Өндірістік практика еебі


Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. Кәсіпорынның сипаттамасы.

2. Ұйымдастырушылық құрылымы.

3. Маманданған жұмыстары.

4. Негізгі өнімдері.

Қорытынды.

Әдебеттер тізімі.

Кіріспе

Бұл өндірістік практика «Глобал Мастер Групп» ЖШС-да өтуге жіберілді. «Глобал Мастер Групп» ЖШС Ақтөбе қаласы 312 атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан.

Өндірістік практика мерзімі 2014 жылдың 20 қаңтарынан 22 ақпанға дейін.

Өндірістік практиканың мақсаты - өндіріс технологиясымен, кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастырумен танысу.

Өндірістік практиканың міндеттері:

  • Өндіріс орнымен танысу, экологиялық бағыттағы жұмыстар жүргізу;
  • Мекеменің ішкі тәртібі бөлімдерімен танысу;
  • Зертханалық жұмыстар жүргізу және орындау;
  • Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша мәлімет жинақтау, зертханалық жұмыстар орындау;
  • Мекеменің қоғамдық шараларына белсенді қатысу;
  • Мекемедегі қауімсіздік ережелерін, еңбекті қорғау шараларын сақтау.

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАРИХЫ

«Агросервис - Инвест» ЖШС азық - түлік өндірісінің рыногында 1996 жылдан бері.

1997 жылдың наурыз айында газдалған сусынның бірінші бөтелкесі шығарылады.

Сол кезден бастап кәсіпорын шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, қуаттарын көбейту, өзіндік құны мен шығарылатын өнімнің сатылу бағаларын төмендету жөнінде үнемі жұмысын жүргізіп жатыр.

1999 жылдың ақпан айында өндірістік бөлмесі алынғаннан, сол кезде бар қондырғыны қазіргі заманғы және нәтижелі ауыстыруға мүмкіндік туды. 2000 жылдың маусым айында сағатына 6 мың бөтелке шығаратын сусын құю автоматтық желісі енгізілді. Кәсіпорын «МАСТЕР» сауда маркасын тіркеді.

Сусынның сапасын түбегейлі жақсарту бойынша бұл кезеңнің негізі болды. Жаңа кондырғы алдын-ала бос кеңістік диарация әдісімен сусындарды газдау негізі бойынша жұмыс жасайды. Бұл әдіс бойынша, бос кеңістік сейілтуі бар аппаратында душты ағыс негізі бойынша шашырататын, дайын сусындардан алдымен сұйықтықтағы ауа босатылып, содан соң олар көмірқышқылмен байытылады. Бұл әдіспен қолданылған кезде газдың көпіршіктері ұсақ болып сусынның дәмі ұмытылмайды, ал оның газдары көпке дейін сақталады.

Бұл әдіс көмірқышқылды жеткізілудің прогрессивті тәсілдерін ізденуін талап етті. 2001 жылда арнайы ыдысты сатып алғаннан бері «Самарский Диоксид» өндірісінің сапасы оданда жоғары сұйық көмірқышқылымен қолдануға көшті.

Өтім рыноктың өрлеуімен және жаңа рыноктарды ізденуімен шығарылатын өнімнің жиын түрлерін кеңейтуіне қажет болады.

2002 жылдың шілде айында Ақтөбе облысында алғаш рет өнеркәсіп қондырғысында «МАСТЕР» сауда маркасының тұшпаралары шығарыла бастады. Бұл өндіріс толығымен қолмен жасалуды жойды. Тартылған ет дайындау, қамыр илеу және тұшпараларды жасау «Доминиони» фирмасының итальяндық қондырғысында өндіріледі.

Тұшпаралар шығарылатын екінші желісін жіберіп, 3 түрлі: Мастер «Элит», Мастер «Стандарт+», Мастер « Наурыз» « МАСТЕР» тұшпараларын шығара бастаған « Агросервис- Инвест» ЖШС үшін 2003 жылы әйгелі болды. Бұдан басқа, мембраналық технология бойынша 5

литр ыдыстарына тазартылған ауыз суы және құрамында шырыны бар 5 түрлі сусындар шығарыла бастады. 2004 жылы шығарылатын өнімнің жиын түрі келесі түрлермен толықтырылды:

- тауық еті салынған Мастер « Пикантные» тұшпаралары;

- картоп салынған «Мастер» самсалары.

Аумағымыздың табиғи өнімдерінде йод тапшылығына байланысты ауруларынан сақтану үшін біздің кәсіпорынмен йодталған «Dr. Iodine»

ауыз суының технологиясы зерттеп дайындалды:

-адамның организміне қажет, құрамында витаминдер мен микроэлементтер жиыны бар алкогоьсыз газдалған сусындар

«Агросервис -Инвест» ЖШС еңбек ұжымы тұтынушылардың қалауларын қанағаттандыру үшін әрдайым жаңа шешімдерін іздеуде. Бүгінгі таңда біз отыздан астам өнім шығарамыз.

ҚР экономика және сауда Министрлігімен дайындалған Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес « Агросервис- Инвест» ЖШС өнімді өндіру және өткізу ережелерін орындайды, яғни сапасы стандарттар мен санитарлық нормалардың міндетті түріндегі талаптарына сәйкес келетін өнімдерін шығарады. Қазақстан Республикасының « Стандарттау және сертификаттау туралы» заңы бойынша кәсіпорынның барлық өнімдері ТШ талаптарына сәйкес келеді. Өндірістік бөлмелер мен қондырғыларды орналастыру өндірістің технологиялық процессін жүргізу және өнімдердің өткізу дәйектілігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда кәсіпорынында негізгі кадрлық құрамы ұйымдастырылды, шикізат жеткізушілерімен серіктестік қарым-қатынастар орнатылды . Мамандар, кәсіпорынның өрлеу келешегін көре тұрып, жаңа өрлеу жолдарын үздіксіз іздестіреді, олардың қызметтері, шығарылатын өнімнің сапасын жетілдіретін күн сайынғы әдістерін енгізуіне бағытталды. Өндірістің кеңейтілуіне, жаңа желілер мен технологияларын күшке енгізуіне, тұшпаралар, сусындар, ауыз су, нан таяқшалары және т. б. Шығарылатын өнімдердің жиын түрлерін көбейтуіне үлкен назар аударылады.

Қазақстанда сапалы шикізат пен орауыш жеткізетін серіктестердің болғаны кәсіпорын үшін өте маңызды, дегенмен, Қазақстан жолдарының жүру ақысы қымбат болғанына байланысты шикізатты көбінесе шет елден әкелгені тиімді, ал жергілікті шикізаттың бағасынан төмен болмайды.

Өткізу рыногын кеңейту үшін Батыс Қазақстанның Ақтау, Атырау, Жаңа Өзен, Орал қалаларында сауда өкілеттіктері ашылды, Орынбормен қызмет жасаймыз.

НЕГІЗГІ РЫНОКТАР

«Агросервис - Инвест» ЖШС өз тауарларын Қазақстан Республикасының жергілікті, аумақтық, ұлттық рыноктарына жеткізеді. Біз ірі сауда орталықтарына да, ұсақ дүкендерге де жеткізу жүйесін ретке келтірдік. Біз Ақтөбе қаласының 80% астам барлық ұсақ дүкендерін қатыстырдық.

Өндіріс қызметіміздің басында бізбен сенімді серіктес және жеткізуші ретінде Ақтау, Атырау, Орал, Шымкент, Жаңа Өзен және т. б. қалаларының сауда өкілдері қызметтеседі. Жыл сайын серіктестіктердің саны көбейіп келе жатыр .

Қазіргі кезде екі еселі ҚҚС және кедендік баждың себебімен біз халықаралық рыногына ғана шыға алмаймыз. Жақсы салынған автомобильді жолдардың және жергілікті сапалы шикізаттың жоқтығы бизнестің дамуында үлкен бөгет жасайды.

САПАҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Біздің ұстанымыз «Сапасы жоғары - бағасы арзан». Бұл судың жоғары тазарту дәрежесімен, әлемге белгілі Danisko Cultorед компаниясының табиғи компоненттері мен тазалығы 99, 99%, «Самарский Диоксид» Ресей зауыты өндірісінің көмірқышқылымен қолданылуымен камтамасыз етіледі. Кәсіпорын ИСО 9001 - 2001 сапа жүйесін зерттеп дайындап жатыр . ЖШС қызметінің негізгі қағидасы «Тұтынушының пікірі -бағалаудың жоғары дәрежесі !» «Агросервис-Инвест» ЖШС шығарылатын өнімдеріне арыз бен наразылықтар түскен жоқ. . Сондықтан, «ҰССО» АҚ АФ келісімімен шығарылатын өнімнің барлық жиын түрі Сәйкестік белгісімен таңбалауға мәлімделді.

Зауытта ТББ (техникалық бақылау бөлімінің ) жүйесі жұмыс жасайды, барлық өнімдер ТШ сәйкес шығарылады, сәйкестік сертификаттары бар және Мемстандарттың республикалық жүйесі бойынша жуйе сайын сертификаттаудан өтеді. Даярланатын өнім ретіндегі қазіргі заманғы технологиялар мен қондырғылардың маңызы зор. Зауыт сағатына 6 мың бөтелкеден астам шығаратын германиялық желімен жабдықталды. Өндірістің процессі толығымен автоматтандырылған.

Зауытта халықаралық талаптарда сәйкес, суды озондау және УК - сәулелену жолымен мембраналық тазарту мен зарарсыздандыру ережесі бойынша орнатылған қазіргі заманғы қондырғы қолданылады.

«Агросервис- Инвест» ЖШС « Доминиони» итальяндық фирмасының мұздатылған шала фабрикаттарын ( тұшпара, самса )

шығаратын автоматтандырылған желісімен Қазақстанда бірінші колданылды.

Кәсіпорында санитарлық гигиеналық бақылау қатаң сақталады, СЭС қызметінің және басқа бақылаушы ұйымдарының барлық ұйғарымдары орындалады . Кәсіпорынның қызметкерлері жүйе сайын медициналық байқаудан өтеді және өндірістік гигиенасын сақтау ережелерін оқиды.

Кәсіпорында жоғары білімді мамандар қызмет көрсететін техникалық қызметі бар. Олар механизмдер мен қондырылған үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің технологиясын анық сақтауға мүмкіндік береді.

Басқа кәсіпкерлерге дұрыс тәжірибесін тапсыру

«Агросервис - Инвест» ЖШС Алматы «ТОР Centre» ЖШС қызмет жасайды, директоры Мағауин Т. М. « ТОР Centre» ЖШС сонымен қатар мұздатылған шала фабрикаттар мен макарон өнімдерін шығарады. Біз технологиялармен, рецептуралармен және қызметкерлермен басқару жөнінде тәжірибелерімізбен алмасамыз .

ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫ

«Агросервис - Инвест» ЖШС әрдайым жаңа даму жолдарын іздеуде болғандықтан, кәсіпорынның аумағында жаңа цехтер салынғалы жұмыс жағдайлары жақсартылып 2005 жылдың басында жаңа жұмыс орындары пайда болды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Біздің кәсіпорынымыз мынадай қоғамдарға қайырымдылық көмек көрсетеді: Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының Ақтөбе қалалық филиалына ; «Казақстан соқырлар қоғамы» филиал Ақтөбе облыстық басқармасына; Қазақ саңыраулар қоғамының Ақтөбе облыстық басқармасына, КА-168/2 басқармасына; белгілі мекен жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу Орталығына; Ақтөбе облыстық балалар тубдиспансеріне, Қазақстан Республикасы қызыл ай қоғамына . Оқу жылы басында осындай қамқор ететін жетім балаларға заттық көмек көрсетілді: Уразаев Әділханға; Табакова Настяға; Жүсіпбеков Қайыржанға.

Тағыда республикалық және орынды (СМИ) ақпарат бұқаралық құралы сүйенші көмек ерекшеленеді.

НЕГІЗГІ ӨНІМ АТАУЫ

Алкогольсыз газдалған сусындар

Шығарылатын сыйымдылығы; л
Сусыннын атауы
Шығарылатын сыйымдылығы; л: 1, 5
Сусыннын атауы:

«Абрикос» «Апельсин» «Яблоко»

«Лимонад» «Дюшес» «Буратино» «Квас»

АУЫЗ СУ

Шығарылатын сыйымдылығы; л
Өнімнің атауы
Шығарылатын сыйымдылығы; л: 1, 5
Өнімнің атауы: Газдалған және газдалмағанауыз суы:
Шығарылатын сыйымдылығы; л: 5, 0
Өнімнің атауы: Газдалмаған ауыз суы

ТОҢАЗАТЫЛҒАН ТҰШПАРАЛАР( дайын өнім)

салмағы; кг
Өнімнің атауы
салмағы; кг: 0, 450
Өнімнің атауы: « Наурыз» «Элит» «Наша марка» «Буренка» «Браво» «Говяжьи» «Морозко» тұшпаралары

НАН ТАЯҚШАЛАРЫ

салмағы; кг
Өнімнің атауы
салмағы; кг: 0, 100
Өнімнің атауы: Сут негізінде шайға арналған тәтті «Grissini» кунжутпен: Сырамен жеуге арналғантоматпен және қызыл бұрушпен; Классикалық «Grissini»

Мөлшердін өсу динамикасы және өндіріспен айналысатын (шұғылданатын ) саны

2000 жыл - ауыз суы, алкогольсыз сусындар - 4928 мын. л

2001жыл - ауыз суы, алкогольсыз сусындар - 1094 мын. л

2002 жыл - ауыз суы, алкогольсыз сусындар - 9286 мын. л

мұздатылған шала фабрикаттар - 19 тн

2003 жыл- ауыз суы, алкогольсыз сусындар,

шырыны бар сусындар - 7538 мын. л

мұздатылған шала фабрикаттар - 35 тн

2004 жыл - ауыз суы, алкогольсыз сусындар,

шырыны бар сусындар - 7820 мын. л

мұздатылған шала фабрикаттар - 97 тн

2005 жыл - ауыз суы, алкогольсыз сусындар,

шырыны бар сусындар - 17233, 7 мын. л

мұздатылған шала фабрикаттар - 533, 8 тн

нан таякшалары «Гриссини» - 7, 97 тн

2006жарты- ауыз суы, алкогольсыз сусындар,

жылдыгы шырыны бар сусындар - 9337 мын. л

мұздатылған шала фабрикаттар - 348 тн

нан таякшалары «Гриссини» - 6, 1 тн

КӨРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСУ

«Агросервис- Инвест» ЖШС Ресей - Қазақстан шекаралық қызметтестігінің дамуына бағытталған жыл сайын жарыс көрмелерге қатысады.

1. Орынбор қаласынын өркениетінде - Ресейдегі Қазақстан жылында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаланған ауданның табиғи – климаттық жағдайлары
Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
Баскару есебіндегі шьғындардың жіктелуі
Факторинг - қаржылық маркетингтің тиімділігі жоғары формасы
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Қаржы. Дәрістер кешені
Ганн диодтарындағы АЖЖ - құрылғылардың параметрлік сипаттамалары
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz