Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 . 4 бет
1 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5 . 9 бет
1.2 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ... ... ... .. 9 . 17 бет
2 ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАНЫҢ ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18 . 20 бет
2.2 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20 . 25 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . 27 бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан – жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.
Зерттеу бұйымы – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін, сауат ашу кезінде қолданылатын көрнекілік құралдарды анықтау.
Зерттеу болжамы – Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстыңқұрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы - Алматы, 1969
2 Әбілқаев А.Қ. Қазақ тілін оқыту методикасы -Алматы, 1995ж.
3 Әлімжанов, Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы -Алматы,
4 Байтұрсынов А.Тіл тағылымы -Алматы, «Ана тілі» 1992 ж.
5 Бадырақов Қ. Сәт сапар, жас ұстаз! -Алматы, «Ана тілі» 1992ж.
6 Бегалиев Т.Б., Мусаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы -Алматы, Фолиант 2006ж.
7 Ботабаева Ұ.Ана тілінен дилактикалық материалдар -Алматы,«Рауан» 1992
8 Жеткізген Ж.Б. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері -Алматы,«Кітап» 2006
9 Жұбанова М.Қ. Жұбановтың ұлттық дидактика хақында -Алматы, 2002ж.
10 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми теориялық
негіздері -Алматы, 1996ж.
11 Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 2005ж.
12 Құлмағамбетова Қазақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы 2000ж.
13 Исабаев Ә.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері -Алматы, 1993ж.
14 Сүлейменова Ж. "Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың тиімді
жолдары" // Қазақ тілі және әдебиеті 2002-№10

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 - 4 бет
1
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5 - 9 бет
1.2
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ... ... ... ..
9 - 17 бет
2
ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАНЫҢ ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

18 - 20 бет
2.2
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

20 - 25 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .
27 бет

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.
Зерттеу бұйымы - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін, сауат ашу кезінде қолданылатын көрнекілік құралдарды анықтау.
Зерттеу болжамы - Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстыңқұрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алды - мен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта -- ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда -- лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппа - раты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т. б.) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у. Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т ,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. У дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар - дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен, енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырды.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену - сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар. Олар: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н ,ң,і,ы,ұ,ү,о,ө,п,р,с,т,у,ф,һ,ц,ч,ш, щ,э,ю,я,ь (жіңішкелік белгі),ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е,я,ю,у,ц,ч,щ.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия ( гр. Сөзі orthos - тура, дұрыс, epos - сөйлеу ) деп аталады.
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралықтарындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеу олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың бір біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу керек.
Қазақ тіліндегі сөздердін, айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді-Аманкелді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т. б.).
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық, естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстар - дан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы ды - быстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең, қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең қиындары -- қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң; дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең, алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, со - зып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан дауыс - тылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сон - дықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөз - дер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт ды - бысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б.).
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыту үшін маңызы зор.
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуын бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп отырады. Метафора (гр. -- mеtорога ауысу) -- белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр. mеtоnuymіа атын өзгерту) заттың не құбылыстың атауы екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай). Синекдоха (гр.synekdohe) -- бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді қолданылуын аңғару.

1.2 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:
1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;
2) әліппе кезеңі;
3) әліппе - ден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6 -- 7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл ауда - рылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау.
2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау
жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа
жіктеуге дайындық.
Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. Партаға түзу отыр, Қаламды дұрыс ұста сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4 -- 6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.
Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, А үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с).
Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайда - лану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде бала - ларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре алмай қалады.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:
С ө й л е м және с ө з т а қ ы р ы б ы н а арналған сабақ (ауызша).
Мұғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).
Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.
Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
Әңгімені сөйлемге ажырату.
Сөйлемдердегі сөздерді табу.
Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.
Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде рольге бөліп айтқызу.
С ө з ж ә н е б у ы н т а қ ы р ы б ы бойынша с а б а қ( ауызша).
Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойын - ша әңгіме жүргізу.
Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
Сөйлемдерді сөзге талдау.
Сөздерді буынға талдау.
Сөздің басқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе ермексаздан жасату.
Дыбыспен таныстыру сабағы
Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
Дыбыспен таныстыру (а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, а дыбысына көңіл аударылады).
Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементін жа зуға үйрену сабағы.
Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін қөрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.
Балаларға дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі
Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыра - туға жаттығу.
Көрнекі құрал: Әліппе кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.
Сабақтың барысы: Жеке суреттерді қарап, оларды атау. Сұрақ- жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, -- Үйрек қайтеді? -- Үйрек ұшады деген сөй - лемде неше сөз бар? -- Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсы? -- :: Бірінші сөз -- үйрек. -- Жақсы - лап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? -- Екіге бөліп айттыңыз. -- Бірінші бөлігі қалай? -- Бірінші бөлігі -- үй. -- Екінші бөлігі ше? -- Екінші бөлігі -- рек.
Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буын - ды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.
-- Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік? -- Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрен - дік.
Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар.
Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған бу - ынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-
уық, т. б.
Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік?
Өткен сабақта біз Бақша өсімдіктері туралы әңгімелескенбіз.
Бақшада не өсірілетін еді?
Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т. с. с. өсіріледі.
Бақшада қарбыз өседі деген сөйлемде неше сөз бар?
Бақшада қарбыз өседі деген сөйлемде үш сөз бар.
Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады.
Үйге екі-үш буыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.
Д ыбы с п е н т а н ы с т ы р у с а б а ғ ы н ы ң ү л г і с і
Көрнекі құрал: аттың, ағаштың, алманың суреті және Әліппедегі суреттер.
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Сауат ашу
Пәндер