SQL негіздері


Мазмұны

Кіріспе
4
:
Кіріспе: Мәліметтерді басқару және алмастыру стандарттауы
4: 7
:
Кіріспе: SQL тілінің формалары
4: 10
:
Кіріспе: SQL тілінің құралдары срқылы сұратулар құру
4: 16
:
Кіріспе: Сұратуларды біріктіру
4: 25
:
Кіріспе: Ішкі сұратулар
4: 30
:
Кіріспе: Ұсыныстарды құру
4: 37
:
Кіріспе: Транзакциялар
4: 42
:
Кіріспе: Артықшылықтар
4: 46
:
Кіріспе: Статистикалық SQL
4: 57
:
Кіріспе: Динамикалық SQL операторларын құру
4: 65
:
Кіріспе: PL/SQL программасына сипаттама
4: 73
:
Кіріспе: Коллекциялар
4: 82
:
Кіріспе: Объектілік типтер
4: 88
:
Кіріспе: Курсорды басқару
4: 97
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
4: 103

Кіріспе

SQL тілі мәліметтерге қолжетім үшін және реляциялық деректер қорын басқаруға арналған. Әртүрлі реляциялық деректер қорын басқаруды ДҚБЖ - деректер қорын басқару жүйесі (DBMS - DataBase Management System) деп аталатын программалар жүзеге асырады. Реляциялық деректер қоры дегеніміз белгілі бір түрде ұйымдасқан ақпарат пен ДҚБЖ сақтау. Бірақ іс жүзінде ДҚБЖ теминін Деректер Қоры ДҚ терминімен жиі алмастырады. Oracle, Microsoft SQL Server, Informix, DB2, Access, MySQL сияқты әртүрлі деректер қорын бір тілде басқару үшін SQL тілі өңделді. .

1986 жылдан бастап ISO (International Organization for Standardization) және ANSI (American National Standards Institute) комитеттері ISO (International Organization for Standardization) и ANSI (American National Standards Institute) тілінің бірнеше стандарттарын жасауға кірісті, нәтижесінде олар қабылданып келесі атауларға ие болды: SQL86, SQL89, SQL92 и SQL99.

SQL86 стандарты SQL тілінің минималды синтаксисін бекітті.

SQL89 стандарты 1989 жылы қабылданды. Ол барлық ДҚБЖ жүзеге асыра алатын SQL тілінің операторлар жиынын енгізді. Іс жүзінде кез келген коммерциялық ДҚБЖ стандарттқа қарағанда бірсыпыра көп мүмкіндіктер ұсынады. Стандартты қабылдаған кезде ДҚБЖ көбінде ішкі және динамикалық SQL бар бюолғанына қарамастан, SQL89 стандартында SQL тілін процедуралық программалау тіліне енгізу және динамикалық SQL тілін пайдалану ережесі жазылмаған.

Қазіргі таңға дейін ДҚБЖ көбі SQL 92 стандартын пайдалануда.

SQL92 стандартында үш сәйкестік деңгейі анықталған:

  • негізгі (Entry) ;
  • орта (Intermediate) ;
  • толық (Full) .

Сонымен қатар SQL92 стандартын пайдаланатын ДҚБЖ жасау үшін өндірушілердің көбі тек қана негізгі деңгейді жасап шығарды.

Жаңа SQL99 стандарты, жасау барысында SQL3 аталған, SQL тілінің объектілі және кейбір процедуралық кеңейюлерін стандарттады. Осы стандартты қабылданған уақытында көптеген коммерциялық ДҚБЖ, Oracle сиқты, аталған өзгерістерді пайдаланып жүрген еді.

SQL99 стандартында міндетті түрдегі функциональды ядро (Core) анықталған және кеңейтілген сәйкестік деңгейлер жиыны анықталған. SQL99 функционалды ядросы SQL92 негізгі сәйкесті деңгейіне ие. Кеңейтілген сәйкестік деңгейлері ДҚБЖ жүзеге асыру үшін міндетті емес. ДҚБЖ кеңейтілген сәйкестік деңгейін пайдаланбауы да мүмкін немесе кез келгенін пайлануы мүмкін.

Әр деңгей данных SQL тілінің мүмкіндіктер жиынын сипаттайды, олар аталға ддәрежедегі ДҚБЖ жүзеге алуы қажет.

Осыған қарамастан SQL99 стандарты жарияланған, ол алда пайда болатын барлық деңгейлер үшін ашық.

Қазіргі таңда SQL99 стандарты келесі сәйкестік деңгейлеріне ие:

  • Функциональды ядро.

Аталған деңгей кез келген ДҚБЖ жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Оның құрамында SQL92 сәйкестіктің негізгі деңгейі бар, сонымен қатар LOB объектілерімен (Large Object) жұмыс істеу, басқа программалау тілдерінде жазылған SQL сыртқы программалардан шақыру, сонымен қатар қолданушы анықтайтын қарапйым мәлімет түрін қолдайды (UDT-типы, User-Defined Datatypes) . LOB-объектілерді қолдаудың екі түрі бар: бинарлы BLOB-объектілер (Binary Large Object) және символды CLOB-объектілер (Character Large Object) . LOB-объектілерді қолдану үшін лакаторлар деп аталатиын объектілер енгізіледі. Локаторлар сілтеме бойынша LOB-объектілерге мүмкіндік тудыратын бүтінсанды айнымалылармен сипатталады. Сыртқы программалар схема объектілері, сонымен қатар кесте объектілері ретінде де анықталады. Жүзеге асыру түріне байланыста программа коды DLL- кітапханасында еркін файлда орналаусуы мүмкін, ал ішкі программалар CREATE PROCEDURE немесе CREATE FUNCTION операторларымен LANGUAGE және EXTERNAL жазбаларын міндетті түрде көрсетілуімен жасалады. Сыртқы программаларды пайдалану функционалды ядроға енсе де, процедуралар мен SQL функцияларын шақыру "PSM-модуль" (Persistent Stored Module) сәйкестік кеңейтілген деңгейін жатады Қолданушы анықтайтын түр қарапайым және құрамдас болуы мүмкін. Екінші жағдай «Объектілерді базалық басқару» сәйкестік деңгейіне жатады.
Қолданушы анықтайтын мәліметтер қарапайым түрі - ол жаңа ат берілен және символдар мен сандарға қатысты кейбір шектеулер көрсетілген негізгі түр. Қолданушы анықтайтын қарапайым деректер түрі CREATE TYPE операторымен құрылады (мысалы, CREATE TYPE name_of_new_type AS INTEGER (5) FINAL; ) .

  • Мерзім/уақыт жұмысын қолдау.

Бұл сәйкестік деңгейі DATETIME және INTERVAL мәліметтер түрін енгізеді. DATETIME үшін TIMEZONE_HOUR және TIMEZONE_MINUTE өрістерін енгізеді, универсалды уақыттың аудандық уақыттан ауытқуын анықтайды. SQL92 стандартында DATETIME және INTERVAL мәліметтер түріне сәйкестік деңгейі алдын ала дағдыланған.

  • Бүтіндікті басқару.

Бұл сәйкестік деңгейі сілтемелік бүтіндіктің қосымша мүмкіндіктерін қолдауды енгізеді: CREATE TABLE операторының CHECK шектеулеріндегі ішкі сұратулар, триггерлер, CREATE ASSERTION операторымен құрылатын тұжырымдар. Аталған мүмкіндітердің көбі SQL92 стандартында болған.

  • Белсенді деректер қоры.

Бұл сәйкестік деңгейінде деректер қорының триггерлерін қолдау анықталады. Деректерді көрсетілген өзгерістерді жасуға дейін немесе жасағаннан кейін код фрагменттері триггерлерді ұсынады (жол қосу, өзгерту немесе өшіру) .

  • OLAP.

Бұл сәйкестік деңгейі неғұрлым күрделі сұратуларды сипаттау құралдарын анықтайды. SELECT операторында бірнеше сұратулар қиылысын алуға мүмкіндік беретін INTERSECT фразасы қосылған. SQL92 стандартында бұл мүмкіндік тек қана толық сәйкестік деңгейінде сипатталған. SELECT операторында кестелердің сыртқы толық бірігуін қамтамасыз ететін FULL OUTER JOIN жазбасы берілген. Мұндай бірігу барлық біріккен кестелер жолдарын қамтиды, сәйкестік болмаған жағдайда NULL мәні беріледі. Аталған мүмкіндік SQL92 стандартының толық сәйкестік деңгейінде де қарастырылды. SQL тілінің мәліметтері басқаруда қолданатын операторларында кесте мен жолдардың конструкторларын пайдалануы анықталады. Жол конструкторлары бір немесе бірнеше мәндерден тұрады ( мысалы, (NULL, 1, 'Field1') ) . Кесте мәндерінің конструкорлары жол конструкторлары жиынын береді, жолдар тобын сипаттайды. (мысалы, VALUES (1, 'A'), (2, 'B') ) .

  • PSM-моделдер

Бұл сәйкестік деңгейі SQL99 стандартының құжаттарында толығымен SQL/PSM сипаталған. SQL тілі SQL CASE, IF, WHILE, REPEAT, LOOP және FOR операторларымен кеңеюде. CREATE PROCEDURE және CREATE FUNCTION операторлармен құрлатын функциялар мен процедуралар пайдалану енгізілуде SQL тілінде айналымдарды пайдалану және қателерді өңдеушілерде қолдану енгізілген.

  • CLI-интерфейсі.

Бұл сәйкестік деңгейі SQL операторларының шақырылу деңгейін анықтайтын интерфейс енгізеді. Өз кезегінде CLI-интерфейсі негізінде ODBC стандарты жазылған, төмендегі дәрістерде тереңінек қарастырылады.

  • Объектілерді базалық қолдау (Basic Object Support) .

Бұл сәйкестік деңгейі қолданушы анықтайтын мәліметтер объектілі түрлерін енгізе отырып объектілерді пайдалануды стандарттайды, типтелген кестелерді пайдаланады, массивтар емн мәліметтердің сілтеиелік түрін пайдаланады, сонымен қатар сыртқы процедураларды алдына ала анықтау. .

  • Объектілерді кең пайдалану (Enhanced Object Support) .

Бұл сәйкестік деңгейі объектілерді базалық қолдау деңгейлері ұсынатын барлық мүмкіндіктерді қамтиды, қолданушы анықтайтын мәліметтер түрінің жиынын қолдаумен толықтырады.

Жоғарыда көрсетілген кеңейтілген сәйкестік деңгейлері стандарттың тарауларына сәйкес келетін құжаттарға тура байланысты емес. Қазіргі таңда SQL99 стандарты келесі негізгі бөлімдерден тұрады. :

  • SQLFramework - стандарттың логикалық негіздерін сипаттайды. .
  • SQLFoundation - стандарттың әр тарауының мазмұнын анықтайды және стандарттың функционалдық ядросын сипаттайды (Core SQL99) .
  • SQL/CLI - шақыру деңгейі интерфейсін сипаттайды.
  • SQL/PSM - SQL тілінің процедуралық кеңеюін анықтайды.
  • SQL/Bindings - SQL тілінің басқа программалау тілдерімен арақатынас мехнизмін анықтайды.
  • SQL/MM - мультимедиялық мәліметтермен жұмыс істеуге арналған SQL тілінің құралдарын анықтайды.
  • SQL/OLB - SQL тілінің басқа объектілі тілдермен байланысын анықтайды.
  1. Мәліметтерді басқару және алмастыру стандарттауы

ISO халықаралық стандарттау ұйымы 32 JTC1 ("Data Management and Interchange") ішкі комитеттер қарауында локальды жэәне тараған ақпараттық жүйелер үшін мәліметтерді басқару мен алмастыру аумағында стандарт жасауда.

SC32 қарастыратын мәселелер аумағында бұрын болған және жаңа пайда болған стандарттар арақатынасы мәселесі де қарастырылады; мәліметтер құрамымен түрін анықтау, бұл құрылымдардың пайдалану семантикасы; параллелді пайдалануға, мәліметтерді өзгертуге, мәліметтерді алмастыруға, мәліметтерді сақтауды жүзеге асыруға арналған хаттамалар, сервистер және тілдер стандартын сипаттау; мета мәліметтерді құрылымдауға, ұйымдастыру мен тіркеуге, және басқа да ақпараттық ресурстарда пайдаланатын хаттамалар, сервистер, тілдер.

SC32 ұйымының қарсаңында келесі жұмыс топтары қызмет атқаруда:

WG01 - жасалған бизнес сценарилер мен олардың компоненттерін формальды сипаттау спцификациясы мен идентификациясы үшін стандарттарды жасауға мамандандыруға арналға топ, сонымен қатар электронды аумағындағы басқа да стандарттар.

WG02 - метамәліметтерді басқару, түрлі орталарды( Internet, Intranet және басқа орталар) метамәліметтерді алмастыру мен спцификация бойынша стандарттарды жасау және дамытумен айналысатын топ. Аталған топтың ірі жобаларына келесілер жатады

  • 1. 32. 16. 01. 02. 00 ISO/IEC AWI 20943-2 "Ақпараттық технологиялар - XML құрылымданған мәліметтерді деректерді тіркеу процедурасына қолдану" (Information technology - Procedure for Achieving Data Registry Content Consistency - XML Structured Data) . XML тілі web-серверларда серверларда орналасқан жіне тіркейтін дескриптарды сипаттау тілі ретінде пайдаланылып жүргені белгілі;
  • 1. 32. 17. 01. 00. 00 ISO/IEC AWI 20944 "Ақпараттық технологиялар - метамәліметтерді пайдалану сервистері (Information technology - Metadata Access Service) .
  • WG03- мәліметтер қорымен байланыс тілінің стандартын жасайтын топ. WG03 қарастыратын мәселелердің біріне көпқолданушы және көпсервисті орталарда деректер қорының құрылымы мен мазмұнын сипаттау үшін тілді дамыту кіреді. Қарастыратын спецификациялар стандартты деректер қорын анықтайды, жаңа деректер қорын құру мехнизмін қарастырады. Сонымен қатар жұмысшы топ өңделуші тілдің басқа программалау тілдерімен интерфейсін стандарттау мәселесімен айналысады, сонымен қатар мәліметтер түрін, мәліметтерді өңдеу мен ұсынуды стандарттаумен айналысады. Аталған топтың үлкен жобалары ретінде келесілерді атауға болады:1. 32. 03. 05. 09. 00 ISO/IEC CD 9075-9 "АТ- SQL тілі: Сыртықы мәліметтерді басқару" (Information technology - Database Languages - SQL - Part 9: Management of External Data (SQL/MED) ) ; 1. 32. 03. 05. 14. 00 ISO/IEC WD 9075-14 " АТ- SQL тілі: SQL мен ХМL арақатынасы" (Information technology - Database Language SQL - Part 14: SQL/XML (for SQL:200n) ) .
  • WG04- түрлі қолданбалы аумақтарды қолдануға арналған мәліметтердің абстракты түрі паекттерін стандарттайтын топ.
  • WG05- қосымшалар мен деректер қоры арақатынасын аумағындағы стандартты жасаушы топ, соымен қатар мәліметтерге жеке қолжетім мен мәліметтерді жіберу хаттамаларын стандарттау. Аталған топтың үлкен жобалары ретінде келесілерді атауға болады:1. 32. 05. 04. 00. 00 ISO/IEC CD 9579 ed 4 "АТ - SQL мәліметтерге меншіктік қолжетім" (Information technology - Remote Database Access for SQL: (RDA/SQL) . Edition 4) .

Соңғы кездерде мәліметтерді алмастыру жіне ақпарат ұсыну үшін көбінесе XML (eXtensible Markup Language) тілін пайдаланады. Бұл тіл қандайда бір нақты платформаға немесе өндірушіге бекітілмеген. XML 1. 0 тілінің бірінші спецификациясы 1998 жылы W3C консорциумында ұсыным статусын алды. Ары қарай W3C консорциумы XML (Extensible Markup Language (XML) Version 1. 0 (Edition 2) : http://www. w3. org/TR/REC-xml) тілімен байланысты стандарттар тобын жасап және жариялады, XLink мен Xpointer байланыс мехнаизміне стандарт қоса отырып, (Recommendation) XML Schema Part 1: Structures, 2 May, 2001, (Recommendation) XML Schema Part 2: Datatypes, 2 May, 2001: http://www. w3. org/TR/2001/REC-xmlschema-1-20010502/, http://www. w3. org/TR/2001/REC-xmlschema-2-20010502/) мәліметтер сызбасы синтаксисін стандарттау, (Namespaces in XML, 14 January, 1999: http://www. w3. org/TR/REC-xml-names) атаулар кеңістігін қолдану мен анықтау бойынша спецификациясы.

W3C консорциумы XML стандарттауды жалғастыра отырып, DOM XML - объектінің XML құжаты түрінде ұсынатын құжаттың объектілі моделі бойынша ұсынымдарды баспаға шағарды.

XML стандарттау мәселесімен OASIS - Organization for the Advancement of Structured Information Standards: http://www. oasis-open. org та айналысады.

IETF инженерлі тобы мәліметтердә алмасу тілі сияқты XML тілі пайдаланатын SOAP (Simple Object Access Protocol) стандарты жасалды. Іс жүзінде SOAP XML қолдану арқылы CORBA, EJB мен COM технологияларын біріктіру арқылы мәліметтерге платформааралық қолжетім мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда W3C консорциумы жасап жатқан XQL (XML Query Language: http://www. w3. org/TR/2001/WD-xquery-20011220/) стандарты XML құжаттар жиынына сұратулар әдісін жетілдірумен байланысты мәселелерді қарастырады.

WG3 32 қарсаңында JTC1 ішкі комитетінде XML тілін қолданумн байланысты стандарт жасалуда: "АТ - SQL тілі - 14 бөлім: SQL/XML спецификациясы " ( Information technology - Database languages - SQL - Part 14: XML-Related Specifications (SQL/XML) ) . Жазылып жатқан стандарт SQL тілінің құралдарымен сипатталатын мәліметтерді XML тілі ұсынатын мәліметтерге түрлендіру, және керісінше SQL кестелерінің сәйксті алгоритмін қоса отырып, SQL мәндерін XML мәндеріне сәйестігі мехнизмін қарастырады, сонымен қатар SQL/XML үшін XML-сызба сипатын көрсетеді. Бұл стандарт бойынша Final Committee Draft ISO/IEC FCD 9075-14 жарық көрген.

Қазіргі таңда жасалып жатқан, мәліметтерді алмастыруға арналған белгілі стандарттардың бірі ISO/IEC WD 9579, Fourth Edition "АТ - SQL үшін деректер қорына меншікті қолжетім" (Information Technology - Remote Database Access for SQL with Extended Security) .

RDA/SQL қарастырылып жатқан стандарты келесі белгілі стандарттар IETF ( http://www. internic. net) негізінде жасалады:

  • RFC 791 Internet Protocol.
  • RFC 793 Transmission Control Protocol.
  • RFC 819 The Domain Naming Convention for Internet User Applications.
  • RFC 1122 Requirements for Internet Hosts - Communication Layers.
  • RFC 1123 Requirements for Internet Hosts - Application and Support.
  • RFC 2246 The TLS Protocol.

RDA/SQL ISO/IEC 9075 (Database Language SQL) стандартына сәйкес келетін ДҚБЖ меншікті қолжетімді жүзеге асыру үшін қажет.

RDA/SQL стандарты коммуникациялық хаттамалар арқылы бір немесе бірнеше SQL-клиенттермен қашықтықта қатынас моделін сипаттайды.

RDA/SQL RDA-хаттамасының TCP/IP және TLS (Transport Layer Security) стандартты хаттамасымен арақатынас моделін орнатады, RDA-хабар, RDA-оператор, RDA-хаттама және RDA-жөнелту ұғымдарын енгізеді.

Стандартта SQL ортасының RDA-моделін анықтайды, RDA-клиент пен RDA-сервер ортасын, функцоналды компоненттерді анықтайды (11. сурет)


Сурет. 1. 1. SQL ортасының RDA-моделі

RDA-моделі RDA-клиент пен RDA-сервер қатынасын жүзеге асыратын көліктік деңгейдегі провайдерларды анықтайды.

ISO/IEC 9075-3 (SQL/CLI) стандарты серверде анықталатын нәтижелік жиынды спаттайды, RDA/SQL стандарты нәтижелі жиын мен SQL/CLI сәйкес шақырылуын арақатынасына арнаған RDA-операторын сипаттайды. RDA-операторлармен бірге аталған стандарт атрибут кодтарын енгізеді. Қазіргі күнге дейін WR5 жұмыс тобы RDA/SQL стандартының 4-ші басылымы жарық көрген.

  1. SQL тілінің формалары

SQL құрылымданған сұратулар тілі келесі формаларда жүзеге асады:

  • Интерактивті SQL.
  • Статистикалық SQL.
  • Динамикалық SQL.
  • Ішкі SQL.

Интерактивті SQL ақырлы қолданушыға интерактивті режимде SQL-операторларды орындауға мүмкіндік береді. Барлық ДҚБЖ интерактивті режимде деректер қорымен жұмыс инструментальды құралдарын ұсынады. Мысалы, Oracle деректер қорын басқару жүйесі SQL*Plus утилитасын қосады, соңғысы жолдық режимде SQL операторларының көбін орындауға мүмкіндік береді.

Статистикалық SQL ішкі SQL немесе модульды SQL ретінде жүзеге асады. Статистикалық SQL операторлары программаны компиляциялау уақытында алдын ала анықталып қояды. SQL.

Динамикалық SQL программаны орындау уақытында SQL операторларын орындауға мүмкіндік береді.

Ішкі SQL басқа программалау тілдерінде программа кодына SQL операторларын қосуға мүмкіндік береді.

SQL операторлар тобы

SQL тілі:

  • Кейде SQL тілі командалары деп аталатын, тіл операторлары;
  • Мәліметтер типі;
  • Ішкі функциялар жиыны.

Өздерінің логикалық мәндері бойынша SQL тілі операторлары келесі топтарға бөлінеді:

  • DDL мәліметтерді анықтау тілі (Data Definition Language) ;
  • мәліметтерді басқару тілі DML (Data Manipulation Language) .

Мәліметтерді анықтау тілі деректер қорының обьектілерін басқаратын операторлардан тұрады. Соңғыларға индекстер, кестелер және ұсыныстар жатады. Әр нақты бір деректер қоры үшін стандартта қарастырылған обектілер жиынын кеңейтетін өз обьектілер жиыны бар. Кейбір ДҚБЖ, мысалы Oracle сияқты, бір қолданушының меншігіндегі барлық обьектілер деректер қоры схемасын құрады. Сонымен қатар, SQL92 стандартында схема терминімен байланысқан кестелер тобын атай бастады.

Мәліметтерді басқару тілі деректер қоры кестелерінің мазмұнын басқаратын және осы кестелерден ақпаратты алып шығу операторларынан тұрады.

DML тілі келесі операторларды анықтайды:

  • SELECT - бір немес бірнеше кестеден мәліметтерді алу;
  • INSERT - кестелерге жолды қосу;
  • DELETE - кестелерден жолды алып тастау;
  • UPDATE - кестедегі өрістер мәнін өзгерту.

SQL-операторларының орындалу фазалары

SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF'
SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF': parse
Операторды синтаксистік талдау
SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF': validate
Қолданушы привлегиясын тексеру, желілік каталогтар, кестелер мен өрістер атауларын тексеру
SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF': access plan
Мәліметтерге қолжетім жоспарын генерациялау. Қолжетімділі жоспары - деректер қорында сақталатын мәліметтерге қатысты орындалатын кодтың екілік түрде берілуі.
SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF': optimize
Қолжетімділік жоспарын тиімділендіру. Мәліметтерді іздеу жылдамдығын арттыру үшін индекстер пайдаланады. өзара байланысты кестелерді пайдалануды тиімділендіру
SELECT A, B, C, FROM X, Y WHERE A<500 AND C='ASF': execute
Операторды орындау

SQL тілін пайдалану

ДҚБЖ қосылу

SQL операторларын тереңірек қарастыруға кіріспестен бұрын, қолданушының ДҚБЖ жұмыс істеу сценариін қарастырайық.

Бастапқы қадам ретінде ДҚБЖ қосылуды орындаған дұрыс. Мысалы, CONNECT TO MyDB1 USER User1/Password1; .

TO жазбасы байланыс орындалатын мәліметтер қорын мамандандырады. USER жазбасы деректер қорымен жұмыс істетйтін қолданушы аты мен паролін анықтайды.

SQL тілінің операторлары мен функциялары жолдық мәндерге қарағанда регистерге әсер етпейді. Бірақ SQL тілінің стандартындағы сияқты дәрісте операторлар үлкен әріптермен жазылып отырады, ал өрістер, кестелер және жалған аттар кіші «ріптермен белгіленеді.

Мәліметтермен жұмыс істеместен бұын келесі әрекеттер орындалуы қажет:

  • Деректер қоры моделін жасалады және аоның негізінде деректер қоры схемасы құрылады - барлық байланысқан кестелер.

Кесте құру

Кестені құру үшін CREATE TABLE операторы қолданылады, SQL92 стандартында келесі түрде жазылады:

CREATE [ { GLOBAL LOCAL } ] TEMPORARY]

TABLE кесте аты

( { column [table_constraint] } . , . .

[ ON COMMIT { DELETE PRESERVE} ROWS ] ) ;

column келесідегідей анықталады

өріс_аты {domain datatype [size] }

[column_constraint:]

[ DEFAULT default_value ]

[ COLLATE collate_value ]

GLOBAL TEMPORARY немесе LOCAL TEMPORARY жазбалары уақытша кестенің құрылуын көрсетеді

ON COMMIT жазбасы тек қана уақытша кестелер үшін пайдаланылады. Уақытша кестелер үшін ағым бойынша ON COMMIT DELETE ROWS жазбасы қарастырылады.

Кестенің атынан кейін доға жақшалардың ішіне үтір арқылы, өрістер (бағандар деп аталатын) мен шектеулер тізімі көрсетіледі. әр өрістің аты мен типі бар (datatype) . Тип домен ретінде немесе SQL операторының кез келген типі ретінде анықталады. Мысалы, SQL тілі келесі типтерге ие : integer, char (символдар_саны), varchar (символдар_саны), int, smallint, float, date.

DEFAULT жазбасы ағымдағы мәнді анықтайды. Бұл доменде көрсетілген ағымдағы мәнге қарағанда жоғары приоритетке ие (егер деректер типінің орына домен пайдаланған болса) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау
Курс құрылымы
Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері
Мәліметтер базасына арналған SQL сұраныстарын әзірлеу
Берілгендер қорындағы кестеледі біріктірудің теориялық негіздері
Кестелерге мәліметтер қосу
Деректер қорын жасау
ТІЛДЕР КУРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАСАУ
Ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарда delphi ортасындағы мәліметтер қоры туралы түсініктерді қалыптастыру
TSQL мәліметтерімен жұмыс істеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz