Ара шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе . . .
  2. Негізгі бөлім . . .

2. 1 Жоба тапсырма жасау . . .

2. 2 Араны азықтандыру және ара азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу . . .

2. 3 Араны күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды және

оларды жетілдіру шараларын белгілеу . . .

2. 4 Ара шаруашылық нысандарын инфекциялық және дезинфекциялық, инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу . . .

3 Қорытынды . . .

4 Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Ара шаруашылығының халык шаруашьшығына кажеттшіғі тікелей омарталардан алынған бірқатар құнды өнімдермен (ара балы, балауыз, ара желімі, тозаң, аналық ара сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.

Энтомофильдік дакылдардың (бунақденелілер арқылы тозаңданатындар) тиімді тозаңдатқыштары ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі қызмет аткарады. Озық агротехникамен ұштастыра отырып, оларды бунақденелілермен алмасып тозаңдандыру- осы дақыддардың өнімділіғін, тұқымы мен жемісінің сапасын артырудың маңызды қоры болып табылады.

Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Кеңінен пайдаланылатын кәдімгі канттан (дисахарид) айырмашылығы, бал көбінесе адам ағзасы оңай сіңіретін моносахаридтерден-жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсерімен дисахаридтердің басым бөлігі ғлюкөза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80 % болады. Жетілген ара балында су 16-20 пайызға жуық. Бал құрамына адам ағзасына оңай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйіңде оның қалыпты жетілуі үшін минералдық заттар - темір, марганең, кальций, магний, натрий, кобальт, т. б. қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (инвертаза, диастаза, каталаза т. б. ) мен витаминдер болады.

Балдың әр сортының өзіне тән ерекше дәмі бар, ал балдағы шамалы мөлшерде кездесетін эфир майы оған айрықша бір хош иіс беріп тұрады. Ара балынын бактерицидтік, яғни бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардың емдік дәрі ретінде де пайдаланып келген. Бал ағзасының жалпы күйін жақсартуға себін тигізеді. Ол әсіресе балаларға пайдалы. Ара балы тәтті тағамдарды, бал сусынын даярлау үшін азық-түлік өнеркәсібінде пайдаланылады. Қазақстанда тауарлы балдын орташа жылдык өндірілуі шамамсн 11-14 мың т.

Мәнділігі жағынан ара шаруашылығының екінші өнімі - ара балаузы. Елімізде алынатын балауыздын төрттен уші балауыз зауыттарында балауыз жапырактары күйінде шығарылып, омарта- ларға қайтадан жеткізіледі. Оның калған беліғі өнеркәсіптің бірқатар маңызды: электротехникалық және радиотехникалық салаларда - тұткыр оқшаулағыш заттарды және конденсаторларды, авиация өнеркөсібінде - тұрлі жабынды және сіңірілгіш эмульсия- ларды шығару үшін, мата, былғары, ағаш өндеу, қағаз, шыны, лак- бояу, парфюмерия және фармацевтика салаларында пайдаланылады. Балауыз шаңғы майын, көшірме бедерлер даярлағанда, мүсіндер жасағанда қолданылады; ол бақ сыламасының құрамына кіреді.

Бал мен балауыздан баска, бал араларынан ара уы, аналық ара сүті, ара желімі, гүл тозаңы сияқты онімдерді алуға болады. Фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын арнайы препараттар ретінде ара уы радикулитті, полиартрит ишиасын (жамбас жүйесінің талаурауы), ревматизмді және басқа ауруларды емдеген кезде қолданылады. Аналық ара сүтінен (апилак т. б. ) даярланған препараттар медицина тәжірибесінде жүрек-тамыр жүйесі кызметінің бұзылуына байланысты ауруларды емдегенде және қан жаңарту жұмысын күшейту ушін қолданылады. Сонымен қатар аналық ара сүті арнайы крем және жағатын сықпа май даярлау үшін парфюмерия онеркәсібінде пайдаланылады. Бактерицидтік қасиетгері бар ара желімі (прополис) соңғы уакытта кейбір ауруларға карсы күресу үшін медициналык және мал дәрігерлігі тәжіибесінде кеңінен қолданьыып келеді.

Біздің еліміз бен шетелдер медицина мамандығы мен диеталогтар витаминдер мен минералдық затгарға бай гүл тозаңына едәуір ынта қоюда.

Оңтүстік аудандардың арнайы кәсіпке бейімаелген ара өсіруімен шұғылданатын ұжымдардыц тауарлы өнімінде аналық аралар едәуір орын алады Олардың өсірілуі жыл сайын сан жағынан артып келеді. Мысалы, еліміздің ара өсіретін шаруашылықтарында жыл сайын 32, 5 мыңға жуық аналақ аралар жұмыс атқарады.

Ірі ауыл шаруашылық өндірісі жағдайында энтомофильдік дақылдарды бадды аралармен тозандандырудың халық шаруашылықтық мәні зор. Қарқынды егіншілік аудандарда ауыл шаруашылығын шоғырландырьш, арнайы кәсіпке бейімдеген кезде, ара шаруашылығы көптеген дәнді, жемшөп, техникалық, жеміс, жидек, көкөніс, эфир-майы және бунақденелілермен тозаңдандырьшатын дәрулік дақылдардың жемісі мен тұқымы өнімділігін арттырудың жөне сапасын жақсартудың елеулі қоры болып табылады.

Ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру және арнайы кәсіпке бейімдеу, егіншілік мәдениетін арттыру жағдайында энтомофильдік дақылдарды алмасып тозандандырудың биологиялық мәні мен экономикалық тиімділігі анағұрлым арта түседі. Кішігірім шаруашьшықгарға қарағанда, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарда энтомофильдік дақылдардың бір мезетте гүлдеп өсетін жерлері аумақгы келеді, сондықган оларды жабайы бунакденелілермен (түкті аралармен, жеке-дара аралармен т. б. ) тозандыруды қамтамасыз ету мүмкін емес, оның үстіне бұлардың саны жыл сайын азайып келеді. Мұндай жағдайда энтомофильдік өсімдіктедің негізгі тозандандырғыштары бал аралары болып қала береді.

Агротехника мен егіншілік мәдениетінің дәрежесі неғұрлым жоғары, өсімдіктің өсіп-жетілуі жағдайы неғұрлым жақсы болса, алмасып тозандандандырудың тиімділігі мен қосымша алынатын өнім соғұрлым көтеріңкі болады. Біздің елімізде кеңінен жүргізілетін: топырақгы мелиорациялау, суармалау, тыңайту сияқгы шаралар өсімдіктің шірнесін молайтады, аралардың оған неғұрлым жиі ұшып келуіне және гүлдердің жақсы алмасып тозаңдандырылуына себепкер болады.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытудың болашақ жоспарларында әсіресе жерді мұқият пайдаланудың және ауыл шаруашьиық өсімдіктерінің өнімділігін көбейтудің әтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді одан әрі арттыра түсу көзделіп отыр. Осы бір жалпыхалықгық міндетті орындау үшін негізгі қайнар көзінің бірі - энтомофильдік ауыл шаруашылық дақылдарын аралармен тозандандыру.

Осы міндеттің маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылық мекемелері энтомофильдік дақыларды тозандандыруда балды аралар мен жабайы бунакденелілер пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті шаралар кдбылдауы қажет.

Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың мәліметтеріне карағанда, энтомофильдік дакьілдарды аралармен тозандандырғанда беде мен жоңышқа тұқымының өнімі 1 гектардан 1, 5-2 ц, күнбағыстікі-3-4 ц, карақұмықтікі-2-3 центнерге артады екен.

Казақсган Республикасының ауыл шаруашылық мекемелері энтомофильдік ауыл шаруашылық өсімдіктерді егіп-өсіру аса маңызды агротәсілдерінің бірі ретінде аралармен тозаңдандыруды барлық агрономиялық ұсыныстарға жөне технологиялық картапарға еңгізуде, бүкіл егістікте егіп-өсірілген осындай дақылдарды аралармен тозаңдандыруды, сондай-ақ энтомофильдік дақьшарды аралармен тиімді тозандандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылық мекемелерінің, шаруашылықгардың басшьшары мен мамандарының жауапкершілігін күшейте түсуге міндетгі.

Ауыл шаруашылығының осы саласын одан әрі дамыту шараларына байланысты ауыл шаруашылық және зоотехниялық жоғары дәрежелі оқу орындарының студенттері ара шаруашылығының және энтомофильдік дақылдарды тозаңдандырудың негіздерін игеруге ұмтылғаны жөн. Бұған қолыңыздағы оқулық өз жәрдемін тигізбек.

2. 1 Жоба тапсырмасын жасау

Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізп міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді керсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, объектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық-санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Тапсырмада құрылыс салудың айырықша жағдайларына байланысты негізгі деректер (сейсмикалық жағдай, топырақтың құрамы және т. б. ), өнім түрлері мен оларды пайдалану аймақтары, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін және оны салу кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен, электр қуатымен қамтамасыз ететін негізгі көздер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүргізу үшін негізгі мүмкіндіктер, ағын суларды тазарту мен ағытып жіберу жөніндегі мүмкіндіктері, бұзылған жерді қайта қалпына келтіру жобасын жасау туралы талап, кәсіпорынды кеңейту мүмкіндігі, құрылыс объектілерін іске қосу кезегі, құрылыс және монтаждау жұмыстарын аяқтаудың белгіленген мерзімі, жобалау сатылары, жоба түрлерін жасауға талап атап көрсетіледі.

Жоба түрлері. Көрсетілген жобалық тапсырмаға сәйкес жобалар: дербес, экспериментальдық, қайта қолданылатын және типтік болып бөлінеді.

Дербес жоба айырықша сирек объектілер үшін жасалады. Дербес жоба көбінесе экспериментальдық болып келеді. Оны ғимаратты, не кешенді құрылыстарды тек бірақ рет салу үшін қолданады. Жобалау жер бетінің жағдайына, орнына, климатына, геологиялық, гидрологиялық және т. б. нақты жағдайларға қарай жүргізіледі.

Экспериментальдык жоба тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздеріне: жануарларды күтіп-бағудың жаңа технологиясы, ондірістік проңестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айырықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер және т. б.

Қайта қолданылатын жобалар барынша сәтті жасалған дербес жобаларды қайтадан қолдану керек болған кезде пайдаланылады.

Типтік жоба біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған. Олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағынан көп қолдануға болатын жобалық шешім. Типтік жоба құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын төмендету есебінен құрылыс салу құнын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.

Ара өнімін өндіретін технологтар жобалауға, оларды қолдану мен пайдалануға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті. Жобаларды сараптан өткізудің мақсаты: аралардың денсаулығын қорғауға және өнімділігін арттыруға бағытталған санитариялық - гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету.

Түсініктемелік жазба - шындап келгенде бұл жобалаушылардың негізгі түпкі құжаты. Онда мынадай деректер келті- ріледі: тандап алған құрылыс алаңын негіздеу, отынға, суға, жылу және электр көздеріне, еңбек ресурстарына қажеттілік және осы қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері, технологиялық процестермен және жалпы көлікпен, энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылғылармен біріктірілген барлық өндірістік және қосымша құрылыстар мен құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін бас жоспар бойынша мәліметгер, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі шаралар енеді.

Типтік жобаның кұрамы. Ғимаратгың немесе құрылыстың типтік жобасына құжаттардың мынандай түрлері жатады: жұмыс сызықтары, сметалар, құрал-жабдықтарға анықтама.

Жұмыс сызықтары бекітілген жобалық тапсырмаларға, немесе техникалық жобаларға сәйкес жасалады. Сметалар, сметалық нормалар мен бағаларды басшылыққа ала отырып, жұмыс сызықтары бойынша жасалады.

Араны азықтандыру және ара азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

Ара шаруашылыгында қоректік базаны пайдалану осы шаруа- шылықтың жер пайдалану шекарасымен байланыстылыгы шамалы болса, омарталардың орналасқан жерінен 2-3 км қашыктықтағы аймағымен байланыстылығы едәуір. Бұл қашықтықты аралардың өнімді ұшу радиусы деп атайды. Мундай аймақтың аумагы ("жайылым учаскесі"), аралардың ұшу радиусы 2 км болганда, 1250 га, ал ұшу радиусы 3 км болганда - 2800 га.

ІІІірне мен тозаңды жинауга жэне оларды ұяларга тасымалдауга аралар көп күш және қорек жұмсайды. 1 кг шірне жинау үшін шірненің бөлініп шыгу жагдайларына байланысты, олар 2-3 милионга жуық бұта түріндегі жөке гүлдерінде, ягни 1 миллионга жуық күреңот гүлдерінде немесе 4-5 миллионнан астам қарақұмық гулдерінде болып қайтуга тиіс. Тозаң жинаганда да күш бұдан кем жұмсалмайды. Шірнелі өсімдіктер алаптары омарталарга неғұрлым жақын орналасса, аралар шірне мен тозаңды жинауга күшті соғұрлым кем жұмсайды жэне ара отбастарының өнімділігі соғұрлым артық болады.

Ара шаруашылыгын дамыту жэне ара отбастарының өнімділігін арттыру үшін қоректік базаны дұрыс ұйымдастырудың жэне пайдаланудың шешуші мэні бар. Біздің еліміз шірнелі өсімдігінің мол және әр қилы болуымен көзге түседі. Орманды аймақ пен биік таулы аудандарда эсіресе шірнелі өсімдіктер басым; орманды-далалық және далалық аймақтарда ара шаруашылыгының қоректік балансында ауыл шаруашылық шірнелі дақылдардың айрықша мәні бар.

Аса маңызды жабайы өсетін шірнелі есімдіктердің қатарына: талдар, үйеңкі, бұта түріндегі жөке, күреңот, ақбас беде, талшын, қараган, таңқурай, жабайы жидектер, вереск (үнемі көкпеңбек болып тұратын бұталар), бақбақ, басқа да жабайы өсетін бұршақтұқымдастардың, күрделігүлділердің жэне ерінгүлділердің өсімдіктері жатады. Ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде шірне жинау үшін қарақұмықтың, күнбагыс, эспарцет, қоза, қыша, кориандр (бір жылдық, эфир-майлы өсімдіктердің бірі), жоңышқа, жеміс, жидектердің мэні күшті. Өсімдіктердің шірне енімділігі табиги жагдайларға, сорттық ерекшеліктеріне және агротехникалық тәсілдерге байланысты өзгеріп отыратынын ескерген жөн.

Қазақстанда, Алтайдың таулы аудандарында пайдаланылмаган шірнелі өсімдіктер қорлары өте көп. Сонымен қатар дамыган ара өсіру шаруашылыгының көптеген аудандарында ара өсіру шаруашылыгының шірнелі өсімдіктер базасын жақсарту жөнінде арнайы шаралар қолдану кажет; ауыспалы егістер мен аңыздық егістерге шірнелі ауыл шаруашылық дақылдарын енгізу, шабындықтар мен жайылымдарды жақсартқан кезде шірнелі шөптерді үстеп себу; елді мекендер мен жолдарды т. б. көгалдандырған кезде егін қорғау алкаптарына және эрозияга қарсы агаштар мен бұталар отыргызу керек, олар араларга шірнеліні мол жинауға мүмкіндік береді. Ара өсіру шаруашылыгының қоректік базасын тиімді пайдалану үшін әрбір ара өсіретін шаруашылықтың шірне жинайтын жағдайларын анықтау қажет; аса маңызды шірнелі өсімдіктердің аумағын, шірне өнімділігін және гүлдеудің күнтізбелік мерзімін ескерген жөн, сонымен қатар әр уақытта гүлдейтін табиги және екпе өсімдіктердің алқаптарына араларды тасымалдау жұмысын ұйымдастыру керек.

Өсімдіктердің шірне шығаруына әсер ететін себептер

Шірне - бездердің немесе кейбір өсімдіктің ұлпалары бөліп шығаратын тәтті сұйықтық. Шірне қурамына су, сахароза, фруктоза және глюкоза жатады. Оның үстіне, шірнеде аздаган мөлшерде декстриндер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, ашытқылар, азоттык және минералдық қосылыстар болады.

Шірнеде қанттың жинақталуы бірнеше пайыздан 70 пайызға дейін және одан да астам ауытқиды, дегенмен көбінесе 40-50% шамасында болады. ІІІірненің жинақталуы тұрақсыз шама және ол тіпті бір тэулік ішінде күшті өзгереді. Түс кезіндегіге қарағанда, таңертең эдетте шірне неғұрлым сұйық болады. Ауа райы жауынды, ылғадды кезде ол сұйылады, ал құргақ желді болса, қоюланады. Шірнедегі қант мөлшері есімдік түрі мен сортына да байланысты.

Егер шірнеде қант 5 % кем болса, онда аралар оны алмайды. Шірнеде қант 15 % кем болса, аралар жақтырмай алады. Сұйық шірне жинаған кезде аралар артық суды буға айналдыруга көп қуат жұмсайды. Аралар өте қою шірнені де (қанты 85 % астам) жақтырмай жинайды. Мұндай шірнені жемсауға жинамастан бұрын, аралар оны сілекейімен сұйылтуға тиіс. Қант 50-55% жинақталған кезде аралар шірне мен шырынды негұрлым құмарлықпен жэне тез алады. Шірнелі өсімдіктердің көбінде шірне арнайы бездермен бөлінеді, олар эпидермиспен бүркелген жұқа нәзік іргелерімен бірге ұсақ паренхима жасушаларынан тұрады. Бездер эдетте гүлдің әртүрлі мүшелерінде (гүл бездері) орналасады. Кейбір есімдіктердің гүлден тыс бездері болады.

Гүл бездері, яғни шірне бөліп шығаратын ұлпалар гүлдін әртүрлі бөліктерінде: гүл тостағаншасынын жеке жапырақшасының түбінде (бұта түріндегі жөке), гүлдің аталық мүшелерінің түбінде (қыша), гүл тұғырында (қарлыған), гүлдің аталық мүшесінің түтігі мен жатырының арасында (бұршақтұқымдастар) орналастырылган гүл тұгырын төсейді (шие) т. б. Түрі әртүрлі өсімдіктер гүлдерінде түрлі қалыпты бездер саны бірдей емес. Бездердің түрі, орналасатын орны мен саны шірнелі өсімдіктердің әрбір түрінің тұрақты белгілері болып табылады және өсімдіктерді жіктегенде пайдаланылады. Бір өсімдік шамасында гүл өлшемі негұрлым көбірек болса, бездер де соғұрлым ірілеу болады. Гул шоғыры бойынша немесс осімдік бойынша жоғарырақ орналасқан гүлдер ұзағырак, олардың бездерінің өлшемі кемірек жэне шірнені де нашарлау шыгарады. Өсімдік гулдеуі аяқталғанда ъімен салыстырғанда гүлдей бастағанда бездер ірілеу болады шірнені көбірек шығарады.

Гүлден тыс бсздср өсімдіктің әрқилы боліктерінде болады. Қозада олар жапырақтың ортаңғы тарамысында, гүл күлгесінің жапырақшаларында және гүл тостағаншасының сыртқы жағында орналасқан. Шиенің, мойылдың жэне қызыл шиенің гүлден тыс бездері жапырақ алақанының түбінде, сиыржоңышқа мен бұршақтарда - төбешік жапырақшаларда болады. Көптеген өсімдіктердің гүлден тыс бездері шірнелі бірсыдырғыны аз шығарады және аралар үшін тәжірибелік мәні шамалы дерлік. Бұл арада ерекшелік суармалы қозаға беріледі, гүл бездеріне қарағанда, қозаның гүлден тыс бездерінен аралар шірнені алады.

ІІІірне шыгаруға эсер ететін себентер. ІІІірнелі өсімдіктердің шірне шығаруы сол жердің жағрапиялық ендігіне және теңіз деңгейінен биіктігіне, шірнелі өсімдіктің гүлдеу кезінен ауа райының жағдайына, дақылды егудің агротехникасына, оның сорттық ерекшеліктеріне жэне басқа көптеген жағдайларға байланысты.

Жағрапиялық жағдайлар. Белгілі бір шірнелі өсімдіктердің шірне өнімділігі оңтүстіктен солтүстікке жылжыған сайын арта түседі. Мысалы, күреңоттың шірне онімділігі солтүстікке жылжыган сайын көбейе түседі. Өзге түрлердің шірнелі есімдіктерінде де осындай заңдылық байқалады. Мысалы, талшында (Castance sativa), азалияда (АzаІіа роntіса), еменді тоғайшада (Теucrium sp. ) жердің теңіз деңгейінен көтеріңкілігі артқан сайын бір гүлде қант мөлшері көбейеді.

Жемшөп ғылыми-зерттеу институтының коллекциялық питомнигінде бірдей жағдайда есірілген қызылбас беденің 20 сорттан астамының шірне онімділігін зерттеу мынаны көрсетті: солтүстік жэне таулы аудаңдардан алынған сорттар шірне өнімділігін кебірек беруімен кезге түседі. Жалпы алғанда, бұл зандылық шірне жинаудың жаграпиялық өзгергіштігімен сәйкес келеді. Солтүстік аудандардан алма мен таңқурайдың қысқа тезімді сорттары да шірне өнімділігінің неғұрлым молырақ болуымен ерекшеленеді. Бір тәулік шінде өсімдіктің шірне беліп шығаруы езгереді:

Ауа райының жағдайы есімдіктің шірне өнімділігіне едәуір әсер етеді. Көптеген өсімдіктің шірне беліп шығара бастайтын ең темен температурасы 10- 12' С шамасында. Шірне бөліп шығару үшін неғұрлым қолайлы температура 10-І6-дан 25' С дейін. Алайда, есімдіктің эрқилы түрлері мен сорттары үшін мұндай үйлесімді температура бірдей емес.

Мысалы, күндізгі температура 18-22' С дейін төмендегенде қарақұмықтың шірне беліп шығаруы кенет кеміп кетеді. Ал сары түйежоңышқа сияқты өсімдік тіпті 10' С төмен температураның өзінде шірне беліп шығарады. Жоғары температурамен жэне ауаның төмен ыл-

Шагын кағаз тәсілі. Жұқа сүзгіш қагаздан ұзындыгы 20-25 мм жэне ені 1, 5-2, 5 мм тілімдер кесіледі. Тілімнің бір бұрышын үшбұрыш етігі кеседі. Қагазды тұрақты салмаққа дейін кептіреді және ныгыз жабылатын пробиркага немесе тегістелген тыгыны бар банкага салады. Шірнені іріктеп алган кезде қагазды банкадан пинцетпен суырып алады жэне жіңішке ұшымен гүл бездеріне салады. Гүлшелердің белігі шыгарган шірнесінің мөлшеріне байланысты әрбір қагазбен бір немесе бірнеше гүлшелерден шірне жинайды Мұнан кейін қагаздарды сол пробиркага немесе банкаға салады жэне қайтадан өлшейді. Салмақ айырмашылыгы бойынша сынамадагы жэне бір гүлшеден шірне мөлшерін белгілейді. Мұнан соң қағаздарды тагы да тұракты салмаққа дейін кептіреді жэне үшінші жэне бірінші өлшеу арасындагы нәтижелердің айырмашылығы шірне сынама- сындағы қант мөлшерін көрсетеді.

Қылтүтіктер мен шағын пипеткалар тэсілі. Саңылауы 0, 2 мм және ұзындығы 5-6 см келетін 10-15 қылтүтіктерді кішкене пробиркаға салады және олшейді. Одан кейін солардың көмегімен пйрнені іріктеп алады, ол үшін қылтүтіктердің ұштарын гүл бездеріне салады. ІІІірнесімен бірге қылтүтіктерді пробиркага салып, екінші рет олшейді. Салмақ айырмашылығы бойынша шірне мөлшерін белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ара шаруашылығы өнімдері және олардың қолданылуы
Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары
Бал өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы
Ара шаруашылығы жайлы
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Балды өсімдіктер
Ара балын ветеринарлық санитарлық сараптау
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz