Солтүстік-атлант альянсы
Кіріспе 3
1. Солтүстік.атлант альянсы: тарихы, мәні 5
1.1. Солтүстік.атлант альянсы 5
1.2. Солтүстік.атлант альянсының құрылуы 7
2. Еуропаның қауіпсіздік жүйесіндегі НАТО 10
2.1. Еуропадағы қамтамасыз етудің жаңа жолдарын 10
іздестіру және НАТО 10
2.2. Еуропадағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы 15
2.3. Қазақстанның ЕҚЫҰ.мен және НАТО.мен өзара іс.қимылы 17
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31

Кіріспе
Халықаралық қатынастар жүйесінде және батыс елдері үшін НАТО немесе Солтүстік-атлант альянсының орны өте маңызды. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауы әлемде ғаламдық саяси өзгерістерді тудырып, НАТО әрекеті мен қызметіне де әсер еткен болатын. Сондықтан ұйым басшылығы НАТО-ның кеңеюіне бағыт алды. Бұл процестің биполярлық әлемде жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
80-жылдардың аяғында қырғиқабақ соғыс аяқталды. Оның аяқталуы совет басқарушысының ауысуынан байқалды. Осы кезеңде көптеген мәселелер қаралды. Соның бірі Еуропадағы ғаламдық саяси өзгерістер, яғни басты мәселелердің бірі болып саналатын Германияның бірігуі, совет жүйесінің құлдырауы, Варшава келісімінің тарқатуы. Сөйтіп, 1991 жылы советтік жүйе құлдырап, оның қол астында болған мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттерге тарап кетті. Совет одағының ізбасары ретінде Ресей болды. Бұл НАТО-ның позициясына қатты қысым жасады. Осының салдарынан НАТО ұйымының стратегиясы мен мақсаттарының өзгеруіне алып келді.
Солтүстік-атлант ұйымының басшылықтары СССР-дің ыдырауы формальды емес құлдырау кезінде-ақ білген. 90-жылғы оқиға Еуропа континентіндегі күш балансының өзгеруіне әкелді. Халықаралық қатынаста АҚШ НАТО-ны өзінің мақсаттарына жету үшін, яғни өзінің құралы ретінде қолданады. Сондықтан да АҚШ пен Батыс елдері НАТО-ның ұлғаюына бет алды. Яғни соғыстан кейінгі әлемдік қауіпсіздік жүйесінің қайта қаралуы.
Соңғы онжылдықта болған оқиғалар, Иракқа соққы, Боснияға, Югославияға соққы, осының бәрі НАТО ұйымының әскери іс-қимылдары болып келеді. Брюссел мен Вашингтонның айтуынша, БҰҰ-н жаңа қауіпсіздік орталығы болудан айыру, яғни Ресей елінің вето құқығынан айырып, Солтүстік-атлант ұйымына қарсы келе алмауын іздестіруде.
Солтүстік-атлант келісімі жаңа халықаралық ахуалда өзінің стратегиясы мен мақсаттарын өзгертуге тырысты. Ол біріншіден, өзінің

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кудрявцев В.Б. Эволюция военно-политической стратегии НАТО на современном этапе (1967-1992 гг.) в контексте европейской безопасности.
2. Шреплер Х.-А. Международные организации: справочник. /Пер. С нем. С.А. Тюпаева. – М.: Международные отношения, 1995.
3. Качалова Т. Невоенная проблематика в деятельности НАТО //Мировая экономика и международные отношения. – 1998. - № 3.
4. Козырев А. Москва несколько лет отказывалась вести переговоры с НАТО //Новое время. 1997, № 6.
5. Кросс Ш. Вопрос о расширении НАТО: в поисках оптимального решения //США. 1996, № 9.
6. Тэлбот С. Для чего нужно расширять НАТО? //США. – 1995, № 11.
7. Рахманинов Ю.Н. Некоторые соображения о расширении НАТО //США. – 1997, № 2.
8. Рахманинов Ю. О причинах и возможных последствиях расширения НАТО //Международная жизнь. – 1996. № 7
9. Грешнев М. Реструктуризация ВПК стран НАТО на пороге ХХІ века //Мировая экономика и международные отношения. – 1999, № 6.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Солтүстік-атлант альянсы: тарихы, мәні 5
1.1. Солтүстік-атлант альянсы 5
1.2. Солтүстік-атлант альянсының құрылуы 7
2. Еуропаның қауіпсіздік жүйесіндегі НАТО 10
2.1. Еуропадағы қамтамасыз етудің жаңа жолдарын 10
іздестіру және НАТО 10
2.2. Еуропадағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы 15
2.3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен және НАТО-мен өзара іс-қимылы 17
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Халықаралық қатынастар жүйесінде және батыс елдері үшін НАТО немесе
Солтүстік-атлант альянсының орны өте маңызды. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауы
әлемде ғаламдық саяси өзгерістерді тудырып, НАТО әрекеті мен қызметіне де
әсер еткен болатын. Сондықтан ұйым басшылығы НАТО-ның кеңеюіне бағыт алды.
Бұл процестің биполярлық әлемде жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
80-жылдардың аяғында қырғиқабақ соғыс аяқталды. Оның аяқталуы совет
басқарушысының ауысуынан байқалды. Осы кезеңде көптеген мәселелер қаралды.
Соның бірі Еуропадағы ғаламдық саяси өзгерістер, яғни басты мәселелердің
бірі болып саналатын Германияның бірігуі, совет жүйесінің құлдырауы,
Варшава келісімінің тарқатуы. Сөйтіп, 1991 жылы советтік жүйе құлдырап,
оның қол астында болған мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттерге тарап кетті.
Совет одағының ізбасары ретінде Ресей болды. Бұл НАТО-ның позициясына қатты
қысым жасады. Осының салдарынан НАТО ұйымының стратегиясы мен мақсаттарының
өзгеруіне алып келді.
Солтүстік-атлант ұйымының басшылықтары СССР-дің ыдырауы формальды
емес құлдырау кезінде-ақ білген. 90-жылғы оқиға Еуропа континентіндегі күш
балансының өзгеруіне әкелді. Халықаралық қатынаста АҚШ НАТО-ны өзінің
мақсаттарына жету үшін, яғни өзінің құралы ретінде қолданады. Сондықтан да
АҚШ пен Батыс елдері НАТО-ның ұлғаюына бет алды. Яғни соғыстан кейінгі
әлемдік қауіпсіздік жүйесінің қайта қаралуы.
Соңғы онжылдықта болған оқиғалар, Иракқа соққы, Боснияға, Югославияға
соққы, осының бәрі НАТО ұйымының әскери іс-қимылдары болып келеді. Брюссел
мен Вашингтонның айтуынша, БҰҰ-н жаңа қауіпсіздік орталығы болудан айыру,
яғни Ресей елінің вето құқығынан айырып, Солтүстік-атлант ұйымына қарсы
келе алмауын іздестіруде.
Солтүстік-атлант келісімі жаңа халықаралық ахуалда өзінің стратегиясы
мен мақсаттарын өзгертуге тырысты. Ол біріншіден, өзінің стратегия
концепцияларын құрды. Екіншіден, блокқа жаңа ел мүшелерін жинауы.
Үшіншіден, универсалдану болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – НАТО-ның халықаралық аренада басты
орынды иеленуінің Еуропа қауіпсіздік жүйесіндегі орны мен ролін анықтау
болып табылады.
1. Солтүстік-атлант альянсы: тарихы, мәні
1.1. Солтүстік-атлант альянсы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі НАТО қызметінің бүкіл тарихы
Еуропа континентінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаумен; Варшава
Келісімі Ұйымының (Достық, ынтымақ және өзара көмек туралы Варшава
келісімі) және КСРО-ның Батыс Еуропаға қауіпті әрекеттеріне жауап берумен
байланысты болды. Бірақ, НАТО құрылуынан 40 жыл өткеннен кейін оның ролоі
түпкілікті өзгере бастады.
80-жылдардың аяғында Шығыс пен Батыс арасындағы қырғиқабақ соғыс іс
жүзхінде бітті. Бұл кезде әлемде, әсіресе Еуропада ғаламдық саяси
өзгерістер өтіп жатты.
Германияның бірігуі; Варшава келісімі Ұйымы мен Экономикалық өзара
көмек беру кеңесінің таратылуы және бұған себеп болған кеңес жүйесінің
ыдырауы. 1991 жылы биполярлық әлемнің бір орталығы – Кеңес Одағы бірнеше
мемлекттерге ыдырап, өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ресей мемлекеті өзін КСРО-
ның орынбасары ретінде жариялады. Мұндай өзгерістер әрине Солтүстік-атлант
блогінің позициясына үлкен әсер етті.
КСРО-ның күйреуіне дейін НАТО басшылығы 90-жылдардың басындағы
өзгерістер еуропалық континентте ғана емес, сонымен қатар әлемдік
деңгейдегі күштер балансының түпкілікті өзгеруіне әкелетіндігін сол кезде-
ақ түсінген.
Қазіргі кезде біз білетініміздей халықаралық қатынастар жүйесі тек
қана 1 держава – АҚШ-тың үстемдігімен сипатталады. Ал НАТО олар үшін
керекті және күшті құрал. Сондықтан АҚШ және де басқа батыс мемлекеттері
НАТО-ның кеңеюіне бағыт алды, ал бұл соғыстан кейінгі биполярлық әлем
кезінде құрылған халықаралық қауіпсіздік жүйесін іс жүзінде тағы да
қарастыруды білдіреді.
Ұйымдар іс жүзінде бұл ұйымдардың қатысушылары болып табылатын
мемлекеттермен емес, олардың жауларымен құрылады. Тарих бізге мұны
дәлелдеп, коалициялар құрылып, соғыстарда жеңгеннен кейін ертеңіне
ыдырағанын көрсетеді. Ал сонда НАТО тағдыры өзгеше болмақ па? Қырғиқабақ
соғысының аяқталуына дейін НАТО басшылығы оның құрылымы, рөлі мен
функциясының біршама жаңартылу керектігін түсінген. Өйткені қазіргі кезде
жаңартылу жүргізілмей кеңею процесі өзінің мазмұнын жоғалтады.
Ал НАТО блогына кеңею – оның тіршілік етуінің негізі. Бұл ұйым
қызметінің сапасын жаңа халықаралық жағдайда көтеру үшін ұйым басшылығы
альянстың құрылымы мен стратегиясындағы келесі өзгертулерді енгізуге қадам
жасады:
Біріншіден, НАТО-ның стратегиялық ілімі өзгерген болатын. Өзінің
негізгі қарсыластарының ыдырауынан кейін ол қырғиқабақ со,ысы кезіндегі
классикалық блок аралық қақтығыстардан енді аймақтық қақтығыстарға бағыт
алып, өзінің дәстүрлі жауапкершілік аймағының шегінен шығып, гуманитарлық
интервенцияны жүргізуде.
Екіншіден, жаңа мүшелерінің блокқа қабылдану процесінің жылдамдануы.
Варшава ұйымында болған Шығыс Еуропа елдері НАТО құрамына кірген болатын.
Кеңеюдің екінші кезеңі жоспарлануда.
Үшіншіден, соңғы онжылдықта НАТО-ның әмбебаптану тенденциясы
байқалуда. Бұл тек қорғану мәселелерден саяси, экономикалық, экологиялық,
ғылыми және ақпараттық бағыттары бар кең мәселелерге өтуді білдіреді.
Қазіргі кезде НАТО ғаламдық әмбебап ұйым болуға бағытталып, БҰҰ және
ОБСЕ Қаіпсіздік Кеңесімен санаспай, оларды тек декоративті ұйым ретінде
қалдырмақ.
Коммунизмнен кейінгі Европаның тұрпаты онша бұзыла қойған жоқ. Кеңес
Одағы мен Югославияның жерлерін шектейтін жуан қара сызықтар жоғалды, ал
олардың ішіндегі олардың құрамына кіретін республикалардың шегіндегі титтәй
нүкте-нүкте сызықтар, керісінше, ол республикалардың өз беттерінше егемен
мемлекет болғанын көрсетіп, жуан-жуан сызықтарға айналды. Жалпы тұрпат онша
өзгеріске ұшырамағанымен, саясат кәдімгідей өзгеріске ұшырады. Бұрынғы
саяси одақта көпшілік боп саналатын халықтар, енді азшылыққа айналады. Ал
бұл кей жерлерде азшылыққа кәдімгідей зорлық-зомбылық әкелді. Сонымен, әр
ұлттың өзін өзі тану ұстанымы да, бұрыннан бар шекара қасиетті, оны еш
өзгертуге болмайды деген ұстаным да толық қабылданбады, тіпті кей жерде
лақтырып тасталды. Әрине, бұған таң қалуға болмайды. Өйткені, бір ұстанымды
екінші ұстаныммен толық алмастыру ешкімнің қолынан келмейтін шаруа.
1.2. Солтүстік-атлант альянсының құрылуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем – капиталистік және
социалистік болып екі лагерге бөлінді. Екі лагерде қауіпсіздікті сақтау
үшін - әскери блоктар құрылған болатын. 1949 жылдың сәуірінде Солтүстік
атлант келісім ұйымы – НАТО құрылған болатын. Құрамына АҚШ, Канада, Батыс
Еуропа елдері кірді.
1949 жылдың 15 мамырында Дания, Исландия, Италия, Норвегия және
Португалия елдерін қосып алды. Бұл келісімге 4 сәуірде Вашингтонда қол
қойылды. 1955 жылдың мамарында – Варшава келісіміне қол қойылды. Оның
құрамына Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧКСР
елдері енген.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым XX ғасырдың
аяғындағы XXI ғасырдың басындағы еуропалық қауіпсіздік жүйесінің маңызды
элементі болып табылады. Бұл орайда өзіне ТМД, Орталық және Батыс Еуропа
елдерін, АҚШ пен Канаданы қосатын ЕҚЫҰ-ның басында-ақ еуроатлантикалық
сипаты болды. Орталық Азия аймағында жаңа қауіпқатердің пайда болуына
байланысты соңғы уақытта осы ұйымның азиялық мәні туралы да айтуға болады.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫҰ 1994
жылғы 31 желтоқсанға дейін осылай аталды) Еуропа мен Американың 35 елінің
мемлекеттері мен үкіметтері басшылары Хельсинкиде жиналып, ЕҚЫҰның
Қорытынды актісіне қол қойған 1975 жылғы 1 тамызда ресми түрде ресімделді.
Осы оқиғаның алдында Женевада Кеңестер Одағы мен бірқатар батыс елдерінің
көп жылдарға созылған келіссөздері жүрген болатын. Келіссөздердің
нәтижесінде ЕҚЫҰ-ны құрумен қатар, Стратегиялық қаружарақты шектеу туралы
шартқа және бірқатар басқа да маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылды.
Қорытынды актіні әзірлеу кезеңінің өзінде келіссөздерге қатысушылар
құрылып жатқан корпоративтік қауіпсіздік жүйесіжн сол кездегі бар блоктық
құрылымдардан принципті ерекшелігін атап көрсетті. Ол ерекшелік мынадан
көрінді: ЕҚЫҰ сыртқы қауіп-қатердің бетін қайтаруға емес, осы жүйенің
ішіндегі қауіп-қатердің алдын алуға бағытталды. Белгілк бір деңгейде ЕҚЫҰ
қырғи-қабақ соғыс жылдарында ядролық дипломатия мен блоктық қарама-қарсы
тұрудың шеңберінен шыға алған бірден бір ұйым болды.
ЕҚЫҰны әзірлеу кезеңінде кеңесте талқылануға жататын үш блоктық
проблема жүйесі қалыптасты. Алғашқы "қоржынға" әскери-саяси қауіпсіздік
және қару-жараққа бақылау жасау мәселелері, екіншісіне экономикалық,
ғылыми-техникалық және экологиялық ынтымақтастық мәселелері, үшіншісіне
гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері (ақпарат, мәдениет, білім)
мәселелері және адам құқығы жатқызылды. Екі идеологияның тікетіресі
жағдайында батыс елдері ұйымдағы негізгі жұмыс бағытын үшінші "қоржынмен"
байланыстырды. Социалистік елдер үшін Батыспен экономикалық байланыстарды
дамытудың зор маңызы болатын. Қауіпсіздікпен байланысты мәселелер көп
жағдайда екінші қатарда қалды.
Вена кездесуі кезінде елеулі прогресс байқалды (1986 ж.), сол кезеңде
М.Горбачев жария еткен "қайта құру" және "жаңаша ойлау" халықаралық
ахуалдың біршама түзелуіне әкелді. Оның нәтижесі ретінде Еуропадағы сенім
білдіру мен қауіпсіздікті нығайту шараларын әзірлеуде прогресс байқалды.
Солтүстік атлант альянсы әскери-саяси одақ ретінде құрылған болатын.
Ол күш жағынан ғана емес идеология жағынан да бет алды. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Еуропа елдері экономикалық дағдарыс жағдайында болды.
Ақшаның жаппай құнсыздануы, экономикалық және әлеуметтік бейбереткесіздік,
азық-түліктің болмауы және тағы да басқа факторлар жылдам өсетін
институттардың пайда болуына алып келді. Бұл кезде НАТО ымыралы шешім
болды.
2. Еуропаның қауіпсіздік жүйесіндегі НАТО
2.1. Еуропадағы қамтамасыз етудің жаңа жолдарын
іздестіру және НАТО
Соңғы 50 жыл бойы Батыс елдері өз қауіпсіздігін ұжымдық қауіпсіздік
принципі негізінде құрды. Ол қырғиқабақ соғыс кезінде НАТО-ны құру арқылы
қалыптасты. Содан бері НАТО Батыста тиімді қорғаныс одағы ретінде есептеліп
келеді. Ол жарты ғасыр бойы өзінің орын алып отырған жағдайға жылдам
икемделуімен ерекшеленді. Солтүстік атлантика одағы келісімі көп жағдайда
батыс еуропа елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты құрал болды.
Бірақ Батыс Еуропаның өзінде еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселесі бойынша ортақ пікір жоқ. Екі дәстүрлі бағыт бар: атлантистер және
еуропашылдар.
Атлантистер
Басты идеясы: батысеуропалық қауіпсіздік НАТО-ның және оның ұжымдық
қорғану принциптері негізінде құрылуы керек. Бұл топқа англо-саксондық
елдерді жатқызуға болады (АҚШ, Ұлыбритания және Канада), Голландия және
викингтер альянсы деп аталатын елдер (Дания, Норвегия, Исландия).
Атлантистер Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы
трансатлантикалық байланысты үзуді қаламайды. Атлантистер үшін АҚШ-тың
еуропалық істерге араласуының, яғни американдық ядроның кепілдігі болуының
зор маңызы бар.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап ЕҚЫҰ-ны институтқа айналдыру,
ұқсас функциялары бар нормашығармашылық форумды өзінше "еуропалық БҰҰ-ға"
айналдыру үрдісі күшейді (бітімгершілік операцияларын жүргізуге дейін).
Жылына кем дегенде бір рет жиналатын Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
сияқты (СІМК) ЕҚЫҰ органдары құрылды, Аға лауазымды тұлғалардың комитеті
(АЛТК) СІМК отырыстарын әзірлеуге және оның шешімдерін орындауға жауапты
болды, Хатшылық, Жанжалдарды болдырмау жөніндегі орталық, Еркін сайлау
жөніндегі бюро (кейінірек Демократиялық институттар және адам қүкығы
жөніндегі бюро), ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы кұрылды.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларының
кездесуінде қабылданған "Жаңа Еуропаға арналған Хартия" Кеңестің мақсаттары
мен міндеттерін нақтылады. Онда былай деп айтылды: "Біздің уақытымыз
біздің халықтарымыздың жүрегінде ондаған жылдар бойы өмір сүрген үміттер
мен ізгіліктерді жүзеге асырудың уақытысы, адам құқығы мен негізгі
бостандықтарға негізделген демократияға берік адалдықтың; экономикалық
еркіндік пен әлеуметтік әділеттілік аркылы гүлденудің және барлық елдер
үшін тепе-тең қауіпсіздіктің уақытысы".
Құжатта блоктық текетіреске байланысты емес, жаңа қауіп-қатердің пайда
болуы көрініс тапты. "Еуропада жанжал Қаупі азайғанымен, басқа да қатерлер
біздің қоғамдарымыздың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Біз қатысушы
мемлекеттердін, тәуелсіздігін, егеменді теңдігін немесе аумақтық тұтастығын
бұзатын іс-әрекеттерден демократиялық институттарды қорғау ісінде
ынтымақтасуға ниет білдіреміз. Оған сырттан қысым көрсетуді, мәжбүрлеуді
және астыртын қызметті қамтитын заңсыз іс-әрекеттер жатады. Біз террордың
қылмыстық актілерін, әдістерін және практикасын үзілдікесілді айыптаймыз
және оларды екі жақты негізде сондай-ақ көп жақты ынтымақтастық арқылы жою
мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге бекем бел буғанымызды білдіреміз".
Дауларды бейбіт жолмен реттеуге шақыру Хартияның маңызды тармағы: "Күш
қолдану қаупін төндіруден немесе оны қолданудан тартыну туралы
мемлекеттердің міндеттемелеріне дауларды бейбіт жолмен реттеу елеулі
түрдегі қосымша екенін және де осы екі фактор да халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қолдау әрі нығайту үшін маңызды болып табылатындығын
пайымдай отырып, біз ықтимал жанжалдарды болдырмаудың тиімді іс-шараларын
саяси жолдармен іздеп қана қоймаймыз, сонымен бірге туындауы мүмкін кез
келген дауларды бейбіт жолмен реттеудің тетіктерін халықаралық құқыққа
сәйкес белгілейміз. Тиісінше біз осы саладағы ынтымақтастықтыңжаңа
нысандарын, атап айтқанда, үшінші тарапты міндетті түрде тартуды қоса
алғанда, дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістерінің жиынтығын іздестіруге
міндеттенеміз".
90-жылдардың басында НАТО-ны тарату туралы сөздер шықты. Өйткені НАТО
кеңес үкіметінен төнетін қауіпке байланысты құрылған еді. Алайда НАТО-ның
қалуын жақтаушылар жаңа атлантизм концепциясын ұсынды. Бұл концепция
бойынша қырғиқабақ соғыс аяқталғанымен жаһандық қауіп сейіле қойған жоқ.
Бұл қауіпке жаппай қырып жоятын қарудың таралуы, этникалық және діни
қақтығыстар, терроризм және т.б. жатты. Атлантистердің пікірінше, НАТО-ны
жаңа жағдайға бейімдеу екі бағытта жүруі тиіс. Біріншіден, НАТО әскери-
саяси ұйымнан саяси ұйымға басымдық беруі керек. Бұл ретте қорғану және
бейбітшілік миссиясын жүргізу үшін әскери қуатын сақтап қалуы керек.
Екіншіден, НАТО-ның еуропа елдері үшін ролі күшейтілуі керек. Бұл екі
процес еуропа елдерінің көпшілігін еуропа қауіпсіздігі жүйесіне кіруіне
ынталандырады.
Осындай тиімді жақтарына қарамастан, НАТО-ның еуропалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде бірқатар кедергілер де кездеседі. Біріншіден, ұйымның
географиялық ауқымын кеңейту соншалықты тиімді емес. Онсызда оның ауқымы
кең. Екіншіден, ұйымның географиясын кеңейту жаңа мүшелерінің мүдделеріне
сай келе бере бермейді. Өйткені НАТО-ның 16 ел мүше болғанда жақсы жұмыс
істейтіні болжанған. Үшіншіден, НАТО-ның кеңеюі еуропалық елдерді және АҚШ-
ты қаржылық жағынан мазасыздандырады. Пентагонның есептеуі бойынша, Қарулы
күштерді қайта қаруландыру және жетілдіру үшін НАТО-ның әскери стандартына
сәйкес 35 млрд-қа дейін АҚШ доллары қажет. Төртіншіден, НАТО-ның Шығысқа
қарай кеңеюіне Ресей қарсы.
Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери
күш-жігерді жанжақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай процестер
жалғасуда. Соның нәтижесінде Блоктық әскери құрылыс стратегиясы елеулі
өзгерістерге үшырады, НАТОға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары
азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды.
НАТОны әскери ұйымнан саясиәскери ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын
КСРОға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір
әскери және саяси доктриналар қайта қаралды.
Саяси салада болған өзгерістер бір-бірін жау ретінде қараудан бас
тартудан көрінді, әскери салада алдыңғы шептер саны аз ұтқыр күштерді
пайдалану практикасына алмастырылды, Блок күштері орталық аймақтағы алғы
шептерден анағұрлым шалғай жерлерге көшірілді; Альянстың ядролық саясаты
мен стратегиясының кейбір аспектілеріне оң сипатта түзету жасалды.
Саяси жағдайдың өзгеруіне және Блоктың жаңа мақсаттар мен міндеттерді
қоюына байланысты жанжалдарды ток,татуды қоса алғанда, қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің таза әскери әдістерінің рөлі елеулі түрде азайды. Қазір
осындай жанжалдардың, бері қойғанда әскери тікетірес басталғанға дейінгі
кезеңдерде, алдын алу жөніндегі тетіктерді құру маңызды деп саналады.
Сонымен бірге НАТО шарттарының саяси жағы бұрынғыдай доктринаға
негізделеді, оның негізінде Солтүстік Атлантика одағы қызметінің екі басты
принципі жатыр. Оның біріншісі "қорғаныс" әскери әлеуетті ұлғайтуды және
оны қажет болған жағдайда пайдалануды білдіреді. Екіншісі "диалог"
шиеленісті жұмсартуды, бірақ "күш позициясы" тұрғысынан жұмсартуды
көздейді. Жаңа жағдайларда бұл доктрина жаңа принциппен "ынтымақтастықпен"
толықтырылды. Соңғысын іске асыру барысында Ресеймен және ТМД елдерімен
байланысты нығайтуға зор көңіл бөлінеді.
1994 жылғы 10-11 қаңтарда Брюссельде болған НАТОға мүше елдердің
мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кездесуінде НАТО "Бейбітшілік
жолындағы әріптестік" туралы өзінің бастамасын ресми түрде ұсынды (БЖӘ).
Бағдарлама "Солтүстік Атлантика одағы мен оның әріптестері арасында
бейбітшілік жолындағы қауіпсіздік саласында жаңа қатынастарды
қалыптастыруға ықпал етеді". "Шақыру" мен "Негізгі құжатты" қамтыған
"Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің" алғашқы құжаттарында қандай да бір
мемлекеттің аумақтық тұтастығына, сондай-ақ саяси тәуелсіздігіне қарсы күш
қолдану қаупін туғызудан немесе оны қолданудан тартыну; қазіргі бар
шекараларды құрмет тұту және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу міндеттемелері
баяндалады. "Негізгі құжаттар" қарулы күштерге қатысты демократиялық
бақылауды қамтамасыз ету; ұлттық қорғанысты жоспарлауда және әскери
бюджетті жасауда құпияға жол бермеу ("транспаренттілік"); бейбітшілікті
қолдау, гуманитарлық акцияларды іздестіру мен құтқару жөніндегі БҰҰ-ның
немесе ЕҚЫҰ-ның мандаты бойынша операцияларды өткізу мақсатында әскери
ынтымақтастықты дамыту сияқты НАТОмен ынтымақтасатын мемлекеттердің нақты
міндеттері айтылады. Бұдан басқа ұзақ мерзімді перспективада Солтүстік
Атлантика одағына мүше елдердің қарулы күштерімен жоғары деңгейдегі өзара
іс-қимылға дайын күштерді қалыптастыру, сондай-ақ егер Бағдарламаға
қатысушы оның аумақтық тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне немесе
қауіпсіздігіне тікелей қауіп бар деп санаса НАТО-мен консультациялар
өткізу мүмкіндігі туралы баяндалады.
Бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасы туралы Солтүстік
Атлантика одағы сессиясының декларациясында Солтүстік Атлантика одағының
саяси және әскери құрылымдарын одан әрі жаңгырту сөз болады, мұндағы мақсат
НАТО міндеттерінің бүкіл спектрін, сондай-ақ қауіпсіздіктің еуропалық
жүйесінің пайда болуын қарастыру... Сондықтан Бейбітшілік жолындағы
әріптестіктің жоғарыда аталған құжаттарында жаңа мемлекеттердің есебінен
НАТО-ны ұлғайту процесінің эволюциялық сипаты туралы, бұл орайда бүкіл
Еуропадағы қауіпсіздік саласындағы жағдайды басшылыққа алу қажеттігі туралы
тікелей айтылады.
Алайда аталған принципке қарамастан басқа үрдіс жоғарыда айтылған
шарттарды ескерместен НАТО-ға жаңа мүшелерді жеделдетіп қабылдау үрдісі де
байқалады. Бұл әсіресе блоктық құрылымдардың шапшаң түрде ұлғаюына
бағдарланбаған, Еуропадағы қауіпсіздік саласындағы жағдайға қатысты.
2.2. Еуропадағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы
НАТО жұмыс істеген кезеңнен бастап ірі жетістіктерге қол жеткізді.
Варшава келісімі коммунистік жүйемен бірге күйрегенге дейін НАТО совет
басқыншылығына сәтті тойтарыс беріп келді. Алайда, НАТО толықтай жеңіске
жеткен кезде, өзгерістерге ұшырауы қажет болды.
1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт саммитінде қатысушы мемлекеттер
Еуропадағы қауіпсіздіктің ортақ кеңістігін қалыптастырудағы ЕҚЫҰ рөлінің
күрт өсуі Кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
айналдыруға мүмкіндік береді деп таныды, бұл орайда Кеңестің бұрынғы бар
институттары сақталды және бұрын қабылданған міндеттемелер өзгеріссіз
қалды. Кездесуде "қауіпсіздіктің әскери саяси аспектілеріне қатысты мінез-
құлық кодексі" бекітілді, Кодекс әскери құрылыстың және демократиялық
қоғамдағы қарулы күштердің принциптерін белгіледі.
Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін Еуропаның алдында соншалықты зор
әскери қатер жоқ. Дегенмен, бұлш мүлдем қатер болмайды деген сөз емес.
Сондықтан НАТО-ны ұжымдық қауіпсіздіктің кепілі ретінде құрылымын өзгертіп,
жаңа жағдайға бейімдей отырып, сақтаған жөн. Қазіргі таңда еуропа елдеріне
қауіп әр тарпаптан келуі мүмкін. Ол бірнеше фактормен анықталады.
Қазіргі таңда Еуропа үшін басы ашық қатер этникалық және аумақтық
қақтығыстар болып отыр. Коммунизмнің күйреуімен бірге антагонизм мен
бәсекелестік қайта өршіді. Бұл әсіресе бұрынғы Югославияда сербтер,
хорваттар және мұсылмандар арасында көрінді. Алайда Орталық және Шығыс
Еуропада және бұрынғы Совет Одағы елдерінде этникалық ширығу процестері
жүруде.
Әйтсе де қауіпсіздіктің төмендеуіне байланысты Еуропаның экономикалық
келбеті де өзгерді. Қазіргі уақытта НАТО елдерінің үкіметтері өз елдерінің
болашағына сеніммен қарайды. Олар экономикалық өрлеу мен өркендеу күтіп тұр
деп есептейді. Бірақ жұмыссыздықтан, бюджет тапшылығынан, экономикалық
өсімнің төмендеуінен ешбір ел қашып құтылмақ емес. Тіпті Германияның қуатты
экономикасының өзі елдің бірігуі нәтижесінде едәуір ауыртпашылық шекті.
Сондықтан да Батыс елдерінің үкіметтері шығыстарды төмендету жолдарын
қарастыруда. Әрине, қырғиқабақ соғыстың бітуіне орай НАТО-ның қарулы
күштеріне де назар аударыла бастады. Еуропа 1993 жылдан 1997 жылға дейін үш
миллион адамнан қысқартты. Дегенмен АҚШ болашақта Еуропаға ықпалын сақтау
үшін НАТО-ға қолдау көрсете бермек.
Қуатты НАТО-сыз АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы мүдделерін қамтамасыз
ету мүмкін емес.
НАТО-ның жалпыға бірдей қауіпсіздікті қолдау жөніндегі өзінің әлеуетін
іске асыруы қажет. Ұйымның қауіпсіздіктің әскери-саяси, экономикалық және
экологиялық аспектілеріне тиісінше назар аудармастан өзінің басты қызметін
гуманитарлық өлшеммен шектеп қалуға болмайтындығы айтылды.
Орталық және Шығыс Еуропа елдерін, сондай-ақ кейбір бұрынғы одақтас
республикаларды (ең алдымен Балтық жағалауы елдері) НАТО-ның құрамына
енгізу еуропалық құрылықтағы жағдайды шиеленістіруі мүмкін. Осы елдердің
көпшілігі саясатта да, экономикада да батыстық құндылықтарды ұстанатыны
құпия емес. Бұл жағдай НАТО-ға қатысты Мәскеудің елеулі ескертпелерін
ескеретін болсақ, Еуропада жаңа бөлу сызықтарының пайда болуына әкелуі
мүмкін.
1999 жылғы 22-25 сәуірде Вашингтонда НАТОның 50-мерейтойлық сессиясы
болды, онда НАТОға Венгрияның, Польшаның және Чехияның қабылданғандығы
туралы жарияланды. Еуропалық құрылықта жағдайдың шиеленісу мүмкіндігі
туралы ескерте отырып, Президент Н.Назарбаев былай деп атап өтті:
"Балкандағы оқиғалардың басты сабағы халықаралық практикада жаңа үрдістерді
проблемаларды күшпен шешуді қайта пайымдау болуы тиіс. Халықаралық
қауіпсіздікті жетілдірудің және оның жаңа жүйесін құрудың аса маңызды
міндетін шешу үшін жоғарыда аталған үрдіске терең талдау жасау қажет.
Аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жүйесін жасауды жандандыру қажет.
Қазіргі әлемнің өсе түсіп отырған өзара тәуелділігі жағдайында БҰҰ, НАТО,
ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымдардың іс-қимылын анағұрлым тиімді үйлестіру
қажеттігі айқын. Міне, жаңа жүзжылдық қарсаңында адамзат алдында тұрған күн
тәртібінің бірінші кезектегі міндеті осындай деп ойлаймын".
Қазақстан мен НАТО-ның қарым-қатынасы НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы
М.Вернердің 1992 жылғы қарашадағы Алматыға сапары кезінде және Президент
Н.Назарбаевтың 1993 жылғы ақпандағы НАТОның штабпәтеріне жауап сапары
кезінде басталды. Содан бері Альянстың саяси және әскери басшылығының
өкілдері Қазақстанға бірнеше рет келді.
2.3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен және НАТО-мен өзара іс-қимылы
Түрлі халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз байланыс орнату
және ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлық
және теңгерімділік принциптерімен үндеседі, сондай-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz