«Ақпарат» ұғымының қолданылуы. Қоғамды ақпараттандыру


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 АҚПАРАТ . . . 4

1. 1 Қоғамды ақпараттандыру . . . 4

1. 2 Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары . . . 6

1. 3 Ақпарат көзі . . . 13

2 «АҚПАРАТ» ҰҒЫМЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ . . . 15

2. 1 Кибернетика . . . 15

2. 2 Ақпарат, физика және синергетика . . . 16

2. 3 Ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс- әрекеттер . . . 18

2. 4 Ақпаратты екілік сан түрінде жазу және ақпаратты өрнектеу форматтары . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25

КІРІСПЕ

Ақпараттандыру - елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді.

Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-шы жылдарында басталса, ол 70-жылдары - Жапонияда, 80-жылдары-Батыс Европада етек ала бастады.

XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.

Қазахстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың бастауымен 1998ж. Орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған “қоғамды компьютерлендіру” сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды.

Курстық жұмыстың мақсат: ақпараттық жүйелердің қолдануың қарастырып, ақпараттың маңыздығын анықтау; ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс- әрекеттерді қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспе, екі тарау, 3 суреттен, қорытынды,, әдебиеттер тізімінен, және 23 беттен тұрады.

1 АҚПАРАТ

1. 1 Қоғамды ақпараттандыру

Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын - соңғы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады. Академик А. А. Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциялдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып “ақпараттық революцияның” жемісін өз пайдасына қолдана білген халық - жапондықтар болды. Көптеген мамандардың Күншығыс елінің

экономикасының қарқынды өсуі, “жапондық ғажайып” феноменінің пайда болуы ақпаратпен табанды және білікті еңбек ете білуінің нәтижесі деген пікір тегін емес. Әсіресе бұл 50-жылдары жаңа технология бойынша ақпарат жинаудың тыңғылықты істер басталуына қатысты. Американдық ең соңғы ғылыми - техникалық жетістіктерді біліп отыру үшін қазіргі таңда “шет елдерде барлық маңызды зерттеулер бойынша шығатын ақпараттарға иелік жасау керектігін” мойындап отырғандай. Ақпараттық тұрғыдағы надандық бұл күндері технологиялық банкроттыққа, ұлттық тоқыраушылыққа соқтырады, елді шикізаттық колонияға және көнеленген технологияны үйіп тастайтын қоқыс алаңына айналдырады.

“Ақпараттық революцияның” негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кезеңде микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды - есептеуіш машиналардан бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпараттық индустрия қарқынды дамуда.

Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. “Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірісте немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ”, -дейді американдық экономист П. Хауке. 70-жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көш басшылары (М. Порет, Е. Масуда, А. Тоффлер т. б. ) шын мәнінде ‘ақпараттық қоғам’ туралы бірауыздан айтқан еді. Бүгінде пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны: “Неғұрлым көбірек және тезірек ақпарат алу!” болып отыр.

Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін интенсификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А. Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог “Келешекпен бетпе - бет келу” атты кітабында: “Ақпарат пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ соғуы керек” дейді.

“Ақпарат жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде және іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми - зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адепттерлерінің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975 жылдан бастап - ақыға жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен ақпаратты өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.

Әлем қазір ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса маңызды рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттардан кез келген адамның өзіне қажетті ақпараттарды алуын қамтамасыз етеді. Компьтерлердің интеллектуалдық роботтармен қатар адам іс - әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам саны өсуде. Ақпарат аса бағалы тауар болады, ақпарат индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.

Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеументтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірісте роботты пайдалану адамның қатысуына бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкелді. Мұндай технологияны жасау ісі басталыпта кетеді. Жаңа қоғам мүшесі өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да жанданып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандықтар, кәсіпкер номенклатурасымен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

Дүниежүзілік тарихтың мойнындағы үш ірі ағын тоғысатындай: технология ағыны, ақпарат ағыны және осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны. Белгілі мөлшерде ақпараттық тұрғыда бұрынғыдан жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениетте мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып, бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамдардың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де үлкен өзгерістер болып жатыр.

Қоғамды ақпараттандыру (информатизация) - информациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың информациялық талаптары мен құқықтарын қанағаттандыру үшін тиімді шарттар жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Ақпараттандырудың мақсаты - жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Ақпараттандыру - елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою, жаңа информациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сыяқты бағыттарда көп күш жұмсауды талап етеді.

1. 2 Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары

Компьютерлік технологияны пайдаланудағы педагогикалық мақсаттар:

  • «Ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау.
  • Ақпараттық білім ауқымын кеңейту, мүмкіндігінше қажетті саладан мол хабардар болуы.
  • Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту.
  • Оқушылардың танымдық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, құбылыстар мен процесстерді имитациялау, модельдеу есебіне игерілетін пәнді тереңдете оқыту.
  • Оқушылар үшін физиканы үйретуге арналған білім беру сайттарымен жұмыс жасай білу, оның ақпараттық даярлығын сапаландыру.
  • Оқу-танымдық үрдісті басқарудың және мектептегі білім берудің мазмұнын түрлерін және заман талабына сай жаңартып отыруы.
  • Қазіргі қоғамның ақпараттануына байланысты әлеуметтік тапсырыстарды орындау (жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істейтін мамандар дайындау) .
  • Компьютерлік телекоммуникациялық жүйеде мультимедиалық ақпараттарды интерактивті режимде қолдану.
  • Оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу.
  • Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту оқушының оқу танымдылық белсенділігін қалыптастыру және тәжірибелік-зерттеу қызметін жетілдіру.
  • Интернет желісі арқылы пән мазмұнын толықтыру.
  • Оқушылардың танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту.
  • Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. Игерілетін заңдылықтарды, соның ішінде нақты өтіп жатқан үрдістерді көрнекіліктер арқылы жеткізуге, оқушылардың өз бетінше мәліметтер алып, өзін-өзі бақылап, бағалауы.
  • Оқытудың гуманизациялық принципіне негізделген жаңа педагогикалық технологияны іске асыру.
  • Бұл мақсаттар мектептегі оқу үрдісі кезінде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттарын анықтайды.

Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары:

  • Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;
  • Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;
  • Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;
  • Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;
  • Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасау;
  • Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;
  • Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.

Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік осы заманғы жүйесі физика бойынша өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиа-оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану: басылған оқу құралдары, аудио және видео жазбалар, компьютерлік оқу бағдарламары және т. б. Мультимедиа-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді-мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Бірнеше ақпараттық технологияларды қолдануға арналған мультимедиа білім беру ісінде ең тиімді әдіс болып табылады. Мәселен, компьютер мен адамның арасындағы байланысты арттырады, дауыс шығару, бейне электрондық оқулықтар және өсу құралдары, энциклопедиялар, виртуальдық (компьютермен жасалған) әлем, бағдарламамен оқу және жаттығулар. Мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Мультимедиа технологиясы білім беру саласында ең керекті құралдардың біріне, әрі дербес компьютерді кеңінен қолдануға жол ашты. Қазіргі мультимедиа құралдары материалдары жағынан өте ақпараттық құрылымдар жасауға мүмкіндік береді. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады.

Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жобаға қатынасушылар эксперименттер өткізіп, зерттеу нәтижелерімен алмасады, электрондық почта бойынша бірлескен талдау жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бірнеше жыл бойына экология саласында жүзеге асырылуда, бірақ оларды физиканы, информатиканы оқытуда пайдаланудың да келешегі мол. Қазіргі кезде АҚШ-та “Comunity of Explorers” (зерттеушілер қауымдастығы) жобасы жүзеге асырылу үстінде. Оған Калифорния мен Жаңа Англияның 27 мектебі қатынасуда. Жобаға қатынасушылар Science Explorer (ғылыми зерттеуші) және Relleb (релятивистік лаборатория) бағдарламаларының жәрдемімен биология, физика салалары бойынша зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ олардың интернет жүйесі бойынша ақпарат жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар. Көптеген мектептердің мұғалімдері мен оқушылары ортақ мәселелерді бірлесе шешуге және зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алған. Олар ақпаратты мәтіндер, графиктер және сандық мәліметтер күйінде жөнелте алады. Сонымен, мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Әсіресе, CD-ROM қондырғысының көмегімен оқушы өзінің білім деңгейін қадағалауға мүмкіндік алды. Бұл қондырғы арқылы компакт дискіге жазылған ақпараттарды оқушы өткен тақырыптарға қайта келе алады. Мысалы, бір дискіге бірден бірнеше томдық мәтіндерді, жүздеген суреттерді көркем графикалық иллюстрацияларды, ондаған аудио-видео фрагменттерді еркін сыйғызып жаза алады.

Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарының бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушылырды оқу үрдісіне белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үрдісін басқаруды да жүзеге асырады. Дыбыс пен қиындық, образ бен тақырыптың интеграциясы мүмкіндіктері мол оқыту ортасын жасайды, бұл ортаның дамуымен қатар оқушылардың оқыту үрдісіне қатыстыру дәрежесі де өсе түседі. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі электрондық оқулықтар болып табылады. Электронндық оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстар мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлде-қайда жоғары болады. Электрондық оқулықтың мазмұнды-амалдық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдарымен толықтырылады. Электрондық оқулықтың мотивациялы-тұлғалық копоненті интерактивті жағдайдағы тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты. Электрондық оқулықтың бағалық-нәтижелік компоненті тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.

Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және де басқа да электрондық кітапханалар толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда электрондық оқулықтардың артықшылықтары туралы көп айтылуда.

Электрондық оқулықтар арқылы:

  • педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялауға (оқыту жүйесін жоспарлауда, сабаққа дайындау барысында, оқу мақсатына сәйкес оқу материалын іріктеуде) ;
  • оқытудың ойын түрлерін іске асыру (іскерлік, бақылау-тестілік, т. б. ) ;
  • оқушының ақыл-ойын, энергиясын шамалайтын экономикалық талаптарды қамтамасыз етүі
  • имитациялық модельдеудің динамикалық нәтижелерін көркем түрде беру мен нақты объектілерді машиналы түрде имитациялау;
  • хабардың мультимедиалық және гипертекстілік берілуін қолдану;
  • оқушының жеке қабілетін ескеру және достық интерфейсті қалыптастыру арқылы жұмыста жағдай жасау;
  • үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық почта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған. Электрондық почта-мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушымен оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы “диалог” шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Алайда оқушылар модельді және телефонды каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электрондық почта консультацияның интенсивті үрдісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір пәнді игеруде кітапханаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ON LINE режимі белгілі бір секундтар мөлшерінде қажет оқу материалдарын, компьютерлік бағдарламаларды жалпы саны әлемде 125 млн. астам интернет жүйесінің нүктелері мен ірі ғылыми-педагогикалық орталықтардан GORNER, WWW, VERONIKA сияқты компьютерлік жүйелердің көмегімен жүзеге асырады.

Электрондық почтаның дидактикалық қасиетін Е. С. Полат ішінара қарастырған. Бұл тәсілдік мұқият талдау жасау бөліктерге тән дидактикалық қасиеттерді және де оған телекоммуникацияны қосатын компьютерлік жүйелердің болу фактісіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Электрондық почта көмегімен виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге де мүмкіндік бар. Дүниежүзілік өрмек (Web) арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Виртуальды стенд-бұл оқу-практикалық (лабораториялық) стенд немесе оқу-квалификациялы шеберхана, оқушылардың теориялық білімін жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалар мен технологиялардың көмегімен белгілі бір бағыт бойынша тәжірибе жинау. Виртуальды стенд оқушыға өз білімін бақылауға, лабораториялық жұмыстарды орындауға кететін уақытты компьютердің көмегімен үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту кезінде лабораториялық және практикалық сабақтар “қайсысын істеуге болады” деген ұстаныммен жүреді. Ал “істеуге болмайды” деген ұстанымдар оқушыға тек теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Бұл кезде лабораториялық жұмыстар қойылмайды, өйткені адамға, қоршаған ортаға зияны бар. Виртуальды стенд ешқандай қауіпті жағдайларды болдырмай “істеуге болмайды” деген ұстанымды түсіндіре алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат көзі
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы
Ақпараттық дүниетанымды қалыптастыру
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары
Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz