көресіз (қосымша-3, 4-сурет) :

5. Пайда болған бетте «Internet Setup» қосымша бетін басыңыз, жаңа қосылысты құру үшін «Add» батырмасын басыңыз (қосымша-4, 5-сурет) .

6. Пайда болған бетте VPI және VCI параметрлерінің мәндерін көрсетіңіз (0 және 40 сәйкес) және «NEXT» батырмасын басыңыз (қосымша-5, 6-сурет) .

7. Келесі бетте «PPP over Ethernet (PPPoE) » нұсқасын таңдаңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз (қосымша-6, 7-сурет) .

8. Келесі бетте «PPP Username» және «PPP Password» [3] алаңдарында Өзіңіздің провайдеріңізбен берілген логин мен парольді көрсетіңіз, «Confirm PPP Password» алаңында парольді қайталаңыз қалған ретке келтірулерді өзгертусіз қалдырыңыз және «NEXT» батырмасын басыңыз (қосымша-7, 8-сурет) .

9. Келесі бетте барлық ретке келтірулерді әдепкілік бойынша қалдырыңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз (қосымша-8, 9-сурет) .

10. Келесі бетте «Apply» батырмасын басыңыз (қосымша-9, 10-сурет) .

11. «Apply» батырмасын басқаннан кейін Сізге модемді қайта жүктеуге ұсыныс жасалады (қосымша-10, 11-сурет) .

12. Құрылғыны қайта жүктейміз.

13. Құрылғы қайта жүктелгеннен кейін мәртебе беті пайда болады, жемісті қосылғандығын «Status» қосымша бетіндегі келесі параметрлер куәландырады: Line Rate Upstream/Downstream (ADSL қосылуының орнатылғандығы туралы куәландырады) және PPPoE қосылуының нәтижесінде алынған шлюз бен DNS серверлерінің IP мекенжайлары. Осымен құрылғының ретке келтірілуі аяқталды.

14. Компьютерде IP мекенжайын және DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алуды орнату қажет:

Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы:

IP мекенжайды автоматты түрде алу;

DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алу (қосымша-11, 12-сурет) .

Ретке келтірулерді қолдану үшін «ОК»-ді басыңыз.

1. 2 Компьютерлік желі тарихы, қызметі мен түрлері

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Бүкіл әлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз[1] (13-сурет) :

І кезең (1969-1983 жж. ) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж. ) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж. ) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынастәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды. Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады.

13-сурет. Интернет бүкіләлемдік торап

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Ақпараттық технология
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Компьютерлік желілер концепциясы
Қолданушылар компьютерлері арасындағы ақпаратты алмасуды автоматизациялау
Дискілерді қорғау əдістері
Интернетті пайдалану факультативтік курсын оқыту әдістемесі және телекоммуникациялық жобалар
Ақпаратты жинақтаумен байланыс
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz