Электрондық ақшалар және олардың Қазақстан аумағында қолданылуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы ... .5.7
1.2 Электрондық ақшалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.10
1.3 Электрондық ақшамен есеп айырысу түріндегі әлемдік қаржы нарығы...10.13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
2.1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкалармен операцияларын ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.16
2.2 Банктердегі пластикалық карточкалар айналымын құқықтық реттеу ... 16.19
2.3 АҚ «БТА Банк» 2005 . 2007 ж.ж. пластикалық карточкалармен қызметіне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.22
3 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкаларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер ... 23.26
3.2 Пластикалық карточкалар айналымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... 26.28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Сонғы он жылда Қазақстан өзінің төлем жүйелерін жалпы әлемдік үрдістер мен талаптарға сай, ең озық тәжірибелерді негізге ала отырып дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізді.
Ел экономикасының қарқынды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақты өсуі байқалады.
Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесін және пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесінің дизайнын әзірледі, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттік-кредиттік карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесі іс жүзінде кәдімгі банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған еді.
Жобада қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттік және кредиттік карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдерді жүзеге асыру көзделді. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкіндік туғызу үшін шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берілді.
Ұлттық Банктің банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екінші деңгейдегі банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделді. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екі бөлікке бөлінер еді: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.
Жоба негізінен сол кезеңдегі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму деңгейіне сәйкес қажет болмады. Қазіргі кезде осы жобаны кезең-кезеңімен іске асыру үшін барлық алғышарттар бар. Біріншіден, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық инфрақүрылымы осы кезең ішінде белгілі бір дамуға қол жеткізді. Екіншіден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететін төлем жүйесі қалыптасты.
Халық тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Қазақстан Республикасының кез келген жерінде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктің қызмет көрсететініне қарамастан есеп айырысуға мүмкінді
Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.
2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.

1. Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы ... .5-7
2. Электрондық ақшалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-
10
1.3 Электрондық ақшамен есеп айырысу түріндегі әлемдік қаржы нарығы...10-13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
2.1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкалармен
операцияларын ұйымдастыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-16
2.2 Банктердегі пластикалық карточкалар айналымын құқықтық реттеу ... 16-19
2.3 АҚ БТА Банк 2005 - 2007 ж.ж. пластикалық карточкалармен қызметіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19-22
3 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкаларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер ... 23-26
3.2 Пластикалық карточкалар айналымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... 26-
28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Сонғы он жылда Қазақстан өзінің төлем жүйелерін жалпы әлемдік үрдістер
мен талаптарға сай, ең озық тәжірибелерді негізге ала отырып дамытуда үлкен
табыстарға қол жеткізді.
Ел экономикасының қарқынды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем
жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақты өсуі
байқалады.
Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесінің техникалық-экономикалық
негіздемесін және пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесінің
дизайнын әзірледі, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттік-
кредиттік карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық
қолма-қол ақша жүйесі іс жүзінде кәдімгі банкноттар мен металл ақшаларға
толық ұқсас болуға арналған еді.
Жобада қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттік және кредиттік
карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдерді жүзеге асыру көзделді. Электрондық
қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкіндік туғызу үшін шетел валютасын
электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берілді.
Ұлттық Банктің банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы
сияқты электрондық ақшаны екінші деңгейдегі банктерге сату арқылы оны
айналымға шығару көзделді. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екі
бөлікке бөлінер еді: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.
Жоба негізінен сол кезеңдегі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
даму деңгейіне сәйкес қажет болмады. Қазіргі кезде осы жобаны кезең-
кезеңімен іске асыру үшін барлық алғышарттар бар. Біріншіден, екінші
деңгейдегі банктердің ақпараттық инфрақүрылымы осы кезең ішінде белгілі бір
дамуға қол жеткізді. Екіншіден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің
арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететін
төлем жүйесі қалыптасты.
Халық тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Қазақстан
Республикасының кез келген жерінде және осы карточканы ұстаушыға қандай
банктің қызмет көрсететініне қарамастан есеп айырысуға мүмкінді
Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін
кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка)
белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде
көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін
көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте
тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де
адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.
Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты пластикалық карточкалармен
есеп айырысу және оның түрлері қарастыру болып табылады. Жұмыстың мақсатына
жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
• Электрондық ақшалардың мәнін және мазмұнын ашу;
• Электрондық ақшалардың түрлерін анықтау;
• Электрондық ақшамен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
• Электрондық ақша жүйесіндегі қолма-қол емес есеп айырысудың
ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
• Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктің электрондық ақша
нарығы жағдайына талдау жасау;
• Банк жүйесіндегі электрондық ақшамен есеп айырысудың қиыншылықтарын
қарастыру;
• Электрондық ақшалар арқылы есеп айырысудың механизмінің шешу жолдары
анықтау.
2. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық
құралға айналуы, тұрғындардың басым белігі арасында олардың кең
танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына,
яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың
бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір
кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3
міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өтімділік және
табыстылық.
Пластикалық карточканы дүние жүзінде XX ғасырдың 60-жылдарының
ортасынан бастап кеңінен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы
төлем карточкаларының нарығы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем
карточкаларын қарапайым жіктеу бойынша магнитті жолағы бар және
микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады.
Магнитті жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екінші
жартысындагы негізгі төлем құралы, ол өз кемшіліктеріне қарамастан дамыған
елдерде кеңінен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз
кезегінде қорғалу деңгейі, жады көлемі мен атқаратын қызметі бойынша
магнитті жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулі артықшылықтары бар,
бірақ олардың дамыған елдердегі төлем жүйелерінде жаппай пайдаланылуын
жүйедегі магнитті жолағы бар карточкаларды пайдалануға негізделген ірі
инвестициялар тоқтатып отыр. Пластикалық карточканы аз уақыттан бері
қолданатын елдердің қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы
саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпіліс жасауына
мүмкіндігі бар.
Сөздікке сәйкес төлем карточкасы дегеніміз электрондық төлем
терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін
пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер
клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады.
Мамандардың көрсетуі бойынша төлем карточкасы Қазақстандағы төлем
жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана
қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі,
фотография мен болатын карталарды ұсынады). Әлемде екі жарым миллиардтан
астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу
құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де
есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп
айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады.
Банктің есеп айырысу-кассалық, операциялары екі формада жүзеге асады:
Қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар — клиенттердің банкте
ашқан шоттары көмегімен, олардың, тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші
бір шотқа аударылатын төлемдердіц жиынтыгы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар
электрондық, аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған акшалары (депозиттер).
Пластикалық карточкасын ұстаушысының қолынсыз жапсырма парақ жасау
телекоммуникациялардың желілері бойынша, телефонмен немесе төлем
карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне жәненемесе кәсіпкер мен клиенттің
арасында, ондай жапсырманы жасау мүмкіндігін қарастыратын, жасалған шартқа
сәйкес өзге де тәсілмен берілген хабарлар негізінде мүмкін болады. Бұл
орайда жоғарыда аталған хабар кіммен берілгенін анықтау егер мүмкін
болмаған кезде ондай жағдайда жүзеге асырылған төлем үшін жауапкершілік
кәсіпкердің авторлықты алған-алмағанына қарамастан сол кәсіпкердің өзіне
жүктеледі. Қағазда жасалған төлем құжатына жасалған кез келген түзетуге жол
берілмейді.
Пластикалық карточкасын пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу
төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша сатып алынған
шетелдік валютаның сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады. Эмитент
заңнама талаптарына қайшы келмейтін, оған берілген төлем карточкаларын
пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер сомасына шектеуге қоюға құқылы.
Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырғаннан кейін төлем
карточкасын ұстаушыға сауда чегі немесе төлем карточкасын пайдалану аркылы
төлемді жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатының (жапсырма парақтың)
данасы берілуі тиіс. Сауда чегінде төмендегідей реквизиттер болуы тиіс:
құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы және жылы; кәсіпкердің немесе
эквайзердің атауы (коды); төлемнің сомасы мен валютасы; төлем карточкасының
реквизиттері. Сауда чегінде косымша реквизиттер болуы мүмкін.
Пластикалық карточканы пайдалану арқылы Қазақстан Ұлттық Банкісімен
лицензиялауға жататын валюталық операциялар бойынша төлемді, сондай-ақ
тиісті құжаттар (шарт, келісім-шарт, келісім және т.б.) негізінде Қазақстан
Республикасы кеден шекара бекеті аркылы тауарлардың өтуін қарастыратын
экспорттық-импорттық операциялар бойынша бес мың американдық доллардың
эквивалентінен асатын сомаға төлемдерге жол берілмейді. Белгіленген
талаптарды сақтауға бақылау жасау Үәкілетті банктерге жүктеледі. Үәкілетті
банктің талабы бойынша клиент банкке төлем карточкасын пайдалану арқылы
жүзеге асырылған валюталық төлемдер бойынша растайтын құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды ұсыну мерзімін Үәкілетті банк белгілейді, бірақ ол 30
күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Үәкілетті банк төлем карточкаларын
пайдалану арқылы валюталық операцияларды жасау кезінде Қазақстан
Республикасы заңнамасын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Үәкілетті банк
ондай бұзушылықты анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті
материалдарды тіркей отырып, ондай бұзушылықтар туралы Қазақстан Ұлттық
банкіне хабарлауға міндетті.
Пластикалық карточканы пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру кезінде
жасалған төлем құжаты төмендегідей жағдайларда, егер: Ережелермен
белгіленген талаптар, жәненемесе төлем құжаттарын жасау мен үсыну
тәртібіне тиісті шарттардың тэртіптерін бұзушылықпен жасалса; қолдан жасау
белгілері болса; төлем санкцияланбаған не санкцияланған болып, бірақ төлем
құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерін бұзушылықпен
ұсынылса, қабылдауға жатпауы мүмкін.
Пластикалық карточканы пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлем, егер
төлемді жүзеге асыру кезінде төлем карточкасы блок жасалмаса, оның әрекет
ету мерзімі өтіп кетпесе және төлем карточкасын оның ұстаушысы төлем
карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес, сол арқылы төлем жүзеге
асқан төлемді жүзеге асыру үшін пайдаланган болса, санкцияланған болып
табылады. Төлемді санкцияландырылу талаптары бұзылумен және қолдан жасалған
төлем карточкаларын пайдаланумен жүзеге асырылган төлем
санкцияландырылмаған болып табылады.
2. Электрондық ақшалардың түрлері
Қазіргі кезде коммерциялық банктердің айналысқа енгізген пластикалық
карточкалардың түрлері көп.
Негізгі карточка - банк шотының иесіне өз шотына қол жеткізуге
мүмкіндік беретін төлем карточкасы.
Қосымша карточка - жекелеген шоты болмайтын төлем карточкасы, негізгі
карточка шотынын белгілі бір лимитін басқару құқығын береді.
Электрондық ақшалар - компьютер торабынын, ақпараттарды автоматты
түрде өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі
түрлі болып келеді:
• Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қара жаты
бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттан қаражатты
пайдалануға, банкомат аркылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ
тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
• Кредиттік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер
үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен
колданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында колданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай
түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға
арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Пластикалық карточкалардың кең тараған түрлері.
• Электрондық
• Классикалық
• Алтын
• Платина
• Жалақы карта
• Зейнетақы карта
Есеп айырысуды Интернет желісінде жүргізетіндер үшін банктердің Уіssа
деген карточка ұсынады. Клиентке карточка деректемелері, нөмірі бар, әрекет
мерзімі, сәйкестендіру коды және клиенттің мәліметтері көрсетілген карточка
баламасы беріледі.
Карточка жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар үшін
шығарылады. ІІС карточкасы бойынша осындай логотип койылған барлық жердегі
тауарлар мен қызметтерге дисконттық жеңілдік алуға болады. Қазақстанда
казірдің өзінде ІQІС карточкасымен женілдік беретін 50-ден астам кәсіпорын
бар: бұлар - медицина орталықтары, боулинг-орталықтары, кафелер, музейлер,
түнгі клубтар, сондай-ақ барлық халықаралық әуе компаниялары.
ІQІС таралған дүние жүзіндегі кез келген елде көмек желісімен байланысын,
құқықтық және медициналық көмек алуға болады. Көмек желісі тәулік бойы
жұмыс істейді және операторлар 4 тілде (ағылшынша, немісше, французша,
испанша) жауап бере алады. ІАРА дисконттық карточкаларын ұсынады.
ІАРА карточкалары бойынша әуе билеттеріне тапсырыс (бронь)
берілгенде, қонақ үйлерінен орын алғанда, автокөлік
жалдағанда
айтарлықтай женілдіктер ұсынылады.
ІАРА компаниясынын косымша сервистік кызметі - шет елдердің
халықаралық әуежайларында жоғалған жүкті 48 сағаттын ішінде тауып беру
мүмкіндігі (95 пайыздык кепілдігі) бар.
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары.
Карточкамен есеп айырысу арқылы дүние жүзі бойынша ондаған миллион
сауда нүктесі мен сервис орнынын қызметін пайдалануға болады. Карточканы
әмбебап валюта деуге болады. Қай елде жүргенінізге қарамастан, жасаған
сауданыздың ақшасы бірден сол елдің валютасына айырбасталады. Ақша
айырбастауда қолданылатын бағам, әдетте, валюта айырбастайтын пункттердегі
бағамнан төмен болады.
Бүкіл әлем бойынша банкоматтардын кеңейтілген желісі тәулік бойы әрі
демалыссыз қызмет көрсетеді. Олардың көмегімен барған елдің валютасына
барынша жылдам қол жеткізе алады. Карточкамен қолма-қол ақшаны қалай алуға
болады.
Қолма-қол ақшаны банктен алу.
Банктен қолма-қол ақша алу операциясын жүргізудін сауда немесе қызмет
үшін ақы төлеу рәсімінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Колма-қол ақшаны
банкоматтан алу. Банкомат түрлері мен моделі сан алуан. Дегенмен, бұған
қарамастан, барлық түріне ортақ стандарттары бар, оларды білу арқылы кез
келген елде жүріп, кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға болады.
Біріншіден, банкоматтын бәрінде де монитор, кардридер (ақпаратты оқитын
құрылғы) және принтер болады; екі пернетақта бар: біреуі - сандық, екіншісі
-меню тармақтарын таңдау үшін (ен соңғы үлгідегі банкоматтар сенсорлық
экранмен жабдықталған, екінші пернетақта монитор экранында орнал
астырылады). Екіншіден бүкіл дүние жүзі бойынша банкоматтан қолма-қол ақша
алудың кағидаты біркелкі болады және мынадай бірнеше қадамнан құралады:
Карточканы кардридерге салады. Кардридердің үстіндегі немесе астындағы
схемалық суретте карточканы қалай салу көрсетіледі (жолағын жоғары немесе
төмен, логотипті өзіңізге қарай немесе кері каратып). Егер карточка әрі
қарай өтпей қалса, онда бұл карточканың дұрыс салынбағандығын білдіреді.
Карточканы салғаннан кейін, ол әрі қарай өтіп кетсе, банкомат
экранында алғашкы меню пайда болады, әдетте - бүл тілді таңдау жөнінде.
Меню тармағын тандау үшін оған сәйкес келетін тиісті батырманы басасыз.
Келесі тармақ ДСН-кодын енгізу болып табылады. ДСН-коды сандық
пернетақтада теріледі, кодты тергеннен кейін пернетақтадағы Енгізу деген
пернені басу керек. Егер кателесіп кетсеңіз, Болдырмау деген пернені
басыңыз да, операцияны кайтадан бастаныз.
Келесі қадам - операцияны тандау. Кәдімгі операциялар жиынтығы қолма-
қол акша алу мен картшоттағы ақша қалдығы туралы ақпарат алудан тұрады.
Сондай-ақ банкомат шот бойынша үзінді алуға, кейбір төлем түрлерін
жүргізуге (мәселен, байланыс кызметі үшін), шотқа акша салуға, т.б.
мүмкіндік береді. Операциялар жиынтығы тұтастай алғанда банкомат пен ондағы
бағдарламалык камтамасыз ету жүйесіне тікелей байланысты. Банкомат
көмегімен әрқашан іске асыруға болатын операция - бұл қолма-қол ақша алу.
Бұл операция тиісті меню тармағының тұсындағы батырманы басу арқылы
орындалады.
Ең бастысы - ақша сомасын тандау. Әдетте, менюде белгіленген сома
түрлерінін бірнешеуі және өзге соманы тандау тармағы көрсетіледі.
Белгіленген ақша сомасы тармақтарынан өзінізге қажеттісін тандап, тиісті
тармақ тұсындағы пернені басасыз немесе өзге сома тармағын тандап алып,
қажетті соманы көрсетуге болады. Менюде көрсетілетін белгіленген сомадан
басқа ақша сомасы пернетақта көмегімен енгізіледі. Бір жолғы қолға алуға
болатын акшаның ең жоғары сомасы банкоматқа салынатын ақша банкноттарының
номиналына байланысты. Пернетақтадан кажетті соманы енгізіп, тандауды
аяқтайтын меню тармағын таңдап алынады.
Операцияның соңында чектін қажеттігі туралы сауал койылуы да,
койылмауы да мүмкін. Чектің керек немесе керек емес екендігіне өз
қалауыңызбен жауап бере алады.
Қазірігі кезде коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларының
көмегімен қол жеткізуге болатын операциялар:
• Қолма-қол ақша алу;
• Карточкаңыз бойынша соңғы 10 транзакция туралы үзінді және карточка
балансын алып отыру;
• Мобильдік байланыс, кәбілдік теледидар, Қазақтелеком қызметі үшін
ақы төлеу, қалада қол жеткізуге болатын басқа да төлемдер;
• Банктердің бір карточкасынан екіншісіне ақша аудару - Саrеlо
Саrсі;
• Карточкалық депозитте ақша жинақтау;
• Карточка бойынша кредит лимитін ашу;
• Мобильдік банкинг қызметіне қосылу;
• Қазақстан банкілерінде ЖЗҚ-дағы зейнетақылық жинағыңыз туралы үзінді
алып отыру;
• Қазақстанның түрғын үй-құрылыс жинақ банкі АҚ-да салымдар ашу және
кредитті өтеу.
1.3 Электрондық ақшамен есеп айырысу түріндегі әлемдік қаржы нарығы
Дамыған шет мемлекеттердегі халықаралық төлем карточкалары көптеген
қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының
маңызы зор.
20-шы ғасырдың аяғында өсіп келе жатқан сауда тапшылығы, сауданы
ырықтандыруға байланысты американдық қос жақты қатынастарға әсерін тигізді.
Құрама Штаттары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп жылдар бойы тауарлық
артықшылықты көрді. Бірақ 1973-1974 және 1979-1980 жыл-дары мұнай бағасы
тұрақтылығының бұзылуы және осы тұрақсыздықтың салдарынан болған өндірістің
әлемдік құлдырауы халықаралық сауданы тоқырауға әкелді. Сол уақыттары
Құрама Штаттары халықаралық бәсекелестікте ығыстырылуды сезінді.
1970-ші жылдары көптеген мемлекеттердің әсіресе
индустриалды елдердің, халықаралық экспорттық нарығында бэсекелестік
қабілеттері жоғарылай бастағаны байқалды.
Басқа мемлекеттер жетіліп келе жатқандықтан, АҚШ-тың экспорттық
өндіріс салаларының жұмысшыларын бұл елдердің АҚШ-тың нарығын өз
тауарларымен толтырып тастауы алаңдатты. Америка жұмысшылары, шетелдік
мемлекеттердің импорттан гөрі экспортқа әділетсіз бейімделу сауда саясатын
жүргізгендігін және құрыш өнеркәсібі сияқты жеке салаларға қаржылай көмек
көрсету арқылы өз экспортшыларына үшінші мемлекеттердің нарығын басып алуға
көмектескендігін нақтылады. Американдықтар үшін бүл алаңдаушылық аз бол-
андай, АҚШ-та негізделген көп ұлтты фирмалар осы уақыт ішінде, өндірістерін
шет елге өткізе бастады. Технологияның дамуы бұндай әрекеттерге қолайлы
болғандықтан, кейбір кәсіпорындар шет елде жұмысшылардың төлем ақысының
төмендігін, кедергілердің аздығын және өндірістік шығындарды кемітуге басқа
да шаралардың барын пайдаланды.
Кейінгі жылдары Американың сыртка шығарылатын өнімдеріне деген
сұраныстың өсуіне алып келген басқа мемлекеттердің экономикалық өсімі мен
доллардың құнсыздануы ұлғайған сайын экспорт пен импорттың арасындағы
айырмашылық кеми бастады.
Алайда, 1990-шы жылдары АҚШ-тың сыртқы төлем және сауда балансының
тапшылығы тағы да көтерілді. АКШ-тың экономикасы өзінің негізгі
әріптестерінің экономикасына қарағанда тез қарқынмен дами берді,
нәтижесінде басқа елдерде Америка тауарлары баяу өтетін болса,
американдықтардың шетелдік тауарларды сатып алу карқыны жоғары болды.
Сонымен қатар, Азиядағы қаржы дағдарысы, жақын орналаскан мемлекеттердің
тауарларын американдық тауарларға қарағанда әлде қайда арзандатып, доллар
құнының түсуіне әкеп соқтырды. Құрама Штаттарының сауда балансының
тапшылығы 1997 жылға қарай 110 миллиард долларды құрады және өсуін
жалғастыра берді.
Американдық лауазым иелері сауда балансының осындай күйіне әртүрлі
қарады. Қымбат емес шетелдік импорт 1990-шы жылдары кейбір саясатшылар
потенциалды қауіп деп санаған инфляциядан сактап қалды. Алайда, дәл сол
кезде американдық сыртқы сауда және ғаламдық экономикалық саясатты
жүргізушілер шетелдік тауарлардың толып кетуі өз өндіріс салаларына кедергі
жасайды деп қорқақтады. Сонымен, шетелдік несиегерлердің сауда балансының
тапшылығын қаржыландыруға әзір екендігіне қарамастан, АҚШ-тың лауазым
иелерін несиегерлерді бұл рөл жалықтырып жібереді ме деген ой мазалады. Өз
кезегінде осы жай пайыздық ставкіні көтеріп, доллар құнының төмендеуіне
алып келуі мүмкін еді, және нәтижесінде экономикалық белсенділіктің
бәсендеуіне соқтырар еді.
Дамыған шет мемлекеттердегі төлем балансының құрылымын қарастырып
өтелік. АҚШ және дамыған Еуропа елдерінде операцияларының сипатына қарай
басылымдарда жарияланатын төлем балансы негізгі екі бөлімді біріктіреді.
Сауда балансы - экспорт бойынша түсіммен және импорт бойынша
төлемдердің арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда
активтік сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса
(мысалы, нарықтық экономикаға өтуші мемлекеттерде) онда сауда балансының
пассивтік сальдосы пайда болады.
Өркендеген елдердің (мысалы, АҚШ) сауда балансының тапшылығы бәсекелес
мемлекеттердің (Батыс Еуропа, Жапония, Жаңа индустриалды мемлекеттердің)
импорттық тауарларын белсенді түрде әкелуінің нәтижесі болуы мүмкін.
Көрсетілген кызметтер балансы (немесе оны "көрінбейтін" операциялардың
балансы деп те атайды) - ол формасы бойынша да және экономикалық мазмүны
бойынша да әр түрлі, сонымен бірге коммерциялық емес операциялар бойынша
төлемдер мен түсімдерді біріктіреді. Олардың қатарында: жүк тасымалы,
байланыс, сақтандыру, комиссиялық операциялар, халықаралық туризм, іскерлік
сапар шегу, мәдени айырбас, дипломатиялық және саудалық өкілдіктердің
жұмысын ұйымдастыру, лицензия беру, техникалық көмек, лизинг операциялары,
қаламақы төлеу, өнер табысы, шетелдегі әскери шығындар және т.с.с.
Халықаралық әдістеме бойынша несие бойынша проценттер және шетел
инвестициясы бойынша дивидендтер көрсетілген кызмет түрлеріне енгізілген,
бірақ экономикалық мазмұны бойынша олар капитал және несие қозғалыстарына
жатады.
"Бір жакты аударым" деген тарау көрсетілген; оған кіретіндер:
а) мемлекеттік (елдерге экономикалық көмек ретіндегі субсидия (жәрдем
ақша), зейнетақы, халықаралық ұйымдарға төленетін жарна);
ә) жеке (шетел жұмысшыларының жалақысы).
Бұл жеке аударымдар - Италияға, Түркияға, Испанияға, Грецияға,
Партугалияға, Пәкістанға, Египетке және с.с. басқа да елдерге - валюталық
түсімнің көзі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдер үшін (ГФР, Францияға,
Швейцарияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа және с.с.) тұтыну аударымы - төлем
балансының жетімсіздік тарауы.
Капитал және несие козғалыстарынын балансы - ол жеке және мемлекеттік
капиталдарды әкелу мен әкету бойынша, алынған және берілген халықаралық
несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатысы. Кәсіпкерлер
капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция (кәсіпорынға) және
портфельдік қаржы жұмсау (бағалы қағаздарға) формасында жүзеге асырылады.
Қарыз капиталының халықаральқ козғалысы ұзақ мерзімді, орта мерзімді және
қыска мерзімді несие түрлерінде болады. Мемлекеттердін тұрақсыз валюта-
экономикалық жағдайында "ыстық ақшаның" стихиялы қозғалысы пайда болып,
капитал жоғарылау табыс табу және сенімді баспана іздеу қозғалысында
болады. Төлем балансыныц осы аталған бөлімінде "қателер және қалдырып кету"
деген тарауында статистикалық дәлсіздіктер және есептелмеген операциялар,
сондай-ақ капиталдың стихиялы қозғалысындағы дәлсіздіктер көрсетіледі.
Дамушы елдердің көбісі нетто-қарыздар мемлекет болып есептеледі. Ол
түскен "жалынды ақша" легінен емес, сыртқы займдарды көп тарту салдарынан
бұл елдер тобында сыртқы қарыз проблемасы шиеленісуде.
Қорыта айтқанда, халықаралық есеп айырысу балансы (немесе төлем
балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық, қарыз
балансы) макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде айырықша орын
алады. Ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ - ВВП) мен ұлттық табысты анықтағанда
халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді.
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негізгі және
баланстандырушы болып екіге бөлінеді. Негізгі тарауларға - ағымдағы
операциялар мен ұзақ мерзімді капиталдың қозғалысы, ал баланстандырушы
тарауларға - валюталық резервтердің козғалысы, қысқа мерзімді активтердің
өзгерістері, шетел көмегінің кейбір түрлері, сыртқы мемлекеттік займдар,
халықаралық валюта-несиелік ұйымдардың несиелері және т.б. төлем балансының
сальдосын толыктырушы көздер жатады. Баланстың негізгі және баланстандырушы
тарауларының қорытынды көрсеткіштері бірін-бірі өзара өтеуі қажет, яғни
баланс формальды тепе-тең болуы қажет. Егер төлемдер негізгі тараулардың
түсімдерінен артық болса, онда баланстың жетіспеушілігі баланстандырушы
тараулар есебінен толықтырылады. Дәстүр бойынша ол үшін займдар мен
кәсіпкерлердің әкелген капиталы қолданылады. Бұл төлем балансының
жетіспеушілігін толтыратын уақытша әдіс, себебі қарыздар - елдер займдардың
негізгі сомасын, оған қоса проценттік өсім және дивидендтер төлеуі қажет.
Есеп айырысу негізінен қолма-қол ақшасыз, төлем құралдарын бір шоттан
екінші шотқа аудару түрінде жүргізіледі. Ол үшін шетел банктерімен
корреспондеттік келісімдер арқылы корреспондеттік шоттар ашады: лоро (шетел
банктердің үлттық банктерде) және ностро (осы банктың шетел банкте ашқан
шоты)
Халықаралық есеп айырысудың бір ерекшелігі ұлттық валюталар өз елінен
тыс занды төлем құралы бола алмайтындықтан жалпы барлық мемлекеттерге
бірдей занды төлем құралының жоқтығы. Сондықтан халықаралық есеп айырысуда
девиз пайдаланады.
Девиз - халықаралық есеп айырысуда әр түрлі төлем құралдарының өкілі
ретінде пайдаланатын шетелдік валютадан тұратын төлем құралдары. Оларға
векселдер, чектер, аударымдар, банктік карточкалар, аккретитивтер, төлем
бұйрықтары және т.б. жатады.
Халықарылық Банктік карточкалар (кредиттік, пластикалық, т.б.) -өзінің
иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету
үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп
айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы - еврода
кеңінен қолданыла бастады.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ-НАРЫҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ
ДАМУЫН БАҒАЛАУ

операцияларын ұйымдастыру тәртібі
Пластикалық карточкалармен қызмет көрсету процесінде пайда болатын
төлем міңдеттемелерін орындаудың кепілі оларды шығарушы банк болып
табылады, ол шарттар мен лимиттерді айқындайды, сондықтан оның екі түрі
болады: дебеттік және несиелік. Оның айырмашылығы мынада, дебеттік
карточкаға иесі ақшаны пайдалануға белгіленген лимит шегінде белгілі бір
ақша сомасын енгізеді. Несие карточкасы бойынша ақша карточка шотына ақша
алдына ала орналастырылмайды, банк оны несие түрінде ұсынады, оны
пайдаланғаны үшін банкке тиісті сыйақы беріледі.
• Карточкалар ұйымның бір шотымен байланысты жеке және
корпоративті болуы мүмкін, мұның өзі қызметкерлердің қызметтік
шығындарын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Карточкаларды
бірыңғайландыру штрих-код (аздау қорғалған), магнитгік жолақ
(неғұрлым кеңінен таралған) және чип (смарт-картамен)
кемектерімен жүзеге асырылады
• Карточкалардың иелері банкоматтардағы өзінің шоттарының жағдайын
банк филиалында орнатылған электроңды терминалдар көмегімен
тегін қарай алады. Карточка иесі айына бір рет шот бойынша ақы
төлеусіз толық жазбаны ала алады, онда операция түрлері,
операцияның күні, орны көрсетілген карточка шоты барлық қозғалыс
көрсетіледі. Карт-шоттағы калдық ақшаға тиісті шарт-та кезделген
мөлшерде сыйақы (мүлде) есептеледі.
Пластикалық карталар ішкі және сырткы сауданы, туризмді дамытуға,
еліміздің салық жүйесін нығайтуға, ақшаны көлеңкелі айналымнан шығаруға,
банк жүйесіне деген сенімді күшейтуге, оның өтімділігі мен түрақтылығын
жақсартуға жәрдемдеседі. Бірақта пластикалық карталар жаңадан бір
проблемаларды алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында Қазақстан
Республикасынын бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген плас-
тикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-
бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.
Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық
карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын
кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен -
төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды
халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дарысқа орай
эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып
отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық
карточкалармен алаяктық жасау болып табылады. Мәселен, пластикалық
карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы
жылда 25 есе артып кетті.
Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек
техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құқыктық әдістермен,
яғни пластикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардын материалдық
жауапкершілігінің өзара қарым-катынасын реттейтін нормативтік құкықтық
актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары
мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтыктың (кардерлер —
пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою
жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет. Қазақстан Республикасында
кылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын
қолдан жасау арқылы біркатар банктерге шабуыл жасады, 2002—2003 жылдары
ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға
тіркелген, бүл орайда ондай қылмыс санынын өсе түсуі байқалады.
Қазақстанда пластикалық карточкаларға қатысты еңбекақы жобасы
-дебеттік карточкалары көбеюде, ол бойынша комиссиялық сыйақы теңгелік
карточкамен бір проценттейін құрайды, шетел валютасы бойынша алынатын
сомадан екі процент сыйақы ұсталады. Төлем карточкаларын шығаруды 14 банк
жүзеге асырады, бұл шамамен 3 мың терминалды, 2 мың импринтерлер мен 650
банкоматты пайдалану арқылы бір жарым мың ұйымға қызмет керсетеді.
Төлемдік карточкалар Қазақстанда тез дамып кетті, көбі ондай болады
деп ойлаған да жоқ, мәселен, 2003 жыңың бірінші жарты жылдығында 167,4
миллиард теңгеге 12,9 миллион транс-акциялар жасалды. [
Қазақстандағы жаңа бағыттың бірі пошталық төлем карточкаларын енгізу
болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі
Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің
негізінде төлем карточкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді.
Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық
жүйесінің жұмыс істеуінін жалпы талаптарының және төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.
Бүгінгі күні Қазақстан өзінің Ұлттық төлем жүйелерін қалыптастыру мен
дамытуда ТМД елдері ішінде өзгелерден өлдеқайда ілгері кетіп, алдыңғы
жетекші орында келеді. Көршілеріміз Ресей, Қырғызстан жене басқа да елдерде
төлем жүйелерін реформалаудың қазіргі жағдайы мен барысы Қазақстанда 90-шы
жылдардың орта шенінде атқарылып кеткен шаралардың деңгейінде қалып отыр.

жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің түрақты өсуі
байқалады. Тек қана, үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде төлем жүйелері арқылы
сомасы 66 трлн. теңге қүрайтын жалпы саны 18,2 млн. төлем операциялары
жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 10%-га (1,7
млн. транзакцияға), ал сомасы 78,9%-ға (29,1 трлн. тг.) артқан. Бұл шартты
түрде алғанда, әрбір ай сайын еліміздің төлем жүйелерінде жалпы сомасы 2005
жылғы еліміздің ұлттық жалпы ішкі өнімінің (7,6 трлн тг.) көлеміне бара-бар
келетін ақша аударымдары жүзеге асырылып отырылғандығын байқатса керек.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесін
құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі кезең
ішінде Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша ІВМ фирмасы (АҚШ) және банкаралық
жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесінің техникалық-
экономикалық негіздемесін және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған
жүйесінің дизайнын әзірледі, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны
және дебеттіккредиттік карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен
қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесі іс жүзінде кәдімгі банкноттар мен
металл ақшаларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz