Н.Құлжанованың мұраларының зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Н. Құлжанованың мұраларының зерттелуі

Мазмұны

Кіріспе

I. Н. Құлжанованың алғашқы тырнақалды мақалалары

II. Н. Құлжанованың шыққан еңбегі

III. Н. Құлжанова және Абай мұралары

IV. Н. Құлжанованың мұраларының зерттелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі Торғай облысы Жангелдин ауданының көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен, қазақ әйелдерінің арасынан әлеумет өмірінде алғаш көрінген кісінің бірі- Нәзипа Құлжанова болды. Ол өткір журналист- публицист, педагог-тәлімгер, екі тілде бірдей жазатын аудармашы, Шығыс еңбекші әйелдерінің I съезін ұйымдастырушылардың бірі, орыс жағрапия қоғамының Семей бөлімшесінің мүшесі еді.

Ол 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген соң Торғайдағы қыз балалар училищесінде мұғалімдікке тағайындалады. Н. Құлжанова 1904 жылдан 1919 жылға дейін Семейдің мұғалімдер семинариясында оқытушы болып істейді, 1920-1922 жылдары Ақмолада әуелі мұғалім, кейін уездік комитете жауапты қызмет атқарады, одан соң Орынборға шақырылып, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан » журналының хатшысы, ал 1925-1929 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде редколлегия мүшелерінің бірі, «Әйел теңдігі» журналының бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хатшы қызметтерін атқарады.

Н. Құлжанованың белсене араласуымен сонау 20- жылдардың өзінде - ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. Мәселен, 1924 жылы Орынборда «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу » атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен «Әйел теңдігі » журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай - жапсары, мақсат - міндеттері жайында көптеген мақалалары жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н. Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын - соңды болмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Оның бұл еңбектері «Қазақ балалар педагогикасының алтын қорына қосылды» («Қазақ Совет Энциклопедиясы», 7- том. Алматы, 1975, 586-бет) .

Нәзипаның тәлім- тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл жәйт автордың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күн сәулесі мен таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары», т. б. мақалаларынан жақсы байқалады. Автор тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсына келіп, өзі түйіндеген тұжырымның түп негізі етіп: «Тәні саудың- жаны сау » дейтін халық даналығына саяды.

Тарих сахынасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыра білген қайраткерлердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын зерттеуге шындап мән беруіміз керек. Бұл жөнінде академик М. Қозыбаев: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер-жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек»[Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы: қазақ университеті, 1992. 272-б], -жазған еді.

І. Н. Құлжанованың алғашқы тырнақалды мақалалары

Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан қайраткерлер мен ғалымдардың атқарған қоғамдық-саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, соғысқа қатысқандарға арналды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі кедергі, бөгет болған коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстаным екендігі аян.

Маркстік-лениндік методология нәтижесінде ұлт зиялыларының рөлі жасанды түрде төмендетіліп, кейінгі орынға ығыстырылды. Көптеген талантты ғалымдар, өнер, мәдениет және қоғам қайраткерлері кеңестік жүйе тарапынан қысым көрді. Кеңестік билік қазақ ұлтының бетіне шыққан қаймағын, қалқып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры-рухани салада «ақтаңдақ»беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-жылдардың соңына қарай ғана алаш арыстары тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады. Солардың бірі-білім-парасатымен, ұлтжандығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген қазақ қызы-Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова-ұстаз, қаламгер, қайраткер.

Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептерде ерлі-зайыпты Құлжановтар оқып қана қоймай, ұлы ұстазының жолын қуған, ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында ағартушылық жолын бекем ұстаған, оқыту, тәрбиелеу ісінің теориясына да, практикасында да Н. Құлжанова именбей кірісіп, аянбай еңбек сіңірді.

Оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолға қоюды бетбұрыс жасаған «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» кітаптары және анна мен бала денсаулығына байланысты циклдік мақалалары Нәзипа Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық еңбегінің нәтижесі жүйелі құбылысқа ұласқандығын дәлелдеп берді. Бұл жолда оның қызметі А. Байтұрсынов, Х. Досмұхаметов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов сынды қазақ зиялыларының ағартушылық ойларымен, ұстанған жолдарымен тоғысып, үндесіп жатты.

Нәзипа Құлжанованың рухани мұрасы ХХ ғасырдың бас шеніндегі қазақ тарихын танудың дерек көзі де бола алады. Оның «Кез-келген халықтың нағыз ғылыми тарихын жазу, ең алдымен, сол халықтың өзі жасаған деректерді толық меңгермей мүмкін емес», -деген тұжырымы кейінгі буын жас тарихшыларға жол көрсетіп, жөн сілтейді.

Нәзипа Құлжанова-заманында ірі мәдени-қоғамдық істердің ұйымдастырушысы, ұйытқысы болған қайраткер.

Ерлі-зайыпты Құлжановтар Ресей иомператорлық география қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің мүшелігіне сайланып, ғылыми-ағартушылық, мәдени-қоғамдық істерге белсене араласқан. Оның үстіне Нәзипа Сегізбайқызы-аталған қоғамға мүше болған жалғыз қазақ қызы.

Географиялық қоғамның мүшесі ретінде Семей қаласында 1914, 1915 жылдары Нәзипа Құлжанова өткізген екі кеш тарихи, мәдени, танымдық тұрғыдан бағасын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Ол қазақ халқының ауыз әдебиетіне, этнографиясынағ музыкалық мұрасына байланысты материалдарды жинақтаған, кейбір үлгілерін Г. Потанин, А. Затаевич сияқты ғалым-жинаушыларға табыс еткен.

1920 жылы Халық комиссарлар кеңесі (совнарком) Қырғыз (Қазақ) АССР-ы Халықағарту комиссариатының тындырған алуан салалы істерін сараптай келіп, комиссариат ішінен қазақ тілінде оқулықтар мен кітаптар шығаратын бөлім ашу қажет деп шешекен. Сондай-ақ баспа істері жөнінде отыз адамнан құрылған арнаулы комиссия құрамы бекітілген. Олардың арасында Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Б. Күлеев, Т. Шонанов, С. Садуақасов, Қ. Жұбанов, М. Дулатов, С. Дөнентаев, Ғ. Қарашев, Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин сияқты ірі тұлғалар бар. Бұл комиссиясының аса беделді екендігін байқатады. Ал соншалықты мәртебелі комиссиасының құрамындағы жалғыз қазақ қызы -тағы да Н. Құлжанова. Бұл Нәзипаның семейден Орынборға келген кезі.

Халық ағарту комиссариатының қызметкерлігіне тағайындалған Нәзипа Құлжанова біраз жыл өткеннен соң жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық комитеттің (Центральный комитет нового казахского алфавита-ЦК НКА) құрамына енген. Орталық комитеттің «1927жылғы 1мамырынан 1928 жылдың 10маусымына дейінгі қызметі жайында» баяндама жасалып, 1927 жылдың 1қазанынан комитеттің құрамын жаңа мүшелермен толықтыру сөз болған. Олардың арасында «әйелдерден Құлжанова мен Бегалиеваның бар екендігі» хабарланған.

1920 жылдары Нәзипа Құлжанова араб әліпбиін тастап, латын әліпбиіне көшу жөніндегі саяси астары терең істің басы-қасында болды. Үкімет бекіткен комиссия құрамына енгендіктен, өз көзқарасына қайшы келсе де латын әліпбиіне еріксіз кешіру ісін амалсыз басынан өткерді. Бұл-сол кезеңдегі қазақ зиялыларының бармақтарын тістеткен көпе-көрнеу зорлықтың нәтижесі еді. Кирилл әліпбиіне көшу жолындағы алғашқы саты екендігін қазақтан шыққан ұлтжанды қайраткерлер мен ғалымдар әуел бастан ұққан болатын.

Нәзипа Құлжанова- қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы.

Оның «Қазақ», «Айқап», «Алаш», «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Жаңа мектеп» секілді мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақала, очерктері уақыт талабына жауап берген, оқырманға ой салған туындылар қатарынан берік орын алды. «Маржан» көркем әңгімесі мен әдебиеттің сан салалы мәселелерін қозғаған еңбектері оның қаламгерлік мүмкіндіктерін танытты.

Ол автор мен аудармашының жарысындай саналатын тәржіма өнерінің қалыптасуына да бір қаламгердей еңбек сіңірді. Ұсақ әңгімелерден бастап Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» сияқты күрделі шығармасын сөйлетуі әдебиет тарихында ескерілген жағдай. Н. Құлжанованың қаламгерлік мұраты мен эстетикалық талғамын айқындайтын барша шығармаларын тұтастай қарастырған жөн.

Әйел теңдігінің арашашысы Нәзипа Құлжанованың Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен, аумалы- төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі екендігіне дау жоқ. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшңн күресуге даярлаған еді. Сонда- ақ, қайсар қыз этнография тақырыбын зерттеп, мақалар жазып, талантын өзгелерге мойындатқан тұлға. 1913 жылы Орыс география қонғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше бола жүріп, «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел теңдігі мәселелеріне қатысты мақалалар жазып тұрды. «айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу - ағарту мәселелері туралы да қалам тербейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Тіл танытқыштар
Оқу-білім және педагогика
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
К.Б. Бержановтың ұлтаралық қатынас педагогикасы бүгінгі таңдағы көп мәдениеттілік ұғымы мен байланыстыру
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz