НАТО құрылуы және қарым-қатынастары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
І ТАРАУ. НАТО-ның ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ5
1. 1 НАТО-ның құрылу тарихы5
1. 2 НАТО-ның негізгі құжаттары12
1. 3 Ядролық саясат16
1. 4 НАТО-ның негізгі құрылымдары17
ІІ ТАРАУ. НАТО-ның ДАМУЫ23
2. 1 НАТО жүйесіндегі әріптестік институты23
2. 2 НАТО-ның кеңеюі25
ІІІ-ТАРАУ. НАТО-ның БАСҚА ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ27
3. 1 НАТО және Ресей қатынастары27
3. 2 Қазақстан мен НАТО қарым-қатынастары28
ҚОРЫТЫНДЫ33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР35
КІРІСПЕ
Варшава шарты ұйымы тарағаннан кейін қазіргі заманғы дүние жүзінде НАТО-ның рөлі жаңаша көрінеді. Онда біздің жақындасуымызға қолайлы міндет бар-Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінің демократиялық дамуына жәрдемдесу, өзінің мүмкіндіктеріне қарай аймақтық қақтығыстардың алдын алу міндеті бар. НАТО, сондай-ақ Еуропа қоғамдастығы да, бұрынғы Одақтың республикалары арасындағы өзінің ықпалын кеңейтуге мүдделі Солтүстік Атлантика ынтымақтастығы кеңесі шеңберінде қорғаныс саласындағы диалогты, серіктестік пен ынтымақтастықты, сондай-ақ екі жақты байланыстар мен алмасуларды дамытуға әзірлік көрсетті, НАТО-ға мүше елдер осы мақсатта өздері жинаған айтарлықтай сараптық потенциал мен қорғаныс сипатындағы мәселелерді шешу тәжірибесін беруге міндеттеме алды. 1
Тақырыптың өзектілігі. Мен бұл тақырыпты алып отырған себебім НАТО әлемдегі ең ұлы әскери ұйым, оның басқарушысы және қолдаушысы - Америка Құрама Штаттары. НАТО курстық жұмысын жаза отырып мен тек қана Әскери Одақтың ғана саясатын, мақсатын біле ғана қоймай сондай да АҚШ-тың әлем сахнасындағы негізгі идеяларын, оның ролін тереңірек білгім келді. Ал Солтүстік Атлантикалық Одаққа келсек ол АҚШ-тың әлемге шығудың негізгі жолдарының бірі.
Зерттелу деңгейі . Менің тақырыбымның зерттелу деңгейі халықаралық деңгейде болып отыр, НАТО әсіресе әскери жағдайларда негіз болып қаралады. Бірақ қазір НАТО ақырындап саяси жағдайларды да шешуде.
Деректік негізі. НАТО Әскери Одағы туралы оқулықтар қазақ тілінде өте аз, жоқ десек те қате болмас еді. Мен орыс тіліндегі кітаптардағы тақырыптарды, газет журналдағы мақалаларды, интернет жүйесінен кейбір жаңалықтарды алып қазақ тіліне аудардым. Қуанышыма сәйкес, НАТО әлемдегі ең ірі ұйым болғаннан кейін, біздің еліміздің ғалымдары да оған үлкен мән беруде, олардың газет-журналдағы мақалалары, менің курстық жұмысыма зор үлес қосты. Менің тақырыбымның негізі НАТО-ның құрылуы және мақсаттары жайлы болған соң, НАТО-ның түпкі тарихына түсіп ескі жылдардағы кітаптарды да өз жұмысымда қолдандым. Мен тек шетел кітаптарын ғана қолданбай, сондай ақ өз мемлекетіміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздігіміздің бес жылы”, “Сындарлы он жыл” деген кітаптарын, одан басқа Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың “Беласу”2, “Қазақстан Республикасының Дипломатиясы”, “Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации” кітаптарын өз жұмысымда қолдандым.
Методологиялық негізі: НАТО халықаралық ұйым болғаннан кейін мен Қазақстанның Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтің еңбектерін негіз ретінде пайдаландым. НАТО-ның ең күшті мүшесі АҚШ болғаннан кейін, НАТО-ның басшылығын сол мемлекет жүргізеді деп айтуға болады.
қатынасы туралы болып отыр. Қазақстан мен АҚШ халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша жанасудың қосымша нүктелерін іздестіруді жалғастыра береді. Бұл тұрғыда Н. Назарбаевтың 1999 жылғы 23-25 сәуірде Вашингтонда НАТО-ның мерекелік саммитіне қатысқанын атап көрсеткен орынды. Біздің мемлекетіміздің басшысы Құрама Штаттардың саяси және іскерлік әлемнің серкелерімен кездесті. Президент У. Клинтон Азиядағы сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасын мысал ретінде келтіре отырып, оның аймақта бейбітшілікті сақтауда үлкен ролі бар екенін атап көрсетті. Ол Н. Назарбаевтың бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты ғаламдық проблемаларды шешуде НАТО Ресеймен тығыз жұмыс істеуі тиіс деген пікірімен келісті. НАТО-ның Бас хатшысы Х. Соланның 1997 жылғы 10-11 наурыздағы Қазақстанға сапары барысында ғылым саласында және әсіресе Қазақстан үшін маңызды қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықтың басымдық берілетін бағыттары белгіленді. Бас хатшы сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат алмасуды ұсынды. 2000 жылғы 3-5 шілдеде НАТО-ның Бас Хатшысы Дж. Робертсон Қазақстанға ресми сапары болды. Альянс басшысы Президент Н. Назарбаевпен, Парламенттің екі палатасының төрағаларымен, Сыртқыісмин басшылығымен, Қорғаныс министрімен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Альянспен кеңейтілген әріптестікке, бірінші кезекте әскери кадрларды даярлау мен қорғаныс құрылысы мәселелерінде әріптестікке өзінің дайын екенін мәлімдеді.
Ғылыми жаңалығы. Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай процестер жалғасуда. Соның нәтижесінде Блоктық әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды. 3
Мақсаты. Менің бұл жұмыстағы мақсатым НАТО-ның бұрынғы мәселелерімен қазіргі мәселелерін ашып көрсету, оны саяси тұрғыдан танып білу болып отыр.
Міндеті:
- Жұмыстың ең негізгі міндеті ол НАТО-ның бұрынғы саясатымен қазіргі саясатын,
- Қазақстан мен қарым-қатынастарын терең ашып көрсету
- НАТО-ның дамуын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. НАТО-ның саясатын және Қазақстан мен қатынасын осы жұмыста толық жеткіздім деп санаймын, сондықтан бізден кейінгі қазақ бөлімдері осы жұмысымды алып оқыса НАТО туралы көптеген жағдайларды түсінеді. Бұл жұмыс тек қана жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ғана арналмай, сондайда халықаралық қатынастар туралы мәлімет алғысы келген адамдарға да көмек болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І ТАРАУ. НАТО-ның ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
1. 1 НАТО-ның құрылу тарихы
АҚШ-тың бұрында қазірде ашық айтылмасада тусінуге болатын күндесі бар, ол бұрынғы КСРО, қазіргі Ресей. Сондықтан да Әскери Одақтың дамуына Ресейдің де үлкен ролі бар.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалы батыс елдерін алаңдатты. АҚШ экономикалық жағынан тежеуді толықтыру үшін әскери одақты құру ұсынысымен шықты. 1949 жылы АҚШ пен басқа 11 ел Солтүстік Атлантикалық пакті (НАТО) - ұжымдық қауіпсіздендіру негізінде құрылған одақты құрды. НАТО-ның мүшесі болған бір елге шабуыл жасау қалған мүше елдерге де шабуыл деп есептеліп, оған НАТО-ға мүше елдердің барлығы бірігіп тойтарыс беруі тиіс болды. 4
Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (блок НАТО) 1949 жылы 12 мемлекеттің қатысуымен құрылды. Оған: Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Канада, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания кірді. 1949 жылы 4 сәуірде Вашингтон қаласында қол қойылған Солтүстік Атлантикалық Альянстың келісім шарты сол мемлекеттердің ортақ қорғанысын, коллективтік қауіпсіздігін және ең бастысы Кеңес Одағының қоқан-лоққысына қарсы төтеп беруді қарастырды. Бұл Одақ соғыстан кейінгі уақытта құрылды, яғни қырғи-қабақ соғыстың жаңадан басталып келе жатқан уақыты, осы кезеңде көптеген мемлекеттер Кеңес Одағы алдындағы әлсіздігін мойындаған еді және бұл одақтың ұйымдастырушысы АҚШ болды. НАТО соғыстан кейінгі уақыттағы Америка Құрама Штаттарымен құрылған және капиталистік мемлекеттердің қатысуымен жасалған бірінші одақ болып саналды.
Сонымен АҚШ-та Трумэннің екінші президенттігінің халықаралық шиеленісушіліктің күшейуімен, совет-американдық қатынастардың шиеленісуі өтіп жатқан кезеңі болды.
1948 жылдың сәуірінде, АҚШ-тың ықпалды орталарында ойлағандай, күшіне енген «Маршалл жоспарың экономикалық негіз және ешбір шарасыз Совет Одағымен соғыстың болып кету жағдайында Еуропаның капиталистік мемлекеттерінің АҚШ әскери одағында ұйымдасуына дайындық мәселелері Вашингтонда қарастырылды. “Маршалл жоспарының” қабылдауына дейін Батысеуропа мемлекеттері 1947 жылы өзара қорғанысқа арналған структурасын жасай бастады, өйткені олар Кеңес Одағы алдында өздерін дербес қорғаныста өте әлсіз деп сезді. Бұл жағдайдың нәтижесінде 1948 жылдың наурызында 5 мемлекет, яғни, Бельгия, Франция, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания Брюссельдік келісім-шартқа қол қойды, бұл НАТО ұйымының құрылуына негіз болды.
Бұл уақытта Вашингтонда әскери одақтың болашақ “маршаллданылған” мемлекеттерімен жобасы қарастырылып жатты. АҚШ-тың жақтаушылары, бұл одақсыз Батыс Еуропаға КСРО орбитасына қосылу қаупі төніп тұр деді, сонда Кеңес Одағының күшімен ресурстары ұлғайып, қарым-қатынас күштері өзгеріп, АҚШ-тың өте қауіпті жағдайда қалуы мүмкін деді.
1948 жылы маусымда сайлау науқанының қайнау кезінде, сенат көпшілігі 64 қарсы 4 А. Ванденберг резолюциясын қабылдады, бұл резолюция регионалдық әскери одақтарға көмек көрсетуді қолдады. Бірінші рет АҚШ сенатының тарихында, достық кезеңінде, Батыстық жартышарының шегінде орналасқан шетел мемлекеттеріне әскери көмек көрсету қолдау алды.
Сенаттағы көпшілік республикашылдарға жатты. 1948 жылғы Резолюциядағы көпшіліктің мақылдауы, сайлау алдында республикашылдар конгресте және ұлттық конвентте өздерінің изоляционизмнен барлық жағдайда жалтаруын көрсеткісі келді. Мәнісінде бұл резолюциялар АҚШ-тың әскери одақтарға қатысуына рұқсат етті.
Олар АҚШ әскери ұйымымен көптеген капиталистік елдердің қосылуына жұмыс жасады.
Сайлаудан кейін АҚШ үкіметі белсенді және ашық түрде жұмыс жасады. Өзінің екінші президенттігінің басталуына арналған 1949 жылғы 20 қаңтардағы сөзінде Трумэн былай деді: “Қазір біз бірқатар елдермен ортақ келісім жасап жатырмыз, ол Солтүстік Атлантиканың қауіпсіздігін нығайтуға арналады… Біз Рио-де-Жанейрода Батыс жартышары үшін қорғаныс пактін шығарып қойдық. Енді сенатқа Солтүстік Атлантиканың қорғанысы туралы келісім-шартты жіберуге үміттенемін. ”
Екі жарым айдан кейін 1949 жылдың 4 сәуірінде 12 үкіметтің уәкілдері Вашингтон қаласында Солтүстік Атлантика әскери ұйымы туралы келісім-шартқа қол қойды, ол НАТО деп аталынды. Оған қол қойғандар: АҚШ, Канада, Бельгия, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания. Вашингтон Стокгольмге өте қатты қысым көрсетуде болды. Ал өзінің екі дүниежүзілік соғыста да нейтралитетін сақтаған Швеция, әскери ұйымға кірмеуді таңдады, бұл ұйым үшінші дүниежүзілік соғысқа арнайы ұйымдастырылып жасалған ұйым деп саналды. Кішкене уақыттан кейін АҚШ Греция мен Туркияны солтүстікатлантика мемлекеті деп жариялап 1952 жылы оларды НАТО-ға кіргізді. Кейіннен 1955 жылы американдықтардың талабымен Германия Федеративті Республикасы ресми түрде толыққұқықты мүше болып әскери ұйымға кірді. Ал соңында 1982 жылы Испания, 1999 жылдың қаңтарында Польша, Чехия және Венгрия НАТО-ға қосылды.
Мұнан былайда АҚШ басқа әскери ұйымдар жасады. Бірақ НАТО олардың ішіндегі ең қажеттісі, АҚШ мемлекеттік департаментінің негізгі назарын өзіне аударған, соғыстан кейінгі Вашингтонның глобальді саясатын көрсеткен, әлемдік социалистік жүйеге және ұлттық-босату, әлемдегі революциялық қозғалыстарға қарсы күреске бағытталған ұйым болып қала берді.
Достық кезеңіндегі 1949 жылдың 4 сәуірінде әскери ұйымның Еуропа ірі мемлекеттерімен қол қоюы АҚШ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген. 1747 жылы жасалынған АҚШ конституциясы, мәнісінде АҚШ-тың үкіметіне шетел мемлекеттерімен әскери ұйымдар жасау мүмкіншілігін бермеді. Дәлірек айтқанда ол ұйымға беріктік бермеді, ал Еуропада мұндай мүмкіншілік бар еді. Соғысты жариялау прерогативін АҚШ конституциясы конгресстің артында ғана қалдырды. Әрбір конгресс конституциямен жұмыс жасауға тиіс болды. Бірақ өткен конгресстердегі үкіметтің актілерімен шешімдері оған өте қатты керек емес еді. Мысалы Англиямен Франция өзара келісім-шарт жасай алатын еді және келісімде белгіленген болса олар соғысқа қатысуға міндетті болды. АҚШ-тың үкіметі әскери ұйым туралы келісім-шарт жасай алды. Бірақ үкіметпен сенаттың мұндай актілері конгресске соғыс жариялауды міндеттемеді.
Егер АҚШ-тағы мемлекет басқарушы монополистік капитал соғыс үшін болса, онда конгресстің екі палатасындадағы көпшілік соғыс үшін дауыс береді. Бірақ үкіметтің әскери ұйымға негізделген қорытындысына, конгресс дағдылы соғыс жарияламайды. Сонда да конгресстің одақ туралы келісім-шарт бойынша жұмыс жасайды деген сенімділік болмады. Сондықтан ешкімнің де АҚШ-тың әскери одағының беріктігіне сенімі болмады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мүлдем басқа жағдай орнықты. АҚШ шетмемлекеттермен әскери одақ жасай ала ғана емес, сол одақтардың инициаторы және ұйымдастырушысы да бола алды. Бұрынғы әскери одақтарға қарағанда НАТО өзінің штабын және қарулы күштерін жасады, оған кіретіндер: құрыдағы әскерлер, соғыс-теңіз және соғыс-әуе күштері. Осыған байланысты Батыс Еуропаның суверенитетті мемлекеттері АҚШ-қа достық кезеңінде өз аумағында қарулы күштерді ұстауға рұқсат берді. 1953 жылы АҚШ-тың Батыс Еуропадағы қарулы күштерінің саны 427 мың адамды құрады.
“Кеңес Одағынан әскери қауіп - қатер” деген мифті көпірме сөздің тасасында НАТО елдері жылдан жылға ысырапшыл қару жарысын күшейтуде, өзінің ядролық потенциалын дамытуда, Құрама Штаттары бұрыннан келе жатқан мақсатты көздейді. 5
АҚШ-тың Президенті және оның қызметкерлері НАТО-ны Рио-де-Жанейродағы 1947 жылдың қыркүйегінде жазылған Батыстық жартышардың қорғанысы туралы келісім-шартыменен салыстырды. Бұл туралы Трумэн өзінің президенттігінің екінші кезеңінің басталуына арналған сөзінде айтып кеткен еді. Екі келісім шарт бір формулаға сәйкес келеді: Рио-де-Жанейрода былай деп жарияланған, егер бір американдық елге шабуыл жасалса онда бүкіл американдық мемлекеттерге шабуыл жасалынды деп қаралады, Солтүстік Атлантикалық пакттің 5-і тарауында былай делінеді: “Екі келісуші жақтар былай деп таниды, егер қарулы шабуылдар бір немесе бірнешелеріне жасалынса онда Еуропада немесе Солтүстік Америкада шабуыл олардың бәріне қарсы жасалынды деп қарайтын болады.
Сонда да Рио-де-Жанейродағы 1947 жылғы 2 қыркүйектегі келісім, мәнісінде Вашингтондағы 1949 жылғы 4 сәуірінде жасалынған пактіден айырмашылығы бар.
1947 жылғы американдық мемлекеттердің келісімі, сол елдердің біреуіне шабуыл немесе қауіп-қатер төне қалған жағдайда тез арада консультация өткізуді қарастырды. Бірақ ол тез арада дағдылы қимыл жасауды қарастырмады. Бұдан бөлек келісімнің 20-шы тарауында былай белгіленеді, бір де бір мүше өзінің қалауынсыз қарулы күштерді қолдану жағдайына қатысуға міндетті емес. Әрбір қатысушы өзінің суверинететті құқығын сақтай отырып соғыса ма әлде жоқ па, өзі таңдайды.
НАТО-ның құрылу туралы келісімінде мұндай түсіндірме жоқ. НАТО-ның американдық мемлекеттердің 1947 жылы жасаған келісімінен айырмашылығы бар, өйткені ол регионалдық пакт емес.
Формальді түрде келісімнің 1949 жылдың 4 сәуіріндегі преамбулінде былай айтылған, НАТО-ның мақсаты-коллективтік қорғаныс. Факт бойынша АҚШ Солтүстік Атлантикалық пактті агрессивтік және шабуылшы одақ ретінде құрды.
Қорғаныс деп аталмыш Солтүстік-Атлантикалық пакт 1949 жылы құрыла салысымен шабуылшы әскери операциялар туралы жоспар жасады, ол АҚШ-тың әуе-күштерінің КСРО-ға атомдық жарылғаштармен шабуыл жасауын қарастырды.
Республикалық партияның мәліметті лидері сенатор Тафт, Пентагонның стратегиялық жоспарын сынай отырып, мынандай қорытындыға келді: “Соғыс бастала салысымен, Еуропа жерінде американдық әскердің Ресейге қарсы құрыдағы соғыста пайдалануы қарастырылды. Келешекте, Наполеон мен Гитлерге қатерлі болған бағытпен басып ену ісіне кірісу қаралады. ”
Тіпті Тафт та былай белгілейді, АҚШ Солтүстік Атлантикалық Одақты құра отырып босқадан босқа, БҰҰ Уставының 51 тарауына сілтенеді, ол тарауда : “егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалынса, онда коллективтік және индивидуальдік өзін өзі қорғау құқығын пайдалану” туралы айтылады. Осылай бола тұрып Тафт бұл тараудың мұндай шабуыл жасалмаса бір мемлекеттің басқа мемлекетке қарулы күштер жіберуге құқығы жоқ екендігін айтты.
Ары қарай да Тафт НАТО-ның БҰҰ-ның принциптерін бұзып отырғанын дәлелдей отырып былай деп жазды: “ Ол БҰҰ-ның барлық рухына қарсы қойылып отыр. Бұл Устав қарулы күштерді жеке мемлекеттердің арасында келісім орната отырып қысқартпақшы. Атлантикалық пакт керісінше Уставтың мақсаттарына қарсы қойылған және халықаралық достықты құқық пен әділеттілікті пайдалана отырып қамтамасыз етуді жоққа шығаруда. Ол әлемді екі қарулы лагерьге бөледі. Бұл келісім еш шарасыз қарулы жарысты көрсетіп отыр, ал қарулы жарыс өткен шақта соғысқа әкелген. ”
Осылайша республикалық партияның авторитетті көшбасшысы, Кеңес Одағының достаспас жауы сенатор Тафт НАТО-ны аттестациялады, ал АҚШ-тың үкіметі және оның одақтастары НАТО-ны қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш ұйым ретінде көрсетті.
АҚШ-тың президенті Трумэн және Вашингтонның үкімет адамдары НАТО-ның құрылуын 1948 жылдың ақпанында Чехословакияда болған жағдаймен және маусымдағы Батыс Берлинге еркін кіру мүмкіндігін жапқан істерімен ақтамақшы болды.
НАТО-ның құрылуын 1948 жылдағы болған жағдайға жауапты шара деген түсіндірмесі, Солтүстік Атлантикалық пакттің қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш түсіндірмесі сияқты алдамшы болды. 1946-1947 жж. Вашингтон НАТО-ға белсенді түрде Америкада және Еуропада тыянақты жағдай дайындады. Осы белсенді дайындықтың нәтижесінде “қырғи-қабақ соғыс” дейтін сөлемше қалыптасты.
1946 жылдың қыркүйегінде үкіметтің Турция мен Грецияға әскери және экономикалық “көмек” беру туралы сұрағының талқылауы, Еуропа капиталистік мемлекеттерін Кеңес Одағына қарсы біріктіру дайындықтарының басы болды. Наурыз айында Англия, Франция және Бенилюкса арасында 50 жылға Брюсселдік пакт жасалған кезде, АҚШ үкіметі президенттік кампанияның нағыз қызған кезінде өзін Брюсселдік пактігінің мүшесі деп жариялауды мүмкін деп санамады, бірақ оны рухтандырды, оған бата берді және қолдау көрсетуге міндеттеме алды. Келісуші жақтар, егер де Еуропада біреуінің аумағына шабуыл жасалынса бір-біріне әскери көмек беруге міндеттеме алды. 1948 жылдың 17 наурызында яғни қол қою күнінде, Трумэн конгресстегі сөзінде “бұл пакттің барлық мүмкін көмек алуға лайық екенін” жариялады. Брюссельдік пактіге әскери көмек беру мақсатында АҚШ сенаты 1948 жылы 11 маусымда Ванденбарг резолюциясын қабылдады. Сол уақытта АҚШ үкіметі Лондонға өзінің уәкілдерін жіберуді шешті, олар Брюсселдік пакті мемлекеттерінің әскери сұрақтарын талқылауға барды.
1948 жылы 6 маусымда АҚШ пен Брюсселдік пактте құрылған мемлекеттердің арасында жасырын келіс-сөздер басталды. Бұл келіс-сөздер туралы Трумэн былай деп жазды: “Келіс-сөздер өте құпия жағдайда жүргізілді. Арнаулы қауіпсіздік жүйесі қолданылды- аз ғана документтер саны көрінді. Тек қана белгіленген адам санына, осы келіс-сөзге байланысты документтерге еркін кіру рұқсаты берілді. ” Бұл құпия келіс-сөздерге Канаданың да уәкілдері қатысты. Вашингтон Канаданы Еуропалық мемлекеттермен бір уақытта, ойластырылған антисоветтік курсқа қатыстыруға дайындады.
1949 жылы Еуропалық Одақ құрылды, оған Брюсселдік пактіге қарағанда көп мемлекеттер қатысты.
Екі айдан кейін НАТО құрылды.
Осылайша НАТО-ны екі жылдан астам уақыт дайындады.
Тарихи дәстүрлермен АҚШ-тың Конституциясының ерекшеліктерінің бұзылуы, осы дайындықтың ұзақ уақытқа созылғанына себепші болды. АҚШ үкіметі қолайлы формулировка табылғаннан кейін ғана, сенаттың Солтүстік Атлантикалық пактісін мақылдауына үміттенді, ал НАТО-ның басқа мүшелері келісім беріп қойған еді. Бұл формулировка келісуші жақтардың бір-біріне барлық жақты көмек көрсететін міндеттемеге ептеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz