Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері


Мазмұны
Кіріспе3
1 Тарау Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық құқықсубъектілері
1. 1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі5
1. 2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері20
1. 3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану24
2 Тарау Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі28
Қорытынды30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 31
Кіріспе
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі - азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.
Занды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар. Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектілік - салалық құқық субъектіліктің бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, зандық шындық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың ерекше институты - құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар - адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық, заңдық қасиеттері больп табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бүған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндетгерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметгі өтеу міндетгері) .
1 Тарау Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық құқық субъектілері
1. 1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
ҚР Азаматгық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде кездеседі. [1. 7]
Азаматтық құқық субъектілерінің (немесе тұлғаларының) ішінен де ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.
"Жеке тұлға" жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекетгердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминін қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдікгер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, "азамат" терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады (ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, ҚР АК-ның 3-бабының 7-тармағы) . "Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты - құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.
Азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі - жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін құқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі - құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы зандық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететініндей, әдце бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъекгіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР Конституциясының терминологиясында құқық субъектіліктің нақ әрбір тұлғаға тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.
Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиетгерінде нақты субъективтік құқықтар мен міндетгер құқығын иеленудің абстрактілік алғы-шарты ретінде құқық субъектіліктің сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстракіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болады.
Кейбір авторлар құқық субъектілі құқықты иеленудің абстрактілік мүмкіндігі ретінде құқық субъектісінің жеке құқықтарының жиынтығы немесе кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мүлде оның мазмұнсыздығын көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктің өз көлемі, өз мазмұны бар, оның үстіне, әр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және занды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмүны болады. Бұған қоса, тіпті әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны да түрліше болады. АК-ның 14-бабында азаматтардың құқық субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементгері туралы айтылады. Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысу, жеке өзі немесе басқа азаматтармен және занды тұлғалармен бірігіп, занды тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндетгемелерге қатысу, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және өзіндік құқықтары көзделген. ] [2. 9]
Өзінің зандық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше субъективтік құқық - мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену құқығы болып табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық субъектіліктің табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан ерекше айқьш байқалады. Мәселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы, республикада кімдердің заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматық конституциялық құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР Конституциясының 13, 21 және 26-баптары) .
Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы ретінде көздей отырьш, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)
Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудың теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша тану құқық субъектілікті жүзеге асыру кезінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті өтуі тиіс.
Адамның зандық қасиеті ретінде, ерекше субъекгивтік құқық ретінде азаматтық құқық субъектілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстырғанда бұл өзгеше деңгейдегі құқық больш табылады: олар бір-бірімен жалпы және жеке-дара арақатынаста болады. Басқаша айтқанда, әрбір құқық субъектілік тұлға тиісіі нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Әрбір құқық субъектісінің заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты мәселе басқаша. Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке-дара болады және ұдайы өзгеріп отырады. Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап айтқанда, меншігінде пөтері болуы мүмкін. Алайда кез келген адамның іс жүзінде белгілі бір мекен-жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пәтерге меншік құқығы бола бермейді. Кез келген басқа мүлік жөнінде де осыны айтуға болады. Нақты субъективтік құқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке-дараланған - бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы.
Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасындагы айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай соншалықты көрнекті көрінбейді, бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде кездеседі. Мысалы, құқық субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы бар, бірақ қалаған жерінде тұру - бұл енді нақты субъективтік құқық болады.
Белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде кез келген субъективтік құқық пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Мысалы, азаматтың құқық субъектілігі ол туған сәттен басталып, оның өлімімен тоқтатылады.
Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, алуан түрлі заңдық фактілердің негізінде пайда болады жөне тоқтатылады. Кейде нақты субъективтік құқық бір фактінің негізінде емес, іс жүзіндегі құрам деп аталатын бірқатар фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады. Мәселен, сатып алу-сату, сыйға тарту, мүра алу секілді зандық фактілердің негізіңце белгілі бір адамның белгілі бір объектілерге меншік құқығы пайда болады, бірақ бұл қашан да тиісті құқық субъектілігі бар адамда туады. Ол нақты субъективтік құқықтардың пайда болуының алғышарты болып есептеледі және олар пайда болғанда толық көлемде сақталады. Алайда құқық субъектілікті шектеу осымен бірге тиісті нақты субъекгивтік құқықтың тоқтатылуына себепші болады.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің бөлінбес бірлігі түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке тұлғалардың азаматтық құүқық субъектілігі құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне бөлінеді, бүлар Азаматтық кодексте жеке тұлғалар туралы параграфта әр түрлі баптармен беріледі.
Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-өрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады (АК-ның 13 және 17-баптары) .
Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда, азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің азаматтық құқық субъекгілігінің негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс-әрекетгерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілетгілігі жоқ субъект мүлде азаматтық құқық субъекгісі бола алмайды. Азаматгық әрекет қабілеттілігі жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам - бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. АК-да занды тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы арнайы бап (25-бап) болғанымен, олардың әрекет қабілеттілігіне қатысты мұндай бап жоқ.
Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі АК нормаларында көрсе-тілген, олар "әрекет қабілеттілігі" деген терминнің өзін пайдаланбастан, заңды тұлғаның өз органдары мен өкілдері арқылы өзіне құқықтарды қабылдау тәртібін анықтайды. Сондықтан құқық субъектілік ұғымы әрекет қабілеттілікті іс жүзінде құқық қабілеттілікті жүзеге асырудың жалпы шарты ретінде қамтиды. Сонымен бірге, бұл - құқық қабілеттілікті жүзеге асыру шарты, ал құқық субъектілікте әрекет қабілетгілікгі бөліп көрсету адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне, оның өз іс-әрекеттерін ой елегінен өткізіп, оларды қолдана білу қабілетіне байланысты. Құқық субъектілікте құқық қабілеттілік анықтаушы элемент болып табылатынын ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылатынын атап көрсеткен ҚР Конституциясының 12-бабына, сондай-ақ азаматтың құқық қабілетгілігі ол туған сәттен басталады деп көрсеткен АК-ның 13-бабьшың 2-тармағына сүйену арқылы азаматгьщ құқық субъектілігі ол туған сәгген басталады деген қорытынды жасауға болады.
АК-ның 13-бабында "Азаматтық құқыққа ие больш, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады" деп көрсетілген. Сонымен, АК азаматтардың тең құқық қабілеттілігі принципін белгілейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және кез келген өзге де мән-жайларға тәуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінен айыруға мүлде жол берілмейді.
Тек заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, АК-да көзделген ерекше жағдайларда ғана азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келеді. Конституция бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
Атап айтқанда, ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдарға қолданылатын шектеулер азаматтық құқық қабілетгілікті шектеулердің қатарына жатады. Азаматтық заң актілерінде мұндай шектеулер аса көп емес. Мәселен, жер туралы заңдарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін жер учаскелері болмауы тиіс.
Заң актілерінде ҚР азаматтары емес және тұлғалар үшін кейбір қызмет түрлерімен (адвокатгық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер қойылған. Құқық қабілеттілігін шектеу жеке тұлғалардың белгілі бір санаттарына ғана емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке тұлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес соттың үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.
Азаматтық құқық қабілеттіліктің тендігі принципі азаматтық құқық субъектілерінің барлық түрлері үшін жалпылама принцип емес, ол жеке тұлғаларға ғана таралады. Ал заңды тұлғаларға келетін болсақ, онда, олар біріншіден, өзінің табиғаты жөнінен жеке тұлғаларға ғана байланысты құқықтарды иелене алады (мысалы, мүлікті мұраға қалдыру құқығы) . Екіншіден, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің өзі олар алуан түрлері үшін бірдей болмайды. Мәселен, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі болатын мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігіне қарағанда, қазыналық кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі тар болып келеді. Шаруашылық серіктестіктермен салыстырғанда, мекемелердің құқық қабілеттілігі тар болады. Занды тұлғалардың құқық субъектілігі заңды тұлғалар жөніндегі тарауда толығырақ қарастырылады. Мұнда жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыру зандық шындықта орын алатын бірқатар мән-жайларға байланысты болатынына назар аудару қажет. Мәселен, тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар адамдар ғана кейбір қызмет түрлерімен айналыса алады. Кейбір қызмет түрлерімен айналысу бұл тұлғаларды міндетті түрде тіркеумен немесе жоғары білімінің болуымен және мемлекеттік аттестациядан өтуімен байланысты болады (мысалы, адвокаттық қызметпен айналысу үшін) . Заң кейде құқық қабілеттілік шарасының өзін белгілі бір фактілермен, атап айтқанда, лицензия алумен байланыстырады. Мысалы, АК-ның 35-бабы айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады деп көрсеткен. Осылайша, занды тұлғаның құқық субъектілігі белгілі бір зандық фактілердің болуына байланысты уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Құқық қабілеттіліктің мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты мән-жайларға қатысты осы айтылғандардың барлығы кезінде серпінді дамитын құбылыс - құқық қабілеттілігі теориясының тууы үшін негіз болды. Мәселен, М. М. Агарков былайша жорамалдады: осы сәттегі әрбір тұлға үшін азаматтық құқық қабілеттілігі оның басқа тұлғалармен өзара әрекеттесуіне қарай нақты құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін білдіреді.
Осы заманға шындыққа сәйкес түзетулер енгізілген серпінді құқық қабілеттілік теориясы занды тұлғаларға лайықты болар. Бірақ, жеке тұлғаларға қатысты алғанда, ол АК нормаларына ғана емес, сондай-ақ адам мен азамат құқықтары теңдігінің конституциялық принципіне де қайшы келеді. Шынында да, заңдарда көзделген бірқатар мән-жайлар азаматтардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыруға ықпал ете алады. Бірақ мұндай мән-жайлар заңды тұлғалармен болғандағыдай, жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігін өзгертпейді, оны жүзеге асырудың шарттары болады. Сондықтан жеке тұлғаларға қатысты алғанда, құқық қабілеттілікті әрбір тұлға үшін бірдей деп айыра білу керек.
Құқық қабілеттілікті жүзеге асыру жағдайларын жалпы және ерекше жағдайларға бөлуге болады. Құқық қабілетгілікті барлық жағдайларда жүзеге асыру үшін жалпы жағдайлар болуы қажет. Құқық қабілеттілікті белгілі бір, зандарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар қажет.
Әрекет қабілеттілігі құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы болып табылады.
Азаматтың толық көлемдегі әрекет қабілеттілігі ол 18 жасқа жеткен кезден басталады. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқық қабілетгілігін олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
Құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы ретіндегі әрекет қабілетгілігімен қатар, зандар бірқатар жағдайларда оны жүзеге асырудың ерекше жағдайларын да көздейді. Бұл - лицензия немесе өзге де рұқсаттар алу, арнаулы білімнің болуы, аттестациядан өту жөне заңдарда көзделген басқа да мән-жайлар. Мысалы, өндірістік кооператив туралы заңға сәйкес 16 жасқа толған және кооперативтің қызметіне белсене қатысатын адам оған мүше бола алады. [3. 15]
Құқық қабілетгілікті жүзеге асырудың барлық ерекше жағдайлары өздерінің табиғаты жөнінен заңдық фактілер болып табылады және оларды заңдық тұлғалардың құқық қабілетгілігі ұғымы қамтымайды, өйткені заңдар азаматтар мен басқа да жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі теңдігінің конституциялық принципінен туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz