Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3.4 бет

1 НӨМІРЛЕУ ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ МЕҢГЕРУДЕГІ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.9 бет
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢТҮРЛЕРІ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... ...
9.11 бет

2 САН ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 САН ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12.21 бет
2.2 АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН МЕҢГЕРУДЕГІ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22.25 бет
2.3 КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША МАТЕМАТИКАСАБАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ (2 СЫНЫП) ... ...
25.28 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.30 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... . 31 бет
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатыр. Жаңа оқулықтар:
1. Көп деңгейлі.
2. Интеграцияланған.
3. Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы тиянақты білім беру; олардың ынта-жігерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттыру; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу объекті — балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалануы.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына арифметикалық амалдарды оқытудың әдіс – тәсілдерін үйрету.
Зерттеу болжамы: Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс тәжірибелерін басшылыққа алып, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға болады.
Зерттеу міндеті :
1. Математиканы оқытуда көрнекілік мәселелерінде әдебиеттерге
шолу жасап, мәселелерді зерттеп, перспективалық дамыту
процесін анықтау.
2. Балалардың математикалық білімін көрнекі құралдар
көмегімен, белгілі жүйе бойынша дамыту жолдарын белгілеу.
3. Іс-тәжірибе тексерілген эксперименттік педагогикалық жүйенің мазмұнын анықтау.
Курстық жұмыс құрылымы: курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
стырамын деген үміттемін.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Айтмамбетова Б.Г. Дидактикалық принциптер.-А., 1991 .
2 Бержанов Қ.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі - А., 1975 ж.
3 Байгельдинова Г.К. Формирование позновательных интересов школьников — А., 1976 г.
4 Бантова М.А., Полевщикова A.M. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі — А., 1978 ж.
5 Бітібаева Қ.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары — А., 1990 ж.
6 Дидактика средней школы. Под ред. М.А.Данилова и М.Н. Скаткина — М., 1975 г. глава IV.
7Болтаев Ж., Қадиров Б. Бошлангич синфларда
математикадан синфдан ташқари ишлар. - Т.,1985 ж.
8 Бекбаева Н.У. Математикадан расмли топшириклар —
Т., 1992 ж.
9 Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. — А., 1976 ж.
10 Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д., Педагогическое
творчество — М., 1990 г.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3-4 бет

1
НӨМІРЛЕУ ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ МЕҢГЕРУДЕГІ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5-9 бет
1.2
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢТҮРЛЕРІ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... ...

9-11 бет

2
САН ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1
САН ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

12-21 бет
2.2
АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН МЕҢГЕРУДЕГІ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

22-25 бет
2.3
КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША МАТЕМАТИКАСАБАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ (2 СЫНЫП) ... ...

25 - 28 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
29 - 30 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .
31 бет

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатыр. Жаңа оқулықтар:
Көп деңгейлі.
Интеграцияланған.
Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы тиянақты білім беру; олардың ынта-жігерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттыру; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу объекті -- балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалануы.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына арифметикалық амалдарды оқытудың әдіс - тәсілдерін үйрету.
Зерттеу болжамы: Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс тәжірибелерін басшылыққа алып, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға болады.
Зерттеу міндеті :
Математиканы оқытуда көрнекілік мәселелерінде әдебиеттерге
шолу жасап, мәселелерді зерттеп, перспективалық дамыту
процесін анықтау.
Балалардың математикалық білімін көрнекі құралдар
көмегімен, белгілі жүйе бойынша дамыту жолдарын белгілеу.
Іс-тәжірибе тексерілген эксперименттік педагогикалық жүйенің мазмұнын анықтау.
Курстық жұмыс құрылымы: курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НӨМІРЛЕУ ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ МЕҢГЕРУДЕГІ КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

1.1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІ

Математиканы оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақты білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақталады. Оқу-көрнекі құралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.
Көрнекілік -- бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т.б. бола алады.
XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген.
Коменскийдің ойынша, білім түйсікке негізделуі керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді.
Я.А.Коменский былай деген: "Мұғалім үшін алтын ереже -- бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын". Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы ("Ғылыми дидактика" XX -- тарау). Бұл жағдайды ол балаларды оқытуда ең бағалы дәреже деп санады. Кейінгі кезеңдерде педагогика классиктері, әдіскерлері оқыту әдістеріне зерттеулер жүргізіп, көрнекілік принципін нақтылай түсті.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкін беретін, ал екінші жағынан ұжымдарды деректендіруте септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, салмағына және т.с.с қатысын шамалы өмірге анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды "-деп жазған.
Қазақстандағы ұлы ағартушылардың қазақтың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, қиял, ерік-жігер сияқты психикалық процестерді дамыту керек - деді.
Ұлы Абай: " Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2-том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) -- деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.
Сонымен, көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе -- заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.
Бірақ, бүкіл оқу барысын көрнекілікпен ғана шешуге болмайды. Педагогика классиктері байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті. Олардың ойынша, байқау -- ақыл-ой арқылы бағытталуы тиіс. Я.А.Коменский өз сөзінде былай деген: "Е, егер жоғарғы байқаушы ақыл-ой, сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін".
Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П.Павловтың адам санасындағы бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара байланысы жөніндегі, яғни бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал -- сөз сөйлеу.
Екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды, екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлану дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат шындықтан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге көтерілмей қалады.
Қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігіне ықпал жасайтын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Я.А.Коменский оқылатын нәрсе заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.
Оқушылар көбінесе көзбен көрумен қатар бұлшық етпен сезіну арқылы да қабылдайды. Егер оқушылар тәжірибені көріп қана қоймай өздері жасаса, жинақтаса білімдері нақты болады. Мысалы, мұғалім оқушыларды үшбұрышпен таныстыра отырып сондай формалы фигуралардың негізгі белгілерін (3 бұрышы, 3 төбесі, 3 қабырғасы) көрсететін модельдерін пайдаланады. Мұғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбұрыш тәріздес екенін естеріне түсіреді. Математиканы оқытуда оқушыларды тікелей қабылдауы мен түсініктері үйлестіріле пайдаланады.
Математика нәрселердің өзімен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес "нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын" (Ф.Энгельс) зерттейді. Сондықтан, математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып, алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.
Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлілікке қол жеткізуге болады.
Көрнекіліктің әр түрлі құралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. Бұл жай М.Н.Скаткиннің бір жұмысында жан-жақты ашыла берілген.
"Зат кеңістік пен уақыт аясында біріккен тітіркендіргіштердің белгілі комплексі ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында нерв клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады" -- деп жазады М.Н.Скаткин, - мұның өзі организмнің затты тұтас нәрсе ретінде сезінуіне логикалық екпін туғызады. Сонымен бірге көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді.
Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.
"Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабылдаудан көрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" -- дейтін пікірмен комплекске болмайды.

1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН РӨЛІ

Бастауыш кластарда оқу-көрнекі құралдарын математика сабағында қолданудың рөлі өте зор. 1-5 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, ұзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы ұғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады.
Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақтың мазмұнына, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге және оқушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:
1-топқа: сандар ұйымын меңгеруге , есептеуді, сандарға амалдар қолдану және арифметикалық амалдардың қасиеттерін ұғынуға көмектесетін құралдар;
2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құралдар;
3-топқа: ұзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін құралдар кіреді.
Көрнекілік бірнеше түрлерге бөлінеді:
Жаратылыс көрнекілігі -- оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т.б.) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде және т.б.) таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнекілік -- шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитивтер).
Дыбыстық көрнекілік -- дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс құралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.
Символикалық және графикалақ көрнекілік -- абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бұған схемалар, сызбалар, диаграммалар жатады). Көрнекі оқу құралдары табиғи және суретті құралдар болып бөлінеді. Математика сабағында пайдаланатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер, т.с.с. жатады.
Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері салынған таблицалар.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс тандап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі құралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (олар демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланылады. Көбінесе жалпы кластық және жекелік құралдар мазмұны жағынан бірдей және айырмашылығы үлкен -- кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың моделдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттері т.с.с. Жалпы кластық құралдарды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ыңғайлы болу үшін дұрыс орналастырудың рөлі зор, мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларды, фигуралар модельдерін конвертте сақтайды және т.с.с.
Көрнекі құралдарды оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндірген кезде ( кинофильм көрсету) білім, білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берген тапсырманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде қолданылады.
Дайындау тұрғысынан алғанда кернекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді.
Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданғанда, ол елеулі мәселеде -- жалпылама қорытынды жасауда -- негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді. Оқытуда көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

2 САН ЖӘНЕ АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 САН ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕР

Математиканы 1-класта және одан кейінгі кластарда оқып-үйренудің жетістігі негізінен балалардың 10 көлеміндегі нөмірлеуді және арифметикалық амалдарды игеру сапасына байланысты. Біріншіден, 10-ға дейінгі санау- одан кейінгі барлық санаулардың негізгі себебі бірінші ондықтан бастап 10-ондыққа дейінгі санау немесе 1 жүздіктен 10 жүздікке дейінгі санау т.с.с. жай бірліктерді санау сияқты жүргізіледі. Екіншіден, 10 көлеміндегі сандарды қосу таблицасын жақсы білмейінше, көп таңбалы сандарға амалдар қолдану мүмкін емес.
Сан ұғымын оқып-үйренудің міндеті - тек балаларға натурал қатардың әрбір бірінші ондық сандарымен таныстыру (оларды атау, жазу, алдыңғы және кейінгі сандардан шығарып алу) ғана емес, сонымен қатар әрбір келесі санның пайда болуына, оның көзінің алдындағы санға және өзінен кейінгі санға қатысына негіз болатынын не екендігін балалардың санасына жеткізу болып табылады.
Қорыта келгенде, он көлемінде нөмірлеуді өткенде бұл жастағы балалардың ерекше көңіл қоярлық бір өзгешілігін ұмытпау керек. Бұл жастағы балалар ылғи іске қатысқысы келіп отырады, ұзақ уақыт "жұмыссыз" отыра алмайды және баланың назары тұрақты болмайды, көңілі бірден-бірге ауып ылғи жұмыстың түрлі-түрлі болып келуін тілеп отырады.
Оқудың бұл сатысында көрнекі құралдар мен дидактикалық материаддар мына шарттарды қанағаттандырарлықтай болуы керек.
Көрнекі құралдар балаларды қызығарлықтай түрлі-түрлі
болып келу керек.
Мұғалімнің көрсететін көрнекі құралдары сияқты құралдар балалардың өздерінің қолдарында да жеткілікті болу керек.
Дидактикалық материал ретінде айналадағы тұрмыстан
балалар оңай тауып аларлықтай нәрселерді қолдану керек, мысалы жалаң бұршақ, емен тұқымы, шырша бүршігі, ұсақ тас және т.б.
құралдар оңай қозғалғыш болу керек, кез-келген тәртіпте
орналастыруға қолайлы болу керек.
Материалдар көрнекі және белсенді түрде түсіндіруге көмектесетін әдістің бірі оқылатын санды көрнекі түрде көрсету үшін алынған нәрселердің суретін салуға болады, мысалы 3 санын оқығанда жапырақтың, жалаудың, алманың суретін салу және бояу дәптермен жұмыста ұсынылады.
Бірінші ондық сандарын оқып-үйрену сабақтарын құрғанда балалардың мектепке кірген кезіндегі олардың дайындығы мен дамуына сүйену керек болады. Сондықтан, бірінші сабақтың өзінде-ақ балалардың қандай математикалық білімі мен ұғымының бар екендігін анықтап, соған негіздеп өзінің сабақтарын құру қажет. Дайындық кезінде нумерацияны оқып-үйрену, санау -- ("артық", "кем", "тең", реттік қатынастар т.с.с)ға көшуге қажетті білімді жүйеге келтіру және толықтыру керек. Санауға дағдыланудың маңызы зор, ол үшін нәрселердің санау жаттығуын әр сабаққа қосу керек, мұнда нәрселерді сырттай, ойша санамай, тікелей олардың өзін санау керек және нәрселерді кез келген тәртіпте санау керек, мұнда санау нәтижесі санау тәртібіне байланысты болады деген қорытынды шығару қажет.
Осындай жаттығулардың барысында мүмкіндігінше әрбір оқушының санау кезінде аталған санды ол санап жатқан нәрселерімен сәйкестендіре білетіндей етіп үйрету керек. Осы кезде балаларда көптеген нәрселерді (геометриялық фигураларды, кластағы заттарды) салыстыра білуге, сандары тең емес нәрселерді, сандары тең нәрселерге және керісінше түрлендіре білуге үйрету керек.
Сандардың нумерациясын оқып үйренуде төмендегі көрнекі құралдарды пайдалану қажет:
Заттардың суреттері -- жемістер, ойыншықтар, үй мүліктері, хайуанаттар, транспорт түрлері кескінделген карточкалар -- демонстрациялық материалдар ретінде пайдаланылады. Олар сан заттар жиынының ерекше сипаттамасы екеніне оқушылардың көзін жеткізеді. Заттардың суреттерін мұғалім сандардың құрамын меңгермей тұрып-ақ пайдалана алады. Зат суреттері қорапқа салынып сақталады, класта полотно жиынтығының көмегімен пайдаланылады, бұл құрал есеп құрастырғанда және есеп шығарғанда есептің мазмұнын суретпен түсіндіруде жиі қолданылады. Сонымен бірге, суреттер сандарды салыстыруға қолданылады.
Есептеу материалына жататындар: таяқшалар, заттардың суреттері, геометриялық фигуралардың моделдері, әр түрлі басқа заттар (қарындаштар, ойыншықтар).
Санау таяқшалары (саны 20) жеке пайдалану үшін қолданылады. Мұғалім ұзындығы 25-30 см-ге тең демонстрациялық таяқшаларды дайындайды. Бұл құрал арқылы сандардың құрамы мен құрастырылуын түсінуге, берілген жиында элементтерінің арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнатуға болады.
Геометриялық фигуралардың моделдерін мұғалім оқушыларға еңбек сабағында жасатуға болады. Оларға шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелектердің моделдері жатады, моделдердің көлемі мен бояуы бір-біріне сай түрде болу керек.
Осы орайда биоэнергетик ғалым Н.Д.Твардовский ғылыми ізденістерін айтып кетпеске болмайды.
Оның зерттеуі бойынша геометриялық фигуралар мен олардың бояуларының бір-біріне сәйкес келуі оқушылардың психологиялық және денесін жастайынан қауіпсіздендіру, яғни денсаулығын сақтауда ұстамдылығын сақтау және жұмыс қабілетін арттыруға ықпал жасайды.
Математика сабақтары үшін барлық көрнекі құралдар ақ фонда орындалуы тиіс.
Әрбір арифметикалық амалдың өзіне тән белгіленген реңдері бар:
Қосу-қызыл
Азайту-қара
Көбейту-қара
Бөлу-көк
Реңдердің осылайша сәйкестікке түсуі белгілі ережелерді есте сақтау және меңгерілуіне көмектеседі.
Оқушылармен геометриялық фигуралар жайлы түрлі жаттығулар орындауға болады:
5 үлкен және 3 кіші квадраттар, 4 сары және 4 көк үшбұрыштар, т.с.с. геометриялық фигураларды әрбір жаңа санды шығарып алуға, сандарды салыстыруға, бір-бірімен қосу және бір-бірінен шегеруге, сан тізбектерін пайдалануға болады. Тағы да 2 дөңгелек алып қойыңдар: оның астыңғы жағына сонша үшбұрыш қойыңдар, оған тағы бір үшбұрышты қосып қойыңдар. Барлығы неше үшбұрыш болды? Қалайша 3 үшбұрыш болды? Қайсы фигуралар көп: үшбұрыштар ма әлде дөңгелектер ме? Нешеуі артық?
Келесі қатарға өздерінің неше үшбұрыш алып қойғандарына қарай сонша квадрат алып қояды. Квадраттардың біреуі артық болып шығу үшін не істеу керек? Тағы да бір квадрат алып қосып қойыңдар. Квадраттар нешеу болды? Қалайша 4 квадрат болып шықты?
Ал егер бір қоянға тағы бір қоян қосса, неше қоян шығады? Егер 1 санына 1 санын қосса, қайсы сан шығады? Мұны кеспе цифрлармен көрсетіңдер.
ТИЫНДАР МОДЕЛІ - оқушылар санының құрамы туралы түсінікті кез-келген есептеу материалдарын пайдалану арқылы алады, бірақ та олардың ішіндегі ең ыңғайлысы -- тиындар моделі. Бұлардың ерекшелігі қорытындыға санау арқылы келмейтіндігіне, сондықтан оларды оқытудың соңғы кезеңінде пайдалануға болады. Есеп шығарғанда жиындармен жұмыс істеу амалдарды таңдауға дағдыландырады.
1-класта құны 1,3,5,20 тиындық моделдер пайдаланылады.
Есептеу материалдарын пайдалану арқылы оқушыларда "үлкен", "кіші", "арттыру", "азайту" ұғымдары қалыптасады. Мысалы, автомашина кескінделген карточканың біреуін артық алайық, т.с.с.
Сонымен қатар, бұл материалдарды қолдану есептің берілген жағдайын суреттеп көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, Айжанда 5 алма, ал Бақытта 3 алма бар. Екеуінде неше алма бар ? Жамиля 7 саңырауқұлақ, ал Динара одан 2 саңырауқұлақ кем терді. Динара неше саңырауқұлақ терді?
Мектепте класс есепшоты кеңінен пайдаланады. Класс есепшоты оқыту қызметін атқарады, ал екіншісі оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар өз бетінше тапсырма орындағанда пайдаланылады.
Алғашқы ондықты үйренгенде сүйекшелер материал ретінде қолданылады. Жүзге дейінгі сандарды санағанда әрбір сым темір ондықты, әрбір сүйекше бірлікті анықтайтын болады. 3-5 кластарда есепшот 1000-ға дейінгі сандарды санауға сандардың құрамын құрастырғанда алдыңғы санға бір бірлікті қосып жаңа сан алғанда, дөңгелек жүздерді көбейткенде және бөлгенде қолданылады.
3-2 кластарда есепшот көп разрядты абак ретінде қолданылады: 3 сым темір-бірлік класс, одан кейінгі үшеуі (жоғарыда орналасқан) -- мыңдық класс, одан кейінгі үшеуі миллиондық класс және оныншы сым темір (ең жоғарғысы) -- миллиардтық кластың бірінші разряды.
Бірінші сабақтан бастап мұғалім есепшотпен жұмыс істеуге техникасын үйретеді: барлық сүйектер оң жақта орналасады, есептеу -- есепшоттың сол жағында жүргізіледі.
Оқушылар оңнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер
Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдісі
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА АМАЛДАРДЫ АУЫЗША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларын есептер шығаруға үйрету
Бастауыш сыныпта есеп шығаруға үйрету жолдары
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Пәндер