Бастауыш сыныпта дене тәрбиесінің мәселелері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
І тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі ... ... ... ... ... ... ... .7.10
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы ... ... ... ... ... ..11.15
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.13
2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.15
Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.23
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында қозғалмалы ойындардың қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
 Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
 Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
 Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
 Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
 Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу заты: Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар
Ғылыми болжам: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.
Әдіс-тәсілдер: Психодиагоностикалық, жаттығулар, дене тәрбиесіндегі әр түрлі ойын түрлерін қолдану
Зерттеу базасы: 3 сынып, Қарағаш орта мектебі
Зерттеу жаңалығы:
 Баланың физиологиялық дамуында ұлттық қозғалмалыойындардың алатын орны зор.
 Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқарады.
 Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ботағариев Т. «Дене:тәрбиесі мәселелері). Қазақстан мектебі №9 2004 ж. 45-47 бб.
2. Тәнекеев М. «Дене тәрбиесінде ұлттық ойындардың қолданысы». Бастауыш мектеп №3 2003ж. 17-21 бб.
3. Балғымбаев М. «Казахские национальные виды спорта и игры» Алматы 1957 ж. 143-147 бб.
4. Бүркітбаев Ә. «Спортың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні» Алматы, Қайнар, 1985 ж. 198-218 бб.
5. Быкова А. «Физическое воспитание в начальных классах» Ташкент, 1989 ж. 361-421 бб.
6. Құранбекұлы А. Әкімбайұлы С. «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық нгіздері» Алматы, 2000 ж. 294 б.
7. Былиеева Л.В. Яковлев в.г. «Подвижные игры» 1959 ж. 224 б.
8. Поддьякова Н.Н. Михайленко Н.Я. «Бастауыш сыныптарға арналған
ойындар мәселесі» Педагогика, 1987 ж. 1926.
9. Шашкина В.А. «7-8 жастағы оқушылардың қозғалу белсенділігі» Москва, 1978 ж. 206.
10. Шалыгина Г.В. «Бастауыш сынып оқушыларының қозғалу дайындығын зерттеу» Автореферат. Москва 1977ж. 21 б.
11. Қуанышев Т.Ш «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау» Алма-Ата 1992ж. 226.
12. Меңдалиев Б. «Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет етуі» Бастауыш мектеп №Ц-2004ж. 25-27 бб.
13. Есірнепов Ж. «Гимнастиканы ұйымдастыру ерекшелктері» Қазақстан мектебі №4-2006ж. 64-65 бб.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3-4

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..5-10

І тарау

1. Дене тәрбиесі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5-7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ..7-10

ІІ тарау

2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың
маңызы ... ... ... ... ... ..11-15

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .11-13

2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..13-15

Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .16-23

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 24-26

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .27

Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру
сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі
сабағында қозғалмалы ойындардың қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде
дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің
оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы
мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке
жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан 2030 бағдарламасында:
Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар
алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге
жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз туралы
айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл
бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына
айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып
еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі
сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар
ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-
қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
✓ Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
✓ Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
✓ Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
✓ Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
✓ Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін
анықтау;
✓ Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
✓ Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу заты: Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар
Ғылыми болжам: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және
физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.
Әдіс-тәсілдер: Психодиагоностикалық, жаттығулар, дене тәрбиесіндегі әр
түрлі ойын түрлерін қолдану
Зерттеу базасы: 3 сынып, Қарағаш орта мектебі
Зерттеу жаңалығы:
➢ Баланың физиологиялық дамуында ұлттық қозғалмалыойындардың алатын
орны зор.
➢ Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен роль
атқарады.
➢ Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға
болады.

I тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында 2001-
2006 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы Жарлығында және Қазақстан Республикасының дене тәрбиесінің
тұжырымдамасында оқушылардың дене мәдениетініңүрдісі көрсетілген.
Л. Матвеевтің пікірінше, жеке тұлғалармен және жалпы қоғаммен дене
шынықтыруды толықіске асырудың негізі дене жетілдірудің көрсеткіштері
болып табылады. Қазіргі кездекөзқарас жергілікті климаттық және экологиялық
жағдайларына бейімделу; ұлттык салт-дәстүрлерді ескеру; аймақтағы жоғары
жұмыс қабілетінқамтамасыз етуге бағытталған.
Т. Усманходжаев дене жетілдіруі ұғымының негізгі параметрлерін
нақтылап берген. Онын пікіріне сүйенсек,дене жетілдіруі... өсіп келе
жатқан жастар тәрбиесінің мақсаты ретінде келесі бөліктермен анықталады:
бір қалыпты дене дамуы мен қозғалтқыш қабілеттердің оңтайлы іске асырылуы,
жергілікті климаттық және экологиялық жағдайларға функционалдық бейімделуі
және ұлттық дәстүрлерді ескеру. Дене жетілдірудің негізгі белгілері: дене
дайындығы, дене дамуы, қозғалтқыш белсенділік, денсаулық.
Дене дайындығы деген тусініккке организмнің вегетативтіқалпы,
қозғалыс әсерлерініңәр түрлілігі және денелер сапалығының даму
деңгейікіреді. Ал дене дамуының кең және бір жақтылы мәнділігі болады.
Қозғалыс белсенділігінің дәрежесін анықтайтын факторларға биологиялык,
әлеуметтік, елдегі дене шынықтыру мен спорт деңгейі және қолайсыз ауа райы
жағдайлары жатады. Мұнда негізгі мәселе оптималды қозғалтқыш белсендігінің
талдауы болып қала береді.
Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін жетілдіру жолдарының арасында
оқушылармен өтетін оқу материалдарын дұрыс жоспарлау - негізгіқағидаларының
бірі. Басқа пәндерге қарағанда дене тәрбиесі пәнін жоспарлаудыңөзіндік
ерекшеліктері бар.
Оқушылардың дене дайындығы мен дене даму дәрежесін арттыруға әсерін
тигізетін жағдайлар: а) әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлығы; ә)
ауыл мектеп оқушыларының дене дайындылығының төмендігі; б) ауыл мектеп
оқушыларының дене дамуы төмендігі; в) жоспарлау құжаттарындағы оқушылардың
дене әлеуметтік өсуіне кедергі жасайтын кейбір жағдайлар:
Оқушылардың дене дайындығы мен дене даму дәрежесін арттырудыңәдістемелік
жолдарының мазмұны мыналар болып табылады:
а) өзін-өзі қаржыландыру, 2003-2006 ауыл жылына байланысты жоғары
орындардан қаражаттаныруды сұрап, жасөспірімдер мен балаларға спорт
мектептерін ашу, өз күшімен алаңдар салу;
б) экологиялық жағдайларға қарсы тұру (ашық, таза ауада, далаларда
сабақөткізу; өзен, көлдер жағасында сабақ жүргізу);
в) ауыл оқушыларының дене дайындығының деңгейін көтеру үшінқимыл-
қозғалысты ұлттық ойындар, спорттықүйірмелерге қатысып,
спортпен шұғылдану, т.т;
г)оқушылардың дене даму деңгейін көтеру жолдарын іздеу.
Ең бастысы, әр мұғалім жоспарлауды дұрыс іске асыра білуі керек, егер
дұрыс іске аспаған жағдайда ол дене қасиеттерінің бірізділікпен дамуына
керіәсерін тигізеді.
Зерттеу нәтижесіне сүйене келе мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Мамандардыңпікірі бойынша ауыл мектептерінде дене тәрбиесінің
мәселелерін шешу барысында төмендегідей теориялықұғымдарға назар аудару
керек: дене жетілдіру, дене дайындығы, дене дамуы, қозғалтқыш
белсенділігі, оқу және еңбек ерекшеліктері.
2. Ауыл мектебінің материалдық базасының нашарлығына байланысты жоспарлау
құжаттарында белсенділігі аз материалдар байқалды (шахмат, дойбы). Әрине,
мұндай жағдайда оқушылардың дене әлеуетіжоғарыламайды және олар
Президенттік сынамалар нормативтерінің талабына сай болмайды.
Ауыл мектерінде дене тәрбиесіүрдісін жетілдіру үшін қазіргі кезенде
үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шараларға сүйене отырып (ауыл жылы,
мемлекеттік бағдарлама т.б.), әлеуметтік-экономикалық факторды
(қаржыландыру мәселесі), сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімдер
дәстүрлерін, жергілікті жағдайларды ескеретін дене жаттығуларды, жарыстарды
ұйымдастыру керек. Онсыз игермеу болмайтыны сөзсіз.

1.2. Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,
алғаш рет бөліпқараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу
жасай отырып, ұлттык ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Бұл жерде айта кететін бір жайт: қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта еңбегі М. Гуннердің толықтырылып,
өңделген кітабы.
XX ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз,
түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап,
олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі
құрамдас бөлшегі балалар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген.
Орыс миссионері А. Васильев Игры сартовских детей мақаласында
Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық
ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты анықтап
зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жаткан дәстүрлі Чимчук тушты бошимга ойыны. Ташкентттегі
сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов мақаласында өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілінің белгілі уакытында
Құстар ойынын (тауық, қаз т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі
зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтыңұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегіөзекті мәселе болмағанына қарамастан, сол тоталитаризм
кезеңінде дәстүрліұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәпекеев,
Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев т.б. есімдерді атауға болады.
Әсіресе, М. Тәпекеевтіңқазақтыңұлттық және дәстүрлі ойындарын
зерттеген деректерініңөзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектеріҚазақстандағы
спорт пендене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің
халықтық педагогикасы сияқты көкейкесті мәселесінің негізінқалаған. М.
Тәпекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды - Казахские национальные
виды спорта и игры. Бұл зерттеуінде ізденушіқазақтың тоғыз құмалақ
ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынынын қажетті жақтарын ашып,
сонымен қатар басқа да ұлттыққозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып,
анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеріне сүйене отырып ғылыми
сараланған пікірлер айтады.
Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған Спорттың ұлттық
түрлері және оның тәрбиелі мәні жинағында ұтлттық спорт түрлері мен ұлттық
спорт ойындарының балалардың күнделікті тіршілігіндегі алатын орны,
тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса,
М.Балғымбаевтың Қазақтыңұлттық спорт ойын түрлері еңбегінде ат спортына
қатысты бәйгеден бастап, жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге,
т.б. жарыс түрлеріне сапостологиялық талдау жасалады.
Бала өмірінде ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның
алатын орны, формасы мен мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек
түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қоғамдағы қажеттілік біртұтасты
адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.
Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті,
айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекетке жол ашушы
ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, шынайы өмірде баланың аты – бала.
Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір
алғысына ілесіпкете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам
тәрізді, ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барасындағы спорттық жаттығулар мен
ойынның қажеттілігі мен зәрулігіне ғалымдар И.Давыдов, Л.Былеева,
В.Яковлев, Н. Поддысова, Н.Михайленко, Д.Хухлаева және тағы басқалар ерекше
назар аударған.
Д. Хухлаеваның пікірі бойынша, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болумен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қарекеттің символы болып табылады.
М.Конторович, Л.Михайлованың авторлығымен бірге жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойынын ұсынған. Олардың ішінде:
қояндар (6-7 жастарға); аңшы мен ит және қояндар (8 жастағылар үшін);
торғай мен мысық (9-10 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп,
қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан (Физическое воспитание в
детском саду) кітабында балабақшаныңәр тобында жас ерекшелігіне қарай
өзгеретін қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
тағы да басқа мәселелер қарастырылған. Мысалы: Қозғалып ойнау барысында
алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзітежеуге үйрету, сонымен қатар
барлық баланыңқабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
әлсіз жайбасар балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялықөзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектіңқұндылығын жоғарылатады.

II тарау
2.1. Дене тәрбиесіндегіқозғалмалы ойындардың маңызы
Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт
жәнеВ.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек
бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-
әрекетті шапшаң орындауында қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше.
Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен
қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.)
әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы
іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн
әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене
құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан
айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін
қозғалмалы ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс
барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік
артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап,
оның нерв жүйесін бекітеді. Қозғалмалы ойынның нәтижесінде бала белгілі
сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға
мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның
басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.
Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа
және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп
тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс
жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7
жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда
дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды
тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі.
Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге
мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен
қапталған қалың қан тамырларымен жабылған.

2.2. Бастауыш сынып оқушыларыныңқимыл-қозғалысын ұйымдастыру

4сынып бастауыш оқушыларыныңқимыл дағдысын қалыптастыру барысында
күрделіқозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен
белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 10 жасқа дейін қалыптастып,
әрі қарай шыңдалуының негізгі фундаменті қызметін атқарып, өмірде қимыл іс-
әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетудің алғы шарты
қалыптасады. Бастауыш сынып балаларының қимыл-қозғалыс әрекетін ұлттық
ойындар арқылы қалыптастыруда ағзаның жалпы дамуын тездететін қозғалмал
жүру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, еңбектеу, секіру, лақтыру элемнттерін
меңгеру қажет. Баланың қозғалыс дағдысын дамытумен қатар дене шынықтыру
жаттығу түрлерімен айналысуды жетілдіреміз. Себебі ұлттық ойын барысында
еңбектеу, секіру, лақтыру, жүру, жүгіруді орындау үшін денесі шынығып,
дамығаны дұрыс.
Жаттығуларды біртұтас, дара, ойынмен қолданысқаенгіземіз. Баланыңкүші
дамыған сайын, секірудегі өлшемі ұзарып, затты лақтыру алыстайды. Ұлттық
элементтер негізінде ойналған ойынның күнделікті тұрақты өмірге енуі
баланың тез шаршамай шыдамды еңбекке үйренуін және ұзақ қашықтыққа жүріп,
жүгіруіне төзімділік көрсетуге шыңдайды.
Ойын барысында балалар әртүрліқимыл жасайды. Тұрады, еңкейеді, қашады,
қолмен ұстайды. Бірақ олардыңеркін қимылының даму дәрежесі әлі төмен. Олар
ұйымдасқан түрде бірінің қолын бірі ұстап, бір бағытта жүре алмайды. 1,5-2-
дегі балалардың қимылды көп қажет ететіндігін ескеріп бұл үшін арнайы
жағдай ұйымдастыра отырып, мынаны есте сақтау керек: қимыл-қозғалыс
белсенділігі назар аудартқыштың қалыптасуына ойыншықтармен біраз ойнауына
бөгет жасамау керек. Балалардыңқозғалу талабын қанағаттандыра отырып,
олардыңіс-әрекетіне қимыл-қозғалыс жаттығуларын енгізуде тұрақты дағдыға
айналдырумен қатар денешынықтырудың элементтерін күннен-күнге күрделендіре
береміз.
7-8 жастағы балаларға қимыл-қозғалыс ойындарын дамытуда тұрып, отырып,
жатып орындайтын жалпы шынықтыру жаттығуларының маңызы зор. Ойындармен
қимыл-қозғалыс эрекеттерінің баланың дамуына мынадай прогрессивті көмегі
бар. Үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағытталуда,
тәуелсіз дербестіктің қарапайым формаларыныңқалыптасуы балалар арасында
жасалатын жаңа қатынас жалғыз ойнаудан, топ болып бірлесіп ойнау әрекетінен
өту қалыптасады.
7-8 жастағы балалардың негізгіқозғалыс-қимылдары ойын арқылы
шыңдалады. Онда негізгіқимылдар жетілдіреді, жүректілік, ұстамдылық,
шыдамдылық секлдіқасиеттер қалыптасады. Қозғалыс-қимыл ойындары топтық
сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыспен іс-әрекеттіңүйлесімді
болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып,
толғануы оның күшін жұмылдырып қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге
жетуіне көмектеседі. Басқа жағдайда ойыннан тыс жерде мүмкін ол мұндай
нәтижелерге жете алмас та еді. Ойынды әртүрлі жаттығу түрлерімен алмастырып
отыру – барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты. Бұл жастағы
балаларға арнап далада ойнайтын ұлттық ойындар: асықпен ойнайтын
Ханталапай, Көкпар, Айгөлект.б.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың
денсаулығын сақтау, нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді
шынықтыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

2.3. Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері

Мектепте сабак таңертеңгілік гимнастика өткізуден басталады, ол
сауықтыру ғана емес, тәрбиелік мақсатты да көздейді. Мектепте
сабақалдындағы гимнастика оқушыларды тәртіпке үйретеді, оқу күнін
ұйымдасқан түрде бастауға көмектеседі, ал гимнастикадан кейінгі сергек
көңіл күй оқушылардың жұмыс қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ сапасын
да жақсартады.
Сабаққа дейін күнделікті дене жаттығуларын өткізу көмегімен оқушылар
ағзаның функционалдық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сабаққа дейінгі
гимнастиканың маңызы өте зор: дене жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың
көңіл күйі жақсарады, алдағы болатын сабаққа деген ынтасын арттыруға
көмектеседі.
Сабаққа дейінгі гимнастиканы мектеп алаңында өткізген дұрыс. Ауа райы
қолайсыз болса ғана мектеп ішінде әр сынып өзіне екітілген тұрақты,
санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жерде шұғылданады.
Жаттығулар кәдімгі мектеп киімімен орындалады. Оқу жылы басында
сабаққадейінгі гимнастиканы мұғалім өзі жүргізеді. Одан әрі жаттығу
жүргізілуі 3-4 оқушыларына тапсыруға болады. Алайда
мұғалімніңсабаққақатысуы қажет.
Сабаққа дейінгі гимнастиканыңұзақтығы 8-10 минут, апталық көлемі
шамамен бір сағаттан астам уақытты құрайды. Ол келесі талаптарға жауап
беруі тиіс: ағзаға жан-жақты әсер ету. Оқушыларды шаршатпау және қоздырмау,
дене бітімін жақсарту. Оқушыларға жақсы таныс және оңай орындалатын 5-6
кешенді жаттығулардан тұруы тиіс. Негізінен, құралсыз орындалатын жалпы
дамыту жаттығулары өткізіледі. Бірінші – керілу, содан соңәр түрлі бұлшық
ет топтарына жаттығулар орындалады. Жүктемесі көп жаттығулар (жүгіру,
секіру т.б.) кешенді жаттығулар арасында жүргізіледі.Ойын жаттығулары мен
күрделі емес эстафетеларды пайдалануға да болады.
Гимнастиканы оқушылар бірден сабаққакірісетін баяу жаттығулармен
аяктағаны дұрыс. Жаттығулар құрамы айына бір рет өзгертіліп тұруы
кажет.Дене жаттығуларын орындағанда мұғалімге аяқ-қол, кеуденің бастапқы
қалпының дұрыстығын қадағалау қажет жәнеоқушылардың тынысты ұзақуақыт ұстап
тұрмауын қадағалаған абзал, ол біркелкі болуы тиіс және дем шығару емес,
дем алуға ерекше көңіл бөлген дұрыс.
Мұғалімнің жаттығу көрсетуі нақты анық және қысқа болуы тиіс.
Жаттығулар орындау балаларды шаршатпауы керек. Статикалык қалыпты ұзақ
уақыт ұстағанда оқушыларда бұлшық еттіңқалжырауы мүмкін, сондықтан бір
жаттығудан екіншісіне ауысып отыру керек.
Шағын кешенді ауыл мектептерінде жаттығулар өткізгенде мұғалімге
жаттығулар орындауды қайталау санын іріктеу қажет. Егер оқушылардың дене
күшінің дайындығы шамамен тең денгейде болса, онда мұғалім бірыңғай мөлшер
ұсынады, яғни барлық балалар үшін қайталау саны бірдей болады.
Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығу түрлері бағдарлама талаптарына
сәйкес әзірленеді.
Барлық гимнастикалықжаттығулар түрлерін мұғалім оқушылардың дене
дайындығына, олардың сандық күш құрамына қарай өзгеріп, толықтырылып, тіпті
әр түрлі ойын элементтерін енгізіп отырады.

Практикалық бөлім

Қазақтың ұлттық ойындарын спорт түрлерінде қолданғанда дене тәрбиесіне
тигізетін әсерлері

Көптеген ауылдық мектептерде дене тәрбиесі сабағын арнайы мамандығы
жоқ мұғалімдер жүргізетіндіктен, оқушылар жеткілікті білім мен дағдыны
қажетінше меңгере алмайды. Осыған байланысты біз мұғалімнің арнайы
дайындығын, оқушылардың дене жетілу, дене дайындық және даму деңгейлерін
тексердім. Қарағаш орта мектебінің бастауыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
Дене шынықтырудың міндеттері
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Қазақ халықтық педагогикасының мәні
Пәндер