Мұғалім-басты тұлға



Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Мұғалім.басты тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Мұғалімнің басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Педагогикалық рефлексия ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ү. Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І Кіріспе

Халқымыздың Батыр ұлы Бауыржан Мамырұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз» - деген еді. Батыр ағамыз айтқандай-ақ ұстаз –қалай қадірлеуге де тұратын ардақты есім. Мұғалім бақыты-шәкірт құрметі, шәкірт алғысы. «Шәкірсіз-ұстаз тұл» дегендей, арқа сүйер азаматтары шәкіртетері бар ұстаз ешқашан еңбегім еш кетті деп айта алмайды. Себебі, ешбір мамандық иесі мұғалімдей сан-салаға бағыт беріп, бағдар көрсетіп, көп шәкірт тәрбиелей алмайды.
Бүгінгі демократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған талаптар қою арқылы өзінің де, өзгенің де бақыты үшін күресе алатын адамды тәрбиелеу біртұтас педагогикалық ойдың аса абыройлы міндеті болып саналса керек.
Ұстаздың саяси сауатты, жан жақты білімді, өз бойындағы білімді оқушы түрлеріне ұялата аларлықтай әдіскермін шеберлігі болуы керек. Ұстаз тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының, психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай алатындай сезімтал психолог болуы қажет.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» -деп, абай атамыз айтпақшы, ұстаз бала тәрбиелеу жолында үлкен сындардан өтеді. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында рухани адамгерлік қабілеттер басты нысана болып отыр. Н.Ә. Назарбаев: «ғасырлар мақсаты –қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасады.
Болашақтың иесі –жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі тәрбие білім тьірегі десек, ұстаз-оның жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналы да тәрбиелі, саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделліліік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан мектебі. 5-6/2005.
2. Қазақстан мектебі. 4/2005.
3. Қазақстан мектебі. 1/2005.
4. Қазақстан мектебі. 7/2005.
5. Қазақстан мектебі. 9-10/2005.
6. Қазақстан мектебі. 3/2006
7. Қазақстан мектебі. 6/2006.
8. Сыныптағы тәрбие 6/2006
9. Сыныптағы тәрбие 4/2006.
10. Мектеп 2/2006
11. Бал- бөбек 10/2006.
12. Қазақстан мектебі 9/2006
13. Ұстаз нұры 3/2006
14. Сыныптағы тәрбие 8/2006
15. Сыныптағы тәрбие 10/2006

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Мұғалім-басты
тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2. Мұғалімнің басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Педагогикалық рефлексия ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
Ү.
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І Кіріспе

Халқымыздың Батыр ұлы Бауыржан Мамырұлы: Ұстаздық – ұлы құрмет,
себебі ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,
егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай
ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға
міндеттіміз - деген еді. Батыр ағамыз айтқандай-ақ ұстаз –қалай қадірлеуге
де тұратын ардақты есім. Мұғалім бақыты-шәкірт құрметі, шәкірт алғысы.
Шәкірсіз-ұстаз тұл дегендей, арқа сүйер азаматтары шәкіртетері бар ұстаз
ешқашан еңбегім еш кетті деп айта алмайды. Себебі, ешбір мамандық иесі
мұғалімдей сан-салаға бағыт беріп, бағдар көрсетіп, көп шәкірт тәрбиелей
алмайды.
Бүгінгі демократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып
оған талаптар қою арқылы өзінің де, өзгенің де бақыты үшін күресе алатын
адамды тәрбиелеу біртұтас педагогикалық ойдың аса абыройлы міндеті болып
саналса керек.
Ұстаздың саяси сауатты, жан жақты білімді, өз бойындағы білімді
оқушы түрлеріне ұялата аларлықтай әдіскермін шеберлігі болуы керек. Ұстаз
тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының, психологиялық ой-өрісінің өсу,
даму дәрежесін бақылай алатындай сезімтал психолог болуы қажет.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға -деп, абай атамыз айтпақшы, ұстаз бала тәрбиелеу
жолында үлкен сындардан өтеді. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық
жаңарулар тұсында рухани адамгерлік қабілеттер басты нысана болып отыр.
Н.Ә. Назарбаев: ғасырлар мақсаты –қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу
кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты
мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады.
Болашақтың иесі –жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен
жауапкершілік жүктейді. Мектептегі тәрбие білім тьірегі десек, ұстаз-оның
жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналы да
тәрбиелі, саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол,
зерделліліік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Мұғалім –басты тұлға
Я. Каменскийдің айтуынша, меткпетегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары
тікелей мұғалімге байланысты. Мұғалім қазіргі кезеңде мектептің негізгі
басты тұлғасы болып есептеледі. Мектеп мұғалімі қандай болса, болашақта
қоғам да сондай болады.
Қоғамда ұстаз ролінің төмендеуі оқу сапасына әсерін тигізгені анық.
Р. Безделина зерттеуі бойынша 85 пайыз мұғалім өзінің функциясын білімді
беруде, ал А. Орловтың пікірінше 10 пайыз мұғалім өздерінің оқушылары
арқылы жеке тұлғаны бағалайды. С. Рескина 85 пайыз мұғалім өздерінің
оқушыларын танып бөлмеу салдарынан оларға мамандық таңдауда ешқандай кеңес
бере алмайды десе, ал И. Скрипюк 70 пайыз мұғалім оқушылармен дұрыс қарым-
қатынас орната алмайтынын Е. Захарова 60 пайыз мұғалімнің авторитарлық
бағытты таңдағанын айтады. Сабақтың 90 пайызы мұғалімнің монологы болып
табылады. Осы факторлардың бәрі педагог кадрларының біліктілігін арттыруды
қажет етеді.
Тәрбие мен білім ұйытқысы-ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім
шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Білімділер мен
дарындылар ғасыры ХХІ ғасыр жаңа басталды, алда жаңа биіктер, игі армандар
тұр.
Егеменді елдің ертеңі-ұрпағының оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді.
Білімді, жан-жақты, тәрбиелі, қабілетті жастар-еліміздің баға жетпес
қазынасы. Барлық адамзат баласы, осы білім нәрін ардақты ұстаздар арқылы
бойына сіңіреді. Ал, ұстаздар жас ұрпақты жан-жақты біліммен сусындату үшін
алдына келелі мақсат-міндеттер қояды.
Кеше кім едік?
Бүгін кімбіз?
Ертең кім боламыз?

Елдің ертеңіне ең алдымен ұстаз жауапты
Ұл ұлағатты, қыз қылықты болсын десек, ең алдымен білім мен тәрбиені
ұштастыра жүргізу қажет. Ұрпақ тәрбиесі-үлкен іс. Бұл кез-келген адам
атқара алмайтын бейнеті мен зейнеті мол іс.
Ұстаздардың алдында тұрған ауқымды мақсат білім өресі биік, рухани
ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан ұрпақты оқытып тәрбиелеу және жаңа техника жетістіктерін толық
игеру. Осы ауқымды мақсаттан ұстаздар қауымының алдындағы басты міндеттер
айқындалады. Атап айтқанда, өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген
табыстарын игеруге оқытып, тәрбиелеу, түп тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты
ата-баба салты мен дәстүрі, әдет-ғұрпымен қайта табыстыру, жалғастыру
әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу. Мұғалім оқушылардың білімге деген
құштарлығын дамытуы және білім алу үрдісі бөлмейтін дүниелерге саяхат
ретінде қарастырылуы қажет. Оқушылардың жастарына байланысты оқытудың
мазмұны шектелмеуі тиіс. Сезу және ойлау шығармашылық қасиет ретінде
қарастырылуы керек.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру- ұлттық психологияға сай өз
үйлесімін табары анық. ХХІ ғасыр шәкірттерін біліммен тәрбиелеуде қатал
талап қоя отырып, оларға аздап болса да өзіндік еркіндік беру керектігін
қуаттаймын.
Адамзаттың негізгі белгісінің өзі оның білімді меңгеруімен
анықталады. Әр бала бір шешілмеген жұмбақ, жұмбақта шешу үшін баланың
дарынын, ізгі қасиетін, аша білер сабырлы да сарабдал ұстаздар керек бұл
іске. Ұстаз- бір елдің болашағы үшін қызмет жасайтын киелі мапандық иесі:
Әрбір ұстаз оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны терең меңгерген, өз
пәнін жетік білетін ерекше дарынды болуы шартты.
Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік, оның
сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегінен жол таба білуінде. Қазақтың
жас ұрпағының көкірегіне адамгершілік ұрығын себетін, баланың адам ретінде
қалыптасуына ықпал ететін психолог мұғалім жұмыс жасауы керек. Балаларды
сыйлап олармен санасу, шәкіртті жеке адам деп тану арқылы, ішкі мінез-құлық
иірімдерін түсіну арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Әрбір мұғалім жас
ерекшелік психологиясын терең бөліп, соған сай қажетті әдістерді қолдануы
нәтижелі болмақ.
Шәкірттерді айқын мақсаткерлікке, шыншылдыққа, ұлтжандылыққа
тәрбиелеудің ұшан-теңіз мүмкіндігі мұғалімнің қолында тұр. Соны шеберлікпен
жүзеге асыру -әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп бөлем. Бүгінгі оқушы
кешегі оқушы емес, олар айналада болып жатқан құбылыс, өзгерістердің бәрін
де білгісі келеді. Өд ойларын еркін жеткізуге, пікірлерін қорғауға бейім.
Соның бәрін ұлы арнаға бағыттайтын ұстаздар қауымы. Шәкірттермен тек тиісті
пәндік қатынас, бірыңғай оқу орнының ережесі төңірегіндегі тәлім-тәрбие
оқушыларды таптаурын етеді, тез жалықтырады. Сондықтан тәрбие негізгі
–демалыс, еңбек, көңілдері қалаған іс-әрекет сіңірілуі тиіс. Оқу орнында
халық педагогикасының озық идеяларын пайдаланып, өкше басар ұрпақты
еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгертуге, ізгі адамгершілік қасиеттерді
бойға сіңіруге оны тәжірибе жүзінде іске асыру әр ұстаздың мерейлі міндеті.
Өз ойымша қазақ ұстаздарының міндеті бүгінгі таңдағы ең жауапты міндеті
баба бойындағы асыл қасиеттері шәкірттеріне дарытуға күш салу.
Демократиялық қоғамның әрбір мүшесін өзінің алдында кездескен кез
келген қиыншылықтардан жол тауып шығуға, өз мәселелерін өзі шеше алатын
сенімді шешім қабылдауға дайын жағдайда тәрбиелеуіміз керек. Ғасырлар бойы
ата-бабалар бір-біріне аманат етіп келе жатқан Жер ананы аздырмай келер
ұрпаққа тапсыру баста міндет. Ғылымды игерту-мұғалімнің басты жұмысы.
Балаға әлемдік ғылым жаңалықтарын үйрету барысында жаңалықпен бірге ұлттық
қалпымызды бірге алып жүре алатындай етіп тәрбиелу.
Қарым-қатынас жүйесінде ең маңыздысы: мұғалім – оқушы қатынасы. Бұл
қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Педагогикалық тұрғыдан қарағанда тәрбиелеушіге нәтижелі ықпал ету үшін
тәрбиеленушінің мұғалім қабылдауы ғана емес, мұғалім де тәрбиеленушіні
қабылдауы қажет. Мұғалім міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп
қоймай. Жасалған ықпалдың нәтижесін де көре білуі тиіс.
Ұстаздың ата-аналармен ынтымақтасуы дегеніміз-балаға үйде де,
мектепте де бірдей талап қою деген исөз, яғни ата-аналарды педагогикалық,
техникалық дербес әдістері негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді
үйрету. Ол үшін балаларды жаман –жақсы деп бөлмей, ата-анаға өкпе-арыз
айтпай, оқуда, тәрбиеде балаға жәрдем керек болса, бірлесіп, аяғынан нық
тұрғызуға көмектесу.
Демек, әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін
мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы олардың ата-аналарымен тығз
байланыста болуы керек екен.

2.2. Мұғалімнің басты мақсаты
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында "XXI ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың
жоғары өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет " дегені мәлім.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып
отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі
ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындауда. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-
жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы
да сондықтан.
"Он екі жылдық білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір
сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталатын болады.
I саты — бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар.
II саты - негізгі білім беру, 5-10 сыныптар.
III саты - орта білім беру, 11-12 сыныптар" делінген Елбасы
Жолдауында.
Осы саты іске асырылатын болса кәсіптік бағдар беру жүйесі де
нақтылай жолға қойылатын болады. Егер әрбір сатыға кәсіби бағдар жүйесі
тұрғысынан қарайтын болсақ, онда І сатының өзінен бастап-ақ оқушыларды
мамандық әлемімен таныстыра бастаймыз, қазіргі уақыттағы мамандықтар туралы
әңгімелер және т.б., яғни кәсіптік ағарту жұмыстары орындалуы тиіс.
II сатыда сынып жетекшшері, мектеп мұғалімдері, психологтері ата-
аналармен біріге отырып әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды
нақтылай мамандық таңдауға даярлайды. Біздің кәсіптік іріктеуіміз осы жерде
жүзеге асырылуы керек. Бұл жерде өзіміздің пайдаланып жүрген
психодиагностикалық тестер, сауалнамалар, сұхбат және т.б. әдістердің
маңызы зор.
III сатыда оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру.
Сонымен осы жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын тоқтатпай үздіксіз мамандық
әлемімен байланысты ақпараттармен, сол уақыттағы мамандыққа қойылатын
талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру. Қорытындысында кәсіптік
кеңес беру.
Қазіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды
мәселе айтылып жүр. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл
мәселенің шешімін табу үшін біздер, мұғалімдер атсалысуымыз керек. Яғни,
әрбір мұғалім үшін кәсіптік бағдар беру оның басты мақсатына айналуы тиіс.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз біріншіден оларды дайындаған
білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол
білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты
ол бар ынтамен беріліп атқара ма? Оның сапасыз маман болып шығуына кімдер
жауапты болмақ?
Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әрбір оқушыға мамандық
таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіру
керек. Оны әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің міндетіміз. Кәсіптік бағдар
жұмысының нәтижелі орындалуы қазіргі экономикалық даму кезінде өте қажет.
Қазіргі кезең - ғылыми-техникалық прогрестің өте қарқынды дамыған
кезі. Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі
туындайды. Ал қазіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының
құндылығының артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы
болуы шарт. Сонымен қатар қажет болган жағдайда сұраныспен бірге ондағы
талаптарға толыққанды сай болуы керек.
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, кадрлардың кәсіптік дайындығына
қойылатын талаптардың артуымен қатар оқушылардың кәсіптік бағдар алуы
көкейкесті мәселеге айналды. Өйткені, оқушылардың басым көпшілігінің
кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының
сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде:
әлеуметтік, экономикалық, құкықтық, психологиялық-педагогикалық,
медициналық-физиологиялық, т.б.

Оқушылар білімін бақылау
Оқыту әдістемеде бес негізге арқа сүйейді. Бірінші негіз- оқушылармен
жеке жұмыс жасау, әр оқушыға жеке әдіс қолдану. Екінші негіз-оқушылардың
өөзіндік жұмысы. Үшіншісі – оқушылар жеке жоба өзіндік жұмысы. Үшінші –
оқушылар жеке жоба жасағанда балама оқулықтарды пайдалануға иек кетірмеу.
Төртінші – мұғалімнің шығармашылық ойының толық іске асуы. Бесінші негіз-
мұғалімнің оқушыға жеке кеңес беруі.
Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін
бақылауды ұйымдастырудың бір түрі-тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылрадың өз
бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау
қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың
білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша
құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін
бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде
тесттерді тексерудің барлық басқа түрлерімен: тәжірибелік, семинар
сабьақтары, каллоквиум, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушының нақты
даярлық дәрежесін көре аламыз. Дегенмен, бір сыныптағы оқушылардың Өзара
жолдастық көмегі нәтижесінде білімдері субъективті бағалануы да мүмкін.
Оқытудың модульдік жүйесін пайдалану оқытудың дайындық сапасын
жақсартып, оқушы білімін бағалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және
білім сапасын артыруға ықпал жасайды. Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы
жыл бойы барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істеуіне мәжбүр.
Сондықтан оқушылардың білімін бағалауда субъективті қателердің болуына жол
берілмейді.
Білімді бағалаудың дәстүрлі әдістерінде оқушыға қиындықтары әр түрлі
тапсырмаларды орындағаны үшін бірдей баға қойылып жүр, яғни бес балдық
жүйеде бағалардың арасында нақты шекара білінбейді.
Бағалаудың бір түрі - рейтинг. Рейтинг апрқылы оқушылардың жұмыстың
қандай түрімен айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады.
Рейтинг білім мен біліктіліктің, оқушының жекуе басындағы кешенді сандық
және сапалық житынтық индексі. Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды
бағаның көтерілуіне мүмкіндік беріледі. Оқушының әр түрлі жұмыстарын
сапалап өткізу (тыңдап-түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы
бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағанын бірден аңғартады. Мұғалім
пейтингілік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін,
интеллектілік деңгейін білуге болады.
Мұғалім сабақта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етуге, оқушыларда
сұрақ қоюға, оған жауап іздеуге, бірлесе білім алуда жауапты бірігіп
әзірлеуге, мәселені талқылауға ынталандыруы тиіс. Бұл әәдістің бір түрі-
жобалау. Жобалау жұмысы ойлана білуді үйретіп, белсенділікке баулиды. Соның
нәтижесінде оқушы өз білімін, түсінгенін белсенді ойлау тұрғысына сөйлеу,
жазу арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімге оқушының жеке басына көбірек көңіл
аулдаруға және оқушының тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады.
Білім беруде әрбір жаңалықты, әсіресе соның ішіндегі осы кәсіптік
білім берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге енгізудің бізге
қаншалықты нәтижелер беріп жатқанын білеміз. Мұндай жаңалықтарды өз
тәжірибемізге енгізі; кәсіптік бағдар жұмысының маңызын арттырады. Кейде
мұғалімдеріміздің жаңалыққа көңіл бөлмей, немқұрайлы қарауы білім сапасына
өз әсерін тигізіп жатады
Зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, бітіруші түлектердің басым көпшілігі
мамандық әлемінде адасатыны шындық. Олардың алдында кәсіпті және мамандықты
кең ауқымды түрде таңдау тұрады. Таңдау кезінде болашақта жай ғана іспен
шұғылданбай, ары қарай өзінің сүйікті ісімен айналысу үшін қателеспеуі
керек Бұл таңдау оқушылар үшін ол мамандықтың кереметтігі немесе бастық
болу жолында емес, ол оның қажеттілігі мен мүмкіндігіне, психологиялық
ерекшеліктеріне сай келетіндей болуы керек. Мамандық әлеміне қадам басу
шешуші рөл атқарады. Оқушылардың ең қиын сәттерінің бірі болып саналатын
бұл уақыт олар үшін тез ауытқитын құбылмалы кезең болып тұрады.

2.3. Педагогикалың рефлексия
Мұғалім педагогикалық әрекет барысында әр түрлі қызметтер атқарады.
Психологтердің зерттеулерінде олардың алғашқысы және негізгісі белгілі
пәндік мазмұн негізінде, оқытудың әдістері мен формалары арқылы оқушылардың
белсенді танымдық және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру екендігі аталып
өтеді. Бұл бағытта оның кәсіби әрекеті педагогикалық үрдісті талдау, оның
мәнін ұғыну, сыни баға беруі сияқты сипат алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
Педагогтің тұлғалық сапалары
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Баланың тұлғасын дамыту
Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Пәндер