Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi



1. Президент сайлауы
2. Парламенттiң орны бөлек.
3.Елiмiздiң қос палаталы Парламентi
Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.
Елiмiздiң қазiргi және болашақтағы дамуының негiзгi ұйымдастырушысы және кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi, Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы мемлекет. Екiншiден, елiмiздiң Президентi болып ерекше тарихи тұлға, мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.
Елбасы өзiнiң осынау қиын да, күрделi мемлекет басқару iсiнде мемлекеттiң басқа да атрибуттары – ең алдымен Парламентке, одан соң Үкiметке, Жоғарғы сотқа, Конституциялық Кеңеске тағы басқа жоғарғы және жергiлiктi билiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайды, олармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.
Республиканың жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны бөлек. Қазiргi заманғы демократиялық үрдiстердегi мемлекеттердiң Парламентсiз қызмет етуi мүмкiн емес. Тiптi, кейбiр елдер Парламенттiк басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан жолы, үрдiсi бар. Парламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган. Өкiлдiк орган деп аталу себебi, ол халық сайлаған өкiлдер немесе халық өкiлдерi – депутаттардан тұрады. Ал, халық өкiлдерiмен санасу қазақ халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.
VI ғасырдың ортасында негiзi қаланған Көне Түрiк қағанатынан бастап - кейiнгi қазақ хандарына дейiн ел басшысы халық өкiлдерiнiң жиналысында сайланған. Қазақта ханды сайлауға халықтың игi жақсылары – рулар мен тайпа басшылары, сұлтандар, жаудың бетiн қайырған батырлар мен елдi аузына қаратқан билер, ақылман жыраулар мен елге беделдi өзге де азаматтар қатысқан. Олардың көбi ханның жанындағы кеңесшi орган хан кеңесiнiң мүшелiгiне сайланған. Бұлар жоғарғы өкiлдi билiктiң алғашқы нышандары болатын.
Қазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң жиындарында шешiлiп отырған. Олардың бiзге жеткен ең жарқын үлгiлерiнiң бiрi 1726 жылғы Ордабасы биiгiндегi қазақтың үш жүзiнiң өкiлдерiнiң бас қосуы. Бұл аса жоғары дәрежедегi өкiлдi жиын-тын. Осы жиында қазақтар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол
ӘДЕБИЕТТЕР:

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2003.
Мұхамеджанов О. Өркениетке жетелеген он жыл. Егемен Қазақстан газетi. 2006 жылғы 19 қаңтар.
Әбiқаев Н. Қазақстан Парламентi: Тарихи дәстүрлер және қазiргi заман. Егемен Қазақстан газетi. 2006 жылғы 20 қаңтар.
Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесi, Үкiмет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары. Алматы. Жетi Жарғы, 78-бет 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа
кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта
сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi
дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп
қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет. Егер Қазақстан
әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың
мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.
Елiмiздiң қазiргi және болашақтағы дамуының негiзгi ұйымдастырушысы және
кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi,
Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы
мемлекет. Екiншiден, елiмiздiң Президентi болып ерекше тарихи тұлға,
мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған
қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.
Елбасы өзiнiң осынау қиын да, күрделi мемлекет басқару iсiнде мемлекеттiң
басқа да атрибуттары – ең алдымен Парламентке, одан соң Үкiметке,
Жоғарғы сотқа, Конституциялық Кеңеске тағы басқа жоғарғы және
жергiлiктi билiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайды,
олармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.
Республиканың жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны
бөлек. Қазiргi заманғы демократиялық үрдiстердегi мемлекеттердiң
Парламентсiз қызмет етуi мүмкiн емес. Тiптi, кейбiр елдер Парламенттiк
басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан жолы, үрдiсi
бар. Парламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган. Өкiлдiк
орган деп аталу себебi, ол халық сайлаған өкiлдер немесе халық
өкiлдерi – депутаттардан тұрады. Ал, халық өкiлдерiмен санасу қазақ
халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.
VI ғасырдың ортасында негiзi қаланған Көне Түрiк қағанатынан бастап -
кейiнгi қазақ хандарына дейiн ел басшысы халық өкiлдерiнiң жиналысында
сайланған. Қазақта ханды сайлауға халықтың игi жақсылары – рулар мен
тайпа басшылары, сұлтандар, жаудың бетiн қайырған батырлар мен елдi
аузына қаратқан билер, ақылман жыраулар мен елге беделдi өзге де
азаматтар қатысқан. Олардың көбi ханның жанындағы кеңесшi орган хан
кеңесiнiң мүшелiгiне сайланған. Бұлар жоғарғы өкiлдi билiктiң алғашқы
нышандары болатын.
Қазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң
жиындарында шешiлiп отырған. Олардың бiзге жеткен ең жарқын
үлгiлерiнiң бiрi 1726 жылғы Ордабасы биiгiндегi қазақтың үш жүзiнiң
өкiлдерiнiң бас қосуы. Бұл аса жоғары дәрежедегi өкiлдi жиын-тын.
Осы жиында қазақтар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, ынтымақ
пен бiрлiктiң асқан үлгiсiн көрсетiп, бас сардарын сайлап алып, жоңғар
басқыншыларынан жерiмiздi азат етудiң негiзiн қалады. Ордабасы жиыны
бұған дейiн де бас қосып келген Дала парламентiнiң ерекше бiр көрiнiсi
ғана. Қазақтар Ордабасыға дейiн де, одан кейiн де тұрақты түрде жиылып
мемлекеттiк мәселелердi бiрiгiп талқылап, кеңесiп-пiшiп отырды. Бүкiл
қазақ өкiлдерiнiң бас қосу орны – Мәртөбе, Күлтөбе тағы басқа орындар
болған. “Күлтөбеде күнде жиын” деген сөз сол кезден қалған. Бұл да
халқымыздың өмiр тарихындағы өкiлдi билiк тамырының тереңде
жатқандығын аңғартады.
Ал, бұдан кейiнгi Қазақстанның Ресейге бодандығы дәуiрiнде өкiлдi билiктiң
нышандары былай тұрсын, оның тәуелсiздiгi де түгелдей жойылды.
Кеңестiк кезеңде қазақтың алдымен автономиялы (1920-1936), одан соң Одақтас
Республика (1936-1991) түрiндегi мемлекеттiлiгi құрылды. 1920-1937
жылдар арасында Кеңестердiң бүкiлқазақтық съездерi және осы съездер
құрған Қазақ Орталық Атқару Комитетi жоғарғы заң шығарушы және жоғары
өкiлдi органдар рөлiн атқарды. 1937-1995 жылдар арасында бiрден-бiр
заң шығарушы және ең Жоғарғы өкiлдi орган болып Қазақ КСР-нiң (1991
жылдан Қазақстан Республикасының) Жоғарғы Кеңесi саналды. Кеңес Одағы
құлағанға дейiн Жоғарғы Кеңес формальдi түрде қызмет атқарды.
Мемлекеттiк билiк шын мәнiнде Коммунистiк партияның қолында болды.
Парламенттiң рөлiн атқарған Жоғарғы Кеңес Компартияның шылауында
болып, айтқанына көнiп, айдағанына жүрдi. Сондықтан Кеңес дәуiрiндегi
Жоғарғы Кеңестi бүгiнгi Парламентпен ешқандай салыстыруға келмейдi.
Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 500-ге дейiн жеткенiмен ол тұрақты
мемлекеттiк орган болмады. Оның сессиялары әрi кеткенде 2-3 күнге ғана
созылды. Барлық заңдар формальдi түрде Жоғарғы Кеңес атынан
қабылданып, бекiтiлiп жатты. Кеңес Одағы тұсында Жоғарғы Кеңеске
билiктiң бiр тармағын беру, онымен билiктi бөлiсу принципке мүлде
қайшы болды. Керiсiнше, кеңестiк өкiмет заң шығарушы және атқарушы
билiктердi бiрiктiрiп жiбердi.
Қазақстан және ТМД-ның өзге елдерi де коммунистiк партия тарағанымен
тәуелсiздiкке бұрынғы Жоғарғы Кеңестер арқылы қадам басты. Ол кезеңде
мәселен, Қазақстанда XII-шi сайланған Жоғарғы Кеңес қызмет атқарып
жатқан едi. Осы Жоғарғы Кеңес алғаш рет Қазақстанның Президентiн
сайлады, Мемлекеттiк Егемендiк туралы Декларацияны, Мемлекеттiк
тәуелсiздiк туралы Конституциялық заңды, 1993 жылғы Конституцияны,
мемлекеттiк рәмiздердi қабылдады. 1995 жылға дейiн ол бiрден-бiр заң
шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган болып қала бердi және осы
қызметiн сақтап қалу үшiн ақырына дейiн күресiп бақты.
Дегенмен, компартия мен социалистiк қоғамның туындысы болған кеңестер жаңа
демократиялық қоғамға бейiмделе алмады. Себебi, оның табиғаты бөлек
едi. Ол демократиялық, нарықтық қоғам үшiн “антитело” ролiн атқарды.
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес түрiндегi парламент екi рет үлкен дағдарысқа
ұшырады. Алғашында 1993 желтоқсанда 12-шi сайланған Жоғарғы Кеңес өзiн-
өзi таратқан болса, 1995 жылы наурызда 13-шi сайланған Жоғарғы Кеңес
заңсыз сайланған орган ретiнде таратылды.
Мұның аяғы елдегi қоғамдық-саяси құрылысты мүлде өзгерткен 1995 жылғы жаңа
Конституцияның қабылдануына алып келдi. Жаңа Конституция бойынша
елiмiз Президенттiк басқару нысанындағы республикаға айналып, мүлде
жаңа сипаттағы қос палаталы Парламент құрылды.
Жалпы адамзат қоғамының тарихына үңiлетiн болсақ, парламент пен мемлекет
басшысының арасындағы текетiрестiң қандай қасiреттерге апарғанының
талай мысалдарын көремiз. Мәселен, 1640-1648 жылдары Англияда мемлекет
басшысы король мен Парламенттiң арасында қырғиқабақ келiспеушiлiк
туындап, оның ақыры корольдiң басын шабуға апарып соқтырды. Осы сияқты
1793 жыл Францияның сол кездегi парламентi Конвенттiң шешiмiмен елдiң
королi Людовик XYI-ның басы гильотинада шабылды. 1918 жылы қаңтарда
өкiмет басына келген большевиктер Ресейдiң тағдырын шешуге тиiс
жаңадан сайланған ең жоғарғы өкiлдi орган Құрылтай жиналысын алғашқы
күнi-ақ күшпен таратып жiбердi. Бұл Ресейдегi төрт жылға созылған
азамат соғысының басты себептерiнiң бiрi болды. Бұған ұқсас оқиғалар
бүгiнгi кезеңде де кездесiп жатады.
1993 жылы қазанда Ресей Президентi мемлекеттiк төңкерiс жасап үлгерген
елдiң Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттары орналасқан Ақ үйдi танкiлермен
атқылап, оның басшылығын тұтқындады. 1993 және 1995 жылғы
Қазақстандағы Жоғарғы Кеңес пен атқарушы билiк арасындағы дағдарыс
бейбiт түрде шешiлiп, кеңестер тарих сахнасынан бiржолата кеттi. 2005
жылдың ақпанында Қырғызстан Парламентiне сайлау барысындағы
наразылықтарға орай Президент А. Ақаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қазіргі жағдайын талдау
Музей менеджменті
Пассионар
Құқықтың дамуы және түрлері
Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер
Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау туралы ақпарат
Конституцияда Парламент екі палатадан
Үкіметтің және ҚР атқару билік органдарының конституциялық дәрежесі
Пәндер