Access бағдарламасын меңгеру


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Жалпы бөлім

1. 1 Оқыту технологияларына байланысты түсініктер . . . 5

1. 2 Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар . . . 7

1. 3 МҚБЖ АССЕSS жайлы негізгі түсініктер . . . 12

1. 4 Деректер қоры жүйелерінің архитектурасы. Негізгі концепциялары . . . 15

1. 5 Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) . Инфологиялық және даталогиялық жақындау мәні . . . 18

1. 6 Мәлеметтер базасын құру . . . 22

1. 7 Реляциялық мәліметтер қоры . . . 40

2. Арнайы бөлім

2. 1 №1 Зертханалық жұмыс . . . 49

2. 2 №2 Зертханалық жұмыс . . . 53

2. 3 №3 Зертханалық жұмыс . . . 54

2. 4 №4 Зертханалық жұмыс . . . 55

2. 5 №5 Зертханалық жұмыс . . . 56

2. 6 №6 Зертханалық жұмыс . . . 57

2. 7 №7 Зертханалық жұмыс . . . 58

2. 8 №8 Зертханалық жұмыс . . . 60

2. 9 №9 Зертханалық жұмыс . . . 61

2. 10 №10 Зертханалық жұмыс . . . 62

3. Жобаны жүзеге асыру

3. 1 Пайдаланушыға арналған инструкция . . . 63

3. 2 Бағдарламма листинг . . . 63

3. 3 Бағдарлама мысалы . . . . . 71

4. Экономикалық бөлім . . . 75

5. Еңбек қорғау

5. 1 Еңбек шарттары . . . 87

5. 2 Жұмыс орындарындагы микроклиматтың оптимальдi жэне шектi көрсеткiштерi . . . 88

5. 3 Есептеуiш техниканың қауiпсiздiк ережелерi . . . 89

5. 4 Электр тогымен зақымданган жагдайда алгашкы дәрiгерлiк

көмек көрсету . . . 90

5. 5 Жұмыс орнында шудiң шектi деңгейi . . . 90

5. 6 Өрт қауiпсiздiгi . . . 91

5. 7 Ақпараттық қызмет кәсmорындарындагы өрт қауiпсiздiгi . . . 91

Қорытынды . . . 93

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 94

- түс және графика - экран көрнекiлiгiн қамтамасыз ете алатын әр түрлi қарiптердi, түстердi, белгiшелердi (пиктограммаларды) және одан да басқа графикалық элементтердi пайдалана отырып, экранға көптеген мәлiметтер шығару;

- программа шеберлерi (Wizards) - тұтынушымен қарапайым, әpi логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-келген элементтерін тез құру;

- оқиғаларды программалау - программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тiкелей байланыса алады және солардан кейiнгi мeнюдeн команда таңдау, кез-келген бiр батырманы шерту сияқты әрекеттердi тез жүзеге асыру;

- SQL - мәлiметтерге тез қол жеткiзу тәсiлi ретiнде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану.

Жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасын меңгеруге керекті негiзгi түсiнiктердi енгiзу, Access терезесiмен, негiзгi менюiмен, саймандар тақтасымен және қасиеттерімен танысу арқылы оқушыларға тиімді түрде Access ортасында жұмыс істеу негіздерін үйрету.

Жұмыстың міндеті: Access бағдарламасының құрылымымен таныстыратын теориялық және практикалық жұмыстармен тест сұрақтарымен қосымша тапсырмалармен қамтылған электрондық лабораториялық құрал жасау.

1. Жалпы бөлім

1. 1 Оқыту технологияларына байланысты түсініктер

Біз талдайтын ұғымдардың көпшілігіне «технология» сөзі кездеседі.

«Технология» түсінігі қарап шықсақ, ол - «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті - практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау».

«Оқыту» түсінігін қарасақ, ол-«белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т. б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі».

Бұдан бұрын қарастырылған мәліметтерді де қолдана отырып, «оқыту технологиясы» түсінігінің анықтамасын беруге тырысайық.

Оқыту технологиясы - мынадай шараларды:

  1. білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі;
  2. оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Интерактивті режим - командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқаратын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі. Қазіргі компьютер мен оның жұмысына сәйкес программалық жабдығы интерактивті режимде программаларды түзетуге, дисплей экрандағы бейнелерді қарап шығуға, толықтыруға, жүйенің сауалын жауап енгізуге, басқа да жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.

Оқытудың интерактивті режимі - оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен біріне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субъектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруға өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютерлік мен интерактивті программалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып біріге отырып қорғау) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуі керек етеді.

Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Мультимедиялық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультимедиялық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушылық компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.

Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылды. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедиялық технологиялары құралдарын оқу-әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиялық эффектілерді жай мәтіндермен салыстырылғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультмедиялық қосымша пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мәселелерді шешу бағытталғанда нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармония бұзу, өте жарқын, әсерлі қосымшаларды, мультимедиялық эффектерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуда да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауда болдырмай, оқу-әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.

1. 2. Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар

Қазіргі уақытта мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелерді пайдалану адамзат қызметі мен түрлі саланы басқарудың ажырамайтын құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған байланысты сәйкес технология мен программалық өнімдерді тиімі қолдану мен оның құрылу принциптерін меңгерудің қажеттілігі туып отыр. Мысалы, мәліметтер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйелері және т. б.

Мәлiмеmmер қоры (МҚ) - белгiлi бiр пәндiк аймаққа жататын объектiлердi (процестердi, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерiн және өзара қатынастарын бейнелейтiн, өзiндiк аты бар мәлiметтер жиыны. Пәндiк аймақ дегенiмiз мәлiметтер базасын қамтуға тиiстi нақты дүниенiң бiр бөлiгi болып табылады.

Мәліметтер базасы ұғымы мен мәліметтер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МҚБЖ) байланысты.

Мәлiмеmmер базасын басқару жүйесi (МҚБЖ) - мәлiметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуiн қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеyге арналған программалық кешен (комплекс) .

МҚБЖ- жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация) .

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МҚБЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
  • Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
  • Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
  • Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МҚБЖ-нің тағы бір функциясы- мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамассыз ету түсініледі.

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктердің бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

Мәліметтер қоры (МҚ) - белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Арқаулы ауқым ретінде нақты реттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МҚ мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студеттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атауға болады.

Электронды МҚ-ның басты қасиеті- ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиді. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынанан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.

Атрибут- объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.

Мәліметтердің басты элементтері деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт- обьектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастырытын атрибут (немесе атрибуттар тобы) .

Екінші реттегі кілт- бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.

Мәліметтер қорын жіктеу Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МҚ.

Реляциялық МҚ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МҚ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т. б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляцияляқ алгебра.

Осы типтегі МҚ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МҚ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МҚ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МҚ қарау қажетті болуы мүмкін.

Иерархиялық және желілік МҚ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МҚ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік ұшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салуды қанағаттандырмайды.

Аты айтылған кемшілік желілік МҚ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.

Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы әйтеуір ресурстар талап етіледі.

Кейбір МҚБЖ туралы мәліметтер 6-кестеде келтірілген.

6. МҚ жіктеу

МББЖ атауы
МБ типі
МББЖ атауы: MS Access
МБ типі: Реляциялық
МББЖ атауы: Clipper
МБ типі: Реляциялық
МББЖ атауы: Dbase
МБ типі: Реляциялық
МББЖ атауы: FoxBase+
МБ типі: Желілік
МББЖ атауы: FoxPro
МБ типі: Желілік
МББЖ атауы: IMS/VS
МБ типі: Иерархиялық
МББЖ атауы: Oracle
МБ типі: Реляциялық
МББЖ атауы: Paradox
МБ типі: Реляциялық

Мәліметтер қорымен жұмыс режимі. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады. .

Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.

Базаны құрушылар базаны мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды) . База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.

Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі- нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.

Мәліметтер қорының 3 архитектурасы бар:

ANS/SPARC комитеті ұсынған 1978 жылы мәліметтер қорының жалпылама құрылымын ұсынған болатын. Ол құрылым 3 деңгейлі архитектура деп аталады. Оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың 3 түрі болады: сыртқы, тұғырнамалық, ішкі. Ұсынудың тұғырнамалық деңгейі- мәліметтер қорының дайындалу деңгейі. Мысалы: ORIENT мәліметтер қорына арналған тұғырнамалық сұлбасы келесі түрде болады

Microsoft Access МҚБЖ-ны Windows ортасында жұмыс iстейтiн 32-разрядты реляциялық мәлiметтер қорының басқару жүйесiнің буыны болып табылады. Оның Wiпdоws-технологиясының барльқ жақсы қасиеттерiн сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсi бар. Access кесmелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәлiметтер базасының объектiлерiмен жұмыс iстейдi. Кестелер ─ мәлiметтердi сақтау үшiн жасалған, өрiстерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәлiметтер.

Кесте (Tables) - мәлiметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негiзгi объект, мәлiметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.

Жазба (Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ал МҚБЖ мәлiметтерiн сақтайтын негiзгi блок болып табылады. Жазба сипатталатын бiр объект туралы толық мәлiмет бередi.

Өpic (Field) - кестедегi бағана немесе тік жол Access-те өріс мәлiметтерiн сипаттайтын оның бiрсыпыра қасиеттерi болады. Енгiзу өpici деп басқару элементi ретiнде мәлiмет енгізiлетiн бiр бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгiзiледi.

Объектiнiң әрбiр сипаты (қасиетi) белгiлi бiр өpic мәні болып табылады. Әрбiр кесте үшiн басmапқы түйiндi мәнді, яғни негiзгi (Кiлттi) өpicmi анықтауға болады, ол әрбiр жазбаны басқаларынан бөлiп идентификциялау үшiн пайдаланылады (әрбiр жазба үшiн бiрегей мағынаны бiлдiредi) және ол бiр немесе бiрнеше өpicтeн тұруы мүмкін.

Түйiндi өpic (ключевоe поле) - кестедегі жазбаларды таңдап алу үшiн

мәндерi қолданылатын негiзгi өpic.

Кiлт (ключ) немесе түйiн - кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бiр немесе бiрнеше түйiндi өpicтep.

Санауыш - кестедегі жазбалардың нөмiрлерi орналасатын өpiс. Сұраныс (Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәлiметтердi бiр немесе бiрнеше кестеден белгiлеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсiлi.

Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәлiметтердi жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негiзiнде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Acсess-те сұраныстардың бiрнеше түрі бар.

Форма (Forms) - мәлiметтердi экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкiндiктерi, яғни өзара байланысқан мәлiметтердi тұтынушығa ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгiзуге арналған тәсілдер. Формалар - әртүлі мақсатта пайдаланылатын, әсірессе, кестеге мәліметтерді енгізу және кестедегі жазуларларды көру үшін пайдаланылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалардың өзара байланысқан бірнеше кестелермен бір мезгілде жұмыс істеу үшін де құруға болады. формаларды қағазға басып шығаруға болады.

Басылым (отчет) - мәлiметтердi баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсiлi, яғни қағазға басып шығруғa арналған нәтижелiк құжаттар.

Индекс ─ индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.

Жазбаны белгілеу аймағы ─ кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.

Өрісті белгілеу аймағы ─ өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.

Конструктор ─ мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.

SQL ─ құрылымды сұраныстар тілі (structured query language) . Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндіктерінің шектеулігі оны бірсыпыра программаларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.

Шебер (Wizards - Мастер) ─ белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын бiртiндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сухбаттасу (диалог) iсін атқара отырып, қойылған мәселенi шешетiн керекті мәлiметтердi программаға енгiзудi қамтамасыз етедi. Жұмыс жасауды жеңiлдету үшiн Шебер жұмысы бiрнеше адамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында еткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсiз кезеңдi аттап кетуге болады. Программаға шебер мүмкiндiгiн енгiзу программаларды жетiлдiрудiң бiр жолы болып табылады. Accessтe бiрсыпыра Шебер программалар тобы бар, олар:

- мәлiметтер базасының шеберi - көптеген үлгi ретiнде берiлетiн типтi қолданбалы программалар үлгiсiн ұсынады;

- формалар мен басылымдар жасау шеберлерi - көп кестелi формаларды және басылымдарды жасау процесiн тездетедi және жеңiлдетедi;

- ауыстыру шеберi - бiр кесте өрiсiнде басқа кестеден қажеттi мәндi енгiзуге арналған ашылмалы мәндер тiзiмiн жасайды, т. б. ;

Гuперсiлтеме - белгiлi бiр файлға сiлтеме көрсеткiш. Гиперсiлтемелер Access мәлiметтер базасын Internet файлдарымен не басқа файлдармен байланыстыру үшiн қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу, көру үшiн арнайы программа жұмыс істеуі тиiс.

Жұмыс барысында гиперсiлтемелер басқа түспен боялып көрсетiлiп тұрады.

Макростар (Macros) кейбiр оқиғаларға жауап ретiнде орындалатын әрекеттердiң сипаттамасы болып табылады. Әрбiр әрекет қажеттi параметрлердi таңдап алуға және оларды автоматтандырылған режiмде енгiзуге болатын макрокомандамен iске асырылады. Макрос бiр қолданбалы программада мәлiметтердi өңдеудiң жекеленген операцияларын бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.

Модульдерде (Modules) Visual Basic for Application (VBА) тiлiндегi программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезiнде стандартты емес процедураларды іскe асыру үшiн жасалады.

Access-те тұтынушыға өз есептерiн ойдағыдай шығаруғa мүмкiндiк беретiн әртүрлi диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батырмалар, суырылып шығатын түсiнiктемелiк сөздер, Конструктор (Design), Шебер (Wizards) программалары жатады.

1. 3 МҚБЖ АССЕSS жайлы негізгі түсініктер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Кәсіпорынмен танысу
Қызметкерді жұмыстан шығару
Мәліметтер базасы туралы түсінік
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері
Сабақ кестесі жүйесінің бағдарламалық пакетін құру
3d studio max, HTML тілі, Access, Macromedia Flash бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz