Ақша теориясы туралы ақпарат



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы түсінігі және теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.12
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы ... ... ... .12.14
2.Ақша айналымдары мен қызметтері
2.1 Ақшаның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.20
2.2 Ақша айналысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.25
2.3 Несие ақшалары және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.
Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.
2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.
12. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005ж
13. В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы, 2005 ж
14. С. С. Сахариев
“ финансы ”, – Алматы, юредическая литература, 2004 ж
15. Романовский. “ финансы ”, учебник для ВУЗ, 2000 ж
16. Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж
17. Көшенова.Б. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы, 2001ж.
18. Мақыш.С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары”, – Алматы: 2004ж.
19. Мақыш.С.Б. “Ақша айналысы және несие”, – Алматы: 2004ж.
20. Ысқақова. З.Д. “Банк ісі”, – Қарағанды, 2005 ж.
21. Ысқақова. З.Д. “Бағалы қағаздар нарығы”, – Қарағанды, 1998 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы түсінігі және теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8
1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-12
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы ... ... ... .12-14
2.Ақша айналымдары мен қызметтері
2.1 Ақшаның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-20
2.2 Ақша айналысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-25
2.3 Несие ақшалары және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
Пайаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны туғызды, ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде - Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.
Екінші бөлім - Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы түсінігі және теориясы
Ақша дегеніміз - төлем немесе халықаралық айырбас құралы. АҚШ - та ақша қорының негізгі өлшемі - валюта және тексеріліп тұратын депозиттер немесе М1 болып табылады. Бұл ақшаны халық бір нәрсе сатып алу үшін жұмсайды. 1989 жылдың орта шенінде М1 - АҚШ - та 800 миллиард доллар болды.
Ақша сұранымын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраным тұрғысынан қараймыз.
Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранымы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранымы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады, соған сәйкес процент мөлшерлемесі, нақты табыс, нақты байлық та өзгермейді.
2. Номиналды ақша сұранымы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды. Осы активтердің қайсысын ақша деуге болады? Негізінен 4 түрлі жиынтығы бар: валюта, М1, М2 және М3.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар -- бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша[1].
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар -- барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері -- зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.
XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар -- біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды[2].
Монеталардың пайда болуы -- ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол - толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз - билонды ақша деп атаймыз.
Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:
Биметаллизм - Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.
Монометаллизм - Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
XIX ғасырда социал утопистері -- Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша -- жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі[3].
1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады[4].
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
төлем тапсырмасының нөмірі;
төлем тапсырмасының жазылған күні;
жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК немесе ИИК)
жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады[5].
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады[6].
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі - банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады[7].

1.3 Ақша теориясы және оның даму кезеңдері.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ - ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:
* Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
* Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI - XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм - ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос - металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда алтын мен күміс монеталардың
- 17 -
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе - онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. "Қосалқы валюта жүйесі"- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді[8].
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI - XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 - 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник - Грешем заңына айтылған "жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды" деген ақшаның өмірдегі көрінісі.
Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 - 1893 жж., Голландияда 1847 - 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 - 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 - 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс - жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 - 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда - 1892 және Жапонияда - 1897 ж., АҚШ - та 1900ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.
Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:
* Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;
* Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
* Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;
* Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген[9].
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы - еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт - оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.
Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.
1929 - 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон - Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт - тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты[10].



2.Ақша айналымдары мен қызметтері
2.1 Ақшаның қызметі
oo Құн өлшемі
oo Айналыс құралы
oo Төлем құралы
oo Жинақтау және қорлану құралы
oo Әлемдік ақша
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік - экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Марксв жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.
Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады.
Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Ақшаның пайда болуы және мәні жайлы
Қаржылық менеджердің қызметі
Капиталды басқару
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Қаржылық менеджмент оқу құралы
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Капитал құрылымының компромиссті концепциясы
Пәндер